Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Ітарау Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .5

ІІ тарау
Тақтажелбезектілер классификациясының тармақ биологиясы.
2.1. Тақтажелбезектілердің дене құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.2 Тақтажелбезектілердің қаңқа құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3 Тақтажелбезектілердің тыныс алуы, сезім мүшелері ... ... ... ... ... ...11
2.4.Тақтажелбезектілердің тері жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.5 Тақтажелбезектілердің көбеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

ІІІ тарау
Тақтажелбезектілердің шаруашылық маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ...17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Кіріспе

Балықтар – сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. «Балықтың жаны –суда» деген халық даналығы соның айғағы.
Қазіргі кезде дүниежүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі
мекендейді. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология
( грекше «ихтис» - балық, «логия» - ілім, ғылым) деп аталады.
Балықтардың денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек және дара арқа жүзбеқанаттары ораналасқан. Қүйрық бөлімінде сыңар құйрық және аналь жүзбеқанаттары бар. Терісі сыртынан қабыршақтармен қапталған. Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады. Балықтың жұп көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары дене тепе – теңдігін сақтайды. Балық осы жүзбеқанаттардың көмегімен судың беткі қабатына көтеріледі. Кейде тереңге түсіп, жан–жағына бұрылады. Арқа және аналь жүзбеқанаттары жүзіп жүргенде денесін қалыпты ұстауға көмектеседі. Құйрық жүзбеқанаттары бағыт береді.
Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар деп 2 класқа бөлінеді. Қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі тек теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар және тұтасбасбалықтары жатады. Омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көп түрлісі балықтар деп есептелінеді. Осы кездегі балықтар түрлерінің саны 20000- ға жуық, олардың барлығы суда тіршілік еткенімен, іс-әрекеттері әр түрлі. Көлемі, тіршілік ететін ортасы, сыртқы пішіні бір- біріне ұқсамайтын балықтар көп кездеседі.
Шеміршекті балықтардың дене пішіні барлығында бірдей емес. Акуланың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан олар суда мекендейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қайым Қ. Жануартану. –Алматы: Мектеп, 2001.
2.Қайым Қ. Балықтар әлемінде. – Алматы: Қайнар, 1981.
3. Қайымов Қызықты зоология .- Алматы: Мектеп 1975ж
4.С. П. Наумов Омыртқалылар зоологиясы- Алматы « Мектеп» 1970 ж
5. Дәуітбаева Омыртқалылар зоологиясы Алматы

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3
Ітарау
Шеміршекті балықтардың жалпы
сипаттамасы------------------------ ---------5
ІІ тарау
Тақтажелбезектілер классификациясының тармақ биологиясы.
2.1. Тақтажелбезектілердің дене құрылысы--------------------------- --------
---7
2.2 Тақтажелбезектілердің қаңқа құрылысы--------------------------- --------
--10
2.3 Тақтажелбезектілердің тыныс алуы, сезім мүшелері-----------------------
11
2.4.Тақтажелбезектілердің тері жамылғысы-------------------------- ----------
--12
2.5 Тақтажелбезектілердің көбеюі----------------------------- ---------------
------14
ІІІ тарау
Тақтажелбезектілердің шаруашылық маңыздылығы------------------------ ---17
Қорытынды.------------------------- ----------------------------------- ------
------------19
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
-------21

Кіріспе

Балықтар – сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы
омыртқалы жануарлар. Балықтың жаны –суда деген халық даналығы соның
айғағы.
Қазіргі кезде дүниежүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі
мекендейді. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология
( грекше ихтис - балық, логия - ілім, ғылым) деп аталады.
Балықтардың денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас
бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек және
дара арқа жүзбеқанаттары ораналасқан. Қүйрық бөлімінде сыңар құйрық және
аналь жүзбеқанаттары бар. Терісі сыртынан қабыршақтармен қапталған.
Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады. Балықтың
жұп көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары дене тепе – теңдігін сақтайды. Балық
осы жүзбеқанаттардың көмегімен судың беткі қабатына көтеріледі. Кейде
тереңге түсіп, жан–жағына бұрылады. Арқа және аналь жүзбеқанаттары жүзіп
жүргенде денесін қалыпты ұстауға көмектеседі. Құйрық жүзбеқанаттары бағыт
береді.
Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар деп 2 класқа бөлінеді.
Қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі тек
теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар және тұтасбасбалықтары
жатады. Омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көп түрлісі балықтар деп
есептелінеді. Осы кездегі балықтар түрлерінің саны 20000- ға жуық, олардың
барлығы суда тіршілік еткенімен, іс-әрекеттері әр түрлі. Көлемі, тіршілік
ететін ортасы, сыртқы пішіні бір- біріне ұқсамайтын балықтар көп кездеседі.
Шеміршекті балықтардың дене пішіні барлығында бірдей емес. Акуланың
денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың
денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан олар суда мекендейді.

Шеміршекті балықтардың силур дәуірінде тіршілік еткендігін бұдан бұрын
да сөз еткенбіз. Жүз миллиондаған жыл бұрынғы қалпын сақтап, пішіні
айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған көне дүниенің тірі куәсі – акула. Мысалы,
қазіргі акуланың бұдан шамамен 300 миллион жыл бұрын тіршілік еткен
акуладан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Аквариумнан акуланы көріп тұрып,
оған немқұрайлы қарауға тіпті де мүмкіншілік жоқ. Әсіресе оның сүйірлене
біткен дене пішінін басқа балықтардың бірде бірінен кездестіруге болмайды.
Акула жүзгенде ешқандай қиналмастан қуатты құйрығымен су сабалап, сәнді де
қаһарлы түрде емін-еркін қозғалады. Акуланың пышақтай өткір тістері
орналасқан мықты жақтары, аузын ашқанда қатар түзеп, айбар береді. Мықты
жақтарының көмегімен олжасын қақпанша қауып, тістеген жерін ойсырата жұлып
алады. Миллион жылдар бойы өзгеріссіз қалуына себепші болған да осы дене
пішіні мен мықты тістері және айбарлы қимылы болар.
Қазіргі кезде акулалардың жаулары да көп емес, достары да жоқтың қасы.
Алайда, адамдар акулаға қорқынышты да сенімсіз көзқараста. Дәлірек айтқанда
акуланың мінез-қылығының нақтылы қандай екендігін зерттеп білу мәселесі әлі
толық шешілген жоқ. Әсіресе, акулалардың адамға шабуылы тым түсініксіз.
Жолбарыс түстес акула, ақ акула, құм акуласы, балға-балық тағы басқа
акула түрлерінің адамға шабуыл жасағандығы ежелден белгілі. Адамға қауіпті
акулалар саны елу шақты. Олардың 29-ның адамға шабуыл жасағандығы туралы
нақтылы деректер бар. АҚШ Ұлттық музейінің мәліметіне қарағанда соңғы
жылдары ғана акулалардың адамға 1410 рет шабуыл жасағаны тіркелген. Осының
салдарынан 477 адам құрбан болған. Акуланың адамға шабуылы көбінесе
тропиктік суларда кездеседі. Жұмбақ жануардың 250 түрі тіршілік етеді. Олар
көпшілігі тропиктік және субтропиктік теңіздерде мекендейді. Жалпы акулалар
теңіз бен мұхиттың барлығына таралған. Гренландия, Поляр акулалары Арктика
суларын мекендейді.
Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы
Шеміршекті балықтардың денесін плакоидты қабыршақтар қаптайды. Бұл
гректің плакас - тақташа, ейдос - пішінді деген сөздерінен алынған
термин. Мұндай қабыршақтың тақташасы және ұшы кері қайырылған тікенегі
мен мойны болады. Плакоидты қабыршақтың дәнекер ұлпасына толы қуысы бар.
Оны қантарату тамырлары және жүйке торлап жатады.
Шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектен түзілген. Бас қаңқасында ми
сауыты, жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. Омыртқа жотасы – тұлға және
құйрық бөлімдерінен құралады.
Асқорыту мүшелері клаокамен бітеді. Клаока – тік ішектің кеңейген бөлігі.
Шеміршек балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады.
Омыртқалар арасында желі қалдығы сақталған. Омыртқа жотасы жұлынды
қорғайды. Иық және жамбас белдеулері мен жұп көкірек, жұп құрсақ
жүзбеқанаттарының қаңқасы айқын білінеді.
Асқорту мүшелері мен асқорту бездері асқорту жүйесін түзеді.
Шеміршекті балықтардың тынысалу мүшесі – желбезектер. Желбезектерінде
желбезек доғалары, желбезек аралық перде және желбезек шашақтары болады.
Желбезек доғаларының саны 5 жұп. Желбезек шашақтарын ұсақ – қылтамырлар
торлап жатады.
Шеміршекті балықтарға тән белгілер: шеміршекті балықтардың денесі
созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді.
Шеміршекті балықтардың басында алға қарай созылыңқы тұмсығы болады.
Жұтқыншағының екі бүйіріндегі 5-7 жұп желбезек саңылаулары бар. Олардың
әрқайсысы сыртқа жеке ашылады. Желбезек саңылауының соңғы жұбы бас бөлімін
тұлға бөлімінен бөліп тұрады. Тұлға бөлімі мен құйрық бөлімінің арасы
клоакамен бөлінген.
Шеміршекті балықтардың құйрық жүзбеқанаттарының үстіңгі қалағы
астыңғысынан едәуір үлкен.
Шеміршекті балықтар даражынысты. Аталықтарында – жұп тұқым жолы, ал
аналықтарында жұп жұмыртқа жолы болады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі
іштей ұрықтанады. Аналықтары ұрықтанған уылдырық шашады, ал кей түрлері
тірі шабақтайды. Уылдырықтың саны аз. Кей түрлері ұрпақтарына қамқорлық
жасайды.
Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді. Олар тақтажелбезектілер
және тұтасбастылар деп аталады.
Тақтажелбезектілерге акулалар мен жұпбалықтар жатады. Акулалардың 350-ге
тарта түрі бар. Олар мұхиттарда, теңіздерде таралған. Дене пішіндері алуан
түрлі. Аратұмсықты акулалар басының алдыңғы бөлігінде ұзынша әрі жалпақ
өскіні бар. Оның шетінде ұсақ тісшелер орналасқан. Бұлардың сыртқы пішіні
аратұмсықты жұпбалықтарға ұқсас.
Жұпбалықтардың да 350-дей түрі бар. Денесі жалпақ, әрі көкірек
жүзбеқанаттары тұмсығымен тұтасып кеткен. Желбезек саңылаулары денесінің
құрсақ жағында орналасқан. Жұпбалықтардың көпшілігі су түбінде тіршілік
етуге бейімделген. Ең ірі түрі – манта, оның денесінің диаметрі 6 метрге
жетеді. Кейбір жұпбалықтардың денесінде (басы мен жүзбеқанатының
аралығында) электр қуатын шығаратын мүшесі болады.
Тұтасбастыларға 30-дай түрлері жатады. Көпшілігі судың терең
қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Дене пішіні ұзынша ұршық тәрізді.
Терісінде қабыршықтары болмайды. Іштен ұрықтанады. Сырты қалың қабықпен
қапталған ұрықтанған уылдырық шашып көбейеді. Баренцев теңізінде ұзындығы 1
метрдей еуропа тұтасбасы кездеседі. Олардың көпшілік түрі теңіз түбіндегі
жәндіктермен қоректенеді. Кәсіптік мәні жоқ.

2.1. Тақтажелбезектілердің дене құрылысы
Тақтажелбезектілердің дене құрылсы әртүрлі. Бұл олардың су кеңістігінде
жедел қимыл жасауына мүмкіндік береді. Ал кейбірінің денесі өте жалпақ, бұл
олардың су түбінде өз дене көлемдері бірнеше см-ден бірнеше м-ге дейін
болады. Тақтажелбезіктілердің ең үлкен өкілдері – акулалар, олардың дене
формасы жылдам жүзуге бейімделіп, тарпеда тәрізді қалыптасқан. Үлкен
акулалардың дене ұзындығы 15-20 метрге жетеді. Олардың салмағы тоннамен
өлшенеді.
Жүзбе қанаттары жақсы дамыған және бірдестен бұрылыс жасауға үлкен көмек
береді. Акулалардың кішігірім көлемді оншақты түрі бар. Әртүрлі тісті,
табан және мүйізіді акулалардың ұзындығы 1,5 метрге дейін жетеді.
Сулықты акуланың көлемі 2 метрге дейін жетуі мүмкін. Бірақ әдетте 1,5 метр
ұзындықта. Денесінің формасы ұзын және жіңішке болып келеді. Соның
нәтижесінде ол жылдамдығын арттыра алады.
Жөпжелбезекті акулалардың көлемі 4,5-5 метрге дейін жетеді. Салмағы 800
кг болады. Әдеттегі көлемі 4, салмағы 300-400 кг. Бас бөлігі жалпақтау,
толықтау, денесі ауыр, бірақ құйрығы ұзын. Дене түсі қою сұр немесе кофе
түстес болып келеді. Бұл акуланың баяу қимылдауына байланысты қалыптасқан
форма.
Ламнотәрізді акула сыртқы пішіні бойынша әртүрлі және ол бұл
акулалардың тіршілік ету қалпына байланысты.
Күтуші акула жағалауға жақын жүреді. Оның ұзындығы 4,2 метр, әдеттегі
көлемдері 2,5 м, салмағы 150-170 кг жетеді. Бұл акула су түбінде қимылсыз
ұзақ уақыт жата алады. Сондықтан денесі сәл жалпақтау болып келеді.
Воббегонг акуласы Тынық мұхиттың жылы суында тіршілік етіп ол қоңыр немесе
сұр ала болып келеді. Дене ұзындығы 1-3 метрге дейін жетеді.
Теңіз түлкісінің ұзындығы 4 метрге дейін жетеді. Жон арқасы сұр немесе
қара болып келеді. Әдеттегі теңіз түлкісінің көлемі 8 метр.
Аратұмсықты акулалардың анальді жүзбе қанаттары болмайды. Тұмсығының
орнында қанжар тәрізді формалы тұмсық қалыптасқан. Жалпы жанынан қарағанда
араға ұқсас. Араға ұқсастығы бұл акулалар скат тәрізділерге жататын ара
балықтарды түсіреді. Бұл акулалардың ұзындығы 1,5 метрге дейін жетеді.
Тақтажелбезекті балықтардың тағы бір өкілі скаттар. Скаттардың көлемі
бірнеше см-ден 6-7 метр ұзындыққа дейін жетеді. Ең үлкен өкілдерінің
салмағы 2,5 тоннаға жетеді. Скаттар денесі олардың тіршілік ету қалпына
байланысты жалпақ болып қалыптасқан. Скаттар әдетте су түбінде жемтігін
ұзақ жата алатын жағдайға бейімделген. Сондықтан денесі жалпақ. Сонымен
қатар скаттардың денелерінің жалпақ болуына олардың жүзуге икемделуі де
әсер берген. Скаттардың кейбір өкілдерінің дене формасына қарай атау
берілген, мысалы, гитараға ұқсас скаттарды гитара акула, ромба скаттар, ал
құйрықтары найза тәріздері болғандықтан шаншарқұйрық деп аталатын скаттар
да бар.
Кейбір скаттардың құйрықтары салмақты болғандықтан ірі құйрықты скаттар
деп атап кеткен. Олардың дене ұзындығы 75 см-ге дейін ғана жетеді.
Құйрығының ұшында ине тәріздес тісшелер бар.
Ал химере тәрізділердің дене формасы керісінше, жанынан сығылып, құйрығы
жағына қарай жіңішкірген. Арқа жүзбе қанаттары артқа қарай жатқызылып,
құйрығының жүзбе қанаттары ұзын жіпше тәрізді келеді. Химералар
тақтажелбезектілердің кішкене денелі өкілдері. Химералардың үлкен балықтары
10 кг дейін ғана жетеді. Ұзындығы ең үлкен дегенінің 1 метрге жетуі
мүмкін.
Тақтажелбезектілер мен тұтасбастылардың денесіне жанасудың өзі қауіпті.
Оның терісі ұштары кейін қайырылған қармақ тәрізді үшкір де ілмек өте ұсақ
тісшелері бар қатты қабыршақтармен қапталған. Оны акула денесін сипап
байқауға болады. Акуланың басынан құйрығына қарай сипағанда ешқандай
кедергі байқалмау мүмкін, ал құйрығынан басына қарай сипай алмаймыз,
өйткені кері қайырылған өткір тістері алақанды осып жіберілді.
Тақтажелбезектілердің жүзу қанаттары да бар, бірақ олар өте икемсіз,
сондықтан акулалар сүйекті балықтай бағдар жасап, қимыл көрсете алмайды.
Әсіресе, жүзіп келе жатып кілт тоқтауға, сондай-ақ кенеттен басқа жаққа
бұрылуға орашолақ. Тақтажелбезектілердің торсылдағы жоқ екендігін де
айттық. Торсылдақтың болмауынан акула өз денесін қимылсыз бір деңгейде ұзақ
ұстап тұра алмайды да батып кетеді. Акулалардың тынымсыз, теңіз суын
осқылап жүруінің бір себебі осыған негізделеді. Акула тез қозғалу арқылы
қанат тәрізді кеуде жүзгіш қанаттарының көмегімен денесін көтеріп жүзе
алатын көтеру күшін пайдаланады. Жолбарыс тұрпатты акула, құм акуласы
сияқты акулалардың кейбір түрлері жүзу кезінде құрсағын желге толтырып
алып, белгілі бір деңгейде жүзуге мүмкіндік алады.
Акуланың дене бітімі ұршықтың сабындай жұмыр келеді, бастың сүйірленген
созындысы тұмсыққа айналады да алқым жағында көлденең саңылау тәрізденген
үлкен ауыз болады. Аузын ашқанда қатар – қатар орналасқан өткір тістері
көрініп тұрады.

2.2Тақтажелбезектілердің қаңқа құрылысының ерекшеліктері.
Тақтажелбезектілер мен тұтасбастылардың денесінде сүйекті скелет болмай,
шеміршек болуы оның салмағын кемітеді. Ғалымдардың бір тобы жануарларда
алдымен шеміршекті скелет пайда болып, кейін одан әрі дамудың нәтижесінде
сүйек пайда болған десе, енді бір тобы жануарларда алдымен сүйек пайда
болған, ал шеміршек сүйектің өзгерген түрі, демек, шеміршекті скелеттің
болуы қарапайымдық емес, қайта балық денесінің жеңілденуіне, сөйтіп
тіршілікке бейімділіктің бір табан алға жылжуына негіз салды дейді. Бұған
қарағанда акулалар балықтардан қарапайым деген пікір негізсіз сияқты.
Қазбадан табылған сүйекті балықтардың акулалардан да бұрын тіршілік
ететіндігі белгілі, акулалардың ми құрылысы да сүйекті балықтарға қарағанда
едәуір дамыған. Тіпті акулалардың көбеюіне зер салсақ та олардың сүйекті
балықтардан әлдеқайда жоғары екендігін көру қиын емес. Акулалардың көбеюі
сүйекті балықтарға қарағанда адамға көбірек ұқсас.
Сүйекті балықтар ұрпағын ашық теңізге уылдырық шашып, шәуетін құю арқылы
өмірге келтірсе, акулалардың ұрпақ таратуы аналығымен аталығының шағылысуы
арқылы жүзеге асады. Қарапайым акулалар болмаса, көпшілігі – ақ баласын
тірілей туады. Рас, қарапайым акулалар жұмыртқа табады. Ал тірі туатын
акулалардың көпшілігі біреу, кейбіреулері сексенге дейін шабақ өрбітеді.
Акула шабағының салмағы 45 кг, туа салысымен жетіліп кететіндіктен тамақты
бірден өздігінен аулауға бейім болады.

2.3 Тақтажелбезектілердің тыныс алуы, сезім мүшесі.
Тұтасбастылар мен тақтажелбезектілердің тыныс алуы ауыз қуысының
қозғалуына сәйкес болады. Су алдымен ауыз қуысында, одан жұтқыншаққа
өтеді. Суда еріген оттегі жұтқыншақтағы желбезек шашақтарында қанға
қосылып, артерия қанына айналады. Олардың дене қуысында таспа тәрізді
жұп бүйрегі бар. Бүйректе қаннан сүзілген зәр заттары бір жұп несепағар
өзегі арқылы клаокаға келеді. Зәр заттары клаокадан тікелей сыртқа
шығарылады. Тақтажелбезектілердің иіс сезгіштігі – адамның одан
қорғануына себепші болды. Акулалар суда еріген заттың мөлшері сумен
салыстырғанда миллионнан бірі, тіпті бір жарым млн-нан бірі болғанның
өзінде де оның иісін сезе алатын көрінеді. Акула иісті жақсы сезеді, нашар
да болса едәуір қашықтықтан заттың қимылын ажырата алады. Есту мүшесі тек
ішкі құлақтан тұрады. Бүйір сызығы да жақсы дамыған.
Сондай-ақ акулалар өте қомағай келеді. Негізінен балықтармен қоректенсе де
кальмарларды, тюленьдерді, түрлі қалдықтарды, теңіз құстарын, кейбір
акулаларды, тасбақаларды, омарларды, адамдарды жеуден тайынбайды.
Жұпбалықтар іштей ұрықтанады, кейбіреуі ғана болмаса, көпшілігі жұмыртқа
арқылы, тіпті тірілей шабақтап көбейеді. Акулалар түрі өте көп. Солардың
ішінде пішіні жағынан балға-балық еріксіз назар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омыртқалылар. балықтардың класс тармағы. жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Аратұмсық акуланың дене құрылысы
Балықтардың қаңқасы
Шеміршекті балықтар класына қысқаша сипаттама
БАЛЫҚТАР КЛАС ҮСТIНIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Балықтың ауыл шаруашылығындағы орны
Жайық өзенінде мекендейтін бекіре тұқымдас балықтардың экологиялық ерекшеліктерін мектеп оқушыларына оқыту жолдары
Аквариумдық балықтардың биологиялық ерекшеліктері
Балықтар
Қазақстанда ауланатын балық түрлері
Пәндер