Жеке адамға қарсы қылмыс


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
ІІ. ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
ІІІ. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
3. 1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
3. 2. Ұрып-соғу
3. 3. Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру
3. 4. Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыру
ІV. ӨМІР МЕН ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ҚЫЛМЫСТАР
4. 1. Қорқыту
4. 2. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету
4. 3. Заңсыз аборт жасау
V. АДАМНЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ДЕРБЕСТІГІНЕ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ЕРКІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
5. 1. 3орлау
VI. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ЖЕКЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
6. 1. Адамды ұрлау
6. 2. Бас бостандығынан заңсыз айыру
6. 3. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
6. 4. Адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру
VII. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ АР-НАМЫСЫ МЕН ҚАДІР-ҚАСИЕТІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
7. 1. Жала жабу
7. 2. Қорлау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
құқықтық ілімдер нақты айтқанда арнаулы білімді талап етеді. Арнаулы білім дегеніміз - адамның кәсіби оқуының немесе белгілі бір мамандық нәтижесінде қылмыстық істі жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланатын, қылмыстық істі жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім.
Менің курстық жұмысымның мақсаты жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардың ұғымын ашып көрсете отырып олардың түрлеріне тоқталып өту, сөйте отырып бастапқы негіздерді біршама ұғыну болып табылады.
Курстық жұмысты жазуда мен Қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда Е. Алаухановтың, А. Н. Ағыбаевтың зерттеулеріне сүйеніп және ҚР Қылмыстық құқық кодексін басшылыққа алдым.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, жеті тараудан, бірнеше бөлімдерден және қортындыдан, сонымен қатар пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп жариялайды. ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі «Жеке адамға қарсы қылмыстардан» басталады.
Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс-әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Мұндай қылмыстар жасалғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтары мен бостандығына қауіп төнеді. Мұндай қылмыстардың тектік (түрлік) объектісі - жеке адам болса, ал тікелей объектісі оның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті болып табылады. Мұндай қылмыстарды ҚК-те үлкен алты топқа бөлуге болады. Оларға мыналар жатады:
1. Өмірге қарсы қылмыстар (ҚК-тің 96-102 баптары) ;
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар (ҚК-тің 103-111, 114-116 баптары) ;
3. Өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар (ҚК-тің 112, 113, 117-119 баптары) ;
4. Адамның жыныстық тазалығына және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар (ҚК-тің 120-124 баптары) ;
5. Адамның және азаматтың жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар (ҚК-тің 125-128 баптары) ;
6. Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар (ҚК-тің 129, 130 баптары) .
Біздің ҚК-де «Жеке адамға қарсы қылмыстар» тарауына заң шығарушылар жеке адамға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар енгізген. оларда қоғамға қауіпті мұндай іс-әрекеттердің қылмыстық-құқықтық нышандары нақтыланған, сот практикасына сүйене отырып нақты қылмыстық іс-әрекет үшін қылмыстық жаза түрі қарастырылған.
Енді біз жұмысымызды осыларды саралауға арнап біршама тоқтала кетейік.
ІІ. ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген ҚК-і бойынша өмірге қарсы қылмыстарға мыналар жатады: адам өлтіру (ҚК-тің 96 бабы) ; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚК-тің 97 бабы) ; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (ҚК-тің 98 бабы) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тің 99 бабы) ; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тің 100 бабы) ; абайсызда кісі өлтіру (ҚК-тің, 101 бабы) ; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚК-тің 102 бабы) . Өмірге қарсы бағытталған осы қылмыстар, соңғы екеуінен басқасы, адам өлтірумен байланысты.
Адам өлтіру
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру» деп ҚК-тің 96-бабында тікелей жазылған. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де объектісі адамның өмірі болып табылады. Адам өлтіру жеке адамға қарсы қылмыстардың ең ауыры екені белгілі. Адамның өмірі табиғат берген маңызды әлеуметтік құндылық, ол оны туғаннан иемденеді.
Адам өлтіру объектісі - адамның өмірі, ол адамның азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналысатынына, денсаулық ахуалына, біліміне, т. б. байланысты емес. Қылмыстық заң жәбірленушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруді де, оның келісімімен қаза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызады. Жәбірленушінің кім екендігін білмей қалу қасақана адам өлтіргендік үшін жауаптылыққа әсер етпейді.
Өмірге қастандық жасау объектісінің бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін оның бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет.
Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан алғанда, адамның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықта өмір бар деп саналады. Әлі тумаған немесе өліп қалған адамның өміріне қастандық жасау мүмкін емес. Медицина ана құрсағында адам пайда болған кезден бастап өмір басталды деп есептейді.
Қылмыстық заңда адамның өлген кезі деп биологиялық өлімді, яғни ми қабы клеткаларының біржола ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық тоқтаған кезін алады. Биологиялық өлімнен басқа «клиникалық өлім» деген түсінік бар, бұл жағдайда адамның жүрегі тоқтап қалады.
Адамға клиникалық өлім келтірсе, бірақ ол адамның жүрегі кейін соғып қалпына келсе, мұндай іс-әрекет өлтіруге оқталғандық болып сараланады. Сонымен қатар, клиникалық өлім жағдайындағы адамға қастандық жасауды өлтіру деп санауға болады.
Өлтіру, ол - басқа адамның өмірін жою. Өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге оқталу қылмыс болып табылмайды.
Жәбірленуші өлген кезден бастап адам өлтіру аяқталған қылмыс деп танылады, ал өлімнің бірден болғандығы немесе бірқатар уақыт өткен соң болғандығы маңызды емес.
Адам өлтіру әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Адамды өмірінен күш қолданып та (жарақаттау, тұншықтыру, уландыру, т. б. ), психикалық, ықпал жасап та (қорқытып, үрейлендіріп, жалған лақап таратып, т. б. ) айыруға болады.
Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамауы нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы.
Өлтіру тәсілдері әрқилы болып келетінін біз естіп біліп жүрміз. Адам өлтірудің барлық түрлері жәбірленушінің өмірін жоюға келіп тіреледі. Адам қаза таппаса бұл қылмыс аяқталды деп саналмайды.
Адам өлтіру - заңсыз жолмен басқа адамға өлім келтіру. Егер адам заңды жолмен өлтірілсе, ондай әрекет адам өлтіру ретінде қарастырылмайды. Ондай әрекеттерге - өлім жазасына кесілген адамды өлтіру, қажетті қорғану шегінен асып кетпей қол сұғушыны өлтіру тірізді әрекеттер жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады. Айыпты өзінің басқа адамның өліміне алып келетін іс-әрекет жасап отырғанын, ондай зардаптың болуы мүмкін екенін немесе қалайда болмай қалмайтынын біледі, соны тілейді - яғни тікелей ниет танытады, егер ол өлімнің болуына саналы түрде жол берсе не ондай зардаптың болуына немқұрайды қараса - жанама ниет танытады. Республиканың жаңа ҚК-і бойынша абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет адам өлтіруге жатпайды, адам өміріне қарсы жасалған басқа қылмыстарға жатады.
Адам өлтірудің субъективтік жағын сипаттау үшін себептің де, мақсаттың да үлкен маңызы бар. Адамды өлтіргенде айыпкер әрекеттеріндегі себеп пен мақсат әртүрлі болуы мүмкін, олар қылмысты саралауға ықпал жасайды немесе жаза тағайындағанда ескеріледі.
Адам өлтірудің субъектісі (ҚК-тің 96 бабы) - жасы 14-ке толған, есі дұрыс адам. Адам өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады (ҚК-тің 15 бабының 2 бөлігі) .
ҚК-тің 96 бабының 1 бөлігінде көзделген адам өлтіру - адам өлтірудің қарапайым деп аталатын түріне жатады. Бұл түрге жазаның жеңілдетілген мән-жайлары да жоқ (ҚК-тің 97, 100 баптары), сондай-ақ саралаушы нышандары да жоқ (96 баптың 2 бөлігі) адам өлтіру жатады. Сот практикасы адам өлтірудің бұл түріне төбелестің, жанжалдың, өш алу, қызғану сезімдерінің нәтижесінде, сондай-ақ жәбірленушінің өтініші бойынша оған жаны ашып жасаған іс-әрекетті жатқызады.
Адам өлтірудің 50%-тен астамы ҚК-тің 96 бабының 1 бөлігі бойынша сараланады, сондықтан оның неғұрлым жиі кездесетін түрлеріне тоқталып кетейік.
Өзара жанжал нәтижесінде адам өлтіру. Бұл жағдайда өлтіруді мақсат тұтқан ниет алдын-ала болмайды. Жанжал себебі әртүрлі болады (қызғаныш, реніш, т. б. ) . Бірақ, жанжал кезінде адам өлтіру барлық уақытта бірдей 96 баптың 1 бөлігінде көзделген қылмыстың құрамын бермейді. Адам өлімі абайсызда, қажетті қорғаныс шегінен асқандықтан да болуы мүмкін, сонымен қатар, аса қатыгездікпен өлтіру, екі немесе одан көп адам өлтіру сияқты сараланатын мән-жайларда да орын алуы мүмкін.
Төбелес немесе жанжал кезінде адам өлтіру, егер онда ҚК-тің 96 бабының 2 бөлігінде көрсетілген ауырлатушы мән-жайлар болмаса, төбелеске немесе жанжалға кім ұйтқы болғандығына қарамастан, қылмыс жай адам өлтіру деп сараланады.
1996 жылғы 20 желтоқсандағы №11 қаулымен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» №7 қаулыда былай деп көрсетілген: «Соттар бұзақылық ниетпен қасақана өлтіруді өзара бас араздық себеп болып төбелес немесе жанжал кезіндегі өлтіруден ажырата білу керек. Бұл мәселені шешкенде айыпты мен жәбірленушінің ара қатынасын, жанжал мен төбелестің шығу себебін, жанжалды кімнің бастағанын, екі жақтын да іс-әрекеттерінің сипатын және белсенділігін, басқа да мән-жайларды анықтау қажет».
Қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру
Қылмыстың бұл түрінің жәбірленушілері қызметтік міндетін атқарушы (лауазымды немесе басқа адамдар), сондай-ақ кәсіби және қоғамдық борышты орындаушы азаматтар, не олардың жақындары болуы мүмкін. Бұл қылмысты жасағанда айыпты жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе қоғамдық не кәсіби борышын заңды түрде атқаруына қарсы тұрады немесе сол үшін өш алады. Мысалы, браконьердің өзін ұстаған адамды өлтіруі, тергеуде немесе сотта куәгер ретінде жауап берген адамды өлтіру.
ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің осы тармағы бойынша жауаптылыққа тартқанда адам өліміне себеп болған әрекеттің қашан жасалғандығына мән берілмейді. Жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе кәсіби не қоғамдық борышын атқару кезінде ғана өлтірілуі міндетті емес.
Қызметтік борышын жүзеге асыру дегеніміз - адамның мемлекеттік немесе басқа кәсіпорында, мекемеде жұмыс істейтіндігіне қарамастан өз міндетіне жататын әрекеттерді жасауы.
Қоғамдық борышты атқару дегеніміз - кез келген азаматтың өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті, сондай-ақ қоғам немесе жеке адамдар мүддесін көздейтін кез келген басқа әрекеттерді орындау (қылмыстың алдын алу, қылмыскерді ұстау, т. б. ) .
Қылмыстық, азаматтық істердің, сондай-ақ материалдардың сотта қаралуына, алдын ала тергеудің жүргізілуіне не үкімнің, сот шешімінің немесе өзгедей сот актісінің орындалуына байланысты судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, қорғаушының, сарапшының, сот приставының, сондай-ақ олардың жақындарының өміріне қастандық жасау (не, өлтіру) арнаулы норма - ҚК-тің 340 бабы бойынша жауаптылыққа апарады. Құқық қорғау органының адамы болып табылмайтын, бірақ өзін айыпталушыға сондаймын деп таныстырған және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттер жасаған адамның өміріне қастандық жасау ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің «б» тармағы бойынша саралануы тиіс.
Қылмыстық заң тек қызметтік міндетті не кәсіби немесе қоғамдық борышын атқарушы адамдарға ғана емес, олардың жақындарын да қорғайды. «Жақындар» деген түсінікке тек арғы-бергі туыстар ғана жатпайды, сонымен қатар достық, сүйіспеншілік қатынастағы (қалыңдық, күйеу бала, достар, т. б. ) адамдар да жатады. Жақын адамды өлтіру жәбірленушінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышты атқаруымен байланысты болады, оны өз қызметін атқарудан бас тартқызу мақсатында немесе сол қызметі үшін өш алу мақсатында жасалынады.
ІІІ. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қазіргі қоғамда денсаулыққа зиян келтіру адамға қарсы қауіпті қылмыстардың бірі болып табылады. Мұндай қылмыстардың қауіптілігі адамның ең бағалы денсаулығына қауіп төндірумен байланысты.
Адамды денсаулығынан айыру оның өміріне физикалық, моральдық және материалдық зиян келтірумен қатысты болып табылады. Келтірілген зиян кейде адамды творчестволық еңбек етуден, қоғамдық міндеттерді орындаудан айырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамның денсаулығын қорғауға кепілдік береді (29-бап) . Осы конституциялық ережені жүзеге асырудың бір нысаны - денсаулыққа қарсы жасалған қылмыс үшін жауаптылық белгілеу.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа зиян келтірудің әртүрлі тәсілдері жатады, олар үшін жауаптылық ҚК-тің 103-111-баптарында көзделген.
денсаулыққа келген зиян үш дәрежеге ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді.
Денсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі критерий - өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында. Жалпы және кәсіби еңбек қабілетін қаншалықты және қанша уақытқа жоғалтудың да маңызы бар.
Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс-әрекет деп қаралмайды.
Қылмыстық кодекс кез келген адамның денсаулығын, оның туғанынан бастап табиғи өлгеніне дейін, жасына және денсаулық жағдайына қарамастан қорғайды.
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет немесе әрекетсіздік арқылы басқа адамның денсаулығына заңға қайшы зиян келтіру. Кінәлі адамның іс-әрекеті мен денсаулыққа зиян келтіру түріндегі қылмыстық зардап арасындағы себептік байланыс қылмыстың міндетті нышаны болып табылады. Денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттер, егер олар заңға қайшы жасалса және олар қылмыстық заңда көзделсе, қылмыстық болып табылады.
Адам денсаулығына әсер етудегі кінәлінің әрекеті механикалық, химиялық жолмен күш жұмсау, жылу қолдану (кейде психикалық та) арқылы болуы мүмкін.
Адамның денсаулығына әрекетсіздік танытып та зиян келтіруге болады. Қылмыстың бұл қарастырылып отырған құрамдары материалды, яғни кінәлінің қылмыстық әрекетінің нәтижесінде басқа адамның денсаулығына зиян келген жағдайда ғана қылмыс аяқталған деп саналады. Денсаулыққа қарсы қылмыс дегеніміз - заңға қайшы әрекет арқылы басқа адамның денсаулығын зақымдау, дененің анатомиялық бүтіндігін бұзу не қандай да мүшенің немесе жалпы ағзаның жұмысын қалыптан шығару.
Заңға сәйкес қажетті қорғану, өте қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау жағдайында басқа адамның денсаулығына зиян келтіру - қылмыс деп саналмайды. Денсаулыққа зиян келтірудің ерекше санатына спорт жарақаты жатады, егер спортшы жаттығу немесе жарыс кезінде ереже бұзбай денсаулығына зақым келтірсе, онда оны кәсіби тәуекелге жатқызуға болады. Ал, денсаулығына, тіптен жарыс кезінде болса да, қасақана зиян келтірсе, қылмыстық жауаптылық болуға тиіс.
Денсаулыққа зиян келтірудің объективтік жағы қасақана кінәмен де, абайсыз кінәмен де сипатталады. Айыпкер өзінің қоғамға қауіпті әрекетінің салдарынан басқа адамның денсаулығына зиян келетіндігін ұғынады, ондай зардаптың мүмкін екендігін немесе қалай да болатындығын алдын ала біледі, соны тілейді (тікелей ниет) және соған саналы түрде жол береді не оған немқұрайды қарайды (жанама ниет) .
Көп жағдайда, денсаулыққа зиян келтіру ниетінде нақтыланған сипат болады, яғни басқа адамның денсаулығына зиян келтіргенде кінәлі оның болатын нақты зардабын алдын ала біледі.
Басқа адамның денсаулығына зиян келтірген адамның ниетінде, кейде, нақтылық болмайды. Жәбірленушінің денсаулығына қандай да бір зиян келуі мүмкін екендігін кінәлі алдын ала біледі, соны тілейді немесе оған саналы түрде жол береді, бірақ өзінің іс-әрекеттерінің салдарынан жәбірленушінің денсаулығына қандай дәрежеде зиян келетіндігіне немқұрайды қарайды. Бұл жағдайда, жәбірленушінің денсаулығына іс жүзінде келген зиянның сипатына қарай жауаптылық болады, себебі қандай зардап болса да кінәлінің ниетімен жасалған.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардағы кінәнің абайсыз нысанына қылмыстық менмендік немесе қылмыстық ұкыпсыздық жатады.
Денсаулыққа заңға қайшы зиян келтірудің себептері әртүрлі болады. ҚК-тің 103-бабында және 104-баптың 2-бөлігінде көзделген, денсаулыққа қасақана зиян келтірудін субъектісі 14 жасқа толған адам бола алады. Денсаулыққа қарсы басқа қылмыстарда жауаптылық 16 жастан бастап қарастырылған.
3. 1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Қылмыстық кодексте денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін ауырлататын мән-жайларсыз (ҚК-тің 103-бабының 1-бөлігі), ауырлататын мән-жайларда (ҚК-тің 103-бабының 2, 3-бөліктері) және жеңілдететін мән-жайларда (ҚК-тің 108-бабының 2-тармағы, 109-бабы, 110-бабы) жауаптылық көзделген.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың ең қауіптісі - ҚК-тің 103-бабында көзделген қылмыс - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылады.
Бұл қылмыстың объектісі - басқа адамның денсаулығы.
Қылмыстың міндетті нышандары - қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), басқа адамның денсаулығына заңсыз ауыр зиян келтірудің зардабы, сондай-ақ қылмыстық іс-әрекеттен болған зардаптың арасындағы себептік байланыс.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіргенде күш жұмсалуы да (ұру, ату, т. б. ), психикалық қысым (қорқытып немесе үрейлендіріп жүрек ауруына ұшырату) жасалуы да мүмкін. Кінәлі әртүрлі құрал-жабдықтарды, табиғат күшін, аса қауіпті көздерді, жануарларды, т. б. пайдалануы мүмкін.
Кінәлі әрекетсіздік көрсету арқылы денсаулыққа ауыр зиян келтіргенде, ол басқа адамның денсаулығына келетін ауыр зиянды тойтарып қалатын, өзі жасауға тиісті және жасауға мүмкіндігі болған әрекеттерді жасамайды (мысалы, дәрігерлердің наукас адамға уақтылы дәрі бермеуі нәтижесінде оның денсаулығыньщ нашарлауы) .
3. 2. Ұрып-соғу
Қылмыс құрамының объективтік жағына ұрып-соғу, басқа да тән ауырлататындай күш қолдану жатады. Оның зардаптарында денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалту сияқты сипат болмайды.
«Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сотмедицина түрғысынан бағалау ережесінің» 10-бөлігіне сәйкес, ұрып-соғу жарақаттын ерекше түріне жатпайды. Ұрып-соғу дегеніміз - неше қайтара ұру. Егер ұрып-соғу нәтижесінде жәбірленушінің денесіне жарақат түссе, оның денсаулыққа келген зиян ретіндегі ауырлығы жай белгілерге сүйеніп бағаланады. Егер ұрып-соққаннан кейін ешқандай көрнекті із қалмаса, сот медициналық сараптама өз корытындысында жәбірленушінің. шағынғанын атап өтеді, ешқандай көрнекті із қалмағандығын көрсетеді. Мұндай жағдайда ұрып-соғу фактісінің болғандығын анықтау - анықтама, тергеу, прокуратура органдарының немесе соттың құзырына жатады.
Тән ауыртатын өзге де күш қолдану әрекеттеріне ҚК-тің 105-бабында көзделген зардаптарға әкелмейтін, бір жолғы зорлық актілері жатады. Оған қол бұрау, шымшу, итеру, тебу және басқа да тәнді ауыртатын әрекеттер жатады.
Жәбірленуші үшін ауырлау зардаптарға алып келетін ұрып-соғу немесе басқадай зорлық әрекеттер қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша саралануға тиіс.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана нысанымен сипатталады. Кінәлі жәбірленушінің тәнін ауыртатындығын ұғынады, денсаулыққа зиян келетіндігін немесе келуі мүмкін екендігін алдын ала біледі, соны тілейді (тікелей ниет) немесе оған саналы түрде жол береді не немқұрайды қарайды (жанама ниет) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz