Әл-Фараби
Орта ғасырда Қазақстанның Отырар өңірінде (қазіргі Шымкент облысы) аты бұкіл дүние жузіне әйгілі болған асқан ойшыл, ұлы ғалым, энциклопедияны Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келді. Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті. Әбу Насрдың өз құрбы-құрдастарынан бір ерекшелігі табиғи асқан зеректігі мен өнер-білімге деген таудай талабы еді. Ол сәби кезінен халық аузындағы ертегі-әңгімелерді, жыр-дастандарды, өлең-саздарды тыңдап, ой зердесіне тоқыды. Отырар медресесіндегі оқуды тауысып, ондағы аса бай кітапханадағы қол жазбаларды толық меңгереді. Әбу Наср білімін кемелдендіру, ғылымды терең игеру мақсатымен сол кездегі дүниежүзілік аса ірі мәдени орталық саналатын Бағдад қаласына келеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Птолемей еңбектерін оқып үйренеді. Ғылым негіздерін игеруде еңбек қорлық пен төзімділіктің Әбу Наср үлкен үлгісін көрсетеді. Бір дерек бойынша ол Аристотельдің «Физикасын» 40 рет, «Риторикасын» 200 рет оқыған көрінеді. Ол ана тілімен қатар араб, парсы, грек және басқа бірсыпыра тілдерді білген.
Әл-Фараби 25—30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең де жан-жақты меңгереді, енді өз тарапынан құнды-құнды еңбектер жазып, бұрын белгісіз болып келген ғылыми жаңалықтар, заңдар мен қағидалар аша бастайды. Әбу Наср сол тұстағы ғылым мен өнердің барлық салалары бойынша 150-ден астам еңбек жазған. Оның «Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Органон», «Алмагеске түсініктеме» атты еңбектері ғылымның болашақ дамуына, кемелденуіне үлкен ықпал жасады. Замандастары мен шәкірттері әл-Фарабиды ай-рықша құрметтеп «екінші ұстаз» яғни «екінші Аристотель» деп атаған.
Әл-Фараби өз еңбектерінде дүниені танып білуде адам ақыл-ойының мүмкіндігін жоғары бағалайды, сондықтан дұрыс пайымдау туралы ғылым — логикаға көп мән берді. Ғылым мен философияны жетік білу үшін логика

870-950
Орта ғасырда Қазақстанның Отырар өңірінде (қазіргі Шымкент облысы) аты
бұкіл дүние жузіне әйгілі болған асқан ойшыл, ұлы ғалым, энциклопедияны Әбу
Наср әл-Фараби дүниеге келді. Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында
өтті. Әбу Насрдың өз құрбы-құрдастарынан бір ерекшелігі табиғи асқан
зеректігі мен өнер-білімге деген таудай талабы еді. Ол сәби кезінен халық
аузындағы ертегі-әңгімелерді, жыр-дастандарды, өлең-саздарды тыңдап, ой
зердесіне тоқыды. Отырар медресесіндегі оқуды тауысып, ондағы аса бай
кітапханадағы қол жазбаларды толық меңгереді. Әбу Наср білімін
кемелдендіру, ғылымды терең игеру мақсатымен сол кездегі дүниежүзілік аса
ірі мәдени орталық саналатын Бағдад қаласына келеді. Мұнда ол Аристотель,
Евклид, Птолемей еңбектерін оқып үйренеді. Ғылым негіздерін игеруде еңбек
қорлық пен төзімділіктің Әбу Наср үлкен үлгісін көрсетеді. Бір дерек
бойынша ол Аристотельдің Физикасын 40 рет, Риторикасын 200 рет оқыған
көрінеді. Ол ана тілімен қатар араб, парсы, грек және басқа бірсыпыра
тілдерді білген.
Әл-Фараби 25—30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең де
жан-жақты меңгереді, енді өз тарапынан құнды-құнды еңбектер жазып, бұрын
белгісіз болып келген ғылыми жаңалықтар, заңдар мен қағидалар аша бастайды.
Әбу Наср сол тұстағы ғылым мен өнердің барлық салалары бойынша 150-ден
астам еңбек жазған. Оның Музыканың ұлы кітабы, Ғылымдар тізбегі,
Органон, Алмагеске түсініктеме атты еңбектері ғылымның болашақ дамуына,
кемелденуіне үлкен ықпал жасады. Замандастары мен шәкірттері әл-Фарабиды ай-
рықша құрметтеп екінші ұстаз яғни екінші Аристотель деп атаған.
Әл-Фараби өз еңбектерінде дүниені танып білуде адам ақыл-ойының
мүмкіндігін жоғары бағалайды, сондықтан дұрыс пайымдау туралы ғылым —
логикаға көп мән берді. Ғылым мен философияны жетік білу үшін логика мен
тіл біліміне жүйрік болу керек екенін барынша уағыздайды.
Әл-Фараби — математика мәселелерімен де кеп айналысқан ғұлама ғалым.
Оның ашқан математикалық жаңалықтары жоғары кластарда қарастырылады. Әл-
фараби арифметика мен геометрия барлық ғылымға араласады деген
қағиданы негіздеп, математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия, музыка
мұқтаждарына шебер пайдаланады. Мысалы, ол есептеу жолымен Шолпан
планетасының Күндібасып өту мерзімін алдын-ала біліп, оны дер кезінде
бақылаған.
Бұл оқиға 910 ж. 24 ноябрьде күн шыға байқалған секілді. Әл-Фарабидің
астрономиядағы тағы бір үлкен жаңалығы—ол Марстың жүру жолын мұқият зерттей
келіп, оның дүркін-дүркін ауытқуын ашуы болды.
Әл-Фараби—жұлдыздарға қарап адамның және басқадай жер бетіндегі
оқиғалардың келешегін, тағдырын болжауға ұмтылған сәуегейліктің,
балгерліктің жалған екенін ғылыми негізде дәлелдеп берген оқымысты. Ол
өзінің Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы атты әйгілі еңбегінде зорлықсыз,
бейбітшіл, әділ қоғамның үлгісін болжап сипаттайды. Алайда әл-Фараби мұндай
қоғамды құрудың нақты жолын таба алмады.
Әл-Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған. Ол
домбыра, қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық саздар
шығарған. Ұлы ғұлама ұзақ уақыт шет жерде жүргенде өзінің туған отаны
Отырарды бір сәт те ұмытпаған. Оған оның мына сағыныш өлеңі дәлел бола
алады:
Қашықтасаң туған жер — қалың елім,
Қамығамын сағынып алау денем.
Шаршадым мен, қанатым талды менің,
Шаңғыт жолға сарылып қарауменен.
Қазақ жүздері. Этникалық аумақ.
Кез келген этноәлеуметтік организмнің (ЭӘО) өз аумағы шегінде
экономикалық байланыстардың белгілі бір қауымдастығы болады. Қазақ халқы
мен оның этникалық аумағының құрылу, қалыптасу дәуіріндегі белгілі бір
шаруашылық-мәдени үлп (ШМҮ), этносаяси процестер негізінде қалыптасқан ірі
этноаумақтық тайпалар бірлестіктері (немесе одақтары)-жүздер этноәлеуметтік
организмнің жоғары санаттарының бірі болды. Қазақтар тарихындағы мұндай
бірлестіктер — Ұлы жүз, Орта Жүз және Кіші жүз.
Жүздер халқының негізгі кәсібі Евразия далаларында ерте заманның өзінде-
ақ қалыптасқан өзінше бір шаруашылық-мәдени үлгі-көшпелі мал шаруашылығы
болды. Ал егер этносаяси процестер жайында айтар болсақ олар Қазақстан
аумағындағы мемлекеттік құрылымдардың тарихымен, бірін бірі ауыстыруымен
байланысты, ол жөнінде алдыңғы тарауларда жеткілікті дәрежеде айтылды.
Жүздердің пайда болу себептері туралы әдебиет көп, бірақ олардың ең
ертеректе айтылуы XVII ғасырдың аяғына жатады. Жүздердің тарихымен көптеген
зерттеушілер айналысты және айналысып келеді, ал бұл мәселе жөніндегі
пікірлер әр түрлі. Мысалы, С. А. Аманжолов ертедегі қазақ жері үш жүзге
монғолдарға дейінгі кезеңде— X—XII ғасырларда бөлінді деп санайды. Н. А.
Аристов бұл процесті жоңғар шапқыншылығы дәуіріне жатқызады. Ш. Ш.
Уәлиханов қазақтардың үш жүзге бөлінуі ...өздері көшіп жүретін жерлерде
өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін одақтар құрған... ала-сапыран кезге
(Алтын Орданың ыдырау кезеңіне. — Ред.) байланыстырады.
Ш. Ш. Уәлихановтың жүздер пайда болуының себептері, уақыты туралы
пікірі шындыққа мейлінше жакын, оған кейінгі тарихшылардың көзқарастары да
жақындайды. В. В. Бартольд жүздердің пайда болу себебін қоршаған табиғатқа
байланысты көшпелі мал шаруашылығын жүргізу жағдайларының айырмашылығында
деп біледі. Осындай аудандардың бірі- Жетісу және Сырдарияның орта ағысы,
екіншісі—Сарысу өзені мен Сырдарияның төменгі ағысы, үшіншісі—қазіргі Батыс
Қазақстан аумағы болатын. В. В. Бартольдтің пікірінше, жүздердің құрылуына
да осылайша оқшаулану себеп болған.
В. В. Бартольдтің пікірін М. Вяткин қолдап және одан әрі дамытып,
географиялық фактормен қоса саяси процестер де зор рөл атқарғанын айтты.
Жекелеген ордалардың ерекше саяси одақтар ретінде қалыптасуын... М.
Вяткин ХҮІ ғасырдың аягына жатқызады
Бізде,-деп жазады Т. Сұлтанов,—жүздердің қашан және қалай құрылғаны
туралы нақты мәліметтер жоқ. Шығыстың азын-аулақ деректемелерінле казақтар
туралы ешнәрсе айтылмайды. Бұдан кейін Т. Сұлтанов XVI ғасырдың екінші
жартысында қоғамы ұйымдасуының бір нысаны екінші нысанымен –Ұлы жүйесінің
біртіндеп ауысуы орын алған деп жорамалдайды.
Жүз терминінің шығу тегі туралы нақты пікір және қазақ жүздерінің
пайда болу уақытын анықтаудағы үйлесімді келісім осы кезге дейін болмай
отыр. Қазақстан тарихының осы күрделі де маңызды проблемаларын ашу мен шешу
бөлігі міне осында жатқан болуы мүмкін. Көптеген зерттеушілер қазақ жүзін
арабтың джуз — бір нәрсенің басты бөлігі, тармақ деген сөзімен
сәйкестендіреді. Алайда араб деректемелерінде тайпалар одақтары
(бірлестіктері) аумақтарының бір бөлігі ретіндегі жүздер туралы ешқандай
мәліметтер жоқ. Олар орта ғасырлардың аса ыждағатты тарихшылары Рашид ад-
Дин (ХПІ-ХІVғғ.) мен Фазлаллах ибн Рузбиханидың (ХҮ-ХVІ ғғ.) шығармаларынан
да табылмайды.
Махмұд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған шығармасында Шайбани хан
өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады
делінген. Және одан ері: ...ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап
алды, ол әрі Йуз-Орда ретінде де белгілі, — дейді.
В. П. Юдин Йуз-Орданы қазіргі қазақтардың жүз-ордасына теліп, бұл
арада ертеде йуз терминінің болғаны туралы айтылуы мүмкін, бірақ оны
жүздер уақытымен ешбір байланыстыруға болмайды дейді.
Йуз-орда — жүз-орда қоғамның ұйымдық құрылысын көрсететініне және
өткен кездерге мұқият шолу жасау оның тұп-тамыры Евразия далалары
кеңістігіндегі ертедегі мемлекеттердің құрылысында жатқанын анықтауға
мүмкіндік беретіні күмәнсіз. Б. з. б. III ғасырдың аяғы — б. з. II ғасырдың
басында күш-қуаты кемеліне келген Ғұн державасы екі бөлікке — шығыс және
батыс бөліктеріне бөлінген 24 тайпаның одағынан құралған. Әрбір тайпаның өз
жері болған. Ең маңызды істер жалпы көсемді де сайлайтын жалпы ғұн
кеңесінде шешілген. Ғұн әскерін ондықтарға, жүздіктерге, мындықтарға бөлу
сол кездің өзінде-ақ қалыптасқан.
Мемлекетті екі бөлікке бөлуді ғұн әскерлері құрылысының ондық есебімен
бөліну жүйесін жуан-жуань тайпаларының қуатты одағы, ертедегі түрік
қағанаты қабылдаған. Батыс түрік елінін толис-тардуш, екі қанаты жүйесі
монғол қоғамы ұйымының негізіне алынған Шыңғыс-хан өз империясының, соның
ішінде жаулап алынған жерлердің де әскери жүйесінің негізіне аумақтық және
рулық тұрмыс негізін қалады: шаңырақтардан жүздер, мыңдар, он мыңдар
құралды. Монғолдардың ескі ғұрпы бойынша әскер үш бөлікке: орталық — кэль,
сол қанат немесе сол жақ қол (шығыс жағы) — зюнгар, оң қанат немесе оң жақ
кол (батыс жағы) — бэрунгар бөліктеріне бөлінген.
Боғыршыны оң жақ қолдың (батыс жағының) билеушісі қызметіне
тағайындаған кезде Шыңғыс ханның төменде келтіріліп отырған ...түмен басы
бол да, осы батыс жағын алтын тауларға (яғни Алтайға дейін) басқар деген
сөздеріндегі түмен басы (он мындық әскер корпусының командирі) сөзіне
назар аударыңыздар. Мұқалиді ол сол жақ қолдың (шығыс жағының) түмен-басы
етіп тағайындаған.
Бұл арада түменбасы деген сөзді Шынғыс-хан оның сөзбе-сөз мәнінде
емес (қанатқа бірнеше корпус енген), қайта әскери-аумақтық шен мағынасында
қолданған.
Мұндай әскери мағынадағы әкімшілік-аумақтық бөлініс Алтын Орда
ыдырағаннан кейін де сақталған және қазақ халқының этногенезі мен құрылуы
кезеңінде де сақталғаны күмәнсіз. Кезінде Ақ Орданың Жошы ұрпақтарының сол
қанаты болғанын айтудың өзі жеткілікті. Баһадүр кезінде ол Йуз-Ордаға
сәйкес келеді — бұрынғы ондық жүйе сақталады.
Сонымен, Алтын Орданың ыдырауы мен жаңа этно әлеуметтік организмнің
құрылуы кезеңіндегі әскери-аумақтық құрылымдардың шамамен алынған схемасы
мынандай болған (кеми беретін рет бойынша): Орда—қанат (жақ)-йуз-жүз
(жүздің—қанаттың әлде бір бөлігі мағынасында). Уақыт өте келе монғолдардың
үшке бөлінген әскери-аумақтық ұйымының орнын этноаумақтық құрылымдар басып,
оларда экономикалық-географиялық және этносаяси факторлар ұйымдастыру
негізіне айналады, бұл Иуз-Орда мысалынан көрінеді. Жүзге бөліну принципі
кейінгі мемлекеттік құрылымдар мен Қазақ хандығының негізіне алынған.
К.Л.Пищулина Ақ Орда мен Моғолстан кезеңінде (XIV ғасырдың екінші
жартысы — XV ғасырдың бірінші жартысы) сол мемлекеттер тайпаларының
этникалық тұрақтануы орын алды және Қазақстан халқы этникалық жағынан
барған сайын біртекті, көпшілігі түрік тектес болды... деп жазады.
Қазақстан халқының ХІІІ ғасырда монғолдардың шапқыншылығы үзген этно-саяси
және шаруашылық-мәдени даму дәстүрлері қайта жанданып, екі қазақ жүзінің:
Ұлы (Жетісу және Моғолстанның басты бөліні) және Орта (Орталық Қазақстан
және Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандары) жүздерінің қалыптасу
орталықтарына айналды. Бұған үшінші орталық—Кіші жүз қалыптасқан Батыс
Қазақстанды да қосу керек.
Алтын Орда ыдырағаннан кейін Маңғыт ұлысы едәуір салмаққа ие болды, ол
Едігенің мұрагерлері кезінде (XV-XVI ғғ.) бұл ордада ноғайлар санының өсуі
себепті Ноғай Ордасы деп атала бастады, оның осындай салмақ алуы
маңғыттардың монғол тайпаларының біржола түріктенуі әкеп соқты. Ноғай
Ордасына түрік тайпалары: қыпшақтар, қаңлылар, қоңыраттар, керейіттер,
наймандар, арғындар және басқалар, яғни қазақ халқының құрамына кірген
тайпалар ұйытқы болды. Қазақтар мен ноғайларды тілдерінің жақындығы ғана
емес, материалдық және рухани мәдениеті де туыстастырады. Бұл этностардың
жері де шектес болатын: ...Хвалын теңізі мен Астрахан арасында қазақ
ордалары және Жайықтың басынан Еділге қарай үлкен ноғайлар орналасқан.
Ноғай ордасындағы XVI ғасырдың екінші жартысындағы өзара қырқыстар Ноғай
ордасының ыдырауына, олардың бір бөлігінің Кавказға (Кіші Ноғай ордасы
немесе Кизи ұлысы) көшіп кетуіне әкеп соқты, ал Жайық өзенінде калған
ноғайлар (бұрын 1563 жылы бекзада Жүсіптің балалары өлтірген сұлтан
Ысмайылдың қол астындағылар) қазақ халқының құрамына және оның этноаумақтық
бөлігі — Кіші жүзге кірді.
Қазақтардың ру басыларының сөздерінен жазып алынған әскери қызмет
атқарған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz