Өкілдіктің түсінігі мен маңызы. Сенімхат



Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Тарау I. Өкілдіктің түсінігі мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Өкілдіктің қолдану аясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Өкілдіктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тарау I I. Сенімхат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Сенімхатты тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Кіріспе

Өкілдік институтының түсінігі мен мағынасы. Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.
Өкілеттілік субъектілері. Өкілеттік қатынасында үш субъектіні ажыратады - өкілет беруші, өкіл және үшінші тұлға. Өкілет беруші түрінде азаматтық құқықтың кез келген субъектісі бола алады - заңды тұлға немесе азамат. Біріншіден, өкілдер толық әрекет қабілеттілікті иемденуі қажет. Екіншіден, заңды тұлғалар өкілдік қызметтерін өз мойнына ала алады. Үшіншіден, заң кейбір субъектілердің өкілдік қызметтерді орындау қатынасында бірқатар тыйым салуларды құрайды. Азаматтық құқықтың кез келген субъектісі үшінші тұлға бола алады.
Өкілеттікте құқықтық байланыстар күрделі құрылымды иемденіп, келесі үш түрлі қатынастан жасалады:1) өкілет беруші мен өкіл арасында; 2) өкіл мен үшінші тұлға арасында; 3) өкілет беруші мен үшінші тұлға арасында.
Өкілеттіктің оған ұқсас құқықтық қатынастардан айырмашылығы. Өкіл өкілет беруші атынан әрекет жасаса да; мәміле және басқа да заңдық әрекет жасауда өз еркін білдіреді. Осы жағдаймен оның қабілетіне жоғары талаптар және мәміле жасау шынайылығының тікелей тәуелділігі байланысты. Өкілге қарағанда жіберушібір тұлға еркін (пікірін, ойын) екіншісіне өткізеді, бірақ өз еркін білдірмейді.
Өкілеттіктің туындау негіздемелері. Өкілде қажетті құқықтың туындауын заң өкіл жіберушінің еркімен, заңда аталған басқа да заңдық
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Төлеуғалиев Ғ. «Азаматтық құқық»
2. Жайлин Ғ. А. «Азаматтық құқық». ІІ том. Алматы 2006.
3. «Қазақстан Республикасы азаматтық құқықғы Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл(65-74),
4. “Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл( 70-85б),
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 2002 ж.
6. Қазастан Республикасының Азаматтық Кодесі. Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3
Тарау I. Өкілдіктің түсінігі мен маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Өкілдіктің қолдану аясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Өкілдіктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
Тарау I I. Сенімхат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
2.1. Қолданыс мерзімі мен
формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Сенімхатты тоқтату
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе

Өкілдік институтының түсінігі мен мағынасы. Азаматтық айналымда
өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің
құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана
туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б)
Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға,
уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың
қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен
тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге
асырылады.
Өкілеттілік субъектілері. Өкілеттік қатынасында үш субъектіні
ажыратады - өкілет беруші, өкіл және үшінші тұлға. Өкілет беруші
түрінде азаматтық құқықтың кез келген субъектісі бола алады - заңды
тұлға немесе азамат. Біріншіден, өкілдер толық әрекет қабілеттілікті
иемденуі қажет. Екіншіден, заңды тұлғалар өкілдік қызметтерін өз
мойнына ала алады. Үшіншіден, заң кейбір субъектілердің өкілдік
қызметтерді орындау қатынасында бірқатар тыйым салуларды құрайды.
Азаматтық құқықтың кез келген субъектісі үшінші тұлға бола алады.
Өкілеттікте құқықтық байланыстар күрделі құрылымды иемденіп, келесі
үш түрлі қатынастан жасалады:1) өкілет беруші мен өкіл арасында; 2) өкіл
мен үшінші тұлға арасында; 3) өкілет беруші мен үшінші тұлға арасында.
Өкілеттіктің оған ұқсас құқықтық қатынастардан айырмашылығы. Өкіл
өкілет беруші атынан әрекет жасаса да; мәміле және басқа да заңдық
әрекет жасауда өз еркін білдіреді. Осы жағдаймен оның қабілетіне
жоғары талаптар және мәміле жасау шынайылығының тікелей тәуелділігі
байланысты. Өкілге қарағанда жіберушібір тұлға еркін (пікірін, ойын)
екіншісіне өткізеді, бірақ өз еркін білдірмейді.
Өкілеттіктің туындау негіздемелері. Өкілде қажетті құқықтың
туындауын заң өкіл жіберушінің еркімен, заңда аталған басқа да
заңдық фактілермен байланыстырады. АК 163 бабына сәйкес, өкіл құқығы
сенімхатқа, әкімшілік актіге немесе заңға негізделеді. Өкіл
құқығының көлемі мен сипаты, оларды жүзеге асыру шарттары заңдық
фактілер негізінде жатыр. Сәйкесінше өкілеттіктің өзі бірнеше
түрлерге бөлінеді: а) әкімшілік актіге негізделген өкілеттік; б) заңға
негізделген өкілеттік; в) келісімге негізделген өкілеттік.
Әкімшілік актіге негізделген өкілеттік. Мұнда өкіл әкімшілік басқару
күшімен өкіл жіберуші атынан әрекет етуге міндетті. Заңды тұлға
органы өкілеттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты әрекетке
жұмысшы тағайындау туралы жарлық шығарғанда орын алады. Мысалы,
соттағы өкіл, заңдық актілерді құрудағы, мәлімелер жасаудағы
өкілдік, т.б.
Көптеген жағдайларда өкілдік қатынастар заңның тікелей жарлығы
бойынша туындайды, өкілеттіктің мұндай түрі заңдық өкілеттік деп
аталады. Мысалы, балалардың заңды өкілі болып олардың ата-аналары
табылады. Бұл өкілеттік түрінің ерекшелігі: біріншіден, ол өкіл
жіберушінің еркінен тәуелсіз туындайды, екіншіден, өкіл құқығы заңмен
анықталған.
Келісімге негізделген өкілдік жоғарыдағы екі түрге қарағанда
ерікті саналады. Ол яғни тек өкіл бейнесін емес, оның құқығын
анықтайтын өкіл жіберушінің еркі бойынша туындайды. Заңдық әрекет
жасау үшін сол өкілдің келісуі қажет. Кәсіпкерлік саласында
коммерциялық өкілдік туындайды (АК 166б). Коммерциялық өкіл бір
уақытта түрлі жақтардың өкілі бола алады. Ол екі жақта осы
өкілдікпен келіскенде немесе тікелей заңмен қарастырылған жағдайда ғана
жіберіледі. Үшінші тұлға алдына өкілеттік үшін әдетте өкілге
сенімхат деп аталатын ерекше жазбаша құжат беріледі.
Сенімхат түсінігі. Сенімхат ретінде бір тұлғаның екіншісіне үшінші
тұлға алдындағы өкілеттігі үшін берілетін жазбаша құқығы
түсіндіріледі. (АК 167 б. 1-б). Көп жағдайда сенімхат ерікті өкілеттің
құқығын бекіту үшін беріледі. Егер ерікті өкілдік өкіл жіберуші
мен өкіл арасында келісім иемденбесе, сенімхат беру өзінің заңдық
табиғаты бойынша бір-жақты мәмілені көрсететді. Басқаша айтқанда,
сенімхат беру және оның заңдық күшін иемдену үшін өкіл келісімдігі
талап етілмейді. Сенімхаттың мынандай негізгі түрлері бар, олар бірретік,
арнайы және басты сенімхат.
Келісімге қарағанда, сенімхат өкілдіктің сыртқы әсерін қамтамасыз
етуге шақырылған. Үшінші тұлға сенімхатпен таныса отырып, өкілдің
қандай артықшылықты иемденетін біледі. Құқық шегінде өкілмен жасалған
кез-келген мәлімелер және басқа да заңдық әрекеттер өкіл жіберуші
үшін міндетті сипатқа ие.
Сенімхатқа ұсынылатын талаптар. Сенімхат заң мәмілесіне ұсынылатын
барлық талаптарға сәйкес келуі керек. Сенімхат құқықтық заңдық әрекет
жасауға ғана берілуі мүмкін; өкіл жіберушінің еркі еркін қалыптасып,
сенімхатта анық көрсетілуі тиіс; заңды тұлғаға берілген сенімхат
арнайы құқық субъектілігіне қайшы келмейтін мәміле жасауға ғана
қатысты болуы мүмкін.

1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы

Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның
(өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа
негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің
азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және
тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет
жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік инсттутының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше
нарықта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ
істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы
келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша
кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі
ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан
тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет
қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі
қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке
өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді. (АК-тің 163
-бабының 5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен
айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына,
олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі
элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктің
субъектілерінің құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл, және үшінші
жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып,
тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін оның
нүсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің
іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады.
Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе
жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады .
Ал Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен
заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу
керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі
толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық
қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.
Үшінші жак, — азамат немесе заңды тұлға. Өкілдің онымен әрекетке түсуі
нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатынастары белгіленеді,
өзгереді және тоқтатылады.
Өкілдік негізінде бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші
тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған
және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жақтың өкілдік беруші
тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ, Азаматтық
кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе
өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені
кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің кейіннен
мақұлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттіктің туындауының негізі — заң фактісі болып табылады. Заңда
мынадай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде
көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда
көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері
бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және
заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы
өкіл болып қатыса алады ( АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі —
тұлғаға өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы, өкілеттік міндетті
атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ақ өкілдің
(бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын
жағдайынан да көрінуі мүмкін ( АК-тің 163-бабының 1-тармағы). Өкілдік заңды
және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол
өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі
бойынша кеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме
иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде
кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты
талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді.
Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі өкілдік
берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді тауып қана
қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік берушінің
атынан заңдық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау талап етіледі.
Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда өздерінің ішкі қарым-
қатынастарын айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде
олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық
өкілдік туындайды (АК-тің 166-бабының 1-тармағы). Мұндай жағдайда
коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде,
ал ол көрсетілмеген жағдайда — сенімхат негізінде әрекет жасайды.
Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның
алдында болатын өкілдік.
Өз атынан болу — заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және ол
арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай
өкілдікте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны аиналымға қатыстырмайды
(АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі — басқалардың мүдделері үшін болса
да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік
кезіңде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т. б.).
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс
немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір
мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптардың мүлделерін
білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі
кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға міндетті.
Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы
мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға
міндетті (АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің
ерекшеліктері заңмен белгіленеді.[1]

1.1. Өкілдіктің қолданылу аясы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабындағы талапты қалай
толық көлемді жүзеге асыруға болады.
Қазіргі кезде соттағы өкілділік институты жағдай төмен өйткені, заңды
реттелер жоқтың қасы, сотқа азаматтардың атынан талап арыздар кім
көрінгенмен жазылады, олардың кейбіреулері жоғарғы білімді заңгер емес, ал,
заңгер мамандығын меңгермеген азаматтардың сотқа Азаматтық іс жүргізу
нормаларын білмей талап арыз жазуының өзі неге соқтыратынын біздер
түсінеміз.
Кей кездері бірнеше рет қозғалыссыз қалдырылып, қайтарылған, бірақ әлі
де болса түзетілмеген талап арыздарды қабылдап жатамыз, бұның себебі неде,
өйткені Шағымдар туындауы мүмкін. Соттар соңынан істі сотта қарауға
дайындық бөлімінде түзеттіреміз деген оймен амалсыздан өз өндірісіне
қабылдайды. Бұл әрекет кей жағдайда бір тараптың сотқа деген келеңсіз
ойларын туындатады, бірақ амал жоқ бір арыз бірнеше рет сотпен
қайтарылған деген шағымдар туындамас үшін соттар осындай әрекеттер жасауға
мәжбүр.
Бұл жағдайлар түптеп келгенде істі жан-жақты толық қаралуы үшін
белгіленген сотта іс қараудың мерзіміне кедергісін де тигізуі мүмкін.
Кейбір сот отырыстарында іске қытысып отырған тараптардың өкілдерінің
жоғарғы заңгер мамандығын былай қойғанда, жалпы жоғарғы білімі жоқ екенін
анықтап жатамыз, алайда заң бойынша оларға шектеу жоқ, олар сенімхат
негізінде іске қатысып отырған тұдлғалар.
Міне соттағы өкіліділіктің қазіргі кезде осындай келеңсіз тұстары бар,
осы мәселені қалай шешудің жолы бар, қалай құқықтық реттеліу керек.
АІЖК-нің 58 бабымен істі өкілдер арқылы жүргізу көзделген, яғни,
азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы.
Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан
айырмайды.
Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен
немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде

1-Төлеуғалиев Ғ. Азаматтық құқық 470-бет

іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген
олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың
қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді.
Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске
қатыса алады.
Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген
істі сотта жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті
кез келген адам сотта өкіл бола алады.
Осы тұрғыда кез келген адам деген сөздің өзі талқылануға түсуі қажет
деп есептеймін, бұл жерде өкілдерідің барлығы адвокат болуы керек деге
ұсыныс емес, ең болмағанда кез келген жоғарғы білімді заңгер деген
ұсынысты талқылау қажет сияқты. (Заңды өкілдерден басқалары)
Соттағы өкіліділік институтының бір түрі бұл, тапсырма бойынша өкілдік
ету (59 бап).
Оларға:
1) адвокаттар;
2) заңды тұлғалардың қызметкерлері - осы заңды тұлғалардың істері
бойынша;
3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары - құқықтары мен мүдделерін
қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың,
қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;
4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары
мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың
біреуі;
7) іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар
тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.[2]
Аталған тізім бойынша біз көріп отырғандай түрлі адамдардың сотқа
қатысуына жол береміз, ал ол адамдардың заңи тұрғыдан білім деңгейі тиісті
деңгейде ме, олар кәсіпқой көмек көрсете ала ма, Қонституциямыздың 13
баында көзделген талаптарды жүзеге асыра алатын тұлға ма соттар бұл
мәселелерді тексере алмайды.
Бұл жерде аса көп көңіл бөліп талқылауды қажет ететін жоғырыда аталған
баптың 7 тармағы. Өйткені сота іс қаралып жатырған кезде, ке кездері
тараптардың өкілдеріне АІЖК-нің 65 бабының мазмұнын түсіндірудің өзңі
қиынға соғады., ал бұл жерде тараптардың теңдігі, айтысушылық қағидаларының
орындалуының өзң қиынға соғады.
Өкілдердің өкілеттіктері және олардың рәсәмделуі 61 және 62 баптармен
реттеледі, яғни сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға
қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап

2- АІЖК-нің 59бабы
қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды,
талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік
келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге
аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп
орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда,
өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық
береді.
Өкілдің осы баптың бірінші бөлігінде аталған іс-әрекеттердің әрқайсысын
жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.
(61 бап)[3]
Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта
көрсетілуге тиіс.
Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа
осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын
құжаттарды беруі тиіс (осы Кодекстің 59-бабының 3, 4 және 5
тармақшалары).[4]
Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы
немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметін дербес жүргізген
жағдайда - адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.
Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе
өзге уәкілетті адамы береді.
Осы Кодекстің 59-бабының 6 және 7 тармақшаларында аталған өкілдің
өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім
білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін
(62 бап).[5]

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 58 бабының 1
бөлігіне сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы
жүргізуге құқылы және азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша
өкілі болу құқығынан айырмайды деп көзделген.

Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша
соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында болады.

Мемлекетте әр адамның соттық қорғауда конституциялық құқығының іске
асырылуына байланысты жұмыс жасау қажет. Елімізде толық демократиялық
құқықтық мемлекеттің қалыптасуы азаматтардың және заң қызметкерлерінің
конституция нормасында көрсетілген құқыларын білуді қажет етеді. Сондықтан
да Конституцияның 12-ші бабының 1-ші бөлігінде енгізілгендей Қазақстан
мемлекетінің негізі заңында адам және оның құқықтары мен бостандықтары
танылады және оларға кепілділік беріледі, сонымен қатар оларды іске асыруы
мемлекеттің және қоғамның бастамалары үшін ең жоғарғы баға болып табылады.
Алайда құқықтық бостандықты ресми түрде мәлімдеу олардың сақталуына және
жүзеге асуына кепілдік бере алмайды. Азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының бұзылуы олардың жүзеге асырылуына зиянын тигізеді,
сондықтан да оларды қорғау қажеттілігін
3,4,5- АІЖК-нің 61,59(3,4,5тармағы),62 баптар
жасауға мәжбүр болады. Азаматтар өздерінің құқықтары мен мүдделерін сотта
қорғау үшін өздері немесе өкілдері арқылы жүгінуге құқылы. Азаматтардың өз
демократиялық-конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, сотқа әділдікке
жүгінуі әділсоттың қолайлығымен сипатталады. Әділсотқа жүгіну жолын
оңайлату үшін мемлекет міндетті түрде барлық әдістерді қолдануы қажет. Заң
шығару мен заңдар әрдайым дамып отыруы керек .
Әрбір тұлға сот өндірісіне өзі тікелей де, өкілдің көмегімен де қатысуға
құқылы. Біздің ойымызша егерде өкіл іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін
олардың туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде қорғай алмайтын
болса, онда тек олардың келісімімен ғана өкілдің өзінің туған тілінде
немесе еркін меңгеретін тілінде сотта шағым немесе наразылық келтіре алады
деп өзгерту керек. Сондықтан да АІЖК-нің 61 бабына 1.2. тармақшасы ретінде
Егерде өкіл іске қатысушы тұлғалардың тілін меңгермейтін болса, онда
олардың келісімімен ғана іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін өзінің туған
тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде сотта шағым немесе наразылық
келтіре алады деген норманы енгізу қажет деп ойлаймыз.
Кез-келген азамат сотқа талап арыз бере алады. Сонымен қатар әрекет
қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі азаматтардың
құқықтары бұзылған жағдайда сотта олардың мүдделерін қорғау үшін талап
арызды олардың заңды өкілдері бере алады. Ал ымдау тілімен өз ойларын
жеткізетін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау үшін
ымдау тілін түсінетін мамандардың қатысуымен сотқа талап арызды заңды
өкілдері береді.
Басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне
берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын бір тұлға (сот
өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен
міндеттер туындайды. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу
кодексінің 61 бабының 1 бөлігіне сәйкес сотта іс жүргізуге арналған
өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап
қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды,
талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді,
бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді
басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын
мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды
қоспағанда өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға
құқық береді [3].
Азаматтық істі сотта қарау барысында сот ісінің тілінде іске басқа
тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген
өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттерді жасайтын талап қоюшының атынан
қатысатын өкіл іске келуге тиіс. Егерде тараптардың мүддесінің атынан
қатысатын өкілдердің сот отырысына келмеу салдарларын атап кетсек:
− Іске қатысушы тұлғалардың мүддесіне және оның атынан (өкілдік
берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттерді
жасайтын келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің
дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
− Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда,
оларға хабарлағаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге
қалдырылады.
− Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы
тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған
жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.
− Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске
қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу
себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сот
отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер
болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу
себептері туралы мәліметтер жоқ болса не сот оның келмеу себептерін
дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып
отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы.
− Тараптар соттан істі олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешімінің
көшірмесін жіберу туралы жазбаша өтінуге құқылы. Егер бұл істің мән-
жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын
міндетті деп тани алады.
− Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам
өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Іске қатысатын
адамның өтінімі бойынша сот оның өкілі дәлелді себептермен келмеуіне
байланысты істі қарауды кейінге қалдыра алады.
Тараптар соттың істі олардың жоқ кезінде қарау туралы жазбаша нысанда
және азаматтық іс жүргізу құқығының диспозитивтік қағидасының іс-әрекетінен
туындайтын шешімнің көшірмесін өздеріне жіберуді сұрауға құқылы.
АІЖК-нің 194-ші бабының 1-ші бөлігінде іске қатысушы тұлғалардың
түсініктемелері көзделген. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын
үшінші тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның,
сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін олардың ана
тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік
органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері,
сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар
бірінші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне
сұрақтарды ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде қоюға құқылы. Іске
қатысушы тұлғалардың бірі сот ісінің тілін меңгермейтін жағдайда, судья
аудармашыны міндетті түрде қатыстыру керек. Тараптар, іске қатысушы
тұлғалар мен үшінші тұлғалар түсініктемелерін бере отырып, өздерінің
талаптары мен қарсылықтарын анықтап және толықтырады. Көрсетілген
тұлғалардың түсініктемелері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін (АІЖК-нің
194-ші бабының 1-ші бөлігі).
Басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне
берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын тұлға істі
қарау сатысында түсініктемелер бергенде, дәлелдемелерді ұсынғанда, сот
ісінің тілін меңгермеген жағдайда аудармашы қамтамасыз етіледі.
Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады.
Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң жауапкер мен оның өкілі
сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысаны бойынша дербес
талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың
өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Прокурор, мемлекеттік органдардың және
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа
адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз
сөйлейді (АІЖК-нің 211-ші бабы). Сонымен қатар сот жарыссөзі болып жатқан
кезде кейде тараптар сот ісінің тілін меңгермейтін жағдайлар кездесіп
жатады. Мысалы, азаматтық іс қазақ тілінде жүргізіліп жатыр дейміз. Талап
қоюшы қазақ тілінде еркін меңгереді, жауапкер қазақ тілінде еркін сөйлей
аламайды ол тек орыс тілінде еркін сөйлей алатындығы байқалады. Даудың
нысаны бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі татар
тілінде еркін сөйлей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өкілдіктің түсінігі
Азаматтық құқықтағы өкілдік
Азаматтық құқықтағы өкілдік жайлы
азаматтық құқықтағы өкілдік түсінігін ашу және оны сипаттау
Азаматтық құқық бойынша өкілдік беру
Өкілдіктің қолдану аясы
Мемлекеттік билік
Сенімхат нысаны, мерзімі және ауысуы
Өкілдік қатынастарының субъектілері
Азаматтық құқық туралы ұғым
Пәндер