Институционализм


Жоспар
1. Кіріспе - Институционализм туралы анықтама
2. Негізгі бөлімі
1. Институционализмнің даму тарихы
2. Неоинституционализм
3. Жаңа институционализм
4. Институционализмнің басқа экономикалы мектептерден айырмашылығы
Қорытынды - Институционализм туралы пікір
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Институционализм - экономикалық ой-пікірлердің неоклассикалық бағытына балама ретінде ХХ ғ. 20-30жж. қалыптасқан, осы замандағы неоэканомикалық ой пікірлердің біреуі, бұның басты ерекшелігі: әлеуметтік - экономикалық факторлардың (институтардың) барлық жинақтардың осылар бір - бірімен өзара байланысты және өзара шарттасты деген негізде және тарихи контексте жүргізеді, сонымен қатар экономикаға қоғам әлеуметтік бақылау жүргізуі керек деген идеяны тұжырымдайды.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Институционализм- 19 -20 ғасырларда дамып, экономиканы өздігінен реттелетін жүйе ретінде анықтап, құн қалыптасу үрдісі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс арқылы, яғни игіліктің шекті пайдалылығына негізделген тұтынушы талғамы арқылы түсіндіріледі.
Қазіргі институционалды теория өз дамуында ғылыми-әдістемелік тұрғыда екі іргелі бағыт - “ ескі’’ институционализм және неокласикадан бастау алады. Бұл теория екі бағытта дамыды: Неоинституционалды теория және жаңа институционалды теория.
Қазіргі институционолизмнің ескі институционализмнен бірқатар айырмашылығы бар. Біріншіден, “ ескі’’ институционализм өкілдері экономикалық мәселелерді басқа қоғамдық ғылымдардың әдістері қолдана отыра зерттейді. Неоинституционалды теория, керісінше қоғамдық ғылым салаларындағы саяси, құқықтық және басқа да мәселелерді неоклассикалық экономикалық теорияның, әсіресе, қазіргі микроэкономика және ойындар теориясының әдістерін қолдана отыра зерттейді. Бұл ғылымға “Экономикалық империализм” атымен енген.
Екіншіден, “ ескі’’ институтционализм негізінен индуктивті әдісті қолданып, жеке жағдайлардан жалпы жағдайларды талдаған. Институттардың біртұтас теориясы қалыптасқан жоқ. Қазіргі институтционализм дедуктивті әдісті қолдану арқылы институттарды біртұтас теория негізінде талдауға тырысады.
Үшіншіден, “ ескі’’ институтционализм радикалды экономикалық ағым ретінде индивиттердің мүддесін қорғауды ұжымдық іс- әрекетке баса назар аударады. Холизм әдістемесі негізінде зерттеуді индивиттен емес, институттан бастайды. Басқаша айтқанда, институттардың сипаттамасынан индивиттердің сипаттамалары алынады. Ал институттардің мәні олардың макродеңгейдегі қатынастарды ұдайы өндірудегі қызметімен түсіндіріледі. Институционалды детерминизм қағыдасы басым: Институттар кездейсоқ дамудағы негізгі тежеуші, тұрақтандырушы фактор ретінде қарастырылады. Институттар бұрынғы үрдістердің нәтижесі болғандықтан бұрынғы жағдайларға беймделген сондықтан олар әлеуметтік, психологиялық инерцияны факторы болып табылады. Демек, институттар кейнгі дамудың “шектерін ” құрайды .
Неоинституционализм әдістемелік инддивидуализмді қолданады. Яғни, зерттеудің орталық мәселесі - өз еркімен өз мүддесіне сәйкес шешім қабылдайтын тәуесіз индивид.
2. Неоинституционалды экономиканың зерттеушілік бағдарламасы алғаш рет Р. Коуздың «Фирма табиғаты», «әлеуметтік шығындар мәселесі» еңбектерінде қалыптасты. Осы бағдарлама шеңберінде неоклассикалық теорияға бірқатар өзгерістер енгізілді.
Біріншіден, түрлі меншік және контракт формалары қарастырылады. Жеке меншік пен қатар ұжымдық, мемлекеттік, акционерлік меншік формаларыталданып, әртүрлі меншк режимдерінің салыстырмалы тиімділігі олардың рынокта мәміле жасауды қамтамасыз етуі бойынша салыстырылады. Осы бағыттың іргелі теориялары: меншік құқығы теорисы (Р. Коуз, Р. Познер, С. Пейович), оптималды контркт теориясы(Дж. Стиглиц, Й. Макнил), қоғамдық таңдау теориясы (Дж. Бьюкенен, Г. Таллок), конституционды экономика теориясы (В. Ванберг) . Конституционды экономиканың қоғамдық таңдау теориясы және «ескі» институционализмнің құрамдас бөлігі ретіндегі «тәртіп теориясының» элементтерінің біріктіруінде.
Екіншіден, неоклассикалық модельге ақпараттық шығындар, ақпараттың асимметриясы түсініктері енгізіледі. Яғни, нарық жағдайы және мәміле туралы ақпараттарды іздеу қол жетумен байланысты шығындар.
Үшіншіден, өндірістік немесе трансформационды шығындар мен қатар неоинституционалистер трансакционды шығындардың болуын қарастырады. Трансакционды шығындар теориясында (Р. Коуз, О. Уильмсон) мәміле жасауда қалыптасатын барлық шығындар трансакционды шығындар ретінде анықталады.
3. Жаңа институционалды экономика неоклассиканың постулаттарына тәуелсіз, институттардың жаңа теориясын қалыптастырды.
Жаңа институционалды экономика, біріншіен, ойындар теориясын (Дж. фон Нейман, О. Моргенштерн ) қолдана отыра неоклассикалық жалпы тепе-теңдік моделін өзгертеді. Ойындар теориясы экономикалық теориядағы дербес бағыт болса да, жаңа институционалды экономиканың модельдері ойындар теориясы бірқатар болжамдардан құрылады:
- Бірнеше тепе-теңдік нүктелері болуы мүмкін;
- Тепе-теңдік нүктелері Парето бойынша оптимум нүктесіне сәйкес болуы міндетті емес;
- Тепе-теңдік мүлдем болмауы мүмкін.
Екіншіден, когнитивті шектемелерді енгізу арқылы, толық емес рационалдық теориясы (Г. Саймон) дамытылады. Бұл теорияға сәйкес, индивид мәміле және нарық жағдайы туралы барлық ақпаратты жинауға және жинақталған ақпаратты оптималды түрде өңдеуге қабілетсіө. Ақпаратты өңдеуге қабілеттілік, ақыл-ой сирек ресурс ретінде қарастырылады. Бұл неоклассикалық рационалды таңдау моделінің, оның негізіндегі оптималдылық қағидаларының өзгеруіне әкелді. Аталған қағида қанағаттылық қағидасымен ауыстырылады.
Үшіншіден, жаңа институционалды теория неклассикалыұқ теориядағы индивидтер талғамының экзогенді сипаты және тұрақтылығын терістеп, институтар және индивидтердің шешім қабылдаудағы байланыстың екі жақты сипатын негіздейді. Институттар индивидтер таңдауының шектемесі болғанымен де, индивидтер институционалды шектемелерді өзгертуге қабілетті.
«Ескі» институционализмнің дамуына үлесін қосқан ғалымдар:
- Торстейн Веблен (1857 - 1929)
- Дж. Гобсон
- Уэсли Клэйр Митчелл (1874 - 1948)
- Джон Морис Кларк (1884 - 1963)
- Джон Коммонс (1862 - 1945) .
Жаңа институционализмнің дамуына үлесін қосқан ғалымдар:
- Рональд Коуз (род. 1910)
- Дж. М. Кларк
- Дж. Гэлбрейт
- Хейлбронер
- Оливер Уильямсон (род. 1932)
- Дуглас Норт (род. 1920) .
Институционализмнің басқа экономикалық мектептерден айырмашылығы:
- Неоклассикалық мектепте баға, пайда, сұраныс секілді категориялар кеңінен қарастырылады.
- Маржиналистер секілді экономиканы таза пән ретінде қарастырмай, әлеуметтің бөлігі ретінде қарастырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz