ХХ ғасыр Қазақстандағы саяси – құқықтық ойлар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 ХХ ғасырдың басы қазақ зиялыларының саяси, құқықтық ойлары . . . 4

2 Алаш партиясы бағдарламасындағы саяси, құқықтық ойлар . . . 9

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 13

КІРІСПЕ

ХІХ - ғасырдың аяғынан бастап Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой - пікір, ұлттық сана өсті. Отаршылдық - әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматтарының сана - сезімі, ұлттық намысы оянуына түрткі болды. Ұлттық езгіге қарсы қозғалыстарының басында енді қазақ зиялыларының талантты тобы тұрды. Олар Ресей демократиялық саяси қозғалысымен таныс болып, орыстың озық ойлы демократтарының еңбектерін оқып білді.

Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі, оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси ой - пікірдің қалыптасуы, дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси - құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде әлемдік тарихта ірі оқиғалар болып өтті. Ірі империалист державалар арасындағы қайшылықтардың түбіне жете шиеленісуі бір - біріне қарсы екі әскери одақтың (Үштік Одақ және Антанта) құрылуына әкелді. Ғасыр басында империализм дәуіріндегі алғашқы ірі қақтығыс - орыс - жапон соғысы болған еді. Ірі елдердің отарлық бұғауындағы халықтардың ұлт - азаттық күресі жандана түсті. Тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық буржуазия өкілдерімен қатар осы елдерде пайда болған ұлттық интеллигенция өкілдерін, жұмысшыларын және шаруалары мен қолөнершілерін қамтыған алғашқы ұлттық ұйымдар пайда болды, жергілікті баспасөз дамыды. Отаршылдарға наразылық көрсету неғұрлым саналы, әрі ұйымшыл түрде өтіп, ұлт - азаттық сипатқа ие болды.

1 ХХ ғасырдың басы қазақ зиялыларының саяси, құқықтық ойлары

XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуында XIX ғасырдың екінші жартысымен салыстырғанда едәуір өзгерістер болды. Осы өзгерістермен қатар ел өміріндегі саяси оқиғалар да қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді. XIX - XX ғасырлар тоғысында пайда болған ұлттық интеллигенция тобы өлкедегі азаттық жолындағы күрестің өсуінде айтарлықтай рөл атқарды. Олардың қазақ даласында оқу - ағарту, мәдени шараларды дамытудағы еңбектері де әлемдік өркениетке деген ұмтылысы мен талпынысын білдіреді.

Жаңа ғасырдың бастауымен бірге Ресей өкіметінің отаршылдық саясатының бұрынғыдан да күшейе түсуі ұлт - азаттық қозғалысындағы жас қазақ интеллигенциясының рөлін күшейте түсті. Бұл кездегі қазақ интеллягенциясы өзінің құрамы, бағыты, мақсаты және қоғамдық - саяси қызметінің сипаты жағынан әртүрлі топтарды біріктірді және олардың негізгі бөлігін әдебиетшілер, мұғалімдер, адвокаттар, дәрігерлер және тағы басқалар құрады.

Қазақ интеллигенциясының осы кезеңдегі тарихи орны қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселенің әділ шешілуімен, оқу - ағарту ісінің дамуымен және отарлық езгіге қарсы күресімен тығыз байланыста айқындалды. Ұлт - азаттық күресіндегі қазақ интеллигенциясының алғашқы және табанды өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаммеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Әлімхан Ермеков және т. б. болды.

Олардың құрамы да өздерінің саяси көзкарастарымен, іс - әрекеттерімен айрықшаланды. Олардың кейбірі социалистік идеяларды ұстанды, социал - демократтармен бірлесіп жұмыс істеді. Олардың ықпалы жағынан неғұрлым басым екінші бір бөлігі либералдық - демократиялық позицияларда бол­ды. Бұл бағыттың жұрт таныған өкілдері Ә. Бөкейханов, Б. Ка­ратаев және тағы басқалар либералдық - демократиялық бағытты қорғады.

1905 - 1907 жылдары Ресейде болған алғашқы орыс революциясы да қазақ даласының саяси оянуына, өлкеде езгінің отаршылдық, әлеуметтік және басқа да түрлеріне қарсы ұлт - азаттық, жұмысшы, аграрлық және баска да қозғалыстардың өрістеуіне едәуір дәрежеде серпін берді. XX ғасырдың алғашқы ширегін қазақстандық тарихшылардың бір тобы "саяси күрестер мен рухани жаңғырту кезеңі" деп атауға әбден лайық екендігін атап көрсетті. Саяси күрестер мен рухани жаңғырту кезеңінің тарихы 1905 - 1907 жылдардағы орыс революциясынан басталатынын айту әбден орынды болмақ. Өйткені, осы жылдардағы орыс революциясы қазақ даласындағы ұлттық қозғалыстың бастау алуына өз ықпалын тигізді. А. Байтұрсынов айтқандай осы кезеңде "Бұл дала саясат ісіне тартылып, азаттық қозғалысының ағынына араласты".

1905 жылы 25 шілдеде Қарқаралы қаласына таяу Қоянды жәрмеңкесінде алаш қозғалысы жетекшілерінің бастамасымен өткен қазақ съезінде әлеуметтік - экономикалық талаптармен бірге саяси талаптар да қойылған. Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы атына жазылған петиция қабылданды. Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың басшылығымен жазылған бұл петицияда үкіметке мынадай талаптар қойылды:

1) Діни сенімге қысым жасауды тоқтату;

2) Қазақ мектептерінде қазақ тілінде оқыту, интернат, пансионат, жоғары оқу орындарының жайы;

3) Қазақ тілінде газет шығару;

4) Переселендердің көшіп келуін тоқтатып, жерді қазақтікі деп жариялау;

5) Қазақтарды атамекен қоныстарынан көшіруді тоқтату;

6) "Далалық билеу Ережесін" өзгерту;

7) Болыстық кеңселер мен халықтық соттарда істі қазақ тілінде жүргізу, өтініштерді қазақ тілінде қабылдау құқығын қалпына келтіру, қызметке қазақ тілін білетін тілмаштарды алу;

8) Сот ісін қазақ тілінде жүргізу;

9) Бастықтар мен урядниктердің санын қысқарту;

10) Генерал - губернатордың бұйрығымен жер аударуды тыю;

11) Жоғары үкіметте қазақ депуттарының болуы. Революцияның алғашқы айларынан бастап - ақ жоғары билік сатысына талаптар қойған Қарқаралы петициясы қазақ өлкесінің оянуына едәуір себепкер болған аса зор саяси оқиға ретінде тарихта қалды.

Ұлт зиялыларының саяси күресінде Ресей Мемлекеттік Думасына сайлау жүргізу және оған қатысу айтарлықтай рөл атқарды. Олар өздерінің саяси күресінде Мемлекеттік думаның мінбесін де тиімді пайдалана білді.

Екінші Мемлекеттік Думаның 1907 жылғы 16 мамырда өткен мәжілісінде Орал облысынан сайланған депутат Б. Қаратаев қоныс аудару саясатының қазақтар шаруашылығына тигізген зардаптары туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында "біздің мемлекетте ұйыққан аграрлық мәселені далалық облыстарға, атап айткаңда, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының жеріне шаруаларды қоныс аудару арқылы шешкісі келеді. Үкіметтің осынау сұрқия саясатынан қазақтарға аштан қырылу қаупі төніп тұр" деп атап керсетті. Дума төрағасы депутаттың сөзін бөлгенде Б. Қаратаев Дума мінбесінен шаруалардың жерге деген зәрулігін қанағаттандыру үшін жеке меншік жерлерді тәркілеу жөніндегі кез - келген ресейлік оппозициялық қозғалыстың әрекетін қазақтар дереу қолдайды деп батыл мәлімдеме жасады. Мұның өзі сол жылдардағы ұлт - азаттық күрес жетекшілерінің саяси белсенділігі мен көзқарастарының қаншалықты өскендігін көрсете алады.

Екінші Мемлекеттік Думаға қазақ халқынан сайланған депутаттар кадеттерге қосылды және баска ұлттық партиялар өкілдерімен бірге орыс шаруаларын шеткері аймақтарға қоныс аударуын тоқтату күштерін ұйымдастырды. Ресей Мемлекеттік Думасы белгілі дәрежеде ұлт зиялыларының саяси - құқықтық көзқарастарының қалыптасуына ықпал етті, қазақ даласының саяси - әлеуметтік және мәдени - рухани дамуына серпін берді.

1913 жыл дан бастап жарық көрген "Қазак" газеті либералдық - демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Редакторы А. Байтұрсынов болған "Қазақ” газетінде ұлт зиялыларының сол кездегі жарық жұлдыздары болған Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, X. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және басқалар жұмыс істеді. Осы газет төңірегінде болашақ "Алаш" партиясының белсенділері мен жақтаушылары топтасты. Оппозициялық газеттің отаршылдық саясатқа қарсы сипаттағы мақалалары жергілікті әкімшілікті мазасыздандырды, сондықтан да отаршылдық әкімшілік "Қазақ" газетін үнемі бақылауға алды, 1913 - 1916 жылдар аралығында газетті 26 рет жапты, редакторы А. Байтұрсыновты бірнеше рет қамауға да алды.

Саяси - құқықтық идеялар мен бағдарламаларды жасау ісімен айналыскандардың бірі ұлт - азаттық қозғалыстың жетекшісі, әйгілі мемлекет кайраткері, ғалым - әдебиетші Әлихан Бөкейханов еді. Оның артына қалдырған шығармашылық мұрасының үлкеи бөлігі - орыс тілінде жазылған монографиялық, энциклопедиялық сипаттағы еңбектері және "Қазақ" газетінде ана тілінде жазылған мақалалары.

"Қазақ" газеті арқылы Ә. Бөкейханов қазақ кауымын Ресейдегі саяси оқиғалармен таныстырды және саяси - құқыктық сауатын ашты. Газеттің 1913 - 1914 жылдардағы сандарында ол "Бе­бель", "Жан Жорес", "Керек сөз", "Балқан соғысы" жіне "Тағы соғыс" мақалаларында саясат пен соғыс мәселелерін сөз етеді. 1910 жылы жазған "Қазақтар" дейтін зерттеуінде Ә. Бөкейханов қазақ халқының тарихын, оның әлеуметтік құрылымын, орыс бодандығын, отаршылдықтың зардаптарын айтады. Қазақ әдет - ғұрып нормаларыңдағы бұрынғы құқықтық жүйенің жойылып, оның орнына патша өкіметі енгізген заңдардан кейін әділетсіздік пен парақорлықтың белен алғаны сыналады.

Ә. Бөкейхановтың ойынша европалық білім алып саяси істерге араласа бастаған қазақ зиялылары екі бағытқа бөліне бастаған. Олардың бірі - мұсылмандық идеяны жақтайтын түрікшілер, ал екіншісі европалық дамуды қолдайтын батысшылдар. Саяси екі ағымның пайда болуын атап көрсеткен Ә. Бөксйханов оларға ғылыми сипаттама да берді және бұл екі ағымның әлі нақты партия болып қалыптаспағандығын ескертті. Өзінің саяси қызметінің бастауында батысшылдар жағында болған ол саяси бостандық мәселелерінде діни ағымдарға да қарсы болмады.

ХХ ғасырдың басыңдағы қазақтың ірі қоғам қайратксрі, саяси - әлеуметтік тақырыпта өндіре жазған ақын, публицист, қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, ағартушы - ұстаз Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келді. Оның түрлі оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, ел билеу, сот, жер, еркіндік тақырыптарына арналған "Бұл заманның соғысы" (1914), "Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан Уақытша Ереже" (1914), "Соғысушы патшалар" (1914), "Заң жобасының баяндамасы" (1914), "Жәрдем комитеті" (1915), "Қазаққа ашық хат" (1916), "Қазақ жерін алу тураласындағы ни­зам'' (1916), және тағы басқа мақалалары Ахмет Байтұрсыновтың саяси - құқықтық көзқарастарының эволюциясын, қайраткерлік қабілетін, отан сүйгіштігін жан - жақты көрсете алады. Қоғамдық өмірдің сан алуан көкейтесті мәселелерін арқау етіп жазған оның мақалалары алғашқы кезде "Айқап" журналында, 1913 - 1918 жыл­дары өзі редактор болған "Қазақ" газетінде, жеке жинақтарында, кейіннен кеңестік баспасөзде жарияланды.

Ахмет Байтұрсыновтың аталған мақалалары мен басқа да еңбектерінде құқықтық мемлекет принциптеріне сай келетін идеялар көптеп кездеседі. Ол құқыктық мемлекетте өкімет билігін, ең алдымен заң шығарушы жоғарғы орган - парламентті қалыптастыруда заң шығаратын адамдарды сайлауда қателеспеу қажеттігіне басты назар аударады. Сайлауға қатысуда жеке бастың немесе ағайынның, рудың намысы үшін ғана дауыс беру азаматтыққа жатпайды. Билік басына немесе заң шығару қызметіне келетін адам үшін немқұрайлы дауыс беру, жершілдік пен ағайыншылық, жершілікке салыну, Ахмет Байтұрсыновтың айтуынща "ол сайлау емес, құр талас немесе сауда".

Халықтың сайлауға қатысуы және дауыс беруі туралы мәселеде ол былай деп жазады: "Пайдалы адамды сайлаумен залалды адамды сайлау арасында ешбір парық болмаса, жұрт неге азаяды? . . . Яғни өз жақынын сайлап, бар мақсаты табылғандай көрінеді. Сайлау көп үшін берген нәрсе, көп пайдасын көздеп сайланса . . . сайлау дұрыс өз мағынасында болғаны. Халықтың пайдасы, залалы қаралмай, мынау туғаным - тұқымдасым . . . - деп сайланса, ол сайлау емес". Демократияның ең маңызды көрінісі сайлау болып табылатындығын ескерген қазақ ойшылы "Тағы да халық соты хақында" мақаласында ''Сайлау деген - өзіңе берген құқықтар" деген қорытынды жасайды.

Рим заңгерлерінің "заң жиі өзгермеуі тиіс", "заң жақсы болса ғана оны шығарушылар халық құрметіне ие болады", "заң халық үшін қызмет етеді” деген қағидаларына сүйенген А. Байтұрсынов ғасырлар бойы қалыптасқан құқықтық нормаларды жоғарыдан бұзып, халыққа таныс емес заңдарды күштеп танудын қаншалықты зардапқа соқтыратынын ескертеді.

ХХ ғасырдың басында империялық саясат билер сотының аясын тарылтуға барынша ынталылық танытты, ресейлік сот жүргізу ісінің тиімділігі туралы насихат күшейтілді. Осы кезде қазақ халқының ұлттық мүддесіне сай келетін билер сотының өз дәрежесінде іс жүргізетін бірден - бір сот инстанциясы екендігін дәлелдеп, оны барынша қорғағандардың бірі А. Байтұрсынов еді.

Қазақтың тұңғыш құқык, магистрі Жақып Ақбаевтың (1876 - 1934) саяси күресі мен құқықтық идеялары қазақ халқының ұлттық, саяси санасының қалыптасуына "Алаш" партиясының бағдарламасы мен қазақ автономиясының басты саяси бағытын айқындауда орасан зор рөл атқарды, ұлттық құқықтану ғылымының негізін қалады. Оның саяси - құкықтық көзқарастарының концепсиясы және құқыктың әртүрлі саласы бой­ынша жинақтаған еңбектері ұлттық мемлекет құрудағы ғылыми доктрина дәрежесіне дейін көтеріле алды.

1903 жылы Санкт - Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген Ж. Акбаев осы жылдың күзінде Омбы сот палатасына қызметке тұрып, онда палата хатшысы болып істейді және көп ұзамай осы қаладағы 2 - ші учаскенің бітістіруші судьясының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Революциялық оқиғаларға байланысты ол 1905 жылы қараша айында бұл қызметтен өзі кетеді және адвокат болып істейді. 1908 жылдан бастап өмірінің соңына дейін созылған жер аударулар, қылмыстық жауапқа тартулар, қуғындаулар қоса жүрген азаптың жоқшылыкка толы ауыр өмір кезеңі - саяси күресі басталады.

1917 жыл Ж. Ақбаев және оның жақтастары үшін жемісті кезең болды. Бұл кезеңде "Алашорда" идеологиясы айкын қалыптасып, тұңғыш саяси ұйым "Алаш" партиясы дуниеге келді. "Алаш” партиясының жұмысына белсене араласқан Ж. Ақбаев Алашорда үкіметін құруға да белсене ат салысады. Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланады. Жоғары білімді құқықтанушы ретіңде ол мемлекеттік құрылысты белгілеуде, алаш автономиясының мемлекеттік институттары мен үкіметін құруда, оның құқыктық мәртебесін айқындауда белсенді рөл атқарды.

1922 жылдан бастап Ж. Ақбаев "Алаш" буржуазиялық - ұлтшылдық партиясында және "Алашорда” үкіметінде болғаны үшін қуғынға ұшырайды. 1922 - 1924 жылдары кеңестік түрме азабын тартқан ол 1925 - 1930 жылдары округтік және губерниялық сот жанындағы адвокаттар алқасының мүшесі болып істейді. 1930 жылы қыркүйекте "контрреволюциялық әрекеті" үшін айыпталып қамауға алынады, ал 1932 жылы сәуір айында 58 - 10 және 59 - 3 баптар бойынша сотталған ол 5 жыл мерзімге Воронеж облысына жер аударылады. Қазақтан шыққан тұңғыш құқық ма­гистрі Алашорда үкіметінің бас прокуроры, тәуелсіздік жолындағы күрескер Жақып Ақбаев 1934 жылы 4 шілдеде мәңгілікке көз жұмады.

Ж. Акбаевтың құқықтану саласындағы басты еңбегі Алаш бағдарламасының жобасы мен қазақ мемлекеттілігінің болашағы туралы идеялары болып табылады. Ол қазақ зиялыларының озық ойлы өкілдері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтармен бірге ұлт - азаттық қозғалыстың идеялық және ұйымдык, негіздерін әзірледі, Алашорда үкіметінің саяси және құқықтық құжаттарын дайындауға қатысты.

2 Алаш партиясы бағдарламасындағы саяси, құқықтық ойлар

Патша үкіметі құлатылғаннан кейін 1905 жылдан өмір сүрген алаш қозғалысы қайта жанданды. 1917 жылы 21 - 28 шілдеде алаш қайраткерлерінің бастамасымен Орынборда бірінші жалпықазақ съезі болып өтті. Съезге Семей, Торғай, Ақмола, Орал, Сырдарня, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Съездің күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Олар: мемлекеттік басқару ісі, қазақ облыстарының автономиясы, "Алаш" партиясын құру, жер мәселесі, сот, дін және әйелдер мәселесі, жергілікті басқару, халыққа білім беру және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саясат тарихы жайлы мәлімет
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Қазақ қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу
Саясаттану пәнінен дәрістер кешені
Мұсылман ағартушылығының мәнін ашу және хіх ғасырдағы Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының даму жағдайы мен барысы
Саяси философия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz