Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы



ЖОСПАР

Кіріспе
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы

Негізігі бөлім
Ауыз әдебиетінің дамуы барысыныдағы түрлері
А) Ежелгі түркілерідің арғы ата тегі саналатын сақтардың батырдық жырлары
Ә) Ауыз әдебиет тарихының ежелгі дәуірін танып білуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер
Б) Қазақтың ауыз әдебиетінің төл тарихы

Қорытынды

1960.1990ж ішінде ауыз әдебитінде тарихи оқиға

Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпик. дастандар («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi Қ. ә-нiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қ. Ауыз әдебиетi.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ауыз әдебиетінің даму барысындағы түрлері
А) Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», «Шу» батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн», «Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы». Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика», «Поэзия өнерi туралы», ибн-Синаның «Даныш-намесi» («Бiлiм кiтабы»), әл-Бирунидiң «Хикметтерi» («Даналық сөздерi»), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк» («Түркi сөздерiнiң жинағы»),
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениеті. - А, 1997
2. Балақаев М., Жанпейсов Е., Томанов М. Қазақ тілінің стилистикасы.
3. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. - А, 1980.
4. Василева А.Н Сөйлеу мәдениетінің негіздері. — М, 1980.
5. Головин Б.Н. Основы культуры речи. - М, 1980.
6. Скворцов Л.И. Теоретические основы культуры речи. — М, 1980.
7. Введенская Л.А. Культура речи. - Ростов-на-Дону, 2001.
8. Апресян Г. Ораторское исскуство. -М, 1972.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани
мұрасы
Негізігі бөлім
Ауыз әдебиетінің дамуы барысыныдағы түрлері
А) Ежелгі түркілерідің арғы ата тегі саналатын сақтардың
батырдық жырлары
Ә) Ауыз әдебиет тарихының ежелгі дәуірін танып білуде тарихи
тақырыпқа жазылған көркем шежірелер
Б) Қазақтың ауыз әдебиетінің төл тарихы
Қорытынды
1960-1990ж ішінде ауыз әдебитінде тарихи оқиға
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа
жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз
өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып
қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының
негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр.
Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн
жырға қосқан батырлық эпостар (Қобыланды батыр, Алпамыс, Ер Тарғын,
Қамбар батыр, т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына
айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпик.
дастандар (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз Жiбек, т.б.) қазiргi Қ. ә-нiң өз
алдына мол мұрасы болып саналады; қ. Ауыз әдебиетi.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ауыз әдебиетінің даму барысындағы түрлері
А) Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық
жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы
тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде
шығарылған Алып Ер Тоңға, Шу батыр, Атилла, Көк бөрi және
Ергенеқон дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады.
Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи
кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң
(Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге қаған жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз
болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен
ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк
үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — Қорқыт ата
кiтабы. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi
(10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-
мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады.
Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина,
Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки,
Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде
тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында
гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi
қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң Риторика, Поэзия өнерi туралы,
ибн-Синаның Даныш-намесi (Бiлiм кiтабы), әл-Бирунидiң Хикметтерi
(Даналық сөздерi), Махмұт Қашқаридiң Диуани лұғат ат-түрiк (Түркi
сөздерiнiң жинағы), Баласағұнидiң Құтты бiлiгi, Иасауидiң Диуани
хикметi (Ақыл кiтабы), Бақырғанидың Бақырғани кiтабы, т.б. толық дәлел
бола алады.
Алтын Орда дәуiрiнде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының
әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi. Бұл кезде
мемлекет астанасы болған Сарайшық қ-на Батыс пен Шығыстың аса көрнектi
ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi.
Алтын Орда дәуiрi әдебиетi тұсында әл-Хорезмидiң Мұхаббат-наме, Сайф
Сараидiң Гулистан бит-турки, (Түркi тiлiндегi Гүлiстан, Құтбтың
Хосрау — Шырын, Дүрбектiң Жүсiп — Зылиха дастандары ерекше мәшһүр
болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидiң Қисса-сул әнбия деп аталатын
прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi — Кодекс
куманикус атты кiтап та заман талабы бойынша өмiрге келген туынды едi.
Ә) Ауыз әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа
жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы
атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан мұндай
шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы бiлген.
Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi тiлiндегi
осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның Шежiре-и Түрк
(Түрiк шежiресi), Қыдырғали Жалайыридiң Жамиғ-ат тауарих (Шежiрелер
жинағы), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың Бабыр-наме, Мұхаммед Хайдар
Дулаттың Тарих-и Рашидиi ерекше орын алады. Бұлар ежелден-ақ қазақ
оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар ретiнде
қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың аңыз-әфсанаға айналып
кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр
шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық
және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi. Ал, ислам дiнi
дәуiрiнде өмiрге келген этик.-дидактик. мазмұндағы дастандар мен сопылық
сарындағы хикметтер, моральдiк-филос. трактаттар, ғибрат сөздер, т.б. қазақ
ақын-жырауларының толғау-жырларынан өзiнiң логик., тарихи, көркемдiк
жалғастығын тапты.
Б) Қазақтың ауыз әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып
қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. 15—16 ғ-ларда қазақ
жыраулары ежелгi түркi поэзиясындағы дидактик. сарынды мазмұндық, тiлдiк,
стильдiк жағынан жетiлдiре түстi, гуманистiк, филос. ой-пiкiрлердi қоғамдық
дамудың жаңа асқар биiгiне шығарды; қ. Жыраулық поэзия.
18 ғ-дың соңына қарай, Қазақ әдебиетіндегi жыраулық дәстүр бiртiндеп
ығысып, жеке ақындық өнерге орын бере бастады. Жыраулық поэзияның
қалыптасқан сөз саптауы, ел тағдырын ту етiп ұстап, ерлiктi мадақтаған биiк
үнi бiр iзге түсiп, жеке ақындық өнер арқылы күнделiктi тiршiлiктiң сан-
саласына, адам өмiрiне, оның iсi мен мiнез-құлқына, қоғамдағы орны мен
қызметiне көңiл бөлiндi. Бұл — әдебиет дамуындағы жаңа дәуiрдiң басы едi.
Ақындар шығармаларының тақырыбын кеңейтiп, өмiр шындығын нақты тануға, оған
өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылды. Бұл арқылы жеке ақындық өнер байып,
өзiндiк көркемдiк бояу iздеу жолына түстi. Осы жолмен ол ауыз әдебиетi
дәстүрлерiн сақтай отырып, кәсiптiк поэзияның қалыбына кiрдi. Осындай жеке
ақындық шығарм-тың туу кезеңiнде өмiр сүрген Көтеш, Шал ақын (Тiлеуке
Құлекеұлы) өлеңдерiнде жеке адамға бағытталған арнаулар, адам өмiрi, оның
мәнi мен сәнi, фәнилiк пен бақилық жайы суреттелдi, оларда тапқырлық,
бейнелiлiк, шынайы поэзияға тән лирик. мен көрiнiс тапты.
19 ғ-дан бастап қазақтың жазба әдебиетi — әлеумет халiн ұғып, ел қамын
жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым
қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар
сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға
кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық
нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи
оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына
бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың
күшеюi, халық тың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы
қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске қарсы анық
наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары —
Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836—37) ұраны, үнi. Мұнда
көтерiлiстiң мақсат-мұраты (Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем
деп), оған қатысатын ерлердiң сипаты (Ереуiл атқа ер салмай), соғыс
суретттерi (Соғыс), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар
(Тарланым, Мұнар күн), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне (Баймағамбет
сұлтанға айтқаны, Қызғыш құс) байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай
көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi әлеум. жағдайды бейнелейдi. Исатай-
Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз Жарылғасұлының
Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi батылдығымен,
тапқырлығымен бағалы. Исатай—Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған
Кенесары—Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837 — 47) өзiне
тiлектес әдебиет тудырды (Наурызбай — Қаншайым, Топ жарған, Жасауыл
қырғыны, Нысанбай Жаманқұлұлының Кенесары-Наурызбай жыры). Сыр бойында,
Бат. Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа
жырлар туды (Бекет батыр, Жанқожа батыр). Отаршылдыққа қарсы күрес
поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық идеясымен, халықтық мазмұнымен
жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шыншыл
поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы
ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы
елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел
байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы,
зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының
өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т.б.
жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi
ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi
ақындары — Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi
Әбубәкiр Шоқанұлы, т.б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман
шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам
психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан
жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы
отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет
үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар
жасады; қ. Зар заман ақындары.
Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғ-дың екiншi жартысында
туған демокр. ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғы-лым-бiлiм, оқу-өнер
арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi.
Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық,
демокр. идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып,
оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға
арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең
сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс —
реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың
классик. әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа
талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классик. әдебиет үлгiлерiн
қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қ. ә-нiң эстет.
принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық
таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен
көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай,
Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi
ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ,
т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi
Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар
дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер
(Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi.
Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше
танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды (Өсиет
наме — 1880, Бала зар — 1890, Диуани хикмет — 1896, т.б.), фольклорлық
мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қ. ә-нiң көршi халықтар
әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қ. Әдеби
байланыс. 20 ғ-дың басындағы Қ. ә. ұлы Абайдың ағартушылық, демокр.
дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi
аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов
қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған
күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан
қазақты бiрi Маса боп құлағына ызыңдап, бiрi Оян, қазақ деп, бар
дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың
барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров Қ. ә-н
көркемдiк-эстет. тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес
қосты. Оның Қамар сұлу, Кiм жазықты? атты романдары, Адасқан өмiр,
Кедей, Таныстыру, Қала ақыны мен дала ақынының айтысы поэмалары,
лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн
танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем
сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев,
Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет
Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi
әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында
өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды.
Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың
ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың саз өнерінің тағлымы
Көшпенділер мәдениеті
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру - жас ұрпаққа білім беру саласындағы ұлттық және рухани құндылықтардың алатын орны
Бұқар жыраудың әдеби мұралары
«Халық педагогикасы», «халықтық дәстүр» ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәні
ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Мәдени құндылықтар нарығының қасиеттері
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың алатын орны
Қазақ халқының рухани мәдениеті жағдайы мен даму тенденциясы
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Пәндер