Арнайы экономикалық аймақ



Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы
Экономиканы әртараптандыру
Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы туралы идеялар
Арнайы экономикалық аймақтардың құрылу мақсаты
Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы экономикада оффшорлық орталықтардың пайда болуына әкелді. Соңғы 10 жылдықта аталмыш орталықтардың қаржылық активтері айтарлықтай өсіп, экономикасы дамыған елдерде ғаламдық бизнеске айнала бастады. 1970 жылдары оффшорлық аумақтарға шетелдік капитал салымдары 6,7 млрд. долларды құраса, 1983 ж олар 50 млрд. долларға жетті және осы жағдайда АҚШ капитал салымдарының жалпы көлемі бүкіл әлемде 227 млрд. долларға жетті. Айта кету керек, бұл жерде 1970 ж. АҚШ – тың типтік типтік трансұлттық компаниясы елден тыс жалпы пайданың 10-20 пайызы көлемінде табыс тапты, ал бұл көрсеткіш 1995 ж шет елдік филиалдар есебінен 50 пайызға дейін жетті. [7]
Дүниежүзілік экономикалық бағыттың либералдануына, сөйтіп қарым-қатынастардың жаһандануына байланысты арнайы экономикалық аймақтар құру идеясы әлемнің дамыған және дамушы елдерінде кең таралып отыр. Шетел тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өндірісті әртараптандыру, жұмыспен қамту, экономикалық, ғылыми-техникалық даму мақсаттарындағы АҚШ-тың – “Силикон-Веллс”, Ирландияның – “Шеннон”, Бразилияның – “Манаус”, ҚХР-дың шет аумақтарындағы және РФ-ның “Липецк” арнайы экономикалық аймақтары дамуы жағынан артта қалған өңірлерде құрылған.
Экономиканы әртараптандыру, жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өнімдер шығару, инвести¬ция тарту, жаңа өнімдер түрлерін игеру мақсатында Президент Жарлығымен 2002 жылғы 26 сәуірде Маңғыстау облысында “Ақтау теңіз порты” арнайы эко¬номикалық аймағы құрылып, ол 2015 жылға дейін қызмет етуге тиіс болатын.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 17 жылдан бері халықаралық экономикалық бірлестік жетегінде бола отырып сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу аясындағы интеграциялық процестерден шет қала алмады, яғни оффшорлық бизнес механизмдерінің бір бөлігі отандық заңдылықтарда көрініс тапты.
Оффшорлық белгілерді қарастырмастан бұрын оффшорлық белгілері бар оффшорлық қызмет субъектілеріне сипаттама берейік.[42]
Оффшорлық қызмет субъектілері – арнайы территориялық бірлестік заңдылықтарына сәйкес құрылған салық салудың жеңілдетілген режиміне негізделген және ұйымдастыру-құқықтық міндеттемелерді орындаудың жеңілдетілген режиміне сай қызмет ететін тұлғалар, бұлар көбінесе корпоративтік құрылмыдағы заңды тұлғалар. Сәйкесінше салық салудың жеңілдетілген режимі «резидент емес» немесе басқаша жеңілдік статустарына сай инкорпорация территориясында шаруашылық қызметін шектеп жүргізуімен сипатталады. Ұйымдастыру-құқықтық міндеттемелерді орындаудың жеңілдетілген режимі тіркеу, басқару, валюталық бақылау және оффшорлық қвызмет субъектісінің есептілігімен сипатталады.
Оффшорлық қызмет түсінігіне ең жақын мазмұндағы сәйкестік отандық тәжірибеде Арнайы экономикалық аймақтар арқылы қарастырылады.
Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы туралы идеялар ағылшындық П. Халла мен С. Хоуль, сондай-ақ американдық С. Бутлер есімдерімен байланысты, олар әртүрлі кризистік жағдайларды мемлекеттің араласуы ірі өнеркәсіптік орталықтарды экономикалық төмендеуден сақтай алмайды деген пікірді жақтаған. Олар экономикалық және саяси әсер теудің дәстүрлі шаралары ретінде осы аумақтарда қызмет етуші кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырады. Классикалық оффшорлық аумақтарда бірінші

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы экономикада оффшорлық орталықтардың пайда болуына әкелді. Соңғы 10 жылдықта аталмыш орталықтардың қаржылық активтері айтарлықтай өсіп, экономикасы дамыған елдерде ғаламдық бизнеске айнала бастады. 1970 жылдары оффшорлық аумақтарға шетелдік капитал салымдары 6,7 млрд. долларды құраса, 1983 ж олар 50 млрд. долларға жетті және осы жағдайда АҚШ капитал салымдарының жалпы көлемі бүкіл әлемде 227 млрд. долларға жетті. Айта кету керек, бұл жерде 1970 ж. АҚШ - тың типтік типтік трансұлттық компаниясы елден тыс жалпы пайданың 10-20 пайызы көлемінде табыс тапты, ал бұл көрсеткіш 1995 ж шет елдік филиалдар есебінен 50 пайызға дейін жетті. [7]
Дүниежүзілік экономикалық бағыттың либералдануына, сөйтіп қарым-қатынастардың жаһандануына байланысты арнайы экономикалық аймақтар құру идеясы әлемнің дамыған және дамушы елдерінде кең таралып отыр. Шетел тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өндірісті әртараптандыру, жұмыспен қамту, экономикалық, ғылыми-техникалық даму мақсаттарындағы АҚШ-тың - "Силикон-Веллс", Ирландияның - "Шеннон", Бразилияның - "Манаус", ҚХР-дың шет аумақтарындағы және РФ-ның "Липецк" арнайы экономикалық аймақтары дамуы жағынан артта қалған өңірлерде құрылған.
Экономиканы әртараптандыру, жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өнімдер шығару, инвести - ция тарту, жаңа өнімдер түрлерін игеру мақсатында Президент Жарлығымен 2002 жылғы 26 сәуірде Маңғыстау облысында "Ақтау теңіз порты" арнайы эко - номикалық аймағы құрылып, ол 2015 жылға дейін қызмет етуге тиіс болатын.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 17 жылдан бері халықаралық экономикалық бірлестік жетегінде бола отырып сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу аясындағы интеграциялық процестерден шет қала алмады, яғни оффшорлық бизнес механизмдерінің бір бөлігі отандық заңдылықтарда көрініс тапты.
Оффшорлық белгілерді қарастырмастан бұрын оффшорлық белгілері бар оффшорлық қызмет субъектілеріне сипаттама берейік.[42]
Оффшорлық қызмет субъектілері - арнайы территориялық бірлестік заңдылықтарына сәйкес құрылған салық салудың жеңілдетілген режиміне негізделген және ұйымдастыру-құқықтық міндеттемелерді орындаудың жеңілдетілген режиміне сай қызмет ететін тұлғалар, бұлар көбінесе корпоративтік құрылмыдағы заңды тұлғалар. Сәйкесінше салық салудың жеңілдетілген режимі резидент емес немесе басқаша жеңілдік статустарына сай инкорпорация территориясында шаруашылық қызметін шектеп жүргізуімен сипатталады. Ұйымдастыру-құқықтық міндеттемелерді орындаудың жеңілдетілген режимі тіркеу, басқару, валюталық бақылау және оффшорлық қвызмет субъектісінің есептілігімен сипатталады.
Оффшорлық қызмет түсінігіне ең жақын мазмұндағы сәйкестік отандық тәжірибеде Арнайы экономикалық аймақтар арқылы қарастырылады.
Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы туралы идеялар ағылшындық П. Халла мен С. Хоуль, сондай-ақ американдық С. Бутлер есімдерімен байланысты, олар әртүрлі кризистік жағдайларды мемлекеттің араласуы ірі өнеркәсіптік орталықтарды экономикалық төмендеуден сақтай алмайды деген пікірді жақтаған. Олар экономикалық және саяси әсер теудің дәстүрлі шаралары ретінде осы аумақтарда қызмет етуші кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырады. Классикалық оффшорлық аумақтарда бірінші қадам салық жеңілдіктьерін беру және ел территориясында әрекет ететін басқа да әкімшілік-валюталық шектеулерді алу болды.
Өткен күн тұрғысынан қарағанда әлемдік шаруашылықта арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы әлемдік экономиканың ғаламдану процесімен байланысты жаңа экономикалық көзқарастар мен тенденцияларды қалыптастырды. [25]
Енді арнайы экономикалық аймақтардың дамуыныі тарихи аспектлерін қарастырайық:
Арнайы экономикалық аумақтардың дамуы өткен жүзжылдықтың 70 жылдарынан басталады, көптеген елдерде шаруашылық жүргізудің жеңілдетілген жүйесі арқылы экономикалық өсу байқала бастады.
Арнайы экономикалық аймақтардың құрылу мақсаты:
* Инвестиция тартуға жағымды жағдайларды қалыптастыру;
* Аудандарды дамытуды жеделдету;
* Нарықтық инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын қалыптастыру;
* өндіріс пен сауда, қазіргі жетілген технологияларды, әлемдік озық тәжірибелерді пайдалану.
Арнайы экономикалық аймақ - капиталды инвестициялау және экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.
Арнайы экономикалық аймақтар алғашқы сатыда жеңіл және тамақ өнеркәсібіне бағытталды, бұл салалар капитал салымдарын айтарлықтай қажет етпейді және нәтижесін тез көрсетеді. Сонан соң арнайы эконмикалық аймақтардың дамуы басқа салалардан да көріне бастады, оның ішінде шикізаттық сектор да көрініс тапты. Айта кету керек, құқықтық режимдегі айырмашылық елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда аталған аймақтарда басқаша. Бұл айырмашылықтар жеңілдіктерде, елдің қалған территориясындағы шектеулерде, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын құқықтық реттеуден көрінеді.
Арнайы экономикалық аймақтардың мамандандырылуына сай көптеген арнайы экономикалық аймақтарға тән құқықтық реттеудің төмендегідей механизмдері бар::
* Белгілі жағдайларға сәйкес белгіленген мерзімде инвесторларды толық және ішінара салықтан босату;
* өнім шығару, құрылғылар мен шикізаттар тасымалын кедендік төлемдерден босату, бұл принцип қазір кеңірек қолданылады, арнайы экономикалық аймақтар кедендік территория ретінде қарастырылмайды.
* Либералдық валюталық режим, шетелдік инвесторлар табысына валюталық және салықтық шектеулердің жоқтығы;
* Тіркеу, есептілік және басқа да нысандардың жеңілдетілуі;
* Сәйкес өкілеттілік шеңберінде аймақта арнайы басқару органдарын құру;
* Ғимарат пен жерді жалдауға, әртүрлі қызмсеттерге жеңілдетілген тариф; -Аймақтағы іскерлік белсенділікті қамтамасыз ету үшін сәйкес инфрақұрылымды қалыптастыру.
Еркін кеден аймағы -- бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.[16]
Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етілетін тауарлар. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен жүргізілетін операциялар.
Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен операциялар арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленген тізбе бойынша жасалады. Тауарлардың еркін кеден аймағының кедендік режимінде болу мерзімі. Арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеген жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін кеден аймағының кедендік режимінде бола алады.
Арнайы экономикалық аймақ таратылған жағдайда, қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүргізілген және арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына жету үшін пайдаланылған тауарларды қоспағанда, бұрын еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған арнайы экономикалық аймақты тарату рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі ішінде өзге кедендік режимге мәлімделуге тиіс.
Арнайы экономикалық аймақтарда Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар. Кеден органдары арнайы экономикалық аймақ аумағындағы еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырады.
Арнайы экономикалық аймақтардағы тауарлардың есебін жүргізу
Арнайы экономикалық аймақтарда қызметін жүзеге асыратын тұлғалар еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлардың және олармен жүргізілген операциялардың есебін жүргізеді және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.[16]
Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану
1. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыру кезінде импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар және салықтар алынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар және салықтар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.
2. Еркін кеден аймағының кедендік режимінің шарттары мен талаптарын сақтай отырып, қазақстандық тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігінен арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелу, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының қалған кедендік аумағының бір бөлігіне әкету кезінде кедендік баждар және салықтар алынбайды және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкету таңдалған кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар кедендік төлемдер және салықтар алу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс орналасқан деп қарастырылады.
4. Тауарлардың арнайы экономикалық аймақтың аумағынан шығуы тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік әкету баждарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында -- қазақстандық тауар ретінде;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын және салықтарды алу, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - шетелдік тауар ретінде қаралады.
Еркін кеден аймағының кедендік режиміне тауарларды кедендік ресімдеудің ерекшеліктері
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін және еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар, сондай-ақ өздеріне қатысты еркін кеден аймағының кедендік режимі өзгертілетін тауарлар кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.
2. Еркін кеден аймағының кедендік режимі өзге кедендік режимге өзгертілген жағдайда шетелдік тауарларды кедендік ресімдеу, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, кедендік баждарды және салықтарды төлеу таңдалған кедендік режимнің шарттары мен талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте қолданылатын (пайдаланылатын) тауарларға қатысты тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген қолдану (пайдалану) уақыты ішіндегі амортизация нормаларын ескере отырып, еркін кеден аймағының кедендік режиміне сәйкес айқындалады.
Еркін кеден аймағының кедендік режимінің аяқталуы
Еркін кеден аймағының кедендік режимі:
1) тауарларды өзге кедендік режимде кедендік ресімдеумен;
2) тауарлармен қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалған және алынған тауарлар арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін пайдаланылған жағдайда аяқталады.
Қазіргі кезде Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтардың дамуы жаңа сатылардан өтуде. 2000ж 28 шілдеде Астана қаласының арнайы экономикалық аймағының жағдайлары жеңілдетілді. ҚР арнайы эконмикалық аймақтар туралы заңына өзгерістер енгізіліп, жаңа типтегі арнайы экономикалық аймақ - Астана-жаңа қала арнайы экономикалық аймағы құрылды. Қазір осы аймақтармен қатар Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағы қызмет етуде.
Теңіз көлігі қызметінің әртүрлі аспектілері бар, олар - техникалық, технологиялық, ақпараттық, экономикалық, құқықтық және т.б.. Алайда, теңіз порттарының көлік жүйесіндегі қызметінің негізінде көлік дамуының бағыттарын, көліктің белгілі-бір түрінің қолданылу қажеттілігін, көлік кешенінің қызмет ету тиімділігін анықтайтын экономикалық процестер тұрады. Осы бөлімде теңіз көлігінің экономика саласы ретіндегі негізгі экономикалық сипаттамалары қарастырылған және оның қызметін бағалайтын көрсеткіштер келтірілген.
Сонымен бірге теңіз және басқа көлік, кәсіпорындар, аймақтар мен елдер арасында тасымалды жүзеге асыра отырып, экономикаға едәуір әсер етеді. Көліктің қоғам өміріне әсері әртүрлі және көпжақты. Ол өндіріс пен тұрғындардың орналасуындағы, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және өмір сүруін өзгертудегі географиялық және құрылымдық алға жылжуға әсер етеді. Халықаралық еңбек бөлінісін қамтамасыз ете отырып, әлемдік экономикада, мәдениетте және халықаралық қатынастарда ірі өзгерістерге әкеледі.
Қазақстан көлігі экономиканың маңызды саласы болып табылады және оның келесі түрлері бар: теміржол, теңіз, өзен, әуе, автомобиль, құбыр желісі. Көліктің негізгі міндеті- қызмет көрсетуді жақсарта және уақтылы жеткізе отырып, қажетті көлемде және бағыттарда жүк пен жолаушы тасымалына деген әлеуметтік және экономика салаларының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету.
Су (теңіз және өзен) көлігі Қазақстанның біртұтас көлік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан территориясы бойынша елдің поселоктары мен ауылдарын, қалаларын қосып отырған отандық көлік коммуникациялары болып табылатын өзендер ағып жатыр. Сол себепті, тек қана экономикалық емес, сондай-ақ географиялық жағдайларға байланысты су көлігі Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі экономикалық байланыстарын қамтамасыз етуші маңызды фактор болып табылады.
Сондай-ақ теңіз флоты аралас өзен-теңіз жүзу кемелерін пайдалана отырып, коммуникацияларды белсенді түрде игеруде екендігін айта кету қажет.
Қазақстанның су көлігі келесі негізгі міндеттерді шешеді:
* елдің әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялауға бағыттауды жүргізуге байланысты соңғы жылдары ерекше маңызға ие болған, теңіз сыртқы сауда тасымалдарды қамтамасыз ету;
* тұрғындар миграциясы мен әртүрлі жүк тасымалы қажеттілігі күрт артатын жаз мезгілінде ішкі жүк және жолаушы тасымалын қамтамасыз ету;
* жүктің ірі партияларын тасымалдауға қабілетті іс жүзіндегі жалғыз көлік түрі болып табылатын Каспий аймағында көлік қызметін көрсету;
* ел бюджетіне валюталық кірістерді ұлғайту; әскери-теңіз флотының стратегиялық резерві ретінде елдің қорғаныс қабілетін күшейту.
Теңіз көлігі жүзеге асыратын жүк тасымалдауды теңіз тасымалы деп атайды. Теңіз тасымалдары әдетте аралас теңіз бассейндерінде немесе жүк экспорты және импортын қамтамасыз етуші сыртқы-сауда тасымалдарына бөледі. Қазіргі кедегі бүкіл әлем бойынша теңіз көлік құралдарымен бір жылда тасымалданған жүк көлемі көліктің қалған түрлерінің барлығымен тасымалданған біржылдық жалпы жүк көлемінен артық. Теңіз порттарының әлемдік жүк айналымы тұрақты түрде өсуде. Әлемдік тасымалдар өсуінің болжамы келесі көрсеткіштермен сипатталады: 1980 ж. - 5 млрд.т, 1990ж. - 7 млрд.т, 2000ж. - 10 млрд. т, 2008 ж. - 35-45 млрд.т.
Әлемдік теңіз тасымалында мұнай, темір кені, бидай, көмір, минералды тыңайтқыштар , табиғи газ және басқа жүктердің тасымалы үздіксіз өсуде.
Әлемдік сауда коньюктурасының өзгеруіне байланысты теңіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар
Арнайы экономикалық аймағының кеден саясатының ұғымы мен жалпы сипаттамсы
Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру
Еркін сауда аймақтары
Арнайы экономикалық аймағын құрудың алғыш
Арнайы экономикалық аймақтар, олардың құрылу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды дамыту
Еркін экономикалық аймақты басқару барысында пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттеу
Халықаралық теңіз құқығы
Пәндер