Гусшілер қозғалысы еуропа реформациясының жаршысы



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.6
I. Гусшілер көтерілісінің алғышарттары мен себеп. салдары ... ... ... .7.23
1.1. Әлеуметтік, діни және ұлттық қайшылықтардың өршуі ... ... ... ... ... ..7.15
1.2. Гусшілер көтерілісінің барысы мен сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.18
1.3. Гусшілерге бағытталған крест жорықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.23
II. Гусшілер қозғалысындағы бағдарламалық талаптар ... ... ... ... .. 24.31
2.1. Табориттердің бағдарламалық талаптары мен тактикасы ... ... ... ... .. 24.28
2.2. Бюргерлік оппозицияның бағдарламалық талаптары мен тактикасы 28.31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32.33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35.43
Өзектілігі. Орта ғасырлық антифеодалдық елдер ішінде болған әр түрлі қозғалыстар ішінде XV ғ. Чехиядағы гусшілердің революциялық қозғалысы ерекше маңызды орынды иеленеді. Бұл классикалық феодализм дәуіріндегі Еуропада болған ең ірі көтеріліс. Еуропадағы мұндай ерекше жағдайда өткен тарихи оқиға әр елдің «менмін» деген тарихшыларын зерттеуге қызықтырарлықтай мәнді тарихи құбылыс екені шындық.
Бұл қозғалысты зерттеуге ұмтылған буржуазиялық тарихшылардың бір тобы, қозғалыстың түпкі мақсаты ретінде діни бағытты ұсынды, кейбір тұстарында ұлт азаттық қырын да көрсете білді, ұлт азаттық дегеннен кейін мұның ішінде әлеуметтік мәселелер де кең қамтылады.
Реакциялық бағыттағы тарихи жазбалар гусшілер қозғалысына берілген оң бағаны теріске шығарып бұрмалап көрсетеді. Уақыт өте келе чехтік, кеңестік, немістік, венгрлік, румындық тарихшылардың арнайы еңбектері жарық көрді. Бұл аталған елдердің тарихшылары гусшілер қозғалысының әлеуметтік себептерін, антифеодалдық мәнін, тарихи маңызын ашып көрсете білді. Яғни қай кезеңде болмасын тарих ғылымы саласында гусшілер қозғалысы өзекті оқиға болып табылады
Негізінен бұл аталған еңбектердің көбінде табориттердің бағдарламалық талаптарын, ішінара хилиастіктен кейінгі кезең деп аталатын бөліміне ерекше назар аударады. Табориттердің халиастік ілімін зерттеп тану халықтың тарихи процестегі рөлін ашып көрсетеді.
Бұл қозғалыстың болуының түпкі мәні, халықтың тапсыз қоғамды аңсауы, адамдардың бірін бірі қанаушылығын тоқтату жалпыға ортақ үйлесімді патшалық құру болды. Гусшілер қозғалысы жайында жазылған еңбектердің көбісінің негізгі сипаты, бұл қозғалысты орта ғасырлық еуропадағы бірден бір ірі антифеодалдық көтеріліс ретінде көрсету болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1) Бадак А. Н. Войнич Н. М. Волчек Н. М. История средних веков: Европа и Азия. М...к; Харвест. 2000. 655 стр.
2) Грацианский Н. П. Из истории Заподноевропейского феодализма. М.; Соцэкгиз. 1934. 132 стр.
3) Егер О. Всемирная история средние века. М..; Луч. 2004. 420 стр.
4) История европы в 8 т – III т. Средневековая Европа. М.; «Наука» 1982. 812 стр.
5) Ключевский В. О. Непубликованные пройзведение. М.; «Наука» 1983. 416 стр.
6) Краткая история Чехословакии с древнейших времен до наших дней. М.; «Наука» 1988. 576 стр.
7) Ли. Г. Ч. История инквизиции в средние века. С..к; Русич. 2002. 640 стр.
8) Неусыхин А. И. Проблемы европейского феодализма. М.; 1974. 583 стр.
9) Озолин А. И. Из истории гуситского революционного движения. С.в; Саратовский университет. 1962. 304 стр.
10) Сказкин С. Д. Орта ғасырлар тарихы. 2 – I. М.; 1977. 520 стр.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3-6

I. Гусшілер көтерілісінің алғышарттары мен себеп- салдары ... ... ... .7-23

1.1. Әлеуметтік, діни және ұлттық қайшылықтардың
өршуі ... ... ... ... ... ..7-15

1.2. Гусшілер көтерілісінің барысы мен
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-18

1.3. Гусшілерге бағытталған крест
жорықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-23

II. Гусшілер қозғалысындағы бағдарламалық талаптар ... ... ... ... .. 24-
31

2.1. Табориттердің бағдарламалық талаптары мен тактикасы ... ... ... ... ..
24-28

2.2. Бюргерлік оппозицияның бағдарламалық талаптары мен тактикасы 28-31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 32-33

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 35-43

Кіріспе

Өзектілігі. Орта ғасырлық антифеодалдық елдер ішінде болған әр түрлі
қозғалыстар ішінде XV ғ. Чехиядағы гусшілердің революциялық қозғалысы
ерекше маңызды орынды иеленеді. Бұл классикалық феодализм дәуіріндегі
Еуропада болған ең ірі көтеріліс. Еуропадағы мұндай ерекше жағдайда өткен
тарихи оқиға әр елдің менмін деген тарихшыларын зерттеуге
қызықтырарлықтай мәнді тарихи құбылыс екені шындық.

Бұл қозғалысты зерттеуге ұмтылған буржуазиялық тарихшылардың бір
тобы, қозғалыстың түпкі мақсаты ретінде діни бағытты ұсынды, кейбір
тұстарында ұлт азаттық қырын да көрсете білді, ұлт азаттық дегеннен кейін
мұның ішінде әлеуметтік мәселелер де кең қамтылады.

Реакциялық бағыттағы тарихи жазбалар гусшілер қозғалысына берілген оң
бағаны теріске шығарып бұрмалап көрсетеді. Уақыт өте келе чехтік, кеңестік,
немістік, венгрлік, румындық тарихшылардың арнайы еңбектері жарық көрді.
Бұл аталған елдердің тарихшылары гусшілер қозғалысының әлеуметтік
себептерін, антифеодалдық мәнін, тарихи маңызын ашып көрсете білді. Яғни
қай кезеңде болмасын тарих ғылымы саласында гусшілер қозғалысы өзекті
оқиға болып табылады

Негізінен бұл аталған еңбектердің көбінде табориттердің бағдарламалық
талаптарын, ішінара хилиастіктен кейінгі кезең деп аталатын бөліміне
ерекше назар аударады. Табориттердің халиастік ілімін зерттеп тану
халықтың тарихи процестегі рөлін ашып көрсетеді.

Бұл қозғалыстың болуының түпкі мәні, халықтың тапсыз қоғамды аңсауы,
адамдардың бірін бірі қанаушылығын тоқтату жалпыға ортақ үйлесімді патшалық
құру болды. Гусшілер қозғалысы жайында жазылған еңбектердің көбісінің
негізгі сипаты, бұл қозғалысты орта ғасырлық еуропадағы бірден бір ірі
антифеодалдық көтеріліс ретінде көрсету болды.

Жалпы гусшілер қозғалысы, тобариттер және бюргерлер деп аталатын екі
оппазициялық топ арасында өтеді, осы екі оппазициялық топтың ішінде
бюргерлік оппазицияның бағдарламалық талаптары жөніндегі зерттеулер
мардымсыз. Сондай - ақ гусшілер соғысында маңызды нәтижені плебейлік
шаруалар лагері бергені белгілі. Бюргерлер оппазициясы қозғалыс кезінде
бірқатар оң өзгерістер әкелді әсіресе қозғалыстың бірінші
кезеңінде.Гусшілердің революциялық қозғалысы чех халығы үшін көптеген оң
нәтижелерге қол жеткізді. Көтеріліс Чехия елінің революциялық дәстүрінің
тарихында негізгі орынды иеленді. Сондай-ақ осы кезеңдегі еуропа
елдерінің антифеодалдық, ұлт азаттық, реформациялық дамуында маңызды рөл
атқарды.

Жұмыстың мақсаты:

➢ Сол кездегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ашып көрсету;

➢ Католиктік шіркеудің ашық қанаушылығын көрсету;

➢ Ел халқының тапсыз қоғамға жету жолындағы жан-қиарлық күресін ашып
көрсету;

➢ Көтерілістің жалпы еуропалық сипатын ашып көрсету:

Жұмыстың міндеті: XV ғасырдың бірінші ширегіндегі Чех халқының, сонымен
қоса күллі еуропа халқының азаттық жолындағы күресін тереңдете меңгеру.
Көтерілген мәселе бойынша құнды тарихи еңбектерді пайдалана отырып, өз
ойымызды әр түрлі тарихи зерттеу әдістері арқылы түсінікті түрде тарихшы
қауымға жеткізу.

Тарихнамалық зерттелу деңгейі: Бүгінгі таңда Гусшілер қозғалысы жайында
жазылған жекелеген еңбектер өкінішке орай саусақпен санарлық. Еуропа
реформациясының жаршысына айналған бұл аса ірі тарихи оқиға жайында
көбінесе оқулықтарда, көмекші оқу құралдарында жекелеген тарау немесе
тармақша ретінде ғана қарастырылып, терең талданбай көлеңкеде қалып қоятыны
өкінішті.

Дегенменде, төмендегідей еңбектер гусшілер қозғалысын талдап, тануға өз
көмегін тигізіп отыр. Олар: Озолин А. И. Из истории гуситского
революционного движения деп аталатын еңбегі гусшілер көтерілісін әр
қырынан танып, талдап зерттеуге аса құнды тарихи еңбек. Мұнда Чех халқының
XV ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, ұлттық, діни ахуалы туралы терең
айтылады. [9]

Ключевский В. О. Непубликованные пройзведения атты еңбекте қозғалыстың
еуропа тарихында алатын орыны жайлы сөз ете келе, оқиғаға ұлттық рең
береді. [5]

Ли Г. Ч. История инквизиции в средние века еңбегінде, сол кезде
қарапайым халықты қанауға түсіріп отырған католик шіркеуі, оның
айналасындағылар жайлы тарихи әдістерді тиімді пайдалана отырып, сол
кездегі дінбасылардың солақай саясатын әшкерелеп көрсетеді. [7]

Неусыхин А. И. Проблемы европейского феодализма атты аса құнды тарихи
еңбекте, феодализмнің еуропаның қай елінде қандай деңгейде дамыды деген
мәселе терең талданып зерттеледі, осының ішінде чех елінің қарапайым шаруа
халқының ауыр жағдайы жайында, осы ауыр жағдайға себепкер болған гусшілер
қозғалысы жайында терең зерттеу жасалады. [8]

Зерттеу объектісі: Гусшілер қозғалысы, XV ғасырдың алғашқы ширегіндегі
Чехия және іргелес мемлекеттер тарихы.

Зерттеу әдісі: Зерттелетін тақырып бойынша қажет еңбектердің тізімін
жасап, ішінара ғаламтор материалдарын жүйелеп топтастырып, тарих ғылымында
жүйелі қолданылып жүрген талдау, жинақтау, салыстыру, байланыстыру,
пайымдау әдістерін тиімді пайдаланып көтерілген мәселенің әр қырын ашып
көрсетуге тырыстық.

Хронологиялық шебі: XV ғасырдың бірінші жартысы, дәлірек айтқанда, 1419
жылдың 30 шілдесі – 1434жылдың 30 мамыры аралығы.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан - бірінші тарау
үш тармақшадан, екінші тарау екі тармақшадан құралған, соңында жұмысты
түйіндеген қорытындымен тәмәмдалады.

I. Гусшілер көтерілісінің алғышарттары мен себеп- салдары

1.1.XIV ғ. Чехияда әлеуметтік, діни және ұлттық қайшылықтардың
өршуі

XIII ғасырдан бастап халықаралық қатынастарда Чехия үлкен рөл
атқарды. Еуропаның әлеуметтік және саяси тарихында оның беделі XIV-XV
ғасырларда тез өсе бастады.

Чехия Герман империясының құрамында есептелгенімен шын мәнісінде ол
XII ғасырдың ортасынан бастап дербес мемлекет болатын. Өздерін көзге ғана
Герман императорына тәуелдіміз деп санайтын, ал кейде тіпті Чех корольдері
Чехияда болып жатқан неміс ықпалына қарсылық жасамай оларды қолдап
отыратын, бұның өзі келе-келе әлеуметтік, саяси және діни қайшылықтарды
туғызды, Чехия Герман импеиясымен ауыр қақтығысуларға жолықты. [2;553]

Яғни, бұл біртіндеп болып жатқан саяси үрдіс халықаралық төтенше
маңызы бар оқиғалардың орын алуына түрткі болды.

XIV ғасырдың ортасында Чехияда әлеуметтік қайшылықтар шиеленісе
түсті.Товар-ақша қатынастарының дамуы, шаруашылығын жаңа жағдайға икемдеп
жүргізе алмаған көптеген уақ және орташа феодалдарды (шляхтарды) азып-
тоздырды. Ірі феодалдар (пандар) өз меншігін шаруалар мен кедейленген
дворяндар есебінен ұлғайтуға тырысты. Феодалдардың өз шаруашыылықтарынан
мүмкіндігінше көбірек өсім алуға жасаған әрекетіне байланысты, шаруалардың
борышы арта түсті, шаруалар арасында мүлік теңсіздігі өсіп, жері аз, жерсіз
шаруалардың саны көбейе бастады. Әсіресе ұлан байтақ жер иелігі бар шіркеу
шаруаларды аяусыз қанады. Соның салдарынан XIII-XIV ғасырларда көріне
бастаған дінге деген наразылық шаруалардың феодалдарға қарсы қозғалысын
туғызғаны белгілі.[2;44]

Сөйтіп феодалдардың шаруаларды ерекше әдіспен қанауы ел ішінде тап
күресін ушықтырды.

Халықтарының басым көпшілігі бюргерлерден, яғни, қолөнершілерден,
ұсақ және орташа саудагерлерден, демек негізінен чехтардан тұратын
қалаларда, бар байлыққа иелік еткен ат төбеліндей қаланың жоғары топтары
оның ішінде немістер қалалар ішіндегі қайшылықтарды үдете түсті.Төменгі
топқа жататын қала кедейлерінің көпшілігі чехтар еді.

Қалалардағы әлеуметтік күрес көбінесе чех бюргерлері мен
плебейлерінің неміс патрициаты озбырлығына қарсы сипатта болып отырды.
Сөйтіп, көп жағдайларда қалалардағы әлеуметтік қайшылықтар ұлттық
қайшылықтармен қабаттасып жатты.

Папалық саясаты бүкіл чехтардың наразылығын туғызды. Римдік курия
чехтардың шіркеуінің шаруашылығына әрдайым қол сұғып, оларды күн санап
өздеріне бағындыра түсті. [2;58]

Шіркеу алым- салығының көбейуі, чех шіркеуінің папаға бағыныштылығы
қатты наразылық туғызды. Чехияда жоғары дін иелері немістер болғандықтан
наразылық тек римдік римдік куриялардың қанауына қарсы көрсетіліп қоймай,
сондай-ақ немістердің шіркеудегі үстемдігіне де қарсы көрсетілді.

Чехиядағы әлеуметтік экономикалық жағдай тап күресінің
шиеленісуімен сипатталатыны белгілі. Дегенменде сол кезде елдің әлеуметтік-
экономикалық жағдайы өз ізімен ары қарай дамуын жалғастыра берді.

XIV- ғасырдың басы мен XV ғасырда елдің өндіргіш күштері саласы
қарқынды дамыды. Ел экономикасы дамуы алдағы уақытта да ерекше деңгейге
көтерілді. Шаруашылықты жүргізудің көптеген жаңа әдістері енгізілді,
орманды алқап тиімді пайдаланылды, ірі феодалдық поместьелерде нан
өнімдерінің шаруашылығы айтарлықтай жоғары деңгейде дамыды.Дәнді
дақылдардың егістік көлемі ұлғайды, себебі бұл кәсіппен ел халқының
көпшілігі айналысатын еді.Алдағы уақытта техникалық дақылдардың өнімін
көбейту жолға қойылды, сонымен қатар бау-бақшалардың да көлемі артты,
әсіресе жүзімдікте жұмыс істейтіндер саны артты.Осыдан бастап 1358 жылы 16
ақпанда I Карл жүзімдікте қызмет істейтін шаруаларды он екі жыл мерзімге
салық төлеуден босату туралы жарлығы шықты.[1;47]

Бұл шығарылған жарғылар іс жүзінде көбінесе іске аспай жатты,
шаруалар феодалдарға бәрібір де кіріптар болып қала берді.

Елдің кейбір өңірлерінде қолөнер мен сауда ерекше қарқынмен дамыды.
Әсіресе шұға өндірісі кеңінен дамыды. Тұрмыста темірден жасалған құралдар
көптееп пайдаланылды.Отпен атылатын қарулар, зеңбіректер т.б. дамыған соғыс
қарулары жетілді. XIII ғасыр соңындағы қалаларда 40 түрлі қолөнер орыны
тіркелсе, XIV ғасыр ортасында олардың саны 200- ден асқан. Таулы аудандарда
темір, күміс өндірісі кең етек жайды, мұны сол кездегі жиырма тау-кен
өнеркәсіп орыны дәлелдейді. XIV ғасыр ортасында Прагада құрлыс кәсіпшілігі
өркендеді. Мұның дәлелі ретінде көптеген тас құрлыстар салынды, Мәселен ел
астанасында орналасқан әулие Витта соборын айтуға болады.[1;48]

Дегенменде, бұл экономикалық өсіп өркендеулер қарапайым халықты
қанағаттандырмай жекелеген таптарды ғана қанағаттандырып отырды, ал қара
халық осы бай жер иелерінің, яғни, жоғары тап өкілдерінің аяусыз
қанаушылығына түсіп, ауыр тұрмыс жағдайында өмір сүрді.

Ал енді ел ішінде ерекше артықшылыққа ие болғандар қатарында жоғары
дін басылары тұрды. Жоғары дін иелері – епископтар, аббаттар және т.б.
шіркеудің барлық негізгі байлықтарын иемденуімен бірге, саяси билікті де өз
қажеттеріне еркін пайдалануды көздеді, яғни, саяси билікті пандар арасында
өзара бөлісті. Ал ауылдардағы және ұсақ қалалардағы төменгі дін өкілдері
шіркеу табыстарын, сонымен бірге ел басқару ісінде ешқандай қызмет
атқармай, мемлекеттік істерден үнемі шеттетіліп отырды. Олардың ішінен
көптеген табориттер өкілдері шықты. Шіркеудің кіші дәрежелі қызметкерлері
жоғары дін иелеріне аса жеккөрушілікпен қарады. Әсіресе шаруалар және
плебстер феодалдық қанаушылықтың барлық ауыртпалықтарын басынан өткерді.

Сондай-ақ жоғары дін өкілдерінің құрамы немістер мен
жатжерліктер қатарынан толығып күшейіп отырды. Сол сияқты шіркеудің
зорлығы,сонымен қоса феодалдардың қанаушылығы, чех халқының жоғары дін
иелерімен қарым-қатынасында келіспеушілікті күшейтті, бұл өзара
келіспеушіліктер ұлттық езгінің бір көрінісі болып қалыптасты. Чех халқы
сондай-ақ папалық курияның чех халқының ішкі істеріне үнемі қол сұғуына
қарсы болды. Шіркеу осы кезде сатқындық ордасына айналды. Густың
маңындағылар және Ян Густың де өзі дін иелері арасындағы мұндай
алауыздыққа қарсы күрес жүргізді. Елдің барлық шіркеу қызметтері саудаға
түсті. Оломуцколық епископ қызметі үшін курияға 3500 алтын, праждық
архиепископ қызметі үшін 2800 алтын төледі. Папалық курия әр түрлі шіркеу
қызметтерін сатуын тоқтатпады, чех шіркеуімен қатынасты нашарлады. Әр түрлі
шіркеулік салт-жоралғыларды жүргізу үшін ақшалай төлемдер енгізілді.
Ақсүйек феодалдар сияқты дін иелері де шаруалардан әр түрлі ақшалай
салықтар жинау құқын иеленді. Дін өкілдерінің қанаушылығын тіпті,
магнаттардың қанаушылығымен салыстыруға болатын еді. Чехияның архиепискобы
Арношт жоғары шіркеудің жүргізіп жатқан реформаларына, төменгі жақтың
орындауын талап етті. [1;65]

Яғни, қоғамдағы осындай әр түрлі діни және әлеуметтік алауыздықтар
қоғам ішінде көптеген ауытқушылықтар туғызды. Мемлекеттік билікті иемденуге
тырысқан жоғары дін иелері, халық арасында әр түрлі астыртын әрекеттерге
барды.

Чехиядағы әлеуметтік қарама қайшылықтың қауырт асқынуы кезеңін
бастан өткеріп жатты, осы кезде Францияда да, Англияда да феодалдық жүйенің
дағдарысы жүріп жатты. Феолализмнің жоғары дәрежеде дамуы антагонистік
формациямен қорытындылануы заңды құбылыс еді. Феодалдық тап үстемдігі
маңызды рөл атқармай, азшылықты иеленді. Өндіргіш күштердің сәтті дамуы
феодалдық формацияның антагонистік сипатын барлық жағынан көрсетіп берді.
Шаруаларды қанаудың аса күшті қарқынмен жүруі, әсіресе XIV ғ. екінші
жартысымен тұспатұс келеді. Баршиналық салықтың қалпына келтірілуі және
оның әр түрлі аудандармен түрлі деңгейдегі поместьелерде феодалдардың
көпшілігінің, яғни, еңбекпен өтелетін салық түріне қарағанда, тауарлы-
ақшалық қатынасқа көшу қажеттілігін аңғартты. Жаңа қатынасқа сәйкес
шаруаларды басыбайлылыққа түсіруге қарсы күрес күшейді. [1;67]

Әлеуметтік қайшылықтың кенеттен күшейуі жалпыеуропалық сипатта
болды. Мұны біз Франциядағы Париж көтерілісі кезеңінен және Жакерия
көтерілісінен, XIV-XV ғ.ғ. Испаниядағы, Англиядағы Уот Тайлер көтерілісінен
байқаймыз. Бұл аталған елдерде қоғамдық қатынас жүйесі ретінде феодализм
дағдарысының негізгі белгілері жоқ болатын. (Феодализмнің дағдарысы туралы
айтылған бұл пікірге келіспейтіндігі жөнінде 1953 ж.ж. Ф. Граус айтқан
болатын, сондай-ақ польшалық зерттеуші Е.Малечиньская да айтқан болатын,
соның ішінде бірқатар кеңес тарихшылары да бар). Е. Малечиньская XIV-XV
ғ.ғ. Еуропадағы феодализм дағдарысы мәселесін Чехия деректері бойынша жете
зерттеген, әрине мұны жалпыеуропалық мағлұматтармен салыстыра зерттей келе
Чехияның гусшілер көтерілісі алдындағы феодализм дағдарысы жайлы өз
қорытындысын жасайды. [4;56]

Сонымен, Гусшілер көтерілісі қарсаңындағы Чехияның хал-ахуалы қай
қырынан болса да көңіл көншітерліктей емес еді.

Ел экономикасындағы алға ілгерілеушілік қоғамның саяси құрылымының
өзгеруін талап етті. Мұнда әр түрлі әлеуметтік сословиелердің қатынасын
реттеу, бірорталықтандырылған қуатты билік құру көзделді. Мұндай күрес
феодалдық анархияны тудырды, осы жолда, яғни, бірорталықтанған билік құру
үшін рыцарьлар арасында өзара күрес жүрді. Чех корольдігіне таласушылар
арасында жатжерлік Иоанн Люксембургте болды, ал оның мұрагері I Карл
корольдік құқықты кеңейту жолында қарқынды күрес жүргізді. Ол билікке
келген алғашқы жылдарда оңтүстіктің аса ірі магнаттарының бірі болуға
онымен бірге Рожмберг те күрескен болатын. 1365 жылғы 30 шілдеде Иошт
Рожмберг империя князьын, I Карл оны және оның ағайындарын құртуын қалап
жүргені жайлы айтады. Король магнаттыққа талпынушылардың талап тілектерін
шектеп дворяндық жерлерді қайтарып алды. Осы кезде I Карл магнаттар
одақтастарына қарсы әділ күрес жүргізді. Карл корольдік билікті нығайту
үшін Маестас Каролин атты бірыңғай заңдар кодексін шығарды. [5;78]

Корольдік билікті нығайту жолындағы саясаттың бір көрінісі,
пандардың өте-мөте өзара жауласуынан айқын көрінді. Олар I Карлдың заңдарын
қабылдамады, олардың кейбір бөлігі ғана заң күшіне бағынды. I Карл тұсында
чех тағының болашақ мұрагері бекітіліп, нығайтылды. Праждық архиепископтың
өзіндік кеңсесі болды, чех шіркеуі неміс шіркеуіне бағынды және Риммен
тікелей байланыс орнатты. I Карл өмірінің соңына дейін орталық билікті
нығайту жлында толассыз күрес жүргізді.

Сонымен бірге орта ғасырлық Чехияның әлеуметтік-экономикалық
дамуында неміс отаршылдығы айтарлықтай маңызды орынды иеленді. XII ғасырда
әсіресе XIII ғасырда чех корольдері мен чех пандарының кірістерінің көп
бөлігі герман отаршыларының қолында шоғырланды, яғни, шаруалар мен
қолөнершілердің еңбектерін қанаушылар герман отаршылдары еді. Сондай-ақ
Чехияда бір уақытта көптеген герман феодалдары пайда болды, олар Чех
корольдеріне қызметуге щақырылып, ірі жер иелеріне айналды. Чехияда
отаршылдық істі неміс монастырлары жүргізді. Чехиядағы неміс отаршылдығының
басым сипатының бірі, неміс отаршылдарының басқа да славяндық жерлерді
отарлауы еді. Чехтар феодалдық мемлекетті әрі қарай дамыту жолында тынбай
күрес жүргізді, немістер мұнда біртіндеп бейбіт түрде қоныстана бастады,
олар қалалық жерлерге жиірек қоныстануға талпынды. Дегенменде көптеген
неміс шаруалары чехтік ауылдарға қоныс тепті. Неміс отарлауының нәтижесінде
чех пандарының кірісі айтарлықтай өсті. Чехиядағы неміс отаршылдары шұрайлы
жерлерді иемденіп ауқаттылар қатарына қосылды. Отаршылдар өздерінің озық
дамыған шаруашылық тәжірибелерін осы елде қолданысқа енгізді, оны алдағы
уақытта жергілікті халық игеріп күнделікті тұрмыста тиімді пайдалану қажет
болды. Чехияға неміс қолөнершілері мен кен қазушылары қоныстанып елдің
өндіргіш күштерінің дамуына өз жәрдемін де тигізіп отырды, әсіресе тау-кен
өндірісі саласының дамуына көп үлес қосты.[4;57]

Дегенменде, неміс отаршылдығы чех халқының экономикалық, саяси және
мәдени дамуына көп кедергі жасады.Алдағы уақыттағы елдің дамуында
жатжерлік отаршылардың әрекеттері Чех халқының ашу-ызасын тудырды, әсіресе
қалалықтар мен шаруалар көп бейнет тартты.

Қалада неміс қолөнершілері мен кірме көпестері, жергілікті чех
қолөнершілері мен ұсақ саудагерлерімен салыстырғанда көптеген
артықшылықтарға ие болды. Неміс отаршылдары аздаған жері бар чех шаруаларын
көбейтті, оларға помещиктердің феодалдық төлемдері көбейді, шаруалар
феодалдан шағын жер үлесін жалға алды, ол жердің құнын өтеу үшін шаруа,
феодал-помещиктің жерінде жұмыс істеді, сөйтіп жер де шаруа да феодалға
басыбайлы болып қалды.[3;45]

Отаршылдық үрдісі нәтижесінде Чехияда екі халық тобы пайда болды,
яғни олар көптеген артықшылықтарға ие болған неміс халқы және жергілікті
чех халқы. Әрине бұл болып жатқан қарама-қайшы жәйт чехтардың ашу ызасын
туғызатыны белгілі. Бұл жағдай алдағы феодализм дамуының өн бойына жалғасып
келді.

Бұл кезде кенеттен котолик шіркеуі жағынан қанаушылықтар орын алды.
Жүз жылдық соғыс кезінде папалық шығыс еуропаның – Германия,
Чехия, Польша, Венгрия сияқты елдеріне салықты көптеп салды.Әсіресе папа
сарайына Чехия салықтың әр түрлі формаларын төлеуге міндетелді. Чехия папа
индульгенциясына сәйкес, чех жоғары дінбасылары өкілдері папаға жоғары
көлемдегі ақша төлеуге міндеттелді. Сол кезде чехияда жоғары дін
өкілдерінің маңызды бөлігі чехтар емес, чехияда жер көлемін иеленген кірме
немістер болды.[3;56]

XIV-XV ғ. ғ. соңына дейін чех революциясының барлық сипаты өзіндік қиын
жағдайда өрбіді. Чех қоғамының әлдеқайда демократиялық күші - қалалықтар,
шаруалар, рыцарьлардың бір бөлігі болды. Олар бір уақыта чехтік феодалдық –
крепостнойлық құрлысқа, жатжерліктерге, елдің артта қалушылығына және
неміс күш көрсетулеріне қарсы бағытталды. Бұл идеологиялық қарама-қайшылық
кең көлмді реформациялық қозғалысқа ұласты, яғни орта ғасырлық католиктік
шіркеуге қарсы бағытталды.

XIV ғ. Чехиядағы үстемдік етуші феодалдық тап, шаруалалар және қала
бұқарасының есебінен байып отырды, олар елдің жағдайын жасаушылар ретінде
сипатталды. Материалдық өндірістің барлық саласында шаруалардың рөлі басым
болғанымен, ең қатты қаналатын тапта шаруалар табы болды. Әр түрлі таптар
мен сословиелердің хал-ахуалы бір-бірінен мүлдем өзгеше болды. Ерекше
артықшылыққа ие болғандар қатарында дворяндар болды. Жердің басым бөлігі
және көптеген саяси құзіреттілік байлардың қолында болды. Олар жоғары дін
иелерімен бірге елдегі саяси билікке иелік етті. Корольдік кеңесте және
сеймде маңызды мәселелерді шешкенде жоғары дворян өкілдері маңызды рөл
атқарды.Чехтік жоғары аристократия көбіне неміс текті болып чехтік ұлттық
істерге аса қызығушылықпен қарамады.Феодалдық аристократия халықты
жақтыртпады және оның төменгі табын мейілінше жаншуға әрекеттер жасап
отырды.

Яғни, Чехиядағы әлеуметтік, діни және ұлттық қайшылықтардың өршуінің
басты себептерінің бірі, шіркеудің әр түрлі формадағы алым-салық түрлерін
барған сайын үдете түсуі, сонымен қоса басыбайлылықты күшейтуге
бағытталған әрекеттер күннен-күнге арта түсуі болды.

1.2. Гусшілер көтерілісінің барысы мен сипаты

Неміс католик дін басшыларының жасаған қиянатына қарсы жүргізілген
күрес, котолик шіркеуіне жасалған оппазиция және чех ұлтының шіркеуін құру
жөніндегі күрестер чех халқының әр түрлі әлеуметтік сатыдағы адамдары –
бюргерлікті, шаруаларды, қала мен деревнялардың плебейлерін, феодалдардың
бір бөлігін, әсіресе ұсақ және орташа феодалдарды біріктірген кең қоғамдық
қозғалысқа айналды.

Бұл қозғалысқа басшылық еткен Прага университетінің профессоры Ян Гус
еді. (1369-1415 жылдар мөлшерінде ) Ол котолик дін басшыларының кесірлік
істерін әшкереледі, шіркеу байлығына қарсы шығып, шіркеу мүлкін
секуляризациялауды талап етті. Джон Виклифтің кейбір ережелерімен келісе
отырып Гус адамдарды мәңгілік қорғап отыру алланың ісі, сондықтан олар
қаптаған көп дін иелерін керек етпейді деп есептеген. [6;78]

Гус котолик шіркеуінің папа Иса пайғамбардың жердегі елшісі деген
қағидаларын жоққа шығарды, котоликтер қолданатын иерархияның керегі жоқ деп
есептеген, индульгенцияны сатуға қарсы шықты. Римге бағынбайтын чехтардың
ұлттық шіркеуін құруды мақұл деп санады. Гус қарапайым халыққа жаны аши
уағыздады. Гус бюргерлер ересінің өкілі болды, сонда да неміс
озбырлығынан азат ету жолындағы чехтар күресінің идеологы болды. Ол өз
шығармаларын тілінде жазды, сол тілдің грамматикасын жасады, Библияны чех
тіліне аударды. Прага университетін билеп-төстеп немістерге қарсы күресті
Гус басқарды. Бұл күрес университет басқару ісін чехтардың қолына алып
беріп (1409ж.) Ян Густің университеттің ректоры етіп сайлануымен аяқталды.

Котолик шіркеуі неміс дін иелері Гуске қарсы қиян-кескі күрес жүргізді.
Ең әуелі ол дінсіз ретінде шіркеуден аластатылды, сөйтіп Прагадан көшіп
кетпекші еді (1412 ж.), бірақ біраз уақыт өткен оны папа Констанц
қаласындағы шіркеу соборына шақырып алды. Осы жерде Густі өзінің нанымы
үшін еретик деп тауып соттап, 1415 жылдың 6 шілдесі күні отқа өртеп
жіберді. [6; 79]

Густің қазасы Чехияда адам айтқысыз ашу-ыза туғызып, оның идеяларының
одан ары кең тарауына мүмкіндік берді.

Котолик шіркеуімен күреске бүкіл Чех халқының барлық топтары көтерілді.
1419 жылы Чехияда гусшілердің соғысы басталды. Бүкіл Чехия екі лагерьге –
феодал - котоликтер және гусшілерге бөлініп алды. Бірінші лагерге жоғарыда
атап өткен жоғары дін иелері, чехтардың ірі-ірі феодалдары, яғни пандары,
қала патрициаттары және төменгі дворяндар жатты, екіншісіне – шаруалар,
қала қолөнершілері, ұсақ және орташа саудагерлер, жалдамалы жұмысшылар,
орташа және төменгі дін иелері, ұсақ және орташа дворяндар, рыцарьлар
жатты. Көп ұзамай гусшілер лагерінен оқшауланып радикалды топ шықты, оны
табориттер деп атады (солардың орталығы болған, Чехияның оңтүстігіндегі
Табор қаласының атымен аталып кетті). Оның негізін құрғандар шаруалар мен
қолөнершілер еді. Олар әскер құрды, оны басқарған тәжірибелі қолбасшы Ян
Жижка еді. Табориттердің көзқарасы басқа гусшілер қозғалысына
қатысқандардан радикалдау болды. Олар феодалдық тәртіпке, алым – салыққа,
міндеткершілікке қарсы шықты. Табориттер котолик шіркеуінің иерархиялық
құрылысын қабылдамай, оның орнына дін иелерін сайлап қоятын болды.
Табориттердің бір бөлігі дүние-мүлікке қоғамдық жағдай орнатқысы келді.
Табориттер күресті революциялық жолмен жүргізуді тіледі. Гусшілер жүргізген
соғыстарда табориттердің шаруа плебейлерден құралған әскері негізгі әскери
күш болды.[3;45]

Шаруалар қозғалысы көсемдерінің ақылға қонымды көзқарастары,
табориттерден бюргерліктер мен рыцарьлардың бөлініп кетуіне әкеп соқты.
Бөлініп кеткендер котолик шіркеуіне реформа жасап, шіркеу жерлерін
секуляризациялау жағында болды, бірақ табориттердің революцияшыл қимылына
қарсы тұрды. Гусшілер қозғалысындағы осы бір қалыпты лагерь ыдысшылар
деген атқа ие болды, өйткені олардың негізгі ұрандарының бірі шіркеуге
келушілерді нанмен шоқындырып, алласына құлдық еткізіп қана қоймай (бұрын
нанмен шоқындыратын), енді ыдысқа құйылған шараппен керек деген талап
қойған (котолик шіркеуінің тек діни иелері ғана осылай шоқынған).

Тобориттер Германияға шабуылға шығып, оның территориясына – Бавария,
Саксония тағы басқа аймақтарына еніп, бұл жорықта Германия бұқара халқының
арасына өз ілімін тарата отырып, Балтық теңізі жағалауына жетті. Олар
Австриядағы Венаға да барып қайтты.

Неміс шабуылдары табориттердің армиясына кіріп, өздерінің дүнияи және
діни феодалдарымен күреске аттанды. Герман феодалдарының алдында өз елінде
кең антифеодалдық шаруа қозғалысының қаупі туды, әрі олар бұл қауіпті әрең
дегенде басты. Шаруа көтерілістері тек Германияның түрлі бөліктерінде ғана
емес, сондай-ақ Венгрияда, Польшада, Францияда, Фландрияда және басқа да
елдерде бұрқ ете түсті. Сондықтан да бүкіл католиктік еуропа гусшілер
қозғалысын басуға ынталы болды. Осы мақсатты көздеп Базелдегі котолик
шіркеуінің соборы екі түрмен тамақ ішетін чашкадан кісілердің дәм татуын
және шіркеу мүліктерін секуляризациялауды мойындап (1433 жылғы Прага
компактаттары дейтіндер) келіссөз жүргізіп келісім жасады. Бұл келісім
біртоға бюргер-рыцарь лагерінің гусшілер қозғалысының революциялық шаруа-
плебей лагерімен түпкілікті ажырасуы, чашниктердің табориттермен ажырасуы
еді. Осыдан кейін чашниктер мен котолик пандарының біріккен күштері 1434
жылы 30 мамырда Липан түбегіндегі ұрыста таборит әскерін талқандап, құртып
жіберді. Жеке таборит қауымдары аман қалып, XV ғасырдың екінші жартысына
дейін өмір сүргеніне қарамастан, бұл жеңіліс таборит қозғалысының ақыры
болды. [4;245]

Сонымен, гусшілер қозғалысының сипаты, негізінен католик дін басыларының
озбырлығына қарсы бағытталған болатын.

1.3. Гусшілерге бағытталған крест жорықтары

Чехияда гусшілер қозғалысы 1420 жылы рим папасының гусші-еретиктеріне
крест жорығын жариялауға мәжбүр етті. Герман императоры Сигизмунд Чехияның
өз ішіндегі де, одан сырт жердегі де феодалдық-католиктік күштерді
басқарды. Сөйтіп гусшілерге қарсы алғашқы крест жорығы басталды.

Габсбургтер жағынан және чехтік котолик шіркеуінің лагері Кутна Гореда
шоғырланды. Оларға көмек ретінде 1420 жылы 1нарызда рим папасы крест
жорығын жариялады. Император Сигизмунд Силезиядан немістерден әскер
жасақтады, сондай-ақ польшалық және венгрлік рыцарьлардан құралған жаяу
әскер, сонымен қоса олардың қатарын силездік қалалар мен италияндық
жалдамалы әскер толықтырып отырды. Олардың әскері сәуір айының соңында
Чехияда қақтығысып қорғану қамымен Кутна тауына қарай жылжып әскерімен
бірікті. Осы уақытта Чехияның оңтүстік шекарасында австриялық және
бавариялық әскери отряд тағы да жорыққа дайындалып жатқан еді, ал солтүстік
батыс шекарада Барденбург, Пфальца, Триа, Кельна және Майнца әскери отряды
шоғырланды. [4;557]

Мамыр айының соңында Сигизмунд Кутна тауына жорық жасап, Прага
тұрғындарын сонымен бірге қала цитаделін қоршауға алады, мұнда корольдік
әскер шоғырланған еді. Прагалықтар Табор қаласынан көмек сұрап сонда
қуылды. Ян Жижканың қолбасшылығымен 9 мың Тоборит Прага қаласына баса
көктеп кірді. Жорық кезіндегі жойқын шабуылдарға қарсылас рыцарьлары
абыроймен төтеп бере алды, себебі олар сол кезде отты қаруды, сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік славян елдердің халықаралық қатынастағы рөлі
ХІ-ХV ғасырлардағы Чехия
Христиан діні туралы
Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері. Катехумендер мектептері. Кафедралды немесе собор мектептері. Монастырлар
Қоғамның рухани дамуындағы ислам дінінің орны мен ролі. Христиан және будда діндеріне сипаттама
Швейцария Орталық Европадағы мемлекет
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ пәнінің Оқу әдістемелік кешені
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Қайта өрлеу мәдениеті
Жаңа діни ағымдардың ерекшеліктері және классификациясы
Пәндер