Психологиялық кеңес беру


«Орта медициналық және фармацевттік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
ТАҚЫРЫБЫ:
Психологиялық кеңес беру.
Орындаған:Мелдебаева Ж.
Қабылдаған: Тажиева Ә. А.
АЛМАТЫ
2013 жыл.
Жоспары:
- Кіріспе.
- Психолог көмегі қашан қажет.
- Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.
- Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру.
- Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері.
- Психологиялық кеңес жұмыстары.
- Пайдаланылған әдебиеттер.
Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т. б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес - қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т. с. с. Психологиялық кеңес - психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау.
Психологқа барып, өзің жөнінде ашық айту, оған қоса өзіңдегі және өміріңдегі бірдемені өзгертуді бастау үшін біршама батылдық қажет. Психолог клиенттерінің арасында әр қилы проблемалары мен сан алуан тілектері бар әр түрлі адамдар кездеседі. Олардың әрқайсысы өзінде өзі, өз қорқынышы, алаңдауы, күмәні мен күдігі, тілегі туралы айтуға батылдық тапты, ал бұл оңай емес. Психологтың клиенттері батыл адамдар.
Еш психолог сіз үшін проблемаңызды шешуді өз мойнына алмайды. Ол сізге проблеманы түсінуге және оны жеңу жолдарын белгілеуге көмектеседі.
Психолог көмегі қай кезде қажет:
- сіз проблеманы шешудің барлық мүмкін болар тәсілдерін сынап көрдіңіз, алайда жағдай тек нашарлайды, сізде тұйық шеңбер бойымен жүргендей ғана сезім бар.
- сіз күшті стрессті (жақын адамның дүниеден өтуін, денелік немесе моральдық зорлықты, ажырасуды және с. с. ) бастан кешірдіңіз. Дегенмен уақыт бәрін емдейтініне үміт артуға болмайды. Кейде уақыт ұзақ мерзім емдейді, ал кейде онша сапасыз емдейді.
- сізді «өмірде бірдеме ойдағыдай емес», «өзгеріс қажет» деген көмескі сезім қуалайды, бірақ сіз қай тұсқа қозғалуды және нені өзгертуді білмейсіз.
- сіздің жан дүниеңізде онша анық көрінбейтін себепсіз ұзақ уақыт нашарлау бар: уайым, қайғы, бір сөзбен айтқанда торығу, жабығу (депрессия) .
Егер сіз мыналарды сезсеңіз:
- жан дүние жайсыздығын;
- өмірдің мәнінің, мағынасының жоғалуын;
- сізді өзіңіздегі сенімсіздік мазаласа және өзіңізді сенімді ұстау қиын болса;
- сіз өзіңізді бейтаныс адамдар арасында ыңғайсыз сезінсеңіз;
- сізге өз мүдделеріңізді қорғау қиын болса;
- сізге айналадағылар өзіңізді нашар түсінетіндей көрінсе;
- сізге басқа адамдардың және өз жеке мінез-құлқыңыздың түрткілерін жақсырақ түсінгіңіз келсе;
- сіз өз жеке күйзелістеріңізге ден қойсаңыз және айналадағылар сізді аз қуантса;
- сіз туындайтын өмірлік қиындықтарды жеңуге күшіңіздің, тәжірибеңіздің, біліміңіздің жетпейтініне мазасыздансаңыз;
- сіз өзіңізді түсінгенді қаласаңыз.
Бұл жағдайда сізге психологиялық кеңес (консультация) алу қажет. Ол сізге күйзеліс өткірлігін алып тастауға, өзіңізді түсінуге, өтіп жатқандардың себептері мен салдарын түйсінуге, саналы ұғуға және өзіңізге сенімді нығайтуға көмектеседі және оңтайлы шешім іздеуге ықпал етеді.
Не үшін психологқа барудың мағынасы жоқ:
- өз өміріңізге жауапкершілікті оған арту үшін («менімен бірдеңе жасай салыңызшы») ;
- сиқырлы таяқша әмірі бойынша лезде сауығу кереметі үшін;
- өз туыстарыңыз бен айналаңыздағы әлемді өзгерту үшін.
Жұмыс клиентпен белгілі бір мерзімге келісім жасалған кезде қысқа мерзімді консультация режімінде өтеді. Жеке тілектер мен клиенттің жағдайына байланысты 3-25 сессиядан тұратын бағдарлама өткізіледі. Псиологиялық сабақтың міндеті - адами психиканың потенциалды мүмкіндіктерін өзекті ету, оның қалыпты қызмет етуіне кедергі келтіретіннің бәрінен арылу.
Адамға сырттан мүлдем аз ғана демеу қажет және ол өзін-өзі аша бастайды: Психолог бар болғаны зерттеуші және басқа зерттеушінің-клиенттің көмекшісі ғана, сондай-ақ олар бірлесіп қалаулы нәтижеге жетеді.
Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.
Кеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты - психологиялық контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы психологиялық контакттың қорытындысы. Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау (мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті болу, клиенттің құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру, талқылау, конфиденциалдық сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау) .
Клиентті сұрау кезеңі. Кезеңнің мақсаты - раппорт (өзара жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы - вербалды және вербалды емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау. Мәселелердің түрлері: орталық мәселе, мәселе-қорғаныс, терең мәселе. Мәселе кеңесші мен клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Келісім-шарт жасау. Кеңесші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексифті емес және белсенді тыңдау, эмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды емес тұрғыда жігерлендіру. Кезеңдік (подэтап) нәтижесі - консультативті болжамдарды қалыптастыру және раппортты орналастыру.
Жұмыс кезеңі.
Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен психологиялық қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану. Қарсыласу мен трансфермен жұмыс істеу. Қарсыласу түсінігі. Клиенттік қарсыласумен сәтті жұмыс істеу шарты ретінде даярлығы. Қарсыласумен жұмыс істегендегі нәтиже. Позитивті және негативті контртрансфер. Трансфермен жұмыс істеудегі тиімділік. Контртрансфермен жұмыс істеу. 1referat. kz
Қорытынды кезең. Трансферден шығу және суверенитетті алу. Кеңес беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі принциптері.
Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру.
Психологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж адамдарға ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді.
Психологтың кеңес алушымен алғашқы кездесу кезіндегі әңгімесі.
10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кеңес алушы адам психологқа өзі туралы, өзін мазалап жүрген мәселесі туралы толық айтуы керек. Психолог зейін қоя тыңдайды. Психологиялық кеңес адамдарға психологиялық көмек берудің ең күрделі түрі. Кеңес алушы адамға өз проблемасын психологтың көмегінсіз шеше алатындай болғанға дейін беріледі.
Психологиялық кеңес:
1. Туындаған мәселенің күрделілігіне байланысты 1-2 рет немесе оданда да көп кеңес берілуі мүмкін.
2. Кеңес алушының бір ғана мәселесі емес жеке жеке кеңесті талап ететін бірнеше мәселелері болуы мүмкін.
3. Мәселе бірден шешілуі мүмкін. Тек ғана кеңес алушыға қосымша қолдау, қолпаштау, ерік, жігер қажет болған жағдайда психологиялық кеңес қысқа уақыт мерзімді қамтиды.
Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері.
Кеңес алушының туындаған мәселесін тез арада шешуге көмек жасау. мәселен, бала мәселесіне байланысты ата ананың ренжісіп қалуы, екі адамның бір біріне ренжуі т. б.
Бір мәселе қайталана берсе, онда кеңес алушыны психопрофилактикаға шақыру қажет. Мұнда шешімін таба алмай жүрген мәселелерді өздері шешуге талпынады.
Адамдардың психологиялық білімдерін жетілдіру үшін пайдалы психологиялық кеңестер беріп отыру керек.
Кеңес алушы бірден табысқа жетпеуі мүмкін, бірнеше рет кеңес алудың нәтижесінде қол жеткізетіндігін түсіндіру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz