Rixos Prezident Astanа қонақ үйі. Ұйымдық құрылымы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Rixos Prezident Astanа қонақ үйі. Ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Сыйымдылығы. Номерлік қоры. Қонақ үйдің негізгі бөлімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Кәсіпорынның даму жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
4. Кәсіпорынның қызмет көрсету саласына сипаттама ... ... ... ... ... .14
5. Еңбек қарым.қатынастары және еңбек ақы төлеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
6. Кәсіпорынның салық төлеу жүйесі және зейнетақы жарналары.17
7. Стандартизация және сертификация саласындағы кәсіпорын саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
8. Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
9. Кәсіпорынның маркетингтік іс.әрекетін қарастыру ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе
Ұсынылып отырған жұмыс, жазғы өндірістік тәжірибе уақытындағы меңгерілген материалдар мен игерілген кәсіби біліктіліктерді қорытындылап, талдауға арналады. Мен Тур-23 тобының студенті 10.06.2013 ж мен 13.07.2013 ж. аралығында Астана қаласындағы Риксос Президент Астана қонақ үйінде өндірістік тәжірибеден өттім. Және онда accounting бөліміне орналасып, бас есепшінің көмекшісі қызметін атқардым.
Туризм инфрақұрылымының жетекші құрамдас бөлігі – орналастыру орындары, яғни, қонақ үй индустриясы қонақ үй қызметтерін ұсынатын және қонақ үйлерде, кемпингтерде, мотельдерде, пансионаттарда, келген адамдардың белгілі бір ақы төлеу арқылы уақытша тұруын ұйымдастыратын сала болып табылады. Келісімшарт арқылы туристерді түнейтін орнымен қамтамасыз ететін тұрғын объектілердің барлығын орналастыру құралы деп тануымызға болады. Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, туристік нарықтағы нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды.
Тәжірибелік біліктілік кез келген мамандық үшін кәсібилікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Адамда теориялық білім практикамен ұштасып жинақталған сайын жоғары нәтижелі жұмыстар жүргізеді. Осы ретте өндірістік тәжірибенің өзектілігі: білімгердің алған білімдерін толықтырып, жинақтап, теориялық білімін практикамен ұштастыра қолдана білуіне жағдай жасайды. Кәсіби мамандардың ақыл-кеңестерін алып, туындаған сұрақтардың шешілу жолдарын іс жүзінде талдап көре алады.
Тәжірибеден өту мақсатым: қонақ үй қызметінің жұмыс істеу тәртібімен танысу, материалдар жинау және туризм саласындағы біліктілікті арттырып, тәжірибе жинақтау болды.
Алға қойған мақсатымды жүзеге асыру үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
1. Қонақ үйдің негізгі және көмекші қызметтерін меңгеру;
2. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын зерттеу;
3. Қонақ үй қызметкерлерінің атқаратын қызметтерімен танысу;
4. Қонақ үйдің ішкі көрінісінің талаптарын қарастыру;
5. Бөлмелердің тазалығы мен жинақылығын талдау;
6. Қонақ үйге келуші қонақтарды қабылдау және орындарды брондауды үйрену;
7. Стандартизация және сертификация саласындағы кәсіпорын саясатымен танысу;
8. Қонақ үйдің қаржылық және экономикалық қызметімен танысу.
Тәжірибеден өту туралы есеп беруді жазуға дайындық кезінде тәжірибе барысындағы жинақталған білімдер, жалпы тақырып, қызмет көрсету мен қонақ үй шаруашылығының барлық маңызды бөлшектерімен, қыр-сырымен, тәртібімен таныстым. Алда қойылған сұрақтер негізінде талдаулар жасалды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. http://www.rixos.com
2. www.travel.ria.ru
3. 2008 жылғы 11 қарашадағы Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекіту туралы ҚР Ережесі
4. Туристік қызмет туралы заң: Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2007
5. Туризм и гостиничное хозяйство: Учебное пособие. 2-е изд.-е. –М: ИКЦ «МарТ»; Ростов н/Д. Издательский центр «МарТ», 2005
6. www.stat.kz
7. www.google.kz
8. www.mts.gov.kz
9. Қонақ үй шаруашылығы: Оқу құралы / Мазбаев О.Б., омаров Қ.М. –Алматы ҚазҰПУ, 2007
10. «Қонақ үй шаруашылығы » Мазбаев О.Б., Омаров Қ.М.
Оқу құралы. 2007 жыл.
11. «Rixos Magazins»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті
Экономикалық факультеті
Туризм кафедрасы
Өндірістік практика бойынша
ЕСЕП БЕРУ
Орындаған: Жанділла Б.Д. Тур-23қ
Қабылдаған: Есенбаева А.Е.
Астана, 2013
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Rixos Prezident Astanа қонақ үйі. Ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Сыйымдылығы. Номерлік қоры. Қонақ үйдің негізгі бөлімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3. Кәсіпорынның даму жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
4. Кәсіпорынның қызмет көрсету саласына сипаттама ... ... ... ... ... .14
5. Еңбек қарым-қатынастары және еңбек ақы төлеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
6. Кәсіпорынның салық төлеу жүйесі және зейнетақы жарналары.17
7. Стандартизация және сертификация саласындағы кәсіпорын саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
8. Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
9. Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекетін қарастыру ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Кіріспе
Ұсынылып отырған жұмыс, жазғы өндірістік тәжірибе уақытындағы меңгерілген материалдар мен игерілген кәсіби біліктіліктерді қорытындылап, талдауға арналады. Мен Тур-23 тобының студенті Жанділла Бимерей Дәуренқызы 10.06.2013 ж мен 13.07.2013 ж. аралығында Астана қаласындағы Риксос Президент Астана қонақ үйінде өндірістік тәжірибеден өттім. Және онда accounting бөліміне орналасып, бас есепшінің көмекшісі қызметін атқардым.
Туризм инфрақұрылымының жетекші құрамдас бөлігі - орналастыру орындары, яғни, қонақ үй индустриясы қонақ үй қызметтерін ұсынатын және қонақ үйлерде, кемпингтерде, мотельдерде, пансионаттарда, келген адамдардың белгілі бір ақы төлеу арқылы уақытша тұруын ұйымдастыратын сала болып табылады. Келісімшарт арқылы туристерді түнейтін орнымен қамтамасыз ететін тұрғын объектілердің барлығын орналастыру құралы деп тануымызға болады. Қонақ үй қызметінің саласы - бұл адамдар арасындағы қарым - қатынас, туристік нарықтағы нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны "алтын жұмыртқалы тауық" саласы деп атайды.
Тәжірибелік біліктілік кез келген мамандық үшін кәсібилікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Адамда теориялық білім практикамен ұштасып жинақталған сайын жоғары нәтижелі жұмыстар жүргізеді. Осы ретте өндірістік тәжірибенің өзектілігі: білімгердің алған білімдерін толықтырып, жинақтап, теориялық білімін практикамен ұштастыра қолдана білуіне жағдай жасайды. Кәсіби мамандардың ақыл-кеңестерін алып, туындаған сұрақтардың шешілу жолдарын іс жүзінде талдап көре алады.
Тәжірибеден өту мақсатым: қонақ үй қызметінің жұмыс істеу тәртібімен танысу, материалдар жинау және туризм саласындағы біліктілікті арттырып, тәжірибе жинақтау болды.
Алға қойған мақсатымды жүзеге асыру үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
1. Қонақ үйдің негізгі және көмекші қызметтерін меңгеру;
2. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын зерттеу;
3. Қонақ үй қызметкерлерінің атқаратын қызметтерімен танысу;
4. Қонақ үйдің ішкі көрінісінің талаптарын қарастыру;
5. Бөлмелердің тазалығы мен жинақылығын талдау;
6. Қонақ үйге келуші қонақтарды қабылдау және орындарды брондауды үйрену;
7. Стандартизация және сертификация саласындағы кәсіпорын саясатымен танысу;
8. Қонақ үйдің қаржылық және экономикалық қызметімен танысу.
Тәжірибеден өту туралы есеп беруді жазуға дайындық кезінде тәжірибе барысындағы жинақталған білімдер, жалпы тақырып, қызмет көрсету мен қонақ үй шаруашылығының барлық маңызды бөлшектерімен, қыр-сырымен, тәртібімен таныстым. Алда қойылған сұрақтер негізінде талдаулар жасалды.
1. Rixos Prezident Astanа қонақ үйі. Ұйымдық құрылымы.
Кәсіпорынның толық атауы: Файн Отель Туризм Ишлетмеджилик Акционерлік қоғамы, Rixos President Hotel Astana
Риксос қонақ үйлерінің негізі Түркия туризмінің астанасы Анталияда Феттах Таминченің басшылығымен 2000 жылы қаланған. Алғашқы Rixos Hotel Labada Чамьюва қаласында ашылды.
Rixos қонақ үйінің атауы б.э.д. 1000 ж Перг қаласының негізін қалаған 7 батырдың бірінің есімімен байланысты. Оның әкесі Ликос - Афина патшасы Памдионаның ұлы.
Риксос қонақ үйлерінің негізгі иесі болып табылатын Fine Group компаниясы 1998 ж ашылғаннан бері қазіргі таңға дейін туризм, құрылыс, бағалы тастар мен түсті металдар секілді салаларға инвестиция салып қоймай, сол салалардың әр қайсысының қарқынды дамуына өз үлесін қосып келе жатыр. Жалпы Fine Group компаниясы Сембол Иншаат және Лидион Мюджевхерат компанияларынан тұрады.
Аталған компания өзінің қонақ үй желілерін дүниежүзінің әр түрлі елдерінде дамытуды жолға қойған. Компанияның Қазақстанда қолға алған алғашқы жобасы Риксос Президент Астана қонақ үйі болып табылады.
Компания миссиясы: белсенді бәсекелестік сақталып отыратын қызмет көрсету саласында халықаралық нарық мүмкіндіктері жолына, сонымен қатар байлық пен өсімге бағытталған өзгелерден үздік және мінсіз тауарлар құру.
Компания мақсаты: тек қана үздік қонақ үй желісі болып қоймай, сонымен бірге әлемдегі барлық қонақ үй желілерінен ерекшелікке ие болу.
* Ыңғайлы бағаға сай сапа - Жоғары стандарттағы қызметтер мен тауарлар өндіру.
* Жаңа идеялар жолында үзіліссіз ізденіс және оларды жүзеге асырудағы шапшаңдық.
Компания стратегиясы. Қонақжайлық - басты байлық және ұлттық дәстүр. Сондықтан да осы дәстүрді ұсынушы ретіндегі қонақ үйдің алған бағыты қонақтардың көңілінен шығып қана қоймай, сонымен қатар олардың қайтадан өз достарымен келіп, біздің қонақ үйімізден алған қымбат естеліктерін олармен бірге қайта бөлісуіне кепілдік беру болып табылады.
Риксос Президент Астана Қазақстандағы ең үздік, талғамға сай қонақ үйі өз есігін 2005 жылы ашты. Қонақ үй Түркия Республикасының заңымен бекітілген Файн Отель Туризм Ишлетмеджилик АҚ меншігі болып табылады. Акционерлік қоғам Қазақстанда өз қызметін Астана қаласындағы аталған филиалы арқылы жүзеге асырады.
Салтанатты Риксос Президент Астана қонақ үйі Астана қаласының сол жақ жағалауындағы әкімшілік орталығында, халықаралық әуежайдан 12 км қашықтықта орналасқан. Қонақ үй өзінің заманауи архитектуралық дизайны, сән-салтанатты ішкі көрінісі, ерекше қызметтерінің арқасында Астананың ең үздігі болып мойындалған. Қонақ үй жоғарғы еуропалық стандарттарға жауап береді және саяси және іскер элита арасында үлкен танымалдыққа ие. Қонақ үйдің конференциялар мен банкеттер өткізу мүмкіндіктері, жоғары қызмет көрсетумен үйлестіріліп ұсынылған тағамдары мен сусындарының әртүрлілігі және кез-келген талғамға сай жауап беретін заманауи архитектурасы қонақ үйдің ресми және іс-сапармен келуші делегациялар мен іскерлер арасында танымал қонақ үй болуына мүмкіндік беріп отыр.
Қонақ үйдің мақсатты қызметтеріне:
* Қонақтарды қабылдау және орналастыру;
* Тамақтандыру қызметі;
* Номерлерді сату және қызмет көрсету;
* Іскерлік кездесулер мен конференциялар ұйымдастыру;
* Банкеттер өткізу;
* SPA&WELLNESS тұжырымдамасы жатады.
Мекен-жайы: Астана қ., Сол жағалау, Д. Қонаев к.7
Телефон: 7 7172 242750,
Факс: 7 7172 242760 www.rixos.com
Қонақ үйдің ұйымдық құрылымы
Сурет 1 Риксос Президент Астана қонақ үйінің ұйымдық құрылымы
Қонақ үйдің ұйымдық құрылымын қалыптастырудың маңызды мәселесі толықтай құрылым ғана емес, сонымен қатар басқарушылық бөлімдер қызметі болып табылады:
I. Басшылық;
II. Қызметтік құрылым;
III. Көмекші құрылым.
Қонақ үйде бас менеджер басты тұлға болып табылады. Әрбір құрылымдық бөлім жеке менеджерлерге бағынады. Одан бөлек, сапа бойынша менеджер, оқыту менеджері, бас менеджер орынбасары, түнгі менеджерлер бар. Және қонақ үйдің құқықтық қатынастарын реттейтін заңгер маман бар. Әрбір менеджер өзі басқаратын бөлімнің жұмысына жауап береді. HR менеджер барлық бөлімдерге қажетті мамандарды қызметке ала алады. Бірақ бөлім менеджерлерін бас офис тағайындайды.
1. Сыйымдылығы. Номерлік қоры. Қонақ үйдің негізгі бөлімдері.
Риксос Президент Астана қонақ үйі 5* болып табылады. 9 қабатты қонақ үйде 168 номер бар, оның 107 жоғары кластық стандартты бірорындық, 12 стандартты екіорындық, 12 бірорындық делюкс, 1 ерекше мүмкіндікке ие қонақтарға арналған номер болса,12 президенттік апартамент болып табылады. Бөлмелердің ауданы 28-34 м2, Suite(люкс) - 103 м2. Қызметтердің стандартты жиынтығына кондиционер, жерсерікті теледидар, мини-бар, интернеттік желідегі телефон және курьерлік қызмет кіреді. Қонақтарға кеңсе және хатшылық қызметтердің барлық түрін көрсететін Бизнес-центр жұмфс жасайды. Номерге тәулік бойы қызмет көрсетіліп, күніне 2 мезгіл жиыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар қонақ үйде:
* Темекі шекпейтіндерге арналған номерлер
* Әл-Фараби мейрамханасы (еуропалық асхана, таңғы ас - шведтік үстел)
* Сафран мейрамханасы, Меню А ля Карт (ұлттық және еуропалық асхана, түскі және кешкі ас)
* Irish Bar (фирмалық коктейлдер, музыка, бильярд)
* Дәрумендік бар
* Ақша айырбастау пункті
* Лобби бар (жеңіл классикалық музыкамен)
* 4 Конференц-зал, Бизнес-рум
* Спа-Центр: жабық бассейн, сауна, түрік моншасы Хамам, фитнесс-центр, сән салоны, шаштараз, медициналық қызмет, тайлық массаж.
Қонақ үйдің құрылымдық бөлімдері (Кесте 1)
Бөлімдер атауы
Құрылымдық бөлімдердің атқаратын қызметтері
Front Office (Әкімшілік)
* Қонақ үй клиенттерінің check-in және check-out (регистрация) рәсімдеу
* Келу-кету уақытына сай қонақтардың жүктерінің тасымалдануын қамтамасыз ету;
* Қонақтарды қонақ үйге байланысты, және де жергілікті жер ерекшеліктері мен көрікті жерлері туралы жалпы деректермен қамтамасыз ету;
* Қонақтарды алдын ала факс, пошта, ауа райы, валюта айырбастау, хаттар алмасу сияқты қызметтер ретімен таныстыру;
* Барлық кіріс-шығыс және өзара қоңырауларға жауап беру;
* Қонақ үйде болған клиенттердің шоттарын жабу секілді қызметтер атқарады.
Guest Relation (Қонақтармен қарым-қатынас)
* Қонақтардың кез-келген талаптары мен қалауларына қызығушылық таныту, және олар қойған сұрақтардың шешімін таба білу;
* Қонақтар мен эксплуатациялық бөлімдер арасында көпір болу;
* Қонақтардың қалауын сезіну;
* Қонақ үйде болған клиенттің көңілді қайтуына кепілдік беру.
Food&Beverage (Тағам мен Сусын)
* Тағамдар мен сусындар сатылымының барлық бөлімдерінде (мейрамхана, бар, асхана, қызметкерлерге арналған асхана, банкеттік залдар мен ыдыс жуу бөлімдері) жақсы жұмыс жағдайын қалыптастыру;
* Асхана қызметкері тағам мен оны пайдалануға қатысты барлық қызметтерге, соның ішінде тапсырыс пен тағамның дайындалуына, жауап береді;
* Ыдыс жуушының міндеті: Food&Beverage барлық бөліміне қажетті таза асханалық ыдыс-аяқ жабдықтарының, тәрелкелердің, ас үй аспаптарының, стакандардың және арнайы материалдарды жеткізу. Және де бөлімше қызметкерлерді тазалығы мен ұқыптылығын қадағалайды.
Technical Service (Техникалық қызмет)
* Қонақтар пайдаланатын барлық агрегаттар мен аспаптардың тазалығын қадағалау;
* Жедел және профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу;
* Кондиционер, жылыту және желдету, жылу қазандықтары, электрмен жабдықтау, салқын және ыстық су, сонымен қатар ғимараттың жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету;
* Интерьер мен экстерьер, ас үй, бөлімі, номер және жалпы ғимаратқа техникалық қызмет көрсету;
* Тұтынылған электр энергиясының деңгейін бақылау.
Housekeeping (Бөлмелерді жиыстыру)
* Барлық номерлер мен жалпы қолданыстағы ғимараттың тазалығын сақтау;
* Қонақтарды қажетті заттармен қамсызландыру, және олардың өтінішіне сай қызмет көрсету.
Laundry (Кір жуу)
* Таза киім-кешек, скатерт, майлықтар және т.б. пайдалануға беру, Нousekeeping және food&beverage бөлімдеріне ең жоғары дәрежеде жуылған заттарды қажетті мөлшерде ұсыну.
* Қонақтардан түскен заттарды, қызметкерлердің біріңғай формаларын жуумен айналысу, химиялық тазалау қызметін ұсыну және қонақтардың таза киімдерін жеткізу.
Fine-ex
Жедел тапсырыстарды орындаумен айналысады, және олардың қызметін барлық штат пайдалана алады.
Пайдаланылуы: Fine-ex бөліміне хабарласушы қызметкер өзінің есімі мен тапсырманы орындауы қажет бөлімді, және де жұмыстың аяқталуын білдіретін терминді атайды. Жұмысты қабылдаушы бөлім тек жұмыстың орындалу мерзімін ғана сұрай алады.
Үрдіс: Сіз 2000 номерін теру арқылы аталған бөліммен хабарласа аласыз.
Fine-ex бөлімі жұмыс белсенділігі жоғары 8:00 мен 24:00 аралығында 16 сағат бойы қызмет көрсетеді.
* Әрбір таңда fine-ex бөлімі басқа бөлімдерге орындалуы тиісті тапсырмалардың тізімін жібереді.
* Әр түрлі орындалатын жұмыстар көлемі бөлімдердің fine-ex қызметін пайдалануымен өлшенеді.
Accounting (Бухгалтерлік есеп және финанс)
* Төлемнің барлық түрлерінен түскен ақшаларды жинау;
* Аудит жүргізу және қонақ үйдің қаржылық есебін құру;
* Барлық сатылым бөлімдерін тексеру;
* Жылдық, айлық және жалпы инвентаризация жұмыстарына дайындық;
* Жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер (қойма, қолма-қол ақшалар, front office-тен түскен қолма-қол ақша, сатылым пунктері)
* Сатылып алынған заттарға тексеріс;
* Қонақ үйге қатысты барлық есеп-қисапты жүргізу;
* Басшылыққа байланысты ақпараттарды ұсыну мақсатындағы есеп беруді тіркеу;
* Акционерлік қоғам талап еткен ақпараттарға есеп беруді құру;
* Тексеру үрдістерін жүргізу және ресми органдармен бірге тексеріс жұмыстарын ұйымдастыру (SSK, салық комитеті)
Purchase (Сатып алу)
* Қонақ үйге қажетті барлық тауарларды, соның ішінде азық-түлікті, сатып алумен айналысу;
* Сатып алынған заттардың сапасының қонақ үйде қабылданған специкалар мен стандарттарға сай болуына кепілдік бере алу;
SSK: Sosyal Sigortalar Kurumu = Social Insurance Institution in Turkey
Human Resources (Қызметкерлерді басқару бөлімі)
* Қонақ үйге қызметкерлерді таңдау және қабылдау, байланыс құру;
* Жалақы көлемі мен қосымша көмек ақшаларды тағайындау;
* Қызметкерлерді көлікпен және тамақпен қамтамасыз ету;
* Әр түрлі сұрақтарға байланысты қызметкерлерге кеңес беру және ішкі иерархияның барлық деңгейлерімен, барлық бөлімдермен байланыс құру.
Security
* Қонақ үйдегі қауіпсізлік пен тәртіпті қамтамасыз ету;
* Қонақ үйде қабылданған өзін-өзі ұстау мәдениетін қадағалау, қажетті жағдайларда көмек көрсету;
* Қызметкерлермен жалпы қауіпсіздік пен өртке қарсы шараларға байланысты жоспарлы тренингтер өткізу.
Animation
Animation - жергілікті жердің ерекшеліктері туралы ақпараттар ұсыну, оған келуші әр түрлі ұлт өкілдерін үйреністіру, сонымен қатар жағдайлардың алмасуы кезінде, ойын-сауық, оқу, спортпен айналысудан кейін сезімталдық танытып қонақтардың көңілінен шығу.
SPAWellness
Медициналық туризм саласында қонақтарға, сондай-ақ жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Клиент қонақ үй үшін ең маңызды тұлға болып табылады. Сондықтан да қонақ бізге (қызметкерлерге) емес, біз оларға бағынамыз. Тұтынушы - кәсіпорынның басты бөлшегі болып табылады. Оларға қызмет көрсету арқылы кәсіпорын өз пайдасын арттыру мүмкіндігіне ие болады. Сондықтан аталған құрылымдық бөлімдердің өз іс әрекеттерін мүлтіксіз орындап, тұтынушылардың көңілінен шығуына баса назар аударылады.
2. Кәсіпорынның даму жоспары
Риксос қонақ үйлер желісі әлемнің әр түкпірінде өздерінің филиалдарын ашып, бірегей халықаралық көшбасшы марка болуға ұмтылады. Сол ретте әр қызметкері Риксостың 21-ғасырға арналған конституциясына бағынып еңбек етеді.
ХХІ ғасырдағы Риксостың конституциясы:
* Жоғарғы сапалы қызметтерді ұсына отырып, клиенттердің қалауын 100% қанағаттандыруға кепілдік беру,
* Қонақтардың қалауы, көңіл күйі мен алған әсерлері біздің жұмысымыздың нәтижесі,
* Біздің тобымыздың әрбір мүшесі - адал, қонақ жай және жайдары үй иесі,
* Біз әрқашан жанданамыз,
* Біз айтқанымыздың бәрін орындаймыз,
* Біз жоғары табыс түсіретін қызметтер ұсынамыз,
* Біздің өзгелерден ерекшелігіміз - жаңашылдық, икемділік, жылдамдық,
* Біз мақсаткерміз,
* Риксоста ешқашан Мен емес, Біз дейміз,
* Сіз Риксоста өз қалауыңызбен қызмет атқарасыз.
Риксос қонақ үйінің ұстанатын басты принципі Барлығы қамтылған және барлығы эксклюзивті болып табылады. Осы ұстаныммен Риксос қонақ үйлері 2005 жылдан бастап Түркиядан басқа шет елдер аренасына шықты. Қазіргі таңда 22 Риксос қонақ үйі жұмыс жасайды. Олар Түркияда: Rixos Premium , BelekRixos Premium, BodrumRixos, SungateRixos, Downtown AntalyaRixos, TekirovaRixos Konya, Rixos Grand Ankara, Rixos Lares, Rixos Taksim İstanbul, Rixos Pera İstanbul, Rixos Residences Bomonty ; Әзірбайжанда: Rixos Quba Azerbaijan, Грузияда Rixos Tbilisi, Хорватияда Rixos Libertas Dubrovnik, ОАЭ - де Rixos The Palm DubaiRixos Bab Al Bahr, Египетте Rixos Sharm El Sheikh, Ливияда Rixos Al Nasr Tripoli, Украинада Rixos Prykaypattya .
Сурет 2. Әлемдегі Риксос қонақ үйлері
Қазақстанда 2005 жылы алғашқы Риксос қонақ үйі ашылғаннан бастап, қонақ үй желісі елде өз қызметін кеңейте түсті. 2009 жылы Rixos Almaty 5* қонақ үйі пайдалануға берілді. Қонақ үй негізінен бизнес-отель жүйесі негізінде салынғанымен, 2011 ж өткен Қысқы Азия ойындарынан кейін басқа да мақсаттағы туристер арасында танымалдыққа ие болды.
2012 жылдың желтоқсан айында Бурабай курорттық зонасында Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Президентінің тікелей қатысуымен тағы бір жаңа Rixos Lake Bоrоvoe қонақ үйі ашылды. Шортанды көлінің жағасында орналасқан қонақ үй Бурабайдағы алғашқы 5* қонақ үй болып саналады.
Компания Қазақстандағы қызметін одан әрі жандандыруды көздейді. Осы ретте алда әлі де көптеген жобалар қарастырылу үстінде. Алдағы уақытта Ақтау, Атырау қалаларында және Астана қаласынан 200 км қашықтықтағы курорттық зонада қонақ үйлер салу жоспарланған. 2013 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында салынып жатырған Риксос қонақ үйі пайдалануға беріледі. Осылайша Риксос Групп өз қызметін еліміздің әр түрлі аймақтарында дамытуды көздейді.
Алдағы келе жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру кезінде 5* қонақ үйлердің қажеттілігі өте жоғары болып табылады. Аталған жобалардың жандануы ел туризмінің, оның ішінде қонақ үй бизнесінің дамуына жол ашады. Сонымен қатар, жалпы экономикаға тигізер пайдасы мол бұл жобалар жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етуде де артықшылықтарға ие.
3. Кәсіпорынның қызмет көрсету саласына сипаттама
Қонақ үй тұтынушыларға қажетті орналастыру, тамақтандыру, салтанатты кештер мен банкеттер, конференциялар мен іскерлік кездесулерді ұйымдастыру секілді қызметтерді ұсынады. Соның ішінде бөлмелерді брондау мен қонақтарды қарсы алып-шығарып салуды ұйымдастыру қызметіне сипаттама берейік.
Номерлерді брондау қызметін бөлім менеджерлері немесе қабылдау қызметі және орналастыру бөлімі айналысады.
Брондау қызметінің міндеттері:
- қабылдау мәлімдемесі және оларды өңдеу;
- қажетті құжаттарды құрастыру: күнделікті кесте құру (апта, ай, квартал, жыл) - номер қорының жылжу картасы.
Мәлімдеуді қабылдау сымтетік, факс, телекс, пошта, хат немесе телеграмма, компьютерлік жүйемен брондау арқылы жүзеге асырылады. Әр мәлімдеме келесі хабарламаны қамту керек:
- келушілердің күні мен уақыты;
- кетудің күні мен уақыты;
- қонақтар саны;
- номер категориясы (люкс, апартамент, эконом-класс, бизнес-класс);
- номер қызметі (ванна, душ, теледидар, мұздатқыш, сейф, мини-бар және т.б.);
- тамақтандыру қызметі (тек теңғы ас, жартылай пансион, толық пансион);
- баға (бағаны көрсеткенде, қонақ неге төлегенін анықтап көрсету керек);
- есептесушісінің аты жөні (немесе фирманық аты);
- төлем түрі (қолма-қол ақшасыз есеп);
- ерекше жағдай (мейрамханада столды алдын-ала брондау, трансферт, номерде жануарды алып келуге мүмкіндік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz