Меншік құқығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ.
І ТАРАУ. Меншік құқығының жалпы жағдайлары.
- Меншік экономикалық категория ретінде және оның құқықтағы көрінісі.
- Меншік құқығының объектілері.
1. 3. Меншік құқығының нысаны және түрлері.
1. 4. Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы негіздері
ІІ-тарау. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық әдістері.
2. 1. Меншік құқығын қорғаудың ұғымы және негізгі азаматтық құқықтық әдістері.
2. 2. Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық әдістері
2. 3. Меншік құқығын бұзатын мемлекеттік органдардың шешімдердің жарамсыз деп тану туралы талаптар
2. 4. Басқа да заттық құқықтар түрлерін азаматтық құқықта қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ.
Меншік ұғымы сан ғасырлар бойы сараптан өтіп, ойы озық, ақыл кемел адамдардың талқы-таразысынан шыққан толыққанды түсініктер қатарына жатады. Дегенмен іс теориялық мағынадағы таным-біліммен, күреспен ғана шектелмесе керек. Бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген әлеуметтік соғыстардың басты себептенінің бірі ретінде қалыптасқан меншік қатынастарын өзгерту осы қатынастардың жаңа құрылымын қалыптастыру болып табылады. Бір жағдайларда осындай іс-әрекеттер жетістіктерге жеткізсе, келесі жағдайларда толық құлдырауға әкеп соғып жатады.
Жиырмасыншы ғасырдың даму үрдісі барысында біздің елде меншік қатынастарын бұзу екі мәрте жүргізілді. Оынң біріншісі 1917 жылдың қазан айында басталып адам төзгісіз солақай сұрапыл зардаптарға әкеліп тірегені белгілі. Екіншісі қазіргі кезеңде жүргізіліп жатыр. Оның негізгі мақсаты меншік қатынастарының шынайы мазмұнын қалпына келтірулерінің әлеуетті бөлігін қалыптастыру болып табылады.
әрине, қазіргі уақтта меншік қатынастарын қалыптастыру қажеттілігі айқын көрініп тұр. өйткені, бұл қатынастарды дамыту нарықтық экономиканы дамытудың алғышарттарының бірі болып табылады. Елімізде жүргізілген жекешелендіру жеке меншік қатынастарын қалыптастырудың алғашқы қадамдарының бірі еді. Қазіргі уақытта елімізде меншік қатынастары қызу қарқын алып келе жатыр.
Меншік қатынастары кез келген қоғамның экономикалық негізін қалыптастырады, сондықтан осы қатынастарды қорғау қандай да болмасын жүйенің маңызды мақсаты болып табылады. Әрине, меншік қатынастарының кеңеюі мүлікке қатысты даулардың көбейуін туындатады. Сондықтанда меншік қатынастарын реттейтін және қорғайтын заң нормаларын жетілдіріп, толықтырып отыруда аса маңызды мәселелер санатына жатады.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты меншік ұғымының мәнін ашып, меншік құқығын және басқа заттық құқықтарды қорғаудың әдістерін жан-жақты қарастыры, заң факультеттерінің тәлімгерлеріне меншік құқығы оқылатын дәрістерге қосымша оқу құралын дайындап шығару болды.
І ТАРАУ. Меншік құқығының жалпы жағдайлары.
- Меншік экономикалық категория ретінде және оның құқықтағы көрінісі.
Адамдардың өмір сүруіне қажетті барлық материалдық игіліктердің бірден-бір қайнар көзі қоғамдық өндіріс процесі болып саналады (егер деп есептесек) . Барлық адамзат тәжірбиесі көрсеткендей мұндай өндірісті жалғыз адам жүзеге асыра алмайды. Адамдар әрқашан да қоғамдық қарым қатынастарға түсіп отырады, бұл қатынастар ең алдымен өнідістік сипаттағы қатынастар болып табылады. К. Маркстің айтуынша: «қандайда болмасын өндіріс жеке адамның белгілі бір қоғамдық нысандар шегінде және соның көмегімен табиғат заттарын иелену болып табылады». Осы пікірге сүйенсек, өндірістің мәні - иелену яғни, өндіріс нәтижесінде алынған материалдық игіліктерді меншіктену. Иелену нәтижесінде белгілі бір заттың адамның меншігіне өтуі нақты осы заттың басқа бір адамдар тобына оқшауланумен тығыз байланысты.
«Меншік» термині әр алуан мағынада қолданылады. Бір жағдайларда мұны «мүлік» немесе «зат» түсінігінің эквиваленті, синонимі ретінде қарастырады. Мысалы «меншікке беру» немесе «меншікке алу» туралы сөз болғанда. Басқа жағдайда сөз тек қана экономикалық қатынас ретінде қабылданса, ал кейбір жағдайда бұл түсінікті таза заңдық категория ретінде ұғады (мысалы, меншік құқығы, т. с. с. ) .
Осыған қарап, «меншік» терминінін өзара ұқсас екі терминін тұрғыдатүсінуге болады:
А) меншік экономикалық мағынада немесе меншік de facto (лат. - іс жүзінде деректі) ;
Б) меншік заңдық мағынада de jure (лат. - іс жүзінде, деректі) .
Осы екі ұғым бір-бірінен қалайша ерекшеленеді? Бұл сауалға ең алдымен меншіктің экономикалық мазмұнын аша отырып жауап беріп көрелік.
Суханов Е. А. Лекции о праве собственности. М. : Юридическая литература, 1991. - С. 7.
Егер біз меншіктің экономикалық қатынасын бөлшектейтін болсақ, онда біз оның екі элементін аңғарамыз: (меншік иесі) және қандай да бір мүлік. Бізге бұл жерде меншік бір субъектінің белгілі бір затқа қатысы ретінде көрінуі мүмкін. Өткені меншік иесі, мысалы: «бұл автомашина менікі» деп айтады. Сонымен қатар бұл жағдайда осы зат кімдікі екенін тікелей нақтылап қана қоймай, сондай-ақ жанама түрде бұл затты басқа тұлғалардың меншігінен оқшауландырады (яғни бұлзаты басқа ешкім иелене алмайды) . Сондықтанда меншіктің экономикалық қатынасын дұрыс түрде мына формулада көрсету керек: субъект (меншік иесі) -мүлік-басқа субъектілер (меншік иелері болып табылмайтын тұлғалар немесе мүлікті уақытша иеленушілер) .
Меншік ұғымын барынша байыпты тұрғыда жеке тұлғаның немесе ұжымның өзіне тиесілі затқа өзінікіне секілді қатысы ретінде түсіндіруге болады. Меншік «менікі» мен «сенікі» айырмашылығының түп негізінде жатыр. Қандайда болмасын меншіктің нысаны және түрі оның нақтылы бір жағдайдағы дәрежесіне қарамастан, егерде бір жағдайдағы қоғамдық жоғарғы дәрежесіне қарамастан, егерде бір адам өндіріс өнімдеріне өзінің заттарына секілді, ал басқалары бөтеннін затына секілді қараған жағдайда ғана бұл «меншік» өмір сүре алады. Онсыз «меншік» мүлдем жоқ болады. Бұл көзқарас тұрғысынан қарағанда, кез келген меншік нысаны жеке, дербес болып табылады.
Осы берілген қарапайым анықтамадан келесі нәрсені түсінуге болады, меншік - адамның белгілі бір затқа қатынасы. Мұнымен меншік мазмұны шектелмейді. Сонымен қатар, осы заттың иелері болып табылмайтын тұлғалар оған бөтеннің затына секілді қарауы тиіс, яғни меншік бұл заттарға қатысты адамдардың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Бір жағынан заттың иесі затты өзінің меншігі ретінде қарайтын және екінші жағынанзаттың иелеріболып табылмайтын адамдар, яғни барлық үшінші тұлғалар, затқа бөтеннің мүлкі ретінде қарауы керек.
Иелену жөніндегі қатынастар ең алдымен шаруашылық қызметке байланысты мүлікке тарайды. Оның құрамына өндіріс факторлары кіреді (материалдық игіліктер және интелектуалдық қызметтің нәтижелері) . Бір
Пугински Б. И., Сайфулин Д. Н. Правовая экономика: проблемы становления. - М., 1991. -с. 215.
кезде меншік объектілеріне адам факторлары да жатқан (бұл құлиеленушілік құрылым кезінде болған) .
Меншікті жан-жақты зеріттеу ең басты үш әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыруға мүмкіндік береді:
- Кім (қандай шаруашылық субъектілер) экономикалық билікке ие және қандай өндіріс нәтижелері мен факторларын меншіктеген?
- Қандай экономикалық байланыстар өндірістік қатынастардың жағдайын жақсартады?
- Шаруашылық қызметтер мен кірістер кімге тиесілі?
Осыған сәйкес меншіктің эканомикалық қатынасының біртұтас жүйесі келесі элементтерден құралады: а) өндіріс нәтижелерімен факторларын иелену; б) материалдық игіліктерді және басқа да мүліктерді эканомикалық тұтынуды жүзеге асыру.
Енді бұл жүйені жеке-жеке қарастырайық.
Иелену - заттарға өзінікі секілді қатынасын орнататын адамдар арасындағы эканомикалық байланыс. Мұндай байланыс өзінің терең тамырларын өндірістік процестерден тартады. өйткені, кез келген материалдық игіліктерді өндіру, негізінен, адамдардың өз қажеттерін қанағаттандыу үшін табиғат заттарын және энергисын иеленуі болып табылады. Осыдан бір қорытынды жасауға болады: егер иелену өндіріссіз мүмкін болмаса, онда өнідіріс үнемі белгілі бір меншік нысанының шегінде өтеді.
Мұндай түрдегі меншіктің түсінігі ақша- тауар айырбастау қатынасына негізделген нарықтық шаруашылықтың салдарынан қалыптасқан. Натуралдық шаруашылықта өндірісшіге өзі өндірген өнімді иелену қажет емес, ол онсыз да тек қана өзіне тиесілі. өндірілген өнімді айырбастау қажеттілігі туған кезден бастап (өнім эканомикалық тауар қалпына ауысқан кезде), оны алдын ала иеленбей айырбастау мүмкін емес болмай қалады, яғни өнімді оқшауландыруды (айырбастауды) оны
Борисов Е. Ф. Экономическая теория. - М. : Юрист, 1997. - С. 187.
Маттей У., Суханов Е. А. Основные положения права собственности. - М. : Юрист, 1999 - С. 299.
иеленген адам ғана жүзеге асыра алады. Бұл қолайсыз зардаптардың алдын алу үшін керек шара. Сондықтан да иелену қатынастары тауар айналымының қажетті алғышарты болып табылады.
Иеленудің өзі тікелей қарама-қарсы қатынас оқшауландырумен де сабақтасып, өзара байланысып жататын кездері де болады. Мәселен, қоғамның бір бөлігі барлық өндіріс құралдарын басып алып, ал басқа бөлігі күнкөріс көзісіз, қалған жағдайда немесе бір адамдар өндірген өнімдердің ешқандай құны өтелмей, оны басқа адамдар иеленіп алған жағдайда. Мұндай қатынастар, мысалы, феодалдар мен крепостной шаруалар арасында орын алған.
Тауар өндірісі міндетті түрде мүліктік теңсіздікті тудырады және де материалдық игіліктер тек қана оны өндірген адамдардың қолында шоғырланбауы мүмкін. Мұнда өндірілген өнім тауарға айналып, өндірушіден бөлініп шығып, оны өндіруге қатыспаған адамның меншігіне, яғни бөлу және айырбастау қатынасына түсушінің меншігіне өтуі мүмкін.
Өндіріс құрал иелерінің өздері үнемі өндірушілік қызметпен айналыса бермейді: олар басқа іскер адамдарға белгілі бір талаптар қоя отырып, өз мүлкін шаруашылық мақсаттарға пайдалануға беруі мүмкін. Мұндай жағдайда меншік иесі мен кәсіпкер арасында мүлікті шаруашылық пайдалану қатынастары туындайды. Соның нәтижесінде шынайы түрде бөтенніңмүлкін уақытша иелену және пайдалану мүмкіндігін алады.
Бөтеннің меншігін шаруашылық пайдалану қатынастарына мысал ретінде мүлікті жалға беру шартын келтіруге болады, яғни бір тұлғаның мүмкін белгілі бір ақы үшін басқа тұлғаға уақытша пайдаланға беру туралы шарт. Нақ сондай жағдайды «концессия» шартынан көруге болады. Бұл шарт бойыншамемлекет белгілі бір өндірістік қызмет үшін жеке тұлғаларға және шетел фирмаларына өндірістік кәсіпорындарды немесе жер учаскелерін жалға береді.
Меншік егерде оның иесіне кіріс әкелсе, экономикалық тұрғыда жүзеге асырылады. Мұндай кіріс өндіріс құралдарын пайдалану, еңбек ету нәтижесінде
Борисов Е. Ф. Экономическая. - М. : Юрист, 1997. - С. 187.
алынған, қайта, жаңадан жасалған өнім немесе оның бір бөлігі түрінде болуы мүмкін. Бұл мысалы түсім, салық, әр түрлі төлемдер болуы мүмкін. Мүлікті жалға алу-беру кезінде жалдам төлемақысы белгіленеді. Бұл төлемнің ішіне меншік иесінің сол мүлікке салған капиталға тиесілі пайыздары, сондай-ақ мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған кірістің жартысы енеді. Концессия жасасқан кезде алдын-ала төлемдерді немесе тапқан пайдадан түсетін тиесілі үлесін белгілеп алады, мұны уақытша мүлік иелері меншік иелеріне төлеуге міндетті.
Бұл меншіктің эконоикалық қатынас жүйелерінің барлық шаруашылық процесінің басынан аяғына дейін қамтитынын көрсетеді. Ол адамдардың игіліктермен қызметтерді өндіру, айырбастау және тұтыну қатынастарының арқау белі болып табылады.
Сонымен, меншіктің экономикалық мазмұны:
Біріншіден, тұлға белгілі бір материалдық игіліктерді иеленеді және сол арқылы осы игіліктерді басқатұлғалардан оқшауландырады;
Екіншіден, мүлікті иелену адамның оған шаруашылық басшылық жасай алуына байланысты, яғни нақты бір мүлікті иеленген адамның өз мүддесін басшылыққа ала отырып, мүлікті өзі қарауы бойынша пайдалану;
Үшіншіден, мүлікті иеленген адам мүліктік игіліктерді пайдаланып қоймай, сонымен қатар оған з заттарын қалыпты жағдайда ұстап, тұру міндеті жүктеледі, яғни жөндеулер жүргізу және күзету, оың бұзылуы және жойылуы тәуекелін моыйна алу.
Басқаша айтқанда, тек қана меншіктің игіліктерін пайдаланып және ауыртпалықтарын атқару шынайы меншік иесінің мәртебесін көтереді. Ал мүліктің ауыртпалықтарын атқармау және оның бұзылу-жойылу тәуекелін мойнына алмау оны ешқашан шынайы меншік иесі қылмайды.
Әрине, меншік қатынастарының барлық жүйесі адамдар бойында материалдық-экономикалық, мүліктік мүдделер тудырады. Оның ең бастысы өз қажеттерін неғұрлым көбірек қанағаттандыру үшін өз меншігіндегі игіліктерді көбейтіп отыру шығар, тегінде. Осылайша, мүдделер арқылы адамдардың шаруашылық мінез-құлқын, мазмұныны және бағытын анықтайды.
Бірақ та адам өз мүдделерін ұстана отырып, жалпы қоғамдық мүдделермен қақтығысуы мүмкін. Кім және қандай жағдайларда меншік тудырған қарама-қайшылықтардың алдын алуға және тоқтатуға, сондай-ақ өндіріс агенттерінің мінез-құлықтарын реттеп отыруға қабілетті? Бұл қоғамдық мәселені мемлекет және құқық атқарады.
Қоғамның экономикалық және басқа да қажеттіліктері сана арқылы өтіп, заңдық нормалар қалпына түсіп, ақыр соңында құқықтық ережелерде көрініс табады. Осындай жолмен бір жағынан мүдделер және қажеттіліктермен, екінші жағынан құқықпен ара қатынасы құқықтық сана арқылы негізделеді.
Құқық тауар өндірісі жағдайларында меншік қатынасын дамытуда ерекше қызмет атқарады. Ол өндірілген өнім тауарға айналып, өзін өндірушіден бөлініп шығып, құқықтың көмегімен басқа адамның, яғни өндіріс процесіне қатыспаған тек қана саудагер ретінде бөлу және айырбастау процесіне қатысқан адам меншігіне өту кезінде айқын байқалады.
Мұндай жағдайда меншік өндірістік прцеске қатысу нәтижесінен де, өндірістік иелену нәтижесінен де емес, өндірілген тауарларды бөлу, процесіне қатысу нәтижесінен пайда болады. Бұл жағдайдың тұрақтылығын сақтау құқықсыз мүмкін емес. Осындай ретпен құқық тауарлық өндіріс жағдайларындағы меншіктік қатынастардың міндетті серігі болып табылады.
Қалай дегенде де меншіктің экономикалық қатынастарының құқықтық нысаны кез келген тауарлық шаруашылықта объективті түрде қажетті болады. Меншіктің мүліктік (ерікті) қатынастары мемлекет тарапынан құқық қорғаусыз, мәжбүрлеу шарасынсыз қалыпты дамып, қызмет ете алмайды.
Меншік қатынастарын құқықтық реттеу мінез-құлық ережелерінен құралады. Олар:
Біріншіден, белгілі бір адамдарға (ұжымға) материалдық игіліктерді иелену мүмкіндігін ) немесе мүмкін еместігін) бекітеді, сол арқлы осы игіліктерді иелену жағдайын заңды, нақтылы бекітіп береді.
Екіншіден, мүлік иелері мінез-құлқының мазмұныны және шегін бекітетін ережелер, яғни мүлікке шаруашылық басшылық жасай алуының нақты
Маттей У., Суханов Е. А. Основаные положения права собственности. - М. : Юрист, 1999 - С. 299.
Василев В. А. Юридическая. - М. : Юридическая литература. 1991. - С. 125.
мүмкіндіктерін сипаттайтын, заңмен қорғалатын олардың өкілеттіктері.
Үшіншіден, бұған материалдық игіліктерге және оларға басшылықты жүзеге асыру мүмкіндігіне басқа адамдардың қол сұғуларынан қорғайтын құқықтық әдістер кіреді.
Осы аталып өткен ережелер, өздерінің заңдық табиғаты бойынша әр текті, сан салалы болып келеді. Іс жүзінде бірінші топтағы нормаларға конституциялық құқық ережелері, яғни мемлекетпен мойындалатын және қорғалатын меншік түрлері туралы ережелер, сондай-ақ меншікке құқықтардың пайда болу және тоқтатылатын әдістерін бекітетін әкімшілік-құқықтық жәнеазаматтық құқықтық нормалар жатады. Екінші топқа ең алдымен мүлікке қатысты мүлік иелерінің және басқа да иеленушілердің өкілеттігін белгілейтін азаматтық-құқықтық нормалар, сондай-ақ тиісті мүліктік-құқықтық режимді белгілейтін басқа құқық салаларының нормалары жатады (мыс, белгілі бір мүлік түрлеріне қатысты азаматтарғақандай да бір мәмілелер жасауға әкімшілік тыйым салу) . Үшіншітоптағы ережелер меншік қатынастарын қорғайтын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық құқық нормаларын қамтиды.
Жоғарыда айтылған меншік қатынастары әр түрлі құқық саласындағы нормалармен реттелгенін байқау қиын емес. Ожан соң, меншік қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығының кешенді, сала-аралықмазмұнға ие екенін көруге болады, бірақ та оның өзегін, сөз жо, азаматтық-құқықтық нормалар қорғайды.
Белгілі бір дәрежеде оны біртұтас құқықтық институт - меншік құқығы ретінде қарауға болады. Бірақ бұдан келіп меншік құқығын материалдық игіліктерді иелену жөніндегі меншік қатынастарын реттейтін жалғыз институт деп тұжырым шығаруға болмайды. Бұл қатынас азаматтық-құқықтықта да тек қана меншік құқығы көмегімен ғана реттелмей, мүлікке қатысты басқа да заттық құқықтар арқылы реттеледі. Осы заттық құқықтар материалдық игіліктерге басшылықты жүзеге асыруда тек қана олардың иелеріне ғана емес, сондай-ақ басқа да тұлғаларға билік ету мүмкіндігін береді.
Егер де меншікті тар мағынада түсінетін болсақ, яғни, материалдық игіліктерді иелену процесіндегідей, өндірістік қатынастар «статикасы» ретінде қабылдасақ, онда ол осы өндірістік қатынастар саласын құқықтық реттеуші, арнайы осы мақсат үшін бағытталған ерекше құқықтық институт - меншік құқығын бөліп аоып, қарастыруға мүмкіндік беретін белгілі бір сипатқа және мән-маңызға ие болады.
Меншік құқығы материалдық игіліктерді иелену жағдайындағы меншіктік мүліктік (ерікті) қатынастар статистикасын реттейді. Осы қатынастардың динамикасы, яғни материалдық игіліктердің бір адамнан екіншісіне өтуі, ең алдымен міндеттемелік құқықпен негізделеді.
Бұл қатынастар объективті түрде тауар-ақша нысанына айналып, сол арқылы азаматтық-құқықтық реттеу пәнін құрайтынын атап өту маңызды болып табылады. Яғни, осы қатынастарды регламенттейтін нормалар заңдық табиғаты бойынша тек қана азаматтық-құқықтық нормалар бола алады (өйткені, мұнда формалдық тең құқықты, тәуелсіз тауар иеленушілер қатынасына түседі) . Басқа құқық салалары ақша-тауар қатынастарына жатпайтын меншік құқығы институтының құрамдас бөлігі ретінде қарастырыла алады.
Азаматтық-құқықтық институт меншік құқығының: меншік иесі өкілеттілігінің мазмұны мен сипатына меншік құқығының объектілерінің азаматтық-құқықтық режимін; меншік құқығының ныасанын; осы құқықты қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістерін бекітетін нормаларды қамтиды.
Осы аталған азаматтық-құқықтық нормалар жиынтығы объективті тұрғыда материалдық игіліктерді белгілі бір тұлғалардың иелігіне бекітетін, реттейтінжәне қорғайтын ерекше азаматтық-құқықтық институт ретінде меншік құқығын құрайды.
Мүлік иесіне заңмен берілген өкілеттіліктің нақты мүмкіндіктерін ашу үшін, яғни оның заңды билігінің өлшемін сипаттау үшін субъективті тұрғыда меншік құқығының категориясын қарауымыз керек.
Меншік құқығының субъективті мазмұнын сипаттау оның өкілеттілігін сипаттау арқылы жүзеге асырылады.
Субъектілердің өзі екі түрге бөлінеді:
Жеке тұлға - адам, азаматтық (мүліктік) құқықтар мен міндеттер субъектісі;
Заңды тұлға - ұйым (адамдар бірлестігі, кәсіпорындар, мекемелер) азаматтық құқықтар мен міндеттер субъектісі болып табылады. Осы әлеуметтік құрылым шаруашылық байланыстарға өз атынан, бірегей тұлға ретінде түседі.
Аталған тұлғалар арасындағы мүліктік қатынастарды мемлекет заңды түрде реттегеннен кейін, олар меншік құқығымен бөлінеді. ҚР Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес, меншік құқығы дегеніміз субеъктінің заң құхаттары арқылы танылатын және қорғалалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы.
- иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мүлікті заңды иелену әрқашанда құқықтық тұрғыда негізделеді (заң, шарт, әкімшілік акт) .
- пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кірі, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарда болуы мүмкін.
Меншік иесі өз мүлкін басқа тұлғаларға белгілі бір шарттарда және белгілі бір мерзімге пайдалануға бере алады. Мұндай пайдалану құқығының шегі заңмен, шартпен және т. б. құқықтық негіздермен анықталады.
- Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Ол көбінесе әртүрлі мәмілелер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Меншік иесінің жоғарыда айтылған өкілеттері оның өз бастамасы бойынша уақытша шектелуі мүмкін. Мысалы, өз мүлкін басқа адамға жалға беріп қойған адам, шарт мерзімі біткенше өзін иелену және пайдалану құқығынан айырады.
Меншік иесі өзіне тиісті затты пайдалануда, яғни өз меншік құқығын жүзеге асыруда ерікті болып келеді, сондықтан да оның еркіне қарсы оған тиесілі мүлікті пайдалану қандай да бір жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Борисов Е. Ф. Экономическая теория. - М. : Юрист, 1997. - С. 187.
1. 2. Меншік құқығының объектілері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz