Қазақстан Республикасында басқару органдарының жүйесі



Жоспар:

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасында басқару органдарының жүйесі
1.1. Қазақстан Республикасында басқару органдарын ұйымдастыру
1.2. Мемлекеттік басқару органдарының құзыретін ұйымдастыру
1.3. Мемлекеттік комитеттер мен министрліктердің қызметін ұйымдастыру

2. Мемлекеттік басқарудағы өкілді органдар және сот билігі
2.1. Парламент . заң шығарушы өкілді орган
2.2. Үкімет . атқарушы биліктің жоғары органы
2.3. Сот билігі:Жоғарғы сот және жергілікті соттар
2.4. Жергілікті басқару органдарының құзыреті және қызметін ұйымдастыру

3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 – бабының талаптарына сәйкес, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткен тарихи кезең – 19 жыл ішінде аталған мемлекеттік билік тармақтарының құққытық негіздерін жетілдіру бағытында алға басушылық байқалады.
Оның ішінде атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі қос палаталы Парламенттің қызметі ерекшеліктеріне , табиғаты мен қайшылықтарына , олардың заң шығару қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы басқару органдарының мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ қос Палаталы Парламенттің заң шығарушылық қызметі мен бүгінгі күнгі Праламентаризмнің саяси жүйеде алатын орны және елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар жайында, атқарушы, жергілікті басқару органдары туралы жан-жақты түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- атқарушы биліктің ең жоғары органы ҚР. Үкіметінің құрылым мен құзыретімен танысу;
- ҚР Үкіметінің өкілеттіктерімен танысу;
- Жергілікті мемлекеттік басқару, атқарушы биліктің орталық органдары туралы танып-білу;
- әкімдер және әкімшіліктерді құру, олардың құзыретімен танысу;
- Қазақстан парламентаризмінің, демократиялық интситут ретіндегі құқықтық-саяси мәртебесін ашу, оның құрылымы мен қызметіндегі қазіргі даму сатысындағы бүкіл қоғамдық қатынастардың бейнеленуі мен қамтылуы деңгейін көрсету;
- Еліміз парламентаризмі қызметінің негізгі принциптерінің мәнін, табиғатын, қызмет жасау ерекшеліктерін ашып, олардың парламентаризмнің қалыптасуы мен нығаюына , жалпы қоғамдық процестерге әсерін зерделеу;
- Парламенттің заң шығарушылық қызметінің елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалардың заңнамалық, ұйымдық-құқықтық базасын қаоыптастыру рөлін көрсету.
Зерттеу объектісі: Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстандағы басқару органдарының еліміздің саяси, демократиялық жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшелікетрін, нығаюы мен даму эволюциясын саяси талдау саналады.
Зерттеудің пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының атқарушылық, заң шығарушылық және өкілді қызметі, мемлекеттік және қоғамдық-саяси институттармен өзара қарым-қатынасы, парламенттік рәсімдер тетігі арқылы еліміздегі басқару органдарының деңгейін сараптау.
ҚР Конституциясында Республиканың атқарушы билігін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.- Алматы:Жеті Жарғы,2001.- 265-272 б.
2. Билік жүйесі дамудың жаңа деңгейіне сай болсын // Егемен Қазақстан.- 2003.- 4 сәуір.- Б.2
3. Жергілікті мемлекеттік басқару: бүгін және ертең // Егемен Қазақстан.- 2005.- 16 наурыз.- Б.2
4 Қазақстан Республикасының Конституцяиысының түсіндірме сөздігі .- Алматы: Жеті Жарғы, 1996.- 368 б.
5 Қалмырзаев Ә. Атқарушы билік // Ақиқат.- 2000.- №1.- б.23
6. Мемлекет дамуының тамыршысы – халық : Елбасы Жолдауының ғылыми негізі мен сабақтастық сипаты// Егемен Қазақстан.- 2005.- 3 0 наурыз.- Б.2
7. Жергілікті мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері // Ақиқат .- 2001 .- 3.- Б.42-46
8. Несіпбай А. Жергілікті басқару жүйеісін жетілдіру : ел дамуына жаңа серпін қосады// Егемен Қазақстан.- 2005.- 7 қаңтар.- Б. 2.
9 Нүкенов А. Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері// Саясас.- 2002.- N 7.- Б. 26- 3
10 Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.- Алматы: Жеті Жарғы, 2004.- 480б.
11 Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Конституциясы : тәуелсіздікке қызмет етудің 10 жылы// Егемен Қазақстан.- 2005 .- 26 қаңтар.- б.1-2
12 Дьяченко С. Қазақстандық Парламентаризмның эволюциялық кезеңі // Егемен Қазақстан.- 2007.- 25 қазан.- б.5
13 Жұмабаев Е. Қазақстандық Парламентаризмнің дамуы: Кеше, бүгін, және ертең // Егемен Қазақстан.- 2006.- 16 желтоқсан.- б.5
14 Көпеев М. Қазақстандағы парламентаризм // Егемен Қазақстан.- 2007.- 18 шілде.- б.2
15. Қазақстан парламентаризимі : теориялық негіздері және қазіргі деңгейі туралы // Ақиқат.- 2004.- №2.- 23-25 б
16. Қосмамбетов Т. Парлмамент: оның заң шығарушылық қызметі // Егемен Қазақстан. – 2006.- 16 желтоқсан.- б.5
17. Парламентаризм және халық билігі принципі // Қазақстан жоғары мектебі.- 2004. – №1.- 169-176 б.
18. Парламентаризм – саяси жүйенің маңызды институты // Қоғам және дәуір.- 2004.- №3.- 16-19 б.
19. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі // Ақиқат.- 2001.- №12.- 19-25 б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасында басқару органдарының жүйесі
1. Қазақстан Республикасында басқару органдарын ұйымдастыру
2. Мемлекеттік басқару органдарының құзыретін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік комитеттер мен министрліктердің қызметін ұйымдастыру

2. Мемлекеттік басқарудағы өкілді органдар және сот билігі
1. Парламент – заң шығарушы өкілді орган
2. Үкімет – атқарушы биліктің жоғары органы
3. Сот билігі:Жоғарғы сот және жергілікті соттар
4. Жергілікті басқару органдарының құзыреті және қызметін ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 – бабының талаптарына
сәйкес, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар
негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткен тарихи кезең – 19 жыл
ішінде аталған мемлекеттік билік тармақтарының құққытық негіздерін
жетілдіру бағытында алға басушылық байқалады.
Оның ішінде атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң
шығарушы билікке тәуелсіз.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің
саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің
ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды
тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып
табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы
мен қажеттелігі де осында жатыр.
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін
теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі қос палаталы Парламенттің
қызметі ерекшеліктеріне , табиғаты мен қайшылықтарына , олардың заң шығару
қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге
ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен
ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар
қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты
материал беріп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты –
Қазақстандағы басқару органдарының мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен
табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-
жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ қос Палаталы Парламенттің заң
шығарушылық қызметі мен бүгінгі күнгі Праламентаризмнің саяси жүйеде алатын
орны және елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар жайында, атқарушы,
жергілікті басқару органдары туралы жан-жақты түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- атқарушы биліктің ең жоғары органы ҚР. Үкіметінің құрылым мен құзыретімен
танысу;
- ҚР Үкіметінің өкілеттіктерімен танысу;
- Жергілікті мемлекеттік басқару, атқарушы биліктің орталық органдары
туралы танып-білу;
- әкімдер және әкімшіліктерді құру, олардың құзыретімен танысу;
- Қазақстан парламентаризмінің, демократиялық интситут ретіндегі құқықтық-
саяси мәртебесін ашу, оның құрылымы мен қызметіндегі қазіргі даму
сатысындағы бүкіл қоғамдық қатынастардың бейнеленуі мен қамтылуы деңгейін
көрсету;
- Еліміз парламентаризмі қызметінің негізгі принциптерінің мәнін,
табиғатын, қызмет жасау ерекшеліктерін ашып, олардың парламентаризмнің
қалыптасуы мен нығаюына , жалпы қоғамдық процестерге әсерін зерделеу;
- Парламенттің заң шығарушылық қызметінің елдегі саяси, әлеуметтік-
экономикалық реформалардың заңнамалық, ұйымдық-құқықтық базасын
қаоыптастыру рөлін көрсету.
Зерттеу объектісі: Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып
Қазақстандағы басқару органдарының еліміздің саяси, демократиялық
жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшелікетрін, нығаюы мен даму
эволюциясын саяси талдау саналады.
Зерттеудің пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары
аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының атқарушылық, заң
шығарушылық және өкілді қызметі, мемлекеттік және қоғамдық-саяси
институттармен өзара қарым-қатынасы, парламенттік рәсімдер тетігі арқылы
еліміздегі басқару органдарының деңгейін сараптау.
ҚР Конституциясында Республиканың атқарушы билігін Үкіметтің жүзеге
асыратындығы, атқарушы огандар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық
жасайтыны көзделген.

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару органдарының жүйесі
1.1.Қазақстан Республикасында жоғары басқару органдарын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының жоғары басқару органдарына Қазақстан
Республикасының Президенті мен Үкіметі жатады.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, сонымен
қатар мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындап
отырады. Ел ішіндегі және сыртқы қарым-қатынастарда Қазақстанның атынан
өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға болып саналады.Ата Заңда
Президенттің құзыретіне қатысты мәселелердің кең ауқымы көзделген.
Президенттің басты міндеті – ел ішінде және халықаралық қатынастарда
Қазақстан атынан өкілдік ету. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп,
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына
қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің жипломатиялық және өзге де
өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын
қабылдайды.
Президент өкілеттіктерінің келесі топтамасын оған Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітілген заң шығару өклдіктерін құрайды.
Ол екі жолмен жүзеге асырылады:
1) Заң шығару.
2) Заң күші бар Жарлықтар шығару
Сонымен қоса Президент Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау
үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер
шығарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына мынадай қатаң
талаптар қойылады: ҚР Президенті болып тумасынан Республика азаматы, 40
жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он
бес жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері емес, заңмен білгіленген
ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органға және
жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлауға және сайлануға ,
республикалық референдумдарға қатысуға құқығы бар азамат ғана сайлана
алады.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге
асыратын, атқауршы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне
басшылық жасайтын орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік басқарудың мәселелерін
шешеді. Республиканың барлық аумағында міндетті заң күші бар актілер
шығарады.

1.2. Мемлекеттік басқару органдарының құзыретін ұйымдастыру

Мемлекеттік бақсару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген
және олар белгілі бір құзыретке ие. Мемлекеттік басқару органдарының
түрлерін олардың қызметін аумақтық масштабына, құзыреттік сипатына,
ведомствоға тәуелді мәселелерді құрып және шешу тәртібіне, қаржыландыру
көздеріне байланысты көрінеді.
Қызметі жөнінен аумақтық масштабы бойынша мемлекеттік басқару
органдары былай бөлінеді: жоғары органдар (олардың қызметі бүкіл республика
аумағында жүреді) – бұлар Қазақстан Республикасының Үкіметі; орталық
органдар (қызмет аясы республиканың бүкіл аумағына, бірақ нақты
министрліктердің) – экономика, экология және биоресурстар, энергетика және
көмір өнеркәсібі, әділет министрліктері аумағында ғана жүреді, мемлекеттік
комитеттер (мемлекеттік мүлік жөніндегі және т.б.), комитеттер (ұлттық
қауіпсіздік); жергілікті , олардың қызмет белгілі бір әкімшілік-аумақтық
құрылым – облыс, аудан, қала, село шегінде ғана жүзеге асады.
2 Құзірет сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары (Республика Үкіметі)
жалпы құзіретті – бұл органдардың қызметі өз құзыреттеріне жататын барлық
мәселелерге және барлық бағыныштыларына жүреді. Салалық – нақты салалар
(министрлік) басқару органдарының қызметі нақты мәселелерге, функцияға
немесе мазмұнға байланысты болады.
3. Мемлекеттік басқару органдары мемлекеттік өкімет арқылы құрылады.
Мәселен, Парламент Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика
Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауға келісім береді, екінші жағынан
басқару органдарының өзі арқылы жүзеге асады. Мысалы ҚР Президентінің 1993
ылғы 9 маусымдағы жарлығымен мемлекеттік басқарудың орталық органдарының
тізбесі белгіленген.

1.3. Мемлекеттік комитеттер мен министрліктердің қызметін ұйымдастыру

Атқарушы биліктің орталық органдарын олардың қызметінің сипатына қарай
салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті органдарға, бақылау және
қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске
асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.
Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың орталық атқарушы
органдары бар:
а) экономика салалары бойынша : Экономика, Мемлекеттік кіріс; Қаржы; Ауыл
шаруашылығы; Көлік және коммуникация; Энергетика, Индустрия және сауда;
табиғи ресурстар және айналадағы қоршаған ортаны қорғау министрліктері;
табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті
қолдау жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Инвестициялау жөніндегі;
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі; Жер ресурстарын басқару жөніндегі
Статистика жөніндегі агенттіктер; бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссия;
ә) әлеуметтік – мәдениет салалары бойынша : Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім; Білім және ғылым; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрліктері; Денсаулық сақтау ісі жөніндегі; Туризм және спорт
жөніндегі; Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктер; Отбасы және
әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия.
б) Әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер,Қорғаныс, Ішкі істер;
Әділет министрліктері; Төтенше жағдайлар жөніндегі; Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі; мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі; Нашақорлыққа
және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнідегі агенттіктер; Ұлттық қауіпсіздік
комитеті; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия.
Сонымен, Қазақстан Республикасында ұйымдық-құқықтық нысандарында
қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы
органдар бар:
1) Қазақстан Республикасы министрліктері;
2) Қазақстан Республикасының агенттіктері;
3) Қазақстан Республикасы минисрліктерінің құрылымдық бөлімшелері
болып табылатын комитеттер (ведомстволар) департаменттер және басқармалар.
Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрақталған үш буынды құрылымдары
бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.
Қазақстан Республикасы министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті
саласына басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде –
салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы
органы болып табылады. Министрлікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы
бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады.
Министрлерді де Республика Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Президент
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрліктің
жұмысына басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің
орындалуына, оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке басымен жауап
береді.
Министрлікте министрдің орынбасарларының, сондай-ақ министрліктің
басқа басшы қызметкерлерінің құрамында министр басшылық ететін алқа
Конституциялық кеңесші орган құрылады. Министрлік өзінің ұйымдық-құқықтық
мәртебесі бойынша заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік биліктің дербес
органы ретінде мемлекеттік тілде өзінің аты жазылған мөрі мен мөртабаны,
белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес бланкілерде есеп-
шоттары болады.
Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және біріне-
бірі әкімшілік бағыныста болмайды,бірақ олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре
алады,бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс-қимылын
қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру,
қылмыспен күресу тағы басқалар жөніндегі мәселелерді шешу туралы шарттар
мен келісімдер жасай алады.
Қазақстан Республикасы агенттігі Үкімет құрамына енбейтін орталық
атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер – Министрінің
ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады., қайта ұйымдастырады, және
таратады.
Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ
заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы
және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Агенттіктердің және басқа
Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке
Үкімет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттіктің құрылымын оның
басшысы – төраға бекітеді. Әдетте, оның құрылым департаменттер мен
басқармалардан тұрады.
Агенттік төрағасының жанынан консультациялық-кеңесші орган – алқа
құрылады. Оның сан және адам құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді.
Агенттіктің құқықтық актілері болып оның төрағасының бұйрықтары табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық
жоспарлау және реформалар жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі
агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комитет жөніндегі
агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер
істеі жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей
бағынады.

2. Мемлекеттік басқарудағы өкілді органдары және сот билігі
2.1. Парламент – заң шығарушы өкілді орган

Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең
жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейді.Парламент екі
Палатадан : Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Заң Парламенттің тұтас құзыреті, Сенаттың ерекше құзыретін және
Мәжілістің ерекше құзыретін белгілейді. Парламенттің құзыретіндегі
мәселелер тек Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында ғана
қаралады.
Қазақстан Республикасы Парламенті өз жұмысын сессиялық тәртіппен
жүзеге асырады. Парламент сессиясы Палаталарды, Палалталар Бюроларының,
тұрақты комитеттердің және Палаталардың бірлескен және жеке отырыстарынан
тұрады. Парламенттің кезекті және кезектен тыс сессиялары болады.
Парламенттің кезекті сессиясын Мәжілістің Төрағасы шақырады және жабады
және жылына бір рет өткізеді.
Палаталардың бірлескен отырысы әр палатадан депутаттардың жалпы санының кем
дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы болып есептеледі.
Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында қаралатын мәселелер ҚР
Конституциясында белгіленген.
Палаталардың бірлескен отырысында мынадай мәселелер қаралады:
1. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тек Президент қана
ұсынады.
2. Парламент конституциялық заңдар қабылдайды, оған өзгерістер мен
толықтырулар енгізеді. Конституциялық заңның жобасы, сондай-ақ оған
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы түскен кезде Мәжілістің
Төрағасы Парламент Палаталырының бірлескен отырысын шақырады. Отырыста заң
жобасын қарау белгіленеді және заң жобасы онымен жұмыс істеу үшін Сенат пен
Мәжәліске жіберіледі. Мерзімі өткеннен кейін Мәжіліс Төрағасы Парламент
Палаталарының бірлескен отырысын шақырады.
3. Парламент Палататаларының бірлескен отырысында республикалық бюджет,
Үкіметтің және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің есептері бекітіледі. Бюджет пен есеп алдымен Мәжілісте, содан
соң Сенатта талқыланады. Республикалық бюджеттің Үкімет енгізген жобасы
қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр Үкіметке сенім туралы мәселе қоюғы
құқылы.
4. Конституцияға сәйкес Палаталардың бірлескен отырысында Үкіметтің
бағдарламасы қаралады.
5. Қос Палатаның бірлескен отырысында Премьер-Министр мен Ұлттық Банктің
Төрағасын тағайындауға келісім беру рәсімі Парламент Регламентімен
қарастырылады және мәселе егжей-тегжейлі талқыланады. Премьер- Министрлікке
кандидатқа, сондай-ақ Президентке депутаттар сұрақ қоюға құқылы.
6. Коснтитуцияға сәйкес Палаталардың бірлескен отырысында Үкіметтің
бағдарламасы қаралады. Премьер - Министр өзін Президент тағайындағаннан
кейінгі бір айдың ішінде Парламентке Үкіметтің Бағдарламасы туралы
Баяндамасын ұсынады. Баяндаманы депутаттар талқылайды. Депутаттар
бағдарламаны мақұлдауы және қабылдамай тастауы да мүмкін.
7. Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламенттің республикалық
референдум тағайындау туралы бастама көтеру құқығын қарастырған. Бастама
Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр палата депутаттарының жалпы
санының жай көпшілік дауысымен білдіріледі және қаулымен рәсімделіп,
Президентке жіберіледі.
8. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында реуспубликаның
Конституциялық Кеңесінің конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл
сайынғы жолдауы тыңдалады. Констиуциялық заңдылық – Қазақстан
Республикасының Констиуциясы үшін де, Конституция теориясы үшін де жаңа
ұғым.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің құзыреті құрама екі
бөліктен :1) Мәжілістің ерекше қарауына жататын өкілеттік, 2) кезегімен
қарау арқылы әуелі Мәжілісте , содан кейін Сенатта жүзеге асырылатын
өкілеттік.
Парламент Мәжілісінің ерекше қарауына Конституция мынадай мәселелерді
жатқызады.
1) Заң жобаларын қарауға қабылдау және қарау. Конституцияның осы қағидасы
мен Конституцияның Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді
әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы заң
қабылдайды делінетін 54 – бабының арасында қайшылықтан бар сияқты көрінуі
мүмкін.
2) Республика Парламенті қабылдаған заңға Президенттің наразылығы бойынша
ұсыныстар әзірлеу Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Мәжіліс комитеттері
Президент наразылығын зерделейді және өзының қорытындысын Мәжілістің
қарауына береді.
3) Президенттің ұсынысы бойынша республиканың Орталық сайлау
комиссиясының Төрағасы, оның орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметке
сайлау және қызметінен босату Мәжілістің ерекше қарауына жатады.
4) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау және оның кезектен
тыс
сайлауын белгілеу Мәжілістің ерекше қарауына жатады.
5) Екі депутатты Әділет біліктілік алқасының құрамына екі жылға жіберу
Мәжілістің ерекше қаруына жатады.
Парламенттің заң шығару ісінің парламентаризм процесін нығайтудағы
орны сараланды. Парламенттің заң шығару процесінің заңнамалық енгізі
Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-56 баптарында белгіленген. Заң
шығарушылық процесс - өкілетті органдар мен тұлғалардың, заңдардың
қажеттігін негіздеу, оларды әзірлеу, арнайы құқықтық-экономикалық
сараптамаларын өткізу, қарау, қабылдау және ескірген нормаларды жойып
немесе өзгерту, жаңа құқықтық нормаларды енгізу және жариялау жөніндегі
қиын жұмыстардың кезең-кезеңмен орындалу реті, күрделі технологиясы.
Заң шығару процесі – үнемі толысу үстіндегі, динамикалық процесс. Бұл
істегі ең жауапты, маңызды мәселе - заңдардың қоғамда қабылданған
нормалармен үйлесіп , қабысып, оның материалдық , ұйымдық және құқықтық
жүйесіне етене еніп қана қоймай, сонымен бірге қоғамдағы аса күрделі
әлеуметтік-экономикалық және рухани қатынастарды бүгінгі және болашақ
ұрпақтардың мүддесі тұрғысынан реттеуді қамтамасыз етуі. Заң шығару
процесінде қоғамдағы өзара тығыз байланыстағы, ішінара астасқан саяси-
демократиялық, құқықтық-мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық, рухани-
мәдени, кейде бір-бірімен қайшылықтағы мүдделер жан-жақтан келіп
тоқайласады. Бұл іске сонымен бірге заң жасаушылардың өздерінің қоғамдық,
жеке көзқарастары мен позициясы, мүдделері, өзіндік танымы мен біліктілігі,
жалпы кәсіби деңгейі де ықпал етеді. Еліміздің заң шығару процесінің
тәжірибесі бұл мәселенің қоғамдық көзқарас пен пікірлердің өткір тартысы
жағдайында, ерекше шиеленісті өтетін күрделі саяси-құқықтық, демократиялық,
әрі жария құбылыс екендігін дәледеп отыр. Парламентаризм беделі қабылданған
зааңның сапсына байланысты.
Заң шығарушының кемелділігі, заң шығару процесін, ондағы өнер мен
ғылымды игерудегі шеберлігі, толысқандығы, көрегендігі мен сарабдал
болжағыштығы оның сапасына шешуші әсер етер басты адамдық факторлар.
Әр заң – қоғамдық құбылыс. Ол адам мен қоғам арасындағы аса күрделі
қатынастарды реттеуге арналуы керек. Заң ең алдымен бүкіл қоғамның мүддесін
еске алуға тиіс. Жеке немесе азғантай, өзімшіл топтардың ықпалында кетпеу,
қоғамда әлеуметтік жік, әлеуметтік қақтығыстар туғызбау – бұл істегі басты
талаптардың бірі.
Мәжілістің заң жобасын қарау жөнінде ерекше құқығы болғанмен, ол
мақұлдаған заң жобалары заңға айналуы үшін Сенатта мақұлдануы, оған
Президент қол қоюы керек.
Сенат заң жобасын тұтастай немесе жекеклеген қағидаларын қабылдамай
тастауға құқылы. Егер Мәжіліс депутаттарының көпшілік дауысымен Сенат
ұсынған өзгерістер мен толықтыруларға депутаттардың жалпы санының көпшілік
даусымен Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыруларға қарсы болса, онда заң
жобасы бойынша көзқарас қайшылығын еңсеру үшін палаталар теңдік жағдайында
Палаталардың келісім комиссиясын құрады.
Парламенттің жеке жүзеге асыратын өкілеттіктері бар. Бұл
өкілеттіктерді әр Палата басқа Палатаның қатысуынсыз жеке жүзеге асырады
және соның нәтижесінде оны орындаудың түпкілікті шешімін қабылдайды. Палата
бес жылдық мерзімге Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі
есеп комитетінің екі мүшесін қызметке тағайындайды.

2.2. Үкімет – атқарушы биліктің жоғары органы

Қазақстан Республикасының Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады,
атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық
жасайды. Үкімет Қазақстан Респуьликасының атқарушы билігінің жоғары органы
болып табылады. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қызметіне
басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік
басқаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы
болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан
Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйеісндегі орнын анықтайды,
биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін
белгілейді.
Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйеісне кіретін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттердің , басқа да ведомстволардың жұмысын бағыттайды.
Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы
Конституциясымен, Президенттің заң күші бар Жарлықтарымен, басқа да
нормативтік жарлықтармен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді.

Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер
қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады,
өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқапрушы билік органдарын
басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау
үшін тиісті шаралар қолданады. Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті
Президент құрады. Премьер – Министрге кандидатураны өзі іріктейді және
кандидатураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына өткізеді.
Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер-Министр
қызметіне бекітеді.
Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше
орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез-келген мүшесін
қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім
шығаруына құқылы. Премьер-министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің
өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.
Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі бір айдың ішінде Үкімет
қызметінің бағдарламасы туралы мәселені шешеді. Осы мерзімде Премьер-
Министр Үкімет қызметінің бағдарламасын әзірлейді және ол туралы
Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкіметтің жаңа Бағдарламасын
қабылдамай тастаса Премьер-Министр екі айлық мерзім ішінде Парламентке
Бағдарлама туралы екінші баяндама ұсынады.
Атқарушы биліктің ең жоғары органы ретінде Үкіметке Қазақстан
Республикасы Конституциясымен және Президенттің Қазақстан Республикасының
Үкіметі туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар
Жарлығымен орнықтырылған кең өкілеттіктер берілген.
Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі
бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын
әзірлейді; экономикалық бағдарламаларды, республикалық бюджетті әзірлейді
және оның орындалуы туралы есебін құрады, оның орындалуывн қамтамасыз
етеді; республиканың қаржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды
жүзеге асырады; валюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды құру және
пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз
етеді; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады, бағаның
құрылуы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүргізеді, мемлекетпен
реттелуші баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет номенкулатурасын
белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оның қорғалуын
қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік бағдарламаның
негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы төлеудің жүйеіс мен шартын,
азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, мемлекеттік тұрғыдан әлеуметтік
қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді; аймақтарды
әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; жастар, дене
мәдениеті мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік проблемаларын шешуге
ықпал етеді. Ғылым , техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет,
ғылыми-техникалық даму жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады; ғылым мен
техниканы, мәдениет пен білімді дамыту, жаңа технологияларды енгізу
жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүзеге асырады.
Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті - кеңесші
органдарды құрып, таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады,
олардың Президент пен Үкіметтің актілерін орындауын бақылайды;
министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады;
жергілікті атқарушы органдардың мемелекеттік басқару мәселелері жөніндегі
қызметін басқарады, олардың заңдарды орындауын бақылайды.
Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық
реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін,
республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның
аумақтық тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп,
жүзеге асырады.
Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық
келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет
мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын
дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру
жөнінде шараларды әзірлейді, сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар
қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара ынтымақты қарым-қатынас
орнатады.
Үкіметке Премьер – Министр басшылық етеді, оның өкілеттігі
Республика конституциясымен және Президенттің Үкімет туралы Жарлығымен
бекітіледі. Премьер-Министрдің мынадай өкілеттігі болады:
Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет
мүшелері арасында қызмет міндетін бөледі;
Президентпен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғары Сотпен,
Бас Прокуратурамен , басқа да мемлекеттік органдармен қатынаста Үкімет
атынан сөйлейді немесе оны Үкіметтің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
Мемлекеттік аппарат туралы түсінік
Құқық қорғау органдары
Сот билігі органдары
Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Орталық атқарушы органдар
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
Конституциялық құқықтың жүйесі
ҚР сайлау жүйесінің түсінігі
МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ МЕХАНИЗІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІ ЖӘНЕ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ
Пәндер