Социология пәні


1. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен.
20ғ екінші жартысына «әлеуметтану» ұғымы термин ретінде енді.
Негізін салушы Огюст Конт: Әлеуметтану ғылымын әлеуметтану физикасы деп атады.
Әлеуметтану ғылымын 2-ге бөлді:
- Әлеум статикасы - қоғамның ешбір сыртқы әсерсіз дамуы
- Әлеум динамика - қоғамның сыртқы күштердің әсерінен дамуы
Әлеуметтану ғылымының негізгі объектісі - қоғам. Бұл ғылымның ерекшелігін түсіндіру үшін қоғам деген ұғымды бөліп алып өарастыру жеткіліксіз. Өйткені қоғам көптеген ғылымдардың объектісі болып табылады. Әлеуметтанудың таным объектісі - әлеум атауы арқылы көрінетін бүкіл байланыстар мен қарым қатынастардың жүйесі. Бұл байланыстар мен қарым - қатынастар әрбір әлеум нысанда ерекше түрде жүзеге асырылатын болғандықтан, әлеуметтаулық танымның объектісін әлеуметтік жүйе деп атасақта болады.
2. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
Социология оқшауланбай, басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз қарым-қатынаста дамып келеді. Социология пәнінің анықтамасы ғылым ретінде оның басқа қоғамдық ғылымдардан өзгешелігі неде екендігін көрсетіп қана қоймай, қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орнын неғұрлым дәл анықтауға, сондай-ақ олардың жеке түрлерімен қаншалықты тығыз байланысты екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Қоғамды зерделеуге деген социологиялық көзқарастың ерекшелігін нақты анықтап алу үшін социологияның әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылыммен және басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасын және өзара әрекетін қарастырудың маңызы зор.
Социология және әлеуметтік философия . Әлеуметтік философия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі. Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық проблемаларды шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Әлеуметтік философия мен социологияның зерттеу объектілерінің бір-біріне дәл келетін тұстары өте көп. Әлеуметтік философия да, социология да қоғамды тұтас, жүйелі түрде, оған енетін бірліктерін интегралдық құрылым ретінде қарастырады. Бұл осы ғылымдардың бір-бірімен ерекше тығыз байланысын анықтайтын ортақ сипаты. Алайда социологияның объектісі мен пәні нақтылырақ, қоғамның дамуын аса жоғары деңгейдегі абстракциямен сипаттайтын әлеуметтік философияның объектісімен және пәнімен салыстырғанда абстрактілігі аз. Әлеуметтік философия қоғамдық проблемаларды логикалық ой-толғаныс тізбегінде дамитын белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа ала отырып шешеді. Социология болса басқа қоғамдық ғылымдардың нәтижелерін пайдала отырып эмпирикалық тексерілетін әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға, осы ғылымның шеңберінде алынған тиісті эмпирикалық мәліметтерді тұжырымдауға сүйенеді.
Неғұрлым көбірек тұжырымдалған заңдар мен категорияларды білу әрқашан да азырақ тұжырымдалған заңдар мен категорияларды зерделеуге дұрыс жол табудың қаншалықты қажетті алғышарты болса, әлеуметтік философия социологияның соншалық жалпы теориялық және әдістемелік негізі болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы да, оның жеке элементтері де тұтас нәрсенің бір бөлігін сол нәрседен тыс түсінуге болмайтындығы сияқты, тұтас қоғамның мәнін, оның әр түрлі салаларының өзара әрекетін және т. б. түсінуден тыс терең әрі ойдағыдай зерделене алмайды. Екінші жағын алар болсақ, социология қоғамдық өмірді оның бар күрделі сан қырлылығын нақты талдай отырып, әлеуметтік философияның ұғымдық аппаратын және пәндік мазмұнын байытуға, олардың шынайы өмірмен, тәжірибемен байланысын ұлғайту және тереңдету негізінде оның ережелері мен қорытындыларын айқындауға және нақтылауға ықпал етеді.
Социология және тарих . Тарих - ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі. Тарих қоғамды хронологиялық түрде нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен әлеуметтік оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік-уақыттық тұтастық ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды. Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды. Бір айырмашылығы, ғылым ретінде социологиядағы ең басты нәрсе - өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру, берілген әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің осы қатарындағы қайталанатындарын, тұрпаттыларын, мән-мағыналық заңдылықтарын бөліп қарау. Сонымен социология тарихқа қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып табылады. Іс жүзінде социология тарих (сондай-ақ басқа ғылым да) беретін мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді.
Егер тарих қоғамдық өмірдің барлық салаларын, жақтарын, пайда болу нысандарын зерттейтін болса, ал социология қоғамдағы “әлеуметтікті” ғана зерделейді. Тағы бір атап өтетініміз, тарих ғылымы тек болған және тарихқа енгендерді ғана зерделейтін болса, социология өз ізденістерін қазіргі заманға көбірек бұрады және өзіне қажетті элемент ретінде әлеуметтік болжам жасауды қамтиды. Социология мен тарихтың өзара қарым-қатынасы ең алдымен әлеуметтік ережелер мен қорытындылар тікелей тарихи фактілерді, тарихи тәжірибені тұжырымдауға сүйенетіндігімен айқындалады. Екінші жағынан алғанда, әлеуметтік философиямен бірге социология тарих ғылымының жалпы теориялық және әдістемелік негізі болады.
Социология және саясаттану . Социология пәні мен саясаттану арасында өзара тығыз байланыс бар. Олар:
- әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады;
- саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады;
- саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын айқындайды. Саясаттану ғаламдық қоғам құрылымының бір ғана саласын, яғни биліктің ұйымдастырылуын зерттейді. Бірақ саясаттану бұл саланы қатаң ғылыми әдістермен осы құрылымның басқа бөліктерімен байланыстыра қарастырғанда ғана зерделей алады. Бұл саясаттанудың саяси құрылым мен саяси институттарды, саяси биліктің құрылымдары мен ұйымдастырылуы сипаттамаларын зерделегенде, социология ашатын ғаламдық қоғамның құрылымына жататын заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді. Социология да жеке топтар мен жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастарын және саяси құрылымын зерделей алады, бірақ ол мұны олардың қоғамдық құбылыстар ретіндегі мән-мағынасын айқындау мақсатында жасайды. Азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануды қызықтыратыны ең алдымен азаматтың құқықтары мен міндеттері, саяси жүйенің құрылымы мен саяси билікке қатысты (саяси) қарым-қатынастар, саяси институттар мен ұйымдардың орны, рөлі және қызметтері. Ал социология азаматтық қоғамға оның әлеуметтік құрылымын талдау, жеке тұлғаның мәртебесі, таптар және басқа да әлеуметтік топтар, ұлттар мен ұлыстар, олардың өзара әрекеті және т. б. тұрғысынан қарайды. Социология және психология. Егер социологияөзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. Психологияның пәні болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері. Дей тұрғанмен де, адамдар арасындағы қарым-қатынастарда, олардың бір-біріне қатысты мінез-құлықтарында бұл қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылатын психологиялық элемент те бар. Сондықтан да социология қоғамдық қатынастарды зерделей отырып, адамдардың себептерінің, сезімдерінің және көңіл-күйлерінің психикалық элементтерін назарға алуы тиіс. Бірақ та қоғамдық құбылыстарды тек қана психикалық құбылыстарға телу дұрыс болмас еді. Сөйтіп, социология мен психологияның байланысы олардың пәндерінің байланысынан туындайды. Ал олардың пәндерінің байланысы қоғамдық құбылыстарды зерделеген кезде психикалық элементтерді назарға алу қажеттігін ғана емес, психикалық құбылыстарды зерделеген кезде олардың әлеуметтік шарттылықтарын, әлеуметтік ортамен байланысын ескеру қажеттігін де көрсететіндігінде. Социология да, психология да адамды және оның мінез-құлқын зерделейді. Алайда олар мұны өз пәндерінің ерекшеліктері тұрғысынан әр түрлі жасайды. Дегенмен де олар өз пәндерін зерделеген кезде үйлесімді бағыт ұстанады және олардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы бар деп айтуға болады. Социология және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады, олардағы өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғанындай, экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттар мен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі. Бұл да экономикалық және әлеуметтік ғылымдардың өзара әрекетін нығайта түсуді талап етеді. Егер де экономика ғылымы қоғамдық өмірдің бір ғана, мейлі өте маңызды саласының заңдылықтарын зерттейтін болса, социология қоғамның тұтас дамуының негізінде жататын және оның барлық, соның ішінде экономика салаларында ерекше көрініс табатын неғұрлым жалпы және кең ауқымды заңдылықтарын зерттейді. Сонымен социология мен өзге қоғамдық ғылымдардың арақатынасы туралы мәселеде, солардың өзара тығыз байланысы, қоғамдық өмірді шынайы зерттеуде бұл ғылымдардың пәндік шекаралары сақталумен бірге, бір-бірімен қабысуы, бірақ социологияның бұл ғылымдарды жұтып қоймайтыны сөз болуы керек және солай болуға тиіс те.
- Әлеуметтану білімінің құрылымы
Әлеуметтану білімінің құрылымы екі деңгейден тұрады:
- Білім деігейі
- Білім алу құралдарыБілім- өзіне әдістемелік және дүниетанымдық принциптерді; жалпы, арнайы және салалық теорияларды, іргелі және қолданбалы теорияларды; социология пәні туралы ілімді, әдістер, оларды жасау және қолдану туралы білімді; социологиялық білімнің нысандары, тұрпаттары мен деңгейлері туралы ілімді, арнайы түзілген жіктелімдерді немесе типологияларды; тұжырымдамалық үлгілер мен болжамдарды қамтиды. Білім алу құралдары- бұл жеке әдістер мен социологиялық зерттеулердің өзі. Білімнің деңгейіне қарай социология теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Ғылыми танымдағы теориялық пен эмпирикалықтың арақатынасының проблемасы екі қырын қамтиды:функционалдық және генетикалық. Функционалдық қырығылымның дамыған теориялық аппараты мен оның эмпирикалық базисінің арақатынасына қатысты. Мәселені мұндай қырынан алып қарау теорияның аппараты мен бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтері арасындағы байланыстырушы буындарды табуды, теориялық ережелерді эмпирикалық тексеру әдістерін анықтауды көздейді, ол ғылыми білімнің теориялық деңгейі қалыптасқан және мәселе оның эмпирикалық деңгеймен арақатынасын негіздеу туралы болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте теорияның эмпириямен “кері байланысы” ғылымның өзінің теориялық аппаратының одан әрі жетілуі мен дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналады. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық білімнің арақатынасы қырытеориялық аппаратты, оның ішінде ғылыми теорияны қалыптастыруға, ғылымның эмпирикалық сатысынан оның теориялық сатысына көшуіне қатысты. Теориялық білім- бұл теориялық білімнің социологиялық теориялары, болжамдары, типологиялары және т. б. нысандары. Эмпирикалық білім- эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары. Егер де социологияны “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, ал социологияны “іргелі”және“қолданбалы”деп бөлу - социологияның өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына (функциясына) байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі социологияның да, қолданбалы социологияның да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі социологияға (бағыты бойынша) жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау болса, онда ол қолданбалы социологияға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін - шынайылықтың түрленуі. Бұл теориялық зерттеулерге (білім деңгейі бойынша) қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі (білім деңгейі бойынша), бірақ қолданбалы бағытта болады. Социологиялық білім тұжырымдаудың түрлі деңгейдегі теорияларын қамтиды. Жалпысоциология теорияларын арнайы және орта деңгей теориясы деп бөліп қарастырамыз. Барлық арнайы социологиялық теорияларды (орта деңгей теорияларын) шартты түрде үш топқа бөлуге болады1) әлеуметтік институттар теорияларыкүрделі әлеуметтік өзара байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттейді (отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы, дін социологиясы, өнер социологиясы, әскер социологиясы, саясат социологиясы, еңбек социологиясы және т. б. ) ; 2) әлеуметтік қауымдастықтар теорияларықоғамның кіші топтан бастап әлеуметтік тапқа дейінгі құрылымдық бірліктерін зерттейді (кіші топтар социологиясы, ұйымдар социологиясы, топтар, страталар, таптар социологиясы, аумақтық принциптер бойынша қауымдастықтар социологиясы және т. б. ) ; 3) мамандандырылған әлеуметтік процестер теорияларыәлеуметтік өзгерістер мен процестерді зерттейді (қоғамның бүлінуінің әлеуметтік процестері - қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік социологиясы, жанжалдар социологиясы, жинақылық және көші-қон социологиясы, урбанизация социологиясы, коммуникация процестері социологиясы, қоғамдық қозғалыстар социологиясы және т. б. ) .
4. О. Конт - әлеуметтанудың негізін қалаушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы
О. Конт Әлеуметтану ғылымын әлеуметтану физикасы деп атады.
Социологияның негізін қалаушы О. Конт социологияның пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа сүйейді. О. Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Социологияны әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп шыққан. Конт әлеуметтану ғылымын әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика деп екі ғылымға бөлді.
Әлеуметтік статика қоғамның ешбір сыртқы әсерсіз дамуы
Әлеуметтік динамика қоғамның сыртқы әсерлер арқылы айнымалы түрде дамуы.
Конт қоғамның даму кезеңдерін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырды
1) Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм . Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі, ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.
2) Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын сатыны құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.
3) Позитивті не шынайы немесе ғылыми сатыда (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі - қиял бақылауға тұрақты бағынатын заң қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді.
5 . Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
“Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымы - социологиядағы негізгі түсініктердің бірі. Социологияда “әлеуметтік іс-әрекет” ұғымын алғаш рет енгізген және ғылыми негіздеген М. Вебер болатын. М. Вебердің түсінігінше әлеуметтік іс-әрекеттің кем дегенде екі ерекшелігі бар: біріншіден, ол оңтайлы, саналы түрде болуы, ал екіншіден басқа адамдардың мінез-құлқына бағытталуы қажет. Әлеуметтік іс-әрекеттің мұндай ұғымы бойынша адамдардың әлеуметтік емес, материалдық объектілерге бағытталған іс-әрекеттерін әлеуметтік іс-әрекеттер деп атауға болмайды. М. Вебер келтірген мысал ерекше: екі велосипедшінің кездейсоқ соқтығысып қалуы қарапайым оқиға ғана бола алады, ал соқтығысты болдырмауға әрекеттену, соқтығыстан кейінгі ұрыс-төбелес немесе жанжалды бейбіт жолмен шешу - бұл әлеуметтік іс-әрекет. Алайда әлеуметтік және әлеуметтік емес іс-әрекеттер арасында айқын шекара жүргізу өте қиын. Әлеуметтік іс-әрекеттің ажырамас белгісін құрайтын мінез-құлықтың саналылығын, оңтайлылығын анықтау одан да қиын. Әлеуметтік іс-әрекеттер азды-көпті айқын мақсатты көздейтін ішінара саналы іс-әрекеттер болып табылатыны көрініп тұр.
Әлеуметтік іс-әрекеттің анатомиясын сипаттай отырып, социолог-функционалистер көбіне оның мынадай негізгі элементтерін бөліп көрсетеді:
- өздерінің қажеттіліктері және соған орай мүдделері мен мақсаттары бар әрекет етуші (немесе әрекет етпейтін) жеке адам немесе адамдар тобы;
- әрекет өтетін нақты орта;
- әрекет субъектісінің ортаның нақты шарттарына бағыт ұстауы, ол алға қойылған мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;
- әрекет субъектісінің басқаларға, өз әрекетіне олардың жауап әрекетіне бағыт ұстауы. Бұл ретте басқаларға бағыт ұстау жеке тұлғамен немесе саны азды-көпті тұлғалар тобымен, тіпті жалпы қоғаммен өзара байланысты және өзара іс-әрекетті ескеруді көздейді. Адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігі мен сәйкестігін көрсететін әлеуметтік іс-әрекет - әлеуметтік байланыс болады. Ол мынадай негізгі элементтерді қамтиды: осы байланыстың субъектілері; байланыстардың мазмұнын сипаттайтын байланыс заты; байланысты жүзеге асыру механизмі және оны саналы түрде реттеу. Әлеуметтік байланыстың әлеуметтік байланысу түріндегі және әлеуметтік өзара іс-әрекет түріндегі әр түрлі нысандары көрсетілуі мүмкін. Әлеуметтік іс-әрекет- бір субъектінің іс-әрекеті басқалардың жауап іс-әрекетінің себебі мен салдары болатын өзара шарттылық әлеуметтік әрекеттер жүйесі Әлеуметтік іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтары болады. Өзара іс-әрекеттің объективті жағы - жеке тұлғаларға емес, бірақ олардың өзара іс-әрекеттің мазмұны мен сипатын көрсететін және бақылайтын байланыстар. Өзара іс-әрекеттің субъективті жағы - жеке адамдардың тиісті мінез-құлықтың өзара экспектациясына (күтілуіне) негізделген бір-біріне саналы қарым-қатынасы. Бұл жеке адамдар арасындағы нақты орын мен уақыт жағдайында қалыптасатын тікелей байланыстар мен қарым-қатынастар болып табылатын әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастар. Әлеуметтік іс-әрекет мыналарды қамтиды:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz