Нормативтік болжам туралы түсінік


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І Кіріспе . . . 3

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Нормативтік болжам туралы түсінік . . . 5

2. 2. Әлеуметтік мақсаттың сипаттық ерекшеліктері, оның түрлері және жіктелуі . . . 9

2. 3. Әлеуметтік болжамның верификациясы . . . 13

ІІІ Қорытынды . . . 17

ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер . . . 19

Ү Сілтемелер . . . 20

Кіріспе

Болжамдар әр түрлі уақытта жасалады. Қысқа мерзімдік болжамдар - олар финанс ресурстарына жасалады, бірнеше өнім түрлеріне жасалады. Орта мерзімдік болжамдар - олар жинақталған инвестициялық потенциалға жасалады. Ұзақ мерзімдік болжамдар - жаңа технологиялық бағыттарға жасалады және ғылыми техникалық потенциалды.

Обьектілердің зерттеу сипатына қарай келесідегідей болжамдар бар:

-Ғылыми техникалық потенциалдың дамуы, оның салдары, кәсіптік қарым-қатынастардың дамуы;

-халық шаруашылығының динамикасы;

-негізгі фондтардың ұдайы өндірісі және капиталдың көрінісін қарастырады;

-табиғи ресурстардың экономикалық дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;

-еңбек ресурстары және тұрғындардың ұдайы өндірісі;

-тұрғындардың өмір деңгейі;

-сыртқы экономикалық байланыс болжамы;

Қызметтік қасиетіне қарай болжамдар екі типке бөлінеді:

  1. Ізденіс болжам - бұл зерттелетін обьект, өткен, қазіргі, болашақ уақытында қарастырады.
  2. Нормативтік болжам - бұл болжам обьектісі мақсат ретінде қарастырылып, оған жету жолдары мен амалдары зерттеледі;

Детерминант факті бойынша зерттеу обьектілері келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Детерминантты - белгіленген немесе алдын-ала білу.
  2. Ықтималдық немесе схаластикалық құбылыстар белгіленген.
  3. Аралас - жартылай детерминантты, жартылай схаластикалық түрде дамиды.

Уақыттағы даму сипатына қарай, болжам обьектілері келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Дискреттік обьектілер - бұл жерде даму құбылмалы, әр қалай жүреді.
  2. Оператикалық - бұл жерде даму үзіліссіз жүйелі түрде жүреді.
  3. Циклдік - бұл жерде даму кезең-кезеңмен жүреді.

Әлеуметтік процестерге болжам жасау технологиясы мына болжамдық әдістер жасалады: нормативтік болжам, әлеуметтік мақсат, верификация т. б арқылы жүзеге асады. Міне, осы мәселелермен толық танысамыз.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Нормативтік болжам.

Нормативтік болжам болжаулық зерттеудің процедурасы болып табылады және ізденіс болжамнан кейін жүргізіледі. Нормативтік болжамның процедурасы жалпы алғанда, келесі операциялардан құралады:

- берілген және жасалған өлшемдер бойынша абсолютті және қатысты тиімділіктерін анықтау және сәйкес келетін нормативтік болжам модельдерін құру:

  • эксперттерді сұрау әдісі бойынша құралған модельдерді талқылау;
  • модельдерді талқылау негізіне дейін жеткізу. Нормативтік болжау келесі кезеңдермен күрделі де тығыз байланысты болады:

- мақсат қою;

  • нормалар және нормативтер;
  • жоспарларды, бағдарламаларды, жобаларды жасаудағы тиімді болған есептер.

Нормативтік болжам жасау үшін ізденіс болжамында қолданылатын барлық әдістер қолданыла береді және нормативтік және ізденіс болжамдары арасындағы айырмашылық әдістерінде емес зерттеу логикасында болып табылады. Нормативтік болжамды жасаудың технологиясы негізінде болжамдық ізденіске қарағанда әлдеқайда күрделі идея жатыр. Егер ізденіс болжамында зерттеудің негізін экстрополияция құраса, яғни онда өткен кезеңмен осы кезеңнің даму заңдылықтары белгілі. Ал нормативтік болжамда сол белгілердің мәндерін өлшем бойынша тиімділендіру.

Нормативтік болжамдық зерттеулер мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат болса, екі мақсатпен қойылуы мүмкін:

  • болжамдық қордың шектеулілігінен абстрактіленеді;
  • сол шектеулілермен сәйкес болады;

Аталған екі әдіс те бір бағытта жүреді, мақсаттары қайталанбайды. Әрқайсысында ерекше методологиялық бастау қажет.

Соңғы аталған әдіс нақты жобалауды қажет етеді, яғни мақсаттың әртүрлілігі. Егер идеял жоқ болған жағдайда, нормативтік бастау өз мәнін жоғалтады. Әлеуметтік салада идеял барлық уақытта бар болады және барлық жағдайда обьективті және адамның, топтың, қоғамның әрекеті оған негізделген. Болашақтағы проблеманы анықтау үшін ізденіс болжамы бағытталған. Нормативтік болжам ізденіс болжамымен анықталған мәселелердің шешуінің альтернативті жолдарын анықтауға арналған. Нақты идеялға жету жолдарын анықтауға арналған. Коррекцияланған нақты идеял нормативтік болжамның негізінде маңызды роль арнайды және жоспарлық, бағдарламалық, жобалық, ұйымдастырушылық жұмыстардың нәтижесін жоғарылатуға, әрекеттесуге арналған.

Болжамдық қордың мәліметтерін сараптауда олардың қарама - қайшылық күшінен компралисті табу керек. «Жақсыға», идеалға мойын бұрып қоймай, мүмкіннің ішінен жақсысын алуға ұмтылыңыз. Бұған қандай да бір тиімділікке өту арқылы көз жеткізуге болады. Ал, ол тиімділік белгісі бір идеял ішінде түзіледі. Сонымен қоса, мақсаттың тағы да әртүрлілігін көрсетеді. Нақты идеял абсолютті идеял болады, онда алынған тұжырым қатысты тиімділік болып табылады. Яғни, мақсатқа қатысты шешім қабылдау. Нормативті болжамды жүзеге асыру үшін, бұл шешімді басқарушылық категориясынан белгілі жағдайлардағы мүмкіндікке апару керек. Дәл осы әрекеттен нормативтік болжам да басталады.

Техникалық түрде ол реверсивті экстраполияция деп аталатын жолмен жүзеге асады. Экстрополияция - болашақтан осы шаққа, яғни трэндтік модельдеу жолымен жүзеге асады. Оны модельденген - матрицалық, сценарийлік, жүйелік, операциялық, морфологиялық сараптамамен, эксперттерді сұраумен нығайтуға болады.

Ізденіс болжамының соңғы нәтижесі перспективті мәселелік ахуал болып табылады. Ол «проблема талы» түрінде иерархиялық болып қалыптасты.

Нормативтік болжамда мақсатқа қол жеткізу жолымен, «мақсаттар толы» беріледі. Оның шыңы -идеал, орта деңгейі -оптимизмнің әртүрлі жақтары, төменгі деңгейі - нақты проблемалардың шешілуі. Ары қарай әрекет болжам құралдарымен «мақсатталып» нақтылаумен баталады. Оларды нормативтік модельдеу әдісімен орындайды. Осы тұста әр эвентуалды шараларды өткізу норманың әр түрмен тығыз байланысты екенін ескеру керек. Ол нормалар: техникалық, экономикалық әлеуметтік құқықтар. Яғни, норма-өзінше бір мақсат.

Алынған екі нормативтік болжам мәндерін абсолюттік және қатыстық ізденіс боджамының төртмәнімен біріктіру «болжамдық өріс» деп аталатын нәтиже береді.

Сонымен, ізденіс болжамның нәтижесі перспективті мәселені анықтау, мәселелік ахуалды анықтау болып табылады. Ал, кейбір жағдайда апаттық нәтиже береді. Егер де, оны жоюға өз уақытында шара қолданбаса сондай нәтиже береді. Нормативтік болжамдық ізденістің көмегімен анықтайды. Яғни, оны болжамдық ізденістің көмегімен анықтайды. Яғни, мақсатық ахуалды анықтау. Бұл жағдайдың күшінде ізденіс болжамындағы сияқты, әлеуметтік мәселенің барлық феналенін анықтап қарау керек.

2. 2. Әлеуметтік мақсаттың сипаттық ерекшеліктері, оның түрлері және жіктелуі

Мақсат - кез-келген нәтиженің емес, идеалды күтілген, қалаған, мүмкін болған көптеген нәтиженің тиімділігін таңдау. Оны жақын салыстыру мен бағалау негізінде шешу жолымен таңдайды. Мақсатты таңдау, оны қою-әрқашан да шешімді жоспарлау, бағдарламалау, жобалау сияқты мақсат күтумен салыстырып қарағанда басқару категориясына жатады. Мақсатты таңдау барлық шешім сияқты, болжаммен салыстырғанда, мүмкін бола алмайды. Мақсатты қою, жүзеге асыру мүмкіндігін альтернативті мақсатты қарастырумен де анықтауға болады. Белгілі бір мақатты таңдауға, қоюға байланысты шешім ерікті, спонтанды, импульсивті, валюнтаристі, субъективтілік болуы мүмкін. Дегенмен, аналистикалық, диагностикалық және прогностикалық сипатта ғылыми ақпаратқа базалануы керек. (Осы жерде мақсаттық болжамның қажеттілігі туындайды) .

Кез-келген нормативтік болжамның негізін салатын методологиялық тезис - сендіру болып табылады. Мақсат қою алдын - ала айту емес, шешім болып табылады. Бұл жағдайда ескермесе болжам басынан бастап, методологиялық негізделмеген, мәні бойынша өнімсіз болады.

Мақсат шешімнің ерекше түрі ретінде субъектінің әлеуметтік белсенділігінің механизмдерінің бірін көрсетеді. Бұл механизмнің негізі мынадай.

  1. Әлеуметтік құндылықтар (адам үшін барлық әлеуметтік маңызы барлар) .
  2. Қажеттіліктер (құндылықты пайдалануға талпыныс және қабілет) .
  3. Қызығушылықтар (танылған қажеттіліктер) .
  4. Мотивтер;
  5. Сәйкес әрекетке негіздеу;
  6. Орнату (негіздеуді нақтылау) ;
  7. Мақсат (нені іске асыру жөніндегі шешім) ;
  8. Әрекетті бастау шешімі;
  9. Әрекет (қажеттіліктерді қанағаттандыруға, мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер) ;

Субъектінің әлеуметтік белсенділігінің механизмін қоғамдық ғылымдарда кең таралғаны келтірілген. Осылайша, мақсат құндылықтарсыз, қажеттіліктерсіз, қызығушылықтарсыз, ниетсіз, орнатсыз әрекет те болмайды.

Мақсаттардың жіктелуінің ерекше маңызды өлшемдері: перспективтілік (алыс және жақын), шегіне жетуі (ағымдық және соңғы) пайда болу сипаттамасы (мақсат құрал ретінде) ; арнаулылығы (функционалдық және пәндік) .

Кез-келген мақсат қандай да бір проблеманы шешуге талпыну, әлеуметтік мақсат-әлеуметтік проблеманы шешуге сену. Бұл мақсаттың сәйкес келетін проблемамен диалектикалық бірлігі туралы айтады.

Кез-келген мақсаттар жүйесі проблемалар жүйесі сияқты өзінің құрылымы бойынша иерархиялы.

Мақсаттардың біреуі маңыздығы негізгі, ағымдық немесе басқаша айтар болсақ, төменгі реттің мақсаттары. Ол приоритеттерді, иерархияларының әртүрлі деңгейіне орналасқан. Әр деңгейдің өзінің құрылымдық бөлімдері болады. Мақсаттардың күрделі жүйелер проблеманың күрделі жүйесі сияқты «мақсаттар талы» қағидасы бойынша құралады. Оның негізінде ең соңғы мақсат бар болып табылады.

Мақсаттың шешімдері өңдеудің процесі жалпы түрде келесі үлгідегідей болады.

-мақсаттық шешімдер сол процестің мақсатты болған жағдайында ғана өңделе алады.

-мақсатты ойлау қажет, дегенмен мақсат қою үшін жетерліктей емес. Сонымен қатар оның даму ерекшелігінің объективті көзқарасымен әрекеттің мақсатқа бағытталуы қажет.

-мақсаттың ойлау процесі (мақсаттық шешімді өңдеу) бұл қажеттілікті, мақсатты, және оны қанағаттандыру жолымен жүзеге асады.

-мақсаттық ойлау процесі мақсаттық шешімдермен аяқталады. Мақсат күтумен және мақсат қоюмен. Бұл екі түсінік екі түрлі қарастырады.

-мақсаттың ойлау, мақсаттың бағыттау, мақсатқа үмтылу, мақсаттың жүзеге асуы, мақсатты күту «мақсатта қалыптастыру» түсінігне бірігеді.

-мақсат күтудің негізгі элементі - мақсат таңдау немесе мақсаттық шешім.

Ол көбінше таңдау бостандығына байланысты болады. Егер таңдау мүлдем жоқ болатын болса, онда мақсат тек шартты болып қалады. Өйткені нәтижесі алдын - ала анықталған. Практикада әдетте таңдаудың әртүрлі шектеулілігі жайында әңгіме қозғалады.

-мақсат күтудің негізі - «мақсат» «құрал» нәтиже категорияларының диалектикалық өзара әрекеттесуі. Мақсатқа оған жүзеге асуына қажетті құрал болмаса қол жеткізе алмайсың. Дегенмен қандай да бір мақсатқа қол жеткізу басқа мақсатқа қол жеткізудің құралы болуы мүмкін. Бұл ерекшелік мақсаттарды функционалдық және пәндік деп бөлуге көрініс тапқан. Сонымен қоса әрекеттің нақты нәтижесі мақсатпен әрқашан да сәйкес келе бермейді және бұл сәйкестік толымдырақ болуы үшін мақсат күтудің әсерін жоғарылату керек.

-мақсаттардың бағыну қажеттілігі жүйелену қағидалары туралы сұрақты шешуді талап етеді.

-әлеуметтік - экологиялық, әлеуметтік-географиялық, ғылыми-техникалық әлеуметтік аспектілер, әлеуметтік-этникалық, әлеуметтік-мәдениеттік, әлеуметтік-құндылық, әлеуметтік-саяси бұл мақсат күтудің объетісі бойынша ал масштабтың фактор бойынша жаһандық, аймақтық, локальдық ұзақтығы бойынша ағымдық және перспективті. Әлеуметтік мақсаттардың типолизациясы әлеуметтік проблеманың типолизациясына ұқсас мақсаттың анықталуын талап етеді. Одан басқа мақсаттың үш класы болады. Онда субъективтің әлеуметтік белсенділігі механизммен ұқсастығы жоқ. Бұл кластар мақсатты бөлуге жақын болып келеді. Олар: «мақсат идеал», «мақсат оптимум»; «мақсат -норма» деп аталады. өзіне идеаолды оптимум да норма да мақсатқа еш сәйкес келмейді.

Әлеуметтік идеал бұл шындықты танудың, игерудің ерекше тәсілі, қоғамдық сананың ерекше функционалдық жағдайы жоғарғы құндылықтардың белгілі бір дүниетанымдық жүйесіндегі жиыны.

2. 3. Әлеуметтік болжамның верификациясы

Верификация - бұл шындықтың, нақтылықтың, негізділіктің деңгейін белгілеу.

Верификация - бұл қазіргі ғылымның талабына болжамның сәйкестілігін анықтайды. Мұнда 95 пайыз - 96 болжамдар жүзеге асады. Верификация - бұл эксперттерде сұрау арқылы жүзеге асады. Верификацияның арнаулы процедуралары:

  1. Болжамның әдісін қалыптастыру;
  2. Басқа болжамдармен салыстыру;
  3. Болжамның тиімділігін ретроспективтік кезеңмен тексеру;
  4. Аналитикалық немесе логикалық болжамның қорытындысын қалыптастыру;
  5. Эксперттерді қосымша сұрау;
  6. Оппоненттердің сын ескертпелерін жоққа шығару;
  7. Мүмкіншілік қателіктерді табу және ескеру;
  8. Ең бөлімді пікірмен салыстыру;

Ең тиімдісі өз шығыны бар ұжымдық эксперттерді сұрау.

Верификацияның негізгі операциялары.

  1. Ізденіс және нормативтік болжам модельдерін бір немесе бірнеше амалдарын таңдап тексеру, верификация жасау.
  2. Соңғы редакциясын талқылау негізінде моделдерді жетілдіру болып табылады.

Нормативтік болжам операцияларының реті.

1. Абсолютті оптимумды анықтау мақсат келесі нормативтік өңдеуге негіз құру. Онсыз қағидасыз себеп бойынша жан-жаққа ауытқи алмайды. Құрал - моделдердің кең аппараты (мақсаттар талы) қалыптастырылған сценарийлер, матрицалар, графалар және басқа модельдер.

2. Күрделі жағдайларда абсолютті оптимумды анықтау операциялары оптимумның өлшемдерін анықтау, ерекше операцияларының алдында жүру керек. Осы тұста зерттеу пәнінің барлық ерекшеліктерн ескеру керек. Бұл аса жауапты, еңбеті жұмыс кезеңі аталған жағдайда міндетті болып табылады. Өйткені бұнсыз оптимумды біржақты, ерікті түрде ғана алуға болады.

3. Шектеулі болжамдық мерзімді ескерумен қатысты оптимумды анықтау. Сонымен қоса модельдеу әдісімен абсолютті оптимумды анықтау.

4. Эксперттік бағалаулардың объективтілігінің деңгейін тексеру мақсатымен тұрғындарды параллельді сұрау және талқылау. Тәжірибе көрсеткендей қарапайым респондент іздестіру сипаттамасындағы прожектив сұрақтарға жауап беруге қиналады және нормативті сипаттағы ұқсас сұрақтарға презенттік жауап береді. Дегенмен ол өіне жақсы таныс мәселелер жайында болса эксперттік бағаларды толықтыруға қабілетті. Егер сұрақтарда ізденістік болжамның белгілері нормативтіге сәйкес келсе оған сәтті бағынады. Егер сұрақтар тікелей емес жанама түрде социалдық тестің көмегмен қойылса мүлдем жақсы. Толығымен алғанда операция кәдімді социалдық зерттеудің канондарымен жүргізіледі. Генералдық сұраудан пилотажды сұрау озып түсуі мүмкін.

5. Алдыңғы талқылаулар негізінде болжамның нормативті модельдерін жасау. Оларды бір жүйеге келтіру. Алынған нәтижелердің сапасы толығымен оптимумның негізгі критерийлеріне байланысты. Болжамның верификациясы оның нақтылығының туралылығының, негізделуінің деңгейін анықтау болып табылады.

Болжамның абсолютті верификациясы объектініңі болжанатын объектіге шындығында сәйкес келуінің деңгейін орнату. Бұл ерекше тапсырма өйткені ол болжаудың шегнен шығып кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Әлеуметтік жұмыста болжаудың типологиясы
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Әлеуметтік жоспарлау және жобалау негіздері
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Мемлекеттік органдар жүйесінің тиімділігі мен өнімділігін арттыру проблемалары - пәнаралық методологиялық проблема
Аудит және тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz