Жоғары мектепте бейорганикалық химияны интерактивті оқыту әдістерін қолданып оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері
Кіріспе
1 Интерактивті оқыту әдістерінің теориялық негіздері және оларды жоғары мектепте оқыту үрдісін жетілдіру мақсатында қолданудың негізгі бағыттары
1.1 Жоғары оқу орындарында интерактивті оқыту әдістерін қолданудың ғылыми.педагогикалық негіздері
1.2 Студенттердің негізгі құзіреттілігін қалыптастыру үшін қолдану тұрғысынан интерактивті оқыту тәсілдері мен әдістерінің жіктелуі
1.3 Жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық. коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру бағыттары
2 Интерактивті оқыту әдістерін жоғары мектепте қолданудың әдістемелік жүйесін құру және оны бейорганикалық химияны оқыту үрдісінде қолдану
2.1 Жоғары мектепте бейорганикалық химияны оқыту кезінде интерактивті оқыту әдістерін қолдану мүмкіндіктерін сараптау
2.2 Жоғары мектепте бейорганикалық химияны интерактивті әдістердің көмегімен оқыту әдістемесінің сипаттамасы
2.3 Бейорганикалық химияны оқыту үрдісінде интерактивті әдістерді қолдануға негізделген әдістемелік жүйенің тиімділігін тәжірибеде тексеру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘӨЖ 37.022 (5 Қ) Қолжазба құқығында
2 Сатиева Самал Сәлімқызы
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН
ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
6М060600 - Химия
Химия мамандығы бойынша жаратылыс ғылымы магистрінің академиялық дәрежесін
ізденуге арналған диссертация
Ғылыми жетекші:
х.ғ.к., доцент қ.а. Хамитова А.С.
Қазақстан Республикасы
Көкшетау 2012
МАЗМҰНЫ Бет.
Кіріспе 3
1 Интерактивті оқыту әдістерінің теориялық негіздері және оларды
жоғары мектепте оқыту үрдісін жетілдіру мақсатында қолданудың
негізгі бағыттары 8
1.1 Жоғары оқу орындарында интерактивті оқыту әдістерін
қолданудың ғылыми-педагогикалық негіздері 8
1.2 Студенттердің негізгі құзіреттілігін қалыптастыру үшін
қолдану тұрғысынан интерактивті оқыту тәсілдері мен әдістерінің
жіктелуі 18
1.3 Жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық-
коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру бағыттары 31
2 Интерактивті оқыту әдістерін жоғары мектепте қолданудың
әдістемелік жүйесін құру және оны бейорганикалық химияны оқыту
үрдісінде қолдану 43
2.1 Жоғары мектепте бейорганикалық химияны оқыту кезінде
интерактивті оқыту әдістерін қолдану мүмкіндіктерін сараптау 43
2.2 Жоғары мектепте бейорганикалық химияны интерактивті
әдістердің көмегімен оқыту әдістемесінің сипаттамасы 58
2.3 Бейорганикалық химияны оқыту үрдісінде интерактивті
әдістерді қолдануға негізделген әдістемелік жүйенің тиімділігін
тәжірибеде тексеру 76
Қорытынды 83
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 86
Қосымшалар 90
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заманның педагогикалық ғылымы білім
беру мазмұнын жаңаша қарастырып, қоғамның объективтік мұқтаждықтарына
сәйкес дамыту және тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын кеңінен
қолдану мәселесін өзекті етеді. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру
жүйесін жетілдіру тек оқытылатын пәндердің мазмұнын өзгерту арқылы ғана
емес, оларды оқыту әдістемелерін өзгертуді, әртүрлі әдістемелік тәсілдердің
қолданылу аясының кеңеюін, сабақ барысында білім алушылардың іс-әрекеттерін
белсендендіру мақсатында нақты өмірмен байланысты жағдаяттарды қолдана
отырып студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жағдайлар
жасауды талап етеді.
Болашақ мамандарға қоғамның қоятын талаптары жылдан жылға кеңеюде,
қазіргі қоғамда өзін-өзі тіжірибеде көрсете алатын жан-жақты дамыған тұлға
қажеттігі Қазақстан Республикасының білім беру саясатын анықтайтын
нормативті-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформа сы –
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабіл еттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті [1]. Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз бүкіл еліміз
бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге
қол жеткізуіміз керек деп, бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа
педагогикалық технологияға негізделіп, ақпараттық оқыту құралдарын кеңінен
қолдану қажеттігін басып айтады [2].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желіге шығу делінген [3].
Осыған орай жоғары оқу орындарының оқытушыларының алдында студентке
білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, жан-жақты, азат, шығармашыл,
өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту
міндеттері тұр.
Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп
жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру
ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық
прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне
енді.
Бірқатар ғалымдардың (Д.И.Кавтарадзе, М.В.Кларин, A.B. Хуторской)
пікірлеріне сүйенсек, қазіргі заман ғылымында жоғары мектептерде
интерактивті оқыту әдістерін кеңінен қолдануға үлкен ықылас танытылады,
себебі олар студенттердің бірлесіп белсенді түрде іс-әрекеттер жүргізуіне
бағытталған. Жоғары оқу орындарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану
мәселесі күрделі әрі сан қырлы. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын саралайтын
болсақ, олардың көпшілігі символикалық интеракционизм теориясының
идеяларына (Дж.Г.Мид, Г.Блумер, Д.М.Болдуин, Ч.Кули және т.б.) сүйенеді,
бұл білім алушылардың өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін жағдайларды
жасауға негіздеме болады.
А.Е.Авдюкова, Л.Н.Вавилова, В.А.Вакуленко, Ю.Е.Водопьянова,
П.Д.Гаджиева, В.В.Гузеев, Л.К.Гейхман, О.А.Голубкова, Т.Н.Добрынина,
В.К.Дьяченко, Е.В.Коротаева, Д.С.Ермакова, Д.Н. Кавтарадзе, С.Г. Корниенко,
М.В. Кларин, Г.Б.Корнетов, Л.Н.Куликова, Д.И.Латышина, Т.А.Мясоед,
В.В.Николина, Т.С.Панина, О.В.Петунин, И.Е. Уколова, О.Н.Шевлюкова,
С.А.Шмаков, Т.Л.Чепель, А.В.Хуторский және т.б. зерттеулерінде интерактивті
оқыту әдістерін игеру және қолдану мәселесі қарастырылады. Қазіргі уақытта
"интерактивті оқыту әдістері" жаңа мазмұнға толықтырылып, басты бағыттары
айқындалады: өзара әрекеттесу (П.Д.Гаджиева, Д.И.Кавтарадзе, М.В.Кларин,
Т.А.Мясоед, Б.Ц.Бадмаев); тұлғалардың қарым қатынас жүргізу біліктерін
дамыту (Л.К.Гейхман, Л.В.Зарецкая, Д.А.Махотин); адамдардың әлеуметтік
тәжірибелерін дамыту (Л.Н.Куликова); білім беру үрдісіне қатысушылардың
арасындағы оқу-педагогикалық ынтымақтастықтың дамуы (Е.В.Коротаева,
А.Ю.Прилепо, Н.Е. Щуркова). Сонымен бірге жоғары оқу орындарында
интерактивті оқыту әдістерін қолдану мүмкіндіктері толық зерттелмеген.
Жоғары оқу орындарында бейорганикалық химияны оқыту үрдісінде
интерактивті оқыту әдістерін қолданудың ғылыми әдістемелік негіздерін
анықтау мәселесін шешу бірқатар қарама- қайшылықтармен байланысты:
− жоғары оқу орындарындағы студенттердің оқу іс-әрекеттерін өзін-өзі
дамыту ортасы ретінде қарастыру мен оларды жетілдіру құралдары мен
әдістерін іздестіру арасындағы;
− интерактивті оқыту әдістерін болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін
қалыптастыру құралы ретінде қолданудың артықшылығы мен оларды жоғары
оқу орындарының тәжірибесінде қолданудың ғылыми теориялық және
әдіснамалық негіздеменің жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігі
арасындағы;
− жоғары мектеп түлектеріне деген қазіргі заман талаптары мен олардың
кәсіби қызмет орындарында өздерінің қабілет мүмкіндіктерін көрсету
арасындағы.
Жоғары көрсетілген қарама-қайшылықтарға сүйене отырып, магистрлік
диссертацияның тақырыбы таңдалды: Жоғары мектепте бейорганикалық химияны
интерактивті оқыту әдістерін қолданып оқытудың ғылыми- әдістемелік
негіздері.
Зерттеудің мақсаты: бейорганикалық химияны жоғары мектепте оқыту
кезінде интерактивті оқыту әдістерін студенттердің кәсіби құзіреттіліктерін
қалыптастыру мақсатында қолдану мүмкіндіктеріне ғылыми-әдістемелік
негіздеме беру және тәжірибе жүзінде тексерістен өткізу.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарында бейорганикалық химияны оқыту
үрдісі.
Зерттеу пәні: бейорганикалық химияны оқыту кезінде интерактивті оқыту
әдістерін болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру құралы
ретінде қолдану.
Зерттеудің болжамы бейорганикалық химияны оқыту барысында
студенттердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру үрдісі тиімді болады,
егер:
− cтуденттердің кәсіби қабілеттерін қалыптастыру үшін интерактивті
оқыту әдістерін қолданудың теориялық - әдіснамалық негіздері
анықталса;
− болашақ мамандардың өзін-өзі жетілдіру тұрғысынан интерактивті оқыту
әдістерінің мәні айқындалып, жіктелу жүргізілcе;
− жоғары мектепте білім алушылардың кәсіби құзіреттіліктерін
қалыптастыруға ықпал ететін интерактивті оқытудың тиімді әдіс-
тәсілдерін кешенді қолданудың педагогикалық жағдайлары құрастырылса;
− бейорганикалық химияны оқыту кезінде интерактивті оқыту әдістерін
қолданудың қағидалары белгіленсе.
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттері қойылды:
1. Бейорганикалық химияны оқыту үрдісінде болашақ мамандардың кәсіби
құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында интерактивті оқыту әдістерін
қолданудың теориялық - әдіснамалық негіздерін айқындау.
2. Бейорганикалық химияны оқыту үрдісінде студенттердің кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыру тұрғысынан интерактивті оқыту әдістерінің
мәнін ашып, жіктелуін қарастыру.
3. Студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін
тиімді интерактивті оқыту әдістерін қолданудың педагогикалық жағдайларын
құрастыру және негіздеу.
4. Бейорганикалық химияны жоғары мектепте оқыту кезінде интерактивті оқыту
әдістерін кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру құралы ретінде қолдану
мүмкіндігін эксперименттік тексеру.
Белгіленген міндеттерді шешу және ұсынылған болжамды тексеру үшін
өзара байланысқан кешенді зерттеу әдістері қолданылды: теориялық: зерттеу
пәніне сәйкес ғылыми әдістемелік әдебиеттерді сараптау; эмпирикалық:
педагогикалық эксперимент, бақылау, сауалнама жүргізу, тестілеу, зерттеу
нәтижелерін салыстыру, баяндау мен талқылау; статистикалық: математикалық
статистика әдістері, педагогикалық эксперименттің мәліметтерін кесте
түрінде рәсімдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
− ЖОО-да бейорганикалық химияны оқыту кезінде интерактивті оқыту
әдістерін қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері анықталды;
− Интерактивті оқыту әдістерін көрсетілген бағытта қолдану мәні мен
жіктелуі қарастырылды;
− Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін интерактивті оқыту әдістерінің функциялары мен
принциптері негізделді;
− Бейорганикалық химияны оқыту барысында студенттердің кәсіби
құзіреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін интерактивті оқыту
әдістерін қолданудың педагогикалық жағдайлары белгіленді;
− Интерактивті оқыту әдістерін бейорганикалық химияны оқыту кезінде
қолдану мүмкіндігі эксперимент жүзінде тексерілді.
Жоғары мектептерде бейорганикалық химия бойынша білім беруді жетілдіру
мақсатында интерактивтік оқыту әдістерін қолдану кезінде зерттеудің
теориялық маңыздылығы келесіде:
− студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру тұрғысынан
жоғары мектепте интерактивтік оқыту әдістерінің жіктелуі нақтыланды;
− интерактивтік оқыту әдістерін қолдану үшін бейорганикалық химияны
оқыту мазмұны сұрыпталды;
− болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға жағдай
жасайтын интерактивтік оқыту әдістерінің мәні айқындалды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы жоғары оқу орындарында
бейорганикалық химияны оқыту үрдісінде интерактивтік оқыту әдістерін
болашақ мамандардың кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында
қолдану мүмкіндігінде; интерактивтік оқыту әдістерін қолдануға қажетті
дидактикалық материалдарды құрастыру. Диссертация материалдары
бейорганикалық химияны оқыту кезінде жоғары мектеп оқытушыларына
әдістемелік оқу құралы ретінде қолдануға негіз бола алады.
Зерттеудің тәжірибелік эксперименттік базасы: Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университеті.
Зерттеу нәтижелері халықаралық және республикалық деңгейдегі
конференция материалдарында жарық көрді:
1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Шоқан
тағылымы - 15 Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары 21-
24 сәуір.
2. Инновационные технологии обучения в курсе неорганической химии как
средство повышения качества образования, Павлодар мемлекеттік
университетінің хабаршысы - №2, 2011 жыл.
3. О методах и приемах обучения неорганической химии в высшей школе -
Астана қаласында ПШО – ның ашылуына Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлер
мен өзгерістер, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына
арналған Халықаралық ғылыми – практикалық конференция.
4. Повышение эффективности в формировании химических знании при
использовании интерактивных методов обучения Шәкәрім атындағы Семей
мемлекеттік университетінің хабаршысы. №3(55), 2011ж, 83 – 86 бет, ғылыми
журнал.
5. Қазақстан Республикасы химия және биология мұғалімдерінің І съезі
Мектептегі жаратылыстану – ғылыми білім беру: қоғам, ғылым және ХХІ ғасыр
технологиясы, Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Химия пәнінен сабақ
жоспарлары жинағына бейорганикалық химия пәнінен жоспарлар енгізілді.
6. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары ISBN 978 – 601 – 261 –
077 – 2, 77 бет. Сатиева С.С., Хамитова А.С.
1 ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОҒАРЫ
МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1. Жоғары оқу орындарында интерактивті оқыту әдістерін қолданудың
ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазіргі кезде оқу үрдісі күнделікті жаңғыртуды қажет етеді,
себебі басымдықтар мен әлеуметтік құндылықтардың ауысуы жүріп жатыр: ғылыми-
техникалық прогресс өндірістің адамдардың тұрақты түрде өсіп отырған
қажеттіліктеріне, тұлғаның рухани байлығының дамуына анағұрлым жауап
беретін денгейіне жеткізер амал ретінде қабылданады. Сондықтан қазіргі
жағдай мамандарды дайындауда ЖОО оқытудың стратегиясы мен тактикасын
түбірлі түрде өзгертуді қажет етеді. Кез келген білім беру мекемесінің
түлектерінің басты сипаттары болып оның құзіреттілігі мен ұтқырлығы болып
табылады. Осыған байланысты оқу дисциплиналарын игеруде акценттерді таным
үрдісінің өзіне бағыттау керек, ал оның тиімділігі толығымен студенттің
өзінің танымдық белсенділігіне тікелей байланысты. Бұл мақсатқа жетудің
іске асуы тек не игерілетіндігінде ғана емес, қалай игерілетіндігінде: жеке
немесе ұжымдық, авторитарлық немесе гуманистік жағдайларда, зейінге,
қабылдауға, жадыға немесе адамның бар тұлғалық ішкі күшіне сенім артқан,
репродуктивті немесе белсенді оқыту әдістерінің күшімен [4].
ХХ ғасырдың басынан –ақ көптеген педагогтар мен психологтардың ойлары
бойынша студенттердің оқу іс – әрекетін белсендіру үшін жаңаша идеялар мен
жаңаша оқу әдістерінің керектігі туралы айтқан болатын. Бұл мәселе қазіргі
таңда да әлі де ашық болып саналады. Проблемалық және дамыта оқытудың
мақсаттарын іске асырудың негізінде белсенді әдістер жатыр, олар
студентерді жалпылауға, ойларының дербестігін қалыптастыруда, оқу
материалынан бастысын сызып көрсетуге, сөйлеуін дамытуға көмек береді.
Тәжірибе көрсеткендей, ЖОО оқытуда белсенді әдістерді қолдану жоғары
деңгейдегі мамандарды дайындауға қажетті жағдай болып табылады және оң
нәтижелерге жеткізеді: олар студенттерді белсенді оқу-танымдық қызметке
тарту арқылы білімің, білігін және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік
береді, оқу ақпараты студенттің жеке біліміне айналады [5].
А.А. Вербицкий ұсынған жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған
белсенді оқытудың жіктелуін қарастырайық. Ол белсенді оқытудың имитациялық
әдістерін бөліп көрсетеді, онда оқу-танымдық іс-әрекетте кәсіби қызметті
имитациялауға негізделген сабақтарды өткізудің формалары көрсетіледі.
Қалғандарының бәрі имитациялық еместерге жатқызылады, олар лекциялық
сабақтарда танымдық іс әрекеттерді белсендендірудің барлық амалдары болып
табылады.
Оқытудағы белсенді әдістер оқытушының дайын білімді түсіндіруі мен
айтуына емес, белсенді танымдық іс әрекет үрдісінде студенттердің білімді
өздерінің дербес игеруіне бағытталған [6].
Белсенді оқыту әдістерін қолдана отыра оқытуды ұйымдастырудың
имитациялық және имитациялық емес формалары бар. Имитациялық емес әдістер:
дәрістер, семинарлар, пікірталастар, ұжымдық ой қызметі.
Сонымен, ЖОО оқыту үрдісінде оқытушылардың белсенді әдістерді қолдануы
оқытуда стереотиптерді аттап өтуге, кәсіби жағдайларға жаңа ұстанымдарды
жасақтауға, студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жол ашады.
Интерактивті (Inter – бірге, act – әрекет ету) – өзара
әрекеттесуді білдіреді, пікірлесу қалпында болады, біреумен диалог.
Интерактивті және активті әдістердің көп ортақ белгілері бар. Активті
әдістерден айырмашылығы, интерактивті әдістер білім алушылардың тек
оқытушымен ғана емес, бір-бірімен кең қарым-қатынаста болуын және оқу
үрдісінде студенттердің белсенділігінің басымдығын көздейді. (сурет-1).
а)
ә)
Сурет 1 – Активті (а) және интерактивті (ә) оқыту әдістері
Жалпы айтқанда, интерактивті әдісті активті әдістердің ең заманауи
түрі деп қарастыруға болады. Интерактивті оқыту – бұл:
− Өзара әрекеттесуші болып табылады;
− Нақты өмірдің тәжірибесіне сүйенеді;
− Студенттер арасында, студенттер мен оқытушылар арасында
пікіралмасуды көздейді;
− Проблемалар дың туындауының ұйымдастырушылық және жүйелілік
себептерін сыни талдайды.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану ой-сана,
шығармашылық, коммуникативті және атқарушылық іс-әрекеттің ортаға қосылудың
жаңа денгейі болып табылады және қызметтің, оның ішінде білім алудың әр
қырларын тұтастай қайта құруға алып келеді.
Интерактивті технологиялар оқытудың жаңа технологиясы ретінде, бірнеше
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері бар, олар оны басқа
технологиялардан ажыратады. Бұл ерекшеліктерді оқытушылар да, әдіскерлер
де, сондай-ақ жаңа оқытушы және білім беруші курстары құрастырушылар білуі
және ескеруі тиісті. Оларға жататындар:
1. Желілік қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.
Психологияда іс-әрекет пен пікірлесудің байланыс фактісін
зерттеушілермен анықталған. Белгілі әлеуметтік психолог Г.М. Андреева,
қатынастын арқасында іс-әрекет ұйымдасады және дамиды деп есептейді.
Негізінен қатынастың үш жағы қарастырылады: коммуникативті, интерактивті,
және перцептивті. Коммуникативті жақ білім алушылар арасында ақпарат алмасу
фактісін суреттейді, интерактивті – өзара әрекетті ұйымдастыру фактісін,
перцептивті – өзара түсіністікті қалыптастыру фактісі.
Компьютерлік телекоммуникациялық желілердің көмегімен педагогикалық
әсер етудің тиімділігін білім беруші мен білім алушылардың компьютермен
қатынасының ерекшелігін түсінбей түсіну мүмкін емес. Проблемалардың шешу
жолдарын табу маңызды. Олардың алғышарттары:
− пікір алмасу үрдісінде ақпарат тек берілмейді, сондай-ақ
қалыптасады, нақтыланыды, дамиды;
− ауызша пікірлесу диалогтың фактілік, ақпараттық, дискуссиялық және
сырмен бөлісу түрлері арқылы іске асырылады;
− вербалды сөйлесудің табиғи толықтырушысы болып адамдар арасындағы
қатынаста қолданылатын вербалды емес қатынас құралдары: Кинесиканың
кинесикасы, (грек.. kinesis - қозғалыс), дене қозғалыстарының жиынтығы
(жест, мимика, пантомимика), паралингвистика, паралингвистика тіл
білімінің, сөйлеумен бірге жүретін дыбыс қаттылығының дәрежесі, оның
диапазоны, үндестігін және т.б. дыбыстық құралдарын зерттеуші бөлімі
және экстарлингвистика сөйлеуге кідіріс, күлкі, жөтел және т.б.
қосылуы, проксемика сөйлесудің кеңістіктік және уақыттық
ұйымждастырылуы, визуалды сөйлесу көздермен байланыс болып
табылады.
− сөйлесудің интерактивті жағы бірлескен іс-әрекетте көрініс береді;
− сөйлесу барысында оған қатысушылар арасында өзара түсіністіктің
болуы қажет.
Жоғарыда тізілген психологиялық факторлар парадигмасынан, мынадай
қорытынды жасауға болады:
1. Желілік қатынас – бүгінгі ақпараттық кеңістік жағдайында пайда болған
коммуникацияның ерекше түрі.
2. Адамзаттық коммуникация жағдайында, кибернетикалық құралдардан
айырмашылығы, әріптестер бір-біріне белгілер мысалы, мимика, қимыл-
қозғалыс, дауыс теибрі және т.б. бойынша әсер етеді. Белгілер
комуникативтік үрдіс қатысушыларының көңіл-күйін өзгертеді.
Коммуникацияның тиімділігін әр түрлі психологиялық сипаттамалар
бойынша әсер етуімен сипаттайды және осыған байланысты коммуникативті
үрдісті түзетеді. Желілік формада сипаттамалардың бір бөлігі
болмайды, осыған байланысты түзету үрдісі тежеледі.
3. Егер шартты түрде оқушы мен оқытушының өзара іс-әрекетін екі деңгейге:
ақпараттық және тұлғалыққа бөлетін болсақ, оқу үрдісінде тұлғалық
өзара іс-әрекеттің маңыздылын көрсетуге болады. Оқыту жүйесінде,
аралықтағы қатынасқа құралған тұлғалық компонент қоғамдалған және ең
біріншіден – оқытушы мен оқушының тұлғалық қатынасында шектелген.
Жоғарыда көрсетілген желілік қатынастың кейбір кемшіліктерінен басқа,
осындай түрдегі қатынастың шүбә келтірмес оң жақтарыда бар, атап
өтсек:
4. Адамдар арасындағы коммуникация үрдісінде пайда болатын әлеуметтік
және психологиялық сипаттамадағы мысалы, әңгімесушілердің әр түрлі
кемшіліктеріне байланысты, оның ішінде сырт келбетінің ақаулары
ерекше тосқауылдар аралықтағы қатынаста мүлдем жойылады немесе олардың
маңыздылығы төмендейді.
5. Кейбір әдепсіз іс-әрекеті үшін физикалық жазасыздық сезімі және
қоршаған жағдайдан тыс қалыптағы келеңсіз хабарламалармен істе болуға
ұмтылыс.
6. Желідегі қатынастың жаңашылдығы мен қызықтырушылдығы, ол қатынастың
мотивациясын өсіреді.
2. Экран мониторынан ақпаратты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
Ақпаратты диплей экранынаң оқу және қабылдау өз шектеулерін
қояды. Мысалы, тек қана оқу құралынның баспа нұсқасын электрондық
түрге ауыстырып, содан соң оны гипермәтінге жинақтау мүлдем қате болар
еді. Иә нәтижесінде біз іздеу және гиперсілтеме жағынан біз кейбір
артықшылықтар көргенімізбен, бірақ бұндай оқулық оқушыларға қолайлы
болмайды монитордан оқу кітаптан оқудай ыңғайлы емес. Интернет-
технологияларды құрастырғанда келеі факторларды есепке алған жөн:
− Интернет оқулық материалды басқаша ұйымдастырғанды қалайды бөлімдер
анағұрлұм қысқа болуы керек: олар экранда онай оқылады және желі
бойынша жылдам беріледі;
− Материалды бірнеше контекске бөлген дұрыс мысалы, оқуға міндетті,
көмекше, анықтама және т.б. және оларды визуалды ерекшелеу керек;
− Қолданушының интерфейсіне ерекше көңіл бөлу керек;
− Графикалық безендіруде шектен шықпау маңызды.
Білім беруде интерактивті технологияларды жасау мен пайдаланудың
педагогикалық асектілері туралы айта отыра, дидактикалық принциптерге
сипаттама беру керек.
Бүгінгі күнгі ғылымда прициптер – бұл қандай болмасын теорияның
негізгі, одан шығар жағдайлары, басқарушылық идеялардың, мінез-құлық пен іс-
әрекеттің негізгі ережелері. Ал педагогикада дидактикалық принциптер – бұл
мазмұнды анықтайтын, жалпы мақсаттар мен заңдарға сәйкес оқу үрдісінің
ұйымдастырушылық қалыптары мен әдістерінің негізгі ережелері. Осыған
байланысты интерактивті технологиялар негізге алатын келесі басты
дидактикалық принциптерді бөліп көрсетуге болады (кесте - 1):
Интерактивтілік принципі,
Диалог түріндегі оқыту принципі,
Оқу үрдісінің бейімделу принципі
Оқу материалының иілгіштігі принципі
Арақашықтықта оқытуда материалдың жіберілгіштігі принципі,
Оқу үрдісінде білім алушының белсенділігі принципі.
Кесте 1- Интерактивті технологиялардың дидактикалық принциптері
Осы әр принципті жеке – жеке қарастырайық.
1. Интерактивтілік принципі. Интерактивтілік – жаңа оқыту
технологияларына негізделген білім беру кеңістігіндегі жалпыға түсінікті
кең тараған ұғымдардың бірі. Ол ағылшын сөзінен әрекеттесу, әрекет ету, бір
– біріне әсер ету деген мағынаны білдіреді.
Телекоммуникациялар мен компьютердің арасындағы конвергенцияның ылғи
өсуіне байланысты қоғамдық өмірдің әртүрлі кеңістіктерінде телематикалық
жүйелерді қолдану мәселесі күшейіп отыр, оның ішінде білім беру
кеңістігінде. Оқу үрдісіне телематикалық жүйелер негізінде оқытушы
бағдарламаларды құруда, телекоммуникациялық және ақпараттық технологияларды
еңгізуде, ең бір маңызды принциптердің бірі, интерактивтілік принципі
болып табылады. Бұл принцип оқытушы мен оқушы арасында арақашықта желі
бойынша жылдам қайта байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Интерактивтілік принциптеріндегі интернет-технологиялардың негізгілерінің
бірі болып табылатын қашықтықта оқытуға қажетті жаһандық комуникациялық
жүйелерді дамытуға CO-LEARN (Cooperation in Learning – білім берудегі
ынтымақтастық ) халықаралық жобасы арналған.
Әлбетте спутниктік байланысты пайдалану арақашықтықта оқытудың
интерактивтілігін анағұрлым күшейтуге мүмкіндік береді. Бірақта спутниктік
жолдау заманауи білім берудің басқада принцитерін іске асыруға қызмет
етеді: ашықтық принципі, оқушының өз жағынан білім алуды басқаруы және оның
өз білім алуына, көрнекілігіне жеке жауакершілігі, оқу үрдісіне білім
алушының тартылуы және т.б.
2. Диалог түріндегі оқыту принципі. Компьютерлік технологиялар
негізінде білім берудің маңызды принципі диалог принципі болып табылады.
Телебайланыстың жетілдірілуі, оқытушы мен оқушы бір-бірінен қашықтықта
болатын, бірақта олар дауыстар, мәліметтер және бейнелерді тасымалдайтын
техникалық құралдармен оқытылатын оқу үрдісінде диалог принципін дамытуға
мүмкіндік береді. Телебайланыс адамдарға тікелей жеке түйісуге түспей, оқу
далогын іске асыруға мүмкіндік береді.
Теле байланыстың көмегімен іске асырылатын дилогта үш немесе оданда
көп адам қатысатын болса, онда екі немесе оданда көп жердегі адамдар
арасындағы электронды интерактивті коммуникацияны телеконференция деп атау
қабылданған. Телеконференцияға қатысушы жақтардың саны екеуден бірнеше
жүзге дейінгі арада болуы мүмкін, ал қатысушылардың саны үштен бірнеше
мыңға дейін. Телеконференцияға қатысушылардың бәрі бірдей бөлектенуі
мүмкін, немесе көп жағдайларда топтарға ұйымдасуы мүмкін. Телеконференция
шамамен бір сағат шегіндегі бір реттік іс әрекет ретінде өтуі мүмкін, ал
сондай-ақ күндер, айларға созылған ұзақ мерзімді де болуы мүмкін.
Телебайланыс оқу диалогын, оның қайталану, жүйелілік, өткізілу түрі
стереотиптерін өзгертеді. Ол коммуникацияны кенейтеді, әр жерде тұрған
адамдардың көп бөлігімен диалогқа түсуге мүмкіндік береді, ақпараттың кең
көздеріне жол ашады.. Телебайланыс пікірлес адамдарды табуға, оламен өз
нәтижелерінмен бөлісуге, проблемаларды талқылауға мүмкіндік береді. Ақпарат
көздеріне, талқыланатын проблемалар бойынша сарапшыларға онай жол табу және
т.б. оқу дилогының жаңа типін дамытуға жағдай ашады.
Телебайланыс технологиясы ұсынатын қашықтықтағы интерактивті
коммуникация мүмкіндігі, оқу үрдісінде дилогты ұйымдастыруға қолданылады.
Егер телевизиялық тарату сияқты бірбағытты комуникацияда адам хабарды
жолдаушы немесе қабылдаушы деп қарастырылатын болса, ал интерактивті
коммуникацияда адам бір уақытта екеуі де болып табылады, ол дегеніміз адам
оқиға барысында хабарды жолдап, қабылдаған ақпаратқа жауап береді.
Оқу мақсатында телебайланысты қолдану, оқытуда диалог принципін әр
түрлі формада дамыту және іске асыру дегенді білдіреді. Заманауи
телекоммуникациялар жоғары деңгейдегі оқу диалогын дамытуға, дәстүрлі оқу
үрдісінің көптеген кемшіліктерін женуге жол ашады, бірақта олар сондай-ақ
көптеген қиындықтарда тудырады, олардан шығу оқытушы диалогтын даму
перспективаларын көрсетеді.
Компьютерлік телебайланыс аясындағы ең бір қарапайым оқу диалогының
түрі электродық пошта жүйесіне негізделген, ал ол жай ғана компьютердің
көмегімен хабарлармен алмасу болып табылады. Компьютерлік телеконференция
өз негізінде, оқушылар мен оқытушылар тобының ішінде коммуникацияны
құрылымдау үшін қолданылатын анағұрлым күрделі бағдарламалық қамтамасыз
етуді қажет етеді.
Компьютерлік теледиалог өз терминалдарының клавиатурасы жанында және
өз сөздерін, сұрақтарын, жауаптарын, ескертпелерін басып отырған
қатысушылармен іске асырылады. Диалогқа қатысушылар әр қайсысы өз
клавиатурасы алдында отырып бір уақытта бірге кездесе алады, немесе өз
хабарларын басып және өзге қатысушылардың хабарларын оқып өздеріне қолайлы
жағдайда әр уақытта кездесе алады. Сонымен, оқытушы компьютерлік диалог
тұйықталмаған бола алады, оқу мақсаттарына жету үшін қажетті уақытқа,
бірнеше күндерге немесе жұмаларға созылуы мүмкін.
Қорыта айтсақ, телекоммуникацияларды жоғары сатыға көтеру оқу
диалогының жаңа түрлерін дамйтуға жағдай тудырады.
Жаңартылған технологиялардың сандық және спутниктік сияқты маңызды
бөліктері, бүгінгі күнде ақпараттың барлық формаларын: мәліметтерді,
дауысты, суретті сандық түрге ауыстырылып, мезетте Жер шарының кез келген
нүктесіне спутниктер арқылы жеткізе алу мүмкіндігіне алып келді.
Бұл негізінен заманауи ақпараттық-коммуникациялық білім беру
технологияларында диалог принципін дамытудың үлкен мүмкіндіктеріне жол
ашады.
2. Оқу үрдісінің бейімделу принципі. Оқу үрдісінің маңызды белгісі
оның әр оқушының білім деңгейіне, дағдыларына, психологиялық
ерекшеліктеріне, оқу тобының өзіндік сипатына, оқыту контексінің әлеуметтік-
мәдени ерекшеліктеріне икемделуі, бейімделуі болып табылады. Оқу үрдісінің
сапасы мен тиімділігі көп жағдайда, оқытушының қаншалықты оқу материалын
оқу үрдісінің нақты жағдайларына бейімдейтіндігінде.
Осы принципті дамытуға жаңа мүмкіндіктерді заманауи телематикалық
жүйелер ұсынады, себебі олар білім беру саласына еңгізілуде. Оларды қолдану
білім алушылардың өзіндік ерекшеліктеріне оқу материалын бейімдеу
проблемасына өзгеше ракурста қарауға жол ашады. Бұл жерде тек қана
компьютерлік оқытушы бағдарламаларына белгілі бір бейімдеу механизмдерің
кіргізу, содан ол дисплейдің алдында отырған оқушының өзіне тән
ерекшеліктеріне икемделуін ғана айтып тұрған жоқ, сондай-ақ компьютерлік
оқытушы бағдарламаларының авторларына білім алушылардың әр түрлі топтарына
бағытталған жаңа бағдарламаларды құруды жеңілдетуді де меңзейді. Осы
оқытушы бағдарламалар құрушылардың еңбегінің өнімділігі мен тиімділігі
саласындағы сапалы секіріс пен табыс – компьютерлік оқыту саласындағы
көптеген мамандардың біріккен еңбегі, шығармашылық әріптестігі.
Бүгінгі күндегі көптеген компьютерлік оқытушы бағдарламалардың
авторлық құрастыруларының құрал - жабдықтық амалдары, көбінесе бір
белгіленген компьютердің басында отырған, оқу курсының бір авторының осы
амалмен жұмыс істеуіне бағытталған. Бірақта заманауи білім берудің
тәжірибесі, оқытушының еңбегінің тиімділігі, көп оқытушылардың
кооперациясынан, жаңа оқытушы бағадарламаларды құруда олардың тұрақты түрде
тәжірибемен бөлісуінен, оқытушы ақпаратты бірігіп пайдалануынан, тұрақты
әріптестігінен анағұрлым өсетіндігін көрсетеді.
Телематиканың телематикасының қазіргі заманғы жүйелері –
"telecommunications" және "informatique" құралған сөз; мәліметтерді өндеу
мен жолдаудың интегралды амалдары дегенді білдіреді Олардың негізінде
мультимедия типіндегі оқытушы бағдарламалардын бірлескен және үлестік
авторлық құрастыруларын қолдауға тиімді амалдарды жобалап және дамытуға
мүмкіндік береді. Бұл қызметтің мағынасы оқытушы бағдарламалардың әр түрлі
авторларының бірлескен күштерін күшейту, олардың тиімділігі мен сапасын
арттыру болып табылады. Жаңа технологиялар жалпы, біріккен жобалауларды
және оқытушы бағдарламаларды өндіруге қажетті дамыған әдістер мен амалдарды
ұсынады. Компьютерлік желілер арқылы әріптесетін көптеген курстарды
құрастырушылардын бірлескен жұмысына жол ашады. Компьютерлік және
коммуникациялық технологиялар оқытушы бағдарламаларды құрастыру барысында
жаңа деңгейде үйлестіруді, бірлескен қызметті, бірлескен шешімді және оқу
материалдарын қайта қолдануды іске асыруға амалдар мен әдістер береді.
Ортақ ақпараттық кеңістіктен өзге, олардың негізінде коммуникациялық
кеңістік (компьютерлік желілер мен спутниктік байланыс негізінде) және
бірлескен авторлық кеңістігі дамиды, ал ол ынтымақтастық пен бірлескен
шешімге мүмкіндік береді.
Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады, заманауи компьютерлік және
коммуникациялық технологиялар оқу үрдісін іске асыру үшін, бейімделу
принципіне сүйеніп жаңа амалдарды ұсынады. Ал өз кезегінде бұл принцип
компьтерлік білім беру мен оқытудың ең бір басты негіздеуі болып табылады.
Сонымен, компьтерлік құрал-жабдықтық авторлық орта авторға білім
беруді, оқытудың стратегияларын жобалауын, студент моделін, қолданушының
интерфейсін, сондай-ақ мәліметтер базасын, ортақ ақпараттық кеңістік,
моделдеу амалдарын ұсына отыра, компьютерлік оқытушы бағдарламаларды
жобалауға авторға өте күшті қолдауды қамтамасыз етеді. Ал олар өз кезегінде
оқу үрдісінің бейімділігі принципінің дамуы, нақты оны іске асырудың
жағдайларына байланыстылығы болып табылады.
4. Оқу материалының иілгіштігі принципі. Қазіргі заманғы оқу үрдісінде
оқу материалының негізгі сипаттамаларының бірі оның иілгіштігі. Ол
оқытушыға оқу үрдісінің барысын білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне
икемдеуге мүмкіндік береді, бейімдендіреді. Материалдың иілгіштігі
оқушылардың белсенділігін көтеру үшін де қажет.
Оқу материалы өзінің иілгіштігін көрсетеді, егер ол
жақсықұрылымдалған, ұйымдастырылған және дамытылған болса.
Иілгіштік принципі бүгінгі замаңғы интернет технологиялар негізінде
оқу материалын құрастырудың барлық кезеңдерінде басты ұйымдастырушы болып
табылады: біріншіден, желілік оқытушы жүйелердің архитектурасын құрастыру
кезеңінде, екіншіден, қолданбалы оқытушы бағдарламаларды құрғанда,
үшіншіден, оқытудың әртүрлі әдістері мен амалдарын байланыстыру арқылы
нақты оқу үрдісін қалыптастырғанда.
Заманауи бағдарламалаудың негізгі принциптерінің бірі модульдеу
принципі – оқытушы жүйелердің архитектурасы деңгейінің өзінде оқу
материаланың иілгіштігі принципін іске асыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың иілгіштігі жөнінде көбінесе оқу немесе ресурстық
арақашықтықта білім беру орталықтарының қызметін ұйымдастыруға байланысты
айтады. Мұндай иілгіштікті орталықтарда жаңа компьютерлік коммуникациялық
технологияларға негізделген көптеген әртүрлі оқу материалының болуы, сондай
ақ осы материалдардың жақсы құрастырылуы мен ұйымдастырылуы қамтамасыз
етеді. Көбінесе осы материалдардың керекті деңгейде ұйымдастырылуын оқу
орталығының ассистентінің қызметімен байланыстырады. Бұндай көмекшінің
болуы иілгіштік ұстанымды, білім алушының өзі курстардың модульдық
жүйесінен тандау арқылы нені, қашан, қандай кезекте ол игеретіндігін
тандайтын толық ашық ұстанымнан ерекшелейді.
Қалай дегенмен де, заманауи ақпараттық технологиялар иілгіштік
принципіне сәйкес оқу материалын тиісті дәрежеде құрылымдауға және
ұйымдастыруға жаңа бай қорлар ұсынады.
5. Арақашықтықта оқытуда материалдың жіберілгіштігі принципі.
Арақашықтықта оқытудың телематикалық жүйелеріне негізделген маңызды
принцип оқу материалының берілгіштігі принципі болып табылады. Заманауи
телекоммуникациялар оқу мақсатындағы білім беру мәтіндерін, аудио және
видеожазбаларды, компьютерлік бағдарламаларды барлық әлемге жіберуге
қажетті техникалық мүмкіндіктер ұсынады. Бірақта оқу материалын жіберудің
техникалық проблемаларын шешу, білім беру міндеттерінің өзін автоматты
түрде шешу дегенді білдірмейді. Керісінше ескі педагогикалық проблемалар
одан сайын өршіп кетуі мүмкін. Мысалы, қалай оқушыны тек қана ақпаратты
жіберу объектісі емес, оқу үрдісінің белсенді қатысушысы қылуға болады,
қалай оны шығармашыл оқу үрдісіне тартуға болады, қалай оның білім алу
қажеттіліктерін өтеуге және оның өзінің білім алу мақсаттарына жетуіне
көмектесуге болады - осы сұрақтар заманауи арақашықтықта оқытуда елеулі
түрде шиеленіседі, себебі географиялық өзгерістер көбінесе білім беру
үрдісінің әлеуметтік-мәдени контексінің өзгеруі де дегенді білдіреді.
Оқу бағдарламаларының үлкен арақашықтықтарға жіберілуі – Қазақстан
көлемінде немесе құрлықтар аралығында – оқу материалының әлеуметтік-мәдени
берілуі проблемасын, мәдениет ерекшеліктері тұрғысынан оқытушы курстарының
дұрыстығы, білім беру бағдарламаларын қабылдаудың әр түрлі жерлердегі
әлеуметтік жағдайы проблемалары өте күрделі түрде қояды.
Жібергіштік принципін іске асыру барысында қарапайым және күрделі
материалдарды жіберудің арасында айырмашылық анықталды. Егер қарапайым оқу
материалымен жұмыс істеу барысында қарапайым әдеби аударма жеткілікті болып
табылса, күрделі материалдармен жұмыс істеу барысында басқа мәдени
контекске аударуды қамтамасыз ету үшін материалды терең өндеу қажет болады,
ал ол көбінесе жаңа оқытушы материалды жасағанмен тең болады. Сондықтан
алдын ала өзіндік ерекше әлеуметтік-мәдени жағдайға күрделі оқу
материалының бейімделу мүмкіндігін зерттеу керек. Бұл не орынды болады,
экономикалық тұрғыдан алғанда да – жасалған оқу курсының жіберілуін
қамтамасыз ету ме, әлде алдын ала оқу үрдісінің нақты әлеуметтік-мәдени
контекстерін ескерген жаңа оқу материалын құрастырған дұрыс болама екенін
шешіп алуға жағдай жасайды.
6. Оқу үрдісінде білім алушының белсенділігі принципі. Педагогикалық
көзқарас тұрғысынан, оқу үрдісі анағұрлым тиімді болады, егер оқушы бұл
үрдістің енжар элементі емес, белсенді жасаушысы болса.
Жаңа ақпараттық технологиялар оқу үрдісінде белсенділік принципін іске
асыруға мол мүмкіндіктер береді. Заманауи компьютерлік және коммуникациялық
технологияларға негізделген оқу курстарының жобалаушыларының,
құрастырушыларының, авторларының маңызды міндеті – білім беру мақсаттарына
жету тұрғысынан бұл мүмкіндіктерді барынша үйлесімді қолдану болып
табылады.
Оқытудың белсенділік принципі арақашықтықта оқытуда ерекше мағынаға ие
болады. Бұл кезде білім алушы уақыттың негізгі бөлігінде оқытушыдан алыс
қашықтықта болады, және коммуникация оқу материалдарының электрондық
түрінде іске асады. Оқытушының оқушымен оқу үрдісінің түгелге жуық
мерзімінде тікелей қатынаста болмауы, арақашықтықта оқытудың ең бір орталық
проблемасы деп оқушының оқу материалын игеруіне бақылауды ұйымдастыру
проблемасы аталады. Бұл проблеманы шешу үшін оқыту мен бақылаудың күрделі
әдістер жүйесі құрастырылуда, онда сабақтардын, тапсырмалардың, тестілеудің
тәртібі бүге-шүгесіне дейін белгіленеді.
Бұл тұрғыдан білім алушының оқытушыдан алшақтықта болуы және осыған
байланысты оның барынша еркіндігі арақашықта оқытудың негізгі ыңғайсыз жағы
деп қарастырылады, бұл проблема білім беру жағдайын гежей-тегжейлі анайы
жасақтау жолымен шешілуі керек. Бірақта соңғы кездері арақашықтықта білім
берудің өзіндік ерекшеліктеріне басқа көзқарас жиі қорғалуда. Оқушының
оқытушыдан еркін болуы бұл позицияда жоюға, болмаса барынша азайтылуы
тиісті келеңсіздік ретінде емес, білім берудің сапасын арттырудың бағалы
көзі ретінде қарастырылады. Білім алушының еркіндігі, оның автономиясы,
оқытудың мақсаттарын анықтауда, өзінің оқу бағдарламаларын іске асыруда
және жеткен жетістіктерін бағалауда оқушының ролін арттырудың маңызды
потенциалы деп қарастырылады.
Қорыта айтсақ, білім алушының арақашықтықта білім беру барысында
еркіндігіне баға беру қарама-қарсы жаққа өзгереді. Жетілген оқытушылық
амалдардың көмегімен оқытылатын енжар оқушылар туралы түсініктің орнына,
оқытушылар мен көбінесе өздерінің оқу үрдісін өздері бағыттап, бақылайтын
оқушылар арасындағы ашық әріптестік ретіндегі арақашықтықта білім беру
концепциясы дамиды.
Аталған концепция оқытудағы белсенділік принципін арақашықтықта
оқытуға қолдануды іске асыруды анықтайды. Бұл әр түрлі оқушылар өзінің
білім алуы бойынша әр түрлі қабілетті болады, ал арақашықтықта оқыту
бойынша оқытушылар, оқу бағдарламаларын құрастырушылар осыны ескеруі және
қолдануы тиіс дегенді білдіреді. Білім алушының өз жеке оқу жоспарын
құрастыруға, өз өмірі мен жұмысына қажетті оқуға білім көзін табуға, өз
алдына қойған оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігіне баға беруге деген
қабілеттері мен ұмтылыстары – оқытушының қалыпты басқаратын, қадағаланатын
жүйедегі бөгет деп қарастырылмайды, керісінше оқу бағдарламасын
құрастырушылар оқу үрдісінің барысының сапасын өзгертер, тиімділігін
көтерер зор күш ретінде қабылдайды.
Бұл арақашықтықта оқыту концепциясында білім алушының белсенділігі
оқытудың аса қажетті, маңызды принципі деп қарастырылады. Оқытушылар нақты
жағдайға сәйкес қаншалықты мүмкін дәрежеде бұл белсенділікті қуаттап
қолдайды. Оқытушымен қатты қадағаланатын оқу курстарын дайындаудан, білім
алушының белсенділігі принципі негізінде арақашықтықта оқытудың оқу
бағдарламаларын құрастыру анағұрлым қиын екен. Бірақта бүгінде бұл
арақашықтықта оқытудың қажетті сипаттамасы деп қабылданады.
1.2 Студенттердің негізгі құзіреттілігін қалыптастыруда қолданылатын
интерактивті оқыту тәсілдері мен әдістерінің жіктелуі
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне кірігуі үрдісінде мемлекеттің
құзіретті, белсенді, бәсекеге қабілетті мамандардың қажеттілігі орнады.
Кәсіби және әсіресе негізгі құзіреттіліктердің қалыптасуы кәсіби танудың
кеңеюінің, дипломдар мен біліктіліктердің сәйкестігінің өзектілігінен
туындаған.
Негізгі құзіреттіліктер (key skills) ұғымының өзі басқа кәсіби,
пәндік-бейімдік ұғымдарына кілт, негіз болып табылады. Сондай-ақ оларды
қодана білу адамға практикалық іс-әрекеттің барлық салаларында: кәсіби,
қоғамдық және жеке өмірінде жетістікті болуға жетелейді Бүгінгі күнде
негізгі құзіреттіліктер түсінігін түсіндіруде ортақ пікір жоқ. Бірақта
олардың келесі басты белгілерін түйіндеуге болады:
− негізгі құзіреттіліктер адамдардың өзіне маңызды мақсаттарға
жеткізетін әр түрлі жан-жақты менталды амалдар, құралдар (әдістер,
айлалар) болып табылады;
− негізгі құзіреттіліктер белгісіз, проблемалық жағдайларда нәтижеге
жетуге мүмкіндік береді. Олар оларды шешуге қажетті нәтижелі
амалдардың толық жиынтығы ешқашан болмайтын жағдайларды өз бетімен
немесе басқалармен бірігіп ширатуға жеткізеді.
Отандық және шетелдік зерттеушілердің (В.И. Байденко, Э.Ф. Зеера, А.И.
Зимней, Д.А Иванова, Г.И. Ибрагимова, А.М. Новикова, О.Н. Олейниковой, Ю.Г.
Татура, А.В. Хуторского, С.Е. Шишова, Дж. Равенна, С. Шо және басқ.)
ойларын жинақтап, сондай-ақ TUNING европалық жобаның материалдарын қолданып
біздің ойымызша негізгі құзіреттіліктер – өмірдің кәсіби және басқа
салаларында оң нәтижелерге жетуге жағдай жасайтын негізгі білімдердің,
жалпы біліктердің, жеке қасиеттердің жиынтығы болып табылады.
Негізгі құзіреттіліктер пәнаралық, пәннен аса, қасиетке ие
болғандықтан құзіреттіліктер иерархиясында ең жоғары сатыда және әр түрлі
салаларда көрініс береді. Олардың бар болуы адамға өмір бойы өз-өзін
дамытуға, нәтижелі кәсіби іс-әрекеттер тудыруға, қоршағандармен қарым-
қатынас орнатуға және т.б. қажет болып табылады. Білім берудің жаңа
бағыттарына – құзіреттіліктерге – бағытталуы игерілетін пәндердің
мазмұнының өзгеруін ғана емес, сондай-ақ оқу үрдісінің әдістері мен
түрлерінің, оқушылардың сабақ үстінде іс әрекеттерін белсендендірудің,
зерттелетін тақырыптын нақты өмірге жақындатудың және туындайтын
мәселелерді шешер жолдарды табудың өзгеруін қажет етеді.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша, сондай-ақ қойылып отырған
мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отыра,
қоғамның нақ қажеттіліктері тұлғаға бағытталған дамытушы технологияларды
кең түрде енгізу өзекті болып табылады деген қорытынды жасаймыз. [3] Бұндай
оқыту барысында студенттердің дербестік, қабылдаған шешімге деген
жауапкершілік сияқты қасиеттері қалыптасып, дамиды; студенттердің танымдық,
шығармашылық, коммуникативті, тұлғалық белсенділік қасиеттері және аталған
ерекшеліктер еңбек нарығында жұмыскердің іс-әрекет қасиеттерін анықтайды,
тұлғаның әлеуметтенуіне әрекет етеді.
Дамыта оқыту барысында негізгі құзіреттіліктердің қалыптасу үрдісінде
бар мүмкіндігінше оқушының өз белсенділігін қамтамасыз ету керек, себебі
соңғылары өз іс-әрекеті барысында алынған тәжірибеден қалыптасады. Осыған
байланысты көптеген зерттеушілер білім берудегі инновацияларды интерактивті
оқыту әдістерімен байланыстырады. Ал антерактивті оқыту әдістері:
...берілген материалға деген шығармашылық көзқарасты қажет ететін және бар
оқушының ашылуына жағдай жасайтын кез келген іс-әрекет деп түсінеміз.
Интерактивті ұстаным – оқу материалын интерактивті сабақ барысында
игерумен байланысты оқушы іс-әрекетінің белгілі бір түрі.
Шехтер әдісі – шетел тілін оқытудың эмоционалдық - мағыналық ұстанымы
– өзге тілді игеру өз тілінде сөйлеудің қалыптасуындай жүру керек деп
есептейтін лингвистикадағы ғылыми бағыт. Шехтер әдісі тікелей белсенді
оқытудың итерактивті ойын әдістеріне жатады.
Эмоционалдық-мағыналық ұстаным КСРО ғылым Академиясының ізденушілік
ғылыми-зерттеу жұмысы барысында Кеңес Одағында 1970жж. басында құрылған
болатын. Оның авторы белгілі Кеңес ғалымы-лингвист және педагог Игорь
Юрьевич Шехтер [7].
Эмоционалдық-мағыналық ұстаным негізінде адамның сөйлеуі - білімдер
жинағы емес, адамға тән табиғи дағды деген ой жатыр. Сөздер мен ережелерді
жаттауға саятын тілді игерудің дәстүрлі ұстанымнан айырмашылығы, бұнда оның
орнына сөйлеуді, оны дамыту мен түзетуді қалыптастыру ұсынылады.
Эмоционалдық-мағыналық ұстаным әдісі бойынша сабақтарды тек арнайы
дайындық пен сынақтан өткен оқытушылар ғана жүргізе алады. Шехтер әдісі
бойынша оқытушыға өзіне тіл біліп, сауатты лингвист және талантты мұғалім
болу аз. Ол сондай-ақ білікті психолог, актер, режиссер болуы керек.
Сабақтар топтарда, күніне 3 сағаттан өткізіледі. Міндетті үй
тапсырмаларынсыз. Толық оқу курс – үзілістерімен үш цикл. Әр цикл – 4 апта.
Бірінші циклдің міндеті – тұрмыстық деңгейде күнделікті тұлғааралық
қатынас жағдайында сөйлеуді тудыру мен дамыту, сондай-ақ тілде оқу
дағдыларын қалыптастыру. Бірінші циклден кейін адам бөгде тілде өз ойын
айта білуі және түсінікті болуы керек, бірақ-та оның сөйлеуі қателіктер мен
ауытқулардан таза болмауы мүмкін.
Екінші цикл – сөйлеуді дамыту мен түзету, соның ішінде монологтық
сөйлеу, ол дегеніміз тілде аудитория алдында сөйлей білу. Екінші циклде
тындаушылар конферециялар, жиналыстар, дөнгелек столдағы пікірталастарға
қатысады. Екінші циклде сөйлеуді түзету мақсатында грамматиканы үйрену
басталады, сондай-ақ кәсіби аударма дағдылары менгеріледі. Сонымен қатар ,
екінші циклден бастап тындаушылар тілде кинофильдерді көреді, талдайды,
сондай-ақ кез келген әдебиетті жалпы мағынасын түсініп, сөздіксіз (белсенді
оқу) оқиды.
Үшінші циклде өз ойын баяндап қана қоймай, пікірталаста оларды қорғап,
қарсыластын көзқарасын жоққа шығарар сөз айтыстарына қатысады. Бұнда
сөйлеу қызметінің барлық түрлері жетіледі және дамиды. Грамматика және
тілдің жүйе ретінде барлық аспектілері, әдебиетті оқу және талдау, тілде
кинофильмдерді көруді әрі қарай оқып үйрену жалғасады. Ауызша және жазбаша
аудару дағдылары дамиды. Үшінші циклдің соңында тындаушылар жеткілікті
дамыған және сауатты тілге ие болады және тілде әңгімелесуде қиындық
көрмейді[8].
Колб моделі – ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыруға арналған,
ересектерді оқыту психологиясының маманы Дэвид Колбтың теориясы. Ол әртүрлі
нұсқада интерактивті сабақтар барысында кеңінен қолданылады.
Колбтың оқыту теориясы төрт кезеңді оқу цикліне негізделген ол
сондай-ақ оқу циклі деп түсіндірілуі мүмкін , оқытудың төрт негізгі
стилінен тұрады. Осы мағынада Колб моделі ерекше мәнді, себебі ол нақты
адамдарды оқытудың әр түрлі стильдерін түсіну амалы ретінде ұсынылады,
сондай-ақ бәрімізге қолданылатын эмпирикалық оқыту циклін түсіндіреді.
Колб өз оқыту теориясының басты принципі ретінде, көбінесе төрт
кезеңді оқыту циклі деп көрсетілетін оқыту циклін қояды. Бұнда тікелей
және нақты тәжірибе бақылау мен ойланудың негізі болып табылады. Бұл
бақылау мен ойлану белседі сынауға болатын, іс-әрекетке жаңа мағына
беретін, абстрактілі концепцияларға айналады және өз кезегінде жаңа
тәжірибеге әкеледі. Колб мүлтіксіз жағдайда қашанда емес бұл үрдіс
оқушылар барлық негіздермен танысатын жеке тәжірибені жинақтау циклі,
ойлану, ойлау және іс-әрекет оқыту циклі немесе спираль болып көрінеді
дейді. Тікелей немесе нақты тәжірибе бақылау мен ойлануға әкеледі.
Сонымен Колб моделі төрт кезеңді екі деңгейде жұмыс істейді:
1. Нақты тәжірибе - НҚ
2. Ой бақылаулары - ОБ
3. Абстрактілі концептуалдау - АК
4. Белсенді эксперименттеу - БЭ
және төрт тип негізінде оқыту стильдерін анықтау олардың әр қайсысы екі
жақын стильдердің үйлесуінен тұрады. Колб оларға келесі терминдерді
қолданды:
1. Шеттету (НҚОБ)
2. Ассимиляция (АКМН)
3. Конвергенция (АКБЭ)
4. Бейімделу (НҚБЭ)
Колб сызбасы сабақта. Төменде Колб принциптері бойынша құрылған
интерактивті сабақтардың кең таралған құрылымының бірі берілген:
1. Жаңа тақырыпты жариялау және мотивация қызығушылығын ояту – сабақтың
жалпы ұзақтығының 10 %
2. Өткенді бекіту қайталау - сабақтың жалпы ұзақтығының 20 %
3. Жаңа материалды оқып үйрену - сабақтың жалпы ұзақтығының 50 %
4. Бағалау - сабақтың жалпы ұзақтығының 10 %
5. Сабақтың қорытындысын жасау дебрифинг, рефлексия - сабақтың жалпы
ұзақтығының 10 %
Бұл сызбада уақыттың бөлінуін шартты деп түсінуіміз керек, мұғалім
өзінше сабақтың ерекшелігіне байланысты, сабақтың кезеңдерін ұзартып немесе
қысқарта алады, бірақта сабақтың сапалық кезеңдері сақталған жөн.
Сабақтың әр сапалық кезеңдерін ашып түсіндіре кетейік:
Мотивация – сабақтың бастапқы кезеңі, оқушылардың ойын игерілетін
материалға шоғырлау, оларды қызықтыру, материалды оқып үйренудің
қажеттілігі мен пайдасын көрсету.Оқушылардың оқу материалын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz