Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық

қазақ-түрік университеті

Тарих - педагогика факультеті

Жалпы психология кафедрасы

Тақырыбы: Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті .

Қабылдаған: Жарқынбаева Д.

Орындаған: Дарханова Р.

Тобы : ППП-112 .

Түркістан - 2012

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

І-бөлім. Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті.

1. 1. Темперамент туралы жалпы түсінік . . . 6

1. 2. Темперамент туралы психологиялық теориялар . . . 8

1. 3. Темперамент түрлері . . . 13

1. 4. Темпераменттің жеке адам өміріндегі рөлі . . . 19

ІІ. Кіші мектеп жасындағы

2. 1. Экспериментке байланысты диагностикалық әдістері, таңдауға даярлау . . . 24

2. 2. Эксперимент өткізу және өңдеу . . . 29

2. 3. Интерпретация жасау, нұсқау беру . . . 32

Қорытынды . . . 36

Әдебиеттер тізімі . . . 38
Кіріспе

Егеменді мемлекеттің жағдайында өскелең ұрпаққа тәлім - тәрбие беріп, олардың білімін барынша жоғары сатыға көтеруге ғылымда өзінің жемісті нәтижелерін берген теориялар мен қағидаларды басшылыққа ала отырып, психологиялық зерттеулерді жаңаша бағдарда жүргізу керек екенін талап етеді. Осы бағытта тиісті мақсатты жүзеке асыру үшін, біз психология ғылымындағы темперамент туралы қарастырсақ.

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.

Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса - адамның дені сау, дұрыс араласпаса - сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.

Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.

Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.

Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.

Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығын, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Темперамент типтері және оның психологиялық сипаты.

Зерттеу міндеттері:

  1. Темпераменттнің адам бойында қалыптасуының мәні мен міндеттерін анықтау.
  2. Осы мәселеге қатысты әдебиеттерге шолу жасау.
  3. Темпераментке байланысты әдістеме таңдау.

Зерттеу объектісі: 10-11 жастағы бастауыш сынып оқушысының балалары

Зерттеу пәні: Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажеттілігін анықтау, зерттеу.

Практикалық мәні: Бұл жұмыста 5-ші сынып оқушыларын зерттей отырып, олардың темпераментін анықтап көрсетіледі. Зерттеу оқушының қарым-қатынасынан туындайтын темперамент процесінің дамуына мүмкіндік жасайды.

Ғылыми жаңалығы: Оқұшылардың темпераментін дамыту арқылы олардың мінезін, психологиялық қабілетін анықтап, ақыл-ойының дамуына әсер етіледі.

Методологиялық негізі: Гиппократтың, И. П. Павловтың темперамент туралы ілімі, Гейне, Э. Кречмер, У. Шелдонның темперамент туралы теориялары, Қ. Б. Жарықбаев, Намазбаева Ж., Алдамұратов, Т. Тәжібаевтің осы мәселеге арналған еңбектері негіз болды.

Зерттеу әдістері: Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Павловтың зерттеу әдісі.

Зерттеу базасы: Түркістан қаласының №9 Некрасов атыңдағы мектеп-гимназиясы, 5 сынып оқушылары


І - бөлім. Темперамент психологиялық процесс ретінде.

1. 1. Темперамент туралы жалпы түсінік.

Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығын, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де ( біреу өжет, алғыр болса, екіншісі сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз), эмоция сезімдерінен де (сабырлы, күйгелек т. б. ) жақсы байқалып отырады.

Темперамент - 5 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы.

Сонымен, темперамент - адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.

Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталған жөн. Адам ежелден ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік (типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет - қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.

Темперамент туралы алғашқы ойлар ғылымда өте ерте кезде айтыла бастаған. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігері Гиппократтың (б. э. д 460-336) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - шырын (слизь), құрғататын - бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ) . Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді «темпераментум» деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттардың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус»- қан), ал шырын басым болса (грекше «флегме» - шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт баысм болса меланхолик (грекше «мелай- нехоле» - қара өт), организмде сары өт басым болса холерик (грекше «холе» - өт) темпераменті деп атаған.

Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді. Ол мидың рөлін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл - адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмның түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер тарады, неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (былай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы теориялар XΙX ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.

Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.

Жүйке процестерінің күшіне - ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Жүйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. И. П. Павлов ашқан жүйке жүйесінің типтерін, олардың қасиеттері 3 - сызбанұсқада көрсетілген.

Сөйтіп, И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі - ұстамсыз тип - жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі ширақ типтер деп аталынады. Күшті типтердің екіншісі - ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір - біріне тең келіп, тез аламасып отырады. Күшті типтің үшіншісі - қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып тұрады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт «сынып» кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді - ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді - ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанымен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді - жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.

И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетінін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: «Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидуумның барлық әрекетіне белгілі өң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы».

1. 2. Темперамент туралы психологиялық теориялар

И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйтқымалы, қимыл - қозғалысқа шапшаң келеді. Олар - ұстамсыз, күйіп - пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ ете түсетін кездері кездері де болады. Бұлар - холерик темпераментінің өкілдері. И. П. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.

Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл табыса біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақкөңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері - іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайлар.

Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді. Олар кез-келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері - қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық - осы темпераменттің ең бір осал жағы.

Сонымен, темперамент - бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Ал қасиеттер іс-әрекеттің барша түрінде мазмұн, мақсат, сеп-түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімге, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде т. б. байқалады. Алайда дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолданылуда:

Сезімталдық - адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап әрекеттің туындау шапшаңдығы.

Жауап - әрекетке келу - бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.

Белсенділік - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет - қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау) .

Жауап - әрекетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл - күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам т. б.

Икемділік - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.

Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.

Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар - нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.

Сезімдік қызбалық - эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы. 19 ғасырдың аяғында темперамент туралы теориялардың дамуы жаңа бағыт алды. Неміс анатомы Гейне темпе-раменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындаєы молекулярлық қозға-лыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-І909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.

Ерте кезден бастап зерттеушілер адамдардың мінез-құлықтарын, күйзе-лістерін бақылай келе, адамдардың дене бітімі және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетіндігін байқаған.

Демек, жеке физикалық немесе психикалық қассиеттері бойынша өзара ұқсас көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтірудің нәтижесінде темпе-раменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты.

Клиникалық жағдайларында әртүрлі дене құрлымды адамдардың мінез-құлқын бақылау жағдайларында Э. Кречмер темпераменттің негізгі мазмұнын құрайтын психикалық қасиеттердің негізгі топтарын ұсынды. Бұл біріншіден, психастезия (психикалық тітіркендіргіштерге қатынасы аса жоғары немесе төменгі сезімталдылық), екіншіден, көңіл-күй фоны (көңілкөтеруге немесе қайғыруға бейім), үшіншіден, психикалық қарқын (психикалық үрдістердің тежелуі немесе тездететуі), төртіншіден, жалпы қозғалыс қарқыны немесе психомоторлық сфера (қозғалыс траекториясының қозғалмалылығы немесе тежелуі) .

Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері бар және дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т. б. ) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық типтерді ұсынды:

1) Лептосоматик - (грек - нәзік дене) . Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын, кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке ұзын.

2) Пикник - (грек - толық, нығыз) . Майлы тканді, бойы орташа немесе қысқа, денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және быртиған саусақтары бар.

3) Атлетик - (грек - күрес) . Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері мығым, бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.

4) Диспластик - (грек - нашар қалыптасқан) . Дене бітімінде нақты форма жоқ, бұл типтегі индивидтер дене құрылымының әртүрлі деформациясымен сипатталады [2] .

Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктер психикалық ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көп-шілігі лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен конституционалдық типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э. Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті. Дене құры-лымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты Кречмер былайша түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар. Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің белгілі ерекшеліктеріне тәуелді.

Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін ажыратады:

1) Шизотимик - дене құрылымы лептосоматикалық немесе астеникалық. Психикасы бұзылғанда шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді, көзқарасын өзгертпейді. қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.

2) Циклотимик - дене құрылымы пикниктік. Психикасы бұзылғанда маниакальді - депрессивті психозға бейім. Шизотимикке қарсы тип. Қоршаған адамдармен қарым-қатынасы тез түседі.

3) Иксотимик - дене бітімі атлеттік. Психикалық ауытқуларда эпилепсияға бейім. Салмақты, мимикасы мен жестері ұстамды. Ойлау икемділігі жоғары емес, белгілі жағдайларда орнын өзгерткенді ұнатпайды, қайта қоныстанғанда және ауысқанда қиыншылықпен бейімделеді.

Э. Кречмер конституциялық типо-логия теориясы Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жыл-дарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде оқитын 4000 жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антро-поскопиялық әдісті қолданды.

У. Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды:

1) Эндоморфты тип - қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.

2) Мезоморфты тип - бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыз ке»де агрессивті мінез-құлық байқалады.

3) Эктоморфты тип - арық, ішкі мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық, интровертті және өмірдің қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлга психологиясы
Топтағы адамдарды психологиялық зерттеу әдістерімен таныстыру
Топ психологиясының ғылыми таным жүйесіндегі орнын түсіну
Психология пәні және оның психологиялық білімдер жүйесінде алатын орны
Әлеуметтік психология саласындағы жетекшіліктің мәселесі
Жеке тұлға мінезі мен темпераменті
Адам темпераменті
Жекелік айырмашылықтар ұғымы
Дифференциалды психология
Эксперименталды-тәжірбиелік бөлімінің мағынасы мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz