Қола дәуірінің тарихнамасы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘТНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ

Орындаған Карикулова Б. Ч.

(қолы, айы-күні)

Ғылыми жетекшісі

т. ғ. д., профессор Төлебаев Т. Ә.

(қолы, айы-күні)

Қорғауға жіберілді:

Археология және этнология

кафедрасының меңгерушісі

т. ғ. д., профессор Төлебаев Т. Ә.

(қолы, айы-күні)

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ

1. 1 Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы және Орталық Қазақстандағы зерттеулер . . . 8-16

1. 2 Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелуі . . . 16-27

ІІ. СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ

2. 1 Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі . . . 28-32

2. 2 Батыс Қазақстандағы қола дәуірі археологиялық зерттеулерде . . . 32-39

ІІІ. ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

3. 1 Шығыс Қазақстандағы қола дәуірі туралы зерттеулер . . . 40-47

3. 2 Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуірінің зерттелуі . . . 48-51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52-53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ . 53-56

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Ғасырлар бойы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп, өз алдына еркіндік туын тігуі, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдерінің қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Республикамыз тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемлекетке айналды. Қазақ халқының, Қазақстан Республикасының тарихында жаңа дәуір басталды.

Республикада бетбұрыс кезеңінде болып жатқан ғаламат өзгерістер тарих ғылымының алдына көптеген күрделі мәселелерді қойды. Қазақ халқының төл тарихының қайта жандандырып, бай мәдени мұраларының жете бағалануы басты мәселелердің бірі болып табылды.

XX ғасырда Қазақстан тарихы жөнінде көптеген еңбектер жарық көрді. Бірақ тарих саласында негізгі нақты және теориялық қағидалары толығымен мойындала қойған жоқ. Дегенмен де, бұл еңбектер көне дәуірлерді зерттеу үшін және өткенге сыни көзбен қарау кезінде қажет болатын нақты тарихи ақпараттарды берді. Қазіргі таңда Қазақстан тарихының даму кезеңдері жөнінде жаңа материалдарды жинақтап, оларды Кеңес үкіметі тұсында жазылған еңбектермен салыстыра отырып, терең тарихнамалық талдаулар жасап, бірқатар қағидаларды нақтылау жолға қойылып отыр.

Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихи ұзақ - ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола мен темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Көне дәуір ескерткіштерінің ашылуы, Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа қырынан алып көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.

Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралары маңызды рөл атқарды.

Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы тарихының көне дәуірлеріне айтарлықтай зерттеу жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. Болған күннің өзінде ғылыми сапасы төмен, кездейсоқ табылған көне дәуірлердің құрал-саймандары жайлы хабарлар ғана.

Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі - Кеңес үкіметінің кезінде ғалыми жағынан жүйелі жолға қойылды. Арнайы ұйымдастырылған экспедициялар қола дәуіріне тән ескерткіштерді ашып, Қазақстан аумағында тарихқа андронов және беғазы - дәндібай мәдениеті деген атпен енген тайпалар мекендегенін дәлелдеп берді. Қол дәуіріндегі Қазақстан тарихын зерттеуде бұл ескерткіштердің маңызы зор. Қола дәуірінің ескерткіштері I Қазақстанның төрт бұрышынан да табылған. Мәселен Орталық Қазақстанды зерттеу үшін үйымдастырылған «Нұра экспедициясының» көрнекті мүшелері П. С. Рыков, М. И. Артамонов, М. П. Грязнов, К. Арзютов, И. В. Сыницин сияқты ғалымдар андронов және беғазы-дәндібай мәдениетінің қоныстары мен зираттарын тауып, зерттеп, қазу жұмыстарын жүргізіп көне дәуір тарихына өз үлестерін қосты. Қазақстанның батыс бөлігінде қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеген О. А. Кривцова-Гракова, Солтүстік Қазақстанды А. М. 0разбаев, Шығыс Қазақстанды С. С. Черников, кейіннен оған А. Г. Максимова қосылған, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанды В. С. Сорокин, Жетісуды А. Н. Бернштам, К. А. Акишев зерттеп, қола дәуіріне қатысты құнды мәліметтер тапқан.

Осы жоғарыда көрсетілген зерттеушілердің еңбектерінде андронов мәдениеті жөнінде көптеген ақпараттар беріледі. Бірақ бұл еңбектерде әр түрлі көзқарастар айтылады. Бүгінгі таңда, Қазақстандағы қола дәуірін зерттеуге байланысты жоғарғыдағы ғалымдардың еңбектерімен танысып, тарихнамалық талдау жасап, ғылыми еңбектердің ұқымды тұстары мен кемшіліктерін көрсетудің, мәселенің зерттелмеген тұстарын анықтаудың маңызы артып отыр.

Бұл ғалымдардың еңбектерімен көпшілік ғалым жақсы таныс. Қола дәуіріндегі Қазақстан тарихын оқытуда бұл еңбектерді оқытушылар мен студенттер кеңінен қолданады. Бірақ зертеушілердің еңбектеріне тарихнамалық талдау жасалмаған. Міне, осы күрделі де өзекті мәселенің кейбір тұстарын диплом жұмысымызға арқау етіп алып отырмыз.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Зерттеушілер қола дәуіріндегі Қазақстанның тарихына қатысты ғылыми дәрежесі жоғары көптеген еңбектер жазып қалдырған. Әсіресе Кеңес дәуірінде жазылып, жарық көрген еңбектер қола дәуірінің тарихнамасын құрайды. Бірақ қазақстандық тарих ғылымында қола дәуірінің тарихнамасы арнайы зерттеліп, жан-жақты талданбады. Сондықтан да бұл мәселенің төңірегінде іргелі тарихнамалық еңбектер жарияланбады. Тек кейбір ғалымдар ғана мәселенің белгілі бір тұстарына қысқаша шолулар жасап өтеді. Мәселен, М. К. Қадырбаев пен Ж. Құрманқүлов өздерінің «Культура древних скотоводов и металлургов Сары Арки» атты еңбектерінің кіріспе бөлімінде зерттеушілер арасында әр түрлі пікір-сайыс тудырып отырған андронов мәдениетін кезеңдеу мен хронологиясына байланысты көзқарастарға тоқталып өтеді. Ал, 1969 жылы жарық көрген Қазақстан археологы К. Ақышевтың басшылығымен жарық көрген «Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана» атты жинақта біз қарастырып отырған мәселе бойынша отандық зерттеушілердің тың тұжырамдары берілген. М. К. Қадырбаев пен Ж. Құрманқүлов, М. П. Грязновтың, К. В. Сальниковтың, М. Н. Комарованың, Е. А. Агееваның, А. Г. Максимованың, С. С. Черниковтың, Н. А. Аванесованың, В. С. Стоколостың кезеңдеу мен хронологиясын жеке-жеке бөліп көрсетеді /1/.

Сонымен қатар, А. Х. Марғүлан, К. А. Акишев, М. К. Қадырбаев, А. М. Оразбаевтардың «Древняя культура Центрального Казахстана» атты ғылыми жұмыстарының кіріспе бөлімінде де андронов мәдениетін кезеңдеу мен хронологиялау мәселесіне және Орталық Қазақстан бойынша А. Н. Седельниковтың, А. Ф. Сорокиннің, О. А. Кривцова-Гракованың, В. В. Радловтың пікірлеріне талдау жасалынады /2/.

Ә. Х. Марғүланның «Бегазыдан-дандыбаевская культура Центрального Казахстана» атты монографиялық еңбегінің кіріспе бөлімінде, П. И. Рычковтың /3/, Страленбергтің, И. П. Фальктың, Г. Ф. Миллердің, С. Б. Броневскийдің, П. С. Рыковтың, М. П. Грязновтың Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жөнінде берген мәліметтеріне тоқталып өтеді /4/.

Жұмыстың деректік негізі. Қола дәуіріне байланысты деректер негізінен I Петрдің тұсынан бастап бүгінге күнге дейін жинақталып келеді. Олар қазба жұмыстары барысында алынған жәдігерлер, археолог-зерттеушілердің жыл сайын беретін есептері, мақалалары, ғылыми еңбектері ретінде жинақталды. Осыған орай деректерді мынандай үш топқа бөліп сараптауға болады:

1) I Петрдің тұсынан Қазан теңкерісіне дейінгі еңбектер. Бұл уақыт аралығында I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондайақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралар маңызды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде құнды деректер жинақталды. Осы уақытта географтар, геологтар, Іаяхатшылар көненің көздеріне назар аударып, оларды сипаттап, жазып отырған, сөйтіп қола дәуірінің ескерткіштері туралы деректердің қорын молайта берген. Бүл уақыттағы деректердің тобын көбіне заттай деректер құраған. Қола дәуірінің қорғандары қазына іздеушілердің үмтылыс жасағандығынан тоналып, құнды жәдігерлердің көбі жоғалып кеткен. Бүл уақытта табылған заттар тек С. Б. Броневский, А. И. Бахирева, Дарто арқылы ғана белгілі болған. Дегенмен араға уақыт салып заттай деректердің қатары толығып отырған. Қола дәуірі мәдениетінің заттай деректерін А. И. Шренк жинаған. А. И. Шренктың коллекцияларының көбі қола бұйымдары мен заттары. Материалдар КСРО ҒА-ның антропология және этнология мұражайында сақтаулы /4, 18б/. Қола дәуірінің ескерткіштері жөнінде офицер саяхатшылар Волошанин, Н. Рычков, И. Андреев, Безносиков қолжазбаларында жазылған. Заттай деректердің қатарын өлкетанушы-ғалымдар да толтырған. Олардың қатарында Н. М. Ядринцев, Г. Н. Потанин, СН. Гуляев, В. В. Радлов, Н. Я. Коншин болды. Бірақ олардың ішінде В. В. Радловтан басқалары толыққанды археологиялық қазба жұмыстарын жасамаған /2. 17б/. Қола дәуірін алғашқылардың бірі болып зерттеген В. И. Каменский Өскеменнің солтүстік-батысының Қызылсу өзеніндегі Қойшыбай қыстауы маңынан Кіші Қойтас обасына және Көкпектінің солтүстігінен 30 шақырым жердегі Қараөзек және Қаражал шатқалдарындағы андроновтық қоршауларға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, қызыл сазды нағыз керамика сынықтарын беретін бай қабірлер, геометриялық фигуралар түріндегі бірнеше ыдыстар табылған. Сонымен қатар қола сырғалар, жүзіктер, қола қанжарлар, алқаларды қолға түсірген. В. И. Каменскийдің қазба жұмыстары нәтижесінде алынған материалдарды С. А. Теплоухов, М. П. Грязнов, С. С. Черников жариялаған /4. 42б/. Ю. В. Аргентов Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің дөңгелек қоршауларын зерттеген. Қазба жұмыстары өте айқын заттай деректерді берген.

2) 1917 жылдан 1991 жылға дейін жазылған ғылыми еңбектер. 1917 жылғы революциядан кейін археологиялық зерттеулер мемлекеттік негізде жүргізілді. 1919 жылы Материалдық мәдениет тарихы академиясы, ал 1920 жылы Мұражайлар және өнер, табиғат, көне ескерткіштерді қорғау істері жөніндегі Түркістан комитеті құрылды. Аталған мекемелер ұйымдастырған экспедициялар қола дәурінің ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде құнды деректер жинақталды. Қазақстан бойынша ұйымдастырылған экспедициялардың есептері жыл сайын ҚазССР Ғылым Академиясының Хабаршысында жарияланып, ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан. Қола дәуіріне қатысты деректердің көпшілігі тарихи шындықты оъективті түрде көрсете алатындығы дау тудыра қоймас. Себебі оларды археологиялық зерттеу жұмыстары барысында ғалымдар өз көздерімен көріп, жүйелеп, ғылыми айналымға енгізген.

1933 жылы Орталық Қазақстанды зерттеу үшін үйымдастырылған «Нұра экспедициясының» көрнекті мүшелері П. С. Рыков/5/, М. П. Грязновтың /6/ еңбектерінде Орталық Қазақстанның қарасуық кезеңінің және энеолиттен бастап кейінгі орта ғасырға дейінгі кезеңінің ескерткіштері, сонымен қатар Қарағандының оңтүстік-батысынан 60 шақырым жердегі Шерубай-Нұра өзенінің аңғарынан табылған дәндібай ескерткіштері жөінде құнды мәліметтер бер. А. М. Оразбаевтың еңбегінде Орталық Қазақстанның қола дәуірінің екі ірі обалары - Елшібек пен Беласар туралы деректер кездеседі. Сондай - ақ Ә. Марғүлан, К. А. Акишев, М. К. Қадырбаев, АМ. Оразбаев еңбектерінде Орталық Қазақстанға жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсетілген. Бүл еңбек екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім- қола дәуірінің ескерткіштеріне арналған. Бөлімде андронов мәдениеті мен беғазы мәдениетінің обалары мен қоныстарына сипаттамалары беріліп, кезеңдеу жасалынады. Сонымен қатар жергілікті тайпалардың шаруашылығы, тұрмысы, діни наным-сенімдері баяндалады. Қазақстанның қола дәуіріне қатысты мәліметтерді М. К. Қадырбаев пен Ж. Құрманқүловтың /1/ еңбектерінен кездестіреміз. Олар археологиялық қазба жұмыстары барысыңда алынған материалдар бойынша тұрғын жайлардың классификациясына, шаруашылық құрылыстарына баса көңіл аударған. Орталық Қазақстандағы қола дәуіріне байланысты құнды дерек - Ә. Х. Марғүланның /3/ монографиялық еңбегі.

Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның Шығыс бөлігінен де орын алған. Шығыс Қазақстанның қола дәуірі А. Г. Максимованың /7/, С. С. Черниковтың 191 еңбектерінде көрініс тапқан /8/. Олар қазба жұмыстарында қолға түсірілген материалдар негізінде қола дәуірінің ескерткіштерін кезедестіреді.

Ал Қазақстанның Солтүстігі мен Батыс бөлігіндегі қола дәуір жөніндегі құнды мәліметтерді М. А. Оразбаевтың /9/, Б. Г. Здановичтың /10/, В. С. Сорокиннің \11\, Г. А. Максимованың /12/ еңбектерінен аламыз.

3) деректердің бұл тобын 1991 жылдан бері жинақталған зерттеулер қамтиды. Ж. Құрманқүлов, А. Ермолаева, А. З. Бейсенов, В. В. Евдокимов, О. Жауымбаев секілді археолог-зерттеушілердің жүмыстарының нәтижесінде құнды деректердің үлкен шоғыры жинақталды. Олардың еңбектерін жаңа тарихи жағдайда пайда болғандықтан плюралистік катеорияларға негізделген зерттеулер деп қарастыруға болады. Бұл кезде Кеңестік идеологиядан бас тартып, ұлттық түрғыда жазылған еңбектер орын алып келеді. Отандық археология тарихнамасы тың мағұлматтармен толығуда.

Жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің ттарихнамалық зерттелу деңгейін анықтау. Осы мақсаттан туындайтын міндеттер төмендегідей:

- Орталық Қазақстан жерінде жүргізілген археологиялық экспедициялар мен ондағы зерттеу жұмыстарына баға беру;

- Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелу деңгейіне тоқталу:

- Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуін қарастыру;

- Батыс Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық тұрғыдан зерттелу деңгейі қарастыру;

- Шығыс және Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуірінің зерттелуін айқындау болып отыр.

Жұмыстың методологиялық негізі . Бітіру жұмысын жазу барысында ғылыми еңбектерді тарихилық, аймақтық, ғылыми принциптер негізінде оқып-үйрену, талдау басшылыққа алынды. Бұл кезең Кеңес Одағында тар таптық партиялық принцип тұрғысынан баяндалып келгендігін айта кеткен жөн. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда зерттеу методологиясы жүйелі, объективтілік, тарихи-салыстырмалық тәрізді ғылыми таным қағидаларына негізделген. Сондай-ақ, кейінгі уақыттарда қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.

Тақырыпты жазу барысында, осы мәселе төңірегінде жазылған ғалымдардың еңбектеріндегі ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарға, көзқарастарға сүйендік. Жұмысты жазу барысында - баяндау, жүйелеу, бағалау, қорытындылау, салыстырмалы тарихи, хронологиялық әдістері қолданылды.

Жұмыстың мерзімдік шегі. Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері Жұмыстың XIX ғасырдан бастап осы кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі мәселені қарастыратын үш тараудан (әр тарау екі тараушадан), қорытынды бөлімнен, пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ

  1. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы және Орталық Қазақстандағы зерттеулер

Қола дәуіріне қатысты ұытаулық ескерткіштердің ішінен анағұрлым қызықтысы Айбас-Дарасы кешені. Бүл ескерткішті 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы ашқан. Айбас-Дарасыдан үйіндісіз үш қошау және бір қорған қоршауымен зерттелген. Автордың сөзіне қарағанда олардың барлығы тоналып, көбісі қираған. Зерттеуші үш қоршауға және бірнеше ыдыстарға сипаттама жасаған. Айбас-Дарасы тобына жүргізілген қазба жұмысы бірінші топтағы керамика мен алтын заттарын берген. Ә. Х. Марғүлан өз уақытында Айбас-Дарасыны Беғазы ескерткішінің батыс шекарасы деп көрсеткен /13. -216б/.

Автордың баяндауынша зергерлік өнердің қайталанбас туындыларының бірі алтыннан жасалған әшекей бұйымдар-білезік (Айбас дарасы қонысы), сырға және иіп жасаған алқа (Жыланды қонысы) . Алтын кен қоладан жасалынған құралдардың, әшекей бүйымдардың көп табылуы Қазақстанның орталық және солтүстік батыс аудандарында мыс пен алтын өндірудің қарқынды түрде дамығандығын көрсетеді дейді. Осының арқасында қола дәуірінің шеберлері ғажайып өнер туындыларын жасаған. Сонымен қатар Орталық Қазақстанның қола дәуірінің жарқын ескерткіштерінің бірі керамика. Ә. Х. Марғүланның айтуынша жазба деректер болмағандықтан, керамика қола дәуірінің мерзімін көрсететін бірден-бір дерек көзі болып саналған. Сәулет құрылыстары сияқты қола дәуірі әр кезеңнің керамикасы өзіндік түрімен, әшекейімен және жасалу тәсілімен ерекшеленген. Ғылыми еңбекте сөз болып отырғандай беғазы-дәндібай кезіндегі қоныстар мен зираттардағы керамиканың түрі мен өрнектері негізінен бірдей болған. Құмыралар тік мойынды, шар тәрізді сәл қайрылған ернеулі, т орша тәрізді және бедерлі өрнектелген болып келген. Бұл белгілер Орталық Қазақстан қола дәуірінің ортаңғы және соңғы кезең керамикаларында басым кездескен. Олар өзіндік қайталанбас белгілерімен үздік өнер туындылары саналған /13. -389б/.

Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде зерттеушілер қола дәуіріндегі Қазақстан тарихына қатысты ғылыми дәрежесі жоғары көптеген еқбектер жазып қалдырғанмен, оларға тарихнамалық талдаулардың жасалмағандығы мәселенің методологиясын ашуда қиындықтар туғызып отыр. Дегенмен зерттеушілер қола дәуірін кезеңдеуге байланысты методологиялық принциптерді қалыптастыруда біршама еңбектенген.

Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштеріне К. В. Сальниковтың үлгісі бойынша кезеңдеу жасалып, федоров, алакөл және дәндібай кезеңі деп бөлінді. Соңғысы қарастырылып отырған территорияға байланысты өзгеше болып келеді.

Алдымен, Ә. Марғұлан, К. Ақышев, М. Қадырбаев, А. Оразбаевтардың бірлесе отырып жазған «Древняя культура Центрального Казахстана» атты монографиялық еңбектеріне тоқталсақ. Бұл еңбек 1966 жылы жарық көрген. Монография 8 тараудан түрады. Материалдардың сипатына байланысты екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімі қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның малшы тайпалары тарихыпың теориялық жобасына арналған. Бүл жерде жабайы жануарлардың қолға үйретілуі, мал шаруашылығының пайда болуы, мал шаруашылығының яйлажды типі және оның біртіндеп көшпенділікке өту мәселелері қарастырылған. Екінші бөлімде ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның көшпенді тайпаларының даму тарихы баяндалады. қарастырылып отырған еңбектің екінші бөлімінің тақырыпқа қатысы оқ болғандықтан, бірінші бөліміне ғана тоқталамыз.

Еңбектің бірінші бөлімін, нақтырақ айтқанда алғы сөзін, кіріспесін және II, III тарауларын - Ә. Х Марғүлан, IV тарауды - Ә. Х. Марғүлан мен А. М Оразбаев, I, II, Ү тарауларды - К. А Ақышев, II тарауды - А. М Оразбаев, М. К Қадырбаев жазған.

Ғылыми еңбектің кіріспе бөлімі Орталық Қазақстанның археологиялық зерттеу тарихына арналған. Автор алдымен аймақтың географиялық жағдайына тоқтала отырып, ежелгі адамдардың осы аймаққа қоныстануының себептерін былай көрсетеді: «Благоприятные природные условия Сары-Арки-обширные пастбища, прохладный климат горных долин, наличие хорошей воды и руд-явились основными причинами поселения здесь древнего человека» /2. -9б/. Сондай-ақ Орталық Қазақстанды маңызды металлургия орталығы ретінде ерекше атап өтеді.

Ә. Х. Марғүлан Орталық Қазақстанның бай әрі алуан түрлі ескерткіштері жөнінде мәліметтер Х-ХҮІ ғасырлардағы араб, иран және ортаазия ғалымдарының (Ибн-Фадлан, әл-Бируни, әл-Идриси, Мұхаммед-Хайдар) . еңбектерінде орын алғандығын айта келе, белгілі ортаазия ғалымы әл-Бирунидің мынандай сөздерін дәлел ретінде алады: «что в стране кимаков есть чудесный источник пресной воды; там-следы ноги, рук с пальцами и колен человека; следы ребенка и копыт осла» /2. 9/. Қазақстанның тарихи топографиясын зерттеуде әл-Идрисидің, Махмуд Қашқаридің, сондай-ақ итальян карталарына, олардың қатарында 1367 жылы құрастырылған Франциско мен Доминико Пициганидің Үлкен карталары, 1375 жылғы әлемнің Каталон картасы және 1459 жылғы Фра-Мауро карталарына тоқталады /2. -10б/.

Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуірі ескерткіштерінің ішінен Жаңғыру I тобы да үлкен қызығушылық тудырады. Бұл ескерткіш 1955 жылы ашылған. Кешен Атасу өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан. Саңғыру I ескерткішіне Ә. Х. Марғұланның біз басшылыққа алып отырған еңбегінде көңіл бөлінген. Оның айтуынша Саңғыру I қабірі тоналған деп бір ғана қоршауға адам қолы тимеген екен. Соған қарамастан қабірлердегі құнды материалдар аман қалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Алғашқы қауымдық қоғам тарихының тарихнамасы туралы
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Сасанидтер дәуірінің кодификациясы
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Қазақстандағы қола дәуірі жайлы
Қазақстан аумағындағы тас және қола дәуірінің ескерткіштері
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz