Күйе өндіру технологиясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Күйе. Күйенің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Күйе өндіру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Күйе түзілу процестерінің өнімдері... ... ... ... ... ... .
5. Күйе өндіру шикізаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Техникалық көміртек (күйе) – табиғи және өнеркәсіп газдарының, сонымен қатар мұнай мен таскөмір майларының құрамында кездесетін көмірсутектердің жартылай жануы немесе аздап ыдырауы нәтижесінде түзілетін жоғары дисперсті өнім. Құрамында негізінде көміртек (90% - дан кем емес); 0,3 – 0,8 Н , 10% - ға дейін хемосорбирленген О ;0,05 – 0,5% минералды қоспалар бар. Бөлшектерінің орташа диаметрі (сфералық пішінге ие) 10 – 40 нм; тығыздығы 0,8 – 1,95 г/см .
Күйе кристалдану дәрежесіне байланысты кристалды графит пен аморфты көміртек арасында аралық орынға ие болады. Оны әдетте көміртектің турбостратикалық (ретсіз қабатты) пішіні деп атайды. Күйенің бөлшектері бір – бірімен қалыпты барлық қабат ортасында біріншілік агрегат(ретсіз орналасқан графит жазықтарының обломкалары арқылы түзілген, параллельді – қабаттардан тұратын кристалиттер) түзеді.
1. «Химиялық энциклопедиялық сөздік», М. – 1996 г.
2. «Полимерлер энциклопедиясы», М. – 1987 г.
3. Зуев В. П., Михайлов В. В., «Күйе өндірісі», М. – 1970 г.
4. Сюняев З. И., «Мұнайлы көміртек», М. – 1980 г.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Химия факультеті

Физикалық және аналитикалық химия кафедрасы

РЕФЕРАТ

тақырыбы:
Күйе

Орындаған: ХЕ-31 тобының студенті

Турсбек Анаргуль
Қабылдаған: х.ғ.к., доцент
Құтжанова К.Ж.

Қарағанды 2013

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Күйе. Күйенің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 - 4
2. Күйе өндіру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 - 5
3. Күйе түзілу процестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 - 6
4. Күйе түзілу процестерінің өнімдері... ... ... ... ... ... ..6 - 8
5. Күйе өндіру шикізаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Кіріспе

Техникалық көміртек (күйе) – табиғи және өнеркәсіп газдарының, сонымен
қатар мұнай мен таскөмір майларының құрамында кездесетін көмірсутектердің
жартылай жануы немесе аздап ыдырауы нәтижесінде түзілетін жоғары дисперсті
өнім. Құрамында негізінде көміртек (90% - дан кем емес); 0,3 – 0,8 Н,
10% - ға дейін хемосорбирленген О;0,05 – 0,5% минералды қоспалар бар.
Бөлшектерінің орташа диаметрі (сфералық пішінге ие) 10 – 40 нм; тығыздығы
0,8 – 1,95 гсм.
Күйе кристалдану дәрежесіне байланысты кристалды графит пен аморфты
көміртек арасында аралық орынға ие болады. Оны әдетте көміртектің
турбостратикалық (ретсіз қабатты) пішіні деп атайды. Күйенің бөлшектері бір
– бірімен қалыпты барлық қабат ортасында біріншілік агрегат(ретсіз
орналасқан графит жазықтарының обломкалары арқылы түзілген, параллельді –
қабаттардан тұратын кристалиттер) түзеді.
Күйе өндіру әдістері бойынша үш топқа бөлінеді: каналды, пештік және
термиялық. Әрбір топ бірнеше күйе типтерін (маркаларын) включает.
• Каналды (диффузионды) күйені табиғи газдың жартылай жану
нәтижесінде алады.
• Пештік күйені арнайы реакторларда (пеште) майдың, табиғи газ
немесе олардың қоспасының факелде жартылай жану нәтижесінде
алады. Жанған реактор өнімі аэрозоль түрінде шығып, кейін суда
салқындатылады.
• Термиялық күйені арнайы генераторларда ауа қатысынсыз табиғи газ
немесе ацетиленнің термиялық ыдырауы арқылы алынады.
Күйе өндіретін зауыттардың негізгі міндеті: шикізатты қабылдау мен
сақтау, газ тәрізді күйелерді тазарту, күйе алу және оны өңдеу.

1. Күйе түрлері.

Қазіргі уақытта күйе түрлерінің біршама саны белгілі. Оның
негізгілері болып табылады:
а) газдық каналдық, газдық пештік, термиялық – газ тәрізді шикізаттан;
б) форсундық және шамдық – сұйық шикізаттан;
в) активті антраценді – кокс газымен бірге таскөмір текті
көмірсутектердің бу қоспасынан;
Бұлардан басқа, аз мөлшерде ацетилен күйесі мен жоғары сапалы лактар
мен бояулар алу үшін күйенің арнайы түрлерін өндіреді.
Күйенің әрбір түрі өзінің нақты физика – химиялық қасиеттерімен
сипатталады. Күйенің маңызды физика – химиялық қасиеттері – дисперстелу
дәрежесі, екіншілік құрылысының (күйелік тізбек) сипаты және күйе
бөлшектерінің беттік қасиеті болып табылады.
Күйенің дисперстелу дәрежесі әдетте күйе бөлшектерінің диаметрінің
орташа арифметикалық мәніне ие болады. Күйенің әр түрі түрлі өлшемдегі
бөлшектерден тұрады. Осылайша, каналды және активті антраценді күйе
диаметрі 100 ден 900 Å болатын бөлшектерден тұрады, пештік - 100 ден 1400
Å, форсундық 250 ден 3000 Å құрайды. Бұдан да біртекті болып бөлшек
диаметрі 250 – 4500 Å болатын шамдық күйе және диаметрі 500 – 5500 Å болып
келетін термиялық күйе жатады.
Күйенің меншікті беттік қабаты тікелей дисперстелу дәрежесімен
байланысты. Күйе бөлшектерінің өлшемі кіші болған сайын, оның меншікті
беттік қабаты үлкен болады.
Дисперстелу дәрежесі күйенің көптеген қасиеттеріне ықпал етеді,
және бірінші кезекте, оның күшейткіш әрекетін каучукке, адсорбциялық күштің
көлемінің күйенің каучукпен байланысын оның меншікті беттік қабатына
тәуелді болады. Күшейткіш әсеріне қарай күйелерді типтері бойынша
классификациялауға негіз болды. Осы топтастыруға орай газдық каналдық және
активті антраценді күйелер – күйенің күшейткіш типіне жатқызылса, пештік
және форсундық – жартылай күшейткіш типіне, ал шамдық және термиялық –
азкүшейткіш типіне жатады.
Күйенің көптеген танымал түрлерінің бөлшектері түзілу процесінде
тізбекте қосылып немесе біршама күрделі (тармақталған) екіншілік құрылым
түзеді. Күйелік бөлшектердің арасындағы байланыс табиғаты орнатылмаған.
Бөлшектердің арасындағы байланыстың берік болуы соншалықты, тіпті күйе
зауыттарында және резина және бояу алу процестерінде күйені нығыздап
қатайтқанның өзінде де күйелік тізбектер бұзылмайды.
Ацетилен, активті антраценді және форсунды күйе бөлшектері анағұрлым
күрделі құрылыс түзеді. Шамдық, пештік және газдық каналды күйелер азырақ
күрделі екіншілік құрылымға ие болады. Термиялық күйе тізбек түзбей және
оның азын – аулақ бөлшектері ғана бір – бірімен жұптасып орналасқан.
Екіншілік құрылым қаншалықты күрделі болса, күйенің көлемдік салмағы
соншалықты азайып және тығыздалуына қиын болады. Көбірек екіншілік құрылысы
дамыған күйе, екіншілік құрылым түзбейтін күйеге қарағанда анағұрлым жоғары
электрөткізгіштікке ие болады. Күйенің майларды адсорбциялау қабілеті оның
екіншілік құрылымының күрделілігінің ұлғаюымен жоғарылайды.

2. Күйелерді өндіру әдістері.

Күйелерді өндірудің өнеркәсіптік әдістері көмірсутектердің жоғары
температурада ыдырауына негізделген. Күйе түзілуі бірінші жағдайда – ауа
қатысынсыз жалында, ал басқа жағдайда – ауа қатысында шикізаттың термиялық
ыдырауы нәтижесінде жүзеге асады. Күйенің кейбір сұрыптарын синтез
өнімдерінен (кейбір жағдайларда ыдырау арқылы) түрлі көмірсутектерден
(мысалы, ацетиленді метаннан синтездеу арқылы) алады.
Күйені ауаның шектелген қатысында шикізатты жағу арқылы негізгі екі
әдіспен жүзеге асады. Ең кең таралған әдіс ретінде шикізатты түрлі
құрылысты жанарғысы бар жабдықталған пештерде жағады. Жалында түзілген күйе
жоғары температурада белгілі бір уақыт ішінде (6 сек дейін) газ тәрізді
процесс өнімімен бірге тұрады. Осыдан кейін күйе қоспасы мен газды
салқындатып және күйені арнайы аппарат арқылы газдан ажыратады. Екінші әдіс
бойынша шикізатты металл қондырғысына бекітілген жіңішке саңылауы бар
жанарғы арқылы жағамыз. Жанып тұрған шикізаттың жазық жалыны қозғалып
тұрған металл бетімен жанасады. Жалынның осы бетпен жанасу уақыты азын –
аулақ. Металл бетіне тұнған күйе күйе түзілу аумағынан тез жоғалып кетеді.
Шикізаттың ауа қатысындағы термиялық ыдырауы түрлі әдістермен
жүргізіледі. Күйенің кейбір түрлерін алдын ала жоғары температурада
қыздырылған генераторларда газ тәрізді немесе бу тәрізді көмірсутектердің
ыдырауынан алады.

3. Күйе түзілу процестері

Күйе түзілу процестері жоғары температура ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғасын шаңынан таллийдi алу үрдiсiнiң технологиясы
Коллекторлардың қалыңдықтарының сипаттамасы
Ұңғымалар қоры ұңғыма
Жайрем кен - байыту комбинатының жұмыскерлер денсаулығына өндіріс факторларының әсері
Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
Бояғыштар
Тары дақылдарының түрлері және өнімдерін өндіру технологиясы
Сулы ресурстарды қорғау
Ормажапырақ
Мақтадан жасалған жіптер
Пәндер