Мемлекет түсінігі мен нысаны
Мазмұны
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім
1 Мемлекеттің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Мемлекеттің пайда болу себептері,теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Мемлекеттің белгісі мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2 Мемлекеттің нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.1 Мемлекеттің басқару нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Мемлекеттің саяси режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3 Мемлекеттің құрылым нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста мемлекеттің мәні, пайда болу себептері, пайда болу теориялары жан-жақты қарастырылады. Оның ішінде мемлекеттің белгілері және оның түсінігі тереңнен зерттеліп, ондағы мемлекеттің пайда болу себептері мен ерекшеліктері айқындалады. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке зандылықтары ежелден адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Алғашқы қоғамды қауымнан бастап мемлекетке айналуын түсіндіруде осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін тәртібін қоғамдық мүде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке зандылықтары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Мемлекеттің дамуы-мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтін пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару нәтижесі.
Сондай-ақ, мемлекет пен құқықтың негізгі қызмет бағыттарын, қоғамның саяси жүйесіндегі алатын орны мен ролін анықтауға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жатқан мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің мәні мен ерекшеліктерін терең және жан-жақты түсіну үшін осы мемлекеттер мен мемлекеттік құрылымдардың пайда болу және даму жолдарын зерттеуіміз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006.
2. Булгакова Д. А. Мемлекет жəне құқық теориясы. Оқу құралы.— Алматы: Заң əдебиеті, 2006.
3. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Астана:Фолиант, 2007.
4. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы,Жеті жарғы, 2003.
5. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, Жеті жарғы, 1998.
6. Жамбылов Д.Саясаттану: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2003.
7. Н.И. Матузов, А.В. Малько "ТЕОРИЯ ГОСУДАРСТВА И ПРАВА: УЧЕБНИК" Юристъ, 2004.

I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім
1 Мемлекеттің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Мемлекеттің пайда болу
себептері,теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Мемлекеттің белгісі мен
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..15
2 Мемлекеттің
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .22
2.1 Мемлекеттің басқару

... ...22
2.2 Мемлекеттің саяси
режимі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...24
2.3 Мемлекеттің құрылым

... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .30
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста мемлекеттің мәні, пайда болу себептері, пайда болу
теориялары жан-жақты қарастырылады. Оның ішінде мемлекеттің белгілері және
оның түсінігі тереңнен зерттеліп, ондағы мемлекеттің пайда болу себептері
мен ерекшеліктері айқындалады. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке
зандылықтары ежелден адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып
келді. Алғашқы қоғамды қауымнан бастап мемлекетке айналуын түсіндіруде
осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген
теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар
тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық
тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін тәртібін қоғамдық
мүде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен
құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді – деген мәселелермен
шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда
болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке зандылықтары ежелден-ақ
адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Мемлекеттің
пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес,
нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды
пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар
болып отыр. Мемлекеттің дамуы-мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке
меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің
туындысы. Мемлекет жария үкіметтін пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі
ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына
үйренетін басқару нәтижесі.
Сондай-ақ, мемлекет пен құқықтың негізгі қызмет бағыттарын, қоғамның
саяси жүйесіндегі алатын орны мен ролін анықтауға жағдай жасайды. Қазіргі
уақытта әрекет етіп жатқан мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің мәні мен
ерекшеліктерін терең және жан-жақты түсіну үшін осы мемлекеттер мен
мемлекеттік құрылымдардың пайда болу және даму жолдарын зерттеуіміз керек.
1 Мемлекеттің түсінігі
1. Мемлекеттің пайда болу себептері,теориялары
Мемлекет дегеніміз кез келген қоғамның табиғатынан туындайтын жалпы
істерді және тікелей таптық мәселелерді шешуге қажетті саяси билік ұйымы.
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған.
Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық
қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып
ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.
Мемлекеттің пайда болу мәселесі ғылымда даулы түрде қалып отыр және
ұзақ уақыт бойы солай қала бермек. Біріншіден, осы күрделі проблема
негізінде әртүрлі ойшылдық, философиялық көзқарастар мен ағымдар жатыр.
Екіншіден, тарихи және этнографиялық ғылымдар мемлекеттің шығу тегі жөнінде
жаңа білімдер беруде.
Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі
міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын,
мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл
түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан
қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде
анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-
құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік
құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген,
жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін
білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі
мекемелерінің жүйесі ретінде анық-тайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мəнін қарастыруда екі
аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;
2) мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Мемлекеттің мəнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сəйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың
саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы əлеуметтік, бұған сəйкес мемлекетті əртүрлі класстар мен
əлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің
ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның
тұтастығын жəне қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу мемлекет пен құқықтың
әлеуметтік табиғатын, олардың ерекшеліктері мен белгілерін анықтауға,
олардың пайда болу және даму себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-
ақ, мемлекет пен құқықтың негізгі қызмет бағыттарын, қоғамның саяси
жүйесіндегі алатын орны мен ролін анықтауға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта
әрекет етіп жатқан мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің мәні мен

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы ортақ меншікке негізделген және
онда екі түрлі қағида жүзеге асырылған:
1) рецепроктылық- барлық табылған өнім ортаға жинақталған,
2) редистрибуция- ортақ табыс барлығына бірдей тең негізде бөлінген.
Көптеген ғасырлар бойы адамдар тек табиғаттың даяр өнімдерін жинап, қорек
етіп өмір сүргендіктен еңбек өнімділігі төмен болған. Алғашқы қауымдық
қоғам экономикасы өзара байланысты екі бағытта дамыды: еңбек құралдарын
жетілдіру және еңбекті ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін жетілдіру.
Осылардың барлығы біртіндеп еңбек өнімдерінің артуына әкелді.
Мемлекет пайда болғанда дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың
белгілері:
а) алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар- әдет-ғұрыптармен, яғни тарихи
қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған әрекет
тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;
ә) жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір
сүрген;
б) негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендірМемлекеттің
қалыптасуы әлемнің әр түрлі елдерінде әр қилы жолдармен жүзеге асқан
күрделі құбылыс. Қазіргі кезеңде мемлекеттің пайда болуының шығыстық және
батыстық жолдары ажыратылып қарастырылады. Бірақ бұл атаулардың шартты
екендігін атап өткен жөн, себебі мемлекет қалыптасуының батыстық жолы тек
Европа елдеріне ғана тән. Бұлай жіктеудің пайда болу себептері шаруашылық
жүргізу тәсілдерінің өзгешеліктеріне байланысты. Шығыстық мемлекеттердің
(Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан және т.б.) пайда болуындағы ерекшеліктерге
тоқталатын болсақ, ол "азиаттық өндіріс тәсіліне" негізделген. Бұл
мемлекеттердегі басқару нысаны - шығыстық деспотия түрінде болған. Ол
дегеніміз елдегі барлық жер, су, мүлік және адамдардың өздері де құқықтық
мәртебелерінің өзгешеліктеріне қарамастан мемлекет басшысының толық
тәуелділігінде болғандығын білдіреді.
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолының ерекшелігі: саяси үстемдік
коғамдық қызметті атқаруға, қоғамдык лауазымға негізделеді. Мемлекеттің
қалыптасуына өмір сүру ортасының географиялык ерекшеліктері де әсер етеді.
Қатаң климаттық жағдайда өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшш бір
тайпаның мүмкіндігі аумағынан асып кететін көлемді коғамдық жүмыстар
үйымдастыру қажеттігі туындайды. Осындай күрделі жүйелерді салу, құрастыру
және оны бірлесе колдану, сенімді қорғау қажеттіп дербес көпшілік билігінің
табиғи негізін қалады. Қауым көлемінде биліктін негізгі міндеті қоғамдық
артык өнімнің басты бөлігі шоғырланған ерекше резервтік корларды баскару
болып табылады. Бұл қауым ішінен коғамдық қазынашы, бакылаушы, әкімшілік
қызметін аткаратын лауазымды адамдардың арнаулы тобының шығуына сеп болады.
Өз жағдайларынан пайда көрген, лауазымдарға ие болған әкімшілік осы
мәртебенің өзіне бекітіліп берілуіне мүдделі болады, оны мұрагерлікке
берілетін лауазымға айналдыруға тырысады. Сөйтіп, әкімшілік жеңілдіктерге
ие болған тұйық әлеуметтік құрылымға ауысады.
Азиаттық тип бойынша мемлекет қалыптастырудың ерекше алғы шарттарының
бірі - басқарушы топтардың қалыптасқан басқару аппаратын, экономиканы,
саясатты және әскери қызметті бақылауды өз қажеттігіне тиімді қолданғандық
болады десек жаңылмаймыз. Экономикалық қажеттілікпен қатаң негізделген
әкімшілік - мемлекеттік құрылымның пайда болуы жеке меншіктен (басым түрде
жерге меншіктен) бұрын қалыптасады. Шығыстық елдерде мемлекет таптық
үстемдік құралы ғана емес, тап қалыптастырудың қайнар көзі қызметін
атқарды. Шығыста өндіріс құралдарын емес, оларды басқаруды иемденді.
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы рулық-тайпалық қоғамның
мемлекетке бірте-бірте өтуін көрсетеді. Бұндағы мемлекетгің пайда болуының
негізгі себептері:
- суармалы егістіктің пайда болуына байланысты кең көлемді
- ирригациялық жұмыстарды жүргізу қажеттілігі;
- осы мақсатта көп адамдар мен үлкен территорияларды біріктіру
қажеттілігі;
- бұқара халықты біркелкі, орталықтандырылған басқарудың қажеттігімен
аныкталады.
Батыстағы теориялық ойлардың жандануына әсер еткен, жетік мемлекеттік
жүйе іздестіруге шақырған карқынды саяси өмір Шығыс мемлекеттері үшін жат
еді. Шығыс ойшылдары бір мәрте тағайындалған заттар (дүние) тәртібінің
тұрақтылығы, бұзылмастығы идеяларын уағыздады. Бұл тәртіп адамдардың тәңір
талаптарын сақтамағандығына байланысты бұзылуы мүмкін деп санады. Дүниедегі
барлық құбылыстардың негізі, қозғаушы күші -құдіретті құдай деген ой
негізделді.
Мемлекет коғамда тәңірлік және жердегі тәртіп өкілі қызметін атқарды,
коғамға оның ішкі бірлігі мен сыртқы тұйықтылығын көрсету кұралы болды. Ол
коғамда өсіп-жетіліп алып, оны өзінін құрылып жатқан мемлекеттік үлгілеріне
тартуға тырысады. Нәтижесінде жоғарысында шексіз монарх, орта тұсында оның
билігін жүзеге асыруға көмектесетін лауазым иелері, негізінде рулық
сипаттарынан бірте-бірте айырыла бастаған қауым мүшелері болатын ерекше
құрылым құрылады. Бұндай мемлекеттер кейінірек шығыстық немесе азиаттық
деген атауға ие болды, бірақ расында бұндай мемлекеттік жүйенің Африка,
Америка континенттеріне де тарағаны мәлім.
Батыстағы мемлекеттердің пайда болуының негізгі нысандары:
- Афин мемлекетінің пайда болуы;
- Рим мемлекетінің пайда болуы;
- Герман мемлекетінің пайда болуы.
Афина мемлекеті - мемлекеттің пайда болуынын ең таза және таптық,
классикалық нысаны. Ол ең алдымен тап қайшылықтарынан бастау алады. Бірте-
бірте қалыптаса бастаған жеке меншік мүлік иелерінің экономикалық
үстемдігін бекітудің түп қазығы ролін атқарды. Бұл кемшілік (жария) билік
институттарын иемденуге және оларды өз мүддесін қорғау үшін пайдалануға жол
ашады. Мемлекет коғам дамуының нәтижесінде ешқандай қақтығыссыз өз жолымен
пайда болады.
Римде мемлекеттің пайда болуы рим руларынан тыс өмір сүрген (кірме),
басы бос, бірақ саяси құқықтары жоқ плебейлер мен ру зиялыларының
-патрицийлердің арасындағы текетірестік нәтижесінде өмірге келген. Римдегі
рулық қоғамның ыдырауы Афин мемлекетіндегідей қарқынмен өткен, экономикалық
үстем топ билікті иемдене отырып, өзіне қажетті органдар қалыптастыру
үстінде еді. Бірақ бұл процесске тұрғындардың үшінші тобы -плебейлер
белсенді араласа жөнелді. Экономикалык қуатты плебейлер тобының саяси
билікке қол жеткізу мақсатындағы күресі Римдегі рулық-тайпалық құрылымды
ыдыратуды көтермеледі, мемлекеттілік қалыптастырудың қозғаушы күші ролін
атқарды.
Герман мемлекеттің пайда болу жолы да өзгеше. Греция мен Римдегі табиғи
жағдайлар патриархалды құрылымды жоюға ықпал етсе, осы табиғи жағдайлар
Германияда белгілі бір кезеңге дейін өндіргіш күштердің рулық қоғам
жағдайында да дамуына мүмкіндік берді. Құл иеленудің аталмыш
мемлекеттердегі сипаты Франк мемлекеттері үшін экономикалық жағынан тиімсіз
болды. Сондықтан да, кедейленген ру мүшелері құлдыққа емес, байларға
бағыныштылыққа ауысты. Бұл шаруашылык жүргізудің ұжымдық нысанын ұзак
мерзімге сақталып қалуына ықпал етті. Әскери қажеттілік, жартылай көшпенді
жер өндеу қоғамдық-шаруашылық ұйымның ұжымдық нысанын сақтап қалуға әсерін
тигізді. Бұндағы мүліктік теңсіздік және әлеуметтік жіктелу протофеодалдық
қоғамның қалыптасуына әкелді. Екінші жағынан, франктердің Рим империясының.
қомақты аумағын варварлык жаулап алуы рулық қоғамның оларға үстемдік ете
алмайтындығын көрсетті. Мемлекет қалыптастырудың объективті алғы шарттары
қалыптасты. Соңғы қарастырылған мемлекет қалыптастырудың үш нысаны туралы
Ф.Энгельстің Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы атты
еңбегінен толығырақ мағлұмат алуға болады.
Ф.Энгельс Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы деген
еңбегінде мемлекеттің шығуының үш түріне тоқ-алып, талдау жасайды. Олар
Афина, Рим және Германдықтардың мемлекеттері.
Ертедегі Афинада мемлекет классикалық түрде таптық шиеленістің өршуінен
пайда болды. Ф.Энгельс былай деп атап көрсетті: Афина нағыз таза, неғұрлым
классикалық форма болып табылады: мұнда мемлекет көбіне рулық қоғамның өз
ішінде өріс алған таптық қарама-қарсылықтардан тікелей пайда болады.
Ертедегі Римде мемлекеттің пайда болуы Рим руларының сыртында қалған
плебейлердің Рим бай-шонжарларына патрициларға қарсы күресі мемлекеттің
пайда болуын жеделдетті. Мемлекеттің пайда болуының үшінші түрі ретінде
Ф.Энгельс ертедегі Германдықтарды мысалға келтіреді....Рим империясын
жеңген герман жеңімпаздарында мемлекет бөтен елдердің кең-байтақ жерлерін
жаулап алудың тікелей нәтижесі ретінде пайда болды, рулық құрылыс бұл
жерлерді билеп-төстеу үшін ешқандай кұрал бермейді.
Мемлекет дегеніміз арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда
билік жүргізетін, басқаруды іс жүзіне асыратын, арнайы адамдардың құқықтық
негізде ұйымдасқан саяси жүйесі.
Адамзат өркениетінің тарихында мемлекеттің жүздеген, мыңдаған ұғымы
бар. Солардың біразына көз жүгіртіп көрелік. Аристотельдің түсінігі бойынша
мемлекет — бірге өмір сүру үшін жасалынған қоғамдық одақ.
Еңбек құралдарының нашар дамуы, еңбек өнімділігінің төменгі дәрежесі
бірлесіп өмір сүру, өндіріс құралдарына ортақ меншік, жиналаған өнімді
теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындатты. Бұл билік табиғаты мен алғашқы
қауымдық қоғам нормаларына мәнді әсер етеді. Сонымен, мемлекет пайда
болғанға дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің негізгі белгілеріне
мыналарды жатқызуымызға болады:
- әлеуметтік билік тек ру шеңберінде таралып, оның еркін білдіреді және
қандас туыстыққа негізделеді;
- ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократия, өзін-өзі
басқару бастамасында құрылады;
- алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды мәселелерін шешу кезінде
билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери басшылар
танылады.

Афина, Рим және Германдықтардың мемлекеттер.
Қазіргі материалистік ғылым мемлекеттің пайда болу процесін ең алдымен
өндірістің дамуымен, тұтынушыдан өндіруші экономикаға өтумен
байланыстырады. Бұл әсіресе, европалық елдерде көрініс береді.
Эволюциялық даму нәтижесінде адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін біртіндеп дайын жануарлық және өсімдік текті өнімдерді тұтынудан
табиғатты түрлендіру мен еңбек құралын, тағамда және т.б. өндіруге
бағытталған шынайы еңбек қызметіне өтті. Өндіруші экономикаға өту
қоғамдық еңбектің үш ірі бөлінісіне мал шаруашылығының жер
шаруашылығынан бөлінуіне, қолөнердің бөлінуіне және айырбастау сату
аумағында қызмет атқаратын адамдар тобының (көпестердің) ерекшеленуіне
итермелеуші күш болды.
Қоғам өміріндегі мұндай ірі оқиғалар сондай ірі көптеген салдар
туындатты, өзгерген жағдайларға әйелдің үй шаруашылығындағы еңбегімен
салыстырғанда айқын басымдыққа ие ер адамның еңбегінің ролі өсті. Соған
байланысты матриархалдық топ туыстық аналық емес, әкелік жақ бойынша
есептелетін патриархатқа орын берді. Бірақ рулық қауымның мүдделері ендігі
жерде ру мүдделерімен толық сәйкес келе бермейтін патриархалдық отбасыларға
(жер иеленушілерге, мол шаруашылығын жүргізушілерге, қолөнершілерге)
біртіндеп бөліне бастауы ең маңыздысы болды деуге болады. Отбасының пайда
болуымен рулық қауымның бөлінуі басталды. Еңбек бөлінісі кезінде қажетті
маманданудың, оның өнімділігін арттырудың кезегі келді. Қосымша өнім еңбек
өнімділігін өсірудің нәтижесі ретінде тауар айырбастау және бөтеннің еңбек
нәтижелерін иемдену үшін экономикалық мүмкіндіктің пайда болуын, жеке
меншіктің туындауын, алғашқы қауымның әлеуметтік жіктелуін, таптардың
құрылуын туындатты.
Дегенмен, мемлекеттің пайда болу себептері тек материалдық өндірісте
ғана емес, сондай-ақ адамның өзінің өзгеруінде де жатыр. Мәселен, инцестке
(қан араластыруға) тыйым салу тек адамзат қауымның өмір сүруі мен нығаюына
ғана жағдай жасамай, сонымен қатар қоғам дамуына, оның сыртқы және ішкі
қатынастары құрылымына, мәдениетке көп жоспарлы әсер етті. Қан
араластырудың тұқымның жойылуына әкелетінін, рудың өлім шетіне қоятынын
түсінудің өзі-істің жартысы. Ең қиыны осыны жою еді, ол үшін жақында ғана
болмаған табудан басында міндетті түрде кездесетін ауытқулардың жолын кесу
үшін қатаң шаралар қажет болды. Сондықтан, инцестке және ру ішінде оның
жолын мәжбүрлеп кесуге тыйым салуды, әйелдермен өзара айырбас жасау
мақсатында басқа рулармен байланысты дамытуды қолдайтын рулық органдар
пайда болып келе жатқан мемлекеттіліктің ең көне элементтері болды деуге
негіздер бар.
Қоғамның рулық ұйымдастырылуы мемлекетке эволюциялық жолмен тарихи
мирасқорлықты сақтай отырып, өтпелі кезеңдерді, өте отырып қалыптасты.
Осындай өтпелі, мемлекетке дейінгі нысандардың бірі Л.Морганның пікірі
бойынша рулық қауымдық өзін-өзі басқарудың органдары әлі сақталатын, бірақ
әскери басшы тұлғасындағы жаңа мемлекетке дейінгі құрылымдар біртіндеп күш
жинайтын Әскери демократия болды. Осында әскери-күштеп мәжбүрлеу мен
басып-жаншудың бастамалары пайда болды, өйткені өзін-өзі басқарудың
дәстүрлі рулық ұйымы туындаған қарама-қайшылықтарды ендігі жерде шеше
алмайтын жағдайда еді.
Мемлекеттің қалыптасуы - әр түрлі халықтарда түрліше жолмен өткен ұзақ
процесс. Қазіргі таңда негізгілердің бірі мемлекеттің қалыптасуының
шығыстық жолы Өндірістің азиялық тәсілі (басында-Ежелгі шығыс, кейінен-
Африка, Америка, Океания) болып табылады деген пікір басымдыққа ие. Мұнда
өте тұрақты және дәстүрлі болғандар әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен
рулық құрылыстың құрылымдары еді-жер қауымы, ұжымдық меншік. Қауымдық
меншікті басқару ру-тайпалық ақсүйектердің ең маңызды функциясына айнала
бастады. Ол біртіндеп оқшауланған әлеуметтік топқа (тап, каста) айнала
бастап, ал олардың мүдделері қоғамның өзге мүшелерінің мүдделерінен
алшақтай бастады.
Демек, мемлекеттіліктің пайда болуының шығыстың (азиялық) нұсқасы
басқа нұсқалардан, ең алдымен мұнда қоғамдық қызметті атқаратын ру-
тайпалық ақсүйектер тобы мемлекеттік органдар (мемлекеттік-шенеуніктен
аппарат) болып біртендіп қалыптасуымен, ал қоғамдық (ұжымдық) меншік те
біртендіп мемлекеттікке айналуымен ерекшеленеді. Жеке меншік мұнда ешқандай
маңызды мәнге ие болмады.
Мемлекеттің туындауының қарастырылып жатқан жолында географиялық
жағдайлар, дербес және күшті жария биліктің туындауын айқындаған ірі
көлемдегі қоғамдық жұмыстарды (иррагациялық жүйелерді құру, пайдалану және
қорғау т.б ) орындау қажеттігі неғұрлым көп әсер етті.
Шығыстық мемлекеттер көп ортақтығы болса да, бір-бірінен едәуір
ерекшеленіп тұрды. Олардың барлығы абсолютті, деспотиялық монархиялар
болды, күшті шенеуніктік аппаратты иеленді, олардың экономикалық негізін
мемлекеттік меншік құрады. Мұнда, негізінен айқын бейнеленген таптық
айырмашылық байқалмады. Мемлекет бір мезгілде ауыл қауымдарын пайдаланды
және оларды басқарды, яғни мемлекетті өзі өндірістің ұйымдастырушысы
ретінде әрекет етті.
Басқа тарихи жолмен Еуропа территориясындағы мемлекеттің пайда болу
процесі өтіп жатты. Мұнда басты мемлекет қалыптастырушы фактор болып жерге,
малға, құлдарға деген жеке меншіктің жедел қалыптасуымен айқындалған
қоғамның таптық жіктелуі табылды. Ф.Энгельстің пікірінше, неғұрлым таза
түрде бұл процесс Афиныда өтті. Римде таптар мен мемлекеттің пайда болуына
ру-тайпалық қоғамның еркін мүшелерінің екі тобы-патрицийлер мен
плебейлердің ұзақ күресі үлкен әсер етті. Соңғыларының жеңісі нәтижесінде
онда демократиялық тәртіптер барлық еркін азаматтардың теңдігі, әркімнің
бір мезгілде жер иеленуші және әскер болу мүмкіндігі және т.б. бекітілді.
Алайда, б.э.дейінгі ІІ ғасырдың аяғында Рим империясында алып мемлекеттік
машинаның құрылуын туындатқан ішкі қарама-қайшылықтар күшейіп кетті.
Батыс және Шығыс Еуропа территориясында мемлекеттің пайда болу
мәселесіне байланысты әдебиетте екі көзқарас айтылған. Біріншілердің
жақтастары осы аймақта алғашқы қауымдық қатынастарды жою барысында
феодалдық мемлекет (бұл ең алдымен Германия мен Ресейге тиісті) туындай
бастаған деген тұжырымды ұстанады. Ал екіншілері рулық құрылыс құлағаннан
кейін мұнда феодализмге дейінгі ұзақ кезең басталады, оның барысында
ақсүйектер ерекше топқа бірігеді, өзін басымдықтармен ең алдымен жер
иеленуде ерекше құқықтармен қамтамасыз етеді, бірақ шаруалар еркіндікпен
қатар жерге меншікті де сақтайды. Бұл кезеңді олар профеодализм, ал
мемлекетті-профеодалдық деп атайды.
Сөйтіп, өндіруші экономика сатысында еңбек бөлінісі, патриархалдық
отбасының пайда болуы, әскери басып алушылықтар, инцистке тыйым салу және
басқа факторлар әсерімен алғашқы қауымдық қоғамның жіктелуі туындайды, оның
қарама-қайшылықтары күшейеді, соның әсерінен әлеуметтік өмірдің, рулық
ұйымы өз-өзін жойып, оның орнына қоғамның жаңа ұйымдық нысаны -
мемлекеттілік келеді.
Мемлекеттің дамуы-мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің
пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.
Мемлекет жария үкіметтін пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде
қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі

Мемлекеттің пайда болу теориялары
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы
қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ.
Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар
мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар
бар. Мемлекет күрделі саяси ұйым.Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы
көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың барлығы бір-
біріне мүлдем ұқсамайды және мемлекетті әр түрлі плюралистік мағынада
түсіндіреді. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық
мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман
талабына байланысты қалыптасқан.
1. Теологиялық теория. (Ф.Аквинский, Ж.Маритен, Жозеф де Местр, Дабен,
О.Бисмарк). Бұл теория мемлекеттің пайда болуын жаратушының әмірімен
болатын құбылыс деп түсіндіреді. Кезінде біздің ғасырымызға дейін Египет
сияқты шығыс елдерінде кең тарап, кейінірек орта ғасырдың діни
қызметкерлері қаруға алып, жан-жақты насихаттады. Монархиялық формадағы
мемлекеттердің идеологтері монархтың билігі құдайдың әмірімен, - деп оған
сөзсіз бас ию, бағынуды талап етті. Ф.Аквинский (1225-1274) Аристотельдің
ілімінен активтік форманың пассивтік материяға өмір беретіні тұжырымға
алып, қандай да болмасын билік – құдайдан деп жариялады. Теологиялық
теория Екі семсер, Ай мен күн сияқты теорияларды да дүниеге әкеледі.
Бұл теориялар негізінде Римнің католиктік шіркеуі кеі көлемде насихаттады.
Екі семсер теориясы бойынша мемлекет басшысы-король, билікті шіркеуден
алғандықтан, оған міндетті түрде тәуелді десе, ай мен күн теориясы
бойынша ай жарықтаы күннің түсуінен алса, король, императорлар билікті
католиктік шіркеуден, пападан алады, сондықтан оған міндетті түрде бағынуы
тиіс. Оның ілімі осы күнге дейін Еуропаелдерінде молынан тараған және
жақтаушылары да көп. Фома Аквинскийге Римнің католиктік шіркеуі оның ілімін
1897 жылы католизмнің дара ақиқатты философиясы деп жариялады.
2. Патриархалдық теория. (Платон, Аристотель, Р.Фильмер,
Н.Михайловский, Шоқан Уәлиханов, Борганг, Волтьман). Бұл теорияның мәні
бойынша мемлекет отбасының өсіп-дамуынан ұлғайтып біртіндеп мемлекетке
айналады. Мысалы, Аристотельдің түсінігі бойынша мемлекет бірнеше отбасы
қыстақтарынан құралады және мемлекеттегі басқару отбасы билігінің жалғасы
болып табылады. Ол былай деп жазады: Әр отбасында патша ретінде рудың
ақсақалдары басқарған сияқты, келешекте де отбасының өз мүшелерімен
туысқандар салдардан таралып орналасуы патшаның басқаруында болады. Осы
мағынадағы идеяны Ш.Уәлиханов та айтқан. Орданың ертедегі ру басының бел
ұрпағы ретінде манаптар алғашында патриархалдық отбасы ақсақалы есебінде
билік құрған, бірақ ол билік келе-келе шектен асып, ақырында, құл
иеленушінің құлдарға жүргізетін рахымсыз қатал озбырлығына айналған - деп
атап көрсеткен қазақ ойшылы өзінің Қырғыздар туралы жазбалар деп аталатын
еңбегінде жазған.
Негізінде мұндай тұжырым ғылымның жетістіктеріне сәйкес келмейді.
Тарихта дәлелденгендей отбасы жеке меншікті одан әрі қарай нығайту үшін
мемлекетпен бірге пайда болып, алғашқы қауымдық құрылысты ыдыратуына
ықпалын тигізеді.
3. Патроманальдық теория. (лат. Patrimonium-мұрагерлікке қалған жер,
меншік). (Швейцарлық К.Галлер). К.Галлердің түсінігі бойынша мемлекет
меншік иесінің жерге иелену құқынан пайда болады. Жерге ие болған меншік
иесінің билігі сол аумақта өмір сүрген адамдардың бәріне жүреді. Халық
жерді меншік иесінен мердігерлікке ғана алады. К.Галлер XIX ғасырда
Еуропаның кейбір мемлекеттеріндегі феодалдардың жерге деген меншігінің
саяси билікпен ұласқандығын алға тартады.
4. Күштеу теориясы. (Жан Ян б.з.д. 390-338ж.,Е.Дюринг, Л.Гумпелович,
Каутский). Бұл теорияны жақтаушылар мемлекеттің пайда болуын бір
тайпалардың басқа тайпаларды жаулап алуымен түсіндіреді. Олардың пікірінше,
мемлекеттік билік, таптар бір халықты екінші халықтың жаулап алғаннан кейін
пайда болады және соғыстың, күштеудің тікелей салдары деп танылады.
К.Каутский қоғамда таптардың пайда болуын көшпенділердің отырықшы елдерді
жаулап алуынан туған деген тұжырым жасады. Мысалы, Л.Гумлелович: Бізге
тарих мемлекеттің күштеу арқылы болмағаны туралы басқаша бірде-бір мәлімет
бере алмайды. Мемлекет әрқашан бір тайпаның басқаларға күш қолдануы
нәтижесінде қалыптасты. Бұл күштірек бөтен тайпалардың отырықшылыққа өткен
әлсіз халықты жаулап алуы мен езіп жаншуының көрінісінің нәтижесі, - деп
қорытынды жасады. Ол құқықтың пайда болуын тек күш арқылыболатын құбылыс
деп танып күш қолдану құқықтың алдында жүреді деген формула, қағиданы
құқытану ғылымына енгізді. Оның ойынша топтардың, бір рулардың үстемдік
етіп, - күш қолдануы даідыға айналып, келе келе әдеттік құқық нормаларын
қалыптастырады. Құқық күшке сүйенген қоғамдық тәртіп деген қорытынды
жасалды. Оны қолдаушы К.Каутский былай деп атап көрсетті: Жеңіске жеткен
тайпалар жеңілген тайпаларды өздеріне бағынышты етеді, олардың барлық
жерлерін иемделеді және содан кейін жеңілген тайпаны жеңгендерге үнемі
жұмыс істеуге, салықтар төлеуге мәжбүр етеді... Жеңілгендерді басқару үшін
құрылған басқару аппараты мемлекетке айналады.
5. Шарт теориясы. (Б.Спиноза, Д.Локк, Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж. Руссо,Д.
Дидро, Ш.Л. Монтеске, П.А. Гольбах, А.Радищев). Бұл теория XVII-XVIII
ғасырларда феодалдық мемлекеттік-құқықтық институттар мен жүйеге қарсы
күрес кезеңінде қалыптасып дами келе көптеген елдерде кеңінен тарады.
Теорияның тұжырымы бойынша адамдар ерте кезде қақтығыстар мен
шиеленістерден көздерін ашпаған. Оларды болдырмай, өздерін сақтап қалу
мақсатында саналы, әділетті түрде басқару үшін адамдар бір-бірімен шарт
жасап, билікті өздері қалаған адамдарына берген. Содан бері қарай мемлекет
жасалған шарт негізінде өз міндетін атқаруда. Шарттың талаптарын орындамай
өрескел бұрмалаған жағдайда халық өзі құрған билікті күшпен құлатуға
құқылы. Шарт теориясына қарсы пікір білдіретіндер негізінде шарттың тарихта
мүлдем болмағанын, жасалынғаны туралы ешқандай сақталған мәлімет жоқ екенін
алға тартады. Бірақ, теорияның негізгі қағидалары феодализмге қарсы
күресуде прогрессивтік рөл атқарады, буржуазиялық қатынастардың өркендеуіне
ықпал етеді. Сонымен қатар шарт теориясының негізгі қағидалары мен
талаптары АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясында (1776), Францияның адам және
азамат құқықтарында (1789) және басқа да құжаттарда бекітілді. Мысалы, АҚШ-
тың аталмыш декларациясында мынандай норма жарияланған: Біз мынандай
өзінен-өзі анық әділеттілікті мойындаймыз: барлық адамдар тең және олар
жаратушымен арнайы ажыратылмайтын өмір сүру, бостандық және бақытқа ұмтылу
құқықтарымен қамтамасыз етілген. Бұл құқықтарды қамтамасыз ету үшін және
басқарылатындардың келісімімен адамдар өз мойнына әділетті билікті алатын
үкімет құрды. Әр жолы қандай да болмасын басқару формасы осы қағидаларды
бұзуға әкеліп соқтыратын болса, халық оын жойып, халықтың қауіпсіздігі мен
бақытын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа үкімет құруға құқы бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабы аталмыш қағидаларды мына
мағына бекітті: Мемлекеттік биліктің бірден-бірі бастауы – халық... өз
билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді... билікті ешкім де
иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кету заң бойынша қудаланады.
6.Психологиялық теория. (Фрезер, Г.Тард, Р.Пампериен, Л.Петражицкий,
З.Фрейд, М.Ковалевский, Н.Коркунов). Аталмыш теорияны жақтағандар мемлекет
пен жалпы билік жүргізуді адамдардың ерекше психикалық қабілеттерімен
байланыстырып қарайды. Олардың пікірінше, билік жүргізетін адам ерекше
сыйқырлы күшпен психикалық энергияға ие.
Алғашқы адамдар ру көсемдері мен бақсыларға сенімдік білдіріп, табынған
болса, мемлекеттік билік тұлғалары алдында да адамдар өздерінің бағыныш
қылығын танытады, бағынуға құлшыныс білдіреді. Бағындыру, бағындырушының
ерекше психикалық қабілеттеріне байланысты. Мемлкеттік билік осы жолмен
қалыптасады. Бұл теория жалпы адамдарды тобыр, инерциялық мінезге ие
санатында бағалайды да ірі тұлғалардың рөлін ерекше асқақтатады. Қоғамда
ерекше қасиеті бар адамдарға басқа адамдар өз еркімен табынуға, бағынуға
ұмтылады. Осының нәтижесінде олар халықты тек ғана бағынуға ұмтылған енжар
жиын, тобыр ретінде санайды да, ал мемлкетті қоғамдағы барлық адамдарыдың
тілегі бойынша құрылған ұйым ретінде ғана танып біледі. Сонымен қатар
аталған ғалымдар мемлкеттің пайда болуын адамдардың бойына сіңген билікке
ұмтылу инстиктімен тығыз байланыстырып қарайды.
7. Органикалық теория. (А.Шеффле, Р.Вормс, Д.Фортескью, Г.Спенсер).
Теорияның мазмұны мемлкетті біртұтас организмге теңейді. Қайсыбір тірі
организмнің қалыптасуын Г.Спенсер эволюциялық дамудың жемісі ретінде
бағалайды. Ағзада әр түрлі функциялар атқаратын жасушалар мен органдар
болады. Олардың барлығы біртұтастықты құрап, тіршілік етуді қамтамасыз
етеді. Мысалы, адамның мыйы басқару функциясын атқарса, қол мен аяқ дене
еңбегімен щұғылданатындар, ал сауда, көлік байланыс жүйелер адамның қан
тамырларымен салыстырылады. Басқару аппаратын да тірі ағза ретінде
бағалайды. Мемлекетті тірі ағзамен теңеудің негізі жоқ. Ағза биологияның
заңына бағынса, адам саналық құдыретке, оның қимыл-әрекеті әр түрлі болады,
қайталанбайтын шешім қабылдауға интелекті жетеді.
8. Инцестік теория. (К.Леви-Стросс). Тұғыш рет бұл теорияны француздың
зерттеушісі К.Леви-Стросс ашылған ғылыми жаналық ретінде ұсынды. Бұл теория
бойынша мемлкеттің пайда болуы адамдардың алғашқы қауымдық құрылыс кезінен
қалыптасқан эндогамия орнына экзогамиялық табудың енуі қоғамда мемлкеттің
нышандарын қалыптастырады. Оның ойынша ру ішінде жыныстық қатынастарға
тыйым салу адамзаттың жабайылықтан жоғары сатыға көтерілуіне мүмкіндіктер
жасады. Қан араласудан сақтады, соның нәтижесінде cалауатты, ақылды адамдар
өмірге келді, бақа ру, тайпалармен қатынас жасап, айырбас жасауларына,
тіпті соғысуға жол ашады. Қатынастар күрделене түскен сайын басқару
қажеттігі туды.
Шын мәнінде бір рудың ішіне неке қиюға тыйым салу өркениеттілікке
көтерілудің тамаша көрінісі. Тарих тәжірибесіне жүгінетін болсақ, туыстар
арасында неке қиюдың негізінде, қанның араласуы ұрпақтың ақыл-ой, жалпы
естілік қабілеттілігінің қалыптасуына кері әсерін тигізген және бірнеше
атадан кейінде оның жағымсыз қасиеттері қайталанып отырғанын аңғарамыз...
Ал қазіргі генетика ғылымы және медецина қандас туыстар арасында неке
қиюдың нәтижесінде сәбидің жалпы денсаулығы, ой-өрісімен дене бітімінің
кемтар, әлсіз, дәрмені жоқ болып қалыптасатынын дәлелдеп отыр. Кейбір
зерттеулердің нәтижесіне көз салсақ, қандас адамдардың бір-бірімен некеге
тұруы тұқым қуалайтын аурудың – жүз есе ұлғайтуына себепкер болатынын
аңғартады.
Бірақ, экзогамиялық табу мемлекеттің шығуына тікелей себепші бола
алмайды. Ол қоғамның жалпы моральдық деігейінің, ар-ожданының биік сатыға
көтергенін айқындайды. Ал мемлекеттің шығуы негізінде өндірістік
экономиканың пайда болуымен тікелей байланысты.
9. Марксистік теория. (К. Маркс, Ф. Энгелс, Г.Плеханов, В.Ленин,
И.Сталин). Мемлекеттің пайда болуын таптардың, бай, кедейлердің пайда
болуымен тікелей байланыстырады. Мемлекет таптар шиеленістері өршігенде
қаналушы тапты басып-жаншуға арналған машина ретінде ғана бағланады.
Марксистер мемлекеттің өркениеттік функцияларын жоққа шығарады, таптық
сипатты мәндік категорияға айналдырады және таптар коммунизмде жойылғанда
мемлекетте болмайды деген жалған идеяны туғызады.
10. Ирригациялық (гидравликалық) теория. (К.Виттфогель). Теорияның
пайда болуы шығыс елдерінің ежелгі тарихын зерттеумен тікелей байланысты.
К.Виттфогель тұңғыш рет өткен ғасырдың соңында жазған Шығыс диспотизмі:
тотальдық билікті салыстырмалық зерттеу деген еңбегінде осы теорияны
ұсынды. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекеттің пайда болуы үлкен өзендердің
суларын пайдаланудан және оны игеруден туындайды. Адамдар Ніл, Тигр, Ефрат,
Янцзы, Хуанхэ, Ганга сияқты үлкен өзендерді игеру барысында үлкен каналдар
мен ирригациялық құрылыстар салды. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру үшін
арнайы адамдар тобын, менеджерлік-бюрократия қалыптасады. Олар келе-келе
арнайы функцияларға ие болып, мемлекеттік басқару жүйесін ұйымдастырады деп
тұжырым жасайды. Теория өзендер бар аумақта мемлекеттің шығуын
түсіндіргенмен, өзені жоқ климатта өмір сүрген адамдардың мемлекет
құрғандарының себептеріне жауап бере алмайды.
11. Дифузиялық теория. (Гребнер). Бұл теория мемлекеттің пайда болуын,
қалыптасуын халықтардың бір-бірімен жасаған қарым-қатынастарынан болатын
құбылыс ретінде бағаланады. Соның тікелей әсерінен бір халық басқа халықтың
тәжірибесін алады, басқарудың жетістіктерін өз орталарына енгізеді. Гребнер
теориясының негізінде П.Сорокин, Д.Гэлбрейт, О.Флейтхейм сияқты
зерттеушілер ұсынған Конвергенция теориясы бар. Адамдар мен халықтардың
бір-бірімен жасаған байланыстары мемлекетті қалыптастырмайды, тек озық
тәжірибелері мен басқарудың тиімді әдістерін ғана енгізеді.
12. Нәсілдік теория. (Шыңғыс хан, Наполеон, Ф.Ницше, Гитлер, Ж.Габино).
Бұл теорияның концепцуальдық мазмұны бойынша күшті мемлекет құру тек
жоғарғы нәсілдерге ғана тән қасиет. Олар ғана басқа төменгі (екінші, үшінші
сорттағы) нәсілдермен ұлттарға билік жүргізуге құқылы. Жаратылысынан
төменгі санатта тұрған этнос өкілдері жоғарғы нәсілдер ұйымдастырған,
құрған мемлекеттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz