Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық бірлестікті құқықтық реттеу



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қоршаған ортаны халықаралық . құқықтық қорғау ұғымы, қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық бірлестіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
КІРІСПЕ
Халықаралық экологиялық құқық халықаралық жария құқықтың саласы болып табылады және қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығынан тұрады.
Халықаралық экологиялық құқықтың пәні болып хылқаралық экологиялық қатынастар, яғни адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі бойынша қатынастар болады.
Халықаралық экологиялық құқық ХХ ғасырдың 70-80-жылдары құрылды. Оның себебі ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық революцияның дамуымен байланыстырылады. Осының негізінде әртүрлі өндіріс ошақтары ашылып, дамытылды және олар қоршаған ортаны ластай бастады. Бұл ластау кейін мемлекеттік ішкі проблемасы болудан қалып, мемлекеттердің шекарасынан асып, бүкіл әлемдік проблемаға айналған соң, халықаралық деңгейде мемлекеттердің күштерін біріктіруді қажет етті. Мұндай бірігу халықаралық-құқықтық негізде мүмкін болатын болды. Сөйтіп, екіжақты және көпжақты келісімдер мен шарттар жасала бастады. Қазіргі уақытта тек қана халықаралық конвенциялардың оншақтысы қабылданған. Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық ұйымдардың қызметтерінің белсенділігі арта түсті. Құқықтық реттеудің екі бағытын атап өту керек: 1) қоршаған ортаға зиянды әсерді шектеу және алдын алу; 2) табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық реттеудің объектісі болып табиғи орта табылады. Халықаралық құқық ең алдымен адамзаттың өмір сүруіне қажетті қоршаған орта элементтерін қорғайды: атмосфералық ауа; өсімдіктер және жануарлар дүниесі, Әлемдік мұхит және оның ресурстары; климат және Озон қабаты.
Халықаралық табиғи ресурстарды пайдалану халықаралық құқықтың нормаларымен реттеліп, әмбебап және бөлінетін деп жіктеледі. Әмбебап нормалармен барлық мемлекеттердің жалпы иелігіндегі ресурстар реттеледі. Оларға Антарктида, ашық теңіз, жер маңайындағы космостық кеңістік, теңіз түбі жатады.
Қоршаған ортаны қорғау проблемларын шешуде қомақы үлесті халықаралық ұйымдар қосады. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық негізгі органдары мен арнайы ұйымдары – Бас Ассамблея, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес; аймақтық экономикалық комиссиялар, Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік және т.б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Байдельдинов Д.Л. ҚР–ң Экологиялық құқығы. Алматы: 2005 ж.
2. Қалмырзаев Ғ. И. ҚР–ғы экологияның құқықтық негіздері. Алматы: 2010ж.
3. Бейбітов М.С., Теңізбаев Т.Т. ҚР – ң Экологиялық құқығы. Алматы:2005ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғау ұғымы, қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық бірлестіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..15

КІРІСПЕ
Халықаралық экологиялық құқық халықаралық жария құқықтың саласы болып табылады және қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығынан тұрады.
Халықаралық экологиялық құқықтың пәні болып хылқаралық экологиялық қатынастар, яғни адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі бойынша қатынастар болады.
Халықаралық экологиялық құқық ХХ ғасырдың 70-80-жылдары құрылды. Оның себебі ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық революцияның дамуымен байланыстырылады. Осының негізінде әртүрлі өндіріс ошақтары ашылып, дамытылды және олар қоршаған ортаны ластай бастады. Бұл ластау кейін мемлекеттік ішкі проблемасы болудан қалып, мемлекеттердің шекарасынан асып, бүкіл әлемдік проблемаға айналған соң, халықаралық деңгейде мемлекеттердің күштерін біріктіруді қажет етті. Мұндай бірігу халықаралық-құқықтық негізде мүмкін болатын болды. Сөйтіп, екіжақты және көпжақты келісімдер мен шарттар жасала бастады. Қазіргі уақытта тек қана халықаралық конвенциялардың оншақтысы қабылданған. Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық ұйымдардың қызметтерінің белсенділігі арта түсті. Құқықтық реттеудің екі бағытын атап өту керек: 1) қоршаған ортаға зиянды әсерді шектеу және алдын алу; 2) табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық реттеудің объектісі болып табиғи орта табылады. Халықаралық құқық ең алдымен адамзаттың өмір сүруіне қажетті қоршаған орта элементтерін қорғайды: атмосфералық ауа; өсімдіктер және жануарлар дүниесі, Әлемдік мұхит және оның ресурстары; климат және Озон қабаты.
Халықаралық табиғи ресурстарды пайдалану халықаралық құқықтың нормаларымен реттеліп, әмбебап және бөлінетін деп жіктеледі. Әмбебап нормалармен барлық мемлекеттердің жалпы иелігіндегі ресурстар реттеледі. Оларға Антарктида, ашық теңіз, жер маңайындағы космостық кеңістік, теңіз түбі жатады.
Қоршаған ортаны қорғау проблемларын шешуде қомақы үлесті халықаралық ұйымдар қосады. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық негізгі органдары мен арнайы ұйымдары - Бас Ассамблея, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес; аймақтық экономикалық комиссиялар, Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік және т.б.

1 Қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғау ұғымы, қағидалары
Табиғатты халықаралық құқықтық қорғау - бүкіл әлем халқы, олар тұратын мемлекеттер үшін өте қажетті шаралардың бірі. Оның себебі ғылым мен техниканың дамуы пайдалы қазбалардың, суды, орманды, атмосфералық ауаны өнеркәсіпте, жол қатынастары, құрал-жабдықтармен қатар қару-жарақтар, атом қаруы мен энергетикасы, космос үшін пайдалану жылдан-жылға арта түсуде.
Мұнай өнімдерін тасымалдаудан мұхиттар мен теңіздерге аққан мұнай жануарлар дүниесіне зиянын тигізуде. Ормандар орынсыз ағаш кесу мен ащы жаңбыр суына ұшырап, көлемі қысқаруда. Атмосфералық ауаға өндірістің улы заттары көптен шығарылады.
Еліміздің орнықты дамуын жан-жақты қамтамасыз етуде қоршаған орта ахуалын, оның сапалық көрсеткішін жан-жақты жақсарту үшін, оған қоса Президент пен Үкімет белгілеген айқын әрі нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуде түрлі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
Әлемдік қауымдастық экологиялық мәселелерді бірлесе шешуге орасан зор күш-жігер жұмсауда, Қазақстан да бұл процеске белсене қосылды. Қазақстан Республикасының Конституциясында халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидалары мен халықаралық келісім шарттардың Қазақстан Республикасының заңдары алдында басымдыққа ие екендігі айтылған.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың толық құқылы мүшесі болды. Бүгінде Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында басқа мемлекеттермен белсенді ынтымақтастық орнатқан.
Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан жаhандық серiктестiктiң негiзiнде мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиiс.
Экологиялық мәселені шешу үшін қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастық принципін қолданудың зор маңызы бар. Шын мәнінде, экологиялық тұрғыда мемлекеттік шекараларды белгілеу жекелеген мемлекетті жалпы ғаламшарлық сипаты бар экологиялық мәселеден босата қоймайды. Бұл арада қоғамдағы идеологияның, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі өзгешеліктің маңызы болмайды. Экологиялық мәселе барлығы үшін бірдей, сондықтан оны шешудің тиімділігі әлемдік қауымдастықтың барлық субъектілерінің бірлескен күш-жігері, осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл принципті жүзеге асырудың құқықтық тетігі халықаралық-құқықтық актілерді қабылдау арқылы қамтамасыз етеді, ал олардың негізінде экологиялық ұлттық құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдау жүргізіледі.
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен Қазақстан Республикасы көптеген нәтижеге қол жеткізе алады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі қоршаған ортаны қорғау төңірегіндегі ынтымақтасу өзара әрекет етудегі көп жақты келісім негізінде, оған 1992 жылы Москвада Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Россия, Тәжікстан, Түркіменстан, Ӛзбекстан өкілдері қол қойған. Келісімге қатысушылар экология және қоршаған ортаны қорғау төңірегінде келісілген саясатты тұрақты жүргізуде, оны жетілдіруде өздерінің территорияларында табиғатты қорғауға бағытталған барлық қажеттілікті жүзеге асырады. Бұл міндет, көбінесе экологиялық заңнаманы үйлестіру жолымен шешіледі. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау аясында Қазақстаның халықаралық ынтымақтастығы және ондағы алатын орны тереңдей түсуде.
Демек, Қазақстан Республикасының табиғи ортаның қауапсiзiдiгiн қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру - Қазақстан Республикасының
экологиялық қауiпсiзiдiгiн, оның ұлттық iргелi стратегиялық бөлiктерiнiң бiр саласы қатарында, сондай-ақ халықаралық интеграциялық процестер қатысушы елдердiң мүдделерi мен басымдылықтарын қорғауды қамтиды.
Қоршаған ортаны, табиғатты ластау нәтижесінде Қазақстанның біраз аймағында өмір сүру қиындап барады. Бұл - халық алдында, келешек ұрпақтар алдында үлкен қылмыс. Сондықтан, заң бұзушылық қоғам үшін қауіпті іс-әрекет деп саналады.
Экологиялық заңдарға сақтаудың маңызды шарты заңды тұлғалар жағынан да, азаматтар тарапынан да табиғатты қорғау және қоршаған ортаны рационалды түрде пайдалану туралы ережелерді бұзғаны үшін мемлекеттік шараларды анықтау болып табылады.
Қоршаған ортаның халықаралық-құқығына - қоршаған ортаны қорғау
мәселесіне және адамдардың бүгінгі және келешек ұрпақтарының игілігі үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қатысты халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығы деген анықтама берілген.
Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың негізгі, нысаналық облыстарын бөлуге болады: қоршаған ортаға зиянды әсер етуді шектеу; табиғи ресурстарды нысаналы (ұтымды) пайдалану режимінің экономикасын белгілеу; табиғи ескерткіштер мен резерваттарға халықаралық қорғауды белгілеу және жүзеге асыру; мемлекеттердің қоршаған орта мәселесіне қатысты ғылыми-техникалық құрылысын реттеу.
Қоршаған ортаның халықаралық-құқығына - қоршаған ортаны қорғау
мәселесіне және адамдардың бүгінгі және келешек ұрпақтарының игілігі үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қатысты халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығы деген анықтама берілген.
Халықаралық экологиялық құқықтың екі жақты мағынасы бар. Бір жағынан, ол - халықаралық ынтымақтастықтың барлық түрлерін реттейтін халықаралық жария құқықтың құрамдас бөлігі. Бұл құқықтық реттеудің қағидалары мен әдістерінің сипаттамасына әсер етеді. Екінші жағынан, ол ішкі экологиялық құқықтың жалғасы болып табылады және халықаралық құқықтық реттеудің мазмұнына өз таңбасын қалдырады. Дей тұрғанмен, ол бірінші немесе екінші құқықтық құрылымға қатысты салыстырмалы даралыққа ие.
Халықаралық экологиялық құқықтың құқықтық реттейтін жеке нысанасы бар - халықаралық экологиялық қарым-қатынастар, олар өзінің мазмұны бойынша халықаралық ынтымақтастық саласындағы басқа қарым-қатынастардан және ішкі экологиялық құқықтың дәл сондай қарым-қатынастарынан ерекшеленеді.
Халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидалары мен нормаларымен қатар, аталмыш құқықтық құрылымның экологиялық қатынастарды реттеудің өзіндік ерекше қағидалары бар. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың конвенциялары, келісімшарттары, мәмілелері, резолюциялары сияқты құқықтық реттеудің жеке көздері бар.
Егер ішкі экологиялық құқық сәйкес мемлекеттің бір еркін білдірсе, онда халықаралық экологиялық құқық екі немесе бірнеше мемлекеттердің, болмаса халықаралық ұйымдардың келісілген еркін білдіреді. Дегенмен, бұл экологиялық-құқықтық еріктер түйіскен кезде, басымдық халықаралық нормаларда қалады.
Халықаралық экологиялық құқық, аталған құқық саласының нысанасын, оның қағидаларын құрайтын - қоғамдық экологиялық қатынастар саласындағы өз қызметінің негізгі бағыттарын айқындауды қажет етеді.
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары дегеніміз - қоғамдық саясаттың нәтижесі ретінде туындайтын субъектілердің басқарушы жағдайлары, халықаралық экологиялық құқықтың заңды бекітілген бастаулары. Халықаралық экологиялық құқықтың қағидасы дегеніміз - барлық субьектілерге міндетті сипаты бар, халықаралық экологиялық құқықтың нормасы.
Әрбір мемлекет, қоршаған ортаның ұлттық жүйесіне қатысты, өзіне қажетті саясат жүргізу құқығын жүзеге асыру кезінде заманауи халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидалары мен нормаларын сақтауға міндетті. Ластануды бір мемлекеттің аумағынан тысқары, үлкен қашықтыққа көшіру мәселесінің шиеленісуімен, халықаралық құқықтың мемлекеттің егемендігін құрметтеу, мемлекеттердің егемендігінің теңдігі, аумаққа қолсұғылмаушылық және бүтіндігі, ынтымақтастық, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, халықаралық-құқықтық жауапкершілік секілді халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидаларын ұстану маңызы арта түседі.
Халықаралық экологиялық құқықтың арнайы қағидалары алғаш рет 1972 жылы, Біріккен Ұлттар Ұйымы адамды қоршаған ортаның мәселелеріне қатысты Стокгольм конференциясының Декларациясында қалыптастырылды.
Бірінші қағидасы: мемлекет қоршаған ортаның мәселелеріне қатысты өзінің ұлттық саясатына сәйкес, өз табиғи ресурстарын пайдалануға құқылы. Оларға өз юрисдикциясы немесе бақылауы шегіндегі қызметтің, ұлттық юрисдикциясынан тысқары жатқан басқа мемлекеттердің немесе аудандардың қоршаған ортасына залал келтірмеу жауапкершілігі артылады.
Екінші қағидасы - ауаны, суды, жерді, флора мен фаунаны және әсіресе, табиғи экожүйелердің репрезентативтік үлгілерін қосқанда, Жердің табиғи ресурстары бүгінгі және келешек ұрпақтардың игілігі үшін сақталуы тиіс дегенге саяды.
Үшінші қағидасы: қалпына келмейтін ресурстар, олардың болашақта ағып кетуден қорғалуы қамтамасыз етілетіндей және халықаралық кеңістіктегі оларды игерудің пайдасын бүкіл адамзат баласы көретіндей етіп игерілуі керек.
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидаларын белгілеуді Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы қолдаған және 1988 жылғы 28 қазандағы резолюцияда жарияланған Бүкіләлемдік табиғат хартиясы жалғастырды. Ол хартияда бірқатар қағидалар көзделген:
- биологиялық ресурстар олардың табиғи қалпына келу қабілетінің шегінде ғана пайдаланылады;
- топырақтардың өнімділігі қорғауға қатысты шараларының немесе ұзақ мерзімді өнімділік және эрозия мен өзін-өзі бұзудың басқа да кез келген түрлерінің алдын алуға байланысты, органикалық түзілімдердің процесінің арқасында сақталады немесе жақсартылады;
- көп қайтара пайдаланылатын ресурстар, оның ішінде су да бар, қайталанып қолданылады немесе рециклденеді;
-- қайта қалпына келмейтін бір реттік пайдаланылатын ресурстар, олардың қорын, тұтыну үшін оларды қайта өңдеудің ұтымды мүмкіндіктерін және табиғи жүйелердің жұмысымен оларды қолданудың сәйкестігін ескере отырып, шекпен қолданылады;
- радиоактивті және улы қалдықтардың төгінділеріне жол бермеу мақсатында ерекше шаралар қабылдануы тиіс;
- табиғатқа түзетуге келмейтіндей ықтимал залал келтіре алатын қызметтен бас тарту керек;
- адамдардың қызметі салдарынан тоқыраған аудандар, олардың табиғи потенциалына және сол ауданда тұратын тұрғындардың игілік талаптарына сәйкес қалпына келтіруді талап етеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы климаттың өзгерісі туралы Рамалық Конвенцияға Рио-де-Жанейрода 1992 жылы 3-14 маусым аралығында өткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоалуантүрліліктің маңыздылығы биологиялық әртүрлілікті сақтау қажеттілігі
Қоршаған орта
Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Қоғамдық бірлестіктердің жалпы сипаттамасы
Коммерциялык емес уйымдар туралы жалпы ережелер
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
Экологиялық сақтандыру туралы
Пәндер