Банк қызметі түсінігі және ерекшеліктері



Кіріспе
1. Банк қызметінің даму тарихы және қазіргі жағдайы
1.1 Банк қызметінің даму тарихы
1.2 Қазіргі кездегі жағдайы
2. Банк қызметінің ұғымы мен екінші деңгейдегі банктер
2.1 Банк қызметі ұғымы
2.2 Екінші деңгейдегі банктер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, банктер аралық қызмет атқарып, ақша пиасасында тауарға айналатын жаңа талап мен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды. Банк – ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уқытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару, т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті және активті болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына банктің өзіндік капиталы, депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан қосымша ресурстар алу жатса, ал негізгі активті оперцияларға банкаралық кредит беру, инвестицилық қаржы бөлу, т.б. жатады. Қаржы секторы өскен сайын, Қазақстанның экономикасы тек қана мұнай мен газға арқа сүйемейді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1) Омурчиева Э.М. «Қазақстан Республикасының Банк құқығы»:оқу құралы Е.Б Осипов, Омурчиева Э.М –Алматы: «Бастау»,2009 жыл -252 бет.
2) ҚР Банктер және банк қызметі туралы заңы -1995 жыл. 31тамыз
3) Бұқаралық ақпарат құралдарын,оның ішінде ғаламтор ресурстарын басшылыққа алдық: www.zakon.kz, Юрист- www.
4) Заң газеті. 04.10.2012 жылғ. басылымы №149.
5) Қаржы құқығы.Дуденко.-Алматы: Данекер,2000 жыл.-282 бет
6) Web sait – WWW.national bank. kz.
7) Ғ.С. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер»;.
8) Б. Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары»;
9) Ғ.С. Сейітқасымов –«Ақша, несие, банктер». Алматы - 2001 жыл.
10) А.Қ. Мейірбеков , Қ.Ә. Әлімбетов –«Кәсіпорын экономикасы». Алматы -2003жыл.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік
Технологиялар және Инжиниринг Университеті

Экономика және құқық Институты
Құқықтану кафедрасы

РЕФЕРАТ

Пәні: ҚР Банк құқығы
Тақырыбы: Банк қызметі түсінігі және ерекшеліктері

Орындаған: ЮС-10-01

тобының студенттері:

Ташенова А., Сарсенова Ж.,
Төленжанова Ә., Янгибаева С
Тексерген: з.ғ.к.,доцент Нурсалиева Г.Ж.

Ақтау – 2012 жыл

Мазмұны

Кіріспе
1. Банк қызметінің даму тарихы және қазіргі жағдайы
1.1 Банк қызметінің даму тарихы
1.2 Қазіргі кездегі жағдайы
2. Банк қызметінің ұғымы мен екінші деңгейдегі банктер
2.1 Банк қызметі ұғымы
2.2 Екінші деңгейдегі банктер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру,
мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара
төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның
белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен,
шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын
қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының
дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың,
компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған
қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы
қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, банктер аралық қызмет атқарып, ақша
пиасасында тауарға айналатын жаңа талап мен міндеттемені қалыптастырады.
Міндеттеме талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін
құрайды. Банк – ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша
төлем рөлін атқарса, ал банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер
уқытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау,
клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге
несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару, т.с.с. өзіндік
арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік,
факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де
атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті және активті болып бөлінеді.
Негізгі пассивті операциялардың қатарына банктің өзіндік капиталы,
депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан қосымша ресурстар алу
жатса, ал негізгі активті оперцияларға банкаралық кредит беру, инвестицилық
қаржы бөлу, т.б. жатады. Қаржы секторы өскен сайын, Қазақстанның
экономикасы тек қана мұнай мен газға арқа сүйемейді.
Шетелдік капиталдың банк секторына келуіне біз Қазақстанға
көрсетілген сенім, қажетті қаржылық қолдаудың көзі және банк қызметінің
озық тәжірибесі ретінде қараймыз. Сондай-ақ күтпеген ахуалдарға қарсы
шапшаң іс-қимылдар жасау шараларының жүйесін әзірлеу міндеті де тұр деген
болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында.
Ол сондай-ақ ақпараттық технологиялар жүйесін жетілдіру, барыс-келіс
саудасын және өз елінің банк жүйесіндегі банктік тәуекел-менеджментін
дамыту бойынша еуропалық серіктестер іздестіру және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттіктің жұмысын баса көрсетті.
Қазақстанның банктік секторы өте серпінді дамып келеді. Оның
салыстырмалы шоғырлануы байқалады: 2005 жылғы қаңтарда Қазақстанда 35 банк
операцияларды жүзеге асырды, ал 1990-жылдарда олардың саны 230-ға жеткен
болатын. Қолданыстағы банктердің 16-сы НSВС, Сіtу Ваnк, Dеutsсһе Ваnк,
Rаіffеіsеnbаnк және басқа да банктердің бөлімшелері. Қазақстан банктері
жұмысты Ресейден, Қытайдан және Украинадан бастап, өз қызметінің
Қазақстаннан тыс жерлердегі географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Еуропада
Қазақстанның банктері еуропалық банктердің кіші серіктері болуға
тырысады.

1. Банк қызметінің даму тарихы және қазіргі жағдайы

1.1 Банк қызметінің даму тарихы
Банк жүйесінін, маңызды элементі- банктер болып табылады.Ежелгі
ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғандығы туралы
ғана емес, сондай-ақолардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да
толық мәліметтер қалдырмаған секілді.Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы
банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ен, бастысы, Италияның
жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV—XV ғасырларда пайда болған.
Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығынын, ерекше институты ретінде
тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарьшың дамуына
байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI—XVII ғасырларда Венецияда, Генуяда, Миланда, Амстердамда,
Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінін,
клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша
бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға
ссудаға берді.Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде — феодализм
тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында
банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын
тілге тиек етеді.Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда
болуының ей мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.Өкінішке орай,
банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп коймай, алғашқы
несиелік мекеме туралы біздің жорамалымызлын ақиқаттығына күмән туғызады.
Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас
столы дегенді білдіреді.Ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру,
мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар
арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге
асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар
шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да
қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-
ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты.Банктер кәсіпорындардың,
фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша
пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен
уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық
қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен
міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі
қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды.Бұл айырбас столы
тауарлармен сауда жасалатын аландарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен
қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол
уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық
барысында әр түрлі нысандағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардын,
алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердіңақшалай салымдарын
қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған.
Уақыт ете келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша
қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды.
Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.Біздің
түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас
орындарының болуымен сипатталады.
Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда
дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен
тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына
тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.Тарихшылардың пікірінше, б.э.д.
2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің
тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген.
Олар б.э.д. VI ғасырда Ежелгі Вавилонда салым операциялары:
салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғағадығын
еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да
жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі
бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер?
-деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар
және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары
белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен
айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің
салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос
ақша қаражаттары шоғырланыпты.Алғашкы банктер жинақталған зор ақша
байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға
беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.Ежелгі банктер несиелік операциялар
жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де
көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінін. бір шотынан басқа
бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банк қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс
калмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғаятүсті. Банктер ез
кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім
қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп
айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің, банктік
билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді.
Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк — Ағылшын банкі 1694 жылы қүрылып,
үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине, мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура
жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы
несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек
алғышартын ғана сипаттайды.Ендеше, осы жерде несие берушінің қандай
жағдайларда банкке айналғаны таңғалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын
келесі бір нәрсе — бұл несиенің жеке нысаны мен банктік несие арасындағы
айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы
жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы
мүмкін.Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк
ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме
ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие
беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана
берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра
бастайды.
Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің
тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге
асырады.
Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып,
барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек,
алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни
мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай
қатынастардың қүл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы
нормаларға сәйкес, б.э.д. III ғасырда айырбас ісіне мамандандырылған Римдік
банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге
рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана
несие беріп қоймай, сондай-ақ жер Төлімшелерін сатып алу-сату, және басқа
да операцияларды орындаған.Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның
мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық Мәні әлі де болса жұмбақ
болып қала бермек.Банктік мекемелердің кызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда
банктер әр түрлі операциялармен айналысады; Банктер аркылы халық
шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей
жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер
жүзеге асырылады.Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи
және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы банктік операциялар
ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда
көрсетілген операциялар тізімі жатады.Қай Жағынан алсақ та банктің мәнін
заң тұрғысынан карау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау
оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін,
оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң, емес, оны істің
экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.Банктің мәнін
талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру,
есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін
танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы
туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның
сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген
дұрыс.Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт, немесе
материалдық өнім жасайтын өндіріс саласы түсінілген. Бірақ экономиканын,
басқада буындарынакәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым
салынбаған.Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе
қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге банк — бұл кәсіпорын деп айту, өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын — бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.Сонымен бірге ол дұрыс
нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауытта емес.
Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы
— банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан езара ажыратылатыны, оның
қызметінін, өндіріс саласы емес, айналыс және айырбас саласында жүзеге
асуына байланысты болуы.Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі
материалдық өндіріс сапасының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана
тауар шығармайды, оның тауары ерекше,ягни ақша, төлем құралдары түрінде
шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі
оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие болғандықтан,
банкті — несиелік мекеме деп атаған.Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік
кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол
тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты
басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты
операцияларды жасайды.Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы,
банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтықемес. Шынында да, банктер де
ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.Сауда кәсіпорыны да өз
кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін
көрсетеді.Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде
ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің
іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп
оның басты өнімі несие ісі түсіндіріледі.Сонымен, қазіргі түсінікте
коммерциялық банк бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе
қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын
ақша-несие институты болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы
Заңнын, 1-бабына сәйкес, банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге
асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

1.2 Қазіргі кездегі жағдайы

Банк - ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша
төлем рөлін атқарса, ал банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер
уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау,
клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге
несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі
шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы
қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік,
трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк
жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу)
және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі
пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор,
резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан
(рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға
банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу,
т.б. жатады. Коммерциялық Банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік
(коммандиттік) операцияларды да жасайды. Атқаратын қызметі мен сипатына
қарай-орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті филиалдары),
коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемл.,
акцион., корпоративтік, аралас, мемлекетаралық Банктер болып бөлінеді.

Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос
деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банк- ҚР Ұлттық
банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі және
уәкілеттігі ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
туралы” Заң күші бар Жарлығында (30.3.1995) белгіленген. Өзге Банктердің
бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар
“коммерциялық Банктер” деп аталады. Себебі, олардың жарғылық қорлары мемл.
меншіктен шығарылып, жарналық акцион. капиталдан құралады. Ұлттық Банк
эмиссиялық айналымға ақша шығаруға, реттеп отыруға құқылы. Сондай-ақ,
коммерциялық Банктер мен олардың бөлімшелері үшін міндетті экономикалық
нормативтерді белгілейді, қызметтерін бақылайды және ақша мен алтын қорын
сақтайды. Екінші деңгейдегі банктер халық шарасы мен халыққа сан-салалы
қызмет көрсететін коммерциялық-несиелік мекемелерге айналдырылған.
Қазақстанда алғашқы коммерциялық банктер (Интеринвестбанк, Крамдсбанк) 1989
жылдан пайда бола бастады. 1992 жылы олардың саны 232-ге жетіп, 1994 жылы
күрт қысқарды. 1999 жылдың басында Ұлттық Банк пен Үкіметтің арнайы ақша-
несие саясатының нәтижесінде (жарғылық капиталды өсіру арқылы) Банктер саны
бұрынғыдан да азайып, олардың өзіндік капиталы 53,7%-ке (41,2 млрд. теңге),
активтерінің жалпы көлемі 10,4%-ке (186 млрд. теңге) жетті. Депозит көлемі
ұлттық валюта есебінде 22 млрд-тан асты (1999, қаңтар). Ұлттық Банктің
перспективалық жоспарында Банктерді одан әрі шоғырландыра түсу көзделген.
Осыған орай олардың жарғылық капиталының ең төм. мөлшерін 300 млн. теңгеге
жеткізіп, оны бірте-бірте 1 млрд. теңгеге дейін өсіре беру межеленген.
Қазақстандағы екінші деңгейдегі Банктердің ең ірілері қатарына
Қазкоммерцбанк, Қазақстанның халықтық банкі, Тұранәлембанк, т.б. жатады
(1999). Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған
жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие
жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті.
Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі
Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне:
Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие
банктері мен басқа да несиелік мекелелер кірді.Ресейдің Мемлекеттік банкі
(өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып
табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды.
Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік
коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін
және есептік-қарыздық операциялардың 13 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа
елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік
банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор
жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124
бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік
етті.Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз
капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 ж. шоғырланудың жоғары
дәрежесіне жетті.Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай
ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081),
қалалық қоғамдық банктер (343). Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік
дворяндардың жер банкі мен мемлекетгік жер банкі, 10 акционерлік жер
банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да
банктерінен құрылды.Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы
дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды.
Ол қарыз-жйнақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 ж. Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда
мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк
құрылды, кейіннен жеке коммерциялык және басқа да банктерді ұлтшылдандыру
нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер
кұрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ
кассалары болды.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен
бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде
шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер
кұрылды. 1922 ж. деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын
көздеген несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы
ұйымдастырыла бастады.
1924 ж. ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз
беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды
жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір қарсаңынды КСРО-да 16 185
серіктестіктер құрылған еді, бұллардың ішінде 2426 – несиелік және қарыздық
жинақ, сондай-ақ 12424 – ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара
несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттік-капиталистік
акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциялық
банк құрылды.Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай
кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін
тоқтатгы.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны
1931 жылы таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру
өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты.
Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге:
Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталык ауыл шаруашылық банк және 1922-
1925 жж. құрылған басқа да банктерге көшеді.
КСРО-да 1930-1932 жж. жүргізілгең несиелік реформаның
нәтиежесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды.Капитал
жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер
құрылды. Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі-өнеркәсіп
және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк)
болып қайта құрылды. Ол 1959 ж. КСРО Құрылыс банкі болып қайта
ұйымдастырылды.Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл
шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл
шаруашылық банктердің орнына (1959 ж. оның кызметтері КСРО Мембанкі мен
Құрылысбанк арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік операциялардың түрлері
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Жалға алу шарты
Банктің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланудың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Заем шарты
Халыққаралық валюта қатынастары
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Банктік шот және салым шарттары
Пәндер