Медицина дегеніміз не?



I. Кіріспе бөлім
А) Медицина дегеніміз не?
Б) Медицина тарихы.
II. Негізгі бөлім
А) Медицина эмблемасы.
III. Қорытынды бөлім
Медицина дегеніміз не?
Медицина (лат. medіcіna: medіcus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Медицина тарихы.
Археологиялық және этнографиялық деректер (Павлодар-Ертіс өңіріндегі Қараоба обасынан табылған әйелдің, Батыс Қазақстандағы Сайқын станциясы маңынан табылған ер адамның, Тараз қаласы төңірегінен табылған жауынгердің бассүйектері; Орталық Қазақстандағы Қарабие мекенінен табылған адамның қаңқасы) Қазақстанда өмір сүрген емші-дәрігерлер емдеу ісімен, әсіресе, хирургилық әдістермен ертеден-ақ таныс болғандығын көрсетеді. Орта ғасырларда қазіргі республика жерінде туған энциклопедист-ғалымдар (әл-Фараби,Әбу-Мансұр, Қожа Ахмет Иасауи, Мұхаммед Хайдар, тағыда басқа) медицина ғылымында елеулі із қалдырған.
Медицинаның зерттеу пәні ретінде адам организмінің қалыпты және патология жағдайында құрылымы мен тіршілік етуі; халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік және табиғи ортаның әсері; адам аурулары (олардың себептерін, пайда болу механизмін, белгілерін), аурудың алдын алу, түрлерін анықтау және емдеу тәсілдері мен құралдарын пайдалану туралы мәселелері алынады. Медицина адамтанумен бірегей байланыста бола тұра жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың барлық түрлерінің жетістіктерін ескереді. Медицинаның зерттеу мәселелерінің шеңбері адам өмірінің сан қырлы көріністерін қамтиды. Бұл медицинаны денсаулық туралы және адамның жеке басының және қоғамдық өмір сүру жағдайы туралы ғылымның нақты жүйесіне айналдырады. Медицинаның мұндай жаратылыстану ғылымының шегінен шығып, оның биоәлеум. сипаттамасын белгілейді. Әлбетте биологиялық және әлеуметтік көріністер медицинада жекеленбей, диалектикалық бірлікте қаралады. Әлеуметтік факторлар денсаулық деңгейіне және халықтың физикалық дамуына әсер етеді. Сондықтан да патологиялық процестердің пайда болуына және дамуына қажетті немесе қосымша жағдайлар алғашқы түрткі механизмі ретінде жиі алға шығады.
Әлеуметтік ортаның қолайсыз факторларының әсерінің биологиялық зардаптары көбіне адам организмінің хал жағдайымен белгіленеді. Ғылыми-техникалық даму кезеңінде медицинада білім аралық құрылымы және түрлі бөлімдерге бөліну айқын байқалады. Қазіргі кезеңдегі теоретикалық және клиникалық медицинада медициналық-биологиялық мәселелерді, адамның әлеуметтік табиғатын ескеріп кешенді түрде зерттеу бағыты өсуде. Медициналық түсініктердің және медициналық-гигиеналық қызметтің түрлері мен мазмұны үстемдік етуші көзқараспен, мәдени ахуалы мен жаратылыстану және техинакалық дамудың деңгейімен белгіленеді. Осының бәрін ескере отырып, алғашқы қоғам медицинасы, ежелгі өркениет медицинасы (Ежелгі Шығыс, Месопатамия, Ежелгі Иран, Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Тибет), антикалық әлемнің медицинасы (Ежелгі Грекиядағы эллинистикік дәуір, Ежелгі Рим), феодалдық қоғам медицинасы (Византия, Араб халифаты, ортағасырлық Батыс Еуропа), қайта өркендеу дәуірінің медицинасы (15 — 16 ғ.), Жаңа дәуір медицинасы (17 — 19 ғ.), 20 ғ. медицинасы және қазіргі кезең медицинасы деп бөледі. Қазіргі кезеңде медицина адамның биологиялық жаратылысын жетілдіру мүмкіншілігінің айқындылығын дәлелдеді. Мұнда әр адамның генетикалық және физиологиялық процестеріне әсер ету арқылы адам организміндегі үйлесімсіздік пен үйлеспеушілікті жою арқылы адамның физиологиялық және психикалық мүмкіншілігін дамытуға және оны сауықтырып, өмірін ұзартуға болатыны анықталды.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
2. Қысқаша медициналық энциклопедия, 3-том. Москва - 1990.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: ___________________________________ ___________________________
Дисциплина: ___________________________________ ___________________________
Кафедра: ___________________________________ ______________________________
Курс: _______________
Тақырыбы: ___________________________________ ____________________________
___________________________________ ______________________________________

Орындаған: _______________
Группа: ___________________
Тексерген: ________________
Бағасы: ___________________
Оқытушының қолы: ________
Күні: _____________________

Ақтөбе 2013ж.

Сабақтың жоспары:

I. Кіріспе бөлім
А) Медицина дегеніміз не?
Б) Медицина тарихы.
II. Негізгі бөлім
А) Медицина эмблемасы.
III. Қорытынды бөлім

Медицина дегеніміз не?
Медицина (лат. medіcіna: medіcus -- дәрігерлік, емдік) -- адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Медицина тарихы.
Археологиялық және этнографиялық деректер (Павлодар-Ертіс өңіріндегі Қараоба обасынан табылған әйелдің, Батыс Қазақстандағы Сайқын станциясы маңынан табылған ер адамның, Тараз қаласы төңірегінен табылған жауынгердің бассүйектері; Орталық Қазақстандағы Қарабие мекенінен табылған адамның қаңқасы) Қазақстанда өмір сүрген емші-дәрігерлер емдеу ісімен, әсіресе, хирургилық әдістермен ертеден-ақ таныс болғандығын көрсетеді. Орта ғасырларда қазіргі республика жерінде туған энциклопедист-ғалымдар (әл-Фараби,Әбу-Мансұр, Қожа Ахмет Иасауи, Мұхаммед Хайдар, тағыда басқа) медицина ғылымында елеулі із қалдырған.
Медицинаның зерттеу пәні ретінде адам организмінің қалыпты және патология жағдайында құрылымы мен тіршілік етуі; халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік және табиғи ортаның әсері; адам аурулары (олардың себептерін, пайда болу механизмін, белгілерін), аурудың алдын алу, түрлерін анықтау және емдеу тәсілдері мен құралдарын пайдалану туралы мәселелері алынады. Медицина адамтанумен бірегей байланыста бола тұра жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың барлық түрлерінің жетістіктерін ескереді. Медицинаның зерттеу мәселелерінің шеңбері адам өмірінің сан қырлы көріністерін қамтиды. Бұл медицинаны денсаулық туралы және адамның жеке басының және қоғамдық өмір сүру жағдайы туралы ғылымның нақты жүйесіне айналдырады. Медицинаның мұндай жаратылыстану ғылымының шегінен шығып, оның биоәлеум. сипаттамасын белгілейді. Әлбетте биологиялық және әлеуметтік көріністер медицинада жекеленбей, диалектикалық бірлікте қаралады. Әлеуметтік факторлар денсаулық деңгейіне және халықтың физикалық дамуына әсер етеді. Сондықтан да патологиялық процестердің пайда болуына және дамуына қажетті немесе қосымша жағдайлар алғашқы түрткі механизмі ретінде жиі алға шығады.
Әлеуметтік ортаның қолайсыз факторларының әсерінің биологиялық зардаптары көбіне адам организмінің хал жағдайымен белгіленеді. Ғылыми-техникалық даму кезеңінде медицинада білім аралық құрылымы және түрлі бөлімдерге бөліну айқын байқалады. Қазіргі кезеңдегі теоретикалық және клиникалық медицинада медициналық-биологиялық мәселелерді, адамның әлеуметтік табиғатын ескеріп кешенді түрде зерттеу бағыты өсуде. Медициналық түсініктердің және медициналық-гигиеналық қызметтің түрлері мен мазмұны үстемдік етуші көзқараспен, мәдени ахуалы мен жаратылыстану және техинакалық дамудың деңгейімен белгіленеді. Осының бәрін ескере отырып, алғашқы қоғам медицинасы, ежелгі өркениет медицинасы (Ежелгі Шығыс, Месопатамия, Ежелгі Иран, Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Тибет), антикалық әлемнің медицинасы (Ежелгі Грекиядағы эллинистикік дәуір, Ежелгі Рим), феодалдық қоғам медицинасы (Византия, Араб халифаты, ортағасырлық Батыс Еуропа), қайта өркендеу дәуірінің медицинасы (15 -- 16 ғ.), Жаңа дәуір медицинасы (17 -- 19 ғ.), 20 ғ. медицинасы және қазіргі кезең медицинасы деп бөледі. Қазіргі кезеңде медицина адамның биологиялық жаратылысын жетілдіру мүмкіншілігінің айқындылығын дәлелдеді. Мұнда әр адамның генетикалық және физиологиялық процестеріне әсер ету арқылы адам организміндегі үйлесімсіздік пен үйлеспеушілікті жою арқылы адамның физиологиялық және психикалық мүмкіншілігін дамытуға және оны сауықтырып, өмірін ұзартуға болатыны анықталды.

Медицина эмблемасы.

Медициналық эмблемалар - жалпы медицина кәсібін, оның ішінде кейбір бағыттарын және жекелеген медицина мамандықтарын білдіретін нышандар]. Оған факел, шырақ, алақанда ұсталынған жүрек сияқты бейнелер жатады. Негізгі кең тараған медициналық эмблема асатаяққа, тостағанға , шыраққа оратылған жылан бейнесі.

Эмблеманың шығу тарихы және қалыптасуы

Алғашқы қоғамда жылан төтемдік (діншілдік және нанымдық әдет- ғұрыппен байланысты) хайуан болған. Жыланға табынушылық пайда болғаннан кейін, оған екі түрлі мағына берген - зұлымдық және мейірімділік: бір жағынан арамдық пен қулықтың, екінші жағынан ақылдылық, білімділік, өлместің мәңгі белгісі ретінде есептелген. Алғашқы кезде жыланның медицина эмблемасы ретінде ешқандай қосымша белгісі болмаған, кейінірек оны басқа заттармен үйлестіре бастаған.

Түрлері мен сипаты.

Б.э.дейінгі шамамен 8- ғасырда медицина нышаны болып дәрігерлік ету құдайы Асклепидің (Эскулапа) жылан мен гүл оратылған асатаяғы болды. Оған сауда құдайы Герместің (Меркурий) кадуцейі - жоғарғы жағында қанаты бар, екі жылан оратылған асатаяғы ұқсасаған. Көне дәуірде бұлар медициналық эмблема болған жоқ, тек 15-16 ғасырда ғана медицина белгісі болып, оны 19 ғасырда Америка (АҚШ-та), Африка және Азия елдерінде ресми түрде қолдана бастады.
Тостаған мен жыланның алғашқы бейнесі б.э.д. 500-600 жж. жатады. Жылан мен тостаған жеке-жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Валеология -денсаулық ғылымы
Валеология - денсаулық туралы ғылым ретінде
Кездейсоқ шамалар ұғымы
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Валеология ғылымы жайлы
Медициналық ұйымның аккредитациясы және лицензирленген медицина қызметі
Валеология денсаулық туралы ғылым
Салыстырмалы шамалар
Пәндер