Халықаралық қаржылық ұйымы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Халықаралық қаржылық ұйым

Халықаралық қаржы ұйымдарының түрлері және қызметтері

Халықаралық қаржылық ұйым

Халықаралық қаржылық ұйым-әлемдік қаржы аясындағы мемлекеттер арасындағы келісім арқылы іске асырылады. Келісімге мемлекеттер мен мемлекеттік емес институттар қатыса алады.

Мемлекетаралық ұйымдарды құру идеясы1929-1933ж. ж. болған әлемдік экономикалық кризис әсерінен пайда болды. Халықаралық қаржылық ұйымдар әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту шеңберіндегі белгілі бір мәселелерді шешу кезінде қатысушы мемлекеттердің қаржылық ресурстарының бірігуінің нәтижесінде құрылады.

Халықаралық қаржылық ұйымдардың мақсаты ынтымақтастықты дамыту, тұтастықты камтамасыз ету, күрделі ситуацияларды тұрақтандыру және т. б. болуы мүмкін. Қазіргі таңда бірнеше халықаралық қаржылық ұйымдар қызмет етеді. Мысалы;

Халықаралық қаржы ұйымдарының түрлері және қызметтері

Бүкіләлемдік банк (ББ) - халықаралық әмбебап ұйым. Ол 1944 жылы шілдеде БҰҰ-ның Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған шешімге сәйкес келісім бойынша құрылған. Бреттон-Вудсте (АҚШ) 1945 жылы желтоқсанда өз күшіне енген. ББ формальді түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) арнайы қаржы мекемесі болып саналады. ББ тобына Халықаралық қайта жаңғырту және дамыту банкі (ХҚДБ), Халықаралық Даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық Қаржы корпорациясы (ХҚК), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (ИККА) және Инвестициялық Дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталық (ИДРХО) кіреді. ББ мүшелінгінде 184 мемлекет бар.

Бүкіләлемдік банк қызметінің негізгі бағыты ғаламдық масштабта кедейлік деңгейін төмендету және мемлекеттерге әр түрлі салада техникалық көмек: білім беру мен денсаулық сақтаудан бастап, қаржылық тұрақтылыққа дейін көмек көрсету. Әлемдік банк әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіндегі дамушы елдердің үкіметтеріндегі мектеп және денсаулық сақтау мекемелері құрылысына, халықты сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуде, аурумен күрес және қоршаған ортаны қорғауда қаржылық күшейтуді қамтамасыз ететді.

ББ мақсатына мыналар жатады:

  • Мүше мемлекеттердің экономикасын дамытуға, оған қоса дамушы елдердегі өндірістік дамуды ынталандыруға көмек көрсету;
  • Жеке шетелдік инвестицияларға кепілдік ұсыну жолымен немесе ұсынылған жеке инвесторларға займ және өзге де капитал салуға қатысу арқылы ынталандыру;
  • Халықаралық сауда өсімін теңестіруге және төлем баланстары теңдігін қолдауға;
  • Барынша пайдалы әрі күттірмейтін жобаларды жүзеге асыруға займ ұсыну немесе олардың кепілдігі.

Халықаралық валюталық қор дегеніміз ұйым мүше-елдері арасындағы валюталық-несиелік қатынастарды реттеуге және оларға валюталық, қаржылык қиындықтар жағдайында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер беру арқылы қаржылық көмек көрсетуге арналған халықаралық ұйым. Қор БҰҰ-ның арнайы ұйымы. Халықаралық валюталық қор 1944 жылы 1 шілде мен 22 шілде аралығында Бреттон-Вуд қаласында БҰҰ-ның өткен конференциясында құрылды.

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (International Bank for Reconstruction and Development) Бүкіләлемдік банктің негізгі несиелік мекемесі. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі БҰҰ-ның маманданған мекемесі және мемлекетаралық институт ретінде 1944ж Бреттон-Вудста болған Халықаралық қаржы-валюталық конференциясында қабылданған(ХҚқДБ Вашингтонда орналасқан) . Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің негізгі мақсаттарына:

  • Құрама мемлекеттің экономикасын қайта құру және дамытуда комек көрсету;
  • Жеке шетелдік инвестицияларға көмек көрсету;
  • Халықаралық сауданың теңдестірілген өсіміне көмек көрсету және төлем балансының тепе-теңдігіне қолдау көрсету;
  • Статистикалық мәліметтерді жинау және жариялау;

ХҚқДБ-ның ХВҚ-дан айырмашылығы ХҚқДБ экономикалық дамытуға несие береді. ХҚқДБ-жан басына шаққандағы табыс деңгейі орташа дамушы елдерді дамыту жөніндегі ең ірі кредитор. Мемлекет ХҚқДБ құрамына кіру үшін ең алдымен ХВҚна кіру керек.

Халықаралық қаржылық корпорация- (ХҚК; ағыл. International Finance Corporation, ағыл. IFC) Бүкіләлемдік банк құрамына кіретін қаржылық институт(штаб-квартирасы Вашингтон) . 1956ж дамушы мемлекетке жеке инвестициялардың тұрақты ағымымен қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

ХҚК қызметі:капиталды үлескерлік формада инвестициялау және дамушы елдердегі жеке секторлардың өсу қарқынын ынталандыру мақсатында кеңес беру қызметтерін атқарады.

ХҚқДБ айырмашылығы берілген қызметтерге мемлекеттік кепілдікті талап етпейді.

ХҚК табыс көзі:мүше-елдердің жарналары, халықаралық қаржы нарығындағы облигациялардың эмиссиясы және өзоперацияларын жүзеге асыру барысындағы кірістері.

Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА, англ. International Development Association, IDA) Бүкіләлемдік банк тобына кіретін несиелік ұйым(1960ж) .

Ұйымның мақсаты- ең кедей елдерге мүше-елдердің жәрдемімен қайырымдылық түрінде көмек көрсету. ХДА займ алу құқығына ие болу үшін жан басына шаққанда ЖІӨ $1165 аспауы керек(ҚР 2010ж ЖІӨ$8, 326) .

Сонымен қатар ХДА займ алу критерияларына сәйкес келмейтін, бірақ ХҚқДБ-дан несие алуға қабілеті жоқ елдерге де көмек көрсетеді. Қазіргі таңда ХДА қарыз алу критерияларына 80 мемлекет(оның ішінде 39 Африка елдері) сәйкес келеді.

ХҚА 20, 35, 40 жылдық процентсіз займ бере алады. ХДА 170 мемлекет мүше. ХДА-ның жұмыс істеу кезеңінде 220млрд. доллардан астам несиелерді пайдалануға берді.

Қаржыны жылыстатумен күрестің іс-шараларын әзірлейтін халықаралық қаржы тобы (ФАТФ) (Financial Action Task Force on Money Laundering (FATF) ) - бұл Қаржыны жылыстатумен күрестің іс-шараларын әзірлейтін халықаралық қаржы тобы. Ол 1989 жылы Парижде өткен Үлкен жетілік Саммитте ақшаны жылыстату саласында заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы тәуелсіз ұйым ретінде құрылды. Банк жүйесі мен қаржы мекемелері үшін мұндай қауіптің барлығын мойындай отырып, Үлкен жетіліктің Мемлекет басшылары мен Үкіметтері, сондай-ақ, Еуропалық комиссия президенті Үлкен жетіліктің мүше мемлекеттерінен, Еуропалық комиссия және 8 өзге елдерден осы топты құрды.

Топқа ұлттық немесе халықаралық деңгейде қабылданған ақшаны жылыстатудың әдістері мен үрдісін, іс-қимылын шолуды қарау және ақшаны жылыстатумен күресу үшін тағы да қажетті шараларды мазмұндау жауапкершілігі жүктелген. 1990 жылдың сәуір айында, яғни өзінің құрылғанына бір жыл өткен соң, ФАТФ ақшаны жылыстатумен күресуге қажетті іс-қимылдың барлығын қамтитын «Қырық ұсыным» атты жинақ баяндамасын жариялады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алушыны айқындау
Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік есеп
Қазақстан ислам конференциясы ұйымымен ынтымақтастығы туралы
Ислам конференциясы ұйымының халықаралық құқықтық статусы
Ислам Конференция Ұйымы
Сақтандыру қызметінің қалыптасуы
САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстанның Республикасының қызмет көрсету дамуының қазіргі деңгейі
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz