Қаржы құрылымының құқықтық негіздері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Мемлекеттік қаржы құрылымы және оның элементтері . . . 4
2 Мемлекеттік қаржының жүйесі, реттелу әдістері . . . 8 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11
КІРІСПЕ
Қаржы (“қолма қол ақша”, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған, француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сиапты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалй қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты (ерекше белгісі) болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.
1 Мемлекеттік қаржы құрылымы және оның элементтері
Дамыған шет елдерде «қаржы» деген түсінікті екі түрде қарастырады біріншісі: мемлекеттік қаржы, екіншісі - жеке меншік кәсіпорындар, корпорациялар және жеке адамдардың қаржылары. Мемлекеттік қаржыларға ұлттық табысты және қоғамдық өңімңің белгелі бөлігін үлестіргенді пайда болатын экономикалық-қоғамдық қатынасты айтамыз. Ал жеке меншік кәсіпорындардың, корпорациялардың, жеке тұлғалардың қаржысы экономикалық қызмет процесінде пайда болатын ақша қатынасы. Мемлекеттік қаржылар мен жеке меншіктегі қаржылардың бір - бірінен айырмашылығы бар. Оларға:
- Мемлекет өз қаржы қорларын қалыптастыруда бәсекеге бағынышты емес. Ал жеке меншік қаржылардың қалыптасуы бәсекеге төтеп беруіне байланысты.
- Мемлекет өз кірістерін міндетті түрдегі төлемдер арқылы қалыптастыра алады.
- Мемлекеттік қаржылар ақша жүйесімен байланысты.
- Жеке меншік қаржы пайда түсіру әрекет етсе, мемлекеттік қаржылар қоғамның мүддессі үшін қолданылады.
- Мемлекеттік және жеке меншіктегі қаржылардң кіріс пен шығыстардың дәрежесі және мағналары әр-түрлі.
- Екеуінің көлемі әр-түрлі, оның ішінде мемлекеттік қаржы қорлардың көлемі үлкен болып келеді.
Қазақстан Республикасындағы қаржы қорларының қалыптасуы, бөлінуі және қолдануды ұйымдастыру мемлекеттің қаржылық қызмет арқылы жүзеге асырылады. Енді қаржылық қызметтің принциптеріне қысқаша тоқталып өтейік:
- Қоғамның мұқтажын есепке алу;
- Ұтымдылық және тиімдлік;
- Қоғамның бақылауында болуы;
- Нормативтік;
- Тұрақтылық және жүйелілік.
Осы принциптер қаржы қызметінің түпкі мазмұны болып саналады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі қалыптасқан әдістері бар. Мемлекеттің қаржы қызметінің әдісі деп - қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақша қорларын қалыптастыруды, бөлу мен пайдалануды ұйымдастыру кезінде мемлекет жүзеге асыратын нақтылы жолдар мен тәсілдер.
Ақша қорлары әр түрлі болғандықтан және олардың қалыптасуы, бөлу мен пайдалануы да әр түрлі болады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің әдістерін осы қызметтің бағыттарына байланысты топтаған жөн, яғни ақша қорларын қалыптастыру әдістері, ақша қорларын бөлу әдістері, ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері.
- Ақша қорларын қалыптастыру әдістері:
- ақша қаражаттарын олардың иелерінен еріксіз және қайтарылмайтын түрде алу ( мысалы: салықтар )
- ақша қаражаттарын еріксіз, бірақ қайтыралатын түрде алу(тұрығындар арасында міндеттелген заемдер тарату қолданылады жәнеде осы әдісті мемлекеттер тек қиын жаәдайда ғана қолдануы мүмкін. Ұлы Отан соғысынан кейін Одақ кеңістігінде осы тәсіл қолданған) .
- ақша қаражыттарын ерікті, бірақ қайтарылмайтын түрде жұмылдыру (мысалға азаматтардың әр-түрлі ақша қорларына өз ұлестерін қосу, сыйлау)
- ақша қаражаттарын ерікті және қайтарылатын түрде жұмылдыру (мысалы: мемлекет заемдары, бұлар мемлекеттін негізгі бюджетік қорын құрайды, халықтын ақша қорларын қолдану, халықаралық кредит негізінде ақша қорларын қолдану) .
- Қор ұстаушының (иесінің) өз коммерциялық қызметінен түскен табыстарды пайдалануы (мысалы: иесіз мүліктін өткізүден түсетін табыстар, кәсіпорындардың қорларына жібірелетін кірістің бір бөлігі, артық және қолдыналмайтын құралдарды өткізуден тапқан пайданы) .
- Эмиссия (мемлекеттік шығындардың орнын толыстыру мақсатында айналымәа қосымша ақшалар шығару)
- Ақша қорларын бөлу әдістері.
- Қаржыландыру (қордан бөлінетін ақша қаражаттарын біржола беру) .
- Несиелендіру (ақша қаражаттарын қайтарып беру шыртына негізделіп ақша қаражаттарды бөлу)
- Қор ұстаушының қаржылық міндеттерінің орындауы.
- Ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері.
- ақша қорларын пайдалану тәртібін білгілеу
- ақша қаражаттарын пайдаланудың ұзақ мерзімді қаржылық нормативтерін белгілеу
- ақша қаражаттарын пайдалануды жоспарлауды жүзеге асыру
- ақша қорларының пайдалануына бақылау жүргізу
Мемлекеттің қаржылық қызметі құқықтық нысанда жүзеге асырылады. Оларға: 1) нормативті сипаттағы заң ақтілерін шығару; 2) қаржылық құқықтық актілер шығару; 3) қаржылық шарттар жасау; 4) қаржылықтық қатынастар арқылы мемлекеттін құқтарымен міндеттірін жүзеге асыруы.
Алдындағы айтқандарды қорыта келгенде мемлекеттің қаржылақ қызметі мемлекеттік қызметтің ерекше түрі болып саналады, өйткені қаржылық қызметті мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының органдары жүзеге асырады. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары заңда көрсетілген шектерде қаржылық қызметтпен айналысады. Олардың қаржы саласындағы қызметтерінің құқықтық негіздері болып Қазақстан Республикасының Конституциясы мен конституциялық заңдары мен ағымдағы заңдар мен заңға бағынышты нормативтік актілермен реттеледі.
Мемлекеттін қаржылық қызметті құқықтық нысанда жүзеге асырғанда мемлекеттік органдар келесі қағидаларға сүйенулері қажет:
- Қаржылық саясат пен ақша жүйесінің біртұтастығы;
- Қаржылық қызметтің әлеуметтік бағытта болуы;
- Қаржылық қызметті мемелекеттік билік тармақтарының заң шығарушы және атқарушы билік тармактарына бөліну қаждасына сәйкестендіру;
- Азаматтардың мемлекеттің қаржылық қызметіне қатысуы; .
- Жариялық;
- Жоспарлық (қаржылық жоспарға негізделіп мемелекет ақша қорын калыптастыруды, бөлуді және пайдалануды үйымдастырады) .
Қаржылық қызметті көп органдар жүзеге асырады. Өйткені осы органдардың қызметі мемлекеттік қаржыларды қолданумен байланысты. Мемлекеттік органдардың қаржылық қызметтінің негізгі нысаны ретінде қаржылық-құқықтық актілерді атаймыз.
Қаржылық-құқтық актілер деп мемлекеттін қаржылық қызметі мәселесі бойынша, мемлекет органдарынының өз құзіреті аумағында қабылдаған және оның қызметінің құқытық түрін білдіретін актілерді айтамыз.
Заңдылық қасиеттеріне байланысты қаржылық-құқықтық актілерді келесі топтарға бөлеміз:
- Нормативтік
- Жеке актілер.
Нормативтік заң актісісі: жалпы ережелерден тұрады. Бұл актілер біртекті қаржылық қатынастарды реттейді және жалпы көпшілікке арналған. Сонымен қатар ұзақ мерзімге қабылданады.
Жеке қаржылық-құқықтық нормативтік актілер белгілі адамәа бағытталған және бір-ақ рет қолданылады. Бұл актілер нормативтік актілерді нақтылау және орындалу үшін қабылданады.
Қаржылық - құқықтық актілер әртүрлі негіздерге сүйене отырып топтастырылады:
- Өкілетті органдар актілері
- Атқарушы органдар актілері
- Құқықтық реттеу пәніне байланысты қаржылық-құқықтық актілер
- Жалпы ұйымдастыру;
- Бюджеттік;
- Банкілік;
- Сақтандыру;
- Қаржылық-шаруашылық.
Қаржылық қызметті жүзеге асырғанда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар бақылауды қамтамасыз етуі керек. Қаржылық қызмет саласындаға заңдылықтың сақталуына бақылауды келесі түрлерге бөліп қарастыруға болады:
- Конституциялық бақылау;
- Прокурорлық бақылау;
- Қаржылық-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді сот арқылы қарастыру;
- Қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
- Жауапкершілікке тарту;
- Заңдылықтың бұзылуын қаржылық қызмет субъектісінің билік арқылы түзету;
- Заңсыз іс-әрекеттерге шағым беру.
- Шағымды қарастырудың екі әдісі бар: 1. Сот арқылы; 2. Әкімшілік.
Шағым беру пәні болып:
- Мемлекеттік органдардың заңға қайшы қабылдаған құқықтық актілері;
- Қаржылық органдар және лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеті.
Қаржылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдар жүйесі.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің ерекшелігі болып оны мемлекеттік билік органдарының барлығы жүзеге асыруында саналады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сай Қазақстан Республикасы Президенті конституциялық құзіретінің шегінде қаржылық қызметті жүзеге асырады. Президенттің қаржылық қызметі тікелей немесе жанама түрде болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің қаржылық қызметтері:
- бюджетке байланысты құзіреттерінің жүзеге асыруы (жыл сайынғы бюджеттік жолдауы; бюджетті бекіту немесе Бюджет туралы Республикалық заңды қабылдау құқығы; төтенше жаәдай бюджетіне байланысты өкілеттілігі) ;
- қаржы саласындағы басқару мен бақылауға байланысты туындайтын қызметі.
Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде қаржы саласында заңдар қабылдау арқылы және қаржылық қызметті жүзеге асыратын органдарды қалыптастыруға қатысу және олардың есебін бекіту арқылы қаржылық қызметпен айналысады. Қаржылық қызметпен айналысатын жалпы құзіретті органдар қатарына сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі де кіреді. Үкімет орталық атқарушы орган ретінде жалпы басқару қызметін жүзеге асырғандықтан қаржылық қызметпен де айналысатын органдар қатарына кіреді. Негізінен Үкіметтің қаржылық қызметі қаржы қорларды басқаруға байланысты және арнайы мамандандырылған қаржы органдарының қызметін басқаруға байланысты қызметін айтуға болады.
Қаржылық қызметті жүзеге асыратын органдар ретінде - арнайы құзіретті немесе тікелей қаржылық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған органдар жатады. Оларға:
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның құрамына кіретін органдар: Қаржылық бақылау Комитеті, Салық Комитеті, Қазынашылық Комитеті;
- Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі;
- Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізетін есеп Комитеті;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
2 Мемлекеттік қаржының жүйесі, реттелу әдістері
Мемлекеттің қаржылық жүйесі мынадай 3 бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
ҚР қаржы жүйесі:
1. Жалпы мемлекеттік қаржы;
2. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы;
3. Халықтың қаржысы болып қамтылады.
- Жалпы мемлекеттік қаржы: мемлекеттік бюджет, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит болып келеді.
Мемлекеттік бюджет экономиканы, әлеуметтік мәдени мұқтаждықтарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждықтарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық және жергілікті бюджеттерді кірістіреді
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.
Мемлекеттік кредит - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.
2. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының құрамын мыналар кіреді:
- Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы;
- Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белігіл бір табыс алуды мақсат етпейді.
3. Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысына салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сферлардың мемлекеттік және басқа мекемелермен ұйымдардың қызметін төлейді.
Қаржы қатынастарының мемлекеттің бюджеті, арнаулы бюджеттен тыс қорлар; мемлекеттік кредит бөліктері орталықтандырылған қаржыларға жатады. Ал шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады.
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары- Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
ҚР Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржылық басқаруға үлкен өкілеттік берілген:
- республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;
- республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды;
- ҚР-ның аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
- мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған ҚР қаржы - кредит және бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;
- ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді, Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді;
- ҚР төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және ҚР заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзег асырады.
Қаржыны жалпы басқару ҚР-ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы - Праламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі иесеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларға байланысты Қаржы министрлігіне үлкен құқықтар берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz