Қазақстан Республикасында мұнай газ кешенін мемлекеттік реттеу


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты - кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Еліміздегі келешегі бар, жоғары табыс беретін бағыттардың бірі және бірегейі мұнай - газ саласы болып табылады. Бұл мәселеде біздің мемлекеттің саясаты қабылданған ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында «Мұнайды шетке шығарудың тек саналуан бағыттары бізді бір көршіге тәуелдіктен және бір тұтынушыға басыбайлы бағалық тәуелдіктен құтқара алады» - деп анық көрсетілген. Президент Н. Назарбаев Қазақстан мұнайын тасымалдау мәселесінде «Көпвекторлық саясатты» - ұстанады деп атап айтты [1, 23 б. ] .

Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен [2] бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның [3] шеңберінде әзірленді.

Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі ел экономикасындағы мұнай-газ саласының рөлін тұрақты нығайтумен шарттасады.

Мұнай-газ саласы елдің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізеді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқа да салаларының дамуына ықпал етеді. Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысы өңірлер мен бүкіл мемлекет ауқымындағы неғұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуымен байланысты.

Жарқын болашақта елдің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады, бұл өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы объектілер құрылысын қамтитын салаларды кешенді дамытудың ел үшін бірыңғай жоспарларын әзірлеу жолымен барлық мүдделі тараптардың қызметін үйлестіруді талап етеді.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылғы 14 мамырда ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын кешенді дамытудың 2009-2015 жылдарға арналған жоспарын» бекітті. Бұл құжаттың басты мақсаты - елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұнай өңдеу саласын кешенді түрде дамыту.

Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2006-2015 жылдарға арналған кешенді экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ осы проблеманың экологиялық және әлеуметтік аспектілерін ескере отырып, корпоративтік өндірістік экологиялық мониторинг жүйесін қалыптастыру жалғастырылуда. Қазіргі уақытта, оның бірінші кезеңі іске асырылды - геоақпараттық технологиялар негізінде қоршаған ортаның аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесі енгізілді және жұмыс істеуде, тұрақты түрде жаңартылатын электрондық экологиялық карта жасалды.

Мұнай саласының дамуымен мемлекеттің энергетикалық тәуелсіздігі, тұрақты ішкі экономикалық кеңістікті ұйымдастырумен бағыттас салалардың интенсивті дамуы байланыстырылады. Олар бірнеше аспектілерде қарастырылады:

Біріншіден, мұнай кешені Қазақстан үшін тек маңызды өндіріс саласы ғана емес, ол - еліміздің тәуелсіздігінің, экономикалық қауіпсіздігінің, ішкі саяси тұрақтылығының негізгі құраушыларының бірі.

Екіншіден, Қазақстан кең әлемдік шаруашылық байланыстарына қосылған әрі жаһанданудың масштабты процестеріне енген. Мұнай мен газ ертеден бері халықаралық сауда мен ынтымақтастықтың әрі бәсекелестіктің тақырыбы мен объектісі болып табылады, яғни экономикалық мүдделерді қанағаттандырумен қатар саяси мақсаттарды да жүзеге асырады. Кейде бұл мақсаттар басты мәнді иеленеді.

Қазақстан Республикасындағы көмірсутегі шикізатының жалпы болжамды шығарылатын ресурстары 17 млрд. тонна құрайды, олардың 8 млрд. тоннасы Каспий теңізінің қазақстандық секторына тиесілі.

Әлемдік мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы Қазақстанның рөлі, оның аталмыш нарыққа белсене қатысуы және әлемдік нарықта ұсынатын тауарларының сапасы әр кезеңде өзекті мәселе болып табылады [3] .

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Өндірістің мұнай-газ саласын дамытудағы дамудың жекелеген теориялық және практикалық мәселелеріне: Аубакирова Я., Ахметжанова С. Б., Е. Р. Әзербаев, Байзақов С. Б., Баймуратова У. Б., Егоров О. И., Есентугелов А. Е., Доғалова Г. Н., Карибджанов Е. С., Кенжегузин М. Б., Киинов Л. К., Қажымұрат К., Қошанов К. К., Садықов А., Сапарбаев Б., Сатова Р. К., Сатқалиева Т. С., Турекулова Д. М., Туркебаева Э. А., Шалболова У. Ж., Яновская О. А және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған.

Қазіргі даму жағдайында мұнай компанияларының бизнес-жоспарларының тиімді қалыптасуы, қызмет етуі және дамуы бойынша әдістемелік аспектілері әлде де толық зерттелуді қажет етеді. Сондықтан осы тақырып төңірегінде іздену маған қызығушылық туғызды және де осы тақырыпты «Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу» деп таңдауымның себебі де сол болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу мақсатында берілген тақырыпқа толық зерттеу жүргізіп, тақырыптың мәнін ашу, сонымен бірге қазіргі таңдағы ең ірі кәсіпорын - «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ қызметіне талдау жасау.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:

  • Мұнай-газ саласының экономикадағы рөлі және оны мемлекеттік реттеу мәселелерін зерттеу;
  • Мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдарын анықтау;
  • Мұнай - газ саласын мемлекеттік реттеудің шет елдік тәжірибесін қарастыру;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ң мұнай-газ саласын дамытуындағы қызметін бағалау;
  • Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу жағдайын талдау;
  • Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының даму мәселелері және оларды шешу жолдарын зерттеу;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ң қызметін дамыту бағытында мемлекеттік реттеу тетіктерін қолдану бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мысалында мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу.

Зерттеу пәні болып - кәсіпорын экономикасын мемлекеттік басқару, кәсіпорындағы қаржысын талдау, экономиканы мемлекеттік реттеу болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі экономика және қаржы саласындағы ғалымдардың классикалық және қазіргі уақыттағы еңбектерінде көрсетілген кәсіпорынды мемлекеттік реттеу мәселелері; Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері, мұнайгаз саласын дамыту бойынша бағдарламалық құжаттар, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі мен Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің мәліметтері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кәсіпорнының 2010-2012 жж. есептері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтаушы негізгі нәтижелер келесідей:

  • Экономиканы мемлекеттік реттеу түсінігі тереңдетілген және теориялық тәсілдемелерді жүйелеу негізінде тұжырымдама берілген;
  • Мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу әдістемесі берілген;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметінінің негізгі көрсеткіштері талданды;
  • Мұнай-газ компанияларының қызметін нығайту арқылы келешек бизнесті жоспардың жаңа үлгілері ұсынылған.

Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мұнай-газ саласының экономикадағы рөлі және оны мемлекеттік реттеу мәселелері

Мұнай мен газдың, ал ертеректе оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М. В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады . . . Бұл дегеніміз - сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы - мұнайдың негізі . . . », - деп жазады 1763 жылы М. В. Ломоносов [4, 159 б. ] .

Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары - академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.

Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды - ацетилен, этилен және т. б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.

Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық - жасанды мұнайды алды. Д. И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д. И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды. Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті [5, 163 б] .

Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.

Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы - академик Н. Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді.

Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай - бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы - бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді [6, 86 б] .

Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.

Дүниежүзінде, атап айтқанда, мұнай өнеркәсібінде өнім сапасын басқарудың бай тәжірибесі жинақталған. Сонымен бірге біз өз зерттеулеріміз үшін әлемдік тәжірибенің, біздің түсінігімізше, Қазақстанның пайдалануы тиімді болатын бірнеше әлемдік тәжирибе бағыттарын анықтадық. Оларға тұтастай мұнай кешенін мемлкеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі, кіріктірілген ірі компаниялардың қызметі, экологиялық стандарттарды енгізу тәжірибесі, сондай-ақ өнім сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік шаралар жатады.

Қазақстан Республикасының мұнай кешенін реттеу заңнамасы келесі заңнамалық актілермен анықталады, «Кеніштер және кеніштерді пайдалану туралы» ҚР Президентінің 1996 ж 27 қаңтардағы Жарлығы және «Мұнай туралы» заңдық күші бар 1995 ж 28 маусымындағы ҚР Президентінің жарлығы. Заңнаманың ішкі қайшылықтары оны инвестор - кәсіпорындарымен, сондай-ақ мемлекеттік шенеуліктермен инвестициялық мәмілелер жасау процесінде қолдауын қиындатады. Мысалы «Мұнай туралы» Жарлыққа сәйкес: оған қол қойылғанға дейін шарт міндетті түрде экономикалық және құқықтық сараптауға жатады». «Кеніштер және кеніштерді пайдалану туралы» Жарлық сараптамалар тізбесін толықтырады және экологиялық сараптама жүргізуді міндеттейді, ал «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Жарлық жер қойнауын пайдалануда шарттардың міндетті салықтық сараптамасын қосымша енгізеді.

Мүмкін, заң шығарушылар және Үкімет «Ең жетілген заңды» шексіз іздеуден бас тартып және одан гөрі шетелдің тәжірибесін пайдалану заңнамаға тұрақтылық келтіретінін түсінгендері жөн болар.

Шетелдік елдердің үкіметтерінің көпшілігі айтарлықтай қатаң іс-әрекетті дәйектеуде отын-энергетикалық саланы мемлекет меншігінде сақтауға басымдық береді. Егер елдің энерго шаруашылығын нығайтуға келтіретін кешен салаларында бәсекелестік болса, онда белгілі бір энерго тасушыларда қоғамдық қажеттілікті жақсы қанағаттандыруға мемлекет жеке және шетел капиталын жібереді (әдетте бұл бензин құю желісі, белгіленген жағдайларда мүнайгаз кеніштерін барлау және игеру, мұнай өңдеу бойынша қосымша қуаттар жасау, энергияның баламалы көздерін өңдіру және т. б. ) .

Мемлекет меншігіндегі энергетика салалары және олардың кәсіпорындары өз қызметінің ерекшелігіне сәйкес нарықта монополия жағдайына ие болады, сондай-ақ тұтынушылар үшін мәнділігі де жоғары болады. Сәйкесті реттеудің болмауы, жеке алғанда, өнімдерге бағаның біруақытта өсуінде отын энергетика саланың құлдырауына соқтырады.

ТЭК салаларында монополистердің қызметін реттеудің заңнамасы негізінен екі міндетті шешеді: мүмкіндігінше кәсіпорын/сала-монополис қызмет ету жағдайлары нарықтық ортаға жақындатады және қоғамдық мәні және экологиялық қауіпті ретінде олардың шаруашылық жүргізуі ережелерін анықтайды. Өз кезегінде, қажет жағдайларда мемлекет жалпы ұлттық мүдделермен байланысты кәсіпорын /сала монополис бірқатар міндеттерін орындау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді және оларға белгілі жеңілдіктер мен артықшылықтар береді.

Энергетикадағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері сапасында келесілерді атауға болады:

- адал конкуренция шарттарын жасау;

- энергетиканың тұрақты дамуына қолқабыс жасау;

- қоршаған ортаны қорғау;

- корпорацияның пайдасының нормаларын реттеу [7, 177 б] .

Сөйтіп, саланы шет елде қаржы-экономикалық реттеудің басты элементі болып мемлекеттік қолдампаз орын алады. Бұл энерго тасышылардың әлемдік нарығындағы «сілкіністер» кезеңінде анық байқалады, бірақ соңғы жылдары АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция және басқа да елдерде мемлекеттік қолдампаздық кең қолданылады.

Саланы дамытудың қазіргі бар мемлекеттік реттеу саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

1) Жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау - мемлекет тарапынан саланы реттеуді жүзеге асырудағы негізгі акцент. Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құзыретті органның функцияларына жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттардың талаптарын орындауы мониторингі және бақылау кіреді.

Келісім-шарттар талаптарының орындалу мониторингі жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау кезінде келісім-шарттардың талаптары мен заңнама талаптарының орындалуы жөніндегі есептілік, жазбаша түсіндірме нысанында беретін бастапқы ақпаратының, сондай-ақ жер қойнауы туралы Заңға сәйкес мониторингке қатысатын және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның деректері негізінде жүзеге асырылады.

Келісім-шарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мониторингке қатысатын және (немесе) заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік бағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мониторинг және (немесе) бақылау деректерін Құзыретті органға береді.

Көрсетілген мәліметтерді мына мемлекеттік органдар береді:

1) индустриялық саясатты және жаңа технологияларды мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган - тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қатысты қазақстандық үлес бөлігінде;

2) тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын үйлестіретін уәкілетті орган - қазақстандық кадрларды тартуға қатысты қазақстандық үлес, сондай-ақ оларға кемсітпеушілік негізде жағдайды және оларға еңбекақының төленуі бойынша;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушылардың экология заңнамасын орындауы бөлігінде;

4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы орындауы;

5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган денсаулықты сақтау заңнамасының және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың сақталуы бөлігінде;

6) мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушылардың салық заңнамасын сақтау бөлігінде;

8) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі заңнаманың сақталуы бөлігінде.

Құзыретті орган мониторинг деректерін талдауды жүзеге асырады. Егер бақылау барысында жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарттың талаптарын орындамау фактісі анықталса, онда Құзыретті орган мұндай жер қойнауын пайдаланушыға қатысты заңдарға және келісім-шарттың ережелеріне сәйкес шаралар қолданады.

2) Жер қойнауларын ұтымды игеру мәселелері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде ұзақ мерзімді аспектіде кен орындарын игерудің экономикалық тиімділігін айқындайтын, бұл ретте экология және жер қойнауын қорғау мәселелерінің шешілуін қамтамасыз ететін негізгілері болып табылады. Осы мәселені іске асыру мақсатында пайдалы қазбаларды барлаудың және игерудің неғұрлым тиімді әдістерін талдауды, әзірлеуді және қолдануды қамтамасыз ететін “Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнінде орталық комиссия” (бұдан әрі - ОБӘК) алқалық консультативтік-кеңесші орган құру көзделіп отыр. Комиссия жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі жобалық құжаттарды бекіту не бас тарту жөніндегі ұсынымдарды қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.

Жер қойнауын ұтымды игеруді реттеудің және бақылаудың тиімді жүйесін жақсарту, арттыру, оны қазіргі заман талаптарына бейімдеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін ОБӘК алдыңғы жұмыс тәжірибесін қорытуды және талдауды жүргізу қажет.

3) Көмірсутегі саласындағы әлемдік конъюктурадағы өзгерістерге уақытында ден қою, сондай-ақ кен орындарын игерудің кен сатысында немесе жер қойнауының өнімі аз учаскелерін пайдалануды ынталандыру үшін мұнай-газ саласындағы салық салу мәселелеріндегі икемді саясат жүргізу үшін негіздер.

Игерудегі қиын алынатын қорлардың жоғары үлесін ескере отырып, аз дебитті ұңғымаларды бірінші кезекші ұтымды ету қажет. Ол көлденең оқпандарды бұрғылау (оның ішінде ескі ұңғымалардан), қабаттарды тереңінен сумен жару, қабаттарға неғұрлым тереңінен кіргізіп қайталама префорациялау, қабаттың кенжар маңына әртүрлі физикалық-химиялық әсер ету әдістері және т. с. с секілді кен орындарын игеру тиімділігін арттыру жөніндегі қазіргі заманғы технологияларды кең ауқымды пайдаланудың экономикалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осы технологияларды қолдану ұңғымалардың “ескі” қорында өте аз шығынмен жаңа ұңғымалардың дебитінен асып кететін дебиттер өсімін алуға мүмкіндік береді [8, 217 б] .

4) Жасалған келісім-шарттар бойынша мәселелерді реттеу және жаңа кезеңге арналған стратегияны әзірлеу қажеттігінен туындаған конкурстарды өткізудегі шектеу екінші жағынан инвесторлардың геологиялық барлау жұмыстарына қатысуының азаюына алып келеді.

Мамандардың болжамы бойынша Қазақстан Республикасындағы көмірсутегі шикізатының алынатын қорлары қазіргі өндіру деңгейінде шамамен 60-70 жылға жетеді, алайда, ірі мұнай-газ кен орындарындағы өсіп келе жатқан өндіру деңгейін ескерсек, көрсетілген уақытша шектеулер едәуір қысқаруы мүмкін. Сондықтан мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жаңа кен орындарын ашу есебінен қорлардың өсуімен қамтамасыз етілуі тиіс.

1. 2 Мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр энергетикасы саласын дамыту
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2006 жылға арналған экономикалық және әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттары мен экономикалық көрсеткiштері
Экономикадағы сараптау жүйелері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия саласы
Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласының даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz