Махамбет өлеңдерінің көрскемдік ерекшелігі



Махамбет хадимше және орысша хат танып, жаза да білген ақын. 1839 жылы Назар, Шүренде жүрген кезінде, өз еліндегі достарына арабша жазған хатының қолжазбасы күні бүгінге шейін архивта сақтаулы.
Махамбет хат біле тұрса да оның бізге жазып қалдырған өлеңдері жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса, көпшілігі-ақ ауызба ауыз, суырыпсалмалық әдісімен шығарылған өлеңдер. Өлеңді керекті жерінде суырып салып айту қазақ ақындарына дағдылы әдет. Мұның әуелгі себебі хат білмеушіліктен, кейін біртіндеп оған дағдыланушылықтан десек, Махамбет те суырып салмалыққа жас шағынан талаптанып, әдеттенгенге ұқсайды.
Махамбет өлеңдері, көбіне жыр ағымымен келеді. Суырып салма ақындардың бірен-сараны болмаса, көпшілігі-ақ өлеңдерін жыр ағымымен шығарады. Әрине бұл сөзден 11 буынмен өлең шығарушы суырып салма ақындар (импровизаторлар) болмайды екен деген ұғым тумауы керек. Айтайын деген ойын не 7-8 буынды, не 11 буынды өлеңмен айтып беру тақырыпқа, суреттейін деген жағдайға байланысты. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жырын алсақ, бәрі дерлік, жыр ағымымен (7-8 буынды) келеді. Ол кездейсоқ емес. Батырлар жырында суреттелінетін әралуан ерлік қимылдар: жорық, шабуыл, тартыс, жекпе-жек айқас т. б. Әртүрлі өмір құбылысы өзіне тән суреттеу әдісін керек ететіні бізге мәлім. Ақын-жазушылардың оны саналы түрде ұғынбауы мүмкін, бірақ, сезінбеуі мүмкін емес. Бұл оларға табиғи нәрсе.
Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден көрі, қимыл, әрекетті, алыс-жұлыс, жортуыл тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тәрізді.
Біздің байқауымызша, ойдан тез шығарып айтушыларға, белгілі синтаксистік біткен бір ойды көрсету үшін шумақтарының бірыңғай болып келуін қажет қылатын он бір буынды өлеңнен көрі жыр ағымымен келетін жеті-

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет өлеңдерінің көрскемдік ерекшелігі

Махамбет хадимше және орысша хат танып, жаза да білген ақын. 1839 жылы
Назар, Шүренде жүрген кезінде, өз еліндегі достарына арабша жазған хатының
қолжазбасы күні бүгінге шейін архивта сақтаулы.
Махамбет хат біле тұрса да оның бізге жазып қалдырған өлеңдері
жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса, көпшілігі-ақ ауызба ауыз, суырыпсалмалық
әдісімен шығарылған өлеңдер. Өлеңді керекті жерінде суырып салып айту қазақ
ақындарына дағдылы әдет. Мұның әуелгі себебі хат білмеушіліктен, кейін
біртіндеп оған дағдыланушылықтан десек, Махамбет те суырып салмалыққа жас
шағынан талаптанып, әдеттенгенге ұқсайды.
Махамбет өлеңдері, көбіне жыр ағымымен келеді. Суырып салма
ақындардың бірен-сараны болмаса, көпшілігі-ақ өлеңдерін жыр ағымымен
шығарады. Әрине бұл сөзден 11 буынмен өлең шығарушы суырып салма ақындар
(импровизаторлар) болмайды екен деген ұғым тумауы керек. Айтайын деген
ойын не 7-8 буынды, не 11 буынды өлеңмен айтып беру тақырыпқа, суреттейін
деген жағдайға байланысты. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жырын алсақ,
бәрі дерлік, жыр ағымымен (7-8 буынды) келеді. Ол кездейсоқ емес. Батырлар
жырында суреттелінетін әралуан ерлік қимылдар: жорық, шабуыл, тартыс, жекпе-
жек айқас т. б. Әртүрлі өмір құбылысы өзіне тән суреттеу әдісін керек
ететіні бізге мәлім. Ақын-жазушылардың оны саналы түрде ұғынбауы мүмкін,
бірақ, сезінбеуі мүмкін емес. Бұл оларға табиғи нәрсе.
Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға
үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге қолайлырақ
келетін 11 буынды өлеңдерден көрі, қимыл, әрекетті, алыс-жұлыс, жортуыл
тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас
келетін өлең ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тәрізді.
Біздің байқауымызша, ойдан тез шығарып айтушыларға, белгілі
синтаксистік біткен бір ойды көрсету үшін шумақтарының бірыңғай болып
келуін қажет қылатын он бір буынды өлеңнен көрі жыр ағымымен келетін жеті-
сегіз буынды өлең құрылысы әлдеқайда жеңіл тәрізді.. Өйткені жыр ағымымен
шығарылған өлеңдерде синтаксистік бір ойдың бітуі үшін шумақ төрт, не сегіз
жолдан бітуі және алдыңғы шумақ құрылысы, өлеңнің соңғы жолдарында сақталып
отыруы, немесе шумақ төрт жолдан құрылса үш жолы ұйқасып, бір жолы ұйқассыз
қалуы (а-а-в-а ) шарт емес. Жыр ағымында шумақ аз жолдардан да, көп
жолдардан да құрыла береді. Мысалы, Махамбеттің "Ереулі атқа ер салмай"
атты өлеңі 19 жол. Бір-ақ шумақ. 19 жол өлең көп бағыныңқылы бір-ақ
сабақтас сөйлемнен құрылады.
Сонымен қатар, жыр ағымдарында, көбіне, ұйқас ерікті болып
келеді. 11 буынды өлең тәрізді белгілі бір ойды айтып беру үшін 1-2-4
жолдары ұйқасып, 3 жолы ұйқассыз қалып отыратын тәртіп жоқ. Ой қалай бітсе,
өлең жолдарының ұйқастары да соған бағынады. Бұл өлең құрылысы
импровизаторларға анағұрлым жеңіл соғатынға ұқсайды.
Әрине жыр ағымы импровизаторлықтың негізгі шарты емес, кейде
бұл үйрену, ақынның дағдылануымен де байланысты болуы мүмкін. Махамбет
өлеңдерін буыны жағынан қарастырсақ үш түрлі өлең құрылысы барлығы
аңғарылады. Он бір буынды, жеті буын мен сегіз буын араласып келетін жыр
ағымы, таза жеті буынды өлеңдер.
Он бір буынды-Махамбетте бір-ақ өлең. "Мінгені Исатайдың
Ақтабан-ай". Басқа өлеңдерінің бәрі де не 7 мен 8 буыннан, не таза 7 буын
болып келеді. 7 мен 8 буын аралас келетін өлең түрлері:

Бұл дүниенің жүзінде (7)
Айдан көркем нәрсе жоқ, (7)
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ,(7)
Күндіз бар да, түнде жоқ.(7)

Сонымен қатар, аралас буынды болып келетін өлеңдер тек жеті
буын мен сегіз буынды ғана емес, кейбір жолдарының буын сандары онан да
көрі басқаша. Мысалы:

Толарсақтан саз кешіп (7)
Тоқтамай тартып шығарға. (8)
Қас үлектен туған қатепті (9)
Қаранар керек біздің бұл іске. (10)

Махамбет өлеңдерінде кездесетін мұндай жолдар айтайын деген ойына
сабақтас. Өлеңнің ұйқасы мен ырғағына ойға бағындырудан туған деуге болады.
Әрине бұл жаңалық емес. Онан бұрынғы тарихқа аты белгісіз, эпостық тамаша
жырлар шығарып кеткен халық ақындарының өлең-жырларында мұндай жолдар
кездеседі.
Бірақ, Махамбет өзінен бұрынғы және өз кезіндегі ақындардың
қайсысынан болсын жалы биік, өркеші жоғары тұратын ақын. Әңгіме оның
өлеңдерінің мазмұны жағынан ғана емес, көркемдігі жағынан да солай.
Махамбеттің қай өлеңін алсақ та терең мазмұнды тамаша көркем
образдарға бөлеп, өлең сөйлемдерінің логикалық жағын шебер
байланыстыруында. Сондықтан белгілі зерттеушілер болмаса жәй оқушылар оны
кейбір жолдарының буын артықтығын аңғармай да қалады. Өйткені өлеңнің
мазмұны оқушыға тек солай құруды, сондай сөздерді керек ететін тәрізді ой-
сезім туғызады. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан атышулы өлеңінің
бір жерінде:
Шамдансам жығар асаумын.(8)

Шамырқансам сынар болатпын,-
(9)

деген жолдарында буын сандары, өлеңнің жалпы құрылысынан бөлекше
келгендіктен олқы соғып отыр деп кім айта алады? Өзінің өршіл ерліктерін
көрсету үшін, ол жауының алдында тек солай сөйлеуге ғана тиісті тәрізді.
Махамбет өлеңдерінде (11 буынды, қара өлең ұйқасымен келетін
бір-ақ өлеңін есепке алмағанда) үш түрлі ұйқасты кездестіреміз: шұбыртпалы,
кезекті, ерікті ұйқастар. Ақын көбінесе шұбыртпалы ұйқас пен ерікті ұйқасты
көбірек қолданады. Өйткені бұл екі ұйқастың екеуі де ақынның айтайын деген
ой-пікірін дәл беруге ыңғайлы, белгілі бір заңды өлшеуге бағынған шумақты,
ұйқасты өлеңдерден шеңбері тарлық етпейтінге ұқсайды.

1. Шұбыртпалы ұйқас:

Беркініп садақ
асынбай,
Біріндей жауды
қашырмай,
Білтеліге доп
салмай,
Қорамсаққа қол
салмай,
Қозы жауырын оқ
алмай...
. .
. . .
Ерлердің ісі
бітер ме?
2. Кезекті ұйқас:

Аспандағы боз
торғай,
Бозаңда болар
ұясы.
Бозаның түбін
су алса,
Қайғыда болар
анасы.
Қара лашын, ақ
тұйғын,
Қайыңда болар
ұясы.
Қайыңның басын
жел соқса,
Қайғыда болар
анасы.
3. Ерікті айнымалы ұқсас:
Алты күндей
алаулап,
Он екі күндей
ой ойлап,
Ақылды алпыс
жаққа шаптырып,
Ақыл жөнге
келгесін,
Толғай-толғай
жүгірген,
Топырақты
суырған.
Ертеңнен салса
кешке озған,
Қой мойында көк
жұлын.
Томаға көзді
қасқа азбан
Көк жұлынды
жетелеп,
Қисық жерден
төтелеп,
Қабырға, қол
сөгіліп,
Арғымақ ат
бүгіліп...
Ақыретті жанға
байланып,
Талай жүрдік
далада
Әділ жаннан
түңіліп.

Махамбет поэзиясының тілі-шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өз
кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің
керегіне жарата да білген.
Көшпелі шаруашылық тұрмыс жағдайынан туған әртүрлі атаулар мен
түсініктер әрі дәл, әрі өте шебер түрде, асқан місекерлікпен Махамбет
өлеңдерінде өріліп жатады. Жауынгерлік өмірге тән қару-жарақ аттары да, сол
жағдайға лайықты сөздер де, халықтың рухани күшінің биік шыңы болған
жортуылды күндердің сипаттарын берерлік тамаша образдар да Махамбет
өлеңдерінен өшпестік орын алды. Тек қана жауынгерлік емес, сонымен қатар
халық өмірінің басқа жағдайдағы көріністерін суреттеу үшін қолданған сөз
бейнелері күні бүгінге шейін өзінің сырын да, сынын да жойған жоқ.
Тілінің байлығы жағынан және оны шебер қолдана білуі жағынан
Махамбет атақты сөз ұсталарының қайсысынан болсын кем түспейді. Махамбет
тілінің асқан көркемдігі, анықтық, дәлдігі, әр алуан поэтика тілдердің
элементтерін (эпитет, теңеу, тропа, фигуралардың түрлерін) жеке де, өзара
байланысты түрде де өте ұсталықпен қолдана алуында ғана емес, ең алдымен,
оның өлеңдерінде кездесетін сөз образдарының өмір шындығына дәл
келетіндігімен, сөйлем құрылыстарының ішкі логикалық байланыстарының
беріктігінде.
Қандай ақынға болсын, ең алдымен қойылатын шарт, өлеңдеріндегі
қолданылатын сөз образдарының тек сыртқы сұлулығы емес, логикалық мәні,
образының өмір шындығына дәл келу, келмеуі, міне осы болуы керек. Көркем
сөз образдарын әр ақын-ақ таба алады. Бірақ сол қолданып отырған сөз
образдары өмір шындығына дәл келмей, айтайын деген ойдың бір керегіне
жарамайтын болса, ол оқушының эстетикалық сезімін оята алмайды. Бұл жайт
тілдегі реализм болады. Ұлы ақындардың қайсысын алсақ та, сөз образдары,
өмірдің бір бөлшегі болып, сол сөздің төркінін қуаласақ, тұрмыстың өзінде
дәл сол айтқанындай болып шығады.
Осы айтылғандар тәрізді, сөз образдарының өмірдегі нақтылы шындықтан
алынып, мағына дәлдігіне бейнелеу, теңеулері де дәл келіп отырушылық-
Махамбет өлеңдеріне де тән.

Мысалы:
Арғымақтың
баласы,
Аз оттар да,
көп жусар,
Талаудан татқан
дәні бар.
Азамат ердің
баласы,
Аз ұйықтар да,
көп жортар.
Дұшпанда кеткен
ары мен
Барымтаға
түскен малы бар, -

деген үзіндіні алсақ, мұндағы сөз образдарының қайсысы болса да өмір
шындығына дәл. "Арғымақтың баласы" - деп қазанаттың ең асылданған тегін
ұғынсақ, олар шындығында аз оттап, көп жусайды.
Өзі үшін туып, ел үшін еңбек етуді аңсаған ер ұлдардың қиыннан
тоят тілеп, қияға құлаш сермеулері, ел намысын, ер намысын аяққа бастырмау
үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, жауымен арпалысып, жорық жолында
өлетіндігіне - әр елдің-ақ тарихы, тарихи ерлердің өмірі айғақ.
Өмірдің әралуан құбылыстарына шаншыла көз тігіп, терең
ұғынуға машықтанған ақын, сөз образдарын да сол өмірдің бір бөлшегі етуге
тырысқан.

Екінші бір өлеңінде:
Тағыдай таңдап
су ішкен,
Тарпаңдай
тізесін бүгіп от жеген,-
дейді.
Махамбет өлеңдерін сөз еткенде, екінші бір көңіл аударатын
мәселе, оның өлең жолдарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігі
дедік. Қандай ақынға болсын бұл ең керекті шарттың бірі. Не көркем сөз, не
әдеби, тіпті үздік образдарды қолданса да, өлең сөйлемдердің ішкі мазмұны
өзара жымдасып, шебер түрде қиюласып жатпаса, образдар айтайын деген ойдың
бір керегіне аспаса, ол образдардың оқушыға ешбір әсері болмайды.
Көркемдіктің негізгі тірегі - мазмұн. Мазмұн сөйлемдегі сөздердің өзара
логикалық тығыз байланысынан туады.
Махамбет өлеңдерін сан рет оқысаң да, оқығың келе
беретіндігінің, оқыған сайын оқушысының эстетикалық сезімін оятып, өзіне
қызықтыра түсетіндігінің бір тамыры - сол логикалық байланыстарының
күштілігінде. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихологиялық тәрбиенің өзіндік санасы
Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі
Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Махамбет өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері
Махамбет Өтемісұлы туралы
Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Халықтың азаттығын көксеген күрескер Махамбет Өтемісұлы
Пәндер