Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 ӨНДІРІС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Өндірістің қоғамдағы экономикалық маңызы.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Өндіріс жүйесіндегі адамның орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2 ӨНДІРІСТІК ФАКТОРЛАР МЕН РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Өндіріс ресурстары түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Өндіріс факторларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Өндіріс факторларының нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қоғамының құрдасы болып табылады. Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктер мен оларды қанаттандыру жолдарымен әдістерін зерттейді. Қажеттілік – бұл адам баласының өмір сүруіне бір нәрсенің жетіспеуін сезінеді. Ол сезім оларды қызметке, күш – жігер жұмсауға, ойлауға итермелейді.
Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.
4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.
5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде үш сұраққа жауап беруі тиіс:
- Не өндіру керек? – қандай тауарлар және қызметтер өндірілуі қажет?
- Қалай өндіру керек? – қандай ресустар, қандай технологияны пайдалану арқылы өндіру қажет?
- Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай бөлінеді, кімге арналады, кім сатып алады?
Қоғамның қажеттілігін барынша толық қанағаттандыру мәселелерін шешу барысында экономикалық теория таңдау проблемасымен тығыз байланыста болады.
Экономиканы өндіріссіз елестету мүмкін емес. Өндіріс экономиканың негізі, басты қайнар көзі болып табылады.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын.
Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс, яғни өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі қажет. Өндіріс деген ұғым
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Экономикалық теория. Оқу-тәжірибелік құрал /Шумеков З.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Жанағұлов А.Ш.-ҚЭУҚ-Қарағанды 2005
2. Макроэкономика. Оқу-тәжірибелік құрал /Бұғыбаева Р.О.,Жанағұлов А.Ш., Жетпісбаева М.Қ., Сүйіндіков Ж.С., Есдаулетова М.А.-Қарағанды 2002.
3. Экономикалық теория. Акимбеков С.А./Астана, 2002.
4. Экономикалық теория. Оқулық / Әубәкіров Я. Ә., Байжумаев Б. Б. ж.б. - Алматы, 2000.
5. Экономическая теория: Учебное пособие. / Под ред. И.К. Ларионова.- М.:
Изд. Дом «Дашков и К°».
6. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Современный курс Экономической теории
А.Даникер 2002.
7. Экономикалық теория. Оқулық / Әубәкіров Я. Ә., Байжумаев Б. Б. ж.б. –
Алматы, 2000.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ МЖБ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары

Орындады: УА-11 вк

тобының студенті

Қасымова А.С.

Ғылыми жетекші:

Шахзадин О.З.

ҚАРАҒАНДЫ 2012ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 ӨНДІРІС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Өндірістің қоғамдағы экономикалық маңызы..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Өндіріс жүйесіндегі адамның орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2 ӨНДІРІСТІК ФАКТОРЛАР МЕН РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Өндіріс ресурстары
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.11
2.2 Өндіріс факторларының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Өндіріс факторларының
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .25

Кіріспе

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін
қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін
ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
Экономикалық ойлау адамзат қоғамының құрдасы болып табылады. Экономикалық
теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары
кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктер мен оларды
қанаттандыру жолдарымен әдістерін зерттейді. Қажеттілік – бұл адам
баласының өмір сүруіне бір нәрсенің жетіспеуін сезінеді. Ол сезім оларды
қызметке, күш – жігер жұмсауға, ойлауға итермелейді.
Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-
лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың
сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың
болашағын айқындайды.
4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді
әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен
түсіндіреді.
5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми
жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде үш сұраққа жауап беруі
тиіс:
- Не өндіру керек? – қандай тауарлар және қызметтер өндірілуі қажет?
- Қалай өндіру керек? – қандай ресустар, қандай технологияны пайдалану
арқылы өндіру қажет?
- Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай бөлінеді, кімге
арналады, кім сатып алады?
Қоғамның қажеттілігін барынша толық қанағаттандыру мәселелерін шешу
барысында экономикалық теория таңдау проблемасымен тығыз байланыста
болады.
Экономиканы өндіріссіз елестету мүмкін емес. Өндіріс экономиканың
негізі, басты қайнар көзі болып табылады.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер
жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің
дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық
жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын.
Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс,
яғни өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі қажет. Өндіріс деген
ұғым қоғамдағы бір қатар элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын
өндірістік күштерді білдіреді. Адамның барлық даму кезеңдеріндегі
өндірістің басты факторлары жұмыс күші (жеке, немесе адамдық фактор) және
өндіріс құралдары (заттық немесе материалдық фактор) болып табылады. Алайда
өндірістік күштер өзгеріске ұшырап отырады. Қоғам өркендеген сайын олар
үнемі дамып, жетілдіріліп отырады. Қазіргі ғылыми-техникалық революция
жағдайында олардың елеулі күрделенуі байқалып отыр. Қалыпты жұмыс күшіне
және өндіріс құралдарына жаңа дербес маңыздары бар элементтер мен факторлар
қосылуда.
Өндіріс (жаңа заманға сәйкес) "қоғамдық үрдіс" болып табылады. Бұл
дегеніміз, барлық адамдар бір-бірімен байланыста хабарласып жұмыс істейді.
Курстық жұмыста өндіріс туралы жалпы түсінік зерттеледі. Өндіріс
барысына әсер ететін факторлар мен олардың нарығы қарастырылады.
Экономиканың басты қайнар көзі өндірістік ресурстар туралы мәліметтер
қарастырылады. Адамзат баласының жалпы алғандағы өндірістегі алатын рөлін
қарастырамыз.

1 Өндіріс туралы жалпы түсінік

1.1 Өндірістің қоғамдағы экономикалық маңызы

Қоғамдық өндірістің адамзат өміріндегі орны мен рөлі ерекше. Егер
өндірісті бір жыл түгіл бірнеше апта тоқтатын болса, адамзат аштықтан құрып
кеткен болар еді. Қазіргі таңда да рынокты қалыптастыруда өндіріс зор
маңызға ие болып отыр. Өндіріс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
бірлігі. Ал оның орын алуы мен дамуы белгілі бір факторларға байланысты.
Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау
мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:
- сол өнімді дайындайтын табиғи зат
- өнімді жайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
- адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
- аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы. Адамзаттың
және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс.
Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.
1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.
2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін
пайдалану.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар
өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық
игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге
тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп
қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы
мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат
күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі
құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы
күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.
3. Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық
қорлар қажет [1].
Ешбір қоғам материалдық игиліктер өндірмей тіршілік ете алмайды.
Сондықтан нені қалай өндіру,өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез
келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады.
Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда
шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі
шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының б.үгінгі таңдағы экономикалық
өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой
елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына тәуелді емес әр
түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және
ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында өндірістің екі ғана формасы
натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең
тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формалары мен қатар
әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар
туралы да айтылады.
Қазіргі кезеңде шаруашылық тәжірибеде, көптеген басылымдарда
тиімділік ұғымы жиі қолданылады. Дегенмен, бұл ұғым әлі күнге дейін
әртүрлі жағдайда, әртүрлі мағынада қолданылып, ортақ анықтамалық мағынаға
келмей отыр. Сондықтан да, тиімділік проблемасын әртүрлі көзқараста қарау
керек. Мысалы, тыңайтқыштың қолданудың, мелиорацияның, ғылыми-техникалық
прогресстің тиімділігі, т.б. Барлық жағдайда бұл сөзге мінездеме біреу.
Тиімділік ұғым негізінен нәтиже мен еңбектің кеткен шығын арасындағы
қатынас. Тиімділік ұғымы латын сөзінің эффектус деген сөзінен шыққан.
Сонымен, эффектус ақырғы нәтиженің пайдалылығын және әсерін көрсетеді.
Экономикалық тиімділік – өндіріс (өнім) нәтижесінің шығынға қатынасы [2].
Өндірістің тиімділігі – қажетті түпкілікті нәтижеге қол жеткізу жолында
адамның өндірістік‚ шаруашылық қызметінің жұмсалған ресурстарға (еңбекке‚
материалдарға‚ қаржыға) қатынасы, яғни өндіріс нәтижесінің пайдаланылған
ресурстарға қатынасынан көрініс табатын нәтижелілік. Нәтиже экономикалық
(өнімнің‚ пайданың өсуі‚ т.б.) және әлеуметтік (еңбек жағдайының жақсаруы‚
қоршаған орта мен адам денсаулығының сақталуы‚ т.б.) сипатта болатындықтан‚
өндірістің тиімділігі экономикалық тиімділік және әлеуметтік тиімділік
түрлеріне бөлінеді. Шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында өндірістің
түпкілікті нәтижелерінің әлеуметтік тиімділігі еңбек жағдайларының
нашарлауы‚ қоршаған ортаға зиян келтірілуі‚ адамның тіршілік әрекетінің
басқа да көрсеткіштерінің төмендеуі есебінен өнім өндіру көлемін ұлғайтуға
немесе пайда алуға жол беруге болмайды деген мағынаны білдіреді. Өндірістің
экономикалық тиімділігінің нәтижелілік көрсеткіштері: шығарылған өнімнің
көлемі немесе пайда, немесе пайда, ресурстар тиімділігінің нәтижелілігі –
еңбек пен өндіріс құрал-жабдығының (өндірістік қорлардың) жиынтық шығыны.
Экономикалық тиімділік көрсеткіштері алуан түрлі. Мысалы‚ ұлттық табыс‚
өнім шығару немесе пайда көлемі өсуінің осы өсуді туғызған күрделі
жұмсалымға қатынасы экономикалық тиімділік көрсеткіштері болуы мүмкін.
Еңбек өнімділігі‚ өнім сапасы‚ оның материал сыйымдылығы‚ қор сыйымдылығы
өндірістің тиімділігінің қосынды көрсеткіштері болып табылады. Экономикалық
тиімділіктің артуы жоғары әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу үшін негіз
болып табылады‚ ал олар өз кезегінде экономикалық нәтижеге барған сайын
күшті ықпал етеді. Сондықтан өндірістің тиімділігінде экономикалық және
әлеуметтік көзқарастың бірлігі мен өзара байланысы – шаруашылықты
жүргізудің аса маңызды қағидатының бірі болып табылады.
Өндірістің экономикалық тиімділігі – күрделі экономикалық категория.
Экономиканы табысты болу проблемаларының қатарында ауыл шаруашылығы
өндірісінің тиімділігін, оның арту деңгейін ұқыпты анықтаудың маңызы зор.
Өйткені, сол деңгейдегі көрсеткіштер арқылы оның келешектегі өсу жағдайына
мүмкіндік жасалынады. Онда өндірістің нәтижелеріне де, шығынға да әсер
ететін көптеген факторлар қарастырылуы тиіс.
Өндіріс тиімділігін көтеруді нарықтық экономика жағдайында, ең алдымен
нақты өнімнің көлемінің артуы, ұлттық табыстың қоғам мүшелерін толығымен
материалдық және рухани жағынан қамтамасыз етуі деп те түсіну керек.
Өндірістің пайдасы, оның нәтижесі қаншалықты маңызды болғанымен, ол адам
қызметін жеткілікті сипаттай алмайды, өйткені қандай ресурстар (шығын)
арқылы алынғанын көтсетпейді. Белгілі бір нәтиже әр түрлі тәсілдермен,
ресурстарды әр түрлі деңгейде пайдалану арқылы алынуы мүмкін және
керісінше, бірдей ресурстардың әр түрлі нәтижеберуі мүмкін. Сондықтан, қол
жеткізген нәтижені кеткен шығындармен салыстыру керек. Нәтижемен қатар
пайдаланған немесе тұтынған ресурстады, яғни ағымдағы өндірістік шығынды
білу қажет. Экономикалық тиімділік экономикалық нәтиженің осы нәтижені
туғызатын ресурстарға қатынасы немесе керісінше, ресурстардың экономикалық
нәтиже шамасына қатынасы сипаттайды.
Экономикалық тиімділік деңгейі экономикалық нәтиже қандай экономикалық
ресурстар арқылы қол жеткізгені туралы түсінік береді. Нәтиже неғұрлым көп
және жұмсалған ресурстар неғұрлым аз болса, өндірістің тиімділіг де
соғұрлым жоғары болмақ және керісінше.
Экономикалық тиімділік көптеген және алуан түрлі факторлардың әсерімен
қалыптасады. Еңбек, жер, су және материалдық ресурстар өндіріс тиімділігін
арттырудың негізгі факторлары болып табылады. Экономикалық тиімділік
көптеген және алуан түрлі факторлардың әсерімен қалыптасады. Ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарында өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың
проблемасын шешудің күрделілігі мен оның экономикалық маңызы, жер, негізгі
өндірістік қорлар және еңбек ресурстарының бір–біріне өзара ықпал етуі мен
тәуелділігінің теориялық және әдістемелік негіздері өндірістің
экономикалық тиімділігін арттыру бағыттары бойынша ғылыми негізде
сарапталды.

1.2 Өндіріс жүйесіндегі адамның орны

Адам тарихи дамудың жемісі. Барлық қоғамдық-экономикалық қатынастардың
жиынтығы.Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам – өндіргіш
күштің басты элементі, өндірістің субъективті жеке факторы. Қоғамдық
өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді.Игіліктерді өндіруші
бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетуші де адам. Адам қоғамнан
тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясында болады, соның өрісінде дамиды. Адам
барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының
сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі
орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және тағы басқа
талаптар күшейеді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару,
тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін
арттыру және тағы басқа сан алуан жағдайлар қоғамда да әр түрлі болып
келетіні белгілі. Сондықтан өндіріс жүйесінде адам дамуының заңдылықтары
әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді.
Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар.
Олардың негізгілері: бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің
жалпы және кәсіптік білімінің өсуі, мамандық дәрежесінің көтерілуі,
маманданған еңбектің нәтижелілігі ментиімділігіінң артуы, күрделі еңбектің
басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің
арақатынастарының өзгеруі, еңбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі
атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі және
тағы басқалар.
Өндірістегі адам факторының даму заңдылықтарының бірі – жиынтық жұмыс
күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын,
текреңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және кооперацияның нәтижесі.
Оның материалдық негізін өндіріс құрал-жабдықтарының дәрежесінен іздеген
жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ.
Әрбір деталь және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен
жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата
қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға
еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Адамның өндіріс факторы ретіндегі
дамуының негізгі заңдылығы оның жалпы және кәсіби білімінің өсуі.
Әлемдегі дамыған елдерде адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік
деңгейге көтерілгені өмір талабы. Келесі заңдылық- маманданған еңбектің
салмағы өсті, берер нәтижесі және тиімділігі артты. Бұл өндірістің
материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны
пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыт ішінде жоғары білікті еңбек,
жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің
нәтижесі мен тиімділігі жоғары.
Қоғамдық өндіріс дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да
заңдылық. Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс
оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми техникалық прогресс нәтижесі,
шаруашылықтың салалық құрылымының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге
келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын
заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды.
Өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да
өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі
басым болып келеді. Бұл ғылыми техникалық прогрестің озық нәтижелерін
өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының
бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып,
кешенді түрде автоматтандыруға, робот техникаларды, икемді технологияны
енгізгенде және тағы басқа ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы
өзгерістер енгізеді. Бұл экономикалық дамудың жлпылама негіздерінің зор
ерекшелігі.
Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық – адамның
өндірісте атқаратын қызметінің өзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан
қалады, оның ұйымдастырушысы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне
айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі
олперацияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді.
Барлық қоғамдық-экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның
маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді.
Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысщыларының санының өсуі
кеміді. Бұл ғылыми техникалық прогрестің өндірісте қолданылуына және еңбек
шығынын аз тілейтін жаңа сала мен технологияны пайдалануға байланысты.
Өнеркәсіптің келешек дамуы ғылыми сыйымдылығы басым салалар арқылы жүзеге
асуға тиіс. Барлық дамыған мемлекеттерде материалдық салада жұмыс
істеушілердің саны азайды.
Ғылыми өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналу процесі бірлескен
жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған
әсер ететін келсі тобы материалдық емес саладағы сатынының өзгеруі және осы
салалардың өндіріске оң әсерелерінің барған сайын арта түсуі. Олай болса,
еңбектің мән-маңызын және еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау
жасаған жөн. Еңбек материалдық және рухани игіліктерді өндірудің қайнар
көзі. Күрделі мәселелердің бірі – адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру.
Белсенділіктің түрлері өте көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз
болып отыр. Өндірістің дамуы сатысында еңбектің сипаты және мазмұны
өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мысалы, еңбек
белсенділігі, іскерлік, жауапкершілік, ұқыптылығы, саналылығы, өнегелілігі,
моральдық қанағаттанушылығы, творчествалық сипаты, еңбек нәтижесіне иелік
етуі еңбек қуанышы және т.б. Бұлардың іске асу жолдары, әдістері мен сипаты
қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты. Еңбек белсенділігін арттырудың
сан алуан амалы бар. Олардың негізгілері мыналар: моральдық және
материалдық ынталандыру еңбек жағдайын, қоғамдық қатынастарды жақсарту,
өндіргіш күштерді жетілдіру, қоғамдық өмірді демократияландыру, қол еңбегін
азайту, әлеуметтік қорғау, әділеттік принциптерін нығайту, әл-ауқатты және
рухани байлықты өсіру, жаңа типтегі адамдарды қалыптастыру, жаңаша ойлау
және жаңа коммерциялық шаруашылық механизмін іске қосу, еңбекті нормалауды,
ұйымдастыруды және басқаруды жаңа сапалық дәрежеге көтеру, басқару жүйесін
жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі қолдап отыру, өндірісті гуманизациялау,
жұмыс уақытын ұтымды пайдалану және т.б. Еңбек белсенділігін арттырудың
жолдар қоғам дамуының барлық сатыларына тән. Алайда оларды іске асыру
әдістері әр түрлі. Ол нақтылы алынған өндірістің сипатына байланысты.
Қазіргі өндірісте жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді. Олардың негізгі
белгілері жоғары біліктілігінде, өндірістік өзгерістерге тез бейімделуінде.
Бұларға тән қасиет ұқыптылығы мен жауапкершілігінің белгілері жоғары
болуында.
Жаңа типті адам туралы түсінік мазмұны өзгермейтін мәңгілік ұғым емес,
керісінше, үнемі сапалық өзгерістерде болып отыратын құбылыс. Өнеге тұтар,
үлгі болар адам болу қоғамдық өндірістің өзегі және күре тамыры. Барлық
қоғамда аз да болса өнегелі адамдардың болғаны өмір шындығы. Олай болса,
әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерісті бейнелейтін бұл категория
экономикалық дамудың жалпыға бірдей негізі. Еңбек белсенділігін арттыратын
экономикалық дамудың мұндай негізінің келесі тобы – басқару жүйесін
жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі пайдаланып отыру, жұмыс уақытын неғұрлым
ұтымды пайдалану, еңбек тәртібін және басқа тәртіптерді нығайту, қол
еңбегін азайту. Материалдық игіліктерді және рухани байлықты көбейту
эконмикалық дамудың жалпы негізі ретінде еңбек белсенділігін арттыруға
белгілі дәрежеде әсер етеді. Өйткені бұлар адамның барлық жағдайын
белгілейді. Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі
сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп жатқакн әрекет әділетті
де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі сақталған, екіжүзділік,
алдап-арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп түсінген жағдайда еңбек
етуге құлшына түседі.

2 Өндірістік факторлар мен ресурстардың теориялық негіздері

2.1 Өндіріс ресурстары түсінігі

Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы
болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді.
Экономикалық теорияда ресурс деген түсінік өндірістің әр түрлі
элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани
игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Ресурстар (французша
ressourse — құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар — табыс, ақшалай және
басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Өндірістік ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін
пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады
және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте
қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға
жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және
т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз
болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл
атқарады. Өндірістік ресурстар — фирманың, кәсіпорынның меншігіндегі және
пайда алу үшін пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтың, бейматериалдық
активтердің, басқа да құндылықтардың, ақшалай қаражаттың жиынтығы,
өндірісті қамтамасыз ету көздері деген мағынаны білдіретін іргелі
экономикалық теория ұғымы.
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық
шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын
қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су
ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары
және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы
жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек
ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың
қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін
бағыттау қажет [3].
Шаруашылық қызмет процесінде өндіріс ресурстары маңызды орынға ие,
сондықтан қазіргі таңда ресурстарды шектеу және ресурстардың кәсіпорынға
оптимальдық қатынасы өте актуалды мәселе болып табылады. Ресурстар
саласындағы қаражат саясаты кәсіпорыннның ұзақмерзімді жағдайына бағыттала
әсер етеді және оның ағымдағы күйін анықтайды. Қазақстан экономикасының
қалыптысуының күрделі жағдайларында өндіріс ресурстарын тиімді және
рационалды түрде пайдалану мәселесіне үлкен қызығушылық туындап отыр.
Шаруашылық қызметі процесінде барлық кәсіпорындардың алдында қалыпты жұмыс
жасау үшін қажетті ресурстардың жеткіліксіздігі проблемасы тұрады.
Ресурстар саласындағы басқару шешімдерін оңтайландыру үшін болашақтағы
жағдайдың тиімді анализдеуді бағалау керек. Кәсіпорынның қаражат саясаты
ресурстарды пайдаланудың түрлі нұсқаларын комплексті түрде экономикалық
бағалау қажеттігін көрсетеді.
Өнеркәсіпті ресурстарды меңгеруге итермелейтін бірнеше себептер бар.
Мұндай себептердің бірнеше түрі бар, бірақ оларды бірнеше түрге
топтастыруға болады: қаражат көрсеткіштерін жақсарту, өндірістің деңгейін
жоғарылату, өндірістік қызметтің көлемін үлкейту. Ресурстар саласындағы
жүргізілетін өзгерістердің деңгейі әр түрлі. Егер өндірістің қалыпты
көлемін ұлғайтуға келсек, бұл жағдайда кәсіпорынның басшылығы қандай
ресурсты қандай көлемде көбейту қажеттігін анық біледі. Ал егер
ресурстарды пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға келсек, бұл жағдайда
бірнеше факторларды қарастыруға тура келеді: кәсіпорынның күйін өзгерту
мүмкіндігі, қосымша ресурстардың көлемінің қол жетімділігі, жаңа
әдістемелерді меңгеру қажеттілігі, қолданылып жүрген есеп беру формаларының
жаңа талаптарға сәйкес келуі.
Қолданылған ресурстардың көп түрлілігіне қарамастан оларды әдетте
негізгі 3 топқа бөледі:
-натуралды немесе табиғи (жер, т.б.);
-материалды (капитал);
-адам ресурстары (еңбек).
Түрлі өндірістер және бүкіл шаруашылық қызметтері әртүрлі экономикалық
ресурстарды пайдалануға негізделеді. Экономикалық ресурстар деп тауарлар
мен қызмет көрсету процестерінде қолданылатын ресурстардың барлық түрллерін
айтады. Өндірістің ресурстарына жатады:
-жер(табиғи ресурстар)
-өндіріс капиталы
-кадрлық потенциал
-кәсіпкерлік мүмкіндіктер.
Экономикалық ресурстарға сұраныс тауарларға сияқты құрылады, бірақ
оған арнайы мінездеме тән: экономикалық ресурстарға сұраныс туынды
(тәуелді) болып табылады, өйткені ол аталған ресурсты қолданып өндірілген
өнімге сұраныспен байланысты. Ресурсқа сұраныс өнімге деген сұраныстың
үлкеюі мен азаюына байланысты кеңейіп немесе қысқарып отырады [3].
Ресурстарды басқару ұйымды басқаруға негіз болады. Адам ресурстарын
басқару кез келген ұйым үшін материалды және табиғи ресурстарды басқарумен
қатар, жалпы басқарудың бір құраушысы болып табылады. Алайда өз қасиет
белгілеріне қарай адам ресурстары басқа ресурстардан өзгешеленеді де,
басқарудың ерекше әдістерін қажет етеді. Басқару процесінде адам
ресурстарының өзіндік ерекшелігін ескерген жөн.
Оның мәні мынада:
Біріншіден, өндіріс құралдарына қарағанда (машиналар, шикізат)
адамдардың сапасы бар, соған сәйкес олар сыртқы әсерге сапалы түрде жауап
бере алады. Яғни, ұйым мен қызметкер арасындағы өзара байланыс процесі екі
жақты болып табылады.
Екіншіден, сапалы болғандықтан адамдар үнемі жаңарып дамып отыруға
қабілетті. Технологиялар мен оған қоса кәсіптік білім бірнеше жылдың ішінде
ескеріп отыратын ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі жағдайында
қызметкерлердің үнемі дамып,жаңарып отыру қабілеті кез келген ұйым
қызметінің тиімділігін арттырудың аса маңызды да ұзақ мерзімді көзі болып
табылады.
Үшіншіден, қазіргі заманғы қоғамдағы адамның еңбек ету өмірі 30-50
жылды құрайды, осыған байланысты ұйым мен адамның ара қатынасы ұзақ
мерзімді сипат алады.
Төртіншіден, материалды және табиғи ресурстарға қарағанда адамдар
ұйымға белгілі бір мақсаттармен, саналы түрде келеді де, ұйымнан осы
мақсаттарына жетуде көмек күтеді.
Мамандарды басқару адамзат қоғамның даму тарихында ежелден бастау
алады. Туыстық ұйымдарға біріккен сонау ежелгі адамзат қоғамның алғашқы
өкілдері-ақ өздерінің өте шектеулі ресурстарын пайдалану мәселесін
күнделікті шешіп отыратын, күнделікті еңбек бөлінісі, еңбек уәждемесі
(мотивация) және тәртіп мәселелерімен кездесіп отыратын.
Мамандарды басқаруда кез келген обьектіні немесе процесті басқару
секілді ұйымдық қызмет болып табылады.
Ғылыми-техникалық процестің жеделдеуімен, нарықтық қатынастардың одан
әрі дамуымен және бәсекенің өрши түсуімен сипатталған XX ғасырдың соңғы
жылдары мамандар алдына адам ресурстарын басқару саласында жаңа мәселелер
туындады.
Белгілі болғандай, негізгі экономикалық ресурстарға немесе өндірістің
енгізілетін факторларына еңбекті, капиталды, жерді және кәсіпкерлік
мүмкіндіктерді жатқызуға болады. Экономикалық ресурстар эконмика лық
деңгейде өте маңызды рөлге ие. Оларды рационалды пайдаланудан өндіріс
факторларының иелерінің пайдасы, шығындарды және дайын өнімнің бағасын
азайту, өнеркәсіптің жұмысының нәтижелілігі тәуелді.
Өндірісті кеңейтудің бірнеше жолдары бар. Техникалық базаны
өзгеріссіз сақтай отырып өнімді ұлғайтуды қолданылатын ресурстардың көлемін
ұлғайту есебінен жүргізуге болады. Бірақ мұндай ұлғайтудың мүмкіндіктері әр
түрлі ресурстарға біркелкі болмайды. Қосымша жұмыскерлерді жалдау немесе
шикізатты сатып алуды ұлғайту бір басқа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
Өндіріс факторлары және өндіріс ресурстары
Экономикалық жүйедегі өндірістің орны
Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар
Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері
Ресурстарды сақтау саясаты
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары туралы
Халықаралық еңбек бөлінісі
Адам ресурстары - еңбек және кәсіпкерлік қызмет. Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер