Парниктік эффект



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Парниктік эффект туралы жалпы түсінік

2. Парниктік эффект тудыратын негізгі газдар

3. Экологиялық болжам

4. Парниктік эффектің жердің климаттық жағдайына әсері және оны төмендету жолдары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Айнала қоршаған ортаны қорғап, табиғи ресурстарды рационалды түрде пайдалану – қазіргі кездегі ең актуалды проблемалардың бірі болып табылады.
Сондай экологиялық проблемалардың бірі – ғаламдық жылыну (глобальное потепление). Бұл дүние жүзіндегі ауа температурасының көтерілуі, соның нәтижесінде мұздықтардың еріп, көптеген экологиялық апаттарға әкеп соғады.
Ғаламдық жылынудың адамға белгілі бір мөлшерде тигізетін пайдасы да жоқ емес (мәселен, өсімдіктердің өнімділігі артады, шаруашылықта қызмет етуге мүмкіндіктердің кеңеюі, т.б.)
Алайда, ғаламдық жылынудың арқасында біз көптеген қиыншылықтарға душар болатынымыз бірден анық. Олардың ең бастысы – шаруашылықтың көптеген түрлерін климаттық жағдайларға қысқы мерзімде бейімдендіру болып табылады.
Атақты француз физигі Жозеф Фурье жер атмосферасы жылыжайдағы шыны ретінде рөл атқарады: ауа күн жылуын өткізе отырып, оның қайтадан ғарышта буланып кетуіне жол бермейді деп болжаған.
Бұл эффект кейбір парниктік газдардың арқасында жүзеге асады. Олар күнге шағылысатын көрінетін және жақын инфрақызыл жарықты өткізіп, бірақ өте төмен жиіліктегі және жер бетінің күн сәулесімен қыздырғандағы пайда болған алыс инфрақызыл сәулесін жұтады.
Әйгілі физик В.И.Лебедеваның айтуы бойынша көмірқышқыл газының ауадағы көп мөлшері дүние жүзіндегі жаһандық жылынуға әкеп соқтырмауы тиіс.
Физик Б.М.Смирнов Лебедеваның пікірін мақұлдап, оның үстіне бүкіләлемдік жылыну жер атмосферасына мүлдем әсер етпей, қайта өндіріс өнімділігін арттырады деген пікір айтқан.
1. Г.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология». Алматы-2002,б.
2. Ж.Ақбасова, Г.Ә.Сайнова «Экология», А., 2003.
3. Ж.Жатқанбаева «Экология негіздері», А., 2004.
4. Т.Миллер «Жизнь в окружающей среде». т. 1. Москва, изд. 1980.
5. Т.Миллер «Жизнь в окружающей среде». т. 3. Москва, изд. 1980.
6. А.Удальцов «Экологические меридианы и параллели». Москва, изд. 1981.
7. Г.А. Кузнецов «Экология и будущее», Москва, изд. 1988 г.
8. «Калейдоскоп», 12(46), 1997 г.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Парниктік эффект туралы жалпы түсінік

2. Парниктік эффект тудыратын негізгі газдар

3. Экологиялық болжам

4. Парниктік эффектің жердің климаттық жағдайына әсері және оны
төмендету жолдары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІ

Айнала қоршаған ортаны қорғап, табиғи ресурстарды рационалды түрде
пайдалану – қазіргі кездегі ең актуалды проблемалардың бірі болып табылады.
Сондай экологиялық проблемалардың бірі – ғаламдық жылыну (глобальное
потепление). Бұл дүние жүзіндегі ауа температурасының көтерілуі, соның
нәтижесінде мұздықтардың еріп, көптеген экологиялық апаттарға әкеп соғады.
Ғаламдық жылынудың адамға белгілі бір мөлшерде тигізетін пайдасы да жоқ
емес (мәселен, өсімдіктердің өнімділігі артады, шаруашылықта қызмет етуге
мүмкіндіктердің кеңеюі, т.б.)
Алайда, ғаламдық жылынудың арқасында біз көптеген қиыншылықтарға душар
болатынымыз бірден анық. Олардың ең бастысы – шаруашылықтың көптеген
түрлерін климаттық жағдайларға қысқы мерзімде бейімдендіру болып табылады.
Атақты француз физигі Жозеф Фурье жер атмосферасы жылыжайдағы шыны
ретінде рөл атқарады: ауа күн жылуын өткізе отырып, оның қайтадан ғарышта
буланып кетуіне жол бермейді деп болжаған.
Бұл эффект кейбір парниктік газдардың арқасында жүзеге асады. Олар
күнге шағылысатын көрінетін және жақын инфрақызыл жарықты өткізіп, бірақ
өте төмен жиіліктегі және жер бетінің күн сәулесімен қыздырғандағы пайда
болған алыс инфрақызыл сәулесін жұтады.
Әйгілі физик В.И.Лебедеваның айтуы бойынша көмірқышқыл газының ауадағы
көп мөлшері дүние жүзіндегі жаһандық жылынуға әкеп соқтырмауы тиіс.
Физик Б.М.Смирнов Лебедеваның пікірін мақұлдап, оның үстіне
бүкіләлемдік жылыну жер атмосферасына мүлдем әсер етпей, қайта өндіріс
өнімділігін арттырады деген пікір айтқан.
Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде
мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын — парниктік
эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып
табылады (кесте 1).

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Көмірқышқыл Метан Фре-ондАзот
газы (CO2) (СН4) ар оксид.
Өндіріс дамығанға Бөлік млн 280 0,79 өте аз 0,288
дейінгі кезеңде шаққанда
Қазіргі кездегі -- 354 1,72
концентрация
Жылдық өсу % 0,3-0,5 0,5-0,6- 0,2-0,3
Өмір сүру уақыты жыл 50-200 10 130 150
Әсер ету 1 молекулаға 1 25 11000 165
белсенділігі
Парниктік % 66 18 8 3
эффектідегі үлесі

жер атмосферасындағы негізгі парниктік газдардың
концентрациясының өзгеруі, динамикасы және қасиеттері
(К.Я.Кондратьев, 1990)

Парниктік газдардың пайда болу себептері біршама: Бұл эффектінің
негізгі пайда болу себебіне, молекулалары жердің жылулық шағылуын жұтатын
көмірқышқыл газы және су буы, басқа да газдардың атмосферадағы артық
мөлшерінің болуы жатады. Бұдан басқа, адамның іс – әрекеті нәтижесінде
атмосфераға басқа да парниктік газдар түседі. Бұлар аз көлемде түзілгенімен
де, бұл газдардың кейбір түрлері тіпті көмірқышқыл газына қарағанда өте
қауіпті дәрежеде болуы мүмкін.
Негізгі парниктік газдар: су буы, көмірқышқыл газы, метан, озон,
фторхлорлы көмірсутек, азот оксиді.
XIX ғасырдың ортасынан бастап атмосферадагы ауа мөлшерінің өзгерісі
(ауаның млн. мөлшері, немесе млн. ға шаққандағы бөлігі) 1859 жылы —
265—290; 1958-313; 1978-330; 1990-350, яғни 12—15% артқан. Көмірқышқыл
газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі
мәліметтер бойынша 50%-дан 65%-га дейін жетеді. Басқа парниктік
газдарга метан (шамамен 20%), азот оксидтері (шамамен 5%),
озон, фреондар (хлорофтор көміртек) және басқа да газдар (парниктік
эффектінің шамамен 10—25%) жатады. Барлығы 30-га жуық
парниктік газдар, олардың атмосферадагы мөлшеріне ғана емес,
сонымен қатар бір молекулаға әсерінің салыстырмалы белсенділігіне де
байланысты болады. Аталған көрсеткіш бойынша көмірқышқыл газын
бірге теңеп алсақ, онда метан үшін ол 25, азот
оксидтері үшін — 165, фреондар үшін — 11000-га тең.
Су буы — заттың газдық фазасы өзінің сұйық фазасы сұйық (қатты)
фазасымен тепе-теңдікте болатын газ тәрізді күйі. Бу мен газ ұғымы, көп
жағдайда, бір-бірінен шартты түрде ғана
ажыратылады. Термодинамика тұрғысын ан “Бу” және “газ” терминдері бір-біріне
пара – пар химиялық таза заттар Будың мынадай түрлері бар: қаныққан
бу (қанығу температурасы мен қанығу қысымы кезіндегі Бу, басқаша айтқанда,
заттың буы өзінің сұйық немесе қатты күйімен жылжымалы тепе - теңдікте
болатын күйі және оның қасиеттері тек температурамен ғана
анықталады); қанықпаған (қызған) бу (берілген қысымда температурасы қанығу
температурасынан жоғары болатын бу, яғни тығыздығы қаныққан будан кем
болатын бу); аса қаныққан бу (берілген температурадағы қысымы қанығу
қысымынан үлкен болатын бу).
Метан (лат. Methanum) -  газ түріндегі көмірсутек СН4, метанды
немесе парафинді көмірсутектері тізбегінің алғашқы мүшесі. Қайнау
температурасы — 161,6 °С, 1 литр метанның қалыпты жағдайындағы (Т = 0 °С, Р
= 760 мм) массасы 0,7168 г. Метан биологиялық процестер нәтижесінде (батпақ
газы), шірінділі көмірдің және органикалық заттарға тән өзге де шірінді
түрлерінің метаморфтың өзгерістері жағдайында
қалыптасқан көмірсутекті газдардың ең басты құрамбөлшегі.
Спиртте, эфирде және суда ериді, ауамен қауіпті қосылыстар түзеді және
түссіз жалынмен жанады. Метан табиғи (97 – 99%), мұнайға серіктес (31 –
90%) және кен (34 – 40%) газдарының негізгі құраушысы. Ол шектелген ауа
жағдайында (батпақ газы, суарылатын алқаптағы газ) метан түзетін
бактериялар әсерінен органикалық заттар шірігенде пайда
болады. Сатурн және Юпитер атмосфер асы Метаннан тұрады. Метан мұнай және
мұнай өнімдерін термоиялық өңдегенде, тас көмірлерді кокстегенде және
гидрлегенде түзіледі. Лабароторияда натрий ацетатын сілтімен
балқыту, алюминий карбидіне сумен әсер ету арқылы алады. Метан синтез -
газ, ацетилен, көгерткіш
қышқыл, метил және метиленхлорид, х лороформ, техникалық көміртектер алуда
қолданылады. Табиғи газ құрамындағы метанды отын ретінде пайдаланады.
Метанның әлсіз есірткілік әсері бар.
Жер беті күн сәулеленуімен бірге біздің планетамыздағы өмірге жарамды
климатты ұстап тұрады. Күн жер бетін жылытады. Жер беті өз алдына ауаны
жылытады. Жылыған ауа тығыздығы төмендеп, ол жоғары қарай көтеріледі. Ал
тығыздығы жоғарырақ және суығырақ ауа төмен қарй түседі. Бұл құбылыс ауаның
үздіксіз айналымына жағдай жасайды.
Айдың бетінде түс кезінде күн көзі тастарды жылытатыны соншалық, тасқа
жұмыртқа қуыруға болады; ал түндердің суық болғаны соншалық, көміртегі
диоксиді құрғақ мұзға айналады. Климаттың мұндай қатал болуы атмосфераның
жоқтығына байланысты.
Конденсацияланатын және буланатын атмосфераға еніп, одан қайта шығатын
су айналымы болып табылатын гидрологиялық циклға күн энергиясының 23%
жұмсалады.
Континенттерді, мұхиттарды, атмосфераны жылыта отырып күн энергиясының
47% сіңіріледі. Бастапқы емес, одан кіші спектрдің инфра қызыл облысы
жиілігінде жер беті сіңірілген энергияның көп бөлігін қайта сәулелендіреді.
Бұл қайтымды сәулелену Жердегі энергия балансын ұстауда маңызды роль
атқарады. Оның төмен энергиялы фотондарыатмосферадан жеңіл сіңіріліп оны
жылытады.
Көміртегі диоксиді мен су ифрақызыл сіулеленуді жақсы сіңіреді. Осы
молекулалармен сіңірілетін энергия қайта сәулеленеді. Атмосфера – Жерде
жылуды сақтауға көмектесетін энергия үшін тор болып табылады.
Көміртегі диоксиді және басқа да заттармен энергия сіңірілуі мен
сәулеленуі парниктік эффектісінің пайда болуына әкеледі, себебі ол сәулелі
күн жылыжайдағы жылу сақтау әдісіне ұқсас.
Егер су және көмірқышқыл газының атмосферадағы концентрациясы
өзгермесе және осындай әсері болатын басқа газдардың қосылыстары жоқ болса,
парниктік эффект жуықтап алғанда бірдей болады. Бірақ адам іс-әрекетіне де
назар аудару керек. Суды алсақ, елеулі мәселелер тумайды.атмосфера
құрамында 12 млрд. тоннадай су булары кездеседі. Мөлшері көп болғаны
соншалық, оны өзгертуге біздің шамамыз келмейді. Ал көміртегі диоксиді өте
аз мөлшерде болады. Адамның іс-әрекеті көмірқышқыл газының ауадағы құрамын
көбейтті, кейінгі 15 жылда атмосферадағы СО2 мөлшері 15 % өсті және орташа
әлемдік температура 0,5 градусқа өсті.
Көмірқышқыл газының табиғи көздері бұл:
- тыныс алу процесстері:
- жанартаудың атқылауы;
- органикалық заттардың ыдырауы;
- өздігінен пайда болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парниктік эффекттің салдары
Ғаламдық жылыну жағдайындағы Батыс Қазақстан климатының өзгеруі
Қазақстан және Киото хаттамасы
ЖЫЛУ (ПАРНИКТІК) ЭФФЕКТІСІ
Жер тұрғындары жылдан - жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда
Атмосфераның экологиялық мәселелері
«Парниктік» эффект мәселесі
Климаттың жаһандық өзгеруі
Қазіргі заман өркендеуінің мəселелері
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары және экологиялары
Пәндер