Дебиторлық қарыздар: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Дебиторлық қарыздар есебі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Дебиторлық қарыздар: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4 Дебиторлық қарыздар айналымдылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Пайдаланылған және қосымша әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Дебиторлық қарыз (ДҚ) - ақшалай қаражат, тауар, қызмет алу үшін сатып алушыларға және басқа тұлғаларға қойылатын талап.ДҚ қаржылық есепті (ҚЕ) құру үшін өтпелі (қысқа мерзімді) немесе қайтарымсыз (ұзақ мерзімді) болып сұрыпталады. Сонымен қатар ДҚ саттық және саттық емес боп сұрыпталады.
Саттық ДҚ - бұл, қарапайым шаруашылық іс-әрекеттер жасау кезінде сатып алынған тауарлар мен қызметтер үшін клиенттер төлейтін сома. Саттық ДҚ ең қолайлы ДҚ және есеп бөлімшелері мен вексельдерді алу үшін топталуы мүмкін. Алуға арналған шоттар өз алдына «ашық шот» болады, олар қысқа мерзімді несиелерді ұзарту нәтижесінде пайда болады. Алуға арналған вексельдер - бұл келешекте белгілі бір уақытқа белгілі бір соманы төлеуге берілетін жазбаша уәде. Саттық емес ДҚ әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында пайда болған және жазбаша уәделі төлемді жасау немесе тауар не қызмет көрсетуде болады. Мысалы:
• міндетті тұлғаларға және жұмысшыларға берілген өтем ақылар;
• көмекші мекемелерге төленген өтем ақылар;
• алуға арналған дивиденттер мен пайыздар;
• сақтандыру компанияларға;
• соттағы айыпталушыға;
• тауарды қайтарылуы жөнінде мемлекеттік органдарына;
• қайтаруға жататын заттар үшін сатып алушыларға (контейнерлер, қорапталған сөмкелер) талаптар қойылады.
ДҚ тек қана онымен байланысты кіріс танылғанда бірақ танылады. Алуға арналған есептер басқа компаниялардағы ақша құралдарына, тауарларға, қызметке және т.б. ақшалы емес активтерге наразылығын өзіне қосады. Алуға арналған есептер компанияның күндегі іс-әрекетінде қабылданған тауарлары мен қызметтері үшін клиенттердің қарыздық сомасын көрсетеді. Саттық ДҚ деп аталатын бұл шоттар есептік - фактуралармен немесе басқа құжаттармен расталады. Көбінесе өтеу уақыты ретінде 30 күннен 90 күнге дейін саналады, бұл уақыт өтіп кеткен жағдайда алуға арналған есеп мерзімсіз болып саналады. ДҚ тек қана онымен байланысты кіріс танылғанда бірақ танылады. ДҚ күмәнді қарыздарға, ақшалай жеңілдіктерге, сатылған тауардың қайтарылуына түзетулердің бастапқы құнымен бағаналанады, осының нәтижесінде алуға арналған шоттың таза бағасы анықталады. Операциялардың нәтижесі мен басқа жағдайлардың есеп әдісіне сәйкес олардың орындалу фактісімен расталады, ал ақша қаражаты немесе эквиваленті алынған немесе төленген кезде расталмайды.
Пайдаланылған және қосымша әдебиеттер тізімі
1. Налоги-учебник под ред. Д.э.н., профессора Черника Д.Г.-М: Финансы и статистика, 2000 г.
2. Құлпыбаев С. К. Қаржы. Оқу құралы. Алматы, 2005ж.
3. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы- учебник для вузов. Алматы: Фин Эко,2001 г.
4. Пикалова М., «Финансы финансистов»
5. http://www.uchi.kz/

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Дебиторлық қарыз (ДҚ) - ақшалай қаражат, тауар, қызмет алу үшін сатып алушыларға және басқа тұлғаларға қойылатын талап.ДҚ қаржылық есепті (ҚЕ) құру үшін өтпелі (қысқа мерзімді) немесе қайтарымсыз (ұзақ мерзімді) болып сұрыпталады. Сонымен қатар ДҚ саттық және саттық емес боп сұрыпталады.
Саттық ДҚ - бұл, қарапайым шаруашылық іс-әрекеттер жасау кезінде сатып алынған тауарлар мен қызметтер үшін клиенттер төлейтін сома. Саттық ДҚ ең қолайлы ДҚ және есеп бөлімшелері мен вексельдерді алу үшін топталуы мүмкін. Алуға арналған шоттар өз алдына ашық шот болады, олар қысқа мерзімді несиелерді ұзарту нәтижесінде пайда болады. Алуға арналған вексельдер - бұл келешекте белгілі бір уақытқа белгілі бір соманы төлеуге берілетін жазбаша уәде. Саттық емес ДҚ әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында пайда болған және жазбаша уәделі төлемді жасау немесе тауар не қызмет көрсетуде болады. Мысалы:
* міндетті тұлғаларға және жұмысшыларға берілген өтем ақылар;
* көмекші мекемелерге төленген өтем ақылар;
* алуға арналған дивиденттер мен пайыздар;
* сақтандыру компанияларға;
* соттағы айыпталушыға;
* тауарды қайтарылуы жөнінде мемлекеттік органдарына;
* қайтаруға жататын заттар үшін сатып алушыларға (контейнерлер, қорапталған сөмкелер) талаптар қойылады.
ДҚ тек қана онымен байланысты кіріс танылғанда бірақ танылады. Алуға арналған есептер басқа компаниялардағы ақша құралдарына, тауарларға, қызметке және т.б. ақшалы емес активтерге наразылығын өзіне қосады. Алуға арналған есептер компанияның күндегі іс-әрекетінде қабылданған тауарлары мен қызметтері үшін клиенттердің қарыздық сомасын көрсетеді. Саттық ДҚ деп аталатын бұл шоттар есептік - фактуралармен немесе басқа құжаттармен расталады. Көбінесе өтеу уақыты ретінде 30 күннен 90 күнге дейін саналады, бұл уақыт өтіп кеткен жағдайда алуға арналған есеп мерзімсіз болып саналады. ДҚ тек қана онымен байланысты кіріс танылғанда бірақ танылады. ДҚ күмәнді қарыздарға, ақшалай жеңілдіктерге, сатылған тауардың қайтарылуына түзетулердің бастапқы құнымен бағаналанады, осының нәтижесінде алуға арналған шоттың таза бағасы анықталады. Операциялардың нәтижесі мен басқа жағдайлардың есеп әдісіне сәйкес олардың орындалу фактісімен расталады, ал ақша қаражаты немесе эквиваленті алынған немесе төленген кезде расталмайды.

1. Дебиторлық қарыздар есебі туралы түсінік
1.1. Дебиторлық қарыздар: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану

Борышкер, дебитор (латын debitum сөзінен - борыш, міндеттеме дегенді білдіреді) екі немесе одан да көп тұлғалардың арасындағы мүліктік байланыстың азаматтық - құқықтық міндетемесінің бір жағы.
Дебиторлық қарыз - басқа заңды тұлғалар мен азаматтардың кәсіпорынға арналған қарыз сомасы. Нақты емес есеп беру жүйесінде дебиторлық қарыздың пайда болуы кәсіпорынның шаруашылық іскерлігінің объективті процесін көрсетеді.
Дебиторлық қарыздың құрылу сипаты бойынша жақсы және анықталмаған болып бөлінеді. Кәсіпорынның жақсы қарызы, не кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын орындау жолымен, сонымен қатар, есеп берудің әрекет етуші формаларымен негізделгендер жатады. Анықталмаған дебиторлық қарызға есеп беруді жүргізу кезінде жетіспеушіліктері бар болуы, есеп беруші қаржы тәртібін бұзылуы, материалдық құқықтарды шығаруда бақылаудың әлсіреуі, жетіспеушіліктер мен тонаушылықтардың пайда болуы нәтижесінде пайда болғандар жатады.
Дебиторлық қарыз халықаралық және Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес сатып алушылардың компанияға арналған сомма ретінде анықталады.
Дебиторлық қарыз - айналым капиталының маңызды компаненті. Егерде бір кәсіпорын келесі кәсіпорынға товар сатса,онда сатылған тауардың құны бірден төмендейді. Дебиторлық қарыз иемденуге құқы барзаңды құқықтармен байланысты кәсіпорын активтері болып табылады.
Дебиторлық қарыздардың келесідей түрлері болады (Сызба 1):
1. Саудалық дебиторлық қарыз
2. Басқа да дебиторлық қарыз

Жалпы активті мүлік, құндық бағасы бар, мүлікшілік және субъект құқығы деп түсінеміз. Активке айналған болашақ экономикалық пайдалылық - субъектінің ақшалай қорлар ағымына потенциалды, тікелей және жанама салымдар болып табылады. Сонымен бірге, дебиторлық қарыз - бұл активке айналған және иемденуге құқы бар, заңды құқықтармен байланысты болашақ экономикалық пайда.
Дебиторлық қарыз активінің негізгі 3 сипаттамасы бар:
- ақшалай құралдардың өсімін тікелей және жанама құруға қабілеттілікті қамтамассыз ететін, болашақ пайданы туындатады.
- активтер шаруашылық субъект басқаратын ресурстар болып табылады. Сонымен бірге, пайда немесе потенциалды қызмет көрсетулер заңды немесе оны алу мүмкіндіктеріне заңды дәлел қажет. Мысалы,активті сату фактісінің көрінісінде сатушыда дебиторлық қарыз құрылады.Сату-сатып алу келісімі болашақ мүмкін пайданы анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ та,егер сатып алушы дебиторлық қарызды жабуға белгілі бір сомма салса, онда сатушы ресурстарға, яғни потенциалды түсімдерге бақылауын жоғалтады, осының нәтижесінде актив болудан қалады;
- активтерге болашақта алынатын, бірақ қазір кәсіпорынның бақылауында болмайтын пайда жатпайды. Сонымен бірге, сол немесе басқа шаруашылық операция болатын жөнінде бухгалтердің шешімі кілтті кезең болып табылады.
Фирмамен келісімге қол қою жағдайымен бухгалтер бақылауында болатын болашақ мүмкін пайда бекітіледі.Тек бухгалтер ғана жағдайдың, фирма актив ретінде көрінісінде,толық немесе толық емес маңызы барын анықтайды. Көп жағдайда маңыздылық операцияның біткенін білдіреді. Егер бір жыл ішінде сомма алынбаса, ағымдағы активтерге дебиторлық қарыз толық қосылуы мүмкін.Сонымен қатар, ұзақ мерзімді активтар құрамында 1 жылдан аса саналатын дебиторлық қарыз дебиторлық қарыз мақаласына қосылуы мүмкін.
Шаруашылықтың жоспарлы-әкімшілік жүйесінде, сонымен қатар 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасында әрекет еткен бухгалтерлік есеп жүйесінде активі кәсіпорынға ие барлық шаруашылық құралдар деп қарастырады. Қазақстанның қазіргі есебіне сәйкес өзінділігі - активтер болашақта табысқа айналатын, шығындардың белгілі мөлшері болып табылады. Бұдан активке салынған шығындар қалай анықталатыны, сонымен қатар дебиторлық қарызды қарастыру қажеттігі туындалады.Осымен байланысты бухгалтерлік есепте ақша төлемеу, керісінше осы төлемдерге құқықтық пайда болуы табыс болып саналады. Сонымен бірге, берілген есеп беру кезеңіндегі табыстар шығындармен сәйкес болу керек.
Қазіргі кезде дебиторлық қарыздың халықаралық есеп жүйесіне өтумен байланысы келесі түрлерін бөледі: сатып алушы және тапсырыс беруші дебиторлық борыш, тәуелді бірлестік, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар, басқа да дебиторлық қарыз, болашақ кезеңдердің шығындары,берілген аванс бойынша дебиторлық қарыз.Дебиторлық қарыздар мерзіміне қарай екі түрліболып бөлінеді: 1. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз 2. Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз

1.2 Дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ қарыздары -- Дебиторлық қарыздар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы алынуға тиісті қарыздар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті қарыздар болып екіге бөлінеді. Бұл қарыздардың есебі "Алынуға тиісті шоттар" бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық қарыздар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті қарыздар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті қарыздар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық қарыздар;
- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
- басқадай дебиторлық қарыздар. Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша қарыздар (дебиторлық қарыздар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ "дебиторлық борыш" дегеніміз, бұл -- иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сыйпаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық қарыздардың айналымы жатады. Яғни дебитолық қарыздардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық қарыздар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық қарыздар "Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар" болып есептеледі. Дебиторлық қарыздардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін (скидки) пайдалану ұйымның күмәнді қарыздарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін (скидки) пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге (алынуға) тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:
Д-т: Баға шегерімі -- шоты
К-т: Алынуға тиісті қарыздар -- шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Д-т: Сатылған тауарлардың қайтарылымы -- шоты
К-т: Алынуға тиісті қарыздар -- шоты
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептік тіркелімдерді) қолданады:
нөмірі 7 -- Журнал-ордер - "Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы" деп аталатын шотының кредиті бойынша;
нөмірі 8 -- Журнал-ордер -- "Алынуға тиісті қосылған құн салығы, "Есептелген пайыздар", "Басқадай дебиторлық қарыздар" және "Берілген аванстар" деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;
нөмірі 9 -- Журнал-ордерге қосымша тізімдеме -- "Берілген аванстар" шотының дебиті бойынша;
нөмірі 10 -- Журнал-ордер -- "Күдікті қарыздар бойынша резерв", "Алдағы кезең шығыңцары" шоттарының несие (кредиті) бойынша;
нөмірі 11 -- Журнал-ордер -- "Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы" шотының және "Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы" шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық қарыздардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік ссеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық қарыздар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты, мақсат, -- әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық қарыздар келесідей бөлімдерден тұрады:
1. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар:
1200 Қысқа мерзімді дебиторлық борыш
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
1230 Ұйымдасқан және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
1240 Филиалдар мен құрамдық бөлімдердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
1250 Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
1260 Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар
1270 Алынуға тиісті қысқамерзімді сыйақылар
1280 Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар
1290 Күдікті талаптар бойынша резервтер2. Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар:
2100 Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш
2110 Сатып алушылыр мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы
2120 Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы
2130 Ұйымдасқан және бірлескен ұйым дардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы
2140 Филиалдар мен құрамдық бөлімдердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы
2150 Жұмыскерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы
2160 Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы
2170 Алынуға тиісті ұзақ мерзімді сыйақы
2180 Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар
Қортындылай келгенде дебиторлық қарыздарды басқару - бірден бір көкейкесті мәселесі болып табылады. Дебиторлық қарыз екі факторларға байланысты көрініс табады:
:: кәсіпорнның іскерлік деңгейі - неғұрлым сатылымдар көлемі көп болса, соғұрлым дебиторлық қарыздардың көлемі де көп болады.
:: кәсіпорнның клиентке деген қарым - қатынасы - кәсіпорын клиенттерді сақтап қалу және клиенттерді тарту мақсатында өз клиенттеріне төлем төлеу уақытын ұзақ бере отырып қарызды деңгейін арттырады.
Дебиторлық қарыздардың айналым коэфиценті кәсіпорынның дебиторлық қарыздарының құрлымы мен деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Дебиторлық қарыздың айналым коэфиценті - бұл кәсіпорнның таза сатылымдары көлемінің орташа жылдық дебиторлық қарыздарға қатыныасымен есептелінетін қаржылық көрсеткіш.

1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі

Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шоттарда:
1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
1230 Ұйымдасқан және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
1240 Филиалдар мен құрамдық бөлімдердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы
сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктерінің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық қарыздары жайлы ақпараттар көрініс табады.
"Шаруашылық серіктестіктері" дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қызметкерлердің дебиторлық берешегін және өзге де қысқа мерзімді активтердің есебін қарастыру
«Шымкен құс» ЖШС дебиторлық және кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз
Кредиторлық берешек есебін зерттеп және олардың есебінің жолдарын қарастыру
Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебін және олардың ерекшеліктерін зерттеу
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар
Қысқа мерзімді активтер. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Дебиторлық қарыздың жағдайын талдау
Пәндер