Қазақтың діни мерекелері


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих факультеті
Археология және этнография кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақтың діни мерекелері
Тексерген : Қалшабаева Б. К.
т. ғ. к., доценті
Орындаған: Жапарбекова А. А.
1 курс магистранты
АЛМАТЫ, 2007
Жоспар:
Кіріспе 3
І-тарау. Ораза айт мерекесі7
ІІ-тарау. Құрбан айт мейрамы . . 17
ІІІ-тарау. Мәуліт күні 25
Қорытынды . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . 35
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақ халқының салт-дәстүрінде сонау ерте замандардан бері ұлттық және діни мерекелердің үлкен орын алатыны белгілі. Бабаларымыздың сан жылдар армандаған тәуелсіздікке қолымыз жетіп, ұзақ жылдар бойы патшалық ресейдің, 70 жылдай қылышынан қан тамған Кеңес одағының боданында болған халқымыздың ұлттық мемлекетінің шаңырағын көтергеніне де 15 жылдай уақыт болды. Осы жылдар ішінде бір мүшелден асқан мемлекетіміз саяси, әлеуметтік және экономикалық даму үстінде. Дәл қазіргі Қазақстан әлемдік қоғамдастықта егемендік ел ретінде танылған кезде күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі қазақ халқының діліне сай мемлекеттік идеологияны қалыптастыру болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың ұлттық санасы оянып, өз тарихына, салт-дәстүріне, дініне, діліне, тіліне деген қызығушылығы күн санап артуда. Осы тұрғыдан алғанда бұл тақырыптың маңыздылығы зор. Ұлттың болмысын, тіршілік ету тәлімін, өмірге деген көзқарасын, рухани өресін, танымы мен нанымын жалпақ жұртқа жайып, өзін-өзі жұрағаттап танытатын, әрі мәшһүр ететін халықтың ежелден келе жатқан ескі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, жөн жоралғылары болса керек. Талай ұрпақтардың ұлан-ғайыр көшін үзатып салып, тар жол - тайғақ кешулі замана зобалаңдарынаң өткен өрісті тарихымыздың өн бойында өшпей, өскін жайып, халық тірлігінің өзегімен өріле жасасып келе жатқан бұл қасиетті қазыналарымыз өзінің өміршеңдігімен тәнті етеді. Өйткені мұнда бәріміздің бас иелеріміз, халықтың тілі, діні, ділі жатқанын көреміз. Халқымыздың бағы да, бары да, құты мен құдіреті де осыларда жатыр. Бұларсыз баянды болашақтың көк байрағы көтеріле алмайды, емін-еркін тыныстап, еңсесін тіктеу де қиынға түседі, нанымы мен сеніміне сеніп, болашағына батыл бет бұрған рухани тілеуге де қолы жетпейді. Ұлттық дәстүрді сақтай білу - ұрпақтардың өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі, иманды тірлігінің ұятына сенуі.
Әр халықтың пешенесіне жазылған тағдыры болады. Ұлттық келбетіміз жайлы ой қозғағанда сол тағдырдың сан түрлі соқпағына түскен халқымыздың қилы-қилы өмірі, заманалық эволюциясы көз алдымызға келді. Оның түйінді тораптары, ілкімді арналары тереңдерге жетелеп, тарих қатпарларынан сыр сабақтағанда халқымыздың даналығына, қайсарлылығына, төзімділігіне, кеңпейілділігіне, қарапайымдылығына қайран қалып, көңілге мақтаныш толады. Ал халық басына түскен зауалдар тақсіреті неше қилы өкініштер мен опыныстарға бөлейді.
Осы тарихқа қарап тұрсақ, қазақ халқының көрмегені де, кешпегені де аз емес екен. Отаршылдықтың империялық өктем саясатының ноқтасынан басын көтере алмаған халықта не хал болушы еді? Бүгежек тірлік белін жаздырмай, адымын аштырмады, рухани жағынан әбден тұралап, жүдеп-жадап, жарық дүниеге келгеннен қасан қағида - жат-уағыз миына тықпаланды, өткеннің бәрін жоққа шығару саясаты мәңгүрттікке алып келді, ақыр соңында танып білгенімізден - ұмытқанымыз, тапқанымыздан - жоғалтқанымыз көп болып шықты. Оны енді ғана ашық айтып жатырмыз. Қазіргі біздің кеудеміздегі қорқынышты жеңіп, еңсемізді тіктеген серпілісіміз - мәңгірген жанның есін жиған ала көбен әлпетін елестетеді. Егеменді ел болып, етек-жеңімізді жиып, ертеңгі күнімізге алаңдай бастауымыз соның айғағы. Жадымыз бен қанымызда қалған ұлттық болмысымыз оянып, санамызға сәуле шуағы тарап, салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптарымыздың, тіліміздің, дініміздің жоғалтып алған өмірлік нышандарын жаңғыртып, жандандырып қайта оянып жатқан жайымыз бар. Халықтық нәрсенің бәрі де жермен, елмен, халықпен бірге біте қайнасып, бірге жасайтынына оны ешбір қатал қысым да, заң да, зорлық та өшіре алмайтынына көз жетіп, көңіл қаныққандай болады.
Ғасырлар бойы өмірдің өткелдерінен өтіп, қилы-қилы кезеңдерінде бір құлап, бір тұрумен келде жатса да, бар өнеге-өсиетін, әдет-қасиетін, ғұрып пен рәміздерін сақтап қалуға ұмтылып баққан халқымыздың маңдайы жарқырап, бағы ашылды. Өмірге қайта орала бастаған ұлттық үрдістеріміз бен салт-дәстүрлеріміздің көбейе түскені соның айғағы.
Солардың ішінде халқымызбен қайта қауышып жатқан, өзінің болмысында халықтық сипаты мол, ізгілік пен мейірімділікке үндейтін, ел ішіне кең тараған салт-дәстүрлеріміздің бірі - Ораза айт, Құрбан айт мерекелері болып табылады.
Діни әдет-ғұрыптар сияқты діни мейрамдар да табиғаттан тысқары күш-құдіретті құдайды мадақтаудан келіп шыққан.
Қазақ халқы өзге халықтар секілді өзінің қалыптасу тарихында белгілі бір ерекшелігі бар діни мерекелерді қалыптастырды. Ондай мерекелер қатарына Ораза айт, Құрбан айт және Мәуліт күні жатады. Халықтардың ынтымақтастығын күшейтіп, бірлігін сақтауда бұл мерекелердің маңыздылығы зор. Бұлардың бәріне ортақ сипат - таныс, бейтаныс көпшіліктің ортақ қуанышы думанды шаттық ретінде атап өтілетіні. Бұл мерекелердің қазақ тұрмысындағы алатын рөлі зор.
Міне, сондықтан да діни мейрамдардың қалыптасуы, даму тарихын зерттеу курс жұмысының мақсаты болып табылады.
Осы мақсатты орындау үшін, мына міндеттерді шешу алға қойылады:
- Діни мейрамдардың түрлерін айқындау;
- Діни мейрамдардың қалыптасу тарихын зерттеу;
- Діни мейрамдардың өткізілу тәртібін көрсету;
- Бұрыңғы және қазіргі кездегі діни мейрамдардың даму үрдісін анықтау;
Тақырыптың теориялық және методологиялық негіздері:
Жаңа методологиялық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік, обьективтілік, тарихи-салыстырмалылық сияқты ғылыми таным принциптерін негізге алдым. Сондай-ақ, осы тақырыпты жазуда соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алып зерттеу барысында талдау, сараптау, анализдеу тәсілдері қолданылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі мен тарихнамасы:
Діни мерекелер туралы жазылған көптеген зерттеулерді атауға болады. Олардың қатарына: Соколов В. Г . / 1 / ; Аширов Н. /2/; Алтай Х. Ғ. /3/; Естаев Ж. /4/; Климович Л. К. /5/, Дәуренбеков Ж. /6/; Бадиуззаман С. Н. /7/; Кішібеков Д., Уәлиханов Ғ. /8/; және Кенжеахметұлы С. /9/ т. б. жатқызуға болады.
Мәселен, Кішібеков Д., Ғ. Уәлихановтың еңбегінде діни мерекелердің пайда болуы, қалыптасуы тарихына ерекше мән берілген.
Жақау Дәуренбековтің «Айтыңыз құтты болсын» атты еңбегінің маңызы зор. Бұл еңбекте Ораза мен Құрбан айт мерекелері туралы бірталай мәліметтер аламыз.
Осман Қарабиықтың «Ислам діні»(2007) /10/ атты еңбегін де ерекше атап өткен жөн. Мұнда, барлық діни мерекелер жайлы жазылған.
Сол сияқты, «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» деген еңбекте бұл мерекелерге қатысты біршама материалдар табылады.
Тақырыптың деректік негізі:
Бұл тақырыпты жазуда дерек көзі болып - «Құран Кәрім» /11/табылады. Және де қосымша ретінде Рамазан Айваллы «Жизнь Пророка Мухамеда»/12/ атты еңбекті пайдаландым.
Курс жұмысының құрылымы: Кіріспе, 3 тараудан(Ораза айт мейрамы, Құрбан айт мерекесі және Мәуліт күні) және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-тарау. Ораза айт мерекесі
Отыз күн ораза біткеннен соң үш күн мейрам - ораза айты басталады. Ораза айт мерекесі айрықша күндер болып есептеледі. Айт мерекесінің басталуына келетін болсақ, күн найза бойы көтеріле айт намазы оқылады. Айт намазының уағыз өзегі, айтар ойы - мейірімді, қайырымды болуға үндеу. Намаз мешітте, ол болмаса далада - таза жерде оқылады. Ораза айты - қуанышқа, шаттыққа толы мереке. Мешіттерде кедейлерге, жоқ-жітіктерге қайыр-садақа үлестіріледі, мешітке келіп әр отбасының атынан да осындай қайырымдылық ырымдары жасалады. Пайғамбарымыз: «ассадақа ту раддиль - бала» - «садақа - әрбір шаңыраққа келе жатқан пәле-жаланы қайтарар амал, сол үшін әр мұсылман жеті тиыннан бастап, шамасы келгенше садақа беруі міндет», - дейді. Пайғамбарымыздың осы қағидасын қолдап, жадынан шығармай бас иген мұсылман қауым мешітке де қамқорлық көрсетіп, құран оқытып, өз еркімен тиісті көмегін көрсетеді/13/.
Айттан бір күн бұрын, ішек жасап, сондай-ақ жеті шелпек оқытып, тарату дәстүрі де бар/14/.
Айт күндері адамдар өздерінің ата-бабаларының басына барып құран оқиды, қайыр-садақа жасайды, әулиелердің басына - зиярат етеді. Ауыл адамдары, үлкен кісілер бұл күндері қайтыс болған жандардың үйлеріне барып құран оқиды. Өйткені, аруақтар бұлар бізді ұмытып кеткен жоқ па екен, тірлікте менің есімім аталама екен деп өз шаңырағына оралып, босағадан қарап дәметеді делінеді.
Айт күні адамдар мейрам көңіл, шат кейіпте, сәнденіп жүреді. Біріне-бірі «Айтыңыз құтты болсын!» айтады. Бірін-бірі дәмге шақырады. Көшеде, базарда, алаңдарда ән-сауық ұйымдастырылып, жырлар айтылып, түрлі ойындар өткізіледі.
Мақсаты ізгілік, адалдық, төзімділік, тазалық, рухани сергектік, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық секілді адамға күш-қуат берер қасиеттерді үндейтін айт мерекесін жаңғыртып, жаңалап, дамытып, көркемдеп, қасиеттеп өткізу - бүгінгі ұрпақтың парызы болмақ. Соңғы бірер жылда айт мерекесін жер-жерде атап өту үрдіс ала бастады. Оның кең қанат жайып, өмірімізге сіңісті болуы - бәрімізге байланысты болмақ. Ол үшін айт мерекесін өз уақытында барынша кеңінен атап өтуге жұмыла кіріскен ләзім. Халықтық мейрамға айналдыру үшін - халық боп кірісу міндет/15/.
Ислам дінінің қағидасы бойынша, мұсылман дінін ұстаушылардың бәрі отыз күн ораза ұстауы керек. Ораза ұстау - араб күнтізбесі бойынша рамазан айында таң атпай бекітіп(сәресіні сағат 4-5-терде ішеді), күн әбден батқан соң ашады. Ол кезде темекі шегу мен насыбай атуға, ойын-сауыққа, нәпсіге тиым салады. Осы уақыттарда адамдар Алла тағалаға арнап, құран кәрімді, діни-шариғат заңдарын оқып, рухани тазалыққа ұмтылатын болған. Діни қағида бойынша рамазан(мүбәрәк деп те атайды) айында ораза ұстамаған мұсылмандардың күнәсі кешірілмейді деп есептеген. Аузы берік мұсылман адам белгілі бір уақытта тамақтануға дағдыланады., асқазанын күшейтіп, денсаулығын жақсартады. Ауқатты адамдар кедейлер мен мүсәпірлердің аштыққа қалай төзетінін өздері сезіп, оларға деген мейірімділік пен аяушылық сезімдері оянады.
Шариғат заңында ораза кезінде құдайға құлшылық еткен адам о дүниеде де, бұ дүниеде бақытты болады деп уағыздаған.
Мүбәрәк айында күндіз ас-судан бас тарту керектігін біле тұра, аузына нәр алса, ораза бұзылады. 10 жасқа дейінгі бала, аяғы ауыр немесе бала емізетін әйел, денсаулығы нашар қарт, рамазан кезінде науқастанып қалған адам, ұзақ жол жүретін жолаушы ораза тұтпауға құқы бар. Алайда, ауру адам мен жолаушы басқа айлардың бірінде сонша күн ораза ұстауы керек. Ораза ұстау кезінде ағайындар бір-бірін «ауызашарға» шақырып, тәтті, дәмді тағамдар беретін болған/16/.
Ғұрып бойынша, отыз күн оразадан соң діни мейрам үш күн ораза айты болады. Ораза айтының алдында әрбір отбасы мүшелері кедейлер мен мүсәпірлерге пітір береді(пітір жанға саулық тілеп садақа беру) . Оны арабтар «зәкәт әл-фитр» деп атайды.
Ораза айтының алғашқы күні таңертең оқылатын айт намазын мешітке жиналып немесе далада тегіс жерге отырып оқиды.
Ораза айтының алғашқы күнінде ата-бабалардың аруағын еске түсіріп, құран оқыту, «жұмалық» ас беру(жеті шелпек пісіру) мұсылмандарға парыз болып саналған. Үш күн айт мейрамында үлкендер де, бала-шаға да жақсы киініп, әр үйге кіріп «Айттарың қабыл болсын!» деп тілек білдіріп, айтқа дайындалған тамақтан ауыз тиіп, құран оқып шығады/17/.
Зекет-пітір жылына бір-ақ рет берілетін табыстың кішкена ғана бір бөлігі. Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін пітір-садақа берудің ешбір қиындығы жоқ және оны берген адам одан да үлкен силыққа ие болады. Өйткені, ол аса Құдіретті Аллаһтың уәдесі.
Бір адамға берілетін пітір-садақаны бірнеше адамға бөліп беруге немесе бір адамға екі не одан көп пітір садақа беруге рұқсат етілген. Зекет пітір беруге барлық мұсылмандар: ер және әйел, үлкен және кіші міндетті. Өзің және өзіңнің қарамағындағы өзгелер үшін де, мысалы, әйелінің ұл-қыздарының, туыстарың үшін пітір садақа беріледі. Ал егер әйелің екі қабатболып бала көтеріп жүрген болса, ол бала үшін берсеңіз ол да жақсы.
Бәрінен де жақсысы және ең бастысы - пітір садақаны Мейрам күні ораза айт намазына дейін беру. Мейрамнан бір-екі күн бұрын берсе де болады. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа қабыл болмайды. Ал егер оны білмеген адам болса, бәлкім қабыл болады/18/.
Тағы бір айтатын жайт, пітір садақа шын мәнінде кедей, жарлы адамдарға, қат кісілерге берілген болса ғана есепке алынады. Ол жарлы-жақыбайға тікелей немесе сенімді өкіл арқылы дер кезінде берілуі тиіс. Кедей адам өзіне берілетін пітір садақаны жинауды басқа адамға сеніп тапсыруына болады. Бұл жағдайда пітір садақаның оның сенген адамына тапсыруына - кедей адамға дер кезінде тапсырылғаны болып саналады. Пітір садақасы оразаның қабыл болуына, қабір азабынан аман болуға себепші болатынын атап айтқан жөн.
Ораза айт намазы - жылына бір рет жиналып оқитын Аллаһ Тағаланың Мұхаммед Пайғамбардың(салла Аллаһу алейһи уә сәллам) үмметіне ілтипат етіп берген зор нығметі, әрі ең бастысы болып табылады. Біздер намазға бір-бірімізді құттықтап, Аллаһ Тағала құлшылық ету үшін жиналамыз, Рамазан айында ораза тұтуға мүмкіндік бергені үшін алғыс, мадақтау айтамыз. Аллаһ Тағала ұстанған ораза, берген садақа, өзіне арналған ибадаттарымызды қабыл алғай! Әмин/19/. - деген.
Айт намазының ерекшелігі - Ораза айт намазын оқу уәжіп. Жұма намазы парыз болған адамдарға айт намаздарын оқу уәжіп болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед, әділ халифалар және сахабалар ешқашан да айт намаздарын жібермеген. Айт намаздары мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдер үшін өте жоғары дәрежедегі, әсерлі де мағыналы ибадат боп табылады. Бұл намаздардың соңы ұлы мерекеге ұласады.
Ораза айт намаздарының басталу уақыты - ораза айт намазы күн найза бойы көтерілгенде, яғни күн көкжиектен шамамен 45 градустай көтерілген кезде басталып, сәске түске таман аяқталады. Дәлірек айтқанда, найза бойындай көлеңке нүктеге айналған шаққа дейін намаз оқылып болуы тиіс.
Намаз оқудың тәртібі - Жұма намазға шарт болған нәрселер айт намазға да шарт болады. Бірақ айт намазынан бұрын хұтпа оқылмайды және хұтпа оқу парыз емес. Айт намазынан кейін хұтпа оқу сүннет/20/.
Айт намазы екі рәка аттан тұрады, азан және иқамат оқылмайды. Әдепкі үш тәкбір әуелгі рәка аттың «Субханакәсінен» соң және қырағатынан бұрын, сондай-ақ кейінгі үшеуі екінші рәка аттың қырағатынан соң атқарылады. Бұл алты тәкбір және екі рәка аттың бел бүгу тәкбірлері уәжіп болады. Әдеттегідей сәжде, отырыстар орындалып, сәлем беріліп намаз аяқталады.
Ифтитаһ тәкбірі - мейрам басталуында айтылады және айт намаздарына да парыз. Бұл тәкбір қатты дауыстап айтылады. Шексіз Ұлық Аллаһ былай деген: «Сендерді тура жолға салған аллаһқа шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Аллаһты Ұлықтаңдар. »(Бақара 2:185)
Ифтитаһ тәкбірі мейрам алдындағы күні күн батқаннан ертесіндегі айт намазына дейін айтылады. Тәкбірді әйелдер қатты дауыстап айтпайды. Тәкбірдің мағынасы былай: «Аллаһ Ұлық! Аллаһ Ұлық!Аллаһтан өзге тәңір жоқ. Аллаһ Ұлық! Аллаһ Ұлық, һәм Аллаһ қамқоршы, қорған!»/21/
Айт намазына ғұсыл құйынып, таза жаңа киім киген дұрыс. Үйден шығарда құрма не қандай да бір тәтті нәрсе жеген дұрыс. Хош иіс себініп, мешітке жаяу бару, намаздан кейін үйге басқа жолмен қайту сүннет/22/.
Ораза айт - ислам дініне сенушілердің дәстүрлі мерекесі. Оны ауыз ашар айт деп те атайды. Ораза айтты қазақтар, сонымен қатар, Қытайда дүнген, ұйғыр, өзбек, тәжік, татар, қырғыз, салар, дұңшяң, бауан сияқты ұлттар мерекелейді. Ораза айты арабша «Идул фитр» дейді.
Ал, «ораза» деген парсы тілінің сөзі, ол бекіту, тиылу деген мағынада, нәпсіден тиылу деген сөз. Ал, арабша «фитр» деген мереке деген сөз/23/.
Ислам күнтізбесі бойынша, әр жылдың 9-айы деп аталады. Ислам діні әр мұсылман осы айда ораза ұстауы керек деп белгіленген. Ораза ислам дініндегілер үшін парыз. 9 жастан жоғары әйелдер, 12 жастан жоғары ерлер түгел ораза ұстауы керек. Ораза мерзімі 29, яки, 30 күн болуы мүмкін.
Ораза айында мұсылмандар күн щығардан бұрын сәресі ішіп болады. Күн шыққан соң, күні бойы дәм татуға, сусын ішуге болмайды. Мұнан сырт, мұсылмандар ораза мерзімінде нәпсі атаулыдан тиылып, арам пиғылдардан аулақ болуы, Аллаға тәубе қылуы тиіс.
Жас балалар, қарттар мен дене қуаты әлсіздер ораза ұстамауға болады. Бірақ соңынан ораза күндерін толықтауы керек. Кеш болғанда ораза күні аяқталып, мешіттен азан үні естілгенде, ауыз ашып, ас - тағам жеуге болады. Көрші-көлеңдер болып, бір-біріне ауызашарға тура келген жүргінші, жолаущылар әрқандай бейтаныс адамның үйіне бас сұқса, ақ пейілмен күтіледі. Бір ай ораза ұстаған соң, мұсылмандар ораза айының ең соңғы күні, жаңа ай көрінген соң, келесі күні, ислам күнтізбесі бойынша, 1-қазан ауыз ашып, ораза айының аяқталуы құттықталады/24/.
Зекет пітір беруге барлық мұсылмандар: ер және әйел, үлкен және кіші міндетті. Өзің және өзіңнің қарамағындағы өзгелер үшін де, мысалы, әйелінің ұл-қыздарының, туыстарың үшін пітір садақа беріледі. Зекет-пітір жылына бір-ақ рет берілетін табыстың кішкена ғана бір бөлігі.
Ораза айт - дәстүрлі мереке. Оның маңызы адамдардың адамгершілік қасиеті мен моралін шыңдауда. Ораза кезінде адамдар ас - тағамнан ғана емес, алдымен әр қандай жарамсыз ниет - қылықтардан тиылуы лазым.
Ораза айттың қарсаңында отбасында әр адам кедейлерге қайыр-садақа береді, әр отбасы мол дастархан жасайды. Өздері моншаға кіріп, шаш-сақалдарын алып тазаланады және үй-жайларын ағартып, тазартады/25/.
Оразаны араб тілінде «соум» деп айтады. Ораза сөзінің тілдік мағынасы: тартыну, тыйылу, ал шарғи мағынасы: құлшылық ниетімен таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тыйылу/26/ .
Аллаһ тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Рамазан айы сондай ай, ол айда қасиетті Құран Кәрім түскен» («Бақара» сүресі, 185-аят), -дейді/27/.
Отыз күн оразадан кейін басталатын қуанышты күн болған соң, халық жарқылдай жайнап, жүздерінде қуаныш ойнап, үлкен бір парызды атқарғандықтан мақтанышы мейірлерін тасытып көшеге шығады. Олар біріне-бірі: «Айтыңыз құтты болсын!», «айтыңыз қабыл болсын!» - десіп амандасады.
Мешіттерде намаз оқылып, ел-жұрт оған барып қайыр-садақа береді. Құран оқыттырады. Сонан соң мереке шаттығы басталады.
Әр отбасы құдайы күлшелер, жеті шелпек пісіріп, оны таныстарына, көршілеріне, дос-тілек адамдарына таратады. Мұны алдын-ала пісіріп қойса да болады. Мекемелерде әр ұжым ішінде бұны сыпайылықпен тарату ләзім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz