Мемлекет теориясы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қанатқызы Алтынай

Е және А 11 К1

Мемлекет теориясы

Сұрақтар:

  1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы сипаттама.
  2. Мемлекеттің пайда болу себептері
  3. Мемлекеттің пайда болу нысандары.
  4. Мемлекет механизмі
  5. Басқару нысаны

Қолданылған әдебиеттер:

  1. ftp://base. turkistan. kz/book/12/Memleket. pdf
  2. http://old. uib. kz/files/Memleket. pdf
  3. http://www. google. kz/search?output=search&sclient=psy-ab&q=%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82+%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B&btnK=
  4. www. elibrary. kz/download/zhurnal_st/st4681. pdf
  5. portal. vkgu. kz:1010/ . . . /1. 1 . . .

1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы сипаттама. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:

- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді

жəне қандық туыстыққа негізделді;

- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық

демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде

қалыптасты;

- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар,

ақсақалдар, əскербасылары жəне т. б. қызмет етті, олар алғашқы

қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мəселелерін шешіп

отырды.

2. Мемлекеттің пайда болу себептері . Мемлекеттің пайда болуы туралы мəселе даулы болып табылады, себебі, этнография жəне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар

табылады:

2. 1. Діни теория - мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық

нысандарын-абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі - Фома Аквинский.

2. 2. Патриархалды теория - мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы əке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.

2. 3. Шартты теория - ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д. Локк пен Т. Гоббс, Францияда Ж. -Ж. Руссо, Ресейде А. Радищев орын алды. Мысалы, А. Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мем-

лекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.

2. 4. Күштеу теориясы - мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу əрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болды, оның өкілдері - Л. Гумплович, К. Каутский, Е. Дюринг.

2. 5. Психологиялық теория - мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тəуелділікті сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен жəне т. б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қата-

рынанЛ. Петражицкий мен Г. Тардты атауға болады.

2. 6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г. Спенсер, Вормс, Х. Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет - биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын əлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.

2. 7. Ирригациялық теорияға сəйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К. -А. Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.

2. 8. Материалистік теория - мемлекеттің пайда болуын əлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері - К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин -мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтаужəне

бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.

3. Мемлекеттің пайда болу нысандары. Мемлекеттің қалыптасуы - əртүрлі халықтарда түрлішежүзеге асқан ұзақ үдеріс. Шығыста «өндірістің азиялық тəсілі» (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай жəне т. б. ) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде

рулық құрылымның əлеуметтік-экономикалық бөліктері - жердік үлес, ұжымдық меншік жəне т. б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды. Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины - мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар -патрицийлерге қарсыкүресінің нəтижесінде тездетілді. Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам əлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды. Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мəні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік жəне жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен жəне азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды. Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады. Мемлекеттің мəні. Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кеңжəне тар мағынасында анықтауға болады. Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады. Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды. Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формальды - кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы

екендігі;

2) мазмұнды - осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет

ететіндігі. Мемлекеттің мəнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге

болады:

- класстық, бұған сəйкес мемлекетті экономикалық үстемдікқұрушы топтың саяси билігінің ұйымыретінде анықтауға болады;

- жалпы əлеуметтік, бұған сəйкес мемлекетті əртүрлі класстармен əлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымыретінде анықтауға болады. Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын жəне қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.

Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді əртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:

а) əрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты жəне уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз əрекетін жояды.

ə) маңыздылығына қарай - негізгіжəне қосымша функциялар;

б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты - ішкіжəне сыртқы функциялар. Мемлекеттің ішкі функциялары - оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, əлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функцияжəне мəдени функция. Мемлекеттің сыртқы функциялары - оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тəртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясыжəне т. б. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары -бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бө-луге болады: құқықтық жəне ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналаржатады:

а) құқықшығармашылық - бұл нормативтік актілерді дайындаумен шығаруға қатысты қызмет;

ə) құқыққолданушы - бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы əртүрлі мəселелерді шешуге байланысты күнделіктіжұмыс;

б) құқыққорғаушы - бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға жəне кінəлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға жəне т. б. байланысты қызмет.

Ұйымдастырушылық нысандарға мыналаржатады:

а) ұйымдастырушылық-реттеуші - бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т. б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;

ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық - бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т. б. байланысты жедел-техникалықжəне шаруашылықжұмыс;

б) ұйымдастырушылық-идеологиялық - бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен жəне т. б. байланысты мемлекеттің əртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тəрбие жұмысы.

Мемлекет механизмінің түсінігі. Əдетте заң əдебиеттерінде «мемлекет механизмі» жəне «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады.

4. Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды. Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сəйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:

1) тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тəжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;

2) құқықтық нысандар - құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады жəне мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

ə) құқыққолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

б) құқыққорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен жəне қадағалаумен, кінəлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т. б. байланысты қызмет. Мемлекетмеханизмінің құрылымы. Бұл құрылымға мыналар кіреді: 1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы жəне өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар; 2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мəдениет, денсаулық қорғау, ғылым т. б. салаларда жалпы əлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кəсіпорындар; 3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер; 4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылықжəне күштеу құралдары. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың жəне оның қызметінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналаржатады: 1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сəйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы жəне қорғауы тиіс; 2) демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдіреді; 3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз əрекеттерді болдырмауға негізделген; 4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сəйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді; 5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тəжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді; 6) кəсібилік қағиадсы, бүл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кəсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайларжасайды, 7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық жəне бюрократиялық бастамаларының саналы сəйкестігін қамтамасыз етеді; 8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді; 9) бағыныстылық (иерархичность) қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы əртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді. Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны - бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым жəне саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Жеке құқықтық әдістер
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Мемлекет құқық теориясының пайда болуы
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық
Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz