Төтенше жағдайдағы объектілер жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары


ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚР ТЖМК - ң атқаратын қызметі . . . 4

2 ТЖ - ғы объектілер жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары . . . 6

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11

КІРІСПЕ

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты президент немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т. б. жағдайларда жарияланады. Төтенше жағдайды жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады.

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай. Төтенше жағдай аймағы бұл төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

1 ҚР ТЖМК - ң атқаратын қызметі

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi, азаматтық қорғанысты, өрт және өндірістік қауіпсіздік саласындағы салааралықты үйлестіруді, төтенше жағдайларды ескерту мен алдын алудың мемлекеттік жүйесінің қызмет етуін және одан әрі дамуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік материалды резервті қалыптастыруды және дамытуды, өртті сөндіру және дер кезінде хабардар етуді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырушы уәкілетті орган.

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министр - Божко Владимир Карпович.

«ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік туралы» Ереже Төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн авария, зiлзала және апатты ескерту мен алдын алу үшін, Қазақстан Республикасында Төтенше жағдайларды ескерту мен алдын алудың Мемлекеттік жүйесі (ТЖМЖ) құрылды.

ТЖМЖ негізгі міндеттерінің бірі- қоршаған ортаға мониторинг жүргізу және метерологиялық деректерді болжау туралы халықты хабардар ету.

Қоршаған орта жағдайын бақылау мына күштер мен құралдар арқылы жасалады:

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар, соның ішінде гидрометеорология мен табиғи ортаның ластануы мониторингінің қызметі;

Сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінуді болжаудың республикалық жүйелерінің қызметтері;

Сел, сеңдер мен көшкіндер мониторингі қызметтері;

Орман және дала өрттері мониторингі қызметтері.

Табиғи төтенше жағдайларды болжау бойынша Қазақстан Республикасының орталық уәкілетті органдарының атқаратын қызметі:

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының территориясында сейсмикалық бақылауды ұйымдастыру.

- Жер сілкіну болжаудың сенімді тәсілін жасау және енгізу, бірінші кезекте қысқа мерзімді;

- Сейсмикалық қауіп мониторингін енгізу;

- Табиғи ортаның жағдайы, қауіпті территориялар мен нысандар туралы ақпарат жинау үшін, оларды апатты жағдайлар туралы жедел хабарлау үшін төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесінің тұрақты негізінде жеткізуді ұйымдастыр және жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар, селдер, жылжымалар, қар көшкіндері, жоғары деңгейлі табиғи орта мен масштабының ластануы, солармен байланысты төтенше жағдайлардың қауіптілігі туралы алдын ала хабарлау;

Төтенше жағдайларды ескерту және алдын алудың мемлекеттік жүйесінің басқарма органдарына қоршаған ортаның ластану деңгейі туралы гидрометеорологиялық ақпарат мен мәліметтерді жеткізу; Қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы ескерту жүйесі мен қоршаған табиғи ортаның жағдайын сәйкес функционалдық жүйеге қарасты бақылау құру және басқару. Қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың ұзақ және қысқа мерзімдік болжауларының тиімді әдістерін жасау туралы ғылыми зерттеулер.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында, 2011 жылы 13 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзенінде сыйымдылығы 3 млрд. текшеметрді құрайтын Көксарай су реттегіші іске қосылды. 44 шақырымдық бөгет пен гидронысанның құрылысына 50 млн. текшеметр топырақ пен бетон, 100 мың тонна металл жұмсалды.

Бұл әлеуметтік маңызды жоба қысқа мерзімнің ішінде: 3, 5 жылдың ішінде (8 жылдың орнына) жүзеге асырылды. Еліміздің оңтүстігіндегі екі облыстың қауіпсіздігіне және сумен жабдықталуына, сондай-ақ Арал теңізінің проблемасын шешуге жайлы жағдай жасап отырған Көксарай су реттегіші оңтүстік өңірдің экономикасына да үлкен қолдау болды: жоба 2500-нан астам құрылысшыға жұмыс беріп, құрылыс кешенінің кәсіби құрамын сақтап қалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша соңғы 2 жылда барлық өңірде 113 бөгет пен су шаруашылығы нысандарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Министрліктің «Қазселденқорғау» мемлекеттік басқармасының мамандары сел жүру қаупі бар кезеңдерде аэровизуалдық және жерүсті зерттеулерін жүргізді. 2011 жылы мореналық көлдердің эвакуациялық арналарын, оның ішінде Кіші Алматы өзені алабындағы №6 көлде және Үлкен Алматы өзені алабындағы №13 - бис көлінде тазалау, тереңдету және бекіту бойынша барлық қажетті эксплуатациялық жұмыстар жүргізілді. Республиканың қауіпті өндірістеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселесі де Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында. Өткен кезеңде 56089 нысан мен 8821 кәсіпорында тексеру жүргізіліп, техникалық қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзудың 117540 факті анықталды, 6600 нысан мен 16 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды, 2411 кәсіпорын басшылығына жалпы сомасы 74 млн. 669 мың теңгенің айыппұлы салынды. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған кешенді шаралар адам өлімімен аяқталған оқиғалардың санын, 2010 жылмен салыстырғанда, 1, 2 есеге азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің медициналық құтқару күштерінің қатарында 16 теміржол госпиталі мен республикалық маңызы бар автожолдардың ең апатты-қауіпті учаскілеріндегі Медициналық апат орталығының 11 филиалы бар, ал алдағы уақытта жолдарда зардап шеккен адамдарға жедел медициналық көмек көрсететін 6 медициналық-құтқару пункттері пайдалануға беріледі.

2 ТЖ - ғы объектілер жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі заң жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік орган болып табылады. Қазіргі таңда тамырын тереңге жайған бұл саланың өзіне бағынышты ау- мақтық органдары, құрылымдары барлық облыс, ауыл-аймақтарда жасақталған. Заманның түрлі қажеттілігіне байланысты Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар саласының сан алуан қызметтері құрылды. Атап айтсақ, олар аумақтық, медициналық, нысандық, барлау, құтқару, инженерлік, энергетика, коммуналдық-техникалық және жолкөпірлік, өртке қарсы, апаттық - техникалық, радиациялық және химиялық қорғау, байланыс, материалдық - техникалық қамтамасыздандыру, көліктік, қоғамдық тәртіпті қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, азық - түлік және т. б. құтқару мен кейінге шегеруге болмайтын жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін маңызды қызметтер.

Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға байланысты арнайы заңдар да бар. Бұл осы салалардың тәуелсіз мемлекетіміз үшін, халық, қоршаған орта, сондай-ақ, шаруашылық жүргізуші объектілер үшін аса маңызды екенін көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңында: «Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясаттағы жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады» деп атап көрсетілсе, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңында: «Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі» деп жазылған. Осыған орай, біз төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның салдарын жоюға барынша үлес қосып келе жатқан Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде атқарған жұмыстары жөнінде айта кетсек.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою бойынша ауқымды шаралар атқарып

келеді, сонымен қатар, жоспарға сәйкес, төтенше жағдайлар саласындағы заңдарын, талаптарын, Азаматтық қорғаныс құрылымдары, апаттық - құтқару қызметтерінің жұмыстарын үйлестіру туралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің алқа шешімін орындау бойынша да бірқатар жұмыстарды жүзеге асырып отыр.

Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай құрылымдарының әзірлігін арттыру, сондай-ақ, әртүрлі топтағы халықтарды ТЖ кезіндегі ережелер мен олардың алдын алу шараларына оқытуды ұйымдастыру бүгінгі күні ең басты міндеттердің бірі болып табылады.

Осы процестің өзі халықтың барлық топтарын қамти- тындай етіп жасалды. Мектепке дейінгі мекемелерде оқу 8 сағаттық ойын үлгісінде өткізіледі. Балалар мекемесінің бірінде барлық меңгерушілер мен әдіскерлерді жинап, нұсқаулық әдістемелік оқулар өткізу үрдіске айналған. Жалпы білім беретін, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында «Негізгі өмір қауіпсіздігі» атты курс оқытылады. Ал, оқудың соңғы сатысында «Балаларды қорғау күні» өткізіледі, онда оқушылар ТЖ болған кездегі әрекеттер мен өзін-өзі ұстауды іс жүзінде көрсетеді. Атқарушы органдардың басшылық құрамы Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай саласындағы біліктіліктерін арттыру үшін республикалық курстарға әзірлікке жіберіледі. Ағымдағы жылы Астана қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен 43 адам осындай курстарға оқуға жіберіліп, мұның сыртында қалалық даярлау ор-талығында 1451 адам (102, 9 %) оқытылды. Жұмыс тәжірибесіне шаруашылық жүргізуші объектілерге барып оқыту әдісі енгізілген, бұл аудиторияның барынша ауқымды болуына септігін тигізеді. Оқудың сапасын арттыру мақсатында даярлау орталығының оқу - материалдық базасын жақсарту шаралары, оны жаңа техникалармен жабдықтау қолға алынған.

Штаттық, аймақтық және объектілік құрылымдардың күштері мен құралдарының жеке құрамдағы топтарын үнемі жауынгерлік дайындықта ұстау үшін олардың теориялық және тәжірибелік жүйесі жасалған. Оқу барысында түрлі төтенше жағдай кезіндегі, оның ішінде ғимараттан шұғыл шығудан бастап, Алматы қаласында апаттық жер сілкінісі болған жағдайда тартылатын күштер мен құралдарды темір жол көлігіне тиеуге дейін, сондай-ақ лаңкестікке қарсы тақырыптар бойынша тәжірибелік әрекеттер жасалуда. Оқудың қорытындылары әртүрлі жиналыстарда, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырыстарында қаралады.

Қала объектілерінде Өндірістік қауіпсіздік және мемлекеттік бақылау жөніндегі басқарма мен Өртті мемлекеттік бақылау басқармаларымен өрттің алдын алу және өндірістік қауіпсіздікті жетілдіру жөнінде үлкен жұмыстар атқарылып, құқық бұзушыларға қатаң ша- ралар қолданылуда. ҚР ТЖМ барлық аймақтық органдарының ағымдағы жылдың 9 айындағы ғана жұмыстарының нәтижесінде қалалық қызметтердің деректері бойынша оқиғалар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 947-ден 751-ге, яғни 21 пайызға, соның ішінде төтенше жағдай 164-тен 108-ге, 35 пайызға, ТЖ салдарынан зардап шеккендер 596-дан 489 адамға, 18 пайызға азайған. Қаза болған адамдар саны 164 адамнан 108 адамға, яғни 35 пайызға кеміген. Шығын есебі 107 млн. теңгеден 25 млн. теңгеге дейін, 77 пайызға төмендеген. Өрт саны 339-дан 326-ға, яғни 4 пайызға азайған. Өртте қаза болғандар 15 адамнан 6 адамға азайған, яғни 60 пайызға өрттен келген шығын 77 пайызға кеміген. (107 млн-нан 25-ға) . Өндірістегі адам қазасы 25 пайызға азайып (86-дан 65-ке), 20 адамға (44-24) кеміген. Өткен мерзімде өрт сөндіру және басқа да құтқару жұмыстары барысында ҚР ТЖМ Астана қаласы бөлімшелерімен 2, 5 мың адам құтқарылып, қауіпсіз жерлерге көшірілген. Астана қаласы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Астана қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басты міндеті. Сондай-ақ, департамент қызметінің тағы бір түрі - өз саласына байланысты жергілікті атқару, сонымен қатар, қаладағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған меншік түріне қарамастан объектілерді тексеру болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №712 «Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қаулысы негізінде қайта құру - өрт қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік салаларын Астана қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің құзырына қосып берді. Бұл өзгеріс қала аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның зардаптарын жою шараларына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Төтенше жағдайлар саласында қызмет ететін азаматтардың жұмысы жауапты да қатерлі. Дегенмен, осы салаға берілген білікті мамандар қандай төтенше жағдай болса да мойыған емес.

Төтенше жағдайларды алдын алу және жою бағытында мынадай шаралар ға тоқталайық:

«Қазақстан-2030» даму Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ұлттық қауіпсіздік болып табылатыны белгілі, ал төтенше жағдайлар өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге жатады. Сол себептен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу, ауыртпалықтарын азайту және тиімді әрі жедел жою шараларын ұйымдастыру басқарма қызметінің негізгі бағыттарының біріне жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
Өнеркәсіп нысандарындағы АҚ және ТЖ құрылымы мен қызметі
Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары
Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері
Азаматтық қорғаныс мәселелері
Зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізу
Мұнай өнімдерінің магистральдық құбырларының ЖІО шаралары
Химиялық кәсіпорындарда жұмыс тұрақтылығын жоғарылату
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz