Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Бюджеттің құрылымы, кіріс бөлігі, салық және басқа да түсімдер . . . 4
2 Бюджеттік - құқықтық қатынас және реттеу тәсілдері . . . 8
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11
КІРІСПЕ
Бюджеттiк құқықтар кез - келген бюджеттiк құқық субъектiсi мәртебесiнiң бөлiнбейтiн элементi болып табылады. Осы құқықтар жүйесi арқылы субъектiлердiң бюджет жүйесiн қалыптастырудағы және олардың бюджет қызметiн жүзеге асырудағы қатысы анықталады.
Бюджет мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны. Ол экономикалық ақшалай қатынастарды білдіріп, мемлекеттің орталықтандырылдған ақша қорларын қалыптастыру мен қолдану үрдісін білдіретін экономикалық қатынастарды білдіреді. Бюджеттің негізгі қызметі:
- ұлттық табысты қайта үлестіруді қамтамасыз ететін құрал;
- әлеуметтік қызмет;
- экономикалық қызмет;
- бақылау.
Жалпы бюджеттiк құқықты екi мағынада қарастыруға болады: бiрiншi мағынада бюджеттiк құқықты бюджетке байланысты қатынасқа түсушi субъектiнiң заңмен белгiленген, жүзеге асыруға құқылы iс-әрекеттерi ретiнде түсiну керек; екiншi мағынада бюджеттiк құқықты қаржылық құқықтық бюджетке байлансты туындайтын қарым-қатынастарын реттейтiн құқық нормалары ретiнде түсiну керек.
Бюджеттiк құқықтың теориялық проблемалар қатарына оның түсiнiгi, пәнi, жүйесi және тәсiлдерi кiредi.
Бюджеттiк құқықтың түсiнiгiне келсек, заң әдебиеттерiнде ондаған түсiнiк берiлгенiн ескеру керек. Олардың көптiгi белгiлi бiр заңдылықтарды анықтауға және осы көзқарастарды үш топқа бөлуге мүмкiндiк бередi.
«Бюджеттiк құқық дегенiмiз - мемлекеттiк бюджеттiң құрылуына және үлестiруiне байланысты туындайтын қарым-қатынастарды реттейтiн қаржылық құқықтың бөлiмi». Бюджеттiк құқық түсiнiгiн құқықтық реттеу пәнi арқылы берсек те немесе оған кiретiн институттардың құрамы негiзiнде берсек те бюджеттiк құқықтың жүйесi туралы сұрақ өз алдына қызығушылықты туғызады. Осыған байланысты пiкiрлердiң көптiгiне қарамастан негiзiнен келесi институттар жиi айтылады: бюджет құрылымы; бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарына байланысты нормалардың жиынтығы; бюджеттiк процесс.
Бюджет құқығын қарастырғанда оның реттеу пәні маңызды қызмет атқарады. Бюджет құқығының реттеу пәні ретінде бюдже қалыптастыру мен пайдалану кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды айтуға болады.
1 Бюджеттің құрылымы, кіріс бөлігі, салық және басқа да түсімдер
Бюджет термині көне норманд сөзі «bougette» - қалта, дорба, былғары қап деген мағынаны білдіреді.
ҚР бюджет Кодексіне сәйкес бюджет деп мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қорын айтамыз.
Негізінде бюджет терминін ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты төрт мағынадан тұрады:
- материалдық мағынада: бюджет - мемлекеттің шығыстарын жұмсауға арналған жалпы мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры;
- экономикалық мағынада: бюджет - жалпы мемлекеттік орталықтандырылған немесе жергілікті ақша қорларынан тұратын экономикалық қатынастардың жүйесі;
- қаржылық - ұйымдастыру мағынада: бюджет - мемлекеттің немесе жергілікті өкілді органдарының ақша қорларын пайдаланылуын ұйымдастырудың негізгі қаржы жоспары;
- құқықтық мағынада: бюджет - қаржы жоспары ретінде кіммен бекітілгеніне байланысты: республикалық бюджет - Парламент қабылдаған заңмен бекітіледі, жергілікті бюджет - мәслихат шешімімен бекітіледі.
Бюджеттің басқа ақша қорларынан ерекшелігі:
- бюджет өзінің ақша көлемімен өте үлкен ақша қоры;
- бюджет мемлекеттің мақсаты мен қызметін қаржыландыруға арналған ақша қоры.
Бюджет Кодексінде бюджеттің үш түрінің түсінігі берілген:
- Бекітілген бюджет - ҚР Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бекіткен, тиісті қаржы жылына арналған бюджет;
- Нақтыланған бюджет - ҚР Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бюджеттің атқарылуы барысында енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекіткен, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет;
- Төтенше бюджет - төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше жене соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталык уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы ҚР Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетке мемлекеттің барлық ақша ресурстары кіреді. Төтенше бюджет атқарылуы кезінде республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы тоқтатылады.
Бюджетті «қазына» деген сөзден айыра білу керек. Республикалық қазынаға республикалық бюджет, мемлекеттің алтын қоры, мемлекеттің қол астындағы табиғи ресурстары, мемлекеттің мүліктері жатады.
Жергілікті қазынаға - жергілікті бюджет және оның коммуналдық мүліктері жатады. Яғни, бюджет қазынаның бір бөлігі болып табылады.
Бюджет Кодексінің 13 - бабына сәйкес бюджет құрылымына мыналар жатады:
- кірістер;
- шығындар;
- операциялық сальдо;
- таза бюджеттік кредит беру;
- қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
- бюджет тапшылығы;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру.
1. Бюджеттік кірістер деп салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес ақша көздерін айтамыз.
Олардың құрамында:
1. Салықтық түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер.
2. Салықтық емес түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген негізгі капитал, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Бюджет кодексімен белгіленген бюджетке төленетін міндеттері, қайтарылмайтын төлемдер, сондай - ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.
3. Негізгі капиталды сатудан түскен ақша көздері:
а) мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түскен акша;
ә) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының зандарына немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерін өзге құқықтық нысандарда өткізуден түскен ақша;
б) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түскен ақша;
в) мемлекеггік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша.
4. Ресми трансфертгер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, ҚР Ұлттық қорынан бюджетке түскен трансферт түсімдері (өтеусіз және қайтарылмайтын төлем) . Трансферт деп шетел валютасын немесе алтынды бір елден екінші елге аудару немесе бір шоттан екінші шотқа ақша аудару қызметін айтамыз.
Бюджеттік шығындар - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты.
Оның түрлері:
а) мемлекеттік мекемелердің қызметін камтамасыз ететін шығындар;
ә) тұрақты сипаты жок іс - шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
б) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар;
в) жеке тұлғаларға акшалай төлемдер; г) ресми трансфертгер;
ғ) занды тұлғаларға арналған субсидиялар;
д) мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындар.
Операциялық сальдо - бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Оның түрлері:
1. Теріс операциялық сальдо - бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сома;
2. Он операциялық сальдо - бюджет кірістерінің бюджет шығыстарынан асып түскен сома.
4. Таза бюджеттік кредит беру. Жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджетке қайтарымды түрде берілетін ақша сомасы.
5. Қаржы активтерінен жасалатын операциялар:
а) қаржы активтерін сатып алу - занды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздарын меншікке сатып алу;
ә) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер.
6. Бюджет тапшылығы - шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуі. Ол бюджеттің теріс сальдосына тең болады. Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік - экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет профициті - бюджет түсімдерінің жалпы сомасының шығыстар көлемінен асып түсуі.
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.
Бюджеттік қызмет деп жалпы мемлекеттің орталықтандырылған акща қорларының калыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің іс - әрекетін айтамыз.
Осы бюджеттік қызметті орындау барысында бюджеттік - құқықтықт қатынас пайда болады.
Бюджеттік қызмет белгілі бір әдістер арқылы жүзеге асырылады: а) қалыптастыру; ә) бөлу; б) пайдалануды дұрыс ұйымдастыру.
Бюджеттік қалыптастыру әдістеріне мыналар жатады:
- ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі және қайтарымсыз түрде алу. Мысалы, салық салу кезінде;
- ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі, бірақ қайтарымды түрде алу. Мысалы, кәсіпорындар мен ұйымдардың баланстарындағы қаражаттарын міндетті түрде банк мекемелерінде сақтаулары;
- ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымсыз түрде жұмылдыру (өз еркімен, ақысыз, тегін түрде) . Мысалы, азаматтардың және занды тұлғалардың қайырымдылық көмек негізде мемлекетке өз ақшаларын берулері;
- ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымды түрде жұмылдыру. Мысалы, бюджет кірістерінің түсім көзі болып есептелетін мемлекеттік заемдар, халықтық жинақ банктерінде сақталатын қарыз беру көзі болып табылатын халықтың ақшалай аманаттары (салымдары) ;
- ақша қаражаттарын мемлекеттік қызметті жүзеге асыру немесе айрықша құқық беру негізінде тарту;
- мемлекеттік қордың басқарушысының өз шаруашылық қызметінен түскен табыстарын пайдалану;
- эмиссия, айналымға жаңадан ақша немесе бағалы қағаздар шығару.
Бюджеттік бөлудің негізгі әдістері мыналар:
- қаржыландыру, яғни бюджеттен нақты алушыға бөлінетін ақша қаражаттарын біржола тегін беру;
- несиелеу, яғни белгілі бюджеттен алушыға бөлінетін ақша қаражаттарын қайтарып алу шартымен, ақылы түрде уақытша пайдалануға беру.
Үшінші негізгі әдістің бірі, бюджетті пайдалануды ұйымдастыру әдістері:
- бюджетті пайдалану бағыттарын белгілеу;
- бюджеттен алынған қаражаттарды пайдалану тәртібін белгілеу;
- бюджетті пайдалануды жоспарлау;
- бюджеттің пайдаланылуына бақылау жүргізу.
2 Бюджеттік - құқықтық қатынас және реттеу тәсілдері
Бюджет құқығы қаржы құқығының ең басты тарауының бірі болып табылады. Бюджет құқығы деп мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, бөлу және дүрыс пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық, қатынастарды зерттейтін қаржы құқығы институтын айтамыз.
Бюджеттік - құқықтың реттеу әдістері:
а) императивті;
ә) диспозитивті.
Бюджет құқығы нормаларының түрлері:
а) материалдық - бюджет жүйесін, бюджет кірістері мен шығыстарын реттейді;
ә) процессуалдық - бюджет процесін (рәсімін) реттейтін нормалар.
Бюджет құқығының жүйесі:
Жалпы бөлім:
а) бюджет құрылысы;
ә) бюджет саласындағы басқару;
б) бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері;
в) бюджеттік бақылау.
Ерекше бөлім:
а) бюджет кірісінің құқықтық негіздері;
ә) бюджеттік шығыстардың құқықтық негізі;
б) мемлекеттік несиелеудің құқықтық негізі.
Бюджеттік - құқықтық, қатынас деп бюджет құқығы нормаларымен белгіленген мемлекеттің бюджет қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды айтамыз.
Бюджеттік құқықтық қатынастың өзіне тән ерекшелігі:
- ол мемлекеттің бюджет қызметі барысында пайда болады;
- материалдық объектісі ретінде ақша болады;
- негізгі субъектісі - мемлекет;
- ол тек бір жыл ғана қызмет жасайды;
- мемлекет тарапынан ол өктем сипатта болады.
Бюджеттік - құқықтық қатынас түрлері:
- Материалдық - ақша қаражаттарының тікелей біржақты қозғалысын көрсетеді.
- Ұйымдастырушы - бюджет жүйесінің барлық құрамды бөлімдерінің өзара бірқалыпты іс - әрекет жасау процесін және бюджеттік бақылау мен жоспарлау істерін жүргізуді қамтамасыз етеді.
Бюджеттік құқықтық, қатынас субъектілерге: мемлекет, жергілікті әкімшілік территория, мемлекеттің өкілді және атқарушы органдары, заңды тұлғалар, жеке тұлғалар.
Бюджеттiк реттеу тәсiлдерi келесi түрде болады:
- шығыстарды бюджет жүйесiне кiретiн жекелеген бюджеттерге үйлестiру;
- жекелеген бюджеттердiң тұрақты бекiтiлген кiрiстерiн анықтау;
- жекелеген бюджеттердiң реттеушi кiрiстерiн анықтау;
- бюджетаралық дотация;
- бюджетаралық несиелендiру.
Бюджет құрылымына келесi түрде анықтама беруге болады. «Бюджет құрылымы дегенiмiз - мемлекеттiң бюджет жүйесiнiң ұйымдастыру құрылысын және негiзгi бөлiктерiнiң өзара әрекеттесуiн анықтайтын құқықтық институты». Бiр жағынан бюджет құрылысы бюджет жүйесiн ұйымдастырудың және оны қалыптастырудың негiзгi қағидаларын белгiлейдi. Ол қағидаларға тұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық, әр бюджеттiң тәуелсiздiң қағидалары жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz