Деректер базасы


Кіріспе

Мәліметтерді сақтау, өңдеу және қолдану құндылығын азайту мақсатында мәліметтер бағасы жүйесін қолданып, ақпараттарды ЭЕМ көмегімен өңдеп сақтайды. Мәліметтер бағасының жүйесі деп - мәліметтерді сақтаудың компьютерленген жүйесін, ал мәліметтер бағасы деп - белгілі бір іс-әрекет жасауға болатын (қосу, өшіру, өзгерту, көшіру, реттеу т. с. с. ) үлкен көлемді жүйелендірілген мәліметтерді сақтау.

МБ оны қолданушы программаға тәуелсіз арнайы тәсілмен ұйымдастырылған мәліметтер файлдарының жиынтығы. МБ қолданушыны қызықтырушы (кітапхана, дәріхана, қойма т. с. с. ) анықталған пәндік аймақ үшін құрылады. МБ құру және қолдану үшін арнайы МБ басқару жүйесі қолданылады. МББЖ дегеніміз мәліметтер базасын құру, өңдеу және енуді жабдықтаушы программалық құрылғылардың жиынтығы. МББЖ мәліметтер базасымен жұмыс істеп қана қоймай, қолданбалы программалар өңдеуге де мүмкіндік жасайды.

Барлық ММБЖ екі топқа бөлінеді:

  • жергілікті;
  • желілік.

Жергілікті - бір компьютерде жұмыс істейтін МББЖ. Оларға dBase, FoxPro, Microsoft Access және т. б. жатады.

Желілік - бір мәліметтер базасын бірнеше компьютерде клиент - сервер технология көмегімен қолдануға болатын МББЖ. Оларға InterBase 6 Oracle, Microsoft CSQL Server және т. б. жатады.

Мәліметтерді сақтау принципі байланысты барлық мәліметтер базасы бірнеше негізгі типтерге бөлінеді:

  • иерархиялық;
  • желілік;
  • реляциялық.

Иерархиялық мәліметтер базасы - 60-шы жылдардың басында қолданылған. Олар қарапайым терек түрінде құрылған. Бұнда мәліметтер екі категорияға бөлінеді: негізгі және бағынышты. Иерархиядағы ең биік объект - түпкі, ал қалған объектілерде тәуелді деп атайды.

Иерархиялық мәліметтер базасы жақсы жағы - біреудің көпке деген аралық байланыстарын көрсету мүмкіндігі, мәліметтерді көзбен көретіндей анық көрсету, мәліметтердің тәуелсіздік деңгейі анықталған.

Иерархиялық мәліметтер базасы кемшілігі - мәліметтер құрылымын көрсету, яғни МББЖ бағдарламасының қиындығы, мәліметтерді енгізу және жою операциясын орындаудың қиындығы.

Желілік мәліметтер базасы - иерархиялықпен қатар қолданылады. Бұл мәліметтер базасында кез-келген объект басқа объектілермен бірнеше байланыс жасай алады.

Желілік мәліметтер базасының жақсы жақтары - жалпы түрдегі модель, жою және енгізу операцияларын орындаудың жеткілікті түрі.

Желілік мәліметтер базасының кемшілі - мәліметтерді көрсетудің қиындығы, яғни МББЖ бағдарламалар комплексінің күрделілігі.

Реляциялық мәліметтер базасы (relation - қатынас) - программалуда 70 -жылдардан бастап қолданыла бастады. Мұндай мәліметтер базасында объектілер және олардың арасындағы байланыс жол және бағандардан тұратын тікбұрышты кесте түрінде көрсетіледі.

Мәліметтер қоры- бұл информацияны сақтауға арналған ерекше құрылым. Ондағы информация көбіне қоғамда құнды болып есептелінеді. Бір ғана мәліметтер қорымен барлық елдердің кең көлемді қызметкерлері мен жай ғана адамдар осы программаны, яғни мәліметтер қорысымен жұмыс жасай алады. Мәліметтер қоры бірнеше объектілерден тұрады және оның негізгі объектісі кестелер болып табылады. Бұл программада кестелерді (таблицалар), формаларды, сауалдарды (запросы) және есептерді құруға болады. Бұл құрылған объектілерге шектеулік орнатуға болады, яғни кез келген адамдардың қолдануына және бұл мәліметтерге өзгертулер енгізу мүмкіндігін азайтуға болады. Дәлірек айтсақ, біріншіден қолданушылардың мәліметтерге тәжірибесіз іс-әрекеттерімен зиян келтіруі мүмкін, екіншіден, әр түрлі қолданушы әртекті сауалдармен жұмыс істеп ол мәліметтерге кіру мүлдем шектеулі болып қалуы мүмкін. «Microsoft Access» программасын үйренудің методикалық ерекшеліктері, оны оқу мақсаты кезінде әр түрлі тәсілдерді кең түрде қолдану және өз мақсатына пайдалану болып табылады. Қазіргі уақытта программалау тілінің жоғарғы денгейінде программистерге қойылатын құрлымға мәліметтердің дерексіз типі қолданылады. Ал арнайы мәліметтер базасының басқару жүйесін құраушы құрал мәліметтермен тиімді келтіру кезінде керегінше мәліметтер базасынан алып тастап және базаға берілген тәртіпте жазуға болады. Интелектуалды жүйенің облысының даму шамасына қарай көптеген процедуралық және жарлықты ақпараттың қасиеттерін қосып, білім тұжырымдамасы шықты. Интелектуалды жүйе білімді тасуына арнайы зерттеу көзі беріледі және интелектуалды жүйе үшін білімді табуыға мүмкін болатын процедуралар мен әдістер жасалынды. «Microsoft Access» программасы - дүние жүзінде кең таралған тілдердің бірі болып саналады. Бұл программа арқылы күрделі және оңай математикалық-арифметикалық есептерді өзіне байланысты ереже талаптары арқылы шешуге және әр деңгейлі, әртүрлі мәліметтер қорын құруға болады. Жалпы «Microsoft Access» программасымен жұмыс жасай білу білімділіктің бір деңгейі деп санауға болады. «Microsoft Access» программасымен жұмыс жасау кезінде тек тышқанның көмегімен ғана емес, пернелік тақта арқылы әртүрлі функциялар атқаруға болады. «Microsoft Access» программасы күрделі болып келсе де, оны өз бетімен меңгеріп, үйренуге болады. «Microsoft Access» программасымен жұмыс жасау оңай болу үшін «Microsoft Access» -тің қатаң ережелері мен сауалдарын дұрыс қадағалап орындау қажет.

I-бөлім. Пәндік облысты зерттеу

1. 1 Деректер базасы туралы ұғым, құрылымы мен түрлері

Деректер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәлімөтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтер ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерінде қамтиды. Сондықтан біз қазіргі мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.

Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті. Солардың ішінен Microsoft Office программасының құрамына енетін Microsoft Access 2003 мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдап алдық.

Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да, қандай да бір ақпарат бар - бұл мәліметтер базасының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер базасы көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер базасының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.

Есептеу техникасы көптеген салалардың ішінен әсіресе, екі салада көп қолданылады. Бірінші сала - өте ұзақ және қолмен есептеуге келмейтін сандық есептеулердің орындалуы. Екіші сала - бұл ақпаратты өңдеуге арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

Ақпараттық жүйе (АЖ) - ақпаратты сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір-бірімен байланысқан құралдың, тәсілдер мен оны орындаушылар жиыны.

Ақпараттық жүйенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авиация және теміржол билетін, қонақ үй билетін алдын-ала сатып алу және т. с. с автоматтандырылған жүйені қарастыруымызға болады.

Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:

  • ақпаратты сақтау;
  • ақпаратты енгізу және өзгерту;
  • ақпаратты көру және іздеу;
  • берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;
  • кез-келген формада есеп құжатын алу;
  • ақпараттың дұрыстығын қадағалау;
  • Ақпараттық жүйені екі класқа бөлуге болады:

Ақпаратты іздеу жүйесі - берілген іздеу критериі бойынша жалпы жиыннан мәліметтерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің өндеу технологиясы емес, тек алынатын акдарат қана керек. Мысалы, қаладағы анықтама бөліміне телефон шалғанда, қолданушыға накты ақпарат керек.

Мәліметтерді іздеу жүйесі - мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл жүйеде өндеуден шығатын ақпарат болмауы немесе жүйеде өнделген ақпараттың нәтижесін ғана беру мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде барлық региоңдардан мәліметтер жинайтын мөтеорология қызметінің ақпарат жүйесін алуға болады. Қолданушыға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі, яғни ауа-райы болжамы керек.

Деректер базасының түрлі модельдерімен жұмыс.

Өндірісте, ауыл шаруашылғы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және тағы да басқа салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:

  • түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (аты-жөні, адресі, білім, үй телефоны т. б. ) ;
  • факультеттер оладың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімі;
  • студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер.

Оларды сақтаудың ең көп тараған әдісі компьютерде деректер қоры жүзінде сақтау немесе деректер базасы. Деректер базасының құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. Деректер базасында сақталынатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни дискілік файл деректер базасы оған енгізілетін кесте деректер базасы құрамында сақталушы объект. Объект - қасиеттері, өрістері бар, өзімен түрлі әрекеттер орындауға болатын нәрсе, мысалы, кесте. Деректердің байланысты элементтер тобын жазба деп атайды. Деректердің және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын түрлі типтер бар:

  1. иерархиялық;
  2. реляциялық;
  3. тораптық.

Иерархиялық деректер базасында жазба элементтері реттеліп жазылады да оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саны бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы, NC программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі.

Реляциялық деректер базасы - кесте түріндегі дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры немесе базасы, кестелер арасындағы байланыстар - жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. Деректер базасында жазба үшін кесте жолы түсінісді, кестеде қайталанылатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі, бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады. Мыс, сандық не символдық. Бұл реляциялық деректер қорының Excel-ден негізгі айырмашылығы. Excel-де бір өріс элементтері түрлі типті бола береді және ол тек бір пайдаланушыға ғана арналған, ал реляциялық деректер базасымен көптеген адамдар жұмыс істей береді. Мұндай деректер базаларында кестелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы жаңа кестелер құруға болады. Мұндай кестелерді сұраныстар деп атайды. Реляциялық деректер базасын құру, онымен жұмыс істеуді басқару үшін арнайы программалар дайындалады: dbase, Fox Base, Fox Pro, Access т. б. Оларды деректер базасын басқару жүйесі деп атайды (ДББЖ) . Алғашқы кезде қолданылып жүрген dbase - тің түрлі нұсқалары, Fox Pro, т. б. жүйелер әрі программалау тілдері, әрі деректер базасын басқару жүйесі болатын және олар MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін. Программалаудың кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгілі. Осы себепті соңғы жылдары пайдаланушыдан программалауды қажет етпейтін MS Office құрамына кірістірілген реляциялық ДББЖ-і, оның ішінде Access 2000, 2003 атаулы жан-жақты мүмкіндкті ДББЖ-ң бірнеше нұсқалары жарық көрді. Access аудармасы кіру, еркін ену деген мағынаны береді. Access - ң түрлері: Access 2. 0, Access 2. 7. 0, Access 97, Access 2000, Access 2003. Бұлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген программалар. Access, Excel, Word сияқты күрделі программалар арқылы дайындалған кестелердің ерекшеліктерінің бірі олар бірінен екіншісін жеңіл түрде жіберіле және қолданыла алады.

1993 жылдан бері Mic. ACCESS ең танымалы басқару жүйесінің ішінде пайдалануға қолайлы басқару жүйесі болып табылады. Mic. ACCESS тек қана басқару жүйесінде ғана емес сонымен қатар басқа да жүйедегі программалық аймақ ретінде қолданылады. Ол деректі сақтау мен және оларды реляциялық құрылым ретінде көрсетіледі.

1. 2 Деректерді қалыптастыру

Ақпараттық жүйеде өңделетін деректерді, мәліметтерді жобалау әрекеті алдағы уақытта анықталатын, мәліметтер қорын пайдаланатын жүйеде шешілуі, көзделген мәселелерге сәйкес метадеректерді анықтауға келіп тіреледі. Мәліметтер қорының құрылымын жобалау үшін қарастырылып отырған тақырып бойынша автоматтандырылған жүйе арқылы шешілуі көзделген мәселелерді жан-жақты толық талдау қажет, яғни мәселелік талаптар аумағын зерттеу керек. Тақырыпты жеке зерттеу барысында маңызды байланыс диаграммасын немесе қалыптастыру принципі арқылы мәліметтер моделін анықтауға болады. Мәліметтер моделін жабалаудың негізгі принципі болып табылатын қалыптастыру принципіне тоқталайық. Қалыптастыру реляциялық кестелерде сақталатын мәліметтердегі деректердің қайталану мен үйлесімсіз қайшылықтарын жою арқылы бір-бірімен үйлесімді және белгілі мәліметтердің қайталануы болмайтын өзара байланыстағы кестелерді анықтауды білдіреді. Қалыптастыру теориясы қалыпты үлгі қолдануға негізделген қалыптастыру аппаратын ең алғашқы Е. Ф. Кодд ұсынған. Егер кесте белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын болса, онда бұл кесте сәйкес қалыпты үлгіде деп есептелінеді. Әр үлгіге сәйкес әр түрлі талаптар қойылады. Негізінен қалыпты үлгілер реляциялық мәліметтер қоры теориясының функционалды тәуелділік ұғымына негізделген. Деректер базасының реляциялық модельдері

Бірнеше өзара байланысқан кестелерден тұратын деректер базасы реляциялық деп аталады. Реляциялық мәліметтер моделі қалған деректерден өзінің қарапайымдылығымен пайдалануға тиімді және және берілгендерге немесе деректердің кесте түрінде берілген ұсынылыммен ерекшеленеді. Реляциялық модель өзінің қарапайым құндылығмен екі өлшемді кесте қатынасымен ерекшеленеді. Деректер моделі дегеніміз - бұл өзара байланысқан деректер құрылымы және осы құрылым амалдары. Деректер құрылымының басқа да мынадай модельдері бар: файлдық модель, ақпараттық-логикалық модель.

1. 3 Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің (МҚБЖ) қасиеттері және оларды жобалау

Қазіргі кезде Mic. ACCESS басқа да қосымша дестелермен Mic. ACCESS: Mic Word6, Exsel5, Paint3 және Mic Mail жұмыс істейді. ACCESS тарауының жылдам өсуі қазіргі компьютер өрісінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы бірнеше жылда Mic. ACCESS мәліметтер базасының негізгі әрі жалғыз түрі болып қалыптасады.

Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің (МҚБЖ) барлық классикалық қасиеттеріне Mic. ACCESS ие. Mic. ACCESS-МҚБЖ ішіндегі ең қарапайым, қолайлысы. Mic. ACCESS-тың ең қуатты құралдарына шеберді жатқызуға болады. Шебер көмегімен кестелер, сұраныстар, формалар құруға электронды кестелерді енгізуге, мәліметтер құрылымдарын талдауға, қосымшалар құрып, олардың жылдамдықтарын арттыруға болады. Қосымшалардың жұмысын автоматтандыру үшін макростар қолданылады. Үлкен мәліметтер қорын формалар мен есептерді, кестелерді байланыстыра отырып, бір де бір команда жазбай құруға болады. Егер күрделі өте үлкен мәліметтер қорларын құрсаңыз V. Basic программалау тілін қолдануға мүмкіндігі де бар.

MS Access ортасында автоматтандырылуы тиісті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін мәліметтер қорының біртұтас логикалық моделін жасағаннан кейін, қолданушыға ыңғайлы ақпараттық жүйе құру қажет. Ақпараттық жүйенің атқаратын мақсатын анықтаған соң, деректер базасының құрылымына байланысты қолданушыға ыңғайлы интерфейс үлгілерін дайындауға кірісуге болады. Дұрысырақ айтқанда деректер қорының кестелер жиынтығы және олардың құрылымы мен өзара байланысы қолданушыға арнап жазылған қолданбалы бағдарламаның логикасына байланысты анықталады.

Көптеген есептерді шешу мақсатының түпкі мәнінде акдаратты өңдеу ісі жатыр. Ақпаратты өндеу жұмысын жеңілдету үшін ақпараттық жүйелер құрылады. Автоматтандырылған деп - техникалық құрылғыларда, оның ішіңде ЭЕМ-де қодданылатын акдараттық жүйелерді айтады.

Қолданылу аймағына қарай ақпараттық жүйелерді өндірісте қолданылатын, білім беру ісіңде, денсаулық сақтау, ғылымда, әскери жұмыста, әлеуметтік салада, саудада және басқа да салалар бойынша бөлуге болады.

Мақсатының функциясына қарай ақпараттық жүйлерді шартты түрде: анықгамалық-ақпараттық, шешім қабылдау категорияларына бөлінеді.

Басқару элементтері конструктордың барлық элементтерін, яғни үлгі және есептер құру үшін пайдаланатын элементтерді, сондай-ақ мәтіндік терезелер, батырмалар жөне жапсырмаларды айтады. Сонымен қатар, басқару объектісі басқару элементінің ішінде немесе өзге басқгру элементтеріне біріктірілген болуы мүмкін.

Байланысқан басқару элементі - мәліметтер қорының кестедегі, сұраныстағы немесе басқа элементтеріндегі өрістермен байланыс жасайды.

Байланыспаған басқару элементі - мәліметтер қорының элементтерімен байланысты емес информацияларды бейнелеу үшін қолданылады.

Есептелетін басқару элементі - мәтіндік терезені, яғни есептің нәтижесін бейкелеуін көрсөтеді. Басқарудың көздері боп есептелетін басқару элементі үшін формула және мәндері негізгі кестеден, сұраныстан немесе басқа басқару элементтерінен қосымша пайдаланатнн мәліметтерді көрсөтеді. Есептелетін басқару элементі байланысқан немесе байланыспаған болуы мүмкін.

Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері

Өрістер мәліметтер базасының құрылымын ғана емес, сонымен қатар мәліметтер топтық қасиеттерін де анықтайды. Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі кесте өрісінің негізгі қасиеттерін келтірсек.

Өріс атауы (Наименование поля) - мәліметтер базасына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды (жалпы жағдайда өріс атауы кесте бағандарының тақырыптары ретінде қолданылады) ;

Өріс типі (Тип поля) - берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды;

Өріс өлшемі (Размер поля) - берілген өріске негізделген символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды;

Енгізу қалқасы (Маска ввода) - енгізудің түрін анықтайды (енгізуді автоматтандыру құралы) ;

Қолтаңба (Подпись) - берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды (егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдаланылады) ;

Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән (Значение по умолчанию) - ұяшыққа автоматты түрде енгізілетін мән (енгізуді автоматтандыру құралы) ;

Мәңгі қойылатын шарт (Условие на значение) - мәліметтердің енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу;

Қате туралы хабар (Сообщение об ошибке) - қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту (Мәңгі қойылатын шарт қасиеті берілген кезде тексеру автоматты түрде жүзеге асырылады) ;

Міндетті өріс (Объязательное поле) - мәліметтер базасын толтырғанда берілегн өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет;

Бос жолдар (Пустые строки) - бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет;

Индекстелген өріс (Индексированное поле) - егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы кірісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылдамдатылады. Индекстелген өріс үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруге ұйымдастыруға болады.

Жоғарыда айтылған өрістер қасиеті негізінен мәндік типті өріске қатысты. Бұдан басқа типті өрістер осы қасиеттерге ие болуы және болмауы да мүмкін. Өрістердің кейбір типтері тек өздеріне ғана тән қасиеттерге ие бола алады. Мысалы, нақты сандармен берілген мәліметтерге ғана тән қасиет - үтірден кейінгі белгілер санын көрсету. Ал суреттерді, бейнеклиптерді, дыбыстық жазбаларды сақтауға арналған өрістер бұл қасиеттердің көбіне ие бола алмайды.

Кестені көру режимінде айналдырғанда бағаналар көрініп тұруы үшін Формат-Закрепить столбцы командасын қолдану керек.

Деректер схемасының міндеті кестелер арасындағы байланыстырды бейнелеу.

Өрістің типтері

  • Егер өрістің аты “құны және бағасы” болса, Ақшалық(денежный)
  • Деректердің мәтіндік типі қандай деректерді енгізу үшін Алфавитті-цифрлық
  • Деректердің сандық типі қандай деректерді енгізу үшін Нақты сандарды
  • Деректердің OLE типі қандай деректерді енгізу үшін Мультимедиа элементтерін
  • Деректердің Мемо типі қандай деректерді енгізу үшін Көлемді мәтіндерді

Microsoft Access - бұл деректер базасын құру және қызмет көрсету, мәліметтерге рұқсат ету және оларды өңдеуге арналған деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) .

Деректер базасы мәліметтерді сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылымды, яғни үрдіс, іс-әрекет, құбылыс және т. б. кез келген мәліметтер. Мәліметтер материалдық әлемде болып жатырған оқиғалар туралы ақпараттардан тұрады және осы оқиғалар қорытындысында пайда болған тіркелген белгі болып табылады. Егер пайдаланушы мәліметтерді осы мәліметтерге теңбе-тең әдістерді қолданып өңдеп және түсінсе, онда олар ақпарат болып табылады. Бүгінде көптеген ДББЖ өздерінің құрылымында тек қана мәліметтерді емес сонымен қатар әдістерді (бағдарламалық кодтар) орналастырады, сондықтан Microsoft Access - бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған кең диапазонды әдістерді ұсынатын және бұл ақпараттарды нәтижелі басқаратын ДББЖ.

1. 4 Microsoft Access объектілері және олармен жұмыс істеу негіздері

Мәліметтер базасының объектілері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қорын басқару жүйесін пайдалану салалары
Деректер базасының сервері
Деректер базасы теориясының даму тенденцияларын зерттеу
Кітапхана деректер базасы - Delphi тілінде
Деректер базасының түрлері
Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау құрылымдау деректер базасын әзірлеу
MS Access деректер қорында кесте құру
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Delphi программалау ортасы. Мәліметтер базасы
Мәліметтер базасының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz