ҚР – сы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚР аумағындағы жер қатынастарының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2 ҚР жер заңдарының тəуелсіздік алған кезден бергі тарихы ... ... ... ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
КІРІСПЕ
Жалпы Қазақстандағы жер катынастарын реттеу тамыры терең тарихн өткен шақтан басталады.
Адам қоғамының дамуы кезеңіндегі жер ресурстарын пайдалану сипаты белгілі бір аумақтың табиғи жағдайымен және магериалдық өндірістің бағытына байланысты болып келген. Жерді шаруашылық пайдалану мен айналымға тарту адам қоғамынын дамуындағы құқықтық реттеу жолдарын іздеуге негіз болады.
Жер мәселелері әр кезенде Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердін барлығы үшін негізгі мәселеге айналып отырды. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстан аумағын мекендеген мемлекеттердін негізгі кәсібі көшпелі жөне жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Соның салдарынан жайылым жерлерге мұқтаж болған мал өсірушілер шалғай жерлерге көшіп – конып жүруге мәжбүр болды. Қоғамдық қатынастардың даму сатыларының қай – қайсысын алсақта, жер қорларын пайдалану белгілі аумақтағы климаттық жағдайларға және материалдық өндірістің бағытына байланысты болады. Қазақстанның табиғи – климаттық жағдайы материалдық өндіріс жүйесінің негізгі бағыттарының сипатын анықтады. Сондықтан мындаған жылдар бойы Қазақстан аумағын мекендеген елдер үшін шаруашылықтың негізгі саласы - көшпелі мал шаруашылығы болып саналады. Мал өсіру үшін жайылым жер іздеу негізгі проблемалардың біріне айналып отырды. Сол кезендерде өмір сүрген қоғамдар үшін жер қатынастарын реттеу жүйесінің табиғи және объективті түрдегі қажеттілігі, жер бөліктерін маусымды түрде пайдалану біздің ойымызша негізгі фактор болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Стамқұлов Ə. С., Стамқұлова Г. Ə. ҚР Жер құқығы. Алматы: 2004. – 334 б. 2. Еркінбаева Л.Қ., Айгаринова Г.Т. ҚР Жер құқығы. Алматы: 2010. – 312 б.
3. Сопыханова А.Б. ҚР Жер құқығы. Қарағанды: 2004. – 220 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚР аумағындағы жер қатынастарының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 4
2 ҚР жер заңдарының тəуелсіздік алған кезден бергі тарихы ... ... ... ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..19

КІРІСПЕ
Жалпы Қазақстандағы жер катынастарын реттеу тамыры терең тарихн өткен шақтан басталады.
Адам қоғамының дамуы кезеңіндегі жер ресурстарын пайдалану сипаты белгілі бір аумақтың табиғи жағдайымен және магериалдық өндірістің бағытына байланысты болып келген. Жерді шаруашылық пайдалану мен айналымға тарту адам қоғамынын дамуындағы құқықтық реттеу жолдарын іздеуге негіз болады.
Жер мәселелері әр кезенде Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердін барлығы үшін негізгі мәселеге айналып отырды. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстан аумағын мекендеген мемлекеттердін негізгі кәсібі көшпелі жөне жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Соның салдарынан жайылым жерлерге мұқтаж болған мал өсірушілер шалғай жерлерге көшіп - конып жүруге мәжбүр болды. Қоғамдық қатынастардың даму сатыларының қай - қайсысын алсақта, жер қорларын пайдалану белгілі аумақтағы климаттық жағдайларға және материалдық өндірістің бағытына байланысты болады. Қазақстанның табиғи - климаттық жағдайы материалдық өндіріс жүйесінің негізгі бағыттарының сипатын анықтады. Сондықтан мындаған жылдар бойы Қазақстан аумағын мекендеген елдер үшін шаруашылықтың негізгі саласы - көшпелі мал шаруашылығы болып саналады. Мал өсіру үшін жайылым жер іздеу негізгі проблемалардың біріне айналып отырды. Сол кезендерде өмір сүрген қоғамдар үшін жер қатынастарын реттеу жүйесінің табиғи және объективті түрдегі қажеттілігі, жер бөліктерін маусымды түрде пайдалану біздің ойымызша негізгі фактор болып табылады.

1 ҚР аумағындағы жер қатынастарының тарихы
Қазіргі кездегі Қазақстанның аумағындағы жер қатынастарының ежелгі тарихы -- бұл өте күрделі əрі қызықты да тақырып. Аталған мəселе іс жүзінде əлі де толығымен зерттелмеген. Алайда, бұл тақырып көптеген ғалымдарды, саясаткерлерді, тарихшыларды жəне заңгерлердің ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дəлел ретінде бірқатар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихтың мəліметтерін атауға болады. Қазақстандағы жер қатынастарының тарихы Шығыстың түркі халықтарының қоғамы мен мемлекеттілігінің ерекшеліктерін, қоғамның өндірістік күштерінің сипатын ескере отырып, жүйелі тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.
Жер тайпаның, халықтың, мемлекеттің тіршілігінің негізі жəне олардың шаруашылық қызметінің материалдық базасы болды. Ол мал жəне басқа да мүлік сияқты адам өмірінде аса маңызды мəнге ие болды. Кейбір жағдайларда жер мал мен мүлікке қарағанда құндырақ болатын. Тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасындағы соғыстардың басым көпшілігінің белгілі бір жердегі, аумақтағы билік үшін болуы да бекер емес. Аумақ ретінде пайдаланылатын жерді туған ел деп, ал шаруашылық қызмет үшін пайдаланылатын жерді шаруашылықтың бір бөлігі деп санаған.
Жерге меншік құқығы оны пайдалану құқығы ретінде қарастырылған. Кейбір ғалымдар бұл құқықты əдет құқығы деп санайды. Өз мазмұны бойынша жер пайдалану құқығы жерге меншік құқығымен бірдей болған. Жер пайдаланудың бірнеше нысандары орын алған: бірлескен немесе ұжымдық жер пайдалану, жеке-отбасылық жер пайдалану, ауылдық жəне ауыларалық жер пайдалану жəне т.б. Оларды қазіргі кездегі жер пайдаланудың шарттарымен, алқаптарды, аумақтарды бірлескен пайдаланумен, ортақ-бірлескен пайдаланумен салыстыруға болады. Жер учаскелерін пайдаланушылардың келісімінсіз ол учаскелерді басқа тұлғалардың пайдалануына жол берілмейтін.
Жер кеңістікте шектелген ежелгі мемлекеттің қызметінің негізі болған. Аумақсыз ешбір халық, ешбір мемлекет өмір сүре алмайтын. Үлкен аумақтарды біздің заманымызға дейінгі бірқатар мемлекеттер -- қазіргі ата-бабалары -- сақтардың, қаңлылардың, үйсіндердің жəне ғұндардың мемлекеттері иеленген.
Неолит дəуірінде тайпалар аңшылықпен жəне балық аулаумен, мал шаруашылығымен жəне жер өңдеумен айналысты.
Қола дəуірінде, б.з.д. ІІ-мыңжылдықта шаруашылық жүргізудің мал шаруашылық жəне жер өңдеу түрлері қалыптасты, жақсы дамыған металлургия да болды.
Б.з.д. ІІ-мыңжылдықтың басында Еділ жағалауындағы, Арал маңындағы, Қазақстандағы жəне Алтайдағы далалық тайпаларда кешенді мал шаруашылығы жəне жер өңдеу шаруашылықтары қалыптасты. Бұл кезеңде олар бұрынғы көшпенді өмірден бір жерде тұрақты қоныстауға ауыса бастады. Андронов мəдениеті, қаңлылардың, үйсіндердің, сақтардың, Алтайдың, Жетісудың жəне т.б. мəдениеттері пайда болды.
Орта Азия жəне оның ішінде қазіргі кездегі Қазақстанның аумағы туралы алғашқы мəліметтерді Қытайға осы елдің елшісі Чжан-Цяню немесе Чан-Чуню жеткізді. Ол б.з.д. 138 жылы Орта Азияға келіп, 126 жылы Қытайға қайтқан. Оның қол жазбаларында Орта Азия мен Қазақстанның аумағында төрт тайпа -- үйсіндердің, қаңлылардың, яцайлардың жəне яццылардың мекендегендігі туралы жазылған.
Үйсіндер мен қаңлылар туралы көбірек мəліметтер келтірілген. Нақты айтқанда, қаңлылардың бес кіші князьдықтары болған. Бұл мемлекет б.з.д. І мыңжылдықтың соңы -- б.з. І мыңжылдықтың басында Оңтүстік Қазақстанның кең аумағында пайда болды. Ол Шығыстың аса ірі мемлекеттерінің бірі болған. Қаңлылар мемлекетінің билігі шығыста Талас пен Ферғанадан солтүстік-батыста Оңтүстік Аралға дейін, солтүстікте Орталық Қазақстанның далаларынан оңтүстікте Орта Азияға дейін таралған. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, бұл мемлекеттің аумағында жер өңдеуші-мал шаруашылығы мəдениеті болған. Адамдар ауылдар мен қалашықтарда өмір сүрген.
Үйсіндердің патшасы Гунмо Чилу қаласында (Шу өзенінің жоғарғы тұстарында) өмір сүрген. Үйсін халқы жер өңдеумен айналыспаған, олар малмен көшіп-қонған. Күнделікті өмірде ғұндарға ұқсас өмір салтын ұстанған. Үйсіндер иелігінде көптеген жылқылар болған; байларында 4 мыңнан 5 мыңға дейін жылқы басы болған.
Су-Е (Шу) өзенінің жағалауында Тоқмақ қаласы болған, оның аумағы алтыдан жетіге дейін ли құраған; бұл қала əртүрлі патшалықтардан келетін саудагерлердің кездесу орны болған. Су-Е өзенінен батыста онға жуық қалалар орналасқан, оларды бір-біріне тəуелсіз, алайда ту-киюға т(үркілерге) бағынатын бастықтар басқарған.
Су-Е өзенің жағалауындағы қала мен Кио-Шанг-На (Касанпа) патшалығының арасындағы кеңістікте орын алған мемлекет Су-ли деп аталған, оның халқы да, жазбасы да, тілі де осы атауды (су-ли) иеленген.
Негізгі жазбалық белгілер аз болған; олардың жалпы саны 32 əріпке теңелген, бұл əріптер тоб біртіндеп көптеген сөздердің пайда болуына алыа келген.
Халықтың бір бөлігі жер өңдеумен, ал екінші бөлігі саудамен айналысқан. Су-Е өзенінен батысқа қарай төрт жүздей ли жүрген елші Мынг-Булакка (Мың бұлақ) жеткен. Оңтүстікте ол қарлы таулармен, ал үш жағынан біртектес далалы аймақпен қоршалған.
Жері аса құнарлы, сулы, ал орман өсімдіктері аса керемет екен. Түркілердің Ту-Киу ханы əр жыл сайын осы жерге жаздың ыстығынан демалуға келеді екен. Мың бұлақтан Таласқа келдім, оның аумағы 8 ден 9 лиға дейінді құрайды екен. Бұл жерде Конг-Ю қаласы бар, оның аумағы 5-6 лиді құрайды, бұл аймақтың жері құнарлы, ормандар мен бау-бақшалары аса көп.
Бұл сипаттамалардан көрініп тұрғандай, Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген халық сол кезде жер өңдеумен жəне мал шаруашылығымен айналысқан, сонымен қатар, жайылымдық алқаптарға, елді мекен жерлеріне, бау-бақшаларға, жүзімдіктерге, дəнді дақылдарды егуге арналған егістіктерге ие болған. Жердегі шаруашылық жүргізудің сипаты мен оны нысаналы пайдаланудың түрлері жер учаскелерінің нақты меншік иелері мен жер пайдаланушылары болғандығын дəлелдейді. Қалалар мен елді мекендердегі жерлер əдет құқығының негізінде пайдаланылмайтын, олардың нақты меншік иелері мен жер пайдаланушылары болған, сонымен қатар, кейбір жер учаскелері жалға берілетін.
Алматы облысы Кеген ауданының Ақтас ауылындағы қыстаудың қазбалардан табылған заттар үйсіндер мемлекетінде жер өңдеудің болғанын дəлелдейді. Бұл жерлерден жерді өңдеу құралдары (тас құралдар) жəне бидайды өңдеу құралдары табылған. Бұл қыстаудың айналасын зерттеу кезінде жалпы көлемі 10 х 15 метр шаршыны құраған учаскені өңдеудің іздері жəне суғару арықтарының қалдықтары табылған.
Мұндай қарапайым суғару жүйелерінің іздері Жоңғар Алатауының етегінен, Іле мен Таластың алқаптарынан да табылған. Дəнді дақылдарды егу туралы мəліметтер де бар.
Үйсіндер мен қаңлыларда тұрақты қоныстану мен жер өңдеу б.з.д. І-ғасырлардан б.з. ІІІ-ІV-ғасырларына дейін сақталды жəне бақшалық, жеміс-жидектік жер өңдеу түрінде одан əрі дамыды.
Жер өңдеу оларда басты салаға айналды. Жер өңдеумен тек ауыл адамдары ғана емес, қалалықтар да айналысты. Олардың қала сыртында жер учаскелері болған.
Шу жəне Іле алқаптарында көптеген суармалы ағаштардың, егілетін жер дақылдарының, арық жүйесі арқылы жасанды суғарудың болғандығы жөніндегі археологиялық мəліметтер жəне жазбаша қайнар көздер бар. Жер суғару Сырдария, Арысу, Шу жəне Іле өзендерінің алқаптарында жақсы дамыды.
Жазбаша, археологиялық мəліметтерге көз жүгіртсек, жай азаматтардың, бектердің, байлардың, қағандардың, жабғұлардың жəне хандардың жəне хан ордасындағы адамдардың жер пайдалануы мен меншігінің түрлі нысандары болған. Хандар мен хан ордасының адамдары жер пайдалану мен меншігінде ғана емес, жер байлығын басқаруда да артықшылық құқықтарды иеленген. Жайылымдық учаскелердің иелері болып табылмайтын тұлғаларға малды жаю үшін белгілі бір жайылымдарды пайдалануға тыйым салынған.
Жер қатынастарын реттеуде əдет құқығы қолданылды. Оның нормаларына сəйкес, тайпаның, отбасының жер пайдалану құқығы мен жерге меншік құқығының объектісі тек пайдалану объектісі ғана емес, мұрагерлік объектісі ретінде де танылған.
Тарихта бұл кезең феодализм кезеңімен сəйкес келеді. Феодалдық жер қатынастарының дамуын көптеген қазақстандық жəне шетел ғалымдары зерттеген.
Ғалымдардың жер қатынастарының тарихына қатысты көзқарастары алуан түрлі. Олардың меншіктің түрлері жəне нысандары, жерге жеке меншік құқығы жəне жер қатынастарының басқа да мəселелері туралы ойлары түрліше.
Бұл кезеңдегі өндірістік қатынастардың сипаты қазақ ауылдарында аумақтың топырақтық-климаттық жағдайларына байланысты жер пайдалану мен жерге меншіктің түрлі нысандары болғандығын көрсетеді. Осы жағдайлардың нəтижесінде көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығы басты рөлді иеленді.
Мұндай аймақтарда жеке меншікті халықтың аз ғана бөлігі иеленді. Бұл жерлерде басты меншік нысаны болып жерге қауымдық меншік танылды.
Оңтүстік облыстарда халықтың негізгі бөлігінің жер пайдалану жəне жеке меншігінің барлық нысандары болды, сонымен қатар, бұл аймақтарда мемлекеттің биліктік құрылымдарының өкілдерінің (хандар, билер жəне т.б.) де жерге жеке меншік құқығы танылды.
Қауымдық жəне рулық меншіктен басқа халықтың, ірі байлардың, феодалдардың жайылымдарға, егістіктерге, жайлауларға қатысты отбасылық меншігі де болды.
Кейбір ғалымдар көшпенді халықтарда жерге феодалдық меншік болмады деп тұжырымдап, К.Маркстың бұл жерлерде жерге емес, тек малға ғана иелік орнайды, бірақ, əрбір тоқтаған жерлерінде олар тұрғылықты жерді бірлесе пайдаланған деген сөзіне сілтеу жасайды. Алайда, тарих басқаны дəлелдейді. Жерді құқық объектісі ретінде бөлу туралы тарихшы Əбілғазы айтқан, ол Бату ханның жауланған жерлерді өз ұлдарының арасында бөліп беретіндігі туралы жазған.
Берке ханның ұлы хан атағын алған соң, барлығына сыйлық таратып, Бату-хан берген жерлерді өзінің ағалары мен бауырларына бөліп берді. Нəтижесінде, ханның ұлдары, Шыңғыс ханның ұрпақтары, ұлы мемлекеттерді, гүлденген жайылымдарды иеленді.
Ақсақ Темір Тоқтамысқа қамқор болып, оған Сауран мен Сығанақтың (Оңтүстік Қазақстан) бүкіл жерін жеке меншікке берді. Ал кейін ол екеуі өзара жауласқан кезде Ақсақ Темір Тоқтамысқа қарсы ақсүйектерге жер тарту етті. Мысалы, Темір Джалал-Бахадурға Тоқтамыстың əскерлерімен соғыстағы ержүректігі үшін Лен аймағының басым көпшілік жерін сыйға тартты.
Жəңгір ханның билігі тұсында хандықтың аумағын құраған жеті миллион ондықтың төрт жарым миллион ондығы жиырма отбасының айрықша билігіне берілді.
Хандардың жерге жеке меншік құқығының ерекшелігі болып олардың сол аумақтағы жоғарғы иеленуші екендігі жəне өздеріне бағынысты аумақтың шегіндегі жер учаскелерін тарату функциялары табылды.
Ру ақсүйектерінің өкілдері өз иелігі шегінде жайылымдардың меншік иесі болды.
Жер туралы руаралық даулар екі тараптың өздерімен шешіле алмаған жағдайда, олар ханға жолданатын. Ханның шешімі шағымдануға жатпайтын.
Қатардағы шаруалардың жер иелігі қауымдық негіздерде жүзеге асырылды. Шаруалар жерді жеке-жеке емес, салыстырмалы түрде шағын ұжымдарға -- ауылдық қауымдарға біріге отырып пайдаланды.1 Əрбір ауылдық қауым белгілі бір жайылымдарды тұрақты немесе мезгілдік пайдалану құқығын иеленді, бұл жайылымдарды басқа жер пайдалану субъектілерінің пайдалануына тыйым салынатын.
Кейбір ғалымдар жерге меншік құқығының болғанын жоққа шығармайды. Мысалы, Г. Гвардевский былай дейді: Халықтың əрбір бөлігі көшпенді жерлерді өздерінің тікелей меншігіне алады. Қырғыздар "бұл жерлерде біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген" деп айтады.
Кейбір ғалымдардың тұжырымдауынша, қазақтар жер өңдеумен айналысты, алайда, хандықтың аумағының əр аймақтарында жер өңдеудің дамуы түрліше болған: көптеген аймақтарда жер өңдеу шаруашылығы əлсіз дамыды, кейбір жерлерде тіпті болмады да. Алайда, кейбір аудандарда жер өңдеудің шаруашылық маңызы зор болды, мұндай аудандардың қатарынан ежелден жер өңдеу мəдениеті қалыптасқан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның аймақтарын атауға болады.
Ал тұрақты жер өңдеумен ежелден жер өңдеу шаруашылығын меңгерген адамдар айналысты.
Орыс үкіметінің ХVІІ ғасырдың 90-жылдарындағы елшісі қазақ ханы Тəукенің жерінде нан, оның ішінде, бидай, сұлы көп екен деп жазған.
М.П. Вяткин Сырдарияның алқабында жер өңдеуші-егіншілердің тұрақты шаруашылақтары болған деп атап өткен.
Алайда, бұл жағдайда да жер өңдеу мал шаруашылығымен бірлесе дамыған. ХVІІІ ғасырда байлар жер өңдеуге немқұрайдылықпен қараған. Олардың шаруашылықтары тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана сауда жəне өнеркəсіптік мақсаттарда жер өңдеуге кең көлемде ауысты.
Қазақ жерінің патшалық Ресейге қосылуымен байланысты үкімет бұл жерлерді Ресей мемлекетінің меншігі ретінде жариялады. Қазақ билердің, мемлекет басшыларының жер меншігі жойылды. Қазақ ауылдарындағы жер қатынастарын реттеудің əдет құқығы нормаларына негізделген тəртібі кейбір шектеулермен сақталды.
Хан билігі жойылды, жергілікті халық колониалдық басқару органдарына бағынды.
Жер қатынастарын реттеуде біршама өзгерістер орын алды, меншік пен жер пайдаланудың жаңа нысандары пайда болды.
Жергілікті халық тұратын жерлер мемлекеттік деп танылып, оларға қоғамдық пайдалануға берілді.
Патша үкіметі Қазақстан мен Орта Азияда жаңа жер-құқықтық режимін бекіте отырып, осы аумақтарда өзінің билігін орнатып, отарлау саясатын жүзеге асыруға тырысты.
Ресей казак əскерлері мен басқа да отарлау элементтеріне арналған жерлер үшін ерекше құқықтық режимді бекітті. Осы мақсатта қазақтардан тартып алынған ең жақсы жерлерде казак əскерлері мен Ресейден көшіп келген халық орналастырылды.
Жергілікті халықтың көптеген миллион жерлері тартып алынды, бұл халық үшін орны толмайтындай зияндар туғызды. Жергілікті халықтың пайдалануында жер өңдеу үшін ғана емес, тіпті, кейде мал жаюға да жарамсыз сазды жəне құмды жерлер, қамысты жерлер мен тау етегіндегі жерлер қалды.
Жергілікті байлар, шенеуніктер, билеушілер мен сұлтандар кейбір артықшылықтарды пайдаланды. Олар жерге жеке меншік құқығын иеленді, бұл меншіктің бір нысаны болып таңдаулы тұлғаларға берілетін жерлер табылды.
Жергілікті халық жерге меншік құқығын əдет құқығы нормалары бойынша иеленді.
Қазақстандағы Ресей үкіметімен бекітілген жерлердің құқықтық режимі Ресейдің өз жерлерінің құқықтық режимінен ешбір айырмашылығы болмады. Жер реформасы Ресей мемлекетімен бекітілген жер құрылымына сəйкес жүргізілді.
Жерге деген мемлекеттік жəне помещиктік меншік өзінің мəні бойынша біртектес болып келді. Азаматтық айналымнан алынбаған қазналық жерлердің жеке меншікке өту жолы оңай болды.
Қазақстанның шалғай даласында тұратын көшіп-қонушылардың жағдайлары мен олардың Ресейдің орталық губернияларында тұратын отандастарының жағдайларынан айтарлықтай айырмашылықтары болған жоқ.
Жердің құқықтық режимі əртүрлі үкімет актілерімен реттелді. 1922 жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы, 1844 жылғы Орынбор қырғыздарын басқару туралы ереже, 1891 жылғы Орал, Торғай, Ақмола жəне Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже, 1867 жылғы Пайдалану жəне иелік ету туралы жəне Жетісу жəне Сырдария облыстарын басқару жағдайын анықтау туралы, 1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару туралы ереже жəне т.б. 1891 жылғы қабылданған Ережеге сəйкес барлық ормандар мемлекет меншігінде деп жарияланды.
Патша билігі жайылымдық жерлерді бос жерлер деп санады. Көшіп-қону басқармасының алдына мынадай міндет қойылды -- жергілікті халықтың осындай жерлерін қысқартудың есебінен көшіп-қону қорын көбейту. Мал шаруашылығының айрықша ерекшеліктерімен, қажеттіктерімен санаспай билік құрылымдары жергілікті еңбек шаруа халқының жер пайдалану нормаларын аяусыз қысқартты.
Семей, Павлодар, Қарағанды уездерінде 1882-1883 жылдары жиналған жəне 1886 жылы Семейде жарияланған П.Е. Маковецкийдің қазақтардың əдет құқығы бойынша материалдарында тұрғылықты халықтың жартылай көшпенді өмірі сипатталады. Бұл кезеңде жартылай көшпенді қазақтар мекендеген жерлер жаздық (жайлау), күздік (күзеу) жəне қыстық (қыстау) жайылымдар деп бөлінді. Жайлаулар, бұрынғы дəстүр бойынша, барлық қазақтардың меншігінде болды жəне кез келген адам өз малын кез келген жерде жая алатын.
Бұл материалдардан Қазақ халқын басқару бойынша уақытша ережені (21-қазан 1868 жыл) енгізумен жазғы көшу жерлері уездер мен болыстықтардың арасында бөлінгені байқалады.
Қазақтардың жартылай көшпелі шаруашылығының негізгі сипаты болып күздік жайылымдардың, қыстаулар мен жақын жердегі шөптердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
Рента шартының шарттардың бір түрі ретіндегі құқықтық аспектілері
Валюталық қатынастар
ҚР валюта жүйесі
Жер қойнауы жерлерін құқықтық қорғау
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Валюта жүйесі
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Пәндер