Конституциялық құқықтың түсінігі



ЖОСПАР.
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Конституциялық құқықтың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2 Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі ... ... ... ... ... 4
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1 ҚР Конституциясы ғылым ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2 ҚР Конституциясы құқық саласы мен оқу құралы ретінде ... ... .9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Конституциялық құқық- ҚР құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшелігімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілерінің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуынмен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституция- термині ежелгі Рим дәуірінен бастау алады. Латын тілінен аударғанда «rem respublicam constituire»-« рим республикасы қаулы етеді» деген ұғым береді. Әрине, бұл тура мағынасы болмағанмен, түп төркіні осыдан шыққаны айдан анық.
Конституциялық құқықтың түсіндірудің теориялық, сондай ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәнін мен ролін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі мәнін анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйіткені, нақты құқықытық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сиппатын белгілеу қажет.
Конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қатынастар аясы мейілінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын; саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, бзалық өабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық құқықтық қатынастарды ретеу үшін төмендегідей; 1)міндеттеу әдісі; 2)тыйым салу әдісі; 3)рұқсат ету әдісі; 4)тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. ҚР Конституциясының 18-бабында; « Мемлекетік органдар,
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы». Алматы «жеті жарғы»1998 ж.
2. Амандықова С.К. «ҚР Конституциялық құқығы». Астана-2001ж.
3. Черняков А.А. «Конституционное право РК». Алматы-1999ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР.
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Конституциялық құқықтың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі ... ... ... ... ... 4
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.1 ҚР Конституциясы ғылым ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2 ҚР Конституциясы құқық саласы мен оқу құралы ретінде ... ... .9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

1.Бөлім.
1.1 Конституциялық құқық түсінігі.
Конституциялық құқық- ҚР құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшелігімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілерінің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуынмен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституция- термині ежелгі Рим дәуірінен бастау алады. Латын тілінен аударғанда rem respublicam constituire- рим республикасы қаулы етеді деген ұғым береді. Әрине, бұл тура мағынасы болмағанмен, түп төркіні осыдан шыққаны айдан анық.
Конституциялық құқықтың түсіндірудің теориялық, сондай ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәнін мен ролін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі мәнін анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйіткені, нақты құқықытық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сиппатын белгілеу қажет.
Конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қатынастар аясы мейілінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын; саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, бзалық өабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық құқықтық қатынастарды ретеу үшін төмендегідей; 1)міндеттеу әдісі; 2)тыйым салу әдісі; 3)рұқсат ету әдісі; 4)тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. ҚР Конституциясының 18-бабында; Мемлекетік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпараттық құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдерімен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті деп жазылған. ҚР Конституциясының 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни; еншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.
Конституциялық құқықта тыйым салу әдісі кең көлемде қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда қолданылады. ҚР Конституциясының 39- бабының 3-тармағында былай делінген; Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады. ҚР Конституциялық құқығы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат ету әдісін де кең қолданылады. Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал ретінде әркімнің, заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп тұруын және тұратын орнын еркін таңдауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субьектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталық, ҚР Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттарының жалпы санының 3 тен 2-сінің даусымен 1-жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы.
ҚР Конституциялық құқығы, меніңше құқықтық реттеудің тағы бір әдәсін-тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдіс байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан-адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айытқанда, таниды. ҚР Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған; Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылған, олардан ешкім айырыла алмайды, заңдар мен басқада нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Құқықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.

1.2 Конституциялық құқықтың
бастаулары мен жүйесі.
Құқық ұғымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. ҚР қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (ҚР Конституциясы 4-бабының 1-тармағы).
Көрсетілген конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актлердің нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды. ҚР Конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас алғанда Конституция болып табылады. Мұндай жәйітті бөліп айтуымның себебі. Ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның басқа да элементтері; принциптері, жалаң қағидалары, міндеттері мен мақсаттары да қызмет етеді. Тарихи фактіні бұлайша сипаттаудың мемлекеттің тек көп ұлттық қана емес халықтық сипатын ұғынуда да айрықша мәні бар. Ал бұл идея мемлекеттің барлық көп ұлтты мемлекеттің атынан қызмет етуді, ұлттық белгілері бойынша кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идеялардың бәрі тиісті заңдардың қайнар көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде тануда конституциялық идеяның бастаулық мәні қызмет атқарады. Бұл қағида Республика азаматтарын әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қайнар көзі болуы тиіс. ҚР Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінің принциптері; қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың қажетіне орай экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің мейілінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қазақстьандық құқықтың қайнар көзі қызметін атқарады.
Мемлекет және оның органдары қызметінің негізіне алынбастан бұрын, ол принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктерімен ескеріле отырып, тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілуі тиіс. Конституцияның құқытық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтың қайнар көзі ретінде сипатталды?
1.ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
2.ҚР Конституциялық құқықтық нормалары қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларын; саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституциялық құқытық нормалар аталған салалардағы қоғамдық қатнастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциялық құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3.Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғарғы заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. ҚР қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды.
4.ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.
5.Конституция құқықтың басқа бастауларынан, сондай-ақ тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге қоғамның да негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамның жекелеген таптарын қамтиды. Ал ҚР Конституциясы қоғамның барлық бағыттарын қамтиды.
6.Сондай-ақ, Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
7.ҚР Конституциясының конституциялық құқықтық қайнар көзі ретінде тағы бір өзіндік қыры-онда оның басқа қайнарларының нысандары; конституция, жәй заңдар, Президент нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
ҚР конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық туралы жалпы түсінік, құқық жүйесі
Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері, ерекшеліктері
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Халықаралық құқықтың түсінігі
Нормативтік шарттар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мамандықтың пәндер каталогы
Пәндер