Жеке меншікке жалпы түсініктеме



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Меншік құқығының түсінігі, нысандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері және меншік құқығының тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Жеке меншік құқығынын ұғымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Жеке меншік құқығынын субъектілері, объектілері мен жүзеге асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
КІРІСПЕ

Қазақтың әдеттік құқығында, мүлік түріндегі малдың құлағына салған «ен» сөзінен «ен – ші», «еншік – м – еншік» ұғымы көктеу, жайлау, күздеу, қыстау түріндегі жерлерге жеке меншік түрінде еніп қалыптасқаны сонау замандардан белгілі. Жеке меншіктің малға пайда болып, одан әрі дамуы, қазақ жеріне жеке меншік құқығының пайда болуына себебін тигізді деген де ұғым бар.
Қазақтың әдеттік құқығын зерделеген Фукс деген ғалым былай деп айтады: «…отбасылық таңбамен бірге еншісін алатын ұлдарына берілетін жеке меншік белгісіндегі ерекше таңбалар болды. Бұлар малдың құлағына салынатын «тілік», ендер болатын. Осыдан «тілік» – «ен» сөзінен еншісін алған ұлдарына бөлініп берілетін малға меншік ұғымы қалыптасты.
Қазіргі біздің өмірімізде қолданылып жүрген азаматтық заң тілімен айтқанда, қандай да болмасын адамның заң негізінде үстемдік құрған затқа билік етуі, сол адамның «сол затқа» жеке меншік ұғымын қалыптастырған.
Осы ойды қазақтың әдеттік құқығындағы жеке меншік түсінігімен салыстырайық. Біріншіден, бір отар қойдың құлағына салынған – «ен», сол бір отар қойға, бір тұлғаның ен-ші, ен-шік, жеке м-еншік түріндегі құқығын алуына мүмкіндік береді.
Екіншіден, сол бір отар қойға өзінің енін салған тұлға ғана жеке меншік түрінде билік жүргізе алады.
Үшіншіден, сол тұлға, сол бір отар қойға билік етуге мүмкіндік береді. Сонда қазақтың әдеттік құқығындағы «енші» сөзі, рим жеке құқығындағы затқа – құқық түрінде туындап, «жеке меншік» түрінде қорғалынған.
Осы қазақтың әдеттік құқығындағы жеке меншік институты Ресей патша үкіметінің тұсында өзгерістерге ұшырап, кеңес өкіметінің тұсында өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Демек, кеңес өкіметі тұсынан қалған тек қана мемлекеттік меншікке қатысты психологияны өзгерту үшін бірнеше ұрпақ ауысуы керек. «Тек қана мемлекеттік меншік» деген ұғым адамдарды жеке өзіне еңбек етуден шеттетіп, тіпті қылмыстық заңға «жалқаулық» деген норманы енгіздірді. Яғни, адамдардың психологиясында жұмыс істемесең «түрмеге отырғызады», бірақ «кеңес өкіметі» өз адамын далаға тастамайды, өлтірмейді деген ұғым қалыптасты. Осы ұғымның өзі жалқаулықты мықтап санамызға сіңірді. Бірнеше ұрпақтың бойында қалдырды. Бүгінгі күннің өзінде «жеке меншікті» толық түсінбегендіктен мойындамаған адамдардың қатары азайған жоқ.
Ендеше меншіктің адамына байланысты мысал келтірейік. Мысалы, «жеке сот орындаушысының» және «мемлекеттік сот орындаушының» қызметін алайық. Мемлекеттік сот орындаушысының қызметі мемлекеттік бюджеттен төленетін, шамамен жиырма – отыз мың теңге жалақыға байланысты. Осы жалақыны ол жұмыс істесе де, істемесе де алады.
Енді «жеке сот орындаушының» қызметі, жеке адамның өмірімен, тыныс – тіршілігімен , отбасымен тікелей байланысты болатынын білеміз. Қазақта «өзім дегенде, өгіздей қара күшім бар» деген мақал бар. Мысалы, жеке сот орындаушы бір миллион теңге өндіретін болса, сыйақыға жүз мың теңге алады. Ал, он миллион теңге өндіретін болса, бір миллион теңге алады. Демек, алатын еңбек ақысы оның жұмыс істеу қабілетімен, жеке өмірімен байланысты ойлау жүйесіне, түптеп келгенде жеке меншікпен тығыз байланысты. Яғни, жеке сот орындаушысына мемлекеттік бюджеттен ешқандай еңбек ақы төленбейді, сондықтан оның жалқаулануға уақыты жоқ, өйткені ол өз еңбек ақысын өзі табады.
Сонымен, 1990 жылы 15 желтоқсанда ҚазКСР – нің «Меншік туралы» заңы қабылданып, «жеке меншік» ұғымы енгізілді. Тәуелсіз еліміздің даму жолындағы жеке меншік институты өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. Бұған қатысты мазмұндарға келесі тарауларда тоқталамыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Гражданское право. Б. Абдыкадыров – Алматы. 2009 – 285 с.
2. ҚР Азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев. – Алматы. 2001 – 376 б.
3. ҚР Азаматтық құқығы. Ғ. Жайлин. – Алматы. 2006 – 378 б.
4. ҚР Азаматтық құқығы. С. Ынтымақов. – Алматы. 2004 – 128 б.
5. Гражданское право. С. Алексеева. – Москва. – 2009 – 527 с.
6. ҚР Азаматтық құқығы. Н. Батырбаев. – Түркістан. – 2007 – 271 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Меншік құқығының түсінігі, нысандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері және меншік құқығының тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Жеке меншік құқығынын ұғымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Жеке меншік құқығынын субъектілері, объектілері мен жүзеге асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ

Қазақтың әдеттік құқығында, мүлік түріндегі малдың құлағына салған ен сөзінен ен - ші, еншік - м - еншік ұғымы көктеу, жайлау, күздеу, қыстау түріндегі жерлерге жеке меншік түрінде еніп қалыптасқаны сонау замандардан белгілі. Жеке меншіктің малға пайда болып, одан әрі дамуы, қазақ жеріне жеке меншік құқығының пайда болуына себебін тигізді деген де ұғым бар.
Қазақтың әдеттік құқығын зерделеген Фукс деген ғалым былай деп айтады: ...отбасылық таңбамен бірге еншісін алатын ұлдарына берілетін жеке меншік белгісіндегі ерекше таңбалар болды. Бұлар малдың құлағына салынатын тілік, ендер болатын. Осыдан тілік - ен сөзінен еншісін алған ұлдарына бөлініп берілетін малға меншік ұғымы қалыптасты.
Қазіргі біздің өмірімізде қолданылып жүрген азаматтық заң тілімен айтқанда, қандай да болмасын адамның заң негізінде үстемдік құрған затқа билік етуі, сол адамның сол затқа жеке меншік ұғымын қалыптастырған.
Осы ойды қазақтың әдеттік құқығындағы жеке меншік түсінігімен салыстырайық. Біріншіден, бір отар қойдың құлағына салынған - ен, сол бір отар қойға, бір тұлғаның ен-ші, ен-шік, жеке м-еншік түріндегі құқығын алуына мүмкіндік береді.
Екіншіден, сол бір отар қойға өзінің енін салған тұлға ғана жеке меншік түрінде билік жүргізе алады.
Үшіншіден, сол тұлға, сол бір отар қойға билік етуге мүмкіндік береді. Сонда қазақтың әдеттік құқығындағы енші сөзі, рим жеке құқығындағы затқа - құқық түрінде туындап, жеке меншік түрінде қорғалынған.
Осы қазақтың әдеттік құқығындағы жеке меншік институты Ресей патша үкіметінің тұсында өзгерістерге ұшырап, кеңес өкіметінің тұсында өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Демек, кеңес өкіметі тұсынан қалған тек қана мемлекеттік меншікке қатысты психологияны өзгерту үшін бірнеше ұрпақ ауысуы керек. Тек қана мемлекеттік меншік деген ұғым адамдарды жеке өзіне еңбек етуден шеттетіп, тіпті қылмыстық заңға жалқаулық деген норманы енгіздірді. Яғни, адамдардың психологиясында жұмыс істемесең түрмеге отырғызады, бірақ кеңес өкіметі өз адамын далаға тастамайды, өлтірмейді деген ұғым қалыптасты. Осы ұғымның өзі жалқаулықты мықтап санамызға сіңірді. Бірнеше ұрпақтың бойында қалдырды. Бүгінгі күннің өзінде жеке меншікті толық түсінбегендіктен мойындамаған адамдардың қатары азайған жоқ.
Ендеше меншіктің адамына байланысты мысал келтірейік. Мысалы, жеке сот орындаушысының және мемлекеттік сот орындаушының қызметін алайық. Мемлекеттік сот орындаушысының қызметі мемлекеттік бюджеттен төленетін, шамамен жиырма - отыз мың теңге жалақыға байланысты. Осы жалақыны ол жұмыс істесе де, істемесе де алады.
Енді жеке сот орындаушының қызметі, жеке адамның өмірімен, тыныс - тіршілігімен , отбасымен тікелей байланысты болатынын білеміз. Қазақта өзім дегенде, өгіздей қара күшім бар деген мақал бар. Мысалы, жеке сот орындаушы бір миллион теңге өндіретін болса, сыйақыға жүз мың теңге алады. Ал, он миллион теңге өндіретін болса, бір миллион теңге алады. Демек, алатын еңбек ақысы оның жұмыс істеу қабілетімен, жеке өмірімен байланысты ойлау жүйесіне, түптеп келгенде жеке меншікпен тығыз байланысты. Яғни, жеке сот орындаушысына мемлекеттік бюджеттен ешқандай еңбек ақы төленбейді, сондықтан оның жалқаулануға уақыты жоқ, өйткені ол өз еңбек ақысын өзі табады.
Сонымен, 1990 жылы 15 желтоқсанда ҚазКСР - нің Меншік туралы заңы қабылданып, жеке меншік ұғымы енгізілді. Тәуелсіз еліміздің даму жолындағы жеке меншік институты өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. Бұған қатысты мазмұндарға келесі тарауларда тоқталамыз.

МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1 Меншік құқығының түсінігі, нысандары мен түрлері
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді -- табиғаттың өнімдері мен еңбекті -- меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етеді. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.
Қазақ ССР-інің "Меншік туралы" Заңында меншіктің үш түрі белгіленді: азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік. Заңның 24-бабына сәйкес жер мемлекеттің айрықша меншігі деп айқындалды, ол тек жалға немесе ғұмырлық мұрагерлік құқығына ғана берілетін болды. Тұңғыш peт осы заңда заттық құқық бекітілді (шаруашылық жүргізу құқығы және т.б.).
1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Републикасының Азаматтық кодексінің қабылдануы меншік құқығының жағдайын түбірімен өзгертті.
Азаматтық кодекс азаматтық - құқықтық ғылымының нәтижелерін және меншік құқығына байланысты заңдардың қол жеткен жетістіктерінің ең таңдаулысын заңды түрде тұжырымдады да нарық талаптарына сәйкестендірді.
Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.
Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, заңдар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тің 188 - 267 баптары). Меншік құқығының объективті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы).
Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама берілген: "Меншік құқығы дегеніміз -- субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы". Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге "тиесілі" деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа меншік кұқығы заттардың жиынтығын сипаттайды, айналадағылар бір заттың белгілі бір тұлғаның меншігі екендігін сол арқылы біледі. құқық институт жүйесінде ол қозғалмайтын мүлікке қатысты, сондықтан ол: сөзсіз және шектеусіз меншікке құқық -- делінеді. Жалпы құқық қозғалмайтын мүліктердің заттық-құқықтық титулдар (estates) жүйесін құруда үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өндеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқы бар. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да, Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүлделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айталық, меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (АК-тің 11-бабының 3-тармағы). Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге жол бермеу үшін де осындай талап заңға енгізілді. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілу мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті (АК-тің 188-бабының 4-тармағы).
Азаматтық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құқығының иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен қорғау да ескерілген. Мұндай құқық өзгенің құқығына тәуелді емес, меншік иесі өзінің мүлкін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың орнын толтыруға құқылы.
Азаматтық кодекстің 188-бабының 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
1, ҚР Азаматтық кодекстің II - бөлімі 188 - бабы .
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қай-қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала алады. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді.
Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын "қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктен де айрылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржыны алуға құқылы, сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету өкілеттігін қалпына келтіреді.
Иелену қүқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғышарт жасайды.
Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөледі. Егер мүлікті иелену заңды негізде жасаса, онда ол заңды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты (мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасаса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі та - ланты кұлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі.
Сондай-ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің талабын дәлелдемейінше, зат иеленуші адал алушы қатарына жатады (АК-тің 261-бабы). Ал, керісінше, егерде мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан не мұның екеуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.
Азаматтық кодекстің 188-бабында иеленудің әр түрі туралы айтылмаған, тек аталған баптың 3-тармағында ғана бөтеннің затына құқық ретіңде иеленудің жасалу жолы мен тәуелділігі көрсетіледі. Сонымен бірге заңда ерекше негіз бар "Иелену мерзіміне" жол беріледі (АК-тің 24-бабы). Иеленудің мұндай құқығы меншік құқығынан тұлғаның затты өз билігінде нақты түрде ұстауымен ерекшеленеді. Бұл иеленудің заңдық салдары болады, яғни иеленуші мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оны басқалардан қорғауға құқылы (АК-тің 240-бабының 2-тармағы), ал екінші жағынан, осы баптың нормалары негізінде өзінің иелігіндегі затты меншіктенуге құқық алады. Сонымен, иеленудің мерзіміне мынадай белгілер тән: а) ол иелік ететін мүлікке нақты үстемдік етеді; ә) осы тұлғаның затқа адал, ашық және үздіксіз түрде нақты үстемдік етуі. Демек, иеленудің мерзімі иелену құқығыынан меншік құқығының құрамдас бір бөлігі ретінде ерекшеленеді. Оған қоса бұл иелену түрі затты иелену құқығынан да ерекшеленеді, сонымен бір мезгілде затты иелену құқығын өзгеге бергенімен, меншік иесі болып қала береді (мысалы, кепілдік шарты бойынша).
Пайдаланудың өкілеттік құқыгы дегеніміз -- мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.
Пайдаланудың өкілеттік құқығынан жай пайдалануды ажырата білу керек. Пайдаланудың өкілеттік құқығы затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқығы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану -- осы құқықты жүзеге асыру болып табылады, яғни затты нақты пайдаланып немесе оны қашан кіріс алғанша тұтыну.
Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығын қалай жүзеге асыруды өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның 6-бабын бұрмаламауы тиіс, яғни меншікті пайдалану қоғамдық игілікке қарсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланғанда, меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді. Мысалы, қазақ өнерінің көрнекті шығармаларын, айталық мұрагер меншік иесі ретінде бүлдірмеуге міндетті. Меншік иесі басқа тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне хақылы (мысалы, жалға, арендаға беру т.б.). Пайдалануға өкілеттік алған тұлға оны өзі үшін пайдалана бастайды (мысалы, затты пайдалану, өнім алу). Мұндай жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді, айталық, затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе белгілі бір пайызды еншілейді.
Заң негізінде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі өкілеттігінен айрылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы жүзеге асады ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 4-бабы).
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудін заңмен қамтамасыз етілуі.
Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты заңды мәмілелер жасауға өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің меншік құқығын өзгеге беріп, кепілдік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол билік құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құқығы арқылы мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде өтеді (мысалы, арендаторға иелік ету және пайдалану құқықтары беріледі). Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудың манызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады.
Нарықта өз орнын табу үшін меншік иесіне билік ету қажет. Әдетте тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі. Ауыстыру кезінде меншік иесінің Құқығы сатушыдан сатып алушыға ауысады. Сондықтан да сатушы тауардың меншік иесі ретінде меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік алуы тиіс. Билік ету құқығын жүзеге асыру мақсаты меншіктің әр түрлі түрлеріне сәйкес келеді.
Әдетте меншік иесі өзінің билік өкілеттігін қалай да жүзеге асыруға міндетті деген ереже жоқ. Шешімді қалай қабылдайды, қалай билік етеді -- оны бір өзі шешеді. Дей тұрғанмен, ол бұл арада заңды бұрмалауға жол беруге тиіс емес. Әрине, кейбір жағдайда меншік иесі өзінің билік ету құқығын қоғам мүлделі болғанда жүзеге асыруға міндетті. Заң мен басқа да құқықтық негіздерге орай меншік иесінің билік ету құқығы алынуы не тоқтатылуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда билік ету құқығы тек мемлекеттің келісімімен жүзеге асады. Мысалы, әрекет ету қабілеті шектеулі адамдармен билік ету құқығын асыру үшін келісім жасаған кезде заңды өкілінің рұқсаты талап етіледі.
Билік ету құқығы затқа меншік иесі болып табылмайтын тұлға арқылы да жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқауымен болады, немесе меншік иесімен жасалған келісімшарт негізінде (мысалы, теміржол жүкті иесіне беруге мүмкіндік болмаған жағдайда басқа тұлғаға тапсырады) болады.
Меншік иесі өз меншігінің игілігін көріп қана қоймай (мүлкін пайдаланудан пайда тауып, тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру), оған меншігіндегі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы да жүкгеледі. Айталық, күрделі жөндеу жүргізіп, сақтандыру шараларын жүзеге асырады және т.б. Егер заңда қаралмаған болса, өзіне түсетін ауыртпалықты үшінші біреуге жүктеуіне болмайды. Егер мүлік заңды түрде үшінші жақтарда болса, олардың өзгенің мүлкін күтіп ұстауға жұмсалған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншік иесіне өтуге тиіс. Мысалы, оған қараусыз кеткен малды ұстап, баққанға кеткен шығынды айтуға болады.
Шартпен басқа да мәселелер қаралуы мүмкін. Мүлікті басқа біреуге уақытша пайдалануға берген кезде оны күтіп-сақтау пайдаланушыға жүктеледі. Күтімсіз және заңсыз ұстаған адамға мүлікті күтіп ұстауға жұмсалған шығындары өтелмейді.
Ауыртпалық жағдайы деп заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін айтады. Иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта ол өзгеше белгіленбесе, сатып алушыда меншік құқығы пайда болуымен бір мезгілде соған көшеді. Мүліктің бүлінуі не жойылуына байланысты қауіп басқа мезгілде заң немесе шарт негізінде сол мүлікті алушының мойнына жүктеледі. Мысалы, шарт жасаушылар ондай қауіпті шарт жасау кезінде алдын-ала ескереді (сатып алу-сату), яғни зат берілмей түрып, сатып алушыға меншік құқығы ауыспай тұрғанда мәселенің басы ашылуы тиіс.
Екінші бір жағдай мерзімінің өтіп кетуіне байланысты. Мәселен, егер иеліктен айырушы адам заттарды беру мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін мерзімін өткізіп жіберген тарап көтереді.
Енді, меншік құқығының нысанымен түріне тоқталайық, Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан Республикасында Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады", -- деп жазылған.
Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда -- жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.
Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік - аумақтык бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.
Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодексіне сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді (192-бап).
"Игілік" пен "ауыртпалық" тіркесінің өзі, дейді Е.А.Суханов, "нағыз меншік иесін сипаттайды және осы екі элементтің біреуінің болмауы иеленушіні шын мәніндегі кожайын етуге мүмкіндік бермейді". Конституцияның 87 - бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады делінген.
Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.
Заңдарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзгеде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-тің 111-бабының 1 және 2-тармақтары).
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың жөнсіз араласуынан қорғайды.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді.
Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара (өзіндік) меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіне деген жеке дара өзіндік (тұтынушылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет.
Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүлдесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Ресгтубликасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 40-бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне түрса да "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы) біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс, баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі болады.
Үй-жайдың әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі (ортақ меншіктегі) үлесі оған тиесілі үй-жайға бөлек (өзіңдік) меншікке бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзіндік) меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.
Кондоминиумның әр алуан түрінің кұкылық тәртібінің ерекшеліктері заң құжаттарымен айқындалады, ал "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңда тұрғын үй кондоминиумы жайында айтылған.
Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.
Меншік құқығының түрлеріне сипаттама берген кезде мүліктің құқықтық тәртібінің мазмұны мен ерекшелігі мүліктің қайсыбір түріне жататындығына байланысты келеді.

1.2 Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері және меншік құқығының тоқтатылуы
Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-бабында "тәсіл" ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК-тің 7-бабы).
Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.
Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, меншік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты: жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы (236-баптың 1-тармағы); өндеу (237бап); иелену мерзімі (240бап) олжа (245-бап); қараусыз жануарлар (246-бап); меншік иесінен алынған мүлікті иелену (248-бап); көмбе (247-бап).
Туынды негіздер меншік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің құқькына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуына байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сипаттамасына тоқталайық.
Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-сату, заем, несие және т.б), сондай-ақ мұрагерлікке (Заң мен өсиет бойынша) байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу (АК-тің 249-бабының 4тармақшасы), жекешелендіру (АК-тің 249-бабының 3-тармағы), реквизациялау (АК-тің 249-бабының 3-тармағы), жер учаскесін алын қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (АК-тің 249-бабының 5-тармақшасы), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер (АК-тің 249-бабының 6-тармақшасы) қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да оған жатады.
Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй сатып алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көшеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құны шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда мирасқорлық қасиет тән. Меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік иесі бұрынғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттікті түгелдей өзіне алады деуге болмайды. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және оның иесі кім екендігіне (мемлекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа иеленушінің меншік құқығыы қандай болатындығына (мемлекеттік немесе жеке меншік) байланысты.
Енді меншік құқығының бастапқы негіздеріне тоқталайық:
Азаматтық кодекстің 235-бабының 1-тармағы меншік құқығын алудың бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты жатқызады. Меншік құқығы бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер занда өзгеше көзделмесе, затты дайындап не оны жасаған адам соның меншік иесі атанады. Жаңадан дайындалып, жасалған заттар қозғалатын, не қозғалмайтын болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда -- оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.
Заң бастапқы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерді, өнімді, табысты жатқызады (АК-тің 235-бабының 1-тармағы). Зат күйіндегі жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген органикалық дүние, ол затқа айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не адам күшімен өндіріледі), сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп бөледі (бұйым, өнім және т.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы, жалға ақы төлеу немесе пайыздар (және т.б.). Зат табиғи жемістер мен өнім және табыс түріндегі жемістердің ара жігін ашып көрсетеді, бұл АК-тің 193-бабында қарастырылған: мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсімдер (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады.
Меншік құқығын алудың бастапқы негізіне өңдеу де жатады (бір тұлға материалды өңдеп, одан екінші бір зат жасайды). Сонда әлгі өнімге құқық алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың меншік иесі ме? Азаматтық кодекстің 237-бабына сәйкес шартта өзгеше көзделмегеңдіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материалдардың меншік иесі алады. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Бұл екі жағдайда да өңдеушіге жасаған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне материалдың құнын өтеу мәселесі туындайды. Бұл сүрақтың шешімі мынадай: өз материалдарынан дайындалған затқа меншік құқығын алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.
Өңдеуді жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерінің нәтижесінде материалынан айрылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне беруді және өзіне келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы (АК-тің 237-бабының 2, 3 тармақтары).
Меншік құқығының пайда болуының бастапқы негіздеріне өнімді жинауға балық, аң аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру да жатады. Заңдар мен жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық аулауға, аң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берілген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады (АК-тің 241-бабы). Мысалы, осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені сақтау талап етіледі (аң аулау, балық аулау және т.б.). Мұндай ережені бұзған тұлға тиісті жауапкершілікке тартылады.
Меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне Азаматтық кодекс тұңғыш рет иелену мерзімін де енгізді. Бұл негізді қолдану жөнінде жоғарыда иелену мерзіміне орай айтып кеткен болатынбыз (АК-тің 240-бабы). Кеңес үкіметінің азаматтық кодексінде тек талап мерзімі ғана болғанды. Бірақ иелену мерзімі институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі тұңғыш peт енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат немесе заңды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал оның мерзімі 15 жыл, ал қозғалмалы мүлікке 5 жыл. Қозғалмайтын немесе басқа да мүліктерге меншік құқығы бұл мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.
Иелену мерзімі бойынша меншік құқығын алудың қажетті жағдайы мынадай болады: иелену, яғни "тура өзінің мүлкіндей көру", адалдық, ашық, үздіксіз болуы және мерзім.
"Тура өзінің мүлкіңдей көру" теңеуі тек мүлікті ұстау ғана емес, оны заңға сәйкес иелену болып табылады. Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді пайдалану оны өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Яғни мемлекеттік жер пайдалануға берілген екен, оны иеленуші өзіне меншіктемей, басқаның мүлкі деп есептеуі тиіс.
Иелену мерзімінің қажетті шартты оны адалдықпен иелену, яғни мүлікті иеленуші өз иелігінің заңдық негізін естен шығармайды.
Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану болып табылады. Ашық дегенді иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру деп түсіну керек, сондықтан да ол басқа тұлғалар тарапынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Жер құқықтық қатынастары
Республика Президентін сайлау
Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы мәлімет
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Сатып алу-сату шарты жайлы мәлімет
ҰРЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС, ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫНДА МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы қылмыстық ұрып соғу
Пәндер