Еңбек туралы жалпы және арнайы нормалар



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Еңбекті нормалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Жалпы ережелер және еңбек нормаларын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3 Еңбек нормаларын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Кіріспе
Техниканың, технологияның, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды дамытудың заманауи деңгейіне тиісті еңбекті нормалау өндірістік қуатты оңтайлы пайдалану, еңбек әлеуеті мен еңбек өнімділігін өсіру резервтері сияқты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Еңбекті нормалаудың прогрессивті деңгейін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда нормаларды тексеру, оларды аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жоспарлы және жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру қажет.
Осы әдістемелік ұсынымдарда жұмыс орындарын еңбек жағдайларын дұрыс шешу үшін еңбекті нормалау қажет.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты – жұмыс орындарында жоспарлы аттестаттауды жүргізу процесінде де, ұйымдардағы қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа шарттарын енгізуге дайындық кезеңінде де аталған жұмыстарды орындаудың жалпы әдістемелік тәсілдерін әзірлеу.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ
1. ҚР Еңбек құқығы. Ахметов А., Ахметова Г. – Алматы. 2005 – 405 б.
2. ҚР Еңбек құқығы. Қағазов О. – Алматы. 2000 – 79 б.
3. ҚР Еңбек құқығы. Айымханова М. – Алматы. 2002 – 240 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Еңбекті нормалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Жалпы ережелер және еңбек нормаларын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
3 Еңбек нормаларын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .16

Кіріспе
Техниканың, технологияның, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды дамытудың заманауи деңгейіне тиісті еңбекті нормалау өндірістік қуатты оңтайлы пайдалану, еңбек әлеуеті мен еңбек өнімділігін өсіру резервтері сияқты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Еңбекті нормалаудың прогрессивті деңгейін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда нормаларды тексеру, оларды аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жоспарлы және жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру қажет.
Осы әдістемелік ұсынымдарда жұмыс орындарын еңбек жағдайларын дұрыс шешу үшін еңбекті нормалау қажет.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты - жұмыс орындарында жоспарлы аттестаттауды жүргізу процесінде де, ұйымдардағы қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа шарттарын енгізуге дайындық кезеңінде де аталған жұмыстарды орындаудың жалпы әдістемелік тәсілдерін әзірлеу.

1 Еңбекті нормалау
Еңбекті нормалау - бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен еңбек шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.
Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге мыналар кіреді:
типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтер;
техникалық тұрғыдан негізделген типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтерді мемлекеттік органдардың жасауын қамтамасыз ету;
жұмыс берушілердің еңбек нормасының жасалуын, жүргізілуін және қайта қаралуын қамтамасыз етуін бақылау.
Еңбек (өндіру, уақыт, қызмет көрсету) нормасы дегеніміз еңбек шығынының өлшемі болып табылады және өндіріс пен еңбек ұйымының, техниканың, технологияның жеткен деңгейіне сәйкес жұмысшының біліктілігіне орай бекітіледі.
Он сегіз жасқа толмаған жұмысшылар үшін өндіру нормасы Еңбек Кодексінің 182 бабына сәйкес бекітіледі.
Жалақысы мерзімді төленетін жекелеген санаттағы жұмысшыларға нормаланған тапсырмалары бекітілуі мүмкін. Жеке қызметтер мен жұмыс мөлшерін орындау үшін жұмыс берушілерге қызмет көрсету нормасы немесе жұмысшылар санының мөлшері (нормативтер) бекітілуі мүмкін.
Еңбек нормасын жасауды, жаңаны енгізу, ауыстыру және қайта қарау типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтерді есепке ала отырып, жұмысшы өкілдерімен келістіру арқылы жұмыс беруші жүзеге асырады.
Еңбек жөніндегі типтік ережелер мен нормативтерді бекітілген тәртіпте еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органмен келістіру арқылы қызмет түріне сәйкес мемлекеттік өкілетті орган бекітеді.
Еңбек жөніндегі типтік ережелер мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарауды еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте бекітілген орган жүзеге асырады.
Еңбек нормасы еңбектің өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау, жаңа техника, технология енгізу және ұйымдастырушылық-техникалық шараларды өткізу жағдайына байланысты міндетті ауыстыруға жатады.
Жекелеген жұмысшылар өз ықыласымен еңбектің жаңа тәсілдерін пайдаланып, жұмыс орындарын жетілдіру нәтижесінде өнім өндірудің (қызмет көрсету) жоғары деңгейіне жетсе, бекітілген еңбек нормасын қайта қарау қажет болып саналмайды.
Еңбек нормасын жетілдіру кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
еңбек нормасының сапасы, оның қажетті еңбек шығынына оңтайлы жуықталуы;
ұқсас ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда орындалатын бір жұмысқа бірдей еңбек нормасын бекіту;
ғылым мен техниканың дамуы негізінде еңбек нормасының прогрессивтігі;
еңбекті нормалауда еңбек нормасын бекіту мақсаттық болып саналатын жұмыс түрлерін қамту;
еңбек нормасының техникалық (ғылыми) негіздемесі.
Тарифтерге мемлекеттік реттеу жүргізетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) ұйымдарда еңбек нормасын ұсыну, қарау және келістіру тәртібі еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.
Назар аударатын жайт, жұмыс берушінің жаңа еңбек нормасын енгізгені туралы ақпарат бір айдың ішінде жұмысшыларға хабарланады.

2 Жалпы ережелер және еңбек нормаларын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру
Еңбек нормаларын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру ұйымдарда жүргізілетін еңбекті нормалауды жетілдіру жөніндегі жоспарлы жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл жұмысқа:
еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтерді қолдану тәжірибесін зерттеу, нормаларды, еңбекті жоспарлауда оларды пайдалану салаларын кеңейту жөнінде іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
салааралық және салалық нормативтерде қамтылмаған жұмыстарға еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеу;
нормаларды жаппай тексеру, кейіннен ауыстырылатын ескірген және қате нормаларды нәтижелері бойынша анықтау, техникалық негізделген тәжірибелік-статистикалық нормаларды ауыстыру;
мерзімді жұмысшылар, мамандар және қызметшілерге арналған нормаланған тапсырмаларды енгізу негізінде еңбекті нормалау саласын кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру кіреді.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалану, еңбекақы мөлшері мен оның нәтижелері арасындағы тығызырақ өзара байланысты қамтамасыз ету.
Еңбек нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеру және аттестаттау жұмыс орындарын аттестаттау процесінде жүзеге асырылады. Аттестация жүргізілмеген жағдайда нормаларды тексеру кемінде үш жылда екі рет жүргізіледі.
Еңбекақы төлеудің жаңа шарттарын енгізуге дайындық барысында нормаларды тексеру жұмыс орындарын жоспарлы немесе кезектен тыс аттестаттау процесінде жүргізіледі. Сонымен бірге талдауға қолданыстағы нормалардың барлығы жатады.
Еңбек нормаларын қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жұмыс прогрессивтік еңбек нормаларды, нормаланған тапсырмаларды кеңінен қолдану негізінде еңбекті нормалау деңгейін елеулі түрде арттыруға және сол төмендету есебінен (жұмыс) өнімінің еңбек сыйымдылығын төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталған болуға тиіс.
Осы жұмысты жүргізу кезінде формалды тәсілге, тарифтік мөлшерлеме пайызының жоғарылауына сәйкес уақыт (өніндіру) нормаларын механикалық қайта есептеуге жол берілмейді.
Еңбекті нормалау жағдайын талдау:
ұйымның бөлімшелері бойынша еңбекті нормалау жағдайын талдауды;
қолданыстағы нормаларды, оларды аттестаттауды, қайта қарау және ауыстыруды тексеруді көздейді.
Ұйымның (учаске, бөлім) бөлімшелері бойынша еңбекті нормалау жағдайын талдау:
қолданыстағы еңбек нормалардың (деңгейі және оларды орындаудың даму қозғалысы) шиеленісін;
еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтерді (осы нормативтерге есептелген еңбек нормалардың салыстырмалы салмағы) пайдалану дәрежесін;
еңбекті нормалау саласын кеңейту мүмкіндіктерін (нормаланған тапсырмалар бойынша жұмыс істейтін мерзімді жұмысшылардың, мамандардың және қызметшілердің салыстырмалы салмағын арттыру) және нормаларды қайта қарау және ауыстыру есебінен өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендетуді зерттеуді болжайды.
Сонымен қатар бөлімшілерде жұмыс уақытын пайдалану тексеріледі.
Талдау еңбекті нормалау бойынша бастапқы есеп материалдары (журналдар, есеп ведомостері, берілген тапсырмалар) негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар салааралық және салалық нормативтері жоқ (немесе бар, бірақ төмен сапалы) жұмыстар анықталады. Еңбек жөніндегі қолданыстағы нормативтерді қайта қарауды талап ететін жұмыс түрлері, не жаңаларын әзірлеу айқындалады.
Жүргізілген жұмыс нәтижелері жөнінде бөлімшелер (учаскелер, бөлімдер) бойынша еңбекті нормалау жағдайына баға беріледі және қолданыстағы еңбек нормаларды қайта қарау, техникалық негізделген нормалар мен нормаланған тапсырмаларды енгізу, сондай-ақ шығындардың өнімсіздігі және жұмыс уақытының шығынын қысқарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру негізінде санын босату жөнінде тапсырмаларды бекіту, өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
Талдау нәтижелері бойынша еңбек нормативтерін жаңарту жоспары әзірленеді және жаңа тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық жалақыларды енгізуде еңбек нормалары белгіленетін нормативтердің тізбесі жасалады.
Еңбек нормаларын тексеру жөніндегі жұмысты жүргізу кезектілігі:
техникалық-нормалаушы құжаттама негізінде қолданыстағы еңбек нормалардың құрамының сапасын (техникалық негізделген немесе тәжірибелік-статистикалық болып табылады ма) талдау;
жұмыс орнында жұмыстың орындалуының ұйымдық-техникалық шарттарын және еңбек нормада көзделген шарттарды салыстыру; ауытқулар мен олардың себептерін айқындау;
нақты еңбек шығындарымен қолданыстағы еңбек нормаларды салыстыру;
талдау нәтижелері бойынша еңбек нормаларды аттестаттауды жүргізу.
Қолданыстағы еңбек нормалардың құрамының сапасын талдау кезінде алдымен техникалық негізделгендермен ауыстырылуға тиісті тәжірибелік-статистикалық еңбек нормалар анықталады. Егер ауыстыру мүмкін болмаса (игеру кезеңіне белгіленген уақытша еңбек нормалардың болуы, ұйымдық-техникалық жағдайлар тұрақсыз және осы жұмыстарға еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтер болмаған кезде), қолданыстағы еңбек норманың сапасы осы ұсынымдарда көрсетілген тәртіпте тексеріледі.
Техникалық негізделген норманы тексеру барысында тексеру есептерін (егер норма салааралық, салалық және одан да басқа прогрессивті нормативтер негізінде белгіленген болса), қажет болғанда - хронрометражды немесе фотохронометражды байқаулар (егер еңбекті норма талдау-зерттеу әдісімен белгіленген болса) жүргізу керек. Тексеру есептері нормативтік материалдардың дұрыс қолдануын айқындау мақсатында жүргізіледі.
Егер тексеруде салааралық және салалық нормативтерге олардың шиеленісін төмендететін түзету коэффициенттері қолданылатындығы белгілі болса, бұл коэффициенттерді қолданудың негізділігін бекіту керек болады (коэффициенттерді қолдану заңнамада көзделген бе, салааралық немесе салалық нормативтерге түзету коэффициенттерін белгілі бір мерзімге енгізуге жоғары тұрған ұйымның рұқсаты бар ма, бұл коэффициенттердің қолданыс мерзімі сақталады ма). Негізделмеген коэффициенттердің күші жойылуға тиіс.
Еңбек нормаларын тексеру кезінде жұмыс уақыты шығынын зерттеу бойынша берілген жұмыс орындарын аттестаттау материалдары (жұмыс күнінің хронометражы, фотографиялары), техникалық-нормалаушы құжаттама (технологиялық карталар, еңбекті ұйымдастыру карталары, қолданыстағы нормалар мен бағалаулардың ведомостілері), бастапқы есеп мәліметтері (жұмыс уақыты нормаларының орындалуын есептеу журналдары, жазбалар) қолданылады.
Жобаланған ұйымдық-техникалық шарттардың нақты шарттарға сәйкестігі жұмыс орындарын аттестаттау барысында еңбек нормаларын тексеру кезінде белгіленеді. Бұл бағалау мынадай: технологиялық, ұйымдық, еңбек жағдайлары және қауіпсіздік техникасы сияқты үш деңгей бойынша жүзеге асырылады. Талдаудың нәтижелері бойынша қолданыстағы еңбек нормалар аттестатталады.
Техникалық деңгей бойынша жұмыс орнын бағалау кезінде салааралық, салалық және одан да басқа прогрессивті нормативтерде көзделген режимді жабдықтардың жұмыс режимдерін салыстыру жолымен нормативтік негізгі (машиналық) уақыттың көлемін дұрыс белгілеу айқындалады. Егер жабдық жұмысының режимі нормативтік материалдармен емес, зауыттың технологиялық құжаттамасымен реттелетін болса, тексеру кезінде осы құжаттамада көзделген технологиялық режимдердің сақталу дәрежесі талданады. Негізгі уақыттың көлеміне өзгерістер енгізудің тиімділігі туралы мәселе ауытқу себептеріне байланысты шешіледі. Мәселен, егер жабдық жұмысы режимінің нормасында көзделген өзгерістер өнімнің (жұмыстың) сапасына зиян келтіретін әзірлеуді арттыру мақсатында бекітілген орындаушы тарапынан технологиядан қасақана ауытқумен байланысты болса, режимді және тиісінше негізгі уақыттың көлемін түзету үшін негіздеме болып табылмайды. Аталған жағдайда технологиялық тәртіптің сақталуын бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдануға тиіс.
Тексеру барысында берілген технологиялық қызмет еңбек нормаларының қолданылу мерзімінде жабдық жұмысының режиміне өзгерістер енгізілгені, бірақ осыған байланысты еңбек нормаларды түзету жүргізілмегендігі белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайда еңбек нормаға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана аттестатталуы мүмкін. 1-қосымшада аталған себеп бойынша бригадаға арналған қолданыстағы еңбек норманы қайта есептеу үлгісі келтірілген.
Уақыт нормасының басқа құрамдас бөліктерін (қосымша уақыт, жұмыс орнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Құқық нормаларын талқылау ұғымы
Еңбек құқығының жүйесі
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Қазіргі кездегі құқықтың жалпы сипаттамасы
Нарықтық қатынас жағдайында еңбек құқық қатынастарының жалпы сипаты
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Пәндер