Қазақстандағы инфляция жағдайы және онымен күресу әдістері



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Инфляция туралы түсінік. Оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Инфляцияның пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. Қазақстандағы инфляция жағдайы және оның салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2. Инфляциямен күресу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Пайдаланылған және қосымша әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Кіріспе

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келеді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуіне көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Осы есеп беру барысында «Инфляция: пайда болу себептері және онымен күресу әдістері» тақырыбын қарастырдым. Тақырып төрт бөлімнен тұрады.
«Инфляция туралы түсінік. Оның түрлері» бөлімінде: ақшаның құнсыздануының факторларын; инфляцияның көріну нысандарын; инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін анықтадым.
«Инфляцияның пайда болу себептері» бөлімінде: инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптарын; инфляцияның негізгі себептерін; инфляцияның қалыптасу жағдайларын қарастырдым.
«Қазақстандағы инфляция жағдайы және оның салдары» бөлімінде: Қазақстандағы инфляция динамикасын; стагфляция себептерін; сұраным инфляциясы жағдайын қарастырдым.
«Инфляциямен күресу әдістері» бөлімінде: инфляцияға қарсы саясатты; экономика жағдайындағы инфляцияны реттеуді; инфляцияға қарсы стратегияның жалпы шараларды білдім.
Бүгінгі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияның әуел бастағы себебі-ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Сондықтан инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып, экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика жане т.б. белсенділігін арттырады.
Пайдаланылған және қосымша әдебиеттер

1. Құлпыбаев С. К. Қаржы. Оқу құралы. Алматы, 2005ж.
2. Сундетов Ж.С., Нукешева А.Ж. Основы институциональной экономики: Учебное пособие. – Астана: КазГАТУ, 2007. -194 с.
3. Институциональная экономика: новая институциональная экономическая теория:
Учебник / Под общей ред. А.А.Аузана. – М.: ИНФРА-М, 2005. – 416 с.
4. Сейітқасымов Ғ.С. « Ақша, кредит, банктер» //Оқулық – Алматы: Экономика, 2006. – 480 б.
5. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келеді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуіне көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Осы есеп беру барысында Инфляция: пайда болу себептері және онымен күресу әдістері тақырыбын қарастырдым. Тақырып төрт бөлімнен тұрады.
Инфляция туралы түсінік. Оның түрлері бөлімінде: ақшаның құнсыздануының факторларын; инфляцияның көріну нысандарын; инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін анықтадым.
Инфляцияның пайда болу себептері бөлімінде: инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптарын; инфляцияның негізгі себептерін; инфляцияның қалыптасу жағдайларын қарастырдым.
Қазақстандағы инфляция жағдайы және оның салдары бөлімінде: Қазақстандағы инфляция динамикасын; стагфляция себептерін; сұраным инфляциясы жағдайын қарастырдым.
Инфляциямен күресу әдістері бөлімінде: инфляцияға қарсы саясатты; экономика жағдайындағы инфляцияны реттеуді; инфляцияға қарсы стратегияның жалпы шараларды білдім.
Бүгінгі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияның әуел бастағы себебі-ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Сондықтан инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып, экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика жане т.б. белсенділігін арттырады.

1. Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері
1.1 Инфляция туралы түсінік. Оның түрлері

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың бір көрінісі - ол инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет инфляция деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция - қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан - кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы - тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде - тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды. Инфляция - ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
oo Айналысқа ақшаның артық шығуы;
oo Қолайсыз төлем балансы;
oo Үкіметке сенімнің жоғалуы.
Инфляцияның көріну нысандары:
oo Тауарлар мен қызметкерлерге бағаның өсуі;
oo Оның үстінде бір қалыпты емес өсуі;
oo Ақшаның құнсыздануы;
oo Оның сатып алу жарамдылығының төмендеуі;
oo Ұлттық ақша бірлігіне қатысты бағамның төмендеуі;
oo Ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көрінуі.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратылады:
oo Баяу - баға жылына 10 пайызға өскенде;
oo Өшірмелі - баға 100 пайыз шегінде өскенде;
oo Әсіре - баға жүздеген пайызға өскенде.
Инфляцияның бірнеше түрі бар.
Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.
Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.
Басылыңқы (жасырын) инфляция - бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.
Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:
Сұраныс инфляциясы - ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы - ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.
Құрылымдық инфляция - ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.
Болжау арқылы инфляция бөлінеді:
Күткен инфляция - ол болжамдалынған инфляция.
Күтпеген инфляция - ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.
Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:
Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.
Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.
Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.
Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.
Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:
Мемлекеттікбюджеттіңтапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.
Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.
Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.
Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.
Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.
Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардаптыықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынтадабұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:
1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әртүрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.
2. Инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шетелге ауысуына әкеледі.
Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.

1.2 Инфляцияның пайда болу себептері

Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.
Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.
Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.
Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.
Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.
Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:
1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.
2. Инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.
Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе - теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруына әбден мүмкін.
Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, түптеп келгенде бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден,осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуі ХХ ғасырда нарықтың құрылымының өзгеруімен түсіндіріледі. Бүгінгі нарық ХIХ ғасырдағы нарық түріне тіпті ұқсамайды.
ХIХ ғасырдағы нарықта негізінен өзара толық бәсекелі тауарлар сатылатын. Бұл тауарлардыкөптеген өндірушілер өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын. Бұл тауарларды көптеген өндірушілер өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын, салалық және салааралық бәсеке жағдайы болған капитал кедергісіз бір саладан екінші салаға ауысатын еді. Қазіргі рынок - көбінде илипологиятүрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма илипология бағаның өсуін қолдамаса да, оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайды бұзып алмау мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедкергі жасауға тырысады.Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олипологиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап алуға ұмтылады.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаіпі артады.
Импортталған инфляциямен күресу мүмкіншілектері де шектеулі келеді. Әрине ұлттық валютаның бағасын арттырып, импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өнімділігі кемиді.
Бесіншіден, инфляцияны тосу деген жағдайға байланысты инфляциялық процесс өзін - өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде көптеген экономистердің пікірінше инфляцияны тосу психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
Инфляцияны тосу механизмі экономикаға қалай әсер етеді?
Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар, олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы Үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түсіреді.
Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын - ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Нәтижесінде бағалар сұраным көлемі анықтайтын деңгейден сатып, инфляцияны тосу деңгейіне көтеріледі.
Инфляцаяның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, баға-еңбекақы , инфляциялық тосу инфляцианың бір елден екінші елге ауысуы және басқалары болады. Бұрыңғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болады.
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемелекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын болған. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейіністі жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-бір тиімді саясат жүргүзу құралы ретінде түсіндіреді.
Баяу инфляция саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы инфляциялық процестерді басқару және болжау
Инфляция және онымен күрес
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Қаржы және инфляцияның шығу тарихы
Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
Инфляцияның түрлері мен факторлары
Пәндер