Деректер базасын жобалау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
XXI ғасыр - бұл жаңа технологиялар мен жаңа мүмкіндіктер дәуірі. Технологиялармен қатар соған сәйкес ақпарат түрлері де көбейе түсті. Бұл ақпараттарды өңдеу технологиялары жыл санап өндіріліп жаңаруда.
Соның ішінде кең тараған программалау тілінің бірі - Delphi интерактивті жобалау ортасы. Delphi - CASE-технологиясының RAD-құралы (Rapid Application Development «Қосымшаны тез құру құралы») класына жататын программалау тілі және ортасы.
Ақпараттар дәуірінің қажеттіліктерін толықтыруда Delphi программалау ортасының атқаратын рөлі өте зор. Delphi- бағдарламалау тілі ретінде Delphi тілі қолданылатын жылдам өңдеу ортасы. Delphi тілі- қатал типтелген объектілі-бағдарланған тіл. Ал бұның негізін программисттерге жақсы Object Pascal құрайды. Клиент-сервер технологиясын пайдалану біршама қорларды сақтайды, сонымен қатар керекті ақпаратты алудың уақытын қысқартып, басқаруды оңайлатады. Осы функцияларды орындау үшін арнайы құралдар- мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) құрылған. Қазіргі МББЖ- зор ауқымды ақпаратты бір немесе бірнеше қолданушыға игеруге мүмкіндік беретін мәліметтер базасын басқару жүйелері. Delphi программалау ортасында өндірілген арнайы жобалар қазіргі уақытта ұйымдар мен мекемелерде жұмыс барысын автоматтандыру мақсатында кеңінен қолданылып келеді. Әртүрлі агенттерде ақпарат жинауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға осы Delphi-мен құрылған программалар өте қолайлы болып келеді.
Курстық жобаның мақсаты - «Қызыл кітап» мәліметтер қоймасын құру. Мәліметтер қоймасын Paradox мәліметтер қоймасын басқару жүйесін қолданып құрып, оны Delphi 7. 0 интерактивті жобалау ортасында бейнелеп көрсету.
Курстық жобаның міндеттері:
- Пәндік облысты зерттеу;
- Деректер базасын жобалау ортасын қарастыру;
- ER диаграммасын құру;
- Database Desktop-тан кестесін құру;
- Secondary Index, Referential Integrity байланысын құру;
- Delphi- ден жобасын жасау;
- Деректер базасын жобалауда іздеуді және сұрыптауды ұйымдастыру;
- Қолданушыға нұсқау жасау;
1-БӨЛІМ. Пәндік облысты зерттеу
1. 1. Delphi ортасына жалпы түсінік
Delphi өте көп мүмкіндіктерге ие, ол форма жобалауыштан бастап көптеген мәліметтер базасының форматын игере алады. Delphi ортасы Windows-тің пиктограмма, белгі және диалогтық панелі сияқты компоненттерін қайта программалау қажеттілігін жояды.
Delphi ортасында қосымшаларды құру технологиясы жобалаудың жаңа деңгейіне шықты және визуальді жобалауды қолданады. Ол программалардың интерактивті зерттеуіне жауап береді, компоненттерді визуальді формада орналастыру және тышқан көмегімен оларды басқаруды білдіреді. Қосымшаның программасын орындағанда, сонымен қатар компиляция басталмай тұрып экранда визуальді компоненттер пайда болады. VCL визуальді және визуальді емес компоненттердің кітапханасы қолданушы интерфейсін дайындауға рұқсат береді.
Визуальді жобалаудың құралдары арқасында объектілермен жұмыс кезінде оларды көз алдында ұстап және нәтижелерді бірден қарауға болады. Программа жүріп жатқан кезде де объектілерді сол жобалау кезіндегі түрде көру көптеген операцияларды қолмен жазу қиындығынан құтқарады.
Мәліметтер базасын құру нысанаға бағытталған программалау тілі - Delphi интерактивті жобалау ортасында деректер базасында құрылды. Оның ерекшелігі- интернет жүйесіне бағдарлама жасауды жеңілдету үшін жаңа технологияларды енгізу. 7-ші версияның бір ерекшелігі - автоматтандырылған бағдарламаны жасау CASE атты құрал, басқаша айтқанда Modal Moker. Modal Moker құралы барлық жұмысқа да ыңғайлы. Мысалы, ол компьютерде жұмыс жасаған адамға мағыналы мысалдарды орындай отыруға көмектесіп, өзі басқа қара жұмысты орындап отырады.
Бірнеше өзгерістерді есептемегенде 7-ші версияның ең басты ерекшелігі - кроссплатформалық көмекші құралдардың жақсы деңгейде ұсталуы және де CASE құралдарын енгізу туралы. Delphi бағдарлама жасаудың бірыңғай жүйесі болып келеді. Басқа да өзіне сәйкес жүйе сияқты жаңадан бағдарлама жасауға арналған Delphi жүйесінің өте бір жақсы ерекшелігі бар. Олар: ол жасаған бағдарлама тек қана Windows арқылы жұмыс жасап тұрмайды, ал өзі бағдарламаны түзетіп жасаудың құралдары түріне жатады. Delphi жүйесі Visual Basic тілінен айырмашылығы қатал түрдегі бірыңғайлылығы. Бұл ерекшелік компиляция жасалғанда көптеген қателерді тауып беруге көмек береді. Delphi жүйесінің 7 версиясының мүмкіншіліктері өте көп: рет саны бойынша ең төменгі үлгісінің жұмысын ең биіктегісі де жасай алады, бірақ қарсы түрде олай бола алмайды.
Delphi-іске қосқан кезде төмендегідей терезелер(1. 1-сурет) шығады:
- негізгі терезе;
- объектілер тармағының терезесі;
- объектілер инспекторының терезесі;
- браузер терезесі;
- формалар терезесі;
- программа кодының терезесі;
1. 1-сурет. Delphi ортасының жалпы терезесі.
Программа кодының терезесін көру үшін F12 клавишын басу жеткілікті. Delphi-ді алғаш шақырғаннан кейін «Intprise-бен байланысты Delphi Direct» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise корпорациясының Web+беттеріне кіруге мүмкіндік туады.
Негізгі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізі терезеде Delphi ортасының бас менюі пиктографиялық командылық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.
Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық операциялары екінші деңгейде ашылатын операциялар тақырыбын қамтиды. Бас терезенің барлық элементері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары орналасқан.
Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген және олардың статусы көрсетілген(жалаушалар) . Олардың ішінен Customise-ды (Настройка) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді қажет емес батырмаларды алып тастауға болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады.
Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналастырған ыңғайлы Project\Syntax Check - программа командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug/Windows/Watches - откладкалық режимді бақылау терезесіне кіру және т. б.
Пиктографикалық батырмалар бас менюдің негізгі опцияларына жылдам кіруге мүмкіндік береді. Олар басқару белгілері бойынша 7 топқа бөлінген. Әрбір топ бір панельде орналасады. Олар: Standard тобы; View тобы; Debug тобы; Custom тобы; Desktops тобы; Internet тобы. Бұл топтардың Delphi ортасында маңыздылығы өте жоғары болып табылады.
1. 2. Delphi программасының негізгі өнімдері
Мәліметтер базасының қосымшаларын өңдеушілер ең алдымен осы қосымшаны құруға болатын құралдарға көңіл аударады. Ол құралдарға қойылатын талаптарды “жылдамдық, қарапайымдылық, нәтижелік, сенімділік” деп жалпы көрсетуге болады.
Қосымшаларды өңдейтін әр түрлі өнімдердің ішінде Delphi алдыңғы қатарлы орындардан табылады. Әр түрлі жұмыс тәжірибесі, мамандық бойынша көзқарасы бар өңдеушілер Delphi-ді таңдайды. Delphi-дің көмегімен өте көп қосымшалар жазылды және ондаған фирмалар, мыңдаған программистер Delphi үшін қосымша компоненттер жасау үстінде.
Delphi басқа программалау жүйелеріне қарағанда жоғарыда келтірілген талаптарға сай келеді. Қосымшалар Delphi көмегімен жылдам өңделеді, өңдеушінің Delphi интерактивті ортасымен жұмыс істеуі комфорт түйсігін қалыптастырады. Өңдеуші белгілі бір ережелерді сақтаса Delphi қосымшалары өнімді келеді. Бұл қосымшалар сенімді әрі қолдану кезінде жақсы жұмыс істейді.
Delphi пакеті - Borland корпорациясының Pascal тілі компиляторының жалғасы болып табылады. Pascal тіл ретінде өте қарапайым, ал мәліметтер типтерін қатаң қадағалау қателіктерді тез тауып, сенімді әрі өнімді программалар құруға мүмкіндік береді.
Программалау ортасы Visual Basic пакетіне ұқсас. Сіздің қол астыңызда бірнеше бөлек-бөлек терезелер бар: меню және құрал-саймандар тақтасы, Object Inspector (бұл жерден объект қасиеттері және олармен байланысты оқиғаларды көруге болады), интерфейсті визуальды құру терезесі (Visual User Interface Builder), Object Browser (кластар иерархиясын, олардың өрісі, әдісі және қасиеттері тізімін қарауға болады), жобаны басқару терезесі (Project Manager) және редактор.
Қосымша құру жолдары өте қарапайым. Форманы таңдап (формаға кәдімгі, диалогтық және MDI терезелері кіреді), оның қасиеттерін өзгертіп, оған керекті компоненттерді (меню, құрал-саймандар тақтасы, т. б. ) кірістіріп алып, олардың қасиеттерін өзгерту арқылы редакторда оқиғаларды енгізу қажет.
Object Browser сияқты терезелер объектті-ақпаратты тілдерде программалау жүйесінің бөлінбес бөлігі болып қалыптасты. Қосымша құрған кезде олармен жұмыс жасау бірден мүмкін болады.
Projeсt Manager - жобаның құрамына кіретін модульдер мен формалар көрсетілетін бөлек терезелер. Әрбір модульде бастапқы текст орналасқан каталогқа маршрут көрсетіледі. Өзгертілген, бірақ әлі сақталмаған жоба бөлігі қою шрифтпен белгіленеді. Терезенің жоғарғы жағында қосу, жою, бастапқы текстті көрсету, форманы көрсету, опцияларын тағайындау және терезенің берілгенін жоба файлының текстімен, яғни Pascal тіліндегі басты программамен келістіру батырмалары жиынтығы бар.
Опциялар (компиляция режимін қосқанда) барлық жоба үшін беріледі. Бұл жерде С тілінің компиляторында қолданылатын дәстүрлі make-файлдар біршама икемді.
Visual Component Library (VCL) . Қолданушы интерфейсін құрудағы объектілердің палитрамен қамтамасыз етілуі - визуальды программалауда құралдарды таңдаудың бір негізгі факторы. Сонымен бірге қолданушы үшін ортаға кіріктірілген элементтер саны да, нарықтағы сәйкес форматтағы элементтің төмен бағалылығы да бірдей маңызды.
1. 3. Программаның код терезесі
Код терезесі - программа мәтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережесі бойынша құрылады және программаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мәтінді жазу ережелерінің жиынтығы программалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Object Pascal программалау тілі пайдаланылады. Ол кеңінен таралған Pascal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швейцариялық ғалым Н. Вирт 1970 жылы ұсынған және оны Borland корпорациясының қызметкерлері жетілдірді.
Ең алғаш код терезесінде толыққанды Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.
Тіпті қарапайым программа құру үшін программа кодын құрып өзгертуге, жөндеуге тура келеді, төменде код терезесімен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері келтірілген. Жаңа жобаны ашқаннан кейін төмендегідей жолдар көрінеді.
Unit Unit1;
Interfase
Uses Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
Type
Tform 1=class(Tform)
Private{Private Declarations}
Public{Public Declarations}
End;
Form1: Tform1;
Implementation
{SR*. DFM}
End.
Delphi бұл жолдарды жаңа форма үшін код терезесіне автоматты түрде қояды. Код терезесі программаның жұмысы басталғаннан кейінгі жағын қарастырады. Ал форма терезесі оның сыртқы көрінісі. Екі терезе бір-бірімен тығыз байланысты.
Delphi ортасы:
Unit Unit1;
және
Implementation
Жолдарының арасына қажетті жолдарды қояды.
Әзір бұл мәтін бөлігіне өзгеріс енгізбейміз. Кейінірек программаның мәтін терезесіне
{SR*. DFM}
және
End.
Жолдарының арасына қажетті мәтінді енгіземіз. Терезеге жаңа жол енгізу үшін қажетті орынға курсорды келтіріп, клавиатурадан мәтін енгіземіз.
Браузер терезесіндегі элементті тышқанмен екі рет белгілеу сәйкес обьектіні сипаттау үшін код терезесіне курсорды орналастырады немесе оны алғашқы сақтау кезінде орындалады. Аса күрделі емес оқу программаларын құруда браузер терезесін жауып қоюға болады. Браузер терезесін шығару үшін View Explorer терезесін таңдаймыз. Программада қатені тексеру жөндеу BS және Delete клавиштарының көмегімен жүзеге асады.
1. 4. Деректер базасын жобалау бойынша жалпы түсінік
Деректер базасында белгілі - бір пәндік облыс туралы ақпарат көрінеді. Пәндік облыс (ПО) деп нақты зерттеу үшін қызығушылық білдіретін реалды әлемнің бөлігі. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде пәндік облыстың көрінісі мәліметтердің бірнеше деңгейлерінің модельдерімен ұсынылады. Модельдердің деңгейлерінің саны ДББЖ - нің ерекшеліктеріне тәуелді болады. Әрі қарай ДББЖ - ге деректер базаларын жобалауда сұрақтарын қарастырып, құрылымдық деректер модельдерін қолдана алмаймыз.
Деректер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш деректер базасының ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде деректер сақталады. Бірақ қазіргі кездегі көптеген деректер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек деректер ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерінде қамтиды. Деректер базасы мәліметтерді сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылымды, яғни үрдіс, іс-әрекет, құбылыс және т. б. кез келген мәліметтер.
Деректер базасының жобалау кезеңдері:
- Деректер базасының пәндік облысы анықталып зерттеледі және оның негізінде ER моделі құрылады.
- Құрылған ER моделі негізінде Delphi интерактивті жобалау ортасында деректер базасы құрылады, яғни негізгі компоненттер, байланысқан кестелер Paradox арқылы формалар, есептер және сұраныстар құрылады.
- Толтыру кезеңі- бұл кезеңде құрылған интерфейс негізінде барлық кестелерді толтыру керек. Кестелердің жазбалар саны 10-нан кем болмауы керек.
- Эксплутуация қолдану кезеңі- бұл кезеңде деректер базасын тестілеу және барлық құрылған объектілерді тексеру жүргізіледі.
- Модернизация немесе жаңғырту кезеңі- бұл кезеңде қателіктер табылған жағдайда олар жойылады және түзетіледі. Деректер базасы жаңартылады.
Деректер базасын жобалау кезеңдері әруақытта оған тапсырыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл кезеңнің негізгі міндетіне барлық деңгейде қолданушының деректерінде өңдеу процесіне және мазмұнына қойылатын талаптарды жинақтау. Бұл талаптарды талдау қолданушылардың мақсатымен келісіледі.
Деректер базасының пәндік аумағын зерттеуде келесілерді есепке алу керек:
- Мекемені сипаттау, оның қызмет ету аймағы, негізгі бөлімдері және олардың қызметтері.
- Деректер базасының пәндік аумағын сипаттау оның фрагменттерінің тізімін анықтау және әрбір фрагментті детальдау.
- Пәндік облыс аймағындағы ішкі, сыртқы кірістік және шығыстық ақпараттық сипаттау.
- Деректер базасын қолданушылар құрамы және олардың ақпараттық талаптары.
- Деректер базасы көмегімен автоматтандырылған функцияның құрамы.
- Автоматтандырылған функцияның жүзеге асырылуына қажетті деректер тізімі.
- Әртүрлі функциялар үшін кейбір деректердің қайталатынын ескеріп, қайталанбайтын деректер тізімін құру.
Деректер базасы негізінде үш белгісі бойынша жіктеледі:
1-ші белгісі- сақталған ақпараттың сипатына қарай деректер базасы фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Фактографиялық деректер базасы қатаң анықталған пішінде ұсынылған, жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтерден. Мысалы: кітапханадағы кітаптар қорының деректер базасында әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы, аты және т. б. Құжаттық деректер базасы әр түрлі типтегі : мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультемедиалық кең көлемдегі информациялардын тұрады. Мысалы: заңдық актілердің құжаттық деректер базасы заңдардың мәндерінен тұрады.
2-ші белгісі- ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер базасы орталықтанған және бөлектелінген болып бөлінеді. Орталықтанған деретер базасында барлық ақпараттар бір компьютерде сақталады. Бөлектелінген деректер базасы компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бөлек компьютерде сақталуы мүмкін.
3-ші белгісі - ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер базасы реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді.
Реляциялық деректер базасы деп өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған деректер базасын атайды. Қарапайым жағдайда ол бір тікбұрышты кесте құрайды. Күрделі реляциялық деректер базасы көптеген тікбұрышты кестеден тұрады.
1. 5. Деректер базасының ER диаграммасы
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б. ғ. к. Ю. А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Пәндік облысты қалыпты ұсынудың ең танымал құралдарының бірі болып «мән - байланыс» моделі (ER-моделі) болып табылады.
ER-моделінің семантикалық негізін келесідей болжамдарды құрайды:
- нақты әлемнің сол бір бөлігі (өзара байланысты объектілердің жиынтығы), олар жөнінде мәліметтер базаға орналасуы қажет, мағыналардың жиынтығы ретінде ұсынылуы мүмкін;
- әрбір мағына бейнелетін қасиеттеріне ие, оларды басқа мағыналардан өзгешелейтін және оны теңестіруге рұқсат ететін;
- мағыналарды олардың типтері бойынша жіктеуге болады: мағынаның әрбір данасы (кейбір объектіні көрсететін) класқа - мағыналардың типіне жатқызуға болады, оның әрбір данасы оларға ортақ және оларды басқа мағыналардан өзгешелейтін қасиеттерге ие;
- кластарға негізделген ұсынысты жүйелеу, жалпы жағдайда типтердің иерархиялық тәуелділігін болжайды: типтің мағынасы В мағынасының типі болып табылады, егер әрбір А типінің данасы В типінің мағынасының данасы болып табылады;
- объектілердің өзара байланысы - мағыналар ретінде ұсынылуы мүмкін, олар екі немесе бірнеше мағыналардың өзара байланыстарын белгілеу үшін қызмет етеді.
ER-моделі объектілерді және олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтау, яғни келесі типтердің байланысын орнату қажет.
1. Бейнеленген қасиеттердің объектілері мен жиынтықтары арасындағы байланыс, осылай сол объектілерді анықтау.
2. Олардың өзара байланысының сипатын және қызметтік табиғатын беретін объектілердің өзара байланысты.
Пәндік облысты ER-модельдеу графиктік диаграммаларды пайдалануға негізделеді. ER-диаграммасы модельдеудің өте тиімді шешімі болып табылады. Онда қызметтік және ақпараттық тәсілдер теңестіріледі, ол орындалатын қызметтермен, сонымен қатар мәліметтер базасымен берілетін жүйенің элементтері арасындағы қатынастардың жиынтығын ұсынуға көмектеседі. Төменде көрсетілгендей 1. 2-суретте деректер базасындағы ER-диаграммасы.
1. 2-сурет. «Қызыл кітап» деректер базасындағы ER-диаграммасы.
«Қызыл кітап» деректер базасын жобалауда ER-диаграммасының екі кестесі көрсетілген. Бірінші кестеде «Түрлері», бұнда «Түрлері» кестесінде идентификациялық түрі, түр атауы берілген. Ал екінші кестеде «Түрлердің сипаттамасы», бұнда «Түрлердің сипаттамасы» кестесінде түр атауы, идентификациялық түрі, тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрдің авторы, қысқаша сипаттамасы берілген. Бірінші кестеде «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің жалпы атаулары жазылған. Бұнда мысалы: Балық тәрізділер, Қосмекенділер, Сүтқоректілер, Бауырымен жорғалаушылар, Өсімдіктер т. с. с. басқа да атаулар жазылған. Ал екінші кестеде бірінші кестедегі «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің жалпы атауларының типі, класы, тұқымдасы, отряды, туысы, түрдің авторы, қысқаша сипаттамалары жазылған.
2-БӨЛІМ. Қазақстанның «Қызыл кітабы» Delphi 7 бағдарламасында жобалау
2. 1. BDE Administrator-на алиасты орнату
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz