Тұрғын үй құқығының пәні, жүйесі, әдісі, қағидалары, қайнар көздері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Тұрғын үй құқығының пәні, жүйесі, әдісі . . . 4
2 Тұрғын үй құқығының қағидалары, қайнар көздері . . . 6
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 10
КІРІСПЕ
Тұрғын үй - тұрақты тұруға және соған пайдаланатын белгілерден техникалық санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үйді айтамыз.
Тұрғын үй негізінен тұрғын үй - жайлардан және жалпы мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құбылыс.
Тұрғын үйдегі тұрғын үй - жайлардан тұрғын емес жайларды қайта жобалауын, қайта жоспарлауды үй - жай иесінің келтірген және жобалаудың құрылыс нормативтік ережелерімен сәйкес келуімен жауап беретін заңды немесе жеке тұлға орындайтын жоба болған жағдайда жүзеге асады.
Жобаның міндетті талаптарға сәйкестігін заңда белгіленген тәртіппен қоса құрылысы және құрылыс істер жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган растайды.
Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй жайларын тек заңда белгілеген негіздер бойынша сот төрелігін шығаруға болады.
Сонымен қатар, ҚР - да шетелдік заңды тұлғалар, шетелдіктер егер, ҚР - ң заң актілеріне өзгеше белгіленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында ҚР - ң заңды тұлғалары және азаматтары бірдей құқықтарды пайдалануды және сондай - ақ міндеттерді мойнына алады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен:
1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;
2) тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;
3) тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;
4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;
5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттік органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.
1 Тұрғын үй құқығының пәні, жүйесі, әдісі
Тұрғын үй құқығы - тұрғын үйге деген құқықтың пайда болуы, жүзеге асуы, жойылуы айналасында туындайтын қоғамдық қарым - қатынасты реттейтін құқық саласы.
Тұрғын үй құқығы әр түрлі құқықтық актілерде бекітілген нормаларды жинақтап, бір актіге біріктірілген тұрғын үй заңы арқылы тұрғын үйді меншіктену, пайдалануға беру, жер учаскелеріне үй салу, т. б. қоғамдық қатынастарын реттейді.
Құқықтық ғылымдарда пән ретінде қандайда бір обьектіге қатысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Тұрғын үй құқығының реттеу пәні ретінде заңнамада және заңи әдебиеттерде тұрғын үй қатынастар деп аталатын қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығы болып табылады.
Тұрғын үй қатынастары - үй жайларды пайдалану бойынша, тұрғын жайларға мұқтаждарға, оларды беру бойынша, тұрғын үй қорын басқару және пайдалану бойынша тұрғын үй саласындағы әр түрлі қатынастарды құрайды. «Тұрғын үй қатынастары» ұғымы тұрғын үйді пайдаланумен байланысты қоғамдық қатынастардың кең көлемін қамтиды.
Тұрғын үй қатынастар келесі топтарға бөлінеді:
- жалға алу шарты негізінде тұрғын үйді жалға алу бойынша қатынастар;
- «коммуналдық қатынастар», азаматтарға тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетумен байланысты қатынастар;
- тұрғын үйді жалға алуды басқару, пайдалану, оны сақтау мен жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету саласында пайда болған тұрғын үй қатынастары;
- қызметтік үй жайларды, жатақханаларды, мамандандырылған тұрғын үйлерді пайдалану бойынша тұрғын үй қатынастары;
- тұрғын үйдің құрылысымен және меншікке сатып алумен байланысты туындаған қатынастар;
- азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету саласындағы тұрғын үй қатынастары.
Құқықтың әдісі деп құқықтануда мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер ету тәсілдері ұғынылады. Тұрғын үй құқығына қатысты - бұл құқық нормаларымен бекітілген тұрғын үй қатынасы қатысушыларына әсер етудің айрықша тәсілі.
Кешенді құқық саласы ретінде тұрғын үй құқығы басқа да негізгі құқық саласы пайдаланатын құқықтық реттеудің әдістерін қолданады. Мәселен, тұрғын жайларды пайдаланумен байланысты қатынастарға құқықтық қатынастар тараптарының теңдігіне негізділген реттеудің азаматтық-құқықтық әдістері тән болып табылады, әкімшілік-құқықтық әдістер тұрғын үйлерді бөлу, тұрғын үй қорларымен басқару және ұйымдастырушылық, басқару сипатындағы басқа да қатынастар қатысты, яғни, құқықтық ережелерді орындауды мемлекеттік мәжбүрлеуді қамтамасыз етуде рұқсат беру, тыйым салуларды бекітуді білдіреді.
Азаматтық-құқықтық қатынастарда олардың қатысушылары бір - бірінен тәуелсіз тең құқылы субьектілер ретінде болады. Олар өздерінің құқықтары мен міндеттерін өздері айқындайды және ол заңға сәйкес келіп, оның аясында болуы керек. Әкімшілік құқықтық қатынастардың қатысушылары арасында билік пен бағыныштылық қатынастары қалыптасады, өйткені бір тарап ретінде өкілетті мемлекеттік орган болып табылады, сондықтан тараптар тең болып табылады.
2 Тұрғын үй құқығының қағидалары, қайнар көздері
Тұрғын үй қағидалары. Құқық қағидаттары ретінде негіз салушы бастама, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің маңызды ережелері түсіндіріледі:
1) Ең бастысы тұрғын үйге қол сұқпаушылық қағидасы (ҚР Конституциясының 25-б. ) . Оған сәйкес тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі;
2) Тұрғын үйден айыруға жол бермеу қағидасы (ҚР Конституциясының 25-б. ) . Оған сәйкес соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді;
3) Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасалады. Заңда көрсетiлген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретiн ақыға берiледi.
4) Тұрғын үй қорын мақсатты пайдалану қағидасына сәйкес тұрғын үй тек азаматтардың тұруы үшін арналған. Оның үстіне тұрғын үйлерде өнеркәсіптік өндірістерді қоюға жол берілмейді. Меншік иесінің өзіне тиесілі тұрғын үйге кәсіпорынды, ұйымды, мекемені орналастыру, оны тұрғын емеске ауыстырғанда ғана орын алуы мүмкін;
5) Тұрғын жердің еркін тандау қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде болған кез келген адамның еркін жүріп тұруға, тұрғылықты жерді тандауға құқығы бар (ҚР Конституциясының 21-б. ) . Ешкімде белгілі бір аумақта немесе елді мекенде тұруға мәжбүрлеуге болмайды.
Тұрғын үй заңнамасының негізгі бөлігі 1970 - жылдарға дейін азаматтық заңнаманың құрамында болып, дербес, негіз салушы ретңнде тұрғын үй заңдарын дайындау және қабылдау орынды деп танылғанға дейін, 1983 жылы Қазақ КСР Тұрғын үй кодексі қабылданып (Қазақ КСР Тұрғын үй кодексі 1983 жылғы 30 маусымдағы Қазақ КСР-нің заңымен бекітілді), тұрғын үй заңнамасы азаматтық заңнамадан жеке ретінде дами бастады.
Тұрғын үй заңнамасының дербес болуы ҚР Конституциясынан туындайды және оған сәйкес азаматтық және тұрғын үй заңнамасы жеке ретінде көрсетілген. Сондай-ақ ҚР АК заңнаманың саласы ретінде жеке тұрғын үй заңнамасының болуын мойындайды.
Құқық нысандары (қайнар көзі) деп құқық нормаларын бекіту және көріну тәсілдерін айтамыз. «Құқықтың қайнар көзі» - заңи нормаларының көрінуінің сыртқы нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық термин.
Тұрғын үй құқығының қайнар көздері ретінде тұрғын үй қатынастарын реттейтін заңдар, үкіметтің қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілер болып табылады:
1) негізгі заң және тұрғын үй құқығының басты қайнар көзі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Ата Заң адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының ішінде Қазақстан республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқықтарының ең маңыздысы - азаматтың тұрғын үйге құқығы, өйткені ол адам өмірінің ең негізгісін қамтиды.
ҚР Конституциясының 25-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі».
Тұрғын үйге құқық туралы конституциялық ереже тұрғын үй заңнамасын және тұрғын үй қатынастарының барлық жүйесін дамыту мен жетілдіру үшін заңи база болып табылады;
2) маңызы бойынша тұрғын үй құқығының екінші қайнар көзі 1983 жылғы 30 маусымдағы Қазақ КСР-нің Тұрғын үй Кодексі орнына қабылданған 1997 жылғы 16 сәуірдегі « Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады;
Аталған заңда әралуан тұрғын үй және онымен байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтиды және олар жер, азаматтық, әкімшілік және өзге де заңнамалардың нормаларында нақтылануы қажет. Заң тұрғын үй қорын топтастырады, оның үстіне тұрғын үй қорының құрамында бірінші ретінде жеке тұрғын үй қорын атайды, ал бұл өз алдына тұрғын үй саласының дамуындағы аталған қордың рөлінің өсуін растайды.
Жеке тұрғын үй қоры - мемлекеттік емес меншік нысанына негізделген, азаматтарға және заңды тұлғаларға меншік құқығындағы тұрғын үйі.
Мемлекеттік тұрғын үй қоры - меншік құқығы негізінде мемлекетке тиесілі және жергілікті атқарушы органдарға (мемлекеттік коммуналды тұрғын үй қоры) басқаруындағы немесе мемлекеттік кәсіпорындардың (мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қоры) басқаруындағы тұрғын үйі.
Тұрғын үй қорларына тұрғын үйлердегі тұрғын емес бөлмелер кірмейді.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңнның «Жалпы ережелер» атты 1-тарауда тұрғын үйге азаматтарын құқықтарын бекітетін, нормалардан тұрады, тұрғын үй заңнамасының негізгі міндеттері анықталады, тұрғын үй, тұрғын үй қоры, мемлекеттік және жеке тұрғын үй қорына анықтама беріледі.
Белгілі бір тәртіппен тұрғын үй қатынастарын реттейтін нормалардан тұрады, атап айтқанда азаматтарды тұрғын үймен және оны пайдаланумен қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын басқару тұрғын үйқорын пайдалану, кондоминимум, азаматтарға тұрғын үйді бірінші кезекте және кезектен тыс ұсынуға құқық, тұрғын үй заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік;
3) ҚР Азаматтық кодекс тұрғын үйге құқықтық жүзеге асырумен байланысты ең маңызды нормалардан тұрады және оған сәйкес меншік иесі өзіне иесілі тұрғын үйді өз мақсатына сай иеленеді, пайдаланады және билік етеді. ҚР АК екінші бөлігі тұрғын үйді жалға беруді жалпы реттеуге арналған «Тұрған үйді жалға беру» атты 30-тараудан тұрады.
Сонымен қатар АК 602-бабына сәйкес тұрғын үйді беру тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлерінен тұрғын үйді жалға алу шартын өзгерту және тоқтату негізі тұрғын үй заңнамасымен бекітіледі деп көрсетілген.
ҚР АК басқа да ережелеріне, егер тұрғын үй заңнамасымен көзделмеген жағдайларда қолданылады (ҚР АК 603-б. 3-т. ) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz