Ағыбай батыр Қоңырбайұлы



Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.
Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Ағыбай батыр алып денелі деп сипатталады.
Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол «Ақжолтай батыр» атанды. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды. 13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. Қасым сұлтан қаза тапқаннан кейін Ағыбай батыр бастаған қазақ әскері Шу өзенінің бойында өзбектердің Түркістан өлкесіндегі билігін әлсіретті. Ағыбай батыр бастаған қол 1826-1846 жылдары аралығында Ресей әскерлерімен бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күйрете соққы берді. Ресей империясының Қазақстандағы тірек-орталықтары – Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында тас-талқан етіп жеңді. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсетті. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өтті.
Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізді. Кейінірек, 1849 жылға дейін Ресей өкіметінің қамалдарына өз бетінше шабуылдар жасады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ағыбай батыр Қоңырбайұлы

Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885) – Кенесары
Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.
Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз
құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте
айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы
Байғозының қызы. Жазушы І.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясында Ағыбай
батыр алып денелі деп сипатталады.
Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол Ақжолтай батыр атанды.
Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды. 13
жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының
отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. Қасым сұлтан қаза
тапқаннан кейін Ағыбай батыр бастаған қазақ әскері Шу өзенінің бойында
өзбектердің Түркістан өлкесіндегі билігін әлсіретті. Ағыбай батыр бастаған
қол 1826-1846 жылдары аралығында Ресей әскерлерімен бетпе-бет шайқасып,
бірнеше рет күйрете соққы берді. Ресей империясының Қазақстандағы тірек-
орталықтары – Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша
әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау
шайқастарында тас-талқан етіп жеңді. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда
ерекше ерлік көрсетті. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауындағы
қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өтті.
Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай,
Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізді. Кейінірек, 1849 жылға дейін
Ресей өкіметінің қамалдарына өз бетінше шабуылдар жасады. Өмірінің соңғы
кезеңінде егіншілікпен, балық аулаумен айналысты. Дүниеден қайтқан соң
Ресей үкіметі оның мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кешеніне жерлеуге
рұқсат етпей, Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген
жерінде жерленді.
Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен
қаламгерлерінің шығармаларына арқау болды. Жазушы І.Есенберлиннің
Көшпенділер трилогиясында Кенесары хан мен Ағыбай батыр қатысқан барлық
ұрыстар баяндалған. Жазушы олардың Ақтау, Ортау, Ақмола бекіністерін қалай
алғанын, Сырдария өзенінің бойындағы Меркі қаласын азат ету барысында Қоқан
хандығымен қалай ұрыс жүргізгенін толық суреттеген. 1914 жылы Есім төренің
көмегімен Ә.Бөкейханов Қазан қаласынан Қызыл қайнар Тектұрмас деген
кітабын шығарса, С.Сейфуллин Ақжолтай батыр романын жазды. Заңғар жазушы
М.Әуезов Қазақ әдебиетінің тарихы кітабында танымал батырға толық бір
бөлімді арнады. И.Байзақовтың бір поэмасы да батыр туралы. Ал тарих
ғылымының докторы, профессор Е.Бекмахановтың 19 ғасырдың тарихи оқиғалары
туралы жазылған монографиясында Ағыбайдың батырлық тұлғасы жан-жақты
сипатталған.
1992 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында Ағыбай батырдың 190
жылдығы, 2002 жылы Балқаш қаласында 200 жылдығы республикалық деңгейде
аталып өтілді. Балқаш қаласында батырға ескерткіш орнатылды.

ҚОҢЫРБАЙҰЛЫ АҒЫБАЙ
Қоңырбайұлы Ағыбай (1802-1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін
күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей
отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері
Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих пен әдебиет
Қарағанды облысының географиясы
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының әулиелері
Дарк туризм
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі
КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
Наурызбай батыр
Иман батырдың азаттық жолындағы күрес жолы
Көне дәстүрдiң озығын қайта жаңғыртсақ
Кенесары хан әулетінің шежіресі
Пәндер