Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметі
1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері 3
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы 4
3. Ішкі істер органдары 5
4. ҚР.ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты 8
Әдебиеттер 21

Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған.
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та буылады.
Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндеттердің қатарына жататын іс құқықтық тәртіп пен заңдылықты, адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының үлделерін қорғау, қылмыспен күресу.
Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді. Мысалы нотариус, адвокатура, сот т.б. сияқты органдар құқық қорғау органдарына жатындықтарымен олар қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етумен айналыспайды. Ондай органдарға, ең алдымен, полиция және ішкі істер органдарының ішкі әскер, патрульдік кызметтері секілді, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады.
Құқық қорғау органдарының қызметтеріне:
1) конституциялық бақылау;
2) әділ соттылық;
3) соттардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
4) прокурорлық қадағалау;
5) қылмысты анықтау және тергеу;
6) заң көмегі және қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс-әрекеттер жатады.

Әдебиеттер
1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.— Алматы. 2002 ж.
2. Оспанов Қ. И. Құқық негіздері: Оқу құралы.— Алматы: Жеті жарғы, 2006.
3. Сапарғалиев Ғ. ҚР Конституциялық құқығы.— Алматы 1998 ж.
Нормативтік-құқықтық актілер:
1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. (21 мамыр 2007 ж. өзгертулер мен толықтырулар).— Алматы, 2007.
2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі № 267 Заңы.
3. «ҚР Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы.
4. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және сот мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Конституциялық Заңы.
5. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 Заңы.
6. «ҚР Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заңы.

Жоспар
1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және
ұйымдастырылуының негіздері 3
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы 4
3. Ішкі істер органдары 5
4. ҚР-ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты 8
Әдебиеттер 21
Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және
ұйымдастырылуының негіздері
Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа
нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық
қорғау органдары құрылған.
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары,
ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық
қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше
құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау
үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер
органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады
ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі
шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын,
заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та
буылады.
Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын
қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндеттердің қатарына жататын іс
құқықтық тәртіп пен заңдылықты, адамдардың құқығын, бостандығын,
мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының
үлделерін қорғау, қылмыспен күресу.
Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен
құқықтық тәртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға
бөлінеді. Мысалы нотариус, адвокатура, сот т.б. сияқты органдар құқық
қорғау органдарына жатындықтарымен олар қоғамдық тәртіпті сақтауды
қамтамасыз етумен айналыспайды. Ондай органдарға, ең алдымен, полиция және
ішкі істер органдарының ішкі әскер, патрульдік кызметтері секілді, қоғамдық
тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады.
Құқық қорғау органдарының қызметтеріне:
1) конституциялық бақылау;
2) әділ соттылық;
3) соттардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
4) прокурорлық қадағалау;
5) қылмысты анықтау және тергеу;
6) заң көмегі және қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс-әрекеттер
жатады.
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР
Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-
дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен
тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары
қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою
жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен
белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге
асырады.
Прокуратура органдарының жүйесін Қазақстан Республикасының Бас
прокуроры басқарады. Ол — Бас прокуратураның басшылығында тұрған адам.
Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған
прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай
орталықтандырылған жүйе құрайды.
Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан
тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.
Республиканың Бас Прокурорын өз өкілетті мерзімі ішінде тұтқынға алуға,
күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға
қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда,
Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор
өкіметтігінің мерзімі бес жыл.
Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі
1995 жылғы 21 желтоқсан дағы ҚР Прокуратурасы туралы Заңымен белгіленеді.
Жергілікті жерлерде облыстардың, аудандардың, қалалардың прокурорлары
болады.
Мысалы, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар кейде заңдардың
талабын орындамау үшін оларды бұрмалауға тырысады. Сондықтан прокуратура
барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз,
дәлме дәл орындауын бақылап отырады.
Осындай мақсатпен прокуратура Конституция, заңдар, Президент жарлықтары
кімнің тарапынан бұзылса да, соны анықтап, олар сол
бұрмалауларды жою үшін шаралар қолданады. Ондай жолсыздықтардың көбі
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болып келеді.
Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың жұмысын мынадай
бағыттарда қадағалайды:
1) прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын
қадағалайды. Мысалы, егер үкімет немесе әлдебір министрлік не болмаса әкім
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатындай шешім
қабылдайтын болса, прокуратура осы органдарға (немесе сотқа) наразылық
енгізіп, мұндай шешімнің заңсыздығын дәлелдейді;
2) прокуратура әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын бақылайды. Әкімшілік
жолмен азаматтардың құқығы бұзылатын болса, мемлекеттік органдарды:
мемлекеттік автомобиль инспекциясын, санитарлық инспекцияны және т.б.
әкімшілік жауапкершілікке тартады. Осы органдар азаматтардың құқығын бұзып
отырған жоқ па — прокуратура соны тексереді;
3) прокуратура жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын
қадағалайды. Тергеу органдары қылмысты істерге тергеу жүргізеді, осы
мақсатпен дәлелдер жинастырылады, күдікті адамдардан, куәлардан, жәбір
шеккен адамдардан жауап алады т.т. Міне, осындай жұмыстардың үстінде тергеу
органдары заңды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзған жоқ па,
тергеудің тыйым салынған әдістерін қолданған жоқ па т.т., прокуратура
соларды бақылайды.
Осы жұмыстарды атқару үшін прокуратура тергеу органдарына тексеру
жүргізеді. Ол мұндай жұмысты заңдардың бұзылуы және т.б. туралы түскен арыз
бен шағымдарға байланысты жүргізеді. Демек прокуратура органдары
мемлекеттің ғана емес, әрбір адамның да мүдделерін қорғайды.
3. Ішкі істер органдары
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары еліміздің заңдарына
сәйкес анықтау, алдын-ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін сондай-ақ
қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам
мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне
қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғу шылықтардың алдын алу және
жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік міндеттерін жүзеге
асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін ҚР Ішкі істер министрлігі,
оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер,
облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының,
көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық,
қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі
әскерлер, ІІМ қарасты оқу орындары құрайды.
Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:
1) заңға қайшы озбырлықтан адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын
қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
қылмыстардың және құқықты бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу,
оларды анықтап, жолын кесу;
2) анықтама жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен
әкімшілік шараларды орындау;
3) кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың
құқықты бұзуын анықтау және болғызбау, қылмыс жасап, алдын ала анықтаудан,
тергеуден және соттан жасырынып, қылмыстық немесе әкімшілік жазаны
мойындаудан жалтарып із-түзсіз жоғалғандарды және т.б. іздестіру;
4) ұрланған мүлікті іздестіру, жол жүру ережелерін сақтауға бақылау
жасау, паспорт жүйесі ережелерін іске асыруға азаматтар мен лауазымды
тұлғалар бақылау жасау;
5) шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерін сақтауына
бақылау жасау, мемлекеттік және басқа объектілерді қорғау т.с.
Осы міндеттерді орындау үшін ішкі істер органдарына, олардың
қызметкерлеріне мынадай құқықтар беріледі:
1. Азаматтардан олардың қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті
сақтауын, құқыққа қарсы қимылдарды тоқтатуын талап етеді. Егер бұл талаптар
орындалмаса, онда органдар күштеу шараларын қолдануға хақылы болады.
2. Егер бір кісі жөнінде қылмыс жасады немесе әкімшілік құқықты бұзды
деген күдік пайда болса, оның кім екендігін анықтайтын құжаттарын
тексереді.
3. Жасалған немесе әзірленіп жатқан құқық бұзу әрекеттері туралы түскен
арыздарды, хабарларды қарайды, оларды тіркейді, ондай әрекеттерді
болғызбау, ашу, құқық бұзушыларды ұстау жөнінде дер кезіңде шаралар
қолданады.
4. Егер органдарда қылмыстық және басқа әрекеттер жөніндегі материалдар
бойынша іс жүргізіліп жатқан болса, соларға байланысты түсініктер,
құжаттар, жауаптар алу үшін тиісті азаматтарды шақырады. Ал шақырылған адам
дәлелді себепсіз келуден бас тартатын болса, оны күштеп әкеледі.
5. Құқық бұзған әскери қызметшілерді ұстап, оларды әскери
коменданттарға, әскери комиссарларға тапсырады.
6. Жастары 18-ге толмаған, бірақ құқықты бұзған жасөспірімдер мен
балаларды ұстап алып, уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында
ұстау, оларды қабылдайтын және бөлетін орындарға орналастырады. Қараусыз
қалған балалар мен жасөспірімдерді қамқоршылық және қайырымдылық
органдарына жеткізіп отырады.
7. Айналадағы адамдарға нұсқаң келтіруі немесе қоғамдық тәртіпті бұзуы
ықтимал адамдарды арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді.
8. Қылмыс жасады деген күдік туғызған адамдардың ізіне түскен жағдайда
орган қызметкерлері азаматтардың тұрғын үйлері мен басқа да үй-жайларына
тежеусіз кіріп, олардың ішін қарап, тексереді.
9. Көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің машина айдауға, жүк
тасымалдауға құқық беретін құжаттарын тексереді. Егер көлікті жүргізу,
жүкті тасымалдау жөніндегі ережелері бұзылған болса, заңда көрсетілген
шараларды қолданады: жүргізушіні машина жүргізуден шеттетеді, жүкті арнаулы
орынға жеткіздіреді, т.с.
Ішкі істер органдарына, олардың қызметшілеріне қоғамдық тәртіп
орнатылуын, заңдардың орындалуын бақылауға мүмкіндік туғызатын басқа да
құқықтар беріледі.
Қоғамда құқықтық тәртіп болуына, барлық азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары бұзылмауына олардың өздері мүдделі болуға тиіс.
Неғұрлым саналы азаматтар ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті
қорғау жөніндегі жұмысына жәрдемдесіп тұрады.
Бұл істе ерекше көзге түскен адамдарды ішкі істер органдары үнемі
көтермелеп отырады.
Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мына жағдайларда оқ-дәрілі
қаруларды қолдануға рұқсат етіледі:
1) азаматтарды қылмыскерлердің шабуылынан қорғау үшін және кепілдіктегі
адамдарды босату үшін;
2) ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасындағы
адамдарға, жасақшыларға жасалған шабуылды тойтару үшін;
3) азаматтардың тұрғын үйлеріне, мемлекеттік ұйымдардың кеңсе үйлеріне
жасалған шабуылды тойтару үшін.
Болған қылмыстан қорғану, тоқтату жағдайында да қару қолданылады.
Ішкі істер органдары жасалған қылмыстар бойынша анықтау, жедел
іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
Ішкі істер өкілдері мынадай міндеттер атқарады: қылмыс жасады немесе
қылмыс жасауға әзірленіп жүр деген күдік туғызған адамдарды ұстайды.
Мынадай тергеу жұмыстарын жүргізеді: суретке түсіреді, дыбыс жазады, кино,
теледидар бейнелерін жасайды; көтерілген қылмыстық істер бойынша
мемлекеттік органдар мен ұйымдардан кідіріссіз және қайтарусыз материалдар
алады; азаматтарды шақырып, олардан түсінік сұрайды, құжаттар талап етеді,
жауап алады; қылмыстың қандай жағдайда жасалғанын анықтау мақсатымен
жұртшылықты хабардар етіп, оларды осыған жұмылдыру үшін бұқаралық ақпарат
құралдарын пайдаланады т.т.
Тергеушілер қылмыскерлерді әшкерелеп, оларды қылмыстық жауапқа тарту
үшін басқа да қимылдар жасайды.
4. ҚР-ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары — республиканың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын
және өздеріне берілген өкiлеттiктер шегінде жеке адамның және қоғамның
қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн,
аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс
әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп
беретін арнаулы мемлекеттік органдар.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;
3) шетел мемлекеттері арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ
жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан
келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу және
тыю;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен
өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсіретуге бағытталған
терроризм және өзге де қызметті анықтау, алдын алу және тыю;
5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитеті органдарының жүргiзуiне
жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери
құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен
қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдарында,
Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери рамаларында шифрлау
жұмысын ұйымдастыру; 8)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуді
және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;
2) ҚР-ның Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы ҚР 1995 жылғы 21
желтоқсандағы Заңы;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де
мiндеттемелерi;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының
нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының Президенті бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi туралы Ереже құрайды.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық,
баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де
бiрлестiктер қызметінен тәуелсiздiк принциптерінде құрылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметін жүзеге асырған кезде
мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк
береді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тікелей
көзделген ерекше жағдайларда және тәртіппен ғана шектелуі мүмкін. Ұлттық
қауiпсiздiк органдары заңмен белгіленген шектерде әрбір азаматқа оның
құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен танысу
мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының,
олардың әскери қызметшiлерiнiң, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң iс-
әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына,
прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бірыңғай
жүйесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті, оның
ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары,
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер,
оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және басқа да ведомстволық
бағыныстағы ұйымдар құрайды.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетін Республика Президенті құрады, таратады
және қайта құрады және ол Республиканың орталық атқарушы органдарының
жүйесіне кiрмейдi. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына басшылық
жасауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн
тәртіппен ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарын, сондай-ақ
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын құрады, таратады және қайта
ұйымдастырады және оларға басшылық жасайды.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетін Республика Парламенті Сенатының келiсiмi
бойынша Республиканың Президенті қызметке тағайындайтын Төраға басқарады;
оны Республика Президенті қызметтен босатады.

1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының
Парламентін, Қазақстан Республикасының үкiметiн елдің қауiпсiздiгiне
төнген қауіп туралы хабардар етуге;
2) Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге
асыруға;
3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтіруге
бағытталған шет мемлекеттер арнаулы қызметтерiнiң, ұйымдарының,
сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметін анықтау,
алдын алу, тыю жөнінде қарсы барлау жұмысын жүзеге асыруға;

өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсіретуге
бағытталған терроризм мен өзге де қызметті анықтауға, алдын алуға және
тыюға;
5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған
қылмыстарды анықтауға, тыюға, ашуға;
6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген
құрамалардың, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсiптiк
одақтарының, діни негiздегi партиялардың қызметіне, сондай-ақ шет ел заңды
тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және
тыюда мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;
7) мемлекеттік органдарда, әскери құрамалар, бөлімдер мен ұйымдарда
мемлекеттік құпия болып табылатын мәлiметтердi қарсы барлалық қорғау
жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ олардың қызметін
аталған салада бақылауға. Мемлекеттік және әскери құпия болып табылатын
ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан
Республикасының азаматтарына арнайы тексеріс жүргізуге; 8) тiзбесiн
Қазақстан Республикасының үкiметi белгiлейтiн қорғаныс кешенi, атом
энергетикасы, көлік пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың тұрмыс-
тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық
объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп,
жүзеге асыруға қатысуға;
9) Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкiлдiктерi мен
өзге де мемлекеттік ұйымдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнінде
шаралар жүргізуге;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының
азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына,
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының
аумағына келуіне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуіне, сондай-ақ
олардың Республика аумағында болу режиміне қатысты мәселелерді шешуге
қатысуға;
11) шет мем лектер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан
Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнінде басқа
құзыретті органдармен бүрлесе отырып шаралар қолдануға;
12) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нұсқауы бойынша басқа
мемлекеттік органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттері, үкiметтерi
басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан
Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдің аумағында
өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге қатысуға;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуді және
қорғауды қамтамасыз етуге;
14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi іске асыру
мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізуге;
15) жұмысы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн
радиоэлектронды құралдармен берiлетiн радиосәулелердi анықтауға;
16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, арнаулы байланыс
түрлерiнiң үкiметтiк және өзге де жүйелерiн пайдалануға, дамытуға, олардың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
17) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, соның iшiнде мемлекеттік
қызметтік құпиялар болып табылатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының
мәлiметтерiне техникалық жолмен кіруге жол бермеу жөнiндегi шараларды
жүзеге асыруға;
18) ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмылу дайындығын қамтамасыз
етуге;
19) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшін кадр лар даярлауды, оларды қайта
даярлауды және бiлiктiлiгiн артты руды жүзеге асыруға мiндеттi;
20) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге;
21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты
прокурордың жазбаша талаптарын орындауға мiндеттi.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары. Ұлттық қауiпсiздiк
органдарының өздеріне жүктелген мiндеттердi орындау үшін мыналарға құқығы
бар:
1) жалпы және арнаулы жедел-iздестiру шараларын, сараптық-криминалистiк
зерттеулер жүргізу, оларды тергеу заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының
қарауына жатқызылған қылмыстардың алдын алу, тыю және ашу мақсатында
Қазақстан Республикасының азаматтарын штаттан тыс оперативтiк қызметкерлер
ретiнде ерiктi негiзде жұмысқа тарту;
2) мақсаттары мен іс-қимылдары мемлекеттің қауiпсiздiгiн әлсіретуге,
Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, конституциялық құрылысты күшпен
өзгертуге бағытталған шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтері мен
ұйымдарының, қылмысты топтардың iшiне енуді жүзеге асыру;
3) өздерiнiң іс-қимылдарымен қоғамның және мемлекеттің қауiпсiздiгiне
қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетел азаматтары мен азаматтығы
жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына жібермеу және аластау жөнiндегi
мәселелерді құзыретті мемлекеттік органдармен бiрлесiп шу;
4) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған
қылмыстарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық іс
жүргізу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы
мiндеттi тапсырмалар беру;
5) өздері жүргiзiп жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық
қауiпсiздiк органдарына шақыру, олардан түсiнiктемелер, анықтамалар,
құжаттар алып, бұлардың көшiрмелерiн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz