Ислам діні туралы жалпы түсінік



Жоспар

1. Ислам діні туралы жалпы түсінік

ІІ Негізгі бөлім
1. Исламның қалыптасуы
2. Исламның басты кітабы Құран
3. Арабияға ислам дінінің келуі.

Пайдаланылған әдебиеттер
ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мұхаммед (ҒС.) негізін қалаған ислам басқа діндер сияқты шындыққа тек өзі ие болуды мақсат етпейді, қайта алдына түскен жазбаларды да қолдап-қуаттайды. Ислам тарихымен танысқан әрбір адам Мұхаммед (Ғ.С.) Алла- Тағала сүйіспеншілігін, мейірімі мен шапағатын басқа діндер сияқты белгілі бір қауымға емес, бүкіл адамзат баласына, оның ұлты, , түр-түсіне қарамай істеген іс-әрекеттеріне қарап үйіп-төгетінін көреді. Оның айтуы бойынша жазылған Құдай сөзі Құран қай заманда, қай коғамда болсын қолдануға ұтымды, көптің көңілінен шығатын, ақылға қонатын, мыңдаған жылдар бойы бір сөзіне қылау түспейтін мәңгілік кітаптар.
Мұхаммед (Ғ.С.) тің сіңірген еңбегі сол ол кезде араб бәдәулерінің сана-сезімі толық жете бермейтін өткеннің терең шыңырауларын ашып берді. Ол өзінен мыңдаған жылдар бұрынғы оқиғалар жөніңде айтты, бізге олар жөніңде мағлұмат берді.
Кейбір ислам тарихын зерттеушілер Мұхаммед (Ғ.С.)ті сауатсыз, хат танымаған деп баса көрсеткісі келеді. Бірақ біз пайғамбарымызды ешнәрседен хабары жоқ, құр көкірек адам болған деп ойламауымыз керек. Ол хат танымаса да өз саясатын қалағандай етіп іс жүзіне асыра білген. Оның үстіне VI гасырда Арабияда ғана емес, кез-келген оң мыңның бірі ғана сауатты болды ғой. Дегенмен өмір қиындығын көріп өскен Мұхаммед (Ғ.С.) әділетті ту еткен, жастайынан көңіліне көпті тоқыған ол түрлі елдерге керуендермен жүргенде шет елдер жөнінде көптеген әңгімелерді естіген. Иудей, христиан діндері жөнінде хабардар болып, бертінірек еврей, эфиоп, грек діни адамдарымен кездесіп, қаншама рет әңгімелескен, оның сол діндер жөнінде мағлұматтары болған. Мұхаммед (Ғ.С.) Алла Тағаланың сүйген адамы. Жоғарыда айтқандай қаншама пайғамбарлар түсірілгенімен Алла Тағала олардың кейбіріне ғана кітаптар, парақтар жіберген. Мысалы, Адам Атаға 100 парақ, Ыдырысқа-30, Ибраһимге -10 парақ, ал Мұсаға -Таурат, Дәуітке -Зубар, Исаға — Інжіл, Мұхаммедке - Құран түсірген.
Көптеген кітаптарда Мұхаммед пайғамбарымыздың сыртқы түр сипаты, мінезі, қасиеттері жөнінде айтады. Соның бірінде Мұхаммед (Ғ С.) адамдардың ішінде мейлінше құрметті болды, ол қашанда жақсылық әкелетін жұмыс істейтін және қайсысы да сәтті шығатын, жаратылысынан мінезі де жақсы, келісті адам еді дейді.
Мұхаммед (Ғ.С.) бүкіл ислам дүниесін былай қойғанда сол кездегі арабтар үшін қаншама жақсы істер жасады. Бұл жақсы істер кейіннен бүкіл ислам елдеріне тарады.
Мұхаммед (Ғ.С.) бүкіл араб халқының тарапынан қолдау тапқан адам. Ол жеке меншікті қорғады. Сонысымен ауқатты топтардың ризашылығына ие болса, таразыдан алдайтын сауагерлерді, айыптап кедейлерге қамқор болуды ұсынумен қарапайым халыққа ұнаған. Мәдинада тұрып, әрі діннің басқарушысы, жас мұсылмандар мемлекетінің билеушісі болған ол іс-әрекеттерінің бәрін діни негізде жүргізіп, халықты ізгілік, имандылық, жақсылық жолға тартқан. Өзінің жақсы іс-әрекетімен өзгелерге үлгі болған адам. Ол өзіне дейінгі араб дүниесіңдегі адамгершілікке жат қанша әдет ғұрыптарды айыптап, тоқтау салды.
Арабтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары бойынша некелесу мен ажырасудың неше түрі болған. Оның ішінде уақытша некеге тұру, әйелін екінші біреудің әйеліне ауыстыру, көңілін аулау (бірер күнге сыйға беру), некелерімен бірге әкесі немесе өгей шешесін алу сияқты «сүйкімсіз неке», т. б. түрлері болған. Әйелдерден әкелерің үйленгендерге үйленбеңдер... бұл бір арсыздық және жиіркенішті жол дей келіп, «арам етілген» некелер жөнінде айтылады. Құранда сондай-ақ ислам діні жезөкшелік, зннақорлықты айықтайды. Құранның өзінде де зинақорлық ең ауыр күнә саналады. Ислам діні көп әйел алуды шектеді.
Ислам дініне дейін арабтарда жас қыздарды өз бойына ар санап, нәрестелігінен-ақ өлтіріп жіберетін тағылық дәстүр орын алған еді. Ислам діні оны да үзілді-кесілді тоқтатты. Ол туралы Құран Кәрімде көмілген қыздар сұралған сәтте қай күнәмен өлтірілген? деп жауап алынады деп қорқытады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. “Ислам тарихы” С.Жолдасов. Алматы. 1998.
2. “Шындыққа жол” Оразкүл қажы Көбеева. Алматы ҚАЗ ақпарат. 1999.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Ислам діні туралы жалпы түсінік

ІІ Негізгі бөлім
1. Исламның қалыптасуы
2. Исламның басты кітабы Құран
3. Арабияға ислам дінінің келуі.

Пайдаланылған әдебиеттер

ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мұхаммед (ҒС.) негізін қалаған ислам басқа діндер сияқты шындыққа тек
өзі ие болуды мақсат етпейді, қайта алдына түскен жазбаларды да қолдап-
қуаттайды. Ислам тарихымен танысқан әрбір адам Мұхаммед (Ғ.С.) Алла- Тағала
сүйіспеншілігін, мейірімі мен шапағатын басқа діндер сияқты белгілі бір
қауымға емес, бүкіл адамзат баласына, оның ұлты, , түр-түсіне қарамай
істеген іс-әрекеттеріне қарап үйіп-төгетінін көреді. Оның айтуы бойынша
жазылған Құдай сөзі Құран қай заманда, қай коғамда болсын қолдануға ұтымды,
көптің көңілінен шығатын, ақылға қонатын, мыңдаған жылдар бойы бір сөзіне
қылау түспейтін мәңгілік кітаптар.
Мұхаммед (Ғ.С.) тің сіңірген еңбегі сол ол кезде араб бәдәулерінің
сана-сезімі толық жете бермейтін өткеннің терең шыңырауларын ашып берді. Ол
өзінен мыңдаған жылдар бұрынғы оқиғалар жөніңде айтты, бізге олар жөніңде
мағлұмат берді.
Кейбір ислам тарихын зерттеушілер Мұхаммед (Ғ.С.)ті сауатсыз, хат
танымаған деп баса көрсеткісі келеді. Бірақ біз пайғамбарымызды ешнәрседен
хабары жоқ, құр көкірек адам болған деп ойламауымыз керек. Ол хат танымаса
да өз саясатын қалағандай етіп іс жүзіне асыра білген. Оның үстіне VI
гасырда Арабияда ғана емес, кез-келген оң мыңның бірі ғана сауатты болды
ғой. Дегенмен өмір қиындығын көріп өскен Мұхаммед (Ғ.С.) әділетті ту еткен,
жастайынан көңіліне көпті тоқыған ол түрлі елдерге керуендермен жүргенде
шет елдер жөнінде көптеген әңгімелерді естіген. Иудей, христиан діндері
жөнінде хабардар болып, бертінірек еврей, эфиоп, грек діни адамдарымен
кездесіп, қаншама рет әңгімелескен, оның сол діндер жөнінде мағлұматтары
болған. Мұхаммед (Ғ.С.) Алла Тағаланың сүйген адамы. Жоғарыда айтқандай
қаншама пайғамбарлар түсірілгенімен Алла Тағала олардың кейбіріне ғана
кітаптар, парақтар жіберген. Мысалы, Адам Атаға 100 парақ, Ыдырысқа-30,
Ибраһимге -10 парақ, ал Мұсаға -Таурат, Дәуітке -Зубар, Исаға — Інжіл,
Мұхаммедке - Құран түсірген.
Көптеген кітаптарда Мұхаммед пайғамбарымыздың сыртқы түр сипаты,
мінезі, қасиеттері жөнінде айтады. Соның бірінде Мұхаммед (Ғ С.) адамдардың
ішінде мейлінше құрметті болды, ол қашанда жақсылық әкелетін жұмыс істейтін
және қайсысы да сәтті шығатын, жаратылысынан мінезі де жақсы, келісті адам
еді дейді.
Мұхаммед (Ғ.С.) бүкіл ислам дүниесін былай қойғанда сол кездегі
арабтар үшін қаншама жақсы істер жасады. Бұл жақсы істер кейіннен бүкіл
ислам елдеріне тарады.
Мұхаммед (Ғ.С.) бүкіл араб халқының тарапынан қолдау тапқан адам. Ол
жеке меншікті қорғады. Сонысымен ауқатты топтардың ризашылығына ие болса,
таразыдан алдайтын сауагерлерді, айыптап кедейлерге қамқор болуды ұсынумен
қарапайым халыққа ұнаған. Мәдинада тұрып, әрі діннің басқарушысы, жас
мұсылмандар мемлекетінің билеушісі болған ол іс-әрекеттерінің бәрін діни
негізде жүргізіп, халықты ізгілік, имандылық, жақсылық жолға тартқан.
Өзінің жақсы іс-әрекетімен өзгелерге үлгі болған адам. Ол өзіне дейінгі
араб дүниесіңдегі адамгершілікке жат қанша әдет ғұрыптарды айыптап, тоқтау
салды.
Арабтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары бойынша некелесу мен
ажырасудың неше түрі болған. Оның ішінде уақытша некеге тұру, әйелін екінші
біреудің әйеліне ауыстыру, көңілін аулау (бірер күнге сыйға беру),
некелерімен бірге әкесі немесе өгей шешесін алу сияқты сүйкімсіз неке, т.
б. түрлері болған. Әйелдерден әкелерің үйленгендерге үйленбеңдер... бұл бір
арсыздық және жиіркенішті жол дей келіп, арам етілген некелер жөнінде
айтылады. Құранда сондай-ақ ислам діні жезөкшелік, зннақорлықты айықтайды.
Құранның өзінде де зинақорлық ең ауыр күнә саналады. Ислам діні көп әйел
алуды шектеді.
Ислам дініне дейін арабтарда жас қыздарды өз бойына ар санап,
нәрестелігінен-ақ өлтіріп жіберетін тағылық дәстүр орын алған еді. Ислам
діні оны да үзілді-кесілді тоқтатты. Ол туралы Құран Кәрімде көмілген
қыздар сұралған сәтте қай күнәмен өлтірілген? деп жауап алынады деп
қорқытады.
Ислам діні адамдарды иманды болу тек жақсылық істеу, жаны таза болуға
шақырады. Жаман жолдың қай-қайсысы болсын мұсылмандықпен сыйыспайды.
Араб тарихында исламға дейін тіпті адамды құрбандыққа шалу орын алған.
Ислам діні кейін оған тыйым салған. Ал бұл жағдай тіпті Пайғамбарымыздың
әкесіне де қатысты болған.
Хазірет Әли былай деп айтыпты: Жас кезімде Каабаның шырақшысы-болған
атам Әбд әл-Мүтталибтен (Мұхаммед (Ғ.С.) тің де атасы) мына әңгімені көп
есітетін едім. Айтуынша, атасының түсіне үш күн бойы бір аян берілген. оның
үшіншісі Зәмзәмды қаз деген сөз екен. Атасы үшеуін түсінбепті Келесі күні
мезгеген жерге барып дәл тауып, қасына бір баласы Аббаспен (келешекте
Аббасидтер осыдан тарайды) қаза бастағанда, түсіндегісі дәл келіп, Зәмзәм
құдығы шыққан.
Зәмзәм суының иесі Әбд әл-Мүтталібтің болуы кейбір құрайштарға
қызғаныш туғызғанда ол жалғыздығына қиналып: Егер жаратқан он ұл берсе,
бірін құрбаңдыққа шалар едім - деген. Кейін бұл сертін орыңдау үшін шөп
тастағанда ең кіші баласы Абдоллаһқа түскен. Оны кейін жүз түйені
құрбаңдыққа шалып алып қалған. Сол Абдоллаһ Пайғамбарымыздың әкесі еді.
Исламның басты кітабы - Құран. Оңда әртүрлі көлемдегі 114 сүре бар.
Сүре арабша тізілу немесе қатар дегенді білдірсе керек. Құран сүрелері
әртүрлі көлемде болып келеді. Екінші - Бахара сүресі 286 аят, 103-
Ғасыр, 108-Қаусар, 110-Насар сүрелерінде үш-төрт аяттан ғана бар.
Сүрелердің көлемдерінің аз ғана ауытқуларын есептемесек, негізінен, ,
олар кітап соңына қарай азая береді. Алғашқы Фатима - Беташар сүресі 7
аяттан ғана тұрады. Тек тоғызыншы Тәубе сүресінен басқаның бәрі
Біссімілләдан басталады.
Исламның діни ілімі бойынша Құран - Алланың өзі сияқты мәңгі өмір
сүретін кітап. Алланың бір өзі ғана Құран сөздерін керек деп тапқаңда
өшіреді, қаласа басқасын қабылдайды.
Кей жазбаларда Алла 124 мың пайғамбар жібергені, соның 300-і ғана
расул болғаны жәнінде айтылады. Осы расулдардың қатарының бастыларына
алтауы ғана алынған Олар: Адам Ата, Ибраһим, Нұқ, Мұса, Иса және Мұхаммед
пайғамбарлар.
Құранның шығуының өмірлік қажеттігі болды. Халифаттың ресми
идеологиясы ислам болғандықтан мұсылман құқыларының Нормалары, құдайға
сыйынуда басшылыққа алатын құралдарды қажет етеді. Бұл Құранның жазылуының
керектігін көрсетті. Алғашқы халифалардың кезінде-ақ заңдылық және діни
қызметті мәнге ие болған тиісті жазбалар болды және олар Құран - кітаптың
пайда болуына әсер етті.
Құран сонғы жылдарға дейін айтылып келгендей діни догмалардың жнынтығы
емес, адамзат баласын бар жақсылыққа тәрбиелеп, имандылыққа шақырған
кітаптар ішіндегі классикалық үлгісі. Құран араб әдебиеті тарихында кітап
болып басылып, жарык көрген алғашқы көркем шығарма. Оның маз-мұны, жан-
жақты қамтыған мәселесі мейлінше кең. Атап айтқанда, онда араб тарихы,
әдебиеті, ғылымы, сол кездегі халықтың салт-санасы, әдет-ғұрпы, жаңа
дәстүрінің қалай болуы керектігі, шариғаты, әділдік пен имаңдылық т. б.
мәселелері кеңінен қамтылады. Ол адамдарды сабырлы, мейлінше салиқалы, бір-
біріне мейірбан, өзгелерге қайырымды, күнәдан пәк болып, тек жақсы істерді
істеуге тәрбиелейді.
Онда адам баласы, Алла туралы, Алланың сипаттамасы, әлемге байланысты
аяттар, ғылым, ақыл, ой жүгірту, ғибарат, дін, иман, жақсы және жаман жол,
соғыс, қоғамдық тәртіп, мінез, құлық, өмір мен өлімнен кейінгі ахуал
жөніңдегі тұжырымды ойлар айтылады. Олай болса қаншама ғасырлар еткеніне
қарамай бұл күні де іздеген кісі адам өміріне байланысты қандай бір мәселе
болсын жауап табатыны сөзсіз.
Рас, Құранда барлық құқықтық нормалар мен ережелер жүйелі түрде
мазмұндап берілмеген. Бірақ оның әртүрлі сүрелерде мазмұндалатын тазалық
пен күнәхарлық өлшемдері белгілі мөлшерде тұтастай алғанда жанұя мен
қоғамдағы, мүліктік және қылмыстық құқықтағы, қазына-салық және қаржы
жүйелерінің және басқа салалардағы қатынастарды реттеуге тиісті ерекше
шариғаттық заңдар жүйесін жасауға мүмкіндік береді.
Мұхаммед (Ғ.С.) негізін қалаған ислам діні Алланы жаратушымыз ретінде
жоғары қояды. Жер бетіпдегі әр пенде өзінің іс-әрекетімен Алла алдыңда
жауапты екенін ескертеді, ақылға бағынуға шақырады, адамның іс-әрекегі
жақсы-жаманға, ақ-қараға, обал-сауапқа, әділ-зәлімге бөлініп, тура жолға
нұсқап әр пенденің осы уақъытша өміріндегі не істеу керектігі жөніндегі
міндетін көрсетеді. Сондықтан да Мұхаммед (Г.С.)тің істеген істері,
қалдырған хадистерінің немесе Суннаның мәні зор, олар мәңгілік. Жалпы,
мұсылмаңдардың іс - ірекеті алдымен Құранға, одан кейін Суннаға
негізделеді. Шариғат заңдары Құран мен Суннадан, яғни осы екі қайнар көзден
бастау алса, Сунна Құраннан кейінгі екінші орында. Сунна хадис деп те
атайды. Хадисте Пайғамбардың өмірі мен қызметі жайында, оның діни мінез-
құлқы, әдеп хақындағы айтқан уағыздары мен шешімдері қамтылады. Сунна
немесе хадис-герде исламның негізгі қағида-ережелері: парыз, уәжит, суннат,
мұстахаб, адал адам, макруһ, мубахтан бастап мінез-құлық, әдеп, т. б.
жөнінде айтылып, көбіне Пайғамбардың іс-ірекеттері үлгі етіледі.
Сунналар ғибадаттың қағида ережелер мен тәртіптерді сөзсіз орындауға
шақырады. Сондықтан Мұхаммед (Ғ.С.) бас болып Суннаның мазмұнының бұзылуына
қарсы болған. Өйткені Суннадағы негізгі идея Құран қағидаларымен астасып
жатыр.
Мұсылмандар міндетті түрде бес парызды орындау керек. Олар: иман, бес
уақыт намаз, ораза, зекет және қажылыққа бару. Шариғат бойынша бұл
парыздарды бұлжытпай, мерзімінде орындап тұру керек.

ИСЛАМНЫҢ КЕҢІНЕН ТАРАЛУ СЕБЕПТЕРІ. АҒЫМДАР
Жалпы, умейадтар әулетінің билеуі кезінде сыртқы шабуылдарда араб
әскерлері негізінен жеңіске жетіп отырған. Осы мәселеде кейбір ислам
дінінің беделін көтеруді ойлаушылар мұны ислам дінінің басқа дінге
қарағанда артықшылығында деп көрсеткісі келеді. Біз қашанда барлық мәселені
сол дәуірдегі тарихи жағдайлармен байланыстырып қарауымыз керек. Өйткені,
ислам дінінің кей жерде күшпен өндірілгенін теріске шығарғысы келетіңдер де
бар. Шынына келгенде Пайғамбарымыз ислам дініне қарсылық еткен кейбір
тайпаларды найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорқытып кіргізбегенде.
ғасырлар бойы сеніп келген дінінен бір емес, екі емес, мыңдаған адамдардың
бірден кіруі мүмкін бе еді? Әрине, мүмкін емес. Егер біз тарихи шындық
тұрғысынан қарамасақ, жалған мақтаумен ислам дінінің беделін көтеру орнына
түсіріп аламыз. Ал тарих ешқашан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі діни түсінік
Ортағасырлық Ислам философиясы
Діннің шығуы
Даналық
Мұхаммед пайғамбардың өмірі
Ислам дәнінің әлемге таралуы
Дін,қоғам,мемлекет,саясат
Ежелгі түркілердің наным-сенім түсініктері
Дін және мәдениет туралы
Шаманизм
Пәндер