Матрицалық синтез ингибиторлары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Медициналық биология, ФГЗ және химия кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Матрицалық синтез ингибиторлары

Орынндаған:

Тобы:

Қабылдаған:

2009ж

Жоспар:

І Кіріспе

Матрицалық синтез ингибиторлары

ІІ Негізгі бөлім

  1. Нуклейн қышқылдарының биосинтезінің негізгі принцптері
  2. ДНҚ репликациясын аяқтаушы ферменттер
  3. ДНҚ транскрипциясы
  4. Трансляция немесе ақуыз биосинтезінің инициациясы
  5. Трансляция ингибаторлары

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

МАТРИЦАЛЫҚ (ҚАЛЫПТЫҚ) БИОСИНТЕЗ

ДНҚ репликациясы. Жалпы мәліметтер

ДНҚ молекуласының ең маңызды қасиеттерінін бірі - оның өздігінен екі еселенуі (репликациялануы) болып саналадыл. ДНҚ репяикациялануы салдарынан тұқым қуалаушылық ақпарат ұрпақтан - ұрпақка өзгерксіз, тепе-тең мөлшерде беріліп, ұрпақтардың жалғасуы қамтамасыз етіледі. ДНҚ репликациясы жасуша циклының S -синтетикалык, кезеңінде жүзеге асады.

Теория күйінде ДНҚ репликациясынын 3 түрлі әдісі болжамдалған: 1) консервативті (тұрақты) ; 2) жартылай консервативті; 3) дисперсті.

ДНҚ молекуласының негізгі бөлімінін;

репликациялануы

ДНҚ репликациясының бірнеше ерекшеліктері белгілі:

а) ДНҚ молекуласының жаңа тізбегінің синтезделуіне қажет заттар - (дНТФ) болып табылады, ал ДНҚ құрамында (дНМФ) кездеседі. Б) ДНҚ репликациясы матрицалық (қалыптық) үдеріс яғни ДНҚ-ның жаңа тізбегі аналық ДНҚ молекуласының бір жіпшесі негізінде (матрица) комплиментарлық ұстаныммен (принциппен) синтезделінеді, яғни 4 нуклеотидтен (дАТФ, дГТФ, дЦТФ, дТТФ) жаңа тізбекке тек аналық жіпшедегі нуклеотидке комплиментарлы (А ↔︎ Т; Г ↔︎ Ц) нуклеотид қана қосылады.

в) ДНҚ синтезі (репликациясы) симметриялы болады, яғни матрица қызметін аналық ДНҚ молекуласынын екі тізбегі де атқара береді. Сондықтан оны жартылай консервативті деп те атайды. Себебі, жаңадан синтезделген ДНҚ молекуласы жартылай жаңарған болады, яғни оның бір тізбегі ескі - аналық молекуладан алынған болса (матрица), екіншісі жаңадан синтезделген болады.

г) ДНҚ синтезі (жаңа тізбектің не оның бір бөлімінің синтезделуі) белгілі бір бағытта жүреді, яғни 5 1 ұшынан З 1 ұшына карай жүреді,

д) ДНҚ репликациясы басталу, жүруі үшін, міндетті түрде аналық ДНҚ молекуласының қос ширатпасы бір - бірінен ажырасуы қажет, тек осы жағдайда, яғии бір бірінен ажырасқан аналық молекуланың жіпшелері матрица (қалып) қызметін атқара алады.

ДНҚ репликациясын аяқтаушы ферменттер

Жоғарыда аталған ферменттер кешені қызметтері нәтижесінде жаңадан сиитезделінген әрбір тізбектер бір-бірімен тығыз орналасқан көптеген фрагменттерден тұрады. Көршілес фрагаенттердің бір-біріне жалғануы ДНҚ-лигаза (Л) ферменттері арқылы жүзеге асады.

ДНҚ-полимераза ферменттері сияқты ДНҚ-лигазаларда нуклеотидтерді фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланыстырады. Осылайша ДНҚ молекуласының негізгі белігі репликацияланады, ал оның ұштары, яғни теломералық учаскелері, ерекше жолмен репликацияланады. Бұл үдеріске ерекше ферменттер теломеразалар қатынасады.

ДНҚ транскрипциясы немесе РНҚ синтезі Жалпы мәліметтер

ДНҚ молекуласында генетикалық ақпарат болатыны белгілі, ол: - ағзаның барлық ақуыздары және РНҚ молекулалары туралы ақпарат;

-онтогенез барысында осы ақпараттың жүзеге асуының реті туралы ақпарат.

Адам ағзасының барлық дене жасушаларында хромосома жиынтығы бірдей (46) болғандықтан олардың бәрінде бірдей генетикалық ақпарат болады.

Бұл жағдай, яғни генетикалық эквиваленттілік, диплоидты ағзаларды клондауға мүмкіндік береді.

Өзімізге белгілі ДНҚ репликациясы нәтижесінде генетикалық ақпарат екі еселенеді және олар жаңадан түзілген жасушаларға тепе-тең мөлшерде беріледі.

Бұдан басқа, генетикалық ақпарат экспрессияланады яғни әрі қарай жүзеге асады.

Белгілі бір акуыз молекуласыныц құрылымы туралы ақпараттың экспрессиялануы 2 кезеннен тұрады: а) транскрипция -жасуша ядросында а-РНҚ түзілуі; б) трансляция -аРНК, ақпараты негізінде рибосомаларда ақуыз молекуласының синтезделуі.

Транскрипцияның жалпы сипаттамасы

Транскрипция дегеніміз - ДНҚ молекуласындағы генетикалық ақпараттың РНҚ молекуласына көшіріліп жазылуы, яғни РНҚ синтезделуі болып табылады.

Транскрипция факторлары

Гендердің экспрессиялануына көптеген ақуыздар әсер етеді. Сонғы жылдары транскрипциялық фактор қасиетіне ие көптеген ақуыздар анықталды. Олар бір-бірімен, не ДНҚ молекуласының реттеуші учаскелерімен (промотор, энхансерлер), не басқа да заттармен (лиганда) өрекеттесіп гендердің белсенділігіне әсер етеді.

Транцляция немесе ақуыз биосинтезінің инициациясы

Ең алдымен а-РНҚ-нық 5 1 -трансляцияланбайтың учаскесі рибосоманың кіші бөлшегімен (18S р-РНҚ) байланысады. Бұл кезде инициаторлық кодон (АУГ) П-орталық денгейінде орналасады, әрі қарай инициаторлық кодон мен (АУГ) инициаторлық аа-р-РНҚ (Мет-аа-т РНҚ и мет ) комплиментарлы байланысады. Ал, соңғысы үлкен бөлшектің П-орталығымен әрекеттесіп рибосоманың екі бөлшегінің біртұтас органеллаға жинақталуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, трансляция инициациясы үшін ГТФ және 3 инициация факторлары -еІҒ-1, еІҒ-2, еІҒ-3, қажет. Бұлардың ішінде еІҒ-3 рибосоманың еркін кіші бөлшегіне қосылып, онын үлкен бөлшегімен күні бұрын байланысуын болдырмайды және онымен а-РНҚ-ның байланысуына көмектеседі.

еІҒ-2 факторы инициаторлық аа-т-РНҚ-ның байланысуын қамтамасыз етеді. Бұл кешен ГТФ-пен де байланысқан. Содан кейін Мет-т-РНҚ и мет , өз орнына, П-орталыққа орналасу барысында ГТФ-ГДФ-ға дейін гидролизденеді. Бұл кезде еІҒ-3 және, еІҒ-2 рибосоманы тастап шығып кетеді.

Сонымен, белсенді біртұтас рибосоманың жинақталуы, яғни инициаторлық кешеннің түзелуі, бір макроэнергиялық байланыстың үзілуі арқылы жүреді. (ГТФ → ГДФ) . Осы кезде бөлінетін энергия үдерістің қажетті бағытта жүруі үшін термодинамикалық стимул болып табылады.

еІҒ-1 факторы еІҒ-2-ге кезекті ГТФ пен Мет-т-РНҚ и мет жалғау арқылы оның жаңадан зарядталуына мүмкіндік береді.

Инициациядан кейін трансляиияның негізгі кезеңі - элонгация (пептидтік тізбектің ұзаруы) басталады. Ол қайталанып отыратын циклдық сипатқа ие, яғни әрбір кезекті аминқышқылының полипептид тізбегіне қосылуы қайталанып отыратын ұқсас құбылыстардан тұрады.

Элонгация циклдары 3 сатыдан тұрады.

Трансляция ингибиторлары

Кептеген антибиотиктер қожайын жасушасындағы трансляция процессіне айтарлықтай әсер етпей микроағзалар трансляциясының арнайы ингибиторлары болып табылады. Олар рибосоманың кіші не үлкен бөлшектеріндегі қызметтік орталықтарға әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нуклеин қышқылдарының түзілуін тежейтін антибиотиктер
Абберация – мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының зақымдануы
Вирустар. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
Белок молекуласының құрылысы
Гендік инженерия жайлы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы. инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы
Жүректің ишемиялық ауруына ксенобиотиктер детоксикациясына қатысатын гендер әсері
Мембрананың құрылысы
Ферменттермен жұмыс істеу әдістемесі Ферменттерді бөліп алу туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz