Жер құқық қатынастары



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Жер құқығы қатынастарының дамуы, объектісі мен субъектілері ... ... 4
2 Жер құқығы қатынастарының мазмұны, пайда болу, өзгеру жəне
тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
КІРІСПЕ
Құқықтық қатынас түсінігі «құқық» және «қатынас» түсініктерін, яғни құқық нормаларымен реттелген қатынастарды білдіреді. Жер құқығы қатынастарын түрлерге бөлу жер туралы заңнаманың табиғатынан туындайды. Жер туралы заңнама жер құқығы қатынастарының объектілері мен субъектілерін, жер қорының жекелеген санаттары бойынша нысаналы мақсаттарының түрлерін қарастырады. Сонымен қатар бұл заңнаманың мазмұнынынан материалдық және процессуалдық нормаларды ажыратуға болады.
Материалдық нормалар – бұл меншік, басқару, бақылау объектілерін, субъектілердің аталған мәселелер бойынша құқықтарын және т.б. реттейтін жер туралы заңның нормалары.
Процессуалдық нормалар – бұл жер туралы заңнаманың материалдық нормаларын қолдану тәртібі.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 – маусымдағы Жер кодексіне сəйкес, жер құқығы қатынастары — бұл жерге меншік құқығын жəне өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар (ҚР ЖК 12-бабының 10-тармағы).
Мұндай анықтама жер құқығы қатынастары объектілерінің шеңберін тарылтады. Себебі, жер құқығы қатынастары жер туралы заңнаманың «қазақстан республикасының жер қоры», «жерге меншік құқығы», «жер пайдалану құқығы», «сервитуттар», «жер қорын мемлекеттік басқару», «жерді қорғау», «меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау», «жекелеген жер санаттарының құқықтық режимі» жəне т.б. нормаларын қамтиды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Стамқұлов Ə. С., Стамқұлова Г. Ə. ҚР Жер құқығы. Алматы: 2004. – 334 б. 2. Еркінбаева Л.Қ., Айгаринова Г.Т. ҚР Жер құқығы. Алматы: 2010. – 312 б.
3. Сопыханова А.Б. ҚР Жер құқығы. Қарағанды: 2004. – 220 б.
4. ҚР Жер кодексі (2013.08.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Жер құқығы қатынастарының дамуы, объектісі мен субъектілері ... ... 4
2 Жер құқығы қатынастарының мазмұны, пайда болу, өзгеру жəне
тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..20

КІРІСПЕ
Құқықтық қатынас түсінігі құқық және қатынас түсініктерін, яғни құқық нормаларымен реттелген қатынастарды білдіреді. Жер құқығы қатынастарын түрлерге бөлу жер туралы заңнаманың табиғатынан туындайды. Жер туралы заңнама жер құқығы қатынастарының объектілері мен субъектілерін, жер қорының жекелеген санаттары бойынша нысаналы мақсаттарының түрлерін қарастырады. Сонымен қатар бұл заңнаманың мазмұнынынан материалдық және процессуалдық нормаларды ажыратуға болады.
Материалдық нормалар - бұл меншік, басқару, бақылау объектілерін, субъектілердің аталған мәселелер бойынша құқықтарын және т.б. реттейтін жер туралы заңның нормалары.
Процессуалдық нормалар - бұл жер туралы заңнаманың материалдық нормаларын қолдану тәртібі.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 - маусымдағы Жер кодексіне сəйкес, жер құқығы қатынастары -- бұл жерге меншік құқығын жəне өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар (ҚР ЖК 12-бабының 10-тармағы).
Мұндай анықтама жер құқығы қатынастары объектілерінің шеңберін тарылтады. Себебі, жер құқығы қатынастары жер туралы заңнаманың қазақстан республикасының жер қоры, жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар, жер қорын мемлекеттік басқару, жерді қорғау, меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау, жекелеген жер санаттарының құқықтық режимі жəне т.б. нормаларын қамтиды.

1 Жер құқығы қатынастарының дамуы, объектісі мен субъектілері
Жер құқығының теориясында жер құқығы қатынастары ерекше орынды иеленген. Себебі, олар жер құқығы пəнінің саласына кіретін қатынастарды құқықтық реттеудің жағдайын көрсетеді. Жер құқығының мұндай маңызды институтының түсінігі мен құрылымын зерттеу құқық теориясындағы көкейкесті мəселелерінің қатарына жатады. Оның ғылым саласы жəне оқу пəні ретіндегі жер құқығы үшін ғана емес, тəжірибе үшін де маңызы зор.
Жер кодексі, ең алдымен, жер қатынастарын реттеудің міндеттерін жəне жер туралы заңнаманың қағидаларын анықтаған (ҚР ЖК 4, 5-баптар). Мұнда жер құқығының қайнар көздері ретінде тек Жер кодексі мен оған сəйкес нормативтік актілер ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқада құқықтық актілері жатқызылған. Бұл жер қатынастарының заңнаманың басты нормаларымен жəне құқықтағы түбегейлі өзгерістермен, соның ішінде, Қазақстан Республикасындағы жер реформасы туралы заңдарымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Жер құқығы қатынастары түсінігінің мəні жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін жер құқығының пəнінен туындайды. Бұл заңнамалық базамен жер құқығы қатынастарының пəні, əдістері, түрлері жəне басқа да жер құқығы қатынастарының барлық кешені анықталады.
Жер құқығы қатынастарының түсінігі, құрылымы, объектілері, субъектілері жəне басқа да мəселелері негізінен жер құқығының теориясына жатады, ал ол, өз кезегінен, заң шығару мен құқық қолданудың тəжірибесіне негізделеді.
Жер құқығы қатынастары ең алдымен жер, экологиялық жəне экономикалық қоғамдық қатынастары болып табылады. Жерге қатысты туындайтын қатынастардың барлығы жер туралы заңнаманың нормаларымен реттеле бермейді. Тек жер құқығының (заңнаманың) нормаларымен көзделген жəне реттелген қатынастар ғана жер қатынастары болып табылады. Сол себепті, оларды жер қатынастары деп атайды, өйткені, жер -- бұл, ең алдымен, табиғат объектісі. Жердің табиғи сипаты Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында бекітілген: Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай - ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Ал жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жер туралы заңнаманың басты қағидалары болып табылады (ҚР ЖК 4-бап).
Жер құқығы қатынастары біржақты (мысалы, жеке меншік құқығынан, жер пайдалану құқығынан бас тарту) əрі көпжақты (мысалы, жер учаскесіне қатысты шарт-мəмілелер, жер учаскесіне ортақ меншік құқығы, ортақ үлестік меншік, кондоминиум жəне т.б.) болуы мүмкін. Жер қатынастарының қатысушысы жер туралы заңнаманың талаптарын, оларды жүзеге асыру жағдайларын құқықтық ережелерге сəйкес орындауға өз қатынасын білдіреді, осы арқылы оның саналы ерікті сипаты, яғни, заң ережелеріне қатысты оң субъективтік көзқарас қалыптасады. Құқықтық нормалардың əрекет етуінің мұндай механизмі оларды қолданудың, орындаудың жəне сақтаудың тиімділігін көрсетеді. Заңда əрқашанда нақты бір жағдайларға қатысты əрекет етуге байланысты нормалар болады. Азаматтар заңның талаптарын ұстанып оларға бағынуы тиіс. Даулы мəселелер мемлекеттің сот органдарының көмегімен шешіледі.
Жер құқығы қатынастары өз мазмұны бойынша күрделі əрі бірыңғай емес. Мұндай қатынастардың қатысушылары ретінде жер учаскелерінің меншік иелері, мемлекеттік басқару органдары, жер пайдаланушылар жəне басқа да тұлғалар болуы мүмкін. Олардың құқықтық жағдайлары мен жер құқығы қатынастарының объектілері əртүрлі болады.
Осындай күрделі құқықтық қатынастардың ішінен оларды ажырата білу үшін осы құқықтық құбылыстарды зерттеуде жүйелі тəсіл қажет.
Жер құқығы қатынасы, бұл ең алдымен, жер құқығы реттеу механизмінің əрекет етуі. Жер құқығы қатынастарына қатысушы кез келген тұлға белгілі бір міндеттерді орындай отырып өз құқықтарын жүзеге асырады. Ол үшін тұлға өзінің құқықтық жағдайын немесе құқықтық мəртебесін білуі, яғни, жер туралы заңнаманың нормаларынан өз орнын табуы тиіс (тұлға жер учаскесінің меншік иесі, жер пайдаланушы, жалға алушы, меншік құқығын, жер пайдалану құқығын алушы, жер учаскесін жалға беруші, орталық немесе жергілікті атқарушы органның өкілі жəне т.б. болуы мүмкін). Өз кезегінде, жер туралы заңнама жер құқығы қатынастарының барлық элементтеріне немесе нормаларына ие болуы тиіс.
Басты заңшығарушы актілерінде құқық олқылықтары болмауы керек. Жер туралы заңнама барлық жер қатынастарын көрсететін айна іспетті болуы тиіс.
Мемлекет жер құқығы қатынастарын құқықтық реттеуді ұйымдастырушы ретінде Қазақстандағы жер қатынастарын қоғамның əрбір мүшесінің жер туралы заңнамадағы мақсаттар мен міндеттерге сəйкес дамытуына, жер туралы заңнаманың барлық талаптарының сақталуына мүдделі. Сол себепті, жер құқығы қатынастары жер туралы заңнаманың нормаларымен тығыз байланыста болады. Алайда, құқықтық нормалар мен жер құқығы қатынастарын бір қатарға қоюға болмайды. Өйткені, құқықтық нормалар статикалық, ал жер құқығы қатынастары динамикалық сипатқа ие. Жер құқығы қатынастары қатысушыларының əрекетін, əрекетсіздігін, қылықтарын, жүріс-тұрыстарын реттейтін құқықтық нормалардың жүзеге асырылуы барысында жер қатынастарының қарастырылуы бекер емес. Жер құқығы қатынастары қатысушысының (субъектісінің) әрекеті, əрекетсіздігі, жүріс-тұрыстары реттеуші жəне қорғаушы құқықтық қатынастардың пайда болуына əкелуі мүмкін.
Егер жер құқығы қатынастарының қатысушысы өз көзқарасын жер құқығының нормаларына сəйкес дəлме-дəл білдірсе, онда жер туралы заңнаманың міндеттеріне, мақсаттарына жəне қағидаларына жауап беретін позитивтік (оң) əрекеттер туындайды. Құқық теориясында мұндай қатынастарды реттеуші құқықтық қатынастар деп атайды. Бұларды қатысушылардың əрекеттерінің нəтижесіне сəйкес позитивтік (оң) деп атаған дұрыс болар еді. Жер құқығы қатынастарының қатысушылары жер құқығының нормалары мен талаптарын бұзған жағдайда қорғаушы құқықтық қатынастар туындайды. Бұлардың көмегімен жер туралы заңнаманы бұзған тұлғаға қажетті əсер ету шаралары қолданылады (ҚР ЖК 92-94, 168 баптар).
Сонымен қатар, реттеуші жəне қорғаушы құқықтық қатынастардың тек құқықтық реттеудің нəтижесінде ғана емес, құқықтық нормаларды орындау, сақтау жəне пайдалану (жүзеге асыру) барысында да туындайтынын ескерген жөн. Құқықтық реттеу - бұл заң шығарушылық қызмет, ал құқық нормаларын жəне оның барлық нысандарын жүзеге асыру жер құқығы қатынастарына қатысушылардың құқықтарына жатады.
Жер қорын мемлекеттік басқару жер құқығы институттарының бірі болып табылады. Оның мақсаттары мен міндеттері жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес келеді, олардың бастысы -- жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жəне оларды қорғау.
Жер процесінің құрылымы келесі процедуралардан тұрады:
1) құқыққолданушы жер құқығы процедуралары;
2) ұйымдастырушы жер құқығы процедуралары;
3) жер құқығының билікке ие емес субъектілерінің заң қызметін жүзеге асыруына жағдай жасаушы жер құқығы процедуралары (жерге орналастыру жұмыстарын орындау процедурасы).
Жер процесінің əрбір құрылымы заңды мəні бойынша жер процесінің қарастырылып отырған институтының дербес элементі болуы мүмкін.
Сонымен, жер процесі -- бұл жер құқығының материалдық нормаларын жүзеге асыру процедурасын анықтайтын институты.
Жалпы қорытынды: жер құқығы қатынастары - жерге жəне жер учаскелеріне қатысты жер құқығының (заннаманың) нормаларымен көзделген жəне реттелген іс жүзіндегі қоғамдық қатынастар.
Жер құқығы қатынастары объектілері мен субъектілері бойынша да бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі жер қатынастары объектісінің анықтамасын қарастырады, оған сəйкес жер қатынастарының объектісі дегеніміз Қазақстан Республикасының аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына жəне олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар (ҚР ЖК 12-бабының 22-тармағы).
Жер құқығы қатынастарының объектісі болып таза табиғи түрдегі жер емес, жердің бекітілген құқықтық режимі табылады. Сол себепті де, жер құқығы қатынастарының объектісі болып Қазақстан Республикасындағы барлық жерлерге бекітілген құқықтық режим табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының шегіндегі барлық жерлер меншіктің, жер пайдаланудың, басқарудың жəне қорғаудың түрлеріне қарамастан жер қорын құрайды. Қазақстан Республикасындағы барлық жерлерді біртұтас жер қоры ретінде танудың заңды негізі болып Қазақстан Республикасы Конституциясындағы ереже табылады, оған сəйкес Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын жəне бөлінбеуін қамтамасыз етеді (ҚР Конституциясының 2-бабы). Аумақ -- бұл белгілі бір шекараға ие жер кеңістігі. Құқықтық режимі бойынша біртұтас жер қоры негізгі шаруашылық мақсаттарына сəйкес бөлінеді. Соған қарамастан, біртұтас жер қорының заңды мəртебесі өзгеріссіз қалады. Сол себепті, бүкіл аумақ, біртұтас жер қоры, Қазақстан Республикасының жерлері түсініктері Қазақстан Республикасындағы барлық жерлердің біртұтас заңды мəртебесін білдіреді.
Жер туралы заңнамада əртүрлі жер қорлары бар: арнайы жер қоры, иммиграциялық жер қоры, орман қорының жерлері, су қорының жерлері.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 1-бабында көзделген жер қоры арнайы мақсатқа -- санаттарға бөлінуге ие.
1. Жер қоры -- Қазақстан Республикасындағы жер құқығыт қатынастарының аса маңызды объектісі. Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының егемендігі бүкіл аумағына таралатын барлық жерлерді құқықтық реттеудің қайнар көздерінің басты құқықтық базасы болып табылады.
Аумақ та жер, бірақ оның шектері болады. Жер туралы заңның нормаларына сəйкес аумақ жер құқығы қатынастарының объектісі болып табылады (мысалы, аймақтарға бөлудің объектісі ретінде). Жер кодексінің 8-бабына сəйкес, жерлерді аймақтарға бөлу дегеніміз -- жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау.
Жерлерді аймақтарға бөлудің мақсаттары болып мыналар табылады: жерлерді аймақтарға бөлу арқылы жер ресурстарын басқару саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу; əртүрлі аймақтарға енген жерлерді пайдалану режимі мен тəртібін, аймақтардың шекаралары мен көлемін орнықтыру; жерлерді пайдалану мен қорғаудың аймақтық жəне жергілікті бағдарламаларын жасау.
Қазақстан Республикасындағы барлық жер санаттары аймақтарға бөлінуі тиіс. Жерді аймақтарға бөлуді аудандық деңгейде жəне облыстық маңызы бар қалаларда ұйымдастыруды аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тиісті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Жер қоры жерге меншік құқығының, жекелеген жер учаскелеріне жер пайдалану құқығының, сервитуттың, жерді басқару мен қорғаудың объектісі болып табылады.
2. Жерге меншік Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сəйкес, жер Республикада мемлекет меншігінде болады; жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін.
Жер қорының құрамына барлық жер санаттары, соның ішінде, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, елді мекен жерлері, орман қоры жерлері жəне босалқы жерлер кіреді. Олардың құрамынан жер учаскелері жеке меншікке заңда көзделген тəртіп бойынша беріледі. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға берілетін жерге жеке меншік құқығы жерге мемлекеттік меншік құқығынан туындайды деп санауға болады. Бұған дəлел ретінде мемлекеттің жер қорын басқару кезінде барлық жерлерді қорғау мен ұтымды пайдалануды бақылауды жəне нысаналы мақсатында пайдалануды тексеруін атауға болады. Жеке меншікке берілетін жер учаскелерінің көлемін анықтау да мемлекеттің функциясына жатады. Бұл функция да барлық жерлерді тиімді жəне ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
3. Жер құқығы қатынастары саласындағы мемлекеттік басқару мемлекеттің табиғи ресурстарға, соның ішінде, жерге қатысты маңызды функциясы болып табылады. Ол мына мақсаттарда жүзеге асырылады:
1) Жер учаскелерін меншік құқығына немесе жер пайдалану құқығына беру жəне алып қою (ҚР ЖК 16-бабы);
2) Жер туралы заңнамамен көзделген тəртіпте азаматтар мен заңды тұлғаларға берілетін жер учаскелерінің мөлшерін анықтау (ҚР ЖК 50-бабы);
3) Мемлекеттік бақылау.
Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті басқарудың бұл түрлерімен шектелмейді. Ол жер құқығы жүйесінде жеке құқықтық институт ретінде қарастырылып отырған жер құқығы қатынастарының барлық кешенін қамтиды.
4. Жер пайдалану құқығы бұл институт жер құқығы жүйесіндегі аса маңызды институттардың бірі. Жер пайдалану құқығы -- бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы жəне (немесе) ақысыз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену жəне пайдалану құқығы (ҚР ЖК 12-бабының 30-тармағы).
Жер пайдалану құқығының түсінігі аталған анықтамамен шектелмейді. Жер пайдалану құқығы жер учаскесі меншік иесінің жəне тұрақты немесе уақытша жер пайдаланушының құқықтарының бірі болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 21-бабына сəйкес, меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға жəне оған билік етуге құқығы бар. Сол себепті де, ҚР ЖК 12-бабының 30-тармағындағыдай жер пайдалану құқығын тек жер пайдаланушыларға тиесілі қателік болар. Жалпы алғанда, жер пайдалану құқығы -- бұл субъектінің жер учаскесін заңда көзделген нысаналы мақсатына сəйкес пайдалану құқығы жəне міндеті.
Жер пайдалану құқығы үздіксіз сипатқа ие, себебі ол бір иеден екіншісіне, жер иесіне, басқа меншік иесіне, жалға алушыға жəне басқа да жер пайдаланушыларға жер учаскесіне қатысты мəмілеге сəйкес өтеді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 25-бабының 2-тармағында айтылған, яғни, жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мəміле жасалған кездегі барлық ауыртпалықтарымен беріледі. Жер учаскесіне қатысты сату-сатып алу шарты жер учаскесіне меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының өз субъектілерінің еркі бойынша тоқтатылу негіздерінің бірі болып табылады.
5. Сервитут. Сервитут жер құқығының жəне Қазақстан Республикасында 1995 жылдан бері əрекет етуші жер туралы заңнаманың жаңа институты болып табылады. Сол себепті, ол Жер кодексінде дербес тарау ретінде қарастырылған (ҚР ЖК 7-тарауы).
Сервитут жер құқығы қатынастарының дербес объектісі болып табылады. Сервитут бөтеннің учаскесін пайдаланудың айырықша түрі болғандықтан жер құқығы қатынастарының басқа объектілерінен өзгеше болып келеді. Сервитуттың субъектісі иелену мен пайдалану құқықтарына жəне жеке меншік субъектісінің құқықтарына ие болмайды. Жер құқығы қатынастары объектілерінің ішнде ол өзінің түрлерімен, құқықтық режимі жəне жер пайдалану құқығының түрлі субъектілерімен нысаналы пайдалануымен ерекшеленеді.
6. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау жəне зияндарды өтеу. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 139-бабының 1-тармағына сəйкес, жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық жəне басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бабының 38-тармағына сəйкес, жер құқығы қатынастарының субъектілері -- жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын жəне соған орай құқықтары бар əрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке жəне заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер.
Жер құқығы қатынастарындағы құқық субъектіліктің негізгі белгілері болып мыналар табылады:
1) субъектінің жер құқығы қатынасына қатысуы;
2) осы құқықтық қатынаста құқықтар мен міндеттерді иеленуі.
Құқық субъектіліктің мұндай белгілерінен мынадай қорытынды шығады: жер құқығы қатынастарының субъектісі болып кез келген тұлға емес, тек жер заңдарына сəйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие немесе жер құқығы қатынастарына қатысумен байланысты құқықтарға ие тұлғалар ғана табылады. Заң жер құқығы қатынастарындағы құқықсубъектіліктің басқа белгілерін атамайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, жер құқығы қатынастары институты -- бұл күрделі институт, ал оның субъектілерінің
құқықтары мен міндеттері бірдей емес. Олардың бұл құқықтық қатынастардағы құқықтары жер мен жер учаскелерінің құқықтық режиміне сəйкес ерекшеленеді.
Жер құқығы қатынастары субъектілерінің түрлерін жер қатынастарының объектілеріне жəне жер құқығының (жалпы жəне ерекше бөлімдерінің) жекелеген институттарына қарай анықтауға болады. Алайда, субъектілерді объектілер бойынша анықтаған дұрысырақ болар. Себебі, жер құқығы қатынастарының объектілері субъектілермен өте тығыз байланыста болады, жəне ерекше бөлімнің институттары жалпы бөлімнің институттарынан туындайды.
1. Жер қорының субъектісі болып Қазақстан Республикасы (мемлекет) табылады. Мемлекетке ҚР Конституциясы жер қатынастарын реттеуді ғана емес, сонымен қатар аумақтың тұтастығын, қол сұғылмаушылығын жəне бөлінбейтіндігін қамтамасыз етуге, адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауға қатысты міндетті де жүктейді. Орталық атқарушы орган жəне жергілікті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының барлық жерлерін аймақтарға бөлуді жəне жер қорын басқарумен қатысты басқа да функцияларды жүзеге асырады (ҚР ЖК 14-бабы).
2. Меншік құқығының субъектілері:
-- республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі -- Қазақстан Республикасы;
-- Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі -- азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар (ҚР ЖК 20-бабының 2-тармағы).
3. Жер құқығы қатынастарының басқару саласындағы субъектілер болып Қазақстан Республикасының Үкіметі, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық орган жəне оның жергілікті жерлердегі органдары жəне жергілікті мемлекеттік органдар (өкілдік жəне атқарушы органдар) табылады (ҚР ЖК 13-19-баптары).
4. Жер құқығы қатынастарының жер пайдалану саласындағы субъектілері болып мыналар табылады (ҚР ЖК 30-бабы):
1) мемлекеттік жəне мемлекеттік емес субъектілер; 2) ұлттық жəне шетелдік субъектілер;
3) жеке жəне заңды тұлғалар;
4) тұрақты жəне уақытша субъектілер:
5) бастапқы жəне кейінгі субъектілер.
Мемлекеттік жер пайдаланушыларға мыналар жатады: мемлекеттік заңды тұлғаларға тауарлы ауылшаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми-зерттеу, тəжірибе жүргізу жəне оқыту, қосалқы ауыл шаруышылығын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқықтық қатынастары
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Жер құқығы туралы
Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу
Жер құқығының пәні, қағидалары және жүйесі
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Жер құқық қатынастары туралы
Жер заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Пәндер