Заттық құқық жәнеменшік құқығы туралы жалпы ережелер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ

ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

  1. Заттық құқықтың ұғымы және белгілері

1. 2 Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары

МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 2. 1 Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны 2. 2 Меншік құқығына ие болу негіздері және тоқтатылуы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар және басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иемдену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (Міндеттемелік қатынас), меншік иесінің кайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, (мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иемдену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықтық экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады.

Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі "байланыстылық" деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т. б. қатынастар) . Мысалы, бір ұйым басқа бір Заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса, онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп, мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүмкінділігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар Азаматтық құқық нормаларымен тәртіптеледі.

Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.

Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен Азаматтық құқыққа мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардын мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқық, міне осындай. Енді« Азаматтық құқық обьектілері»жөніндегі мәселеге кеңінен тоқталайық. [1, 11-бет]

Мен бұл жұмысымды ҚР Азаматтық кодексін және Ғ. Төлеуғалиев, С. Қ. Ынтымақов, Ғ. Жайлин сынды тұлғалардың еңбектерін және де т, б материялдарды пайдалана отырып жаздым.

ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

1. Заттық құқықтың ұғымы және белгілері

1. Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады.

Олардың ара жігі заңда өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады.

Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай заттық құқық болып бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.

1963 жылы қабылданған Азаматтық кодексте заттық құқық деген түсінік болған жоқ. Әрине, оның мәнісін де түсіну қиын емес, өйткені, кеңестік Азаматтық кодекс тұлға мен затты, меншік иесі мен меншік объектісін байланыстыратын құқықты елемеді.

Азаматтық кодексте меншік құқығы заттық құқықтың жалпы жүйесіндегі негізгі құқық институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық құқықтың бірі болып саналады. Заң шығарушы затқа ауыртпалық түсірумен қатар оған өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттық құқықтың субъектілері сол заттың меншіктен туатын ауыртпалығын көтереді немесе белгілі бір адамға меншік иесінің құқығын жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлық заттық құқықтарға меншік құқығына, сондай-ақ басқа да заттық құқықтардың табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына жататындығы дей аламыз. Ал қоғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз (абсолютті) құқықпен қорғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнің тиісуге құқығы жоқ.

Цивилистика ғылымында зат адам еңбегімен жасалған, сондай-ақ табиғи күйінде кездесетін физикалық дене және адамның пайдалануына болатын сыртқы материалдық дүниенің нәрсесі деп түсіндіріледі.

Сонымен, заттық құқық дегеніміз - өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жаққа (жақтардың жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей үстемдік (қожалық) ету құқығы болып табылады.

2. Кеңес заңдарыңда заттық құқық ережелері әрқилы болды. РСФСР-дің 1922 жылы қабылданып, Қазақстан Республикасы аумағында 1964 жылға дейін қолданылып келген Азаматтық кодексіңде заттық құқықтың -бөлімдері болған еді. Ол меншік құқығы, құрылыс салу құқығы және кепіл құқығы деп бөлінді. Мұндай бөлудің өзі иелену құқығының, меншік құқығы мен басқа біреудің заттарын иелену құқығының классикалық түрінен біршама ерекшеленді. Алайда, бұдан былай заңдық құқықты дамыту шектеліп қалды. Оған РСФСР-дің 1922 жылы қабылданған Азаматтық кодексінен затты нақтылы иеленуді алып тастауы (меншік құқығымен әркез сәйкес келмеуіне байланысты) оның дамуына кері әсерін тигізді. Екіншіден, бірқатар объектілердің айрықша мемлекет меншігіне айналуы да (жер және басқа табиғи ресурстар) оған себепкер болды. Заң заттарды қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлуді қабылдамай тастады. Демек, заттар өндіріс құрал-жабдығы және тұтыну заттары деп бөлінетін жағдайға жетті де, ал жердің тек мемлекет меншігіне ауысуымен түсіндірілді. Міне, сондықтан да 1964 жылғы Азаматтық кодексте заттық құқық арнайы бекітілмей қалды, оған тек "Меншік құқығы" деген -бөлім енгізілді, бұл, сайып келгенде, социалистік меншікке қолайлы жағдай туғызу үшін жасалған болатын.

Жаңа Азаматтық кодексте заттық құқық меншік құқығы нормалары ретіңце көрініс тапты. Мұның өзі оның бұл құқықтармен заңдық табиғаты жағынан біртұтас екендігін дәлелдейді. Әрі бұл нормаларға тек аталған құқық еніп қана қоймай, сондай-ақ өзге де меншік түрлері, мысалы, меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары бекітілді (АК-тің 194 және 195-баптары) .

Азаматтық кодекстің "Иелену мерзімі" деп аталатын 240-бабы негізінде иелену мен пайдаланудың жаңа заттық құқығы пайда болды. Біздің ойымызша, еңді иелену құқығының екі түрін бөліп қарауымыз керек: а) АК-тің 188 және 194-баптарына сәйкес меншік иесінің өзіне берілетін мүлікті иелену құқығы және меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары (АК-тің 195-бабы) ; ә) мерзімдік иелену құқығы, яғни мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ мүлікті өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей 15 жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде 5 жыл адал және үдайы иеленген азамат немесе Заңды тұлға. АК-тің 240-бабының шарттары сақталса, мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады.

3. Заттық құқықтар жөніндегі тиісті нормаларды екшей отырып, оның бірқатар белгілерін атап өтелік: заңда бекітілген заттық кұқықтың шектелген шеңбері; заттық құқықтардың шексіздігі (абсолюттік құқық) ; затқа тікелей үстемдік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау; осыдан келіп "құқықтылықтың жалғасуы" өкілеттігі шығады; затты алудың заңды тәсілдерінің нақтылығы және нысанының ерекшелігі.

Заттық құқықтың тізбе шеңбері заңның өзімен айқындалған (АК-тің 188, 194, 195-баптары), яғни тұлғалардың өз беттерімен заттық құқықтың жаңа түрлерін жасауға хақысы жоқ. Айта кететін жайт, заттық құқықтың аясы тек Азаматтық кодекспен шектеліп қалмай, бұл кодекске енгізілмеген кейбір заттық құқықтар басқа заңдарда көрініс табуы мүмкін.

Заттық құқық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Демек, бұл барлық басқа субъектілердің аталған құқық өкілеттілігін жүзеге асыруына бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолюттік) құқыққа мазмұны жағынан қарама-қарсы түртан міндеттемелік құқық. Бұл құқық бойынша міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті болған субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан міндеттемелік құқықты бұзатын тек солар ғана болады. Мысалы, мәмілеге негізделген құқықтардың бәрі де міндеттемелік құқық болып табылады. Бұл құқықтарды орыңдауды мәміле бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау, т. т. міндеттер. Заттық құқық басқа құқықтардан өзінің объектісімен ерекшеленеді. Заттық құқықтың объектісіне жеке дара - белгілі бір мүліктер жатады. Бір-біріне тектес заттар, сондай-ақ материалдық емес өзіндік игіліктер заттық құқықтың объектісі бола апмайды. Өйткені, заттық құқықтың өзіне тән қасиеті басқа біреудің иелігінен затты қайтару болып табылады әрі бұл затты сыйға беруге болмайды, заттай жүзеге асады.

Екінші жағынан алғанда, заттық құқықтың шексіз (абсолютті) сипаты басқа адамдармен қатынасқа түскеңде айқын көрінеді. Мәселен, олар меншік иесінің құқығына қол сұқпауға міндетті. Демек, заң меншік құқығын қорғай отырып, азаматтарға өз құқығын жүзеге асыруға бөгет жасамауына жағдай жасайды. Мысалы, меншік иесінің затты иелену немесе пайдалану құқығына заңсыз түрде бөгет жасау әрекеттерінің бәрі де жоғарыда айтылған міндетті бұзушылық болып табылады.

Заттық құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей үстемдік етуі болып табылады. Мұның өзі құқық объектісі араға үтттінттті бір адамды салып үстемдік етпейді дегеңді білдіреді. Бұл арада затқа үстемдік толық күйінде болуы мүмкін, ал кейде заттық құқықтың шектелуіне орай шектелген түрінде де кездеседі.

Заттық құқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге берген кезде өзінің құқығы иеленуші ретінде сақталын қалатындығы деуге болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауына, соның ішінде мүлын басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, бірақ өзі меншік иесі болып қала беруіне құқылы. Басқаша айтқанда, мүлікке меншік құқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса, онда ол синдикацияланады, яғни меншік иесі өзінің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Мысалы, кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға құқықты мирасқорлық тәртібімен көшірілгенде кепіл сақталады (АК-тің 323-бабы) . Заттық құқық мекемеш меншіктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзіне тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу құқығының сақталып қалуына байланысты заттық құқық та сақталады (АК-тің 208-бабы) .

Заңда заттық құқықтың затты алудың заңды тәсілдерінің нақтылығы (АК-тің 7-бабының 4-тармақшасы, 198-203-баптары) мен қорғау нысанының ерекшелігі (АК-тің 260-261-баптары) көрсетілген.

4. Заттық құқықтың түрлері. Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді: меншік құқығы және меншік иесі болып табынмайтын тұлғаның заттық құқығы. Азаматтық кодекстің 195-бабында заттық құқықтың үлгі тізімі келтірілген, бірақ онда бәрі бірдей қамтылмаған. Заттық құқыққа меншік құқығымен қоса жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, басқа да заттык, құқықтар жатады. Өзге заттық (құқыққа мекеме және қазыналық кәсіпорынның мүлікке билік етуде қатысты болуы мүмкін (АК-тің 206-бабы) . Сондай-ақ отбасы мүшелерінің тұрғын үйді пайдалану құқығы ("Тұңғъш үй қатынастары туралы". ҚР Заңының 22-бабы) және жер қойнауын пайдалану құқығы ("Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, 2-бөлім), тағы басқалар заттық құқыққа қатысты бола алады.

Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдаланып, билік еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар, егер заң актілеріңде өзгеше көрсетілмеген болса, кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасатса: 1) өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге; 2) филиалдар және енпгілес кәсіпорыңдар құруға, жеке кәсіпкермен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға өндірістік және ақша капиталын салуға; 3) жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан төмен сыйақымен (мүлдемен) төлетіп алуға; 4) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдеме немесе кепілдік беруге құқығы жоқ. (АК-тің 200-бабының 1-тармағы) .

Рим құқығында бұл құқық "Басқа біреудің затына құқық" деп аталады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіңде заңдық құқықтың жіктелуі (классификациясы) толық түрде берілмеген. Әдебиетте заттық құқықтарды дәрежелеуге ұмтылыс бар. Айталық, Ю. К. Толстой құқықты мынадай түрге бөледі: белгілі бір мүлікке қатысты құқық (мысалы, жер учаскесіне) ; белгілі бір адамға қатысты құқық (мысалы, бөтен адамның үйінде өмір бойы тұру құқығы) ; жария мүлдеге байланысты бекітілген құқық (мысалы, жария сервитуттар) ; жеке мүлдені қорғау ушін бекітілген құқық (мысалы, жер учаскесін өмір бойы мұрагерлікпен иелену) ; белгілі шекгелген қатынаста бөтеннің затын пайдалануға берілген құқық (мысалы, сервитуттар) ; бөтеннің затына билік жасауға берілген құқық (мысалы, ипотека) .

Л. В. Шенникова заттық құқықты өзінше жіктеп, оны мынадай топтарға бөледі: 1) меншік иесінің мүлкіне шаруашылық жүргізуге Заңды тұлғалардың заттық құқығы; 2) азаматтардың мүлкін белгілі бір шектеу шегінде пайдаланатын сервитуттық түрдегі құқық; 3) ұйымдар мен азаматтардың жер учаскесін паидаланудағы заттық құқықтары; 4) мүліктің кепілі туралы шарттағы кепіл ұстаушының өкілдігі. Заттық құқықтардың бұдан басқа да түрлері әр жағдайда кездесуі мүмкін (сот шешімімен, шарт бойынша және т. б. ) .

1. 2 Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары

1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030" деп аталатын халыққа Жолдауында жеке меншік институттары жерге меншік арқылы беки түсетіндігі, сондай-ақ меншік құқығын қорғайтын заңдық жүйелердің құрылатындығы айтылған.

Заттық құқықты жіктеу әр заманда әрқалай жүзеге асты. Мысалы, орыс құқығында ол меншік, басқа біреудің затына құқық, кепіл, иелену деп бөлінді. Рим құқығында меншік, еркіндік (өз денесіне меншік құқығы), мұрагерлік, кепіл және басқа біреудің затына құқық оның соңғысына сервитуттар (жер және жеке), эмфитевзис (бөтен адамның ауыл шаруашылық жерін өндеу үшін пайдалану), суперфиций (бөтен қала учаскесінде құрылыс салу құқығы және сол құрылысты пайдалану) тәрізді заттық құқықтар болды. .

Меншік құқығының заңдық жүйесін құру меншік иесі болып табылмайтын адамдардың құқылық тәртібін бекітіп, тағайындамайынша мүмкін болмайды.

Бұл орайда әңгімемізді жерді пайдалану мен сервитутқа қатысты заттық құқықтан бастамақшымыз. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құқығы "Мемлекеттік меншік құқығы" тарауында қаралады.

Жерді пайдалану құқығы - заттық құқық бұрынғы Кеңес Азаматтық Заңдарыңда жерді пайдалану құқығыы заттық құқық болып есептелмеді. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңы мен жер пайдалану құқығына заттық құқық берілді. (Заңның 20-бабы) . Бұл орайда меншік құқығынан басқа жер учаскесін және меншіктегі уақытша пайдалану құқығы, сервитуттар және басқа да заттық құқықтар пайда болды. "Жер туралы" Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес жерді пайдалануға байла­нысты меншік құқықтар азаматтық заңдардың нормаларымен реттеледі, әрине, ол "Жер туралы" заңға қайшы келмеуі тиіс. Заң сондай-ақ "Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және өзге де заттық құқықтар" деп аталатын арнайы бөлімді енгізген (Заңның ІІ-бөлімі) .

Жерді пайдалану құқығы дегеніміз - тұлғаның мемлекеттік меншігіндегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде мерзімсіз (жерді тұрақты пайдалану) немесе белгілі мерзім ішінде (жерді уақытша пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.

Бұл анықтамада айтылғандай, жерді пайдалану құқығынан жеке меншік құқығы негізгі ерекшелікке ие. Өйткені, жеке меншік иесі жер учаскесін иеленеді, пайдаланады және оған билік етеді, ал жерді пайдаланушы болса берілген учаскеге ғана иелік жасап, пайдаланады. Ал жерге билік ету меншік иесі ретінде мемлекет құзырыңда болады. Оның үстіне заң жер пайдаланушыға жерді белгілі бір шекте пайдалану құқығын береді.

Жер пайдалану субъектілері "Жер туралы" Заңның 22-бабына сәйкес:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;

2) ұлттық, шетелдік;

3) жеке және заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша;

5) бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.

Мерзімі бойынша жер пайдалану түрақты (мерзімсіз) және уақытша болады.

Жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер учаскелері төмеңдегідей Мемлекеттік жер пайдаланушыларға: 1) кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғаларға; 2) ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға; 4) заң актілері көзделген өзге жағдайларда беріледі. Түрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі бола алмайды ("Жер туралы" Заңның 27-бабы) . Жерді уақытша пайда­лану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін және ұзақ мерзімді 5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Бастапқы ұзақ мерзімді ақылы жер пайдалану құқығы бар мемлекеттік емес жер пайдалануіыылар, егер заңда өзгеше белгіленбесе, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бір бөлігін) жалға (кіші жалға) немесе өтеусіз уақытша жер пайдалануға беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға құқығы. Жер пайдалану құқығы былайша: 1) жер пайда­лану құқығын беру; 2) жер пайдалану құқығын тапсыру; 3) жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы пайда болады. Жер пайдалану құқығын беру, басқа біреуге тапсыру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсатын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Жер пайдалану құқығы: 1) мемлекеттік органдар актілері негізінде; 2) Азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде; 3) заңдарда көзделген өзге де негіздерде пайда болады. Жер учаскесінің құқық объектісі ретінде белгілі бір аумағы, нақты мекені және сыртқы шекарасы болады.

Жер учаскелері өзінің құқықтық тәртібі бойынша жер пайда­лану объектісі ретінде шаруашылық бағыты, нысаналы мақсатты пайдаланылуы, жер пайдалану субъектісі, жерді пайдалану құқығының түрлеріне орай (тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатындығына байланысты) бір-бірінен ерекшеленеді. Жер пайдаланудың өзіне тән объектісі жалпы жер пайдаланудағы жер үлесі болып табылады. Жер үлесі дегеніміз - жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге қатысудың "Жер туралы" заңда және өзге де заң актілерінде белгіленген жағдайлар мен шарттарда бөлінуі, мүмкін сан жағынан анықталған үлесі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
Тұтыну несиесі және оның дамуы
Азаматтық құқық жөнінде
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы
Азаматтық құқық жөніндегі қысқаша оқулық
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕРЕКНАМАЛАРЫ
Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz