Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері


Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері

Төтенше жағдай, апат төңірегінде қалыпты қал ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесінің жиілігі болып табылады. Бұл процестерді қалпына келтіру үшін қосымша күшпен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

Дегенмен, төтенше жағдайдың ең басында бірінші кезекте адамдық фактор тұрады. Төтенше жағдайға тап болған адам біреулері денсаулықтарын жоғалтса, екіншілері ауыр жарақат пен жазылмас дертке ұшыраса, үшіншілері өмірмен қоштасады.

Төтенше жағдайларды жою кезінде техногендік, табиғи және психологиялық факторлардың адамға зиянды әсер етуі нәтижесінде денсаулығының бұзылуына; жаралану (контузия, жарақат алу, мертігу), радиациялық, химиялық және бактериологиялық зақымдану; асқынған соматикалық және жұқпалы аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, психоэмоционалдық және психосоматикалық бұзылулар жатады.

Төтенше жағдай кезінде денсаулыққа зиянды әсерлерден де маңыздысы - оның психикасы мен санасының жарақаты. Оның көлемі, әсері неғұрлым көріністі болса, ол көрініс адамның жанында ұзақ уақыт өмір сүреді.

Бірақ, жаратылысына қарай төтенше жағдайға тап болған барлық адамдардың қабылдау психикасы бірдей болмайды.

Біреулер тез өзінің ішкі өмірлік ресурстарын жинақтап, оған шешім қабылдауға дайын болса, басқаларының жұмыс қабілеті төмендеп немесе жойылып, денсаулығы нашарлап, физиологиялық және психологиялық жағынан төмендеу құбылысы пайда болады.

Бұл көптеген факторларға;

  • адам ағзасының жеке ерекшелігі
  • тұқым қуалауға
  • тәрбиеге
  • тіршілік және еңбек жағдайына
  • темпераментке
  • эмоционалдық көңіл күйге байланысты.

Адамдардың бір топтары әр түрлі кездейсоқ жағдайларға жиі тап келсе, екіншілері тыныш өмір салтымен өмір сүруге бейім келеді. Алғашқы топтағыларда шартсыз рефлекстер қозуға дайын тұратын, екінші топтағыларда шартсыз рефлекстер түйсігі қалғып, қозуға дайын болмайды.

Төтенше жағдайларда адамның өзін-өзі билеуінде темпераменттердің атқаратын ролі зор.

Темперамент адамның жалпы қозғалысын сипаттайды, мәселен, біреулер шап-шаң қозғалады, тез қимылдайды, ал енді біреулер басқаның сөзіне, әрекетіне баяу реакция береді. Біреулер жұмысқа тез кірісіп кетеді, кей-біреулер қызметтің бір түрінен екінші баяу не тез ауысады, бұл да әр адамда темпераменттің әр түрлі болатынын көрсетеді.

Темперамент жеке адамның биологиялық іргетасы, тікелей жүйесіне негізделген тума қасиеті. Психологияда ол генотив ретінде сипатталады. Темперамент адамның қозғалысынан, психикасының күшімен тереңдігінен, эмоциялық сезімдерінен айқын байқалады.

Темперамент дегеніміз нерв жүйесінің табиғи типтік қвсиеттеріне тәуелді жеке адамның меншікті тума қасиеттеріне негізделген адамның өзгешеліктерінің бірі.

Темперамент латынның «temperamentum» деген сөзінен шыққан «бөлімдердің» қалыпты ара қатынасы дегенді білдіреді.

Адамдардың осы өзгешеліктерінің себебін ең алғаш талдаған грек ғалымы Гиппократ (біздің эрамызға дейін (б. э. д) 460-356 жыл) болды. Онын ойынша адамдармен жануарлар организмінің өзгешеліктері дегендегі «тіршілік шырындарына» байлансты деген: қан (латынша «sangvis») денені жылытады; сөл (грекше «flegma») салқындатады; өт (грекше «hole») құрғатады; қара өт (грекше «melanahole») дымқылдандырады. Гиппократ түсінігі бойынша, адамдар мен жануарлар темпераменті организмді құрайтын қай сұйықтың басым болуына байланысты. Мысалы: қанның пропорциялық мөлшері көп болса - сангвиник, денеден бөлінетін сөл (шырын) көп болса - флегматик, бауырдан бөлінетін өт көп болса - холерик, көк бауырдан (талақтан) бөлінетін қара өт көп болса - меланхолик деп төрт типке бөлді. Қазіргі кезде темперамент типтерінің аттары сол Гиппократ атауын сақтайды.

Римнің атақты дәрігері Гален (б. э. д. 200-130 жыл) темпераменттің санын көбейтіп 13-ке жеткізді.

XVIII ғасырда Кант «антропология» деген кітабында төрт темпераментке сипаттама берді және темпераментпен мінез ұғымдарының арасын байланыстырып жақындатты.

Кейде темпераментті дене құрылысынан (Э. Кречмер), кейде адам ағзасында болатын алмасу процестеріне жатқызады (Шелдон) .

ХІХ ғасырда неміс анатомы Гейне темперамент нерв жүйесінің тонусына байланысты, ал орыс антропологы Зеланд - ми қабықшасындағы молекулалық қозғалыстың жылдамдығымен біркелкілігіне байланысты деген ойларды айтады. Орыс педагогы Лесгафт қан сауыттарының жуандығымен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.

Нерв жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик - жұмыс істеу қабілеті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен теңесіп келмейді, қозуы ылғи басым, ерекше қозғалыстағы тип. Жігері мен эмоциялық дағдарысқа жиі ұшырауымен, аумалы-төкпелі мінезімен, ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик - ол тіпті басқаша. Ол басшы ретінде ұйымдастырушы, сондай-ақ басқа түскен жағдайға байланысты ол жан айқайдың көзі

Сангвиник (сергек, ширақ болса) - қозу мен тежелу процестері бір-біріне теңесіп келіп, тез алмасып отырады, көңіл күйі көтеріңкі, әрі құбылмалы, қиыншылық пен сәтсіздікті қиналмай жеңетін жылы жүзді көпшіл адам. Сангвиник - қауіпті жағдайларда лезде жиналып шешім шығарады, артық энергия, күш жігерін жұмсалуынан дұрыс емес әрекетке ұрынуы мүмкін.

Флегматик (тыныш, бояу болса) - қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең, бірақ алмасуы ұзақ, бояу қозғалатын тип, байсалды кісі, қайғысын сыртқа білдіре бермейді, көңіл-күйінің ауысуы бәсең. Флегматик - ол да жинақталып, бірақ ойланып шешім шығарады және шешім шығаруына белгілі бір уақыт керек.

И. П. Павлов бұларды «өмірдің қажымайтын еңбекқорлары» деп айтқан Меланхолик (әлсіз болса) - қозу мен тежелу процестері баяу көшіп отырады, белсенділігі төмен, тез шаршағыш, сезімі ауыр, сырт көзге байсалды, ұялшақ, қорқақ, батылсыз, көңіл-күйі ауысуы өте баяу адам. Меланхолик - бұл жағдайда қауіпті жеке бас ерекшелігімен көрініп қалуы, көп жағдайда ұйымдастыру орнына жанайқаймен дегбірсізденеді.

Темперамент жеке нерв жүйесі типтерінің өзара қатынастары

Нерв жүйесінің типтері
Күшті
Әлсіз
Ұстамсыз
Сергек
Тыныш
Нерв жүйесінің типтері: Нерв процестерінің өзгешеліктері
Күшті:

Күш Теңдестік

Қозғалғыш

Әлсіз:

Күшті

Алшақ

Қозғалғыш

Күшті

Теп-тең

Қозғалғыш

Күшті

Тепе-тең

Енжар

Әлсіз

Алшақ

Қозғалғыш немесе енжар

Нерв жүйесінің типтері: ТЕМПЕРАМЕНТ
Күшті: Холерик
Әлсіз: Сангвиник
Флегматик
Меланхолик

Темпераменттің негізгі компоненттері:

-жалпы психологиялық белсенділігі;

-моторикасы (қозғалтушы) ;

-көңіл-күй.

Темпераментке байланысты:

-психикалық процестердің пайда болу жылдамдығы және олардың тұрақтылығы (орнықтылығы) ;

-іс-әрекетпен мінез құлықтың ырғағы;

-психикалық процестердің интинсивтілігі.

Темперамент жеке адамға тән болғандықтан ол адамның жеке басына байланысты жан-дүниесімен ұштастырылып зерттелуі қажет. Бір адамның өзінде әр темпераменттің белгілері болуы мүмкін. Сондықтан табиғи жағдайда «таза» түрі жоқ. Демек темпераменттің жақсы да, жаман да түрі болмайды, адам өзінің темпераментін жақсы да, жаман да түрде игеруі не дұрыс, не бұрыс пайдалануы жеке басына баланысты. Темпераменттің қай түрі болса да, оның да ұнамды - ұнамсыз жақтары бар.

Мысалы:

Темперамент түрлері
Жақтары
Жақсы (ұнамды)
Жаман (ұнамсыз)
Темперамент түрлері: Холерик
Жақтары: Шапшаң, белсенді
Ұстамсыз, күйгелек
Темперамент түрлері: Сангвиник
Жақтары: Пысық, оңтайлы
Тұрақсыз
Темперамент түрлері: Флегматик
Жақтары: Ұстамды, сабырлы
Баяу, сылбыр
Темперамент түрлері: Меланхолик
Жақтары: Сезімтал
Тұйық

Темперамент - жеке адамның жалпы мінездемесі. Негізгі анық мінездеме жеке адамның іс-әрекетінен көрініп тұрады және кез келген темпераменттегі адам ақылды не ақымақ, адал не арам, мейірімді не мейірімсіз, талантты не талансыз болуы мүмкін. Сондай-ақ, жеке адамның мамандық таңдаудағы іс-әрекетіне темпераменттің тікелей қатысы бар. Мысалы: меланхолик адамнан ұшқыш, ғарышкер шығуы екіталай. Темперамент тәжірибенің арқасында ортаның ықпалымен, әсіресе тәрбиенің ықпалымен дамып жетіледі. Бірақ, темперамент адамның әлеуметтік тұрпатын анықтай алмайды.

Төтенше жағдайларда эмоционалдық көңіл күйдің көрініс беруі әрбір адамның қауіптілікті сезіну реакциясына байланысты. Біреулері орта үшін өте қауіпті, ойламаған нәрселерге алып келеді, немесе қауқарсыз.

Төтенше жағдайлардағы психогендік реакцияларға аса қатты қобалжу, әбігерлену, өз-өзінен қашу, жан-жағындағы болып жатқан нәрселерді естімеу, көрмеу жатады. Болған оқиғадан қорғану шартсыз рефлекс негізінде жүзеге асады, өз-өзінен шартсыз автоматты түрдегі қорғаныс реакцияларының қозғалысы нәтижесінде істеген ісіне есеп бермейді. Физиологиялық қызметте мұның үлкен мәнісі бар. Себебі ішкі секреция гормондарының психологиялық көңіл күйге айтарлықтай әсері болады. Психологиялық көңіл күйге сыртқы орта әсері тек жүйкелік жолмен ғана реттелмейді, сонымен бірге гумаральдық жолмен де реттеледі. Осы кезде бүйрек үсті безінен адреналиннің бұлшық еттерге көп бөлінуі салдарынан оның мөлшері жүйке жүйесінде айтарлықтай көбейіп, бас мидың нейрон жасушалары белгілі бір көлемде зақым алады да, істеген іске есеп беру қиындайды. Осы кезде ашуланған, долданған немесе уақытша естен адасқан - аффект жағдайындағы уақиға иесін көруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қауіпсіздігінің психологиясы
Радиациялық және химиялық қорғау
Өнеркәсіп нысандарындағы АҚ және ТЖ құрылымы мен қызметі
Қауіпті өндірістер және тұрмыстық факторлар
Ағаш өңдеудің технологиялық процестері
Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері
Кедендік одақтың теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz