Қаржылық жоспарлау және болжамдар жүйесі


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
I Тарау ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ . . . 4
- Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері . . . 4
1. 2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі . . . 9
II Тарау ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 14
2. 1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi . . . 14
2. 2 «Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау . . . 16
ІІІ Тарау Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді фискалдық саясат және оның 2010-2012 жылдарға арналған болжамы . . . 25
3. 1 Орта мерзімді фискалдық саясаттың мазмұны және оны іске асырудың әдістері . . . 25
3. 2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау . . . 28
Қорытынды . . . 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 35
КІРІСПЕ
Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз ету үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.
Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңцік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға бағытталған.
Осыған орай курстық жұмысымның тақырыбын «Қаржылық жоспарлау мен болжамдар жүйесі» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі қоғамдағы қаржылық қатынастар негізінде қаржы жоспарлары мен болжамдарының экономикалық маңыздылығын және міндеттері мен қағидаттарын жан-жақты талдау болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыға қойылған мақсат пен негізгі міндеттер келесідей:
- Қаржылық жоспарлаудың қажеттігі мен арналымының мәнін ашу;
- Қаржылық жоспарлау мен болжау жүйесінің жалпы қаржы жүйесіндегі рөлін талдау;
- Қаржылық жоспарлау мен болжаудың міндеті мен мақсаттарын, қағидаттарын және оның жүргізілу кезеңдерін сипаттау;
- Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылар бойынша жоспарлардың ерекшелігі мен ұйымдасу барысына тоқталу;
- Кәсіпорындардың қаржылық жоспарлау мен болжамдарын талдау және олардың қаржыларын талдауға тоқталып өту;
- Еліміздегі мемлекеттік деңгейдегі қаржылық жоспарлаудың ең бастыларының бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының орта мерзімді фискалдық саясатты жүзеге асыру жоспарының маңыздылығы мен 2010-2015 жылдарға арналған болжамына тоқталып өту болып табылады.
І ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
1. 1 Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері
Қаржылық жүйе әрекет етуінде қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттық элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттастырылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашынық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қоддануды қажет етеді.
Қаржы көрсеткіштерін, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңдестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) . Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі.
Қаржылық жоспарлауда қабылданатын экономикалық және әлеуметтік шешімдердің (оларды қаржыландыру көздерімен қамтамасыздығын ескере отырып) тиімділігін, белгіленетін шығындарды және оңтайлы түпкілікті нәтижелерді оңтайландыру жөніндегі мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші буындар мен субъектілердің мақсатты қызметі ретінде қарастырған жөн, адамдардың субъективті қызметі ретіндегі қаржылық жоспарлау тек қоғам дамуының объективті зандылықтарын танып білуге, қаржы ресурстары қоз-ғалысының тенденцияларына басты негізді, бұрын жүргізілген шаралар мен қаржы операцияларының нәтижелілігін зерделеуге негізделген жағдайда ғана ол нәтижелер береді. Бұл процесте жоспарлаудың, шешімдерді бағалаудың прогрессивті әдістерін пайдаланудың, ғылымның, техниканың дамуымен, тиісті аппараттың жоғары біліктілігпен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың негізінде жасалынатын есеп-қисаптардың көп нұсқалылығының үлкен маңызы бар.
Сөйтіп, тарихи дамудың барлық кезеңдері мен басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық жоспарлау оны жалпы жоспарлаудың бірыңғай жүйесінен бөліп алуға мүмкіндік беретін жоспарлаудың ерекше объектілері, сфералары, жоспарлаудың мақсаты мен сипаты, негізгі көрсеткіштердің нысаны сияқты жалпы белгілерді иемденді.
Экономикалық-әлеуметтік жоспарлау жүйесінде жоспарлау белсенді рөл атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікгі нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Болжам - арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағы қандай болса да бір құбылыстың жай-күйі туралы ықтималдық байымдау. Болжау - қандай болсада бір құбылыстың, объектінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамды әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы - бұл қаржы қатынастарын мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі - қаржы ресурстары, процесі - ақша қорларының қозғалысы.
Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын-ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу) . Болжамдар орташа мезгілді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
- экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
- тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Жоспар - іс-қимылдарды немесе шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге бағытталынған өзара байланысты жүйе. Жоспарлау - жоспардың өзін әзірлеуді, оның орындалуын үйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын процесс. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланынады; ол ақпараттық - үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеуіштер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстаңда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері енгізілді. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы иңдикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті құрау жүмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақты белгіленеді. 2001-2007 жылдарға арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті арттыру болып табылады.
Индикативті жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты - болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау қажеттігі.
Индикативтік жоспар - мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму сая-сатының негізгі бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды іске асы-ру жөніндегі іс-шараларды, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсат-ты көрсеткіштерін (индикаторларын) жэне мемлекеттік-экономикалық реттеуіштердің тізбесін қамтитын құжат.
Иңдикативтік жоспарлар орын алып отырған проблемаларды кешенді түрде шешуге және стратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағытталған, орта мерзімді және ағымдағы перспективаға арналған мемлекеттік әлеуметтік-экономикалык саясатты айқындайды.
Индикативгік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді - реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары жатады.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарларын өзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығындарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т. б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаган көзқарастардың үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) - орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бірліктер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірістік өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі;
Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп, анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті орындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
Жоспарлаудың үздіксіз қағидаты перспективалық (ағымдағы) және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін қажет етеді, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді.
Қаржыны жоспарлау белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
- Экстраполияция немесе коэффиценттер әдісі. Оның мағынасы қаржы көрсеткіштерін олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің келесідей кемшіліктері бар: 1) мүмкін болатын ішкішаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды; 2) материал және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
- Сараптық бағалау әдісіжоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың - сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
- Нормативтік әдіскесәйкес жоспарлы қаржы көрсеткіштері белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
- Баланстық әдісшығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен қатар өндірістік және қаржы көрсеткіштерінің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.
- Бағдарламалық-мақсатты әдіснарық жағдайының түрлі деңгейлерінде - жалпыұлттық, салалық, ғылыми-техникалық бағдарламалардың негізінде қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде дамиды. Қаржылық бағдарламалау - бағдарламалық-мақсатты тәсілдемені пайдаланатын қаржылық жоспарлаудың әдісі, бұл әдістің негізіне айқын тұжырымдалған мақсаттар және оған жетудің құралдары қойылған.
Бағдарламалау мыналарды қажет етеді:
- басымдылықтарды белгілеу;
- қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру;
- балама нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтата тұру.
- Есеп-қисаптың көп нұсқалылығы, ең жақсы шешімдерді таңдауэкономикалық-математикалық әдістері, ұзақ мерзімге жасалынатын қаржы болжамдары үшін ЭЕМ-ды неғұрлым кеңінен пайдалануды қажет етеді.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырған мезгілдің қаржы көрсеткіштерінің талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың негізгі топтары бойынша жоспарланатын жылға арналған кірістер мен шығыстардың нақты түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
- Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылыры
1. Экстраполяция (немесе коэффиценттер) әдісі. Оның мағынасы қаржалық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңінен жетістіктерді және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
- мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;
- материялдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
3. Математикалық үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға: ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға: ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік берді.
5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебииеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамытудың барлық дәуірі, кезендері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық және аумақтық - мақсаты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеніне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық мақсатты қағидат кеңінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы рессурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді қылып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша рессурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстармен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: орталықтаңдырылған (жалпымемлекеттік) және орталықтандырылмаған жоспарлар.
Орталықтандырылган қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан құрама жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сондай-ақ министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар орталықтандырылмаған жоспарларға жатады. Орталықтаңдырылған қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.
Орталықтандырылған қаржы жоспарларының мынадай елеулі белгілері болады:
объектісі - микродеңгейде қалыптасып, бөлінетін жалпымемлекеттік ресурстар;
қамтуы - мемлекеттің қаржы қызметінің сферасы, тиісінше оның ұдайы өндіріс процесінің қатысушыларымен өзара қаржы қатынастары да және сонымен бірге пайда болатын жалпы құндық ара қатынастар да;
негізгі мақсаты - жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудағы мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға негізделетін нақтылы кезеңге арналған оның қаржы жоспарын негіздеу.
Қазіргі кезде құрама қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды қамтиды. Мыналар жалпымемлкеттік болып табылады: мемлекеттің құрама қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz